"Тобыл" ӘКК "Аят" тау-кен металлургия кешеніндегі үлесін сатты

2228

"Тобыл" ӘКК "Аят" тау-кен металлургия кешеніндегі үлесін сатты

"Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Аят" тау-кен металлургиялық кешені" АҚ-дағы 25% үлесін және  1 акциясын сатты, деп хабарлады ӘКК. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

"Үшінші мәрте жүргізілген  электрондық сауданың қорытындысы бойынша акциялар сауда жеңімпазы – "Kazintex-Group" ЖШС-ына сатылды", – деп атап өтті корпорация.

"Тобыл" ӘКК бұған дейін де жекешелендіру науқанына қатысты.  2014-2016 жылдардағы кезеңде жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау мақсатында компания экономиканың түрлі салаларына жататын  бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталындағы сомасы 1,7 млрд теңгеден астам үлесін бәсекелі ортаға берген.

"Аят" ТМК 2009 жылы ақпанда акциялардың 19,99%-ына ие болып отырған "Қазақстан минералды ресурстары" ЖШС және акциялардың 55%-ына ие  қытайлық "Xinjiang Jianming Mining Development Co.,Ltd" компаниясымен бірлесіп құрылды. Мақсаты – Қостанай облысының Таранов ауданында металлургиялық кешенін құра отырып Аят темір рудасы кен орнын игеру болатын. Кен орнындағы барлық санаттағы темір рудаларының жалпы қоры, оның ішінде баланстан тыс қорларды қосқанда 9,7 млрд тоннаны құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу