"Теңізшевройл" былтыр мұнай өндіру көлемін 1,5%-ға арттырды

1412

"Теңізшевройл" былтыр  мұнай өндіру көлемін 1,5%-ға арттырды

"Теңізшевройл" мұнай компаниясы 2016  жылы 27,56 млн тонна шикі мұнай (220 млн баррель) өндірді, деп мәлім етті ТШО бас директоры Тэд Этчисон.
"27,56 млн тонна – бұл  ТШО-ның мұнай өндірудегі тың көрсеткіші", – деп түсіндірді Т.Этчисон Алматыда сәрсенбі күні өткен баспасөз жиынында.
ТШО 2015 жылы  27,16 млн тонна шикі мұнай өндірген. Демек, есептік кезең ішінде өндіріс көлемі  1,5% өскен.
ТШО 2016 жылы 1,35 млн тонна  сұйытылған газ және 7,21 млрд текше метр құрғақ газ сатты. 2015 жылы бұл көрсеткіштер 1,27 млн тонна және  6,86 млрд текше метрді құраған болатын.
Сонымен қатар компания жыл ішінде  2,33 млн тонна күкірт (алдыңғы жылы 2,7 млн тонна) саудалады.
ТШО күкірттің төрт түрін экспорттайды. Оны негізінен Жерорта теңізі бассейні және Орталық Азия елдері, Ресей, Украина және Қытай сатып алады.
"Теңізшевройл" Атырау облысындағы Теңіз бен Королевское мұнайгаз кен орындарын игеріп жатыр.
"Теңізшеройлдың" қатысушылары - Chevron (50%) және ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), "ҚазМұнайГаз" (20%), сондай-ақ ресей-америкалық LUKArco бірлескен кәсіпорны (5%).  Компания 1993 жылы құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу