"Тобылға" жаңа бас бапкер келді

1221

"Тобылға" жаңа бас бапкер келді

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Владимир Никитенко қостанайлық "Тобыл" тізгінін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Біз жыл ортасынан бері Владимир Никитенкомен келіссөздер жүргізіп келдік. Бастапқыда Қазақстан футбол федерациясы бұл маманды бізге жібергісі келмеді. Себебі ол 2017 жылдың қаңтар айынан еліміздің жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарады. Енді екі тараппен келісіліп, білікті маман "Тобылды" жаттықтыратын болып шешілді. Әрине, Никитенконың Қазақстан чемпионатындағы тәжірибесі мол. Сондықтан жүлделі орындардан көрінеміз деген үміт бар", - деді клуб директоры Николай Панин.
Владимир Никитенко "Тобылмен" 2018 жылдың қыркүйек айына дейін келісімшартқа отырды. Ол ҚР жастар құрамасын да қатар дайындайтын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу