Өскемендегі "Шығысэнергтрейд" компаниясы өз тұтынушыларына 43 миллион теңге қайтаратын болды, деп хабарлайды khabar.kz.
Өңірде өндірілген энергияны сатумен шұғылданатын монополист жарты жыл бойы шағын және орта бизнес өкілдерінен электр ақысын жоғары дифференциялды тарифпен алып отырған. Яғни кешкі уақытта тұтынылған қуатты да жоғары бағамен есептеген.
Облыстағы монополияға қарсы департамент заңсыздықты анықтап, электр сатушы компанияны тұтынушылармен қайта есеп айырысуға міндеттеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу