"Тобыл" капитаны клубтан кетті

636

"Тобыл" капитаны клубтан кетті

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубының капитаны Альмир Мухутдинов командадан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық футбол клубының директоры Николай Панин 32 жастағы Мухутдиновпен келісімшарттың тоқтатылғанын айтты.

"Біз қысқы ауыс-түйіс кезінде Джаба Канкава, Максим Федин, Аслан Дарабаев, Жалғас Әбілғазы есімді футболшылармен келісімшартқа отырдық. Маусым аяқталысымен Марк Гурман, Рауль Джалилов, Евгений Левин, Амир Бекич "Тобылдан" кетті. Бұған қоса команда капитаны Альмир Мухутдиновтың басқа клубта өнер көрсететіні белгілі болды. Сондай-ақ, "Астанадан" жалға алынған Жалмұкан мен Луллаку командаларына қайта оралды", - деді Панин "Тобылдың" баспасөз қызметіне жариялаған хабарламасында.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы Альмир Мухутдинов "Тобылмен" 2018 жылдың соңына дейін келісім-шартқа отырған. Футболшы "ҚазАқпарат" тілшісіне берген жауабында еңбек қатынасы екі тараптың келісімімен бұзылғанын айтты.

"Негізі мен әлі бір жылдан астам уақыт Қостанайда қалуым керек еді. Бірақ, осы аптада әріптестеріммен қоштастым. Екі тараптың шешімі арқылы мен басқа клубқа кететін болдым", - деді ол.    

32 жастағы Мухутдинов - мәскеулік ЦСКА футбол мектебінің түлегі. 2013 жылы "Ертіске", екі жылдан соң "Таразға" ауысты. Қазақстан чемпионатында барлығы 129 матч өткізіп, 4 гол соққан. "Тобыл" сапында 27 ойынға қатысқан. Бұған қоса ҚР ұлттық құрамасының 3 кездесуіне шыққан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу