"Өскемен-Алакөл" бағытындағы пойыз алғашқы сапарға шықты

2051

"Өскемен-Алакөл" бағытындағы пойыз алғашқы сапарға шықты

Алакөлге енді шаршап-шалдықпай жетуге болады. Бүгін "Өскемен-Жалаңашкөл" бағытындағы алғашқы пойыз жолға шықты. 16.36-да Защита станциясынан қозғалған пойыз етрең сағат 8.30-да Жалаңашкөл стансасына  жетеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Жазғы демалыс маусымында (маусым-қыркүйек айлары аралығында) Семей және Өскемен қалаларынан Жалаңашкөл станциясына дейін пойыздар төрт күнде бір қатынайтын болады. Осы бағыттағы пойыз үшін бес плацкарт вагон қарастырылған. Пойыз межеленген станцияға 16 сағатта жетеді. Билеттің бағасы – 2863 теңге. Сол станциядан Алакөлге дейін демалушыларға арналған автобустар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Жалашкөлден демалыс орнына дейін такси де қызмет көрсетеді.

Облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебавтың айтуынша, "Өскемен-Жалаңашкөл" және "Семей-Жалаңашкөл" теміржол қатынасын іске қосу үшін облыстық бюджеттен 140 млн. теңге бөлінген. Естеріңізе сала кетейік, осы бағыттағы пойыз билеті маусымның 15-інен бері сатылымға шыққан болатын. Алкөлге пойызбен жету үшін Ұлжан Әлімбаева Павлодар қаласынан келіпті.

"Өскеменде әпкем тұрады. Ол Алакөлге пойыз қатынай бастағайтындығын айтқанда өте қуандым. Өйткен соңғы жылдары осы көл отбасымыздың сүйікті демалыс орына айналған. Алайда оған жету мұң болатын. Бұған дейін жеке көлігімізбен барып,10 сағаттық жол азабын тартатын едік. Пойыз әсіресе кішкентай балалары бар біз сияқты отбасылар үшін өте ыңғайлы әрі қауіпсіз. Оның үстіне билеті де қол жетімді",-дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу