Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің финалына шықты. Қазақстандық теннисші нидерландылық Джой де Зеумен бірге жарыс барысында үш кездесуін сәтті өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сандуғаш Кенжебаева – Джой де Зеу жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, нидерландылықтар Лус Эбелин Конин – Сара ван Эмстің мысын басты.
Қазақстандық-нидерландылық жұп бірінші партияда 3:6 есебімен есе жібергенімен, екінші сетте қарымта қайырды – 6:4. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:5.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу