"Союз МС-10" апатының себебі анықталды

837

"Роскосмос" ресми растады.

"Союз МС-10" апатының себебі анықталды

Байқоңырдағы "Союз" ғарыш кемесінің апаты зымыранның бірінші және екінші сатыға бөлінуін анықтайтын құрылғының дұрыс істемеуінен болған, деп хабарлайды 24.kz.

"Роскосмостың" мәліметі бойынша, осы жағдайдан соң аппараттың шеткі бөлігі керек аралыққа емес, жанармай багына келіп тиген. Салдарынан бак жарылып кеткен.

Апат себебінің бұл нұсқасын БАҚ өклдері бұған дейін де жариялаған еді. Дегенмен ресми түрде бүгін расталды.

Еске сала кетейік, 11 қазан күні Байқоңыр ғарыш айлағында жаңа экипажды халықаралық ғарыш орталығына жеткізбек болған зымыран апатқа ұшыраған еді. Экипажда болған ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аман қалды. Олар құтқару капсуласы арқылы ғарыш кемесінен уақытылы бөлініп үлгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу