/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 376,04 Brent 36,55
-->

Жоба туралы

«ATAMEKЕN BUSINESS» MEDIA HOLDING – экономика, бизнес жаңалықтары мен танымдық, әлеуметтік маңызды ақпараттар ұсынатын алғашқы қазақстандық компания. Медиа холдинг «Atamekеn Business» телеарнасы мен «Іnbusiness.kz» ақпараттық агенттігінен тұрады.

Atameken Business телеарнасы – жаңалықтар, сараптамалық бағдарламалар, нарықтың беталысы мен дамуына қатысты болжам, мамандардың түсініктемесі мен сараптамалық тұрғыдағы пікірлерін, сондай-ақ, қоғамдағы маңызды мәселелерге деген сарапшылардың көзқарастарын көрермен назарына ұсынады.

Телеарна бір уақытта Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ақпарат таратады. Арна қонақтары әр саланың жетекші мамандары – шағын, орта және ірі бизнес, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпорын басшылары, ньюсмейкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері.

Іnbusiness.kz – қаржы, экономика және саяси тақырыптарды терең зерттеп, оқырман назарына ең сапалы контент беруге бағытталған ақпараттық портал. Сайтта компаниялар рейтингі, сараптамалар мен болжамдар, валюта бағамы, құнды қағаздар, қымбат металдар, шикізат және шикізат емес ресурстар нарығы, банк секторы жаңалықтары, биржадағы өзгерістер, өңірлердегі әлеуметтік проблемалар жайында ең өзекті ақпарат беріліп отырады.

Интернет-портал – тек LiveStream режимінде жұмыс істейтін, телеарнамен біріктірілген ақпараттық платформа. Сонымен қатар, сайт беттерінде тек Қазақстан емес, ЕАЭО, ТМД және әлемнің өзекті жаңалықтары ұсынылады.

Негізгі ақпараттық серіктестеріміз: Thompson Reuters, KASE, ForexClub, Interfax, Bloomberg.