"Прокуратура туралы" заң БАҚ-та жарық көрді

1710

"Прокуратура туралы" заң БАҚ-та  жарық көрді

Мемлекет басшысымен 2017 жылдың 30 маусымында қол қойылған "Прокуратура туралы" заң БАҚ-та  жарық көрді. Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұл заң президенттің өкілеттіктерін парламент пен үкімет арасында қайта бөлуді жүзеге асыру бойынша конституциялық реформаның жалғасы болып табылады.

Онда прокуратураның міндеттері айқындалып, прокурордың өкілеттіктері (құқықтары мен міндеттері), оның жауапкершілігі баяндалған, сондай-ақ тексерілетін субъектілердің  құқықтары мен міндеттері белгіленген және прокурорлық тексерістердің негіздері қысқартылған.

Қадағалауды үш формада іске асыру көзделген. Олар: тексеру, талдау мен заңды күшіне енген құқықтық актілерді бағалау. Прокурордың құқықтық актілер жүйесіне де түзетулер енгізілген.  Қадағалау актілерінен "алдын ала ескерту" мен "ұйғарым" алынып тасталды. 

Прокуратура органдарының біріңғай жүйесі, Бас прокурордың өкілеттігі, бас прокуратураның, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызмет ету саласы айқындалды.

Тұтастай алғанда,  қадағалаудың қағидалары мен міндеттері бұрынғы қалпында қалды. Олар - адам құқығын қорғау, заңдылықты сақтау мен құқық қорғау қызметін үйлестіру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу