"Тенгизшевройл" ЖШС компаниясы 169 миллион теңге айыппұл төлейді

839

"Тенгизшевройл" ЖШС компаниясы 169 миллион теңге айыппұл төлейді

Ағымдағы жылғы 30 мамырда Теңіз кенішінде болған газдың атылуынан экологияға келген зиян мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Теңіз кенішіндегі газдың атылуының себеп-салдары мен зиянын тексерген арнайы комиссия өз жұмысын аяқтады. Экологияға тигізген зиян мөлшері 76,9 млн теңге көлемінде айқындалды. Сондай-ақ, "Тенгизшевройл" ЖШС компаниясы 169 млн теңге айыппұл төлейтін болады.

Облыстық экология департаменті мамандардың қорытындысын "Тенгизшевройлға" жіберді. Заң бойынша компания бір айдың ішінде келтірілген зиян мен айыппұл сомасын төлеуі тиіс", - деп хабарлады Атырау облысы  бас экологиялық инспекторы Қанат Қалмахан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу