"Жолаушылар тасымалы" кешіккен жолаушыларға өтемақы төленетінін мәлім етті

1254

"Жолаушылар тасымалы" кешіккен жолаушыларға өтемақы төленетінін мәлім етті

Жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты қазіргі кезде 12 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Атап айтқанда, №55 Қызылорда-Көкшетау, №63 Арыс-Астана, №705 Алматы-Петропавл, №701 Алматы-Астана, №707 Шымкент-Астана, №83 Қарағанды-Москва, №853 Қарағанды-Астана, №857 Қарағанды-Астана, №328 Қостанай-Қарағанды, №86 Астана-Сарыағаш, №46 Павлодар-Алматы және Қарағандыдан шығатын үш электропойызы бар, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ қолайсыз жағдайға байланысты кешірім сұрайды. Жолаушылар межелі жерге жеткеннен кейін ҚР "Теміржол көлігі туралы" және "ҚР-ның теміржол көлігімен жолаушыларды, қолжүктерін және жүктерді тасымалдау туралы" заңдарға сәйкес, өтемақы талап ете алады",  делінген хабарламада.
Толық ақпарат алу үшін темір жол вокзалының анықтама бөліміне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне байланысу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу