Америка Құрама Штаттарының аумағында алғаш рет 5G стандарттарына сай келетін желі іске қосылды. Бұл технологиялық инфрақұрылымды Verizon Communications жасаған, деп жазады reactor.inform.kz.
Қазір 5G желісі Сиэтл, Вашингтон, Хьюстон, Атлант, Даллас, Майами мен Денвер аумағында дұмыс істеп тұр. Әзірге кем-кетігі тексеріліп, сынақтан өткізілуде. Бұл желі бір секундта он гигабиттік мәліметтерді жіберуге мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу