Алдағы уақытта "Союз" зымырандары қонатын алаң өзгереді. Бұл туралы ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Егер бұрын зымырандар Жезқазған жеріне жетсе, енді Ақтөбе мен Қостанай өлкесіне қонады. Осы мақсатта мемлекеттік қордан 63 мың гектар жер бөлінбек. Осылайша жалға берілген аумаққа Ресей жыл сайын 460 мың доллар қаржы төлейтін болады.
Министр сондай-ақ Қостанайға қонатын зымыранның тұрғындар денсаулығына аса зиянды еместігін де атап өтті. Өйткені бұл аймаққа бірнеше мәрте зерттеу жүргізген отандық және шетелдік экологтардың тұжырымы осыған саяды.
"Әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Егер ұшыруға қатысты оң шешім шықса, онда алдағы 3 жылда зымыран тек жеті рет ұшырылады. Ол кезде жаңа экологиялық таза, оттегі-керосинді зымырандар самғауға тиіс", - дейді Бейбіт Атамқұлов..