"ТегIс транс" компаниясы жолаушылар тасымалдау құқығынан айырылды

1153

"ТегIс транс" компаниясы қоғамдық көлікпен тасымалдаудың 71 бағытына ие болатын.

"ТегIс транс" компаниясы жолаушылар тасымалдау құқығынан айырылды

"ТегIс транс" компаниясы Алматының жолаушылар тасымалдау нарығынан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Бұл шешім Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының көліктік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысында қабылданды.

"Тасымалдаушы қызмет көрсетілетін рейстердің белгіленген жүйелілігін қамтамасыз етуге міндетті. Біздің мәліметімізше "ТегIс транс"-тің қызмет көрсету жүйелілігі өте төмен, қалыптан 40-50 пайыз, кейде 30 пайызға дейін төмендеп кетеді. Яғни, қарастырылған 10 жылжымалы құрамның рейске 4-5 автобусы ғана шығады. Оған қоса, автобустардың тозығы жеткен, уақытында жаңартылмаған. Қазір көлік қызметтерінің деңгейін көтеру бойынша белсенді шаралар қабылдануда және ең алдымен, рейстердің тұрақтылық нормасын сақтамаған тасымалдаушылармен қош айтысатын боламыз", - дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.

"ТегIс транс" компаниясы қоғамдық көліктің 71 бағытына ие болатын.

Бағыт тасымалдаушы "Алматыэлектротранс"-қа берілді, ол қазірдің өзінде 71 рейске 12 метрлік ЛиАз маркалы қолайлы автобустарды шығарды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу