"Самұрық-Қазына" Петерборда еліміздің инвестициялық мүмкіндігін таныстырды

547

"Самұрық-Қазына" Петерборда еліміздің инвестициялық мүмкіндігін таныстырды

"Самұрық-Қазына" қоры Петербор халықаралық экономикалық форумы-2018 қатысушыларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс департаменті.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының 50 активі биылғы жылдың соңына дейін жекешелендіріледі. Бұл туралы басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Петербор халықаралық экономикалық форумы-2018 арнайы панельдік сессиясы барысында мәлімдеді.

Жиынға Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Ресей Федерациясының вице-премьері Юрий Трутнев, Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов, ҚР-ның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов және 150-ге жуық ресейлік және халықаралық инвестор қатысты.

Қор басшысы ресейлік және халықаралық іскерлік қауымдастық өкілдеріне "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры активтерінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Ол өз сөзінде 2022 жылға дейін IPO-ға Қордың 6 компаниясын,  олардың ішінде үшеуін – "Қазатомөнеркәсіп", "Эйр Астана" және "Қазақтелеком" биылғы жылы шығару жоспарда бар екенін атап өтті.

"Самұрық-Қазына" қоры құны 74 млрд АҚШ долларды құрайтын Қазақстанның жоғары сапалы активтерінің ең ірі портфеліне ие және олар экономиканың әртүрлі салаларын қамтиды. Жекешелендіру бағдарламасы біздің компанияларға тиімді капитал салуды жүзеге асырудың мүмкіндігін ұсынады. Биыл 50 активтің жекешелендірілуін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың арасында экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін ірі, орташа және шағын компаниялар да бар", - деді Ахметжан Есімов.

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның Петербор халықаралық экономикалық форумындағы инвестор күні аясында шетелдік инвесторлармен бірқатар келісімге қол қойылды. "Біріккен химиялық компания" ЖШС және ең ірі газ өңдеу және мұнай-химия компаниясы "СИБУР Холдинг" ЖАҚ (Ресей) Полипропилен жобасында (Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы) үлесті сатып алуға келісті, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ мен "Ремлокомотив" АҚ (Ресей) "Тұлпар-Тальго" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы компанияның қатысу үлесі туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" АҚ мен "SAP"  компаниясы (Германия) арасында меморандумға қол қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу