Сирияда әуе соққысынан 31 бейбіт тұрғын қаза тапты

919

 Сирияда әуе соққысынан 31 бейбіт тұрғын қаза тапты

Сирия әскері оппозициялық күштер бекінген Шығыс Гута аймағына тағы да әуеден соққы беріп, 31 бейбіт тұрғын қаза тауып, 65 кісі жараланды. Марқұмдардың арасында 12 бала бар. Бұл туралы адам құқықтарын бақылау жөніндегі сириялық орталық мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. 

Ұйым өкілдерінің айтуынша, әскерилер Доума, Бейт Сава және Хамурия мекендерін ұшақ пен зеңбіректен атқылаған. Алайда әскерилер тек қарулы топтарды нысанаға алғанын айтады. 

Еске сала кетейік, БҰҰ осыдан 2 күн бұрын Шығыс Гута аймағына гуманитарлық көмек жеткізу үшін атысты кем дегенде 1 ай тоқтатуға шақырған болатын. Өйткені Дамаскіге жақын жатқан өңірге өткен қараша айынан бері гуманитарлық көмек жеткізілмеген. Ал үкімет әскері бұл аймақты 2013 жылдан бері қоршап, шабуылдап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу