Ақмола облысында Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясы салынады

1720

 Ақмола облысында Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясы салынады

Ақмола облысында жақында Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылы жанынан тұрғызылатын нысанды "KB Enterprises" атты шетелдік компания қолға алыпты, деп хабарлайды 24.kz.

Инвестор бұл жобаға 165 миллион евро қаржы құймақшы. Ал қуаттылығы 100 МВт электр станциясын салуға 300 га жер телімі бөлінген. Нысанның инженерлік мердігері Sumec  clean  energy  international  co.ltd халықаралық холдингі. Құрылыс жұмыстары, энергетика саласындағы әлемдік көшбасшы ABB еуропалық концернімен бірге жүзеге асырылмақ. Аталған концерн электр станциясына қажетті қондырғыларды орнатумен айналысады. Тың жоба ауданда жаңа жұмыс орындарының ашылуымен қатар елімізде "жасыл экономиканың" дамуына зор үлес қосады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу