"Рейна" клубында теракт жасаған лаңкес ұсталды

961

"Рейна" клубында теракт жасаған лаңкес ұсталды

Стамбұлдың Ортакөй ауданындағы түнгі клубтардың бірінде атыс ұйымдастырып, 39 адамды жер жастандырған лаңкес ұсталды. Бұл туралы NTV Haber сілтеме жасап "Хабар" арнасы жазып отыр.

Арнайы операция жүргізген түрік полициясы лаңкесті Ыстамбұлдың Есенюрт ауданында тірідей қолға түсірген. "Әбу Мұхаммед әл-Хорасани" деген лақап атты жамылған Абдулгадир Машариповты құрықтау кезінде оның 4,5 жастағы ұлы да қасында болған.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл түні Ыстамбұлдағы "Рейна" түнгі клубына қарулы шабуыл жасалып, 39 адам құрбан болған еді. Лаңкес Калашников автоматынан оқ жаудырған. Ал бұл шабуылды "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" өз мойнына алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу