Моңғолия делегациясымен кездесу өтті

755

Моңғолия делегациясымен кездесу өтті

Бүгін инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Моңғолияның тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Долгорсурэн Сумияабазар бастаған делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында геология, жер қойнауын пайдалану, минералдық ресурстар және азаматтық авиация салаларындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумдарға қол қойылды.

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, тараптар тау-кен өнеркәсібі саласы бойынша ақпараттармен, тәжірибемен, технологиялармен және біліктілігі жоғары кадрлармен алмасатын болады.

Сондай-ақ, қымбат металдарды өңдеу саласы бойынша тәжірибе алмасу және "Тау-Кен Алтын" аффинажды зауытындағы технологиялық процестермен танысу мәселелері талқыланды.

Кездесуде екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасында азаматтық әуе кемелерімен болатын авиациялық оқиғалардың алдын алу және тексеру саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу