"Өткен жылар" санатына жататын 4,3 мың қылмыс ашылды -ІІМ

902

"Өткен жылар" санатына жататын 4,3 мың қылмыс ашылды -ІІМ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Кеңесте министр ішкі істер органдарының ағымдағы мерзімдегі жедел қызметінің нәтижелері жөнінде баяндады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
"Еліміз бойынша қылмыс жағдайы жалпы алғанда біршама төмендеді (12,7%). Соның ішінде ауыр, орташа және аса ауыр емес қылмыс түрлері, тонау, ұрлық, бұзақылық пен зорлық, қоғамдық орындардағы және көшедегі құқық бұзушылықтар саны азайды. "Өткен жылар" санатына жататын 4,3 мың қылмыс ашылса, тергеу мен соттан бой тасалап жүрген 1,2 мың қылмыскер ұсталды", – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Қалмұханбет Қасымов қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы әңгімеледі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бағытында қабылданған шаралар, мемлекет басшысы бекіткен ұсақ бұзақылыққа "мүлдем төзбеушілік" талаптарына сәйкес көшелер және басқа да қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалауға қатысты жүргізілген жұмыстар жөнінде сөз қозғады.  
Бұған қоса, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысы азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысы туралы да мәлімдеді. Оның айтуынша, төтенше жағдайлардың көп бөлігін өрт оқиғалары құрайды. Азаматық қорғау қызметкерлері өртті сөндіру және зардаптарын жою үшін 17,7 мың рет атқа қонып, 3,7 мың адамды апаттан құтқарған, 9,4 мың адамды қауіпсіз жерлерге көшірген, 1,4 мыннан астамына алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Қалмұханбет Қасымов Кеңес мүшелері алдында ішкі істер саласында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған кешенді шаралар, қызметтік тәртіп пен заңдылықтарды бұзудың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы кадрлық және тәрбие жұмыстары жұмыстарын жетілдіру, қоғаммен ашық байланысқа түсу бағытындағы жұмыстар жөнінде де баяндап берді. 
Соңында министр қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, саланың қызметіне қатысты мәселелермен ой бөлісті. Жалпы есеп мақұлданып, Кеңес мүшелері министрлік қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу