Новости Казахстана на inbusiness.kz
Нәтижесінде Азамат Дәулетбеков қарсыласынан басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ол Грузия балуаны Мириани Майсурадземен күш сынасады.
Наоэро Қазақстан дипломатиялық қатынастар орнатқан әлемдегі 195-ші мемлекет болды. Осылайша, Қазақстан БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнату үдерісін аяқтады. Бұл отандық дипломатия тарихындағы маңызды белеске айналды.
Құжатқа қол қою БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына, оның ішінде мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын өзара құрметтеу, мемлекеттердің теңдігі және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негізделген екіжақты ынтымақтастықты дамытуға негіз қалады.
Кездесу барысында тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамыту перспективаларын талқылады. Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары ретінде сауда, орнықты даму, цифрландыру және адами капиталды дамыту атап өтілді.
БҰҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты диалог жүргізудің, сондай-ақ Қазақстан мен Тынық мұхиты өңірі мемлекеттері арасындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Наоэро Республикасымен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, достық байланыстарды нығайтуға және әлемнің барлық мемлекеттерімен сындарлы диалогты дамытуға бағытталған дәйекті саясатын көрсетеді.
– 2026 жылғы 2 – 5 қараша аралығында №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға болады. Бұл ұсыныс жолаушыларға Астана мен Алматы қалалары арасында тиімді бағамен сапар шегуге мүмкіндік береді. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады, – делінген хабарламада.
Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
ҚР Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес, қызметкер еңбек тәртібін бұзған жағдайда жұмыс беруші оған мынадай тәртіптік жаза қолдана алады:
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
ҚР Еңбек кодексінде көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу.
Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылмаған басқа тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
Мәселен, қызметкер жұмысқа 20 минут кешігіп келсе, жұмыс беруші оған өз бетінше 10 мың теңге айыппұл салып, бұл соманы жалақысынан ұстап қала алмайды. Егер бұған заңды негіз болса, жұмыс беруші белгіленген тәртіпті сақтай отырып, заңда көзделген тәртіптік жазаның бірін қолдана алады.
Сонымен қатар тәртіптік жаза жұмыс берушінің өз қалауымен тағайындала салмайды. Жаза қолданбас бұрын ол қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Ал қандай жаза қолдану керектігін шешкенде, жасалған тәртіп бұзушылықтың сипаты мен ауырлығы, сондай-ақ оның қандай жағдайда болғаны ескерілуге тиіс.
Бұл ретте заңсыз ақшалай айыппұл мен заңнамада көзделген жалақыдан ұстап қалу тәртібін бір-бірінен ажырата білу керек.
ҚР Еңбек кодексінің 115-бабында қызметкердің жалақысынан қандай жағдайларда ұсталым жасауға болатыны нақты көрсетілген. Ал кейбір өзге жағдайларда мұндай ұсталым қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Яғни еңбек тәртібін бұзғаны үшін салынатын ақшалай айыппұл мен заңды негізде жалақыдан ұстап қалу – екі түрлі ұғым. Жұмыс беруші заңда белгіленген тәртіптік жазаларды ақшалай айыппұлмен алмастыра алмайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасын сақтау жұмыс берушілер үшін де, қызметкерлер үшін де міндетті екенін еске салады. Еңбек тәртібі бұзылған жағдайда жұмыс беруші тек заңда көзделген шараларды қолданып, оларды белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға тиіс.
Мұндай заң бұзушылықтар Ақтөбе – Атырау – Астрахань республикалық маңызы бар тасжолында тіркелген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес 450 әкімшілік хаттама толтырылған.
– Атырау облысында жол қозғалысын бақылау үшін дрондар қолданылуда. Бақылау барысында Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны анықталды. Құқық бұзушылық дрон камерасына түсіп, жүргізушіге қатысты тиісті әкімшілік шара қабылданды, – делінген хабарламада.
Бүгінде өңірде тасжолдардағы жол қозғалысын бақылайтын үш дрон жұмыс істейді.
– 28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
TikTok-тағы боқтау: кім қандай әрекеті үшін 20 тәулікке дейін қамалуда?
Лайк, қаралым, жазылушы мен донат жинауға деген құмарлық кейбір әлеужелі қолданушыларды жанжалға, балағат сөз жаудыруға және әдепсіз әрекетті табыс табудың құралына айналдыруға итермелеп жатыр. Алайда қазірден виртуалды әлемдегі танымалдықтың соңы шынайы өмірдегі сот шешімдерімен аяқтала бастады.
Полиция интернет кеңістігіне тұрақты мониторинг жүргізіп, заңға қайшы контентті анықтап, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттердің жолын кесуде. Әсіресе тікелей эфирлер жіті бақылауға алынды. Себебі, кейбір блогерсымақтар көп қаралым мен таралым жинау үшін әр ойын бейпіл сөзбен тұздықтап, тіпті қауіпті әрекеттерге барып жүр.
Абай облысында тәртіп сақшылары TikTokтағы тікелей эфирінде былапыт сөз айтып, әдепсіз мінез көрсеткен 26 жастағы Әзиза Қоқанованы анықтады. Ол тіпті есірткі қолданатынын да мәлімдеген. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Сот шешімімен әйел 10 тәулікке қамалды.
Астанада құқыққа қайшы контент таратып, тікелей эфир кезінде бейпіл сөз қолданған 37 жастағы Индира Ештаева жауапкершілікке тартылды. Алматыда 32 жастағы файтер Ақтөре Батырбек тікелей эфир барысында айналасындағыларды балағаттағаны үшін сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Шымкентте 20 жастағы Данияр Сейдалиев көрермен тартудың бұдан да шектен шыққан тәсілін таңдаған. Ол тікелей эфир кезінде электршокер қолданып, адам ұрлау көрінісін сахналаған. Сонымен қатар былапыт сөз айтып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Сот оған 8 тәулікке әкімшілік қамақ жазасын тағайындады.
Павлодарда 26 жастағы Аслан Амантаев көлік жүргізіп келе жатып, тікелей эфирде балағат сөздер айтқан әрі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Нәтижесінде, ол 20 тәулікке қамалды.
Полицияның назарына тікелей эфирлер ғана емес, интернет кеңістігіндегі өзге де құқық бұзушылықтар ілігуде. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі еліміздің әр өңірінде 20-дан астам стримердің жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған болатын. Олардың арасында былапыт сөз айту, жұртты қорлау, әдепсіз әрекет жасау және қауіпті әзіл-қалжың, пранк ұйымдастыру деректері бар.
Әлеужелідегі жарияланымы үшін жазаға тартылғандар да аз емес. Қазан айында Шымкент тұрғыны TikTok желісіндегі пікірі үшін 7 тәулікке қамалды. Сот оның жазбасын айналасындағыларға құрметсіздік таныту, қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалаған. Ер адам кінәсін мойындағанымен, сот жеңіл жаза тағайындамады.
Теміртау қаласының тұрғыны Telegram арнасында былапыт сөз жазылған хабарлама жариялаған. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері оны тауып, сот ер адамды 10 тәулікке қамаққа алу туралы шешім шығарды.
Жеке хат алмасу кезіндегі балағаттау үшін де жаза бар
Мәселенің ауқымын Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері де паш етеді. Жыл сайын соттарға қорлау фактілеріне қатысты 5,8 мыңнан 6,9 мыңға дейін арыз-шағым түседі. 2025 жылы олардың саны шамамен 6,2 мыңға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға артқан. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2,7 мыңнан астам шағым тіркелді.
Дегенмен түскен арыздардың аз ғана бөлігі сотта қаралады. Қалғаны медиация тәртібімен шешіледі, немесе өтініш иесі арызын кері алады. Мәселен, 2025 жылы соттар 970 өтінішті қараған. 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 440-ты құрады.
Жұртшылық алдында қорлағаны үшін жауапкершілік белгілейтін Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігі бойынша 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында қаралған 193 істің 50-і айыптау үкімімен аяқталған. 45 адам ақталған, тағы 118 іс тоқтатылған.
Видео не пост астына балағат сөз жазса, бірден айыппұл салына ма? Кез келген дөрекі сөз үшін адам автоматты түрде айыппұл арқаламайды. Қазақстанда қолдануға тыйым салынған немесе жазалауға соқтыратын сөздердің бекітілген тізімі жоқ. Мұның бәрі нақты жағдайға байланысты.
Бұл жерде ол адамның қай жерде балағаттағаны, сөзін кімге арнағаны, ақыр соңында оның әрекетін құқық қорғау органдары мен соттың қалай бағалағаны маңызды. Көбіне, боқтау сөз арналған адам оған төзбей, полицияға не сотқа шағым түсірсе ғана айыпты жазаланып жатады.
Интернет кеңістігі де жауапкершіліктен құтқармайды. Сот тәжірибесі көрсеткендей, құқықтық дауға әлеуметтік желідегі жарияланымдардың астына жазылған былапыт пікірлер де себеп болуы мүмкін.
Жаман сөздің авторын жауапқа тарту үшін оның әрекетінде заңның нақты бір бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бар екенін дәлелдеу қажет.
Адамды жеке, жұртшылықтан жабық хат алмасу кезінде балағаттаса айыппұл салынуы мүмкін бе? Иә. Қорлау сөзі көпшілікке арналған мәтін не видео жазбаның астында емес, WhatsApp, Telegram немесе Instagram желілеріндегі жеке хат арқылы жолданса да, заң алдындағы жауапкершілік туындауы мүмкін.
Мұндай жағдайда Қылмыстық кодекстің 131-бабы қолданылады. Бұл бап адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлауға қатысты. Мұндай әрекет үшін 100 АЕК-ке дейін айыппұл, яғни, 2026 жылы 432 500 теңге жаза тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ түзеу жұмыстары не қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.
Егер қорлау әрекеті көпшілік алдында жасалса немесе интернет арқылы таратылса, онда айыппұл мөлшері 200 АЕК-ке дейін, яғни, 865 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Бұдан бөлек, сот айыптыны түзеу жұмыстарына немесе қоғамдық жұмыстарға тартуға да құқылы.
Бірақ жеке хаттағы әрбір дөрекі сөз үшін автоматты түрде қылмыстық іс қозғалады деген түсінік қалыптаспауға тиіс. Ең бастысы – айтылған сөздің жай ғана дөрекілік емес, адамның қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлау екенін сараптама арқылы дәлелдеу.
Жанжалдан кейін пікірді немесе хабарламаны өшіріп тастау да жауапкершіліктен құтқармауы ықтимал. Скриншоттар, экран жазбалары және сақталып қалған жарияланымдар сотта дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бірақ олардың болуы адамның кінәсін өздігінен дәлелдемейді. Алдымен жазбаның авторын және құқық бұзушылықтың нақты мән-жайларын анықтау қажет.
Ал, компания, мемлекеттік қызметкер немесе қызмет көрсету сапасы туралы теріс пікір білдіру құқық бұзушылық саналмайды. Мәселен, «маған көрсетілген қызмет ұнамады», «бұл шенеунік дөрекілік танытты» деген сөз – адамның жеке тәжірибесіне негізделген бағасы. Сын айтуға болады. Егер адам іс-әрекетті немесе қызмет сапасын талқылау орнына жеке басын әдепсіз түрде қорлауға не көпшілік алдындағы бейпіл сөзге көшсе, ондау жауапкершілік туындайды.
Боқтық сөз үшін жаңа заң жобасында не көзделген?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөз айту, жеке тұлғаларға тиісу және айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын өзге де әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады.
Мұндай құқық бұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттық сауалға жауабында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының Құрылтайға енгізілгенін хабарлады.
Бұл жаңа заң жобасы ӘҚБтК-нің 434-бабын толықтырып, онлайн-платформаларда бейпіл сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздейді. Құжатты биыл қарау жоспарланып отыр.
Бұл мәселені шешуде кешенді тәсіл қажет екенін белгілі заңгер, экс-мәжілісмен Абзал Құспан да атап өтті. Оның пікірінше, сөзбен жасалатын агрессия уақыт өте келе доқ көрсетуге, зорлық-зомбылыққа шақыруға ұласуы мүмкін.
«Соңғы уақытта бір қауіпті үрдісті байқап жүрміз. Кез келген өзекті мәселе, мейлі, ол әлеуметтік, тұрмыстық болсын, әп-сәтте эмоцияға, айғайға, айыптауға айналып кетеді. Диалогтың орнына қысым, пікірталастың орнына қорлау орын алуда. Факті емес, манипуляция алға шығуда. Әлеужелілерде жазылған пікірлердің бірқатарында депутаттарға қатысты тікелей зорлық-зомбылық жасауға, тіпті атып өлтіруге шақырулар айтылды. Бұл жай эмоция емес, бұл құқықтық баға беруді қажет ететін нақты әрекет. Бұл кездейсоқ құбылыс емес, қоғамдық пікірді басқарудың қауіпті тәсілі», – деген пікірде Құспан.
Оның байламынша, қоғамдық талқылау керек, бірақ ол жауапкершілікпен жүргізілсін. Сын керек, бірақ ол дәлелге негізделсін. Келіспеушілік болуы мүмкін, бірақ ол заң аясында шешілсін.
Мәжілістің бұрынғы депутаты Ринат Зайыт та балағат сөзбен күресуді қолдайды, бірақ шектен тыс тыйым салудың қаупіне назар аударды.
«Ел түсінбейтін жайттар бар. Көркем шығарма деген болады. Депутаттар қызды-қыздымен «ананы тоқтату керек, мынаған тыйым салу керек» деп жатады. Боғауыз сөз айтуға болмайды дегенмен келісемін. Бірақ ертең бейпіл сөзді ән айтқандарды да соттап жібермейміз бе? Ондай халық әндері бар. Оған сараптаманы кім жасайды? Тиісті таным-түсінігі, құзыреті бар мамандар бар ма? Көркем шығармаларды қалай қорғап қаламыз? Оның заң аясында айырмасы бар ма? Ертең Ақселеу марқұмның «Бейпіл сөздер» кітабын оқи алмай, фольклорымыздан айрылып қалып жүрмейік. Байырғы замандарда мұндай заң болмаған ғой», – деген еді Ринат Зайыт.
Үкімет болса, заңнамалық шаралар міндетті түрде алдын алу жұмыстарымен қатар жүруі керек екенін алға тартады. Әсіресе, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, соның ішінде қоғамдық орындарда анайы сөз қолданудың алдын алуға басымдық берілуде екен.
Олжас Бектеновтің мәліметінше, жастар арасында «Адал азамат» қағидаттарын орнықтыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты дамыту бағытындағы қоғамдық бастамалар жүзеге асырылып жатыр.
Биыл үкіметтік емес ұйымдардың 4 гранттық жобасы қаржыландырылып, іске асырылуда. Сонымен қатар өңірлерде жастар саясаты саласында 200-ден астам әлеуметтік жоба жұмыс істеп тұр.
Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында да тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Оның негізгі бағыттары – әдеп тәрбиесі, кәсіби этиканы дамыту, мәдени білім беру және жастардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жаңа жол айырығының құрылыс барысымен танысты. Мұндағы қозғалыс қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып, кезең-кезеңімен ашылады. Нұрлыбек Нәлібаев жауапты басшыларға құрылыс мерзімі мен жұмыс сапасына қатысты міндеттер жүктеді. Есеп бойынша жолайрықтың өткізу қабілеті тәулігіне 85 мыңнан 200 мыңнан астам көлікке дейін артады.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары жұмыс сапары аясында Тереңсай асуын айналып өтетін жол мен Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірдің ашылу салтанатына қатысты. Бұл – өңірдегі көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыратын, елді мекендер арасындағы байланысты жақсартатын жобалар.
Пихтовка өзені үстінен өтетін ұзындығы 175 метрлік көпір шатқалдан 45 метр биіктікте орналасқан. Бұл – Қазақстандағы таулы жерде орналасқан ең биік көлік көпірі. Таудың қия беткейі, терең шатқалы мен күрделі табиғи жағдайында салынған жаңа нысан осы аймақтың геологиялық және табиғи ерекшеліктерін ескеретін инженерлік шешімдер мен заманауи технологияларды қажет етті. Жеті аралықтан және сегіз тірек бағанадан тұратын көпір құрылысы айналма жолды салудағы ең жауапты кезеңдердің бірі болды.
Тереңсай асуы жүргізушілер үшін күрделі учаскелердің бірі еді. Әсіресе қыс мезгіліндегі қарлы боран мен көктайғақ жолдағы жағдайды қиындатып, көлік қозғалысын уақытша шектейтін. Асудың күрделі бұрылыстары мен тік өрлері де жүргізушілерден ерекше сақтықты талап ететін. Енді бұл бағыттағы қозғалыс жаңа арнаға көшеді. Ұзындығы шамамен 12 шақырым болатын айналма жол көліктерге қауіпті серпантинге соқпай, асуды айналып өтуге мүмкіндік береді.
«Бұл – өңір үшін ғана емес, еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту жолындағы да маңызды оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет алдағы уақытта да еліміздің көлік инфрақұрылымын жаңғырту және өңірлердің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын жалғастырады. Бүгінгі жаңа жол Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін арттыра түссін! Баршаңызды осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Жаңа жол сапар уақытын қысқартып қана қоймайды, ең бастысы, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтып, жолаушылар мен жүк тасымалын тұрақтандырады. Ауа райы қолайсыз болған кезде де қозғалыс шектелмейді. Өскемен қаласы мен Алтай, Үлкен Нарын және Қатонқарағай аудандары арасындағы көлік қатынасы жақсарады. Бұл бағытпен күнделікті қатынайтын тұрғындар үшін де, жүк тасымалдаушылар мен туристер үшін де жолдың қауіпсіз әрі қолайлы болғаны маңызды.
Сонымен қатар, жаңа бағыт Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді. «Бұқтырма» су қоймасына, «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне және «Рахман қайнары» шипажайына баратын саяхатшылар үшін қолайлы болады. Осылайша, өңірдің көрікті жерлеріне келетін туристер ағыны артады. Жаңарған жол инфрақұрылымы экономикалық және әлеуметтік байланыстарды нығайтып, шалғай елді мекендер тұрғындарының жол қатынасын жақсартады.
Осы сапар барысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өскемен қаласындағы Гематология орталығының ашылуына қатысты. Жаңа мекеме Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының тұрғындарына күрделі гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді. Басты мақсат – азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы әрі уақытылы медициналық көмек алуына жағдай жасау.
Ауқымды жобаның құрылысы 2020 жылы басталған. Өткен жылы Президент тапсырмасымен нысан құрылысын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлінді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медициналық нысандарды салып қана қоймай, олардың тиімді жұмыс істеуіне және халыққа нақты пайда әкелуіне мән беріледі. Сондықтан орталықтың білікті мамандармен қамтылуы, заманауи жабдықтардың тиімді пайдаланылуы және медициналық қызмет сапасы басты назарда болуы тиіс. Гематология орталығы Шығыс Қазақстанның ғана емес, көршілес өңірлердің де тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсететін маңызды нысанға айналады деп сенеміз!» – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Орталық әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жарақтандырылған. Жоғары технологиялық жабдықтар онкогематологиялық аурулар мен қан тамырлары патологияларын дәл диагностикалауға мүмкіндік береді. Дәрігерлер, инженерлер мен медбикелер жетекші республикалық және шетелдік клиникаларда білімдерін жетілдірген.
Негізгі корпус 148 орынға арналған:
24 орындық балалар стационары;
30 орындық соматикалық бөлім;
25 орындық ересектерге арналған гематология бөлімі;
37 орындық кардиология бөлімі;
20 орындық кардиохирургия бөлімі;
12 орындық сүйек кемігін трансплантациялау бөлімі.
Кешен құрамына сондай-ақ 24 орындық, үш қабатты пансионат кірді. Ол оңалтудан өтіп жатқан пациенттер мен олардың жақындарына уақытша бірге тұруға арналған. Үш ғимараттың жалпы ауданы 38 мың шаршы метрден асады.
Сапар барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары өңірдегі стратегиялық маңызы бар екі энергетикалық нысан – Өскемен СЭС-і мен Өскемен ЖЭО-сына барды. Өскемен СЭС-індегі төртінші гидроагрегатты жаңғырту жұмыстарымен танысып, жабдықтардың тиімді әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берді.
Биыл олимпиаданың іріктеу кезеңіне әлемнің 28 еліндегі 125-тен астам қаладан 1 500-ге жуық оқушы қатысты. Оның ішінде 49 команда финалға өтіп, 47 команда шешуші кезеңде бақ сынады. Финалдық сайысқа 15 мемлекеттен 118 оқушы жиналды.
Халықаралық додада Қазақстан, Армения, Беларусь, Испания, Италия, Кипр, Қырғызстан, Марокко, Моңғолия, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан және Филиппин өкілдері өнер көрсетті.
Қатысушылар командалық форматта бағдарламалау, математика, деректерді талдау және машиналық оқыту бойынша күрделі тапсырмаларды орындады. Финал екі кезеңнен тұрды.
Жарыс қорытындысы бойынша Гран-при Ресей құрамасына берілді. Бірінші орынды Ресейдің үш командасы иеленді. Екінші орын Қазақстан, Ресей, Таиланд және Кипр командалары арасындағы сегіз ұжымға бұйырды. Ал үшінші орынға Қазақстан, Румыния, Ресей, Испания және Моңғолияның 12 командасы жайғасты.
Олимпиаданың жалпы жүлде қоры 11 миллион теңгені құрады.
Айта кетейік, FAIO биыл үшінші рет өткізілді. Алғаш рет 2024 жылы ұйымдастырылған жарысқа тек қазақстандық оқушылар қатысқан еді. Қазір олимпиада халықаралық деңгейге шығып, түрлі елдердің жас дарындарын бір алаңға жинап отыр.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың жасанды интеллект пен машиналық оқыту бағытындағы білімін дамыту, тәжірибе алмасуына жағдай жасау және олардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру.
Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыруға бірқатар технологиялық, қаржылық және білім беру ұйымдары қолдау көрсетті. Олардың қатарында activ 5G, Freedom Holding Corp., ANSA Qory, Halyk, Mastercard, investbanq, MA7 Ventures, Silkroad Innovation Hub және Marine Health бар.
Мұндай халықаралық зияткерлік жарыстар Қазақстанның білім беру саласындағы әлеуетін танытып, дарынды жастарды қолдауға және жасанды интеллект бағытындағы халықаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Вице-президент идеологиялық күн тәртібін қалыптастыратын конституциялық құндылықтарға кеңінен тоқталды.
“Конституциямыз мемлекеттің құқықтық негізін ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы іргелі құндылықтарды да айқындайды. Осылайша, тарихымызда тұңғыш рет ел идеологиясының бағыт-бағдары нақтыланып, мазмұндық тұрғыдан толықты. Сондықтан біздің ең басты міндетіміз – конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау”, – деді Ерлан Қарин.
Осы орайда Вице-Президент прогрессивті конституциялық құндылықтарды одан әрі ілгерілетіп, қоғамдық санада орнықтыру қажет екенін атап өтті.
“Мемлекет басшысының саясаты Қазақстанды одан әрі өркендетуге бағытталған. Елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр. Қоғамдық өмірдің барлық саласы жаңғырып жатыр. Сондықтан халық арасында еңбекқорлық, білім, ғылым және прогресс секілді жасампаз құндылықтарды дәріптеу өте маңызды. Сонымен қатар ескілікті, тоғышарлықты, радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек. Көпшілік ортада арагідік ұшырасатын түрлі шектен тыс әрекеттер мен мәдениетсіздікке адамдардың өзі қарсы екенін көріп жүрміз. Бұл қоғам мәдениеті мен құндылықтардың өзгере бастағанын білдіреді. Демек Президенттің прогрессивті реформалары жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тапты әрі бұл бұлжымас сипатқа ие болды”, – деді Ерлан Қарин.
Вице-Президенттің пайымдауынша, ішкі саясаттың басым бағыттарының бірі –  Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларын сапалы іске асыру.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануға негізделген жаңа экономикаға сай мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру қажет. Сондықтан мемлекеттің сервистік моделінің тетіктерін, атап айтқанда, халықпен кері байланыс орнатуға арналған ақпараттық жүйелерді жетілдіру ісін жеделдеткен жөн. Орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің барлық байланыс орталықтарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіру маңызды міндетке айналып отыр”, –  деді Ерлан Қарин.
Кеңес барысында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылармен ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық, ақпараттық, отбасы және жастар саясатындағы басымдықтар қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ішкі саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Орталықтың ашылу салтанатына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің басшысы Нұрдәулет Сүйіндіков және өңір тұрғындары қатысты.
Жалпы аумағы 38 мың шаршы метр болатын кешен 148 төсек-орынға арналған стационар мен 24 орындық пансионатты қамтиды.
Медициналық мекеме Шығыс Қазақстан облысының 720 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кейбір медициналық бағыттар бойынша еліміздің өзге өңірлерінен келген пациенттерге де көмек көрсетіледі.
Орталықта қан аурулары мен онкологиялық патологиялардың күрделі түрлерін диагностикалау және емдеу мүмкіндігі қарастырылған. Пациенттерге сүйек кемігін трансплантациялау, жоғары технологиялық емдеу және оңалту қызметтері ұсынылады.
Жаңа медициналық нысанның ашылуы мемлекетке қайтарылған активтерді халықтың игілігіне жарату жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы маңызды жобалардың бірі болды.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жасалған келісім аясында іске асырылуда. Бастаманы жүзеге асыруға 300 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Жобаның басты міндеті – орман алқаптарын қалпына келтіру, олардың аумағын кеңейту және табиғи экожүйелердің сақталуына үлес қосу.
Мамандардың айтуынша, қарағай көшеттерін отырғызу арқылы жаңа орман алқаптарын қалыптастыруға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін сақтауға және қоршаған ортаның тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік туады.
Атап айтқанда, Астана халықаралық әуежайына Ақмола облысындағы «Ерейментау-Астық-2014» ЖШС үшін дорпер тұқымының 1 100 бас қойы әкелінді. Бұл – шаруашылықтың 4 мың бас ұсақ мал сатып алу жөніндегі жобасының алғашқы кезеңі. Жоба «Береке» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып отыр.
Ал Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы «Eco Lamb» ЖШС 665 бас асыл тұқымды қой сатып алды. Оның 497-сі – «Австралиялық ақ» тұқымы, 168-і – дорпер тұқымды саулық.
«Eco Lamb» шаруашылығы алдағы уақытта австралиялық ақ тұқымды қой өсіретін асыл тұқымды репродуктор ашуды жоспарлап отыр. Бұл тұқымдардың таңдалуына олардың жоғары ет өнімділігі, генетикалық әлеуеті және тез жетілетін қасиеттері негіз болған.
Мамандардың айтуынша, аталған тұқымдарды шаруашылықтарға енгізу мал өнімділігін арттырып, қой етінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндіріс шығынын оңтайландырып, саланың экономикалық тиімділігін көтеруге ықпал етеді.
Асыл тұқымды репродуктордың құрылуы Қазақстанда жоғары өнімді қойларды жергілікті жағдайда көбейтуге жол ашады. Нәтижесінде сапалы генетикалық материалдың отандық қоры қалыптасып, оны өзге шаруашылықтарға тарату мүмкіндігі пайда болады.
Австралиядан мал әкелу жұмыстары 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында жүргізіліп жатыр. Бағдарламада мал өнімділігін арттыру, асыл тұқымды базаны нығайту, отандық селекцияны дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту міндеттері көзделген.
Жаңа жобалар Қазақстанның етті бағыттағы қой шаруашылығын дамытуға, сапалы қой етінің өндірісін арттыруға және экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ малды терең өңдеу саласына серпін беріп, отандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.
Орталықтың мәліметінше, өтінім қабылдау мерзімі қосымша ұзартылған. Құжаттарды тапсырудың екі жолы қарастырылған:
Онлайн: eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;
Офлайн: Астана қаласындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне жеке бару арқылы.
Құжат қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет.
Бағдарламаға қатысу шарттары, қажетті құжаттар тізімі және өзге де мәліметтерді орталықтың ресми сайтынан білуге болады.
Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция ескертеді: Қазақстанда вейптерді сатуға, таратуға, елге әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынған. Бұл талаптарды бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қонақ үй Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Досмухамедов көшесінде орналасқан. Бастапқы баға 38 млрд теңге деп белгіленген. e-qazyna.kz сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, нысан 12 млрд теңгеге, яғни бастапқы бағадан 3 есе арзанға сатылған.
«Жалпы алаңы 16 196,4 шаршы метрді құрайтын, кадастрлық нөмірі 20:311:015:130:1/А қонақ үй кешенінің ғимараты ауданы 0,2581 га (үлесі – 0,2558 га), кадастрлық нөмірі 20:311:015:130 жер учаскесінде орналасқан. Тұрақты ортақ үлестік жер пайдалану құқығындағы жер учаскесі жекешелендіру объектісінің құрамына кірмейді және жекешелендіру объектісінің бағалау құнына енгізілмеген», – делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін Алматыда Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған қонақ үй аукционға қойылғанын жазғанбыз. Аукцион 25 қыркүйекте өтті, алайда нысанның сол уақытта жаңа иесі табылмады.
11 қабаттан тұратын қонақ үй кешенінде 112 бөлме бар. Бұдан бөлек кешенге spa-орталық, бассейн, ресторан, жаттығу залы, хаммам, үлкен банкет залы да кіреді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Almaty Hike сайты арқылы туристер маршруттың қай уақытта басталатыны туралы ақпаратты алдын ала енгізіп, байланыс деректерін қалдыра алады. Ол үшін сайтқа кіру немесе таулы аймақтар мен ұлттық парктерге қатынайтын автобустар мен аялдамаларда орналастырылған QR-кодты сканерлеу қажет. Тіркелу бірнеше минутты ғана алады.
Пайдаланушы электронды нысанды толтырып, телефон нөмірі мен бағыттың (маршрут) басталуына қатысты мәліметтерді енгізеді. Маршрут аяқталғаннан кейін сайтқа қайта кіріп, таудан оралғанын белгілеп, тіркеуді жабу маңызды. Алдын ала тіркелу жоспарланған сапар туралы ақпаратты құтқару қызметтеріне ертерек жеткізуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда бұл мәліметтер туристерді іздеуді жеңілдетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде құтқарушылардың жағдайды жылдам бағалауына көмектеседі.
Алдын ала мәлімет бойынша, баланың өліміне басы мен денесіне түскен көптеген жарақат себеп болған.
Аталған дерекке қатысты Әулиекөл аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті оқиға болған күні, яғни 26 қазанда ұсталған.
Қостанай облысының прокуратурасы қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады. Істің барысы облыстық прокуратураның бақылауында.
– Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі уақытта отбасының тиісті органдардың есебінде тұрған-тұрмағаны анықталып жатыр.
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бұған дейін өз ұлын пышақтап өлтірген қызылордалық 8 жылға сотталғанын жазған едік.
Блоктық садақ атудан жекелей сайыста Павел Кузнецов алтын жүлде алса, Никита Ивлев күміс медальға ие болды.
Әйелдер арасындағы жекелей бәсекеде Милана Бурлева екінші орын алды.
Классикалық садақ атудан әйелдер арасындағы жекелей сайыста Александра Землянова үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық бәсекеде топ жарды. Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов және Ислам Серікұлы бақ сынады.
Ал әйелдер құрамасы күмістен алқа тақты. Милана Бурлева, Эльмира Раисова, Аяжан Жақсылық ел намысын қорғады.
Қазақстан аралас командалық бәсекеде де алтын жүлдегер атанды. Бұл сайыста Павел Кузнецов пен Эльмира Раисова өнер көрсетті.
Бұдан бөлек, ерлер құрамасы классикалық садақ атудан командалық жарыста екінші сатыға жайғасты. Бұл бәсекеде Иван Берча, Рахымжан Қамар және Санжар Ержанұлы бақ сынады. Назеркеш Әлібек, Ясмин Ғалиахмет және Александра Земляновадан құралған команда әйелдер арасында күміс алды.
Ал Иван Берча мен Александра Землянова аралас командалық жарыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудағы Құрық портының рөліне, сондай-ақ халықаралық көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Сапар порттың әлеуетін және оның Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланыстарын дамытудағы маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік болды.
Ол сотта жеке медициналық мекеменің анықтамасын ұсынған. Алайда, тексеру барысында оның ешқандай медициналық тексеруден өтпегені, сәйкесінше жүктілік туралы анықтама берілмегені белгілі болды.
«Бұл іс бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігімен (жалған құжаттарды жасау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, сот қаулысымен әйел адамға 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазалар тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта жалған құжат дайындау жөнінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Иран өкілі Ахмад Масуд Мохаммаднежаджаванмен кездесті. Тартысты белдесуде қарсыласы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Асыл Айтақын әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.
Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің басшылары Анкара декларациясын қабылдады.
Қазақстанның ұйымға мүше елдермен алыс-берісі 10 млрд долларға жуықтады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Президент осы ретте Түркі мемлекеттері ұйымының 2027–2031 жылдарға арналған стратегиясын жедел қабылдауды ұсынған болатын.
Үшінші тоқсанда Volkswagen Қытайға 406 мыңға жуық автокөлік жеткізді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 38,5%-ға аз. Концерн бір тоқсан ішінде 5,8 млрд еуро көлемінде рекордтық шығынға батқан.
Мұндай жағдай Mercedes-Benz-де де байқалып отыр. Компанияның сатылым көрсеткіші жыл басынан 29%-ға азайса, Beijing Benz Automotive бірлескен кәсіпорны екінші тоқсанда 560 млн еуро шығынға батты. Бұл ретте қытайлық BYD компаниясы Германияда өз электромобильдерін тіркеу көрсеткішін 150%-ға арттырып, 206 мыңға жеткізген.
Канцлер Фридрих Мерц Азияға сапары барысында Қытай мен АҚШ тарапынан болатын экономикалық қысымға төтеп беру үшін халықаралық сауда альянсын құруды ұсынды. Ол Жапония мен Оңтүстік Кореяда жеткізу тізбегін нығайтуды қолдап отыр.
«Жаһандық жеткізу тізбегі саяси құралға айналып, негізгі технологияларға еркін қол жеткізу шектелген кезде, бұл тұтас аймақтардың дамуына, әл-ауқатына және түптеп келгенде қауіпсіздігіне қатер төндіреді», – деді Германия канцлері.
Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 1 302,3 мың шаршы метр болған.
Осылайша, бір жылда өндіріс көлемі 3,4 есе артты. Өнімнің басым бөлігі Алматы мен Шымкент қалаларында шығарылған.
Сонымен қатар отандық нарық әлі де импортқа тәуелді. 2026 жылғы қаңтар-тамызда мақта-мата импорты 30,6 млн шаршы метрге жетіп, жалпы ресурстардың 88,5%-ын құрады. Ал Қазақстанда өндірілген өнімнің үлесі 11,5% болды.
Ішкі нарық өнімді өткізудің негізгі бағыты саналады. Сегіз айда 34 362,7 млн шаршы метр өнім сатылып, жалпы пайдалану көлемінің 99,2%-ын құрады. Экспорт 287,5 мың шаршы метр болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар түтін басқан аймақтан арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен 10 адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялаған.
Өрт шыққан пәтердің иесі жеңіл күйік алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өрт толық сөндірілді.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары марқұмның 54 жастағы елорда тұрғыны екенін анықтады.
"Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады", – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Негізгі мақсат – балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, түрлі қауіп-қатерді дұрыс бағалауға, саналы шешім қабылдауға және қажет жағдайда ересектерден дер кезінде көмек сұрауға үйрету.
Оқушылар өмірде кездесетін түрлі жағдайларды талдап, рөлдік ойындар мен арнайы жаттығулар арқылы қауіпсіз әрекет ету және өз эмоцияларын басқару дағдыларын меңгереді.
«5-8 сынып оқушылары үшін жылына 8 сағат, ал 9-11 сынып оқушылары үшін 17 сағат қарастырылған. Бағдарлама практикалық және диагностикалық сабақтарды қамтиды. Жоғары сынып оқушылары үшін қосымша түзете-дамыту бағытындағы сабақтар өткізіледі», – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Курс аясында оқушылардың психологиялық жағдайын анықтауға бағытталған диагностика жүргізіледі. Оның нәтижелері әр баланың жеке қажеттіліктерін ескеруге және тиісті қолдау жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностика қорытындылары оқушыларға баға қою немесе оларды қандай да бір санаттарға бөлу үшін қолданылмайды.
Сабақтарды білім беру ұйымдарының штаттық педагог-психологтары жүргізеді. Курстың басты нәтижесі оқушылардың алған білімдері мен қауіпсіздік дағдыларын күнделікті өмірде тиімді қолдана білуімен бағаланады.
Президент Режеп Тайип Ердоғанның бастамасымен Түркі мемлекеттері ұйымы аллеясының ашылғанын ерекше атап өтті.
– Бұл аллея мызғымас бауырластығымыздың символына айналады деп сенемін. Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі геосаяси ахуал ушығып барады. Таяу Шығыстағы жағдай, әсіресе, Ормуз бұғазы төңірегіндегі текетірес күрделене түсті. Мұның бәрі жаһан елдерінің, әсіресе, шекаралас түркі мемлекеттерінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланысына кері әсерін тигізуде. Қазақстан бір белгілі, яғни хусит деген әскери қозғалыстың бауырлас Сауд Арабиясына қарсы негізсіз шабуыл жасағанына наразылық білдірді. Осындай жөнсіз әрекеттерді тоқтату керек деген мәлімдемелерге қосыламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМҰ аясындағы экономикалық ықпалдастық айрықша рөл атқаратынына сенім артатынын айтты.
– Біздің еліміздің Ұйымға мүше елдермен алыс-берісі биыл 10 миллиард долларға жуықтады. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға артып отыр. Осы қарқынды сақтап қалу үшін әлі де бірқатар шараларды іске асыруымыз керек. Ең алдымен, «Түркі әлемінің келешегі – 2040» бағдарламасын сапалы орындау өте маңызды. Осы тұста Түркі мемлекеттері ұйымының 2027-2031 жылдарға арналған стратегиясын жедел қабылдау қажет. Біз бұл құжаттың жобасында көрсетілген сауда, инвестиция, қаржы, өндіріс, ауыл шаруашылығы, цифрлық технология, білім-ғылым және басқа да салаларды дамытуға қатысты шараларды қолдаймыз. Ең бастысы, бес жылға арналған стратегияда нақты жобалар көрініс табуы керек, – деді Президент.
Сондықтан Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін барынша қолдану қажет.
– Оның әлеуеті зор. Бұл қаржылық институттың толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасап берсек, жөн болар. Бұған қоса, экономикалық ықпалдастықты күшейту үшін Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының мүмкіндігін пайдаланған абзал. Қазақстан бұл құрылымға төрағалық еткен кезеңде бірқатар шаралар өткізіп, маңызды құжаттар әзірледі. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатымен келесі жылы Қазақстанда Іскерлік форумын өткізуді ұсынамыз. Біздің ойымызша, Ұйымымыздың аясындағы Ақсақалдар кеңесінің жұмысы да өте маңызды. Осы құрылымға қаржылай және басқа да түрлі көмегімізді көрсетуіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды.
– Бауырлас елдердің егемендігіне, ұлттық мүддесіне құрметпен қарау – біздің мызғымас қағидатымыз. Түркі жұрты тонның ішкі бауындай тату болып, бағыт-бағдарынан ауытқымай бірлесіп, алға нық қадам жасауда. «Түркі ғасыры: тіліміз де, ойымыз да, ісіміз де – бір» атты бүгінгі басқосу тақырыбының мән-мағынасы өте терең. Бұл жиын Бірінші Түркология құрылтайының 100 жылдығымен орайлас өтіп жатыр. Мұның символдық мәні де ерекше. Осыдан бір ғасыр бұрын бауырлас елдердің зиялы қауым өкілдері рухани тұтастығымызды нығайту үшін ортақ мүдде жолында Баку қаласында үлкен жиын ұйымдастырып, күш біріктірген болатын. Біз бабаларымыздың осы аманатына адал болып, түркі әлемінің ауызбіршілігін күшейту үшін жұмыла әрекет етіп келеміз, – деді Президент.
Мемлекет басшысы ынтымақтастықты нығайту жолында «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын қолданудың маңызына мән беріп отыр.
– Ұйымымыздың беделін арттыру үшін Ресейдің ниетіне оң пікірімізді білдіріп, бұл елді осы форматқа қосылуға немесе Ұйымға бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ, дұрыс әрі әділетті шешім болар еді. Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заманнан бері түркі әлемімен тығыз байланыста болған. Бұл елде тарихи мекенін тапқан түркі халықтары көп. Қазіргі уақытта Ресей «Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» деген тұжырымдаманы дәріптеуде. Қазақстан бұл тұжырымдаманы қолдайды. Орыс тілінде түркі тілдерінен тамыр тартатын сөздер де аз емес. Жалпы, Ресей түркі елдерінің, яғни біздің Ұйымның бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді, – деді Мемлекет басшысы.
– Елдеріміз жаппай цифрландыру мәселесімен белсенді түрде айналысып жатыр. Қазақстан цифрлық ел болуды мақсат етіп отыр. Бұл бағытта ауқымды жұмыс істелуде. Биыл елімізде – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы құрылды. Жасанды интеллект саласына қажетті мамандар даярлайтын Qazaq AI Research университеті ашылды. Қуаттылығы 1 ГигаВатт болатын Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылып жатыр. Екі суперкомпьютер іске қосылды. Таяу арада үшінші өте қуатты суперкомпьютер өз жұмысын бастайды. Цифрлық кодекс, Жасанды интеллект туралы арнайы заң қабылданды. Қажет болса, осы тәжірибемізді бауырлас елдермен бөлісуге дайынбыз. Өздеріңізге жақсы белгілі, биыл мамыр айында Түркістанда өткен басқосуда жасанды интеллект және цифрлық даму мәселесін талқыладық. Қазір сол жиында көтерілген бірқатар маңызды бастаманы жүзеге асырып жатырмыз, – деді Президент.
Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Қазақстан мен Әзербайжан арасында Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылғанын айтып өтті.
– Осы бірегей жобаның игілігін түркі мемлекеттері де көре алады. Бұдан бөлек, әлі де жедел атқарылуға тиіс жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, Киберқауіпсіздік кеңесін, Цифрлық мониторинг және инновациялар орталықтарын құру бастамасын жүзеге асыруды тездеткен жөн. Бұл жобалар елдеріміздің цифрлық саладағы ынтымақтастығын нығайта түсетіні сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.
Президент көлік-логистика саласындағы әріптестікті тереңдету басым міндеттің бірі деп санайды.
– Түркі әлемін өзара байланыстыру ісінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының алатын орны ерекше. Биылғы 9 айда Орта дәліз арқылы тасымалданған жүктің көлемі 30 пайызға артты. Соның ішінде транзиттік тасымал көлемі 90 пайызға өсті. Ал Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен теміржол арқылы жүк тасымалы 10 пайызға ұлғайып, 40 миллион тоннаға жақындады, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, автокөлікпен тасымалданған жүк көлемі де 20 пайызға көбейіп, 6,5 миллион тоннаға жетті.
– Осы орайда, біз Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыра түсу үшін елімізде басымдық ретінде арнайы бағдарламаны жүзеге асыратын болдық. Жалпы, еліміз үшін Орта дәліз бойындағы логистика инфрақұрылымын және теңіз порттарын жаңғырту жұмысының маңыздылығы өзгермейді. Алайда басқа көлік-логистика бағдарлары, яғни, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі, «Бір белдеу, бір жол» жобасы және өзге де жолдар Қазақстан үшін өте пайдалы әрі тиімді болып қала береді, – деді Президент.
Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселесі де әріптестіктің маңызды бағытының бірі екенін айтты.
– Қазақстан түркі халықтарының тарихи мұрасын зерделеу, сақтау және дәріптеу ісіне айрықша көңіл бөледі. Мен биыл Түркістанда өткен басқосуда Түркі өркениеті орталығын және дала өркениетін дәріптеуге арналған «Мәңгілік ел» орталығын құруды ұсындым. Қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда, Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенцияны тездетіп қабылдаған жөн деп санаймыз.
Сонымен қатар елімізде «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық ауқымды еңбек әзірленіп жатыр. Осы жұмысқа белсене қатысқан түркі елдерінің ғалымдарына шынайы алғыс білдіреміз. Академиялық еңбек тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан кең ауқымда, шынайы және әділ көзқараспен қарауға көмектеседі, – деді ол.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымға қарасты құрылымдар да іргелі істер атқарып жатқанын атап өтті.
– Түркі академиясының бастамасымен ортақ тарихи және мәдени ескерткіштерге арналған бірқатар еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, «Түркі әлемінің киелі географиясы» үш томдығы, «Көне түркі жазбаларының» бес томдық каталогі дайындалды. Сондай-ақ «Қазіргі түркі тілдері сөздігінің» 25 томдығы басылып шықты. Бұл еңбектер – түркі ғалымдары жұмысының үлкен нәтижесі. Сонымен қатар Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Turkic Heritage» халықаралық цифрлық платформасын дайындады. Бұл бірегей цифрлық өнім түркі халықтарының тарихын, әдебиетін, мәдениетін танып-білуге мүмкіндік береді. Түркі әлемінің тарихында Алтайдың алатын орны ерекше. Биыл Қазақстанда «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өтті.
ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Біз осы бастама аясында түркі өркениетінің рухани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, әдебиет пен тіл мәселесіне арналған Қожа Ахмет Ясауи халықаралық форумын, сондай-ақ Түркі және ислам әлемі мұражай ісі мамандарының жиынын өткіземіз. Ғалымдарымызды осы іс-шараларға белсене атсалысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.
– Соңғы жылдары Ұйым қызметінің аясы кеңейді, бұл құрылым 60 түрлі бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Дегенмен олардың кейбірі бір-бірін қайталайтыны жасырын емес. Сондықтан ортақ істе басымдық берілуге тиіс салаларды анықтап алуымыз керек. Жалпы, алдымызда тұрған міндеттер мен басымдықтарды айқындау қажет. Сонымен қатар Ұйымымыздың ең жоғары деңгейінде қол қойылған шарттардың ережелерін бұзуға болмайды деп санаймыз. Сондай-ақ, Ұйым жанындағы Тұрақты өкілдер кеңесін құру маңызды екенін тағы да айта кеткен жөн. Биыл мамыр айында Түркістанда өткен ең жоғары жиында мен Түркі мемлекеттері ұйымы әскери альянс емес, болашақта да болмауы керек деп айтқан едім. Бұл – Қазақстанның ұстанымы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сөз соңында қазақта «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» деген мақал бар екенін еске салып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет ету керектігін айтты. Сонда түбі бір түркі жұрты да өсіп-өркендей бермек.
– Бүгінгі басқосу Ұйым жұмысына жаңа серпін беріп, ықпалдастығымызды нығайта түседі деп сенемін. Осы орайда, Әзербайжан мемлекеті Ұйымға былтырдан бері төрағалық етіп, оның абырой-беделінің артуына мол үлес қосқанын баса айтқым келеді. Мен Әзербайжан тарапына ризашылығымды білдіремін. Енді төрағалық ету міндеті Түркияға жүктеледі. Алдағы уақытта да Ұйым аясында тың бастамалар жүзеге асырылады деп сенемін. Сондай-ақ Кубанычбек Омуралиев мырзаға табанды қызметі үшін алғыс айтамын. Ал жаңа Бас хатшы Мирвохид Азимов мырзаға сәттілік тілеймін. Алқалы жиынды жоғары дәрежеде өткізгені үшін Түркия Республикасының Президентіне тағы да ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.
Қорғаныс министрлігінің кешенді тексерісі барысында жаттығулардың өтуін бақылау, ықтимал қауіптерді бағалау және төтенше жағдай өзгерген кезде жедел шешім қабылдау мәселелерінде олқылықтар анықталған.
«Қауіпті факторларға жеткілікті көңіл бөлінбеген. Қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жаттығулардың қауіпті кезеңдерін дер кезінде тоқтатуға тиісті бақылау болмаған», – делінген Үкімет басшысының жауабында.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Әскери реформа жоспарының жобасы әзірленуде. Құжатта оқу-жаттығуларды жоспарлау тәртібін біріздендіру және әскери басқару жүйесін жетілдіру көзделген.
Ал әскери қызметшілердің қаза табуына тікелей себеп болған мән-жайлар мен жауапты тұлғалар туралы нақты қорытынды жарияланған жоқ.
Күні кеше Қорғаныс министрі әскери жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметшілер мен жаттығу барысында қаза тапқан сарбаздардың туыстарын қабылдады.
Рыбакина 30 қазанда канадалық Лейла Фернандеспен кездесуі керек еді. Алайда әлемнің бірінші ракеткасы матч басталмай тұрып жарыстан шығатынын мәлімдеді. Осылайша, әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Фернандес жартылай финалға жолдама алды.
«Құрметті жанкүйерлер, өкінішке қарай, келесі матчқа қатыса алмайтынымды хабарлауға мәжбүрмін. Мойнымда қабыну мен ауырсыну пайда болып, бұл өз деңгейімде ойнауыма кедергі келтіріп отыр. Мұндай шешім қабылдау оңай болған жоқ. Мен бұл турнирде ойнағанды жақсы көремін және жанкүйерлердің ерекше қолдауын әрдайым бағалаймын. Келесі жылы осында қайта ораламын деп үміттенемін. Түсіністік танытып, қолдағандарыңыз үшін рақмет», – деп жазды қазақстандық теннисші.
Еске салайық, Рыбакина бұған дейін турнирдің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны 6:2, 6:3 есебімен жеңген еді. Осы жеңісінен кейін ол мансабында алғаш рет жыл соңындағы WTA рейтингінің көшбасшысы атанатынын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Ал жартылай финалда Лейла Фернандес өзбекстандық Камилла Рахимовамен кездеседі. Рахимова ширек финалда австралиялық Майя Джойнтты 7:5, 5:7, 6:1 есебімен жеңген.
Бішкекте «Стратегиялық әріптестікті дамытудағы өңірлердің рөлі» атты Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы және екі елдің үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы өтті.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біз барлық елдермен ашықтыққа және сындарлы әріптестікке негізделген Әділетті әрі Озық Қазақстанды дәйекті түрде құрып жатырмыз. Мұндай ұстаным экономиканы нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біз бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға айрықша мән береміз», – деді Олжас Бектенов.
Іс-шараға Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жетісу облыстарының, Алматы және Түркістан қалаларының, сондай-ақ Қырғызстанның Ыстықкөл, Шу, Талас, Ош, Жалал-Абад және Нарын облыстарының басшылары, мемлекеттік органдар мен іскерлік орта өкілдері қатысты.
Форум барысында өңірлер арасындағы тікелей байланысты нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистика және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
«Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз түбегейлі жаңа деңгейге шықты. Біз екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды тетігіне айналатын екінші өңіраралық форумды өткізуге ерекше мән береміз. Қырғызстанның Шу, Талас және Ыстықкөл облыстары Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарымен дәстүрлі тығыз байланыста. Сонымен қатар, біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз шекаралас облыстармен шектелмейді. Қалаларымыз бен облыстарымыздың арасында тікелей байланыстар орнатылған», – деді Адылбек Касымалиев.
Қырғызстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі. Үкіметтің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 33%-ға өсіп, 2,4 млрд долларға жетті.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тағы 20%-ға өсті.
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) есебінше, Рыбакинаға жыл соңында бірінші орында қалу үшін Токиода бір жеңіс жеткілікті болған. Енді қалған турнирлердің нәтижесіне қарамастан, оны рейтингте екінші орында тұрған Арина Соболенко да басып оза алмайды.
Осылайша, 27 жастағы қазақстандық мансабында алғаш рет жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды. Ол 14 қыркүйекте US Open турнирінде жеңіске жеткеннен кейін рейтинг көшіне шыққан еді. Рыбакина Қазақстан тарихында жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған алғашқы теннисші атанды.
Биыл қазақстандық спортшы төрт титул жеңіп алды: Australian Open, Штутгарт, US Open және Нинбо турнирлерінде топ жарды. Нинбодағы жеңіс оның кәсіби мансабындағы 15-ші титулы болды.
Рыбакина маусымды 8-15 қарашада АҚШ-та өтетін WTA қорытынды турнирінде аяқтайды. Ол былтыр жеңіп алған чемпиондық атағын қорғайды. Бұл жарыстың нәтижесі жыл соңындағы әлемдік рейтингтегі бірінші орнына әсер етпейді.
Оқиға Түркияның орталық бөлігіндегі Каппадокия аймағында Гёреме ашық аспан астындағы музейінің маңында тіркелген.
Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Болжамға сәйкес, соңғы күндері жауған нөсер жаңбыр топырақты шайып, жартастың бір бөлігінің опырылуына әкелген болуы мүмкін. Опырылған жартас Каппадокияға тән биік, конус пішінді тас түзілімдерге жатады. Оларды «ертегідегі мұржалар» деп те атайды. Бұл табиғи нысандар – жанартау жыныстарының эрозияға ұшырауы нәтижесінде қалыптасқан және аймақтың басты көрікті орындарының бірі.
Каппадокия Түркияның орталық бөлігінде орналасқан. Бұл – ерекше жартасты ландшафтымен және тарихи ескерткіштерімен туристер арасында кеңінен танымал өңір.
Жаза кеткен жөн, Каппадокияда бұған дейін де «перибаджи» деп аталатын бірегей жартас түзілімдері опырылған еді.
2025 жылдың қыркүйегінде Гёреме елді мекеніндегі осындай табиғи нысандардың бірі жартылай қираған болатын. Қайта ол кезде ешкім зардап шекпеді. Ресми мәлімет бойынша, бұған температураның күрт өзгеруі, судың қатуы мен еруі себеп болған.
«Әрине, жолаушылар тасымалы да көзделген. Бұл – жүк және жолаушылар тасымалына арналған теміржол. Ол пайдалануға берілгеннен кейін Қырғызстаннан Қытайға пойызбен тікелей қатынауға болады», – деді Ұлан Құлов.
Компания жолаушыларға арнап заманауи әрі жайлы вагондар сатып алуды көздеп отыр. Қазір жолаушылар пойыздарының ықтимал бағыттары пысықталып жатқаны белгілі болды.
«Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржолындағы пойыздардың жобалық жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін жетеді. Магистральдың Қырғызстандағы учаскесінің ұзындығы – 304 шақырым. Осы аралықта 29 тоннель мен 50 көпір салынады.
Бекітілген кесте бойынша теміржол 2031 жылы іске қосылуы тиіс. Дегенмен, құрылысшылар жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2030 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.
Талғат Орынбасар мен Елдос Сметов 60 келі дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.
Нәтижесінде Талғат Орынбасар Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жығып, 3-орын алды.
Бұған дейін қос қазақстандық палуанның белдесулері туралы жазғанбыз.
Жаңа жылдың ортасына дейін жаңа жүйе кезең-кезеңімен енгізіледі, өтпелі кезеңде электрондық рұқсат алу ұсынымдық сипатта болады. Жаңа талаптар Қазақстанның одақтастары саналатын Ресей, Беларусь, Армения және Орталық Азия елдерінің азаматтарына да қатысты.
Өзгерістерге ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 10 қазандағы №890 қаулысы негіз болды. Бұл құжатпен «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына» өзгерістер енгізілді. Қаулы 2026 жылғы 24 қазанда күшіне енді.
QazETA дегеніміз не және ол кімдерге қажет?
QazETA (Qazaqstan Electronic Travel Authorization) – жекелеген мемлекеттердің азаматтарына Қазақстанға сапарға шығар алдында рәсімделетін электрондық рұқсат. Ол мемлекеттік шекарадан өтуге алдын ала келісім берілгенін растайды. Рұқсатты жоспарланған сапарға дейін кемінде 72 сағат бұрын алу қажет. Ұқсас жүйені бұған дейін Ресей енгізгені мәлім.
Жаңа жүйе қолданыстағы визалық талаптардың күшін жоймайды, яғни, бұған дейін кейбір елмен арада болған визалық режим жойылмайды: ол ары қарай қалады. Сондай-ақ жаңа тетік шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу мерзімдерін өзгертпейді.
QazETA операторының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, электрондық рұқсатқа өтінішті елге келуге дейін ең кем дегенде 72 сағат бұрын тапсыру шарт. Оны мақұлдау жауабын шамамен 10 минут ішінде алуға болады екен. Рұқсаттың қолданыс мерзімі – 180 күн. Қызмет 70-тен астам елдің азаматтарына қолжетімді.
Электрондық рұқсатты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары, Қазақстанмен визасыз сапарлар туралы халықаралық келісімдер жасасқан елдердің азаматтары, сондай-ақ визасыз режим қолданылатын мемлекеттер тізіміне енгізілген елдердің азаматтары рәсімдеуі керек.
Өтініш беру үшін шетел азаматынан мынадай мәліметтер мен құжаттар сұралады:
• кемінде алты ай бойы жарамды шетелдік паспорт;
• жауапты алу үшін қажетті электрондық поштаның мекенжайы;
• Қазақстанға келу мақсаты туралы түсініктеме.
Қандай құжаттар қабылданады?
• Ұлттық паспорттар;
• Ресей Федерациясының ішкі паспорты;
• Шет мемлекеттердің ID-картасы.
«Егер жолаушы Қазақстан аумағы арқылы тек транзитпен өтсе және ел аумағына кірмейтін болса, ETA рұқсаты қажет емес. Егер транзит кезінде шекаралық бақылаудан өтіп, Қазақстан аумағына кіруі қажет болса, электрондық рұқсаттың талап етілуі жолаушының азаматтығы мен елге кіру шарттарына байланысты болады», – деп түсіндірді QazETA.
Электрондық рұқсатты енгізу кезеңдері
Үкімет қаулысының 6-тармағына сәйкес, Қазақстанға визасыз тәртіппен келетін шетелдіктерге, соның ішінде ЕАЭО елдерінің азаматтарына арналған электрондық рұқсат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі:
• 2026 жылғы 1 қарашадан бастап – Ақтау халықаралық әуежайында, сондай-ақ «Үрлітөбе» (Өрлітөбе, Павлодар облысы), «Ауқатты» (Жамбыл облысы), «Атамекен» (Түркістан облысы) және «Нұрлы жол» (Жетісу облысы) автомобиль өткізу пунктерінде;
• 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – Астана және Алматы халықаралық әуежайларында;
• 2027 жылғы 1 наурыздан бастап – Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы қалған барлық өткізу пункттерінде;
• 2027 жылғы 1 шілдеден бастап – қаулыда көзделген жағдайларда электрондық рұқсаттың болуы міндетті талапқа айналады.
Маңызды жайт сол, 2026 жылғы 1 қарашадан 2027 жылғы 30 маусымға дейін электрондық рұқсатты рәсімдеу ұсынымдық-рекомендациялық сипатта болады. Осы өтпелі кезеңде шетел азаматтарына тек рұқсат алудың тәртібі түсіндіріледі, белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін оны міндетті түрде рәсімдеу қажеттігі туралы ақпарат беріледі.
Ал, 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қаулыға сәйкес рұқсат алудан босатылған адамдарды қоспағанда, жаңа талаптар қолданылатын шетел азаматтары Қазақстанға кіру үшін электрондық рұқсатты міндетті түрде рәсімдеуге тиіс.
Алайда электрондық рұқсаттың болуы елге кіруге толық кепілдік бермейді. Қазақстан заңнамасында, соның ішінде «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 48-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша шетел азаматына Қазақстанға кіруіне тыйым салынуы мүмкін.
QazETA электрондық рұқсатын қалай рәсімдеу керек?
Өтінішті App Store және Google Play платформаларында қолжетімді QazETA мобильді қосымшасы арқылы, жоспарланған сапарға дейін кемінде 72 сағат бұрын беру қажет. Өтініш беруші жеке басын сәйкестендіру рәсімінен өтуге тиіс.
Электрондық рұқсатты ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу арқылы ішкі істер органдары береді.
Өтініш қандай жағдайларда қабылданбауы мүмкін? Бірнеше негізгі себеп бар:
• мәліметтердің қате немесе толық көрсетілмеуі;
• өтініштегі ақпараттың паспорт деректерімен сәйкес келмеуі;
• техникалық қателер;
• өтініш берушінің азаматтығына байланысты ETA алуға құқығының болмауы;
• Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан белгілі бір тұлғаларға қатысты қойылған шектеулер.
Рұқсат өтініш шетелдіктің жеке электрондық поштасына жіберіледі. Шекарадан өткен кезде шекара қызметі оның рұқсатының бар-жоғын «Бүркіт» бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы тексереді.
Кімдерге ETA рәсімдеудің қажеті жоқ?
Үкімет қаулысында растайтын құжаттары болған жағдайда электрондық рұқсат алудан босатылатын адамдардың 29 санаты қарастырылған.
Олардың қатарына:
• 16 жасқа толмаған балалар;
• 65 жастан асқан егде адамдар;
• қолданыстағы қазақстандық визалары бар шетел азаматтары;
• уақытша тұруға рұқсаты немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
• босқындар мен баспана іздеушілер кіреді.
Сонымен қатар электрондық рұқсат мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларына, халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне, дипломаттарға, құрметті консулдарға, ресми делегация мүшелеріне, ресми шақырумен келетін мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, дипломатиялық курьерлерге және басқасына қажет емес.
Бұл талаптан әуежайдың транзиттік аймағынан шықпайтын транзиттік жолаушылар да босатылады. Бұдан бөлек, жеңілдік әуе, теңіз және өзен кемелерінің экипаждарына, пойыз бригадаларына, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерге, халықаралық автобус жүргізушілеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, медициналық бригадаларға, гуманитарлық миссиялар мен іздестіру-құтқару операцияларына қатысушыларға қолданылады.
Сондай-ақ мәжбүрлі түрде қонған ұшақтардың, қазақстандық жағаға амалсыз аялдауына тура келген кемелердің жолаушыларына, трансшекаралық құрылыстардың қызметкерлеріне және жерлеу үшін қайтыс болған адамның денесін алып жүретін адамдарға да ұқсас жеңілдіктер қарастырылған.
Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігі электрондық рұқсат шетел азаматтарының елге кіруі мен онда болуына қатысты өзге талаптардың күшін жоймайтынын ескертті.
«Электрондық рұқсатты рәсімдеу шетел азаматтарының келуі мен болуына қолданылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын сақтау міндетінен босатпайды. «QazETA» цифрлық платформасының техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Туындаған техникалық мәселелер бойынша өтініштер support@qazeta.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Ресми сайты: https://qazeta.kz/ru/eta», – деп хабарлады елшілік.
Ендеше Қазақстанға сапарлауды жоспарлап жүрген шетел азаматтары жаңа талаптардың егжей-тегжейімен алдын ала танысып, 1 қарашадан электрондық рұқсатты белгіленген мерзімнен кешіктірмей рәсімдеуге үйрене бастағаны жөн. Өйткені 2027 жылғы 1 шілдеден кейін тиісті талап қолданылатын шетел азаматтарында жаңа рұқсаттың болмауы олардың мемлекеттік шекарадан өтуіне тыйым салынуына соқтыруы мүмкін.
Құрметті қонақтар түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады. Сондай-ақ іс-шара аясында түркиялық танымал әнші Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Қазақ киіз үйі Ұлы дала рухы мен түркі дүниесінің ортақ тарихи тамырын бейнелейді. Президенттерге киіз үйдің безендірілуіне арқау болған ежелгі түркі өркениеті, соның ішінде сақтар мұрасы, халқымыздың табиғатпен үйлесімді өмір салты және заманауи Қазақстанның келбеті жайында мәлімет берілді.
Мемлекеттер басшыларының назарына қазақ халқының дәстүрлі саятшылық өнерін паш ететін «Сақ аңшысы» мүсіндік композициясы ұсынылды.
Сондай-ақ мәртебелі меймандарға көне түркі жазба мәдениетінен мол мағлұмат беретін Орхон ескерткіштері көрсетілді.
Елдос 60 келі салмақта ширек финалда әзірбайжандық Балабей Агаевтан жеңілді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде Украина өкілі Артем Лесюкті тізе бүктірді.
Дәл осы салмақта Талғат Орынбасар жартылай финалда тәжікстандық Лоик Кудбудиновке есе жіберді. Осылайша, Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар қола жүлде үшін өзара күш сынасады.
Ал, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда Искандар Махмадхожазодаға (Тәжікстан) жол берді. Сондай-ақ жұбаныш белдесуінде отандасымыз әзірбайжандық Рашад Елькиевтен жеңіліп, жарысты аяқтады.
– Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.
Кездесу соңында министр әрбір жағдаймен жеке танысып, ұсынылған материалдарды зерделейтінін мәлімдеді.
«Біз жүргізіп жатқан армия реформасында рота ең маңызды орынға ие. Ротаға басымдық беру және оны нығайту арқылы қуатты армия құру бағыты – қысқа мерзімде бүкіл армияның келбетін жаңартудың ең тиімді жолы», – деді КХДР басшысы.
Анадолы агенттігінің жазуынша,  Солтүстік Корея басшысы бөлімшелердің соғысқа толық әзірлігін қамтамасыз ету үшін әскери іс-қимыл дайындығын аяқтауға шақырды.
21 қыркүйекте демилитаризацияланған аймақта мина жарылысы салдарынан оңтүстіккореялық 3 сарбаз зардап шекті. Бұл оқиғадан кейін Солтүстік пен Оңтүстік Корея арасындағы шиеленіс күшейді. Сеул болған жағдайға Пхеньянды айыптады.
Бұл жолы әлемдік рейтингтің көшбасшысы Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Рыбакина кездесуді сенімді бастап, алғашқы сетте қарсыласына небәрі екі гейм берді. Екінші партияда да басымдығын сақтап, келесі кезеңге жолдама алды.
Осы жеңістен кейін теннисшілер арасындағы өзара кездесулер есебі 3:2 болып, Рыбакинаның пайдасына өзгерді. Бұған дейін олар төрт рет кездесіп, әрқайсысы екі жеңістен еншілеген еді.
Енді қазақстандық теннисші ширек финалда канадалық Лейла Фернандеспен ойнайды. Ол екінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенсті 6:2, 7:6 (10:8) есебімен жеңді.
Айта кетейік, Рыбакина мен Фернандес 25 қазанда Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалында кездескен. Сол жолы қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа ие болды.
Токиодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 1 206 446 долларды құрайды. Чемпион 185 500 доллар мен рейтингке 500 ұпай алады.
Ең төменгі жалақының көтерілуі халықтың үлкен тобын қамтитын жалақы емес. Бұған экономикалық көрсеткіш ретінде қарауымыз керек. Біз орташа жалақыны қарауымыз қажет. Ең төменгі жалақы бұдан төмен төлеуге болмайды деген сөз. Кәсіпорындар, жұмыс берушілер, мемлекеттік мекемелер бұл көрсеткіштен төмен төлей алмайды. Бірақ оның жоғарғы шегі жоқ. Менің білуімше, бұл айлықты алып жатқан азаматтар көп емес.
Қазіргі уақытта қағазбастылық мәселесі көбейді. Тіпті түрлі ақпараттық жүйелер пайда болып жатыр. Оны интеграциялау арқылы (деректерді) басқа мемлекеттік органдардан жинаудың орнына, әлеуметтік педагогтерге, сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге тапсырма беріп, ата-аналарды шақыртып, тіпті жеке деректерін жинап жатыр. Әрине, ұстаздар сабақ бере ме әлде ата-аналардың жеке деректерін аламын деп сөз ести ме? Сондықтан Құрылтай депутаттарының бастамасымен дайындалған заң жобасының ішінде бұл мәселе міндетті түрде қамтылады.
Түнгі сағат екіде жазып, «неге менің балама баға қойған жоқсыз?» дейтін мәселе де бар. WhatsApp чаттың, әлеуметтік желіге Reels салу проблемасы бар. Осының барлығын шешу бұл да өте маңызды бастама. Мұғалімдердің жұмысын жеңілдету, оларды қорғау және қолдау үшін қажет.
Бұл тәжірибе заң қабылдау мен нақты мәмілені жүзеге асырудың арасында айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетті. Реттеуші мурабахаға (үстеме бағамен қайта сату) немесе иджараға (лизинг немесе жалға беру) рұқсат бере алады, бірақ бұдан кейін өнім кредиттік комитеттен, банктік жүйелерден, бухгалтерлік есептен, заңгерлік рәсімдеуден және күнделікті операциялық үрдістерден өтуі тиіс.
Арада 16 жыл өтсе де, исламдық қаржы Қазақстанның банк нарығының шағын бөлігін ғана құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша исламдық банктердің активтері шамамен $621 млн болды, бұл банк секторының жиынтық активтерінің 0,5%-нан аз.
Енді ережелер өзгеруде. Жаңа банктік заңнама дәстүрлі банктерге жеке исламдық банк құрмай-ақ, бөлек авторизацияланған исламдық терезе арқылы исламдық қаржы қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұл нарық 2010 жылы тап болған негізгі шектеулердің бірін — дамыған тарату желісінің болмауын жояды. Қолданыстағы банктердің клиенттік базасы, бөлімшелері, цифрлық арналары, мамандары және балансы бар. Олар исламдық өнімдерді өздері жұмыс істеп жүрген жеке тұлғалар мен компанияларға ұсына алады.
Бірақ исламдық терезелердің пайда болуының өзі табысқа кепілдік бермейді. Дамудың келесі кезеңі Қазақстанның бірнеше жүйелі мәселені қаншалықты жылдам шешетініне байланысты болады.
Бір банк, салымдарды қорғау деңгейі әртүрлі
Негізгі мәселелердің бірі клиенттердің қаражатын қорғауға қатысты. Жаңа банктік заңнамаға сәйкес, исламдық банктік операциялар шеңберінде тартылған депозиттер мен шоттардағы қалдықтар міндетті депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кірмейді. Бұл қаражаттың жеке исламдық банкте немесе дәстүрлі банктің исламдық терезесі арқылы орналастырылғанына байланысты емес.
Нәтижесінде клиенттің бір банкте кепілдік берілген дәстүрлі депозиті және сол жүйемен қорғалмайтын исламдық шоты болуы мүмкін. Бұл айырмашылықты барынша анық түсіндіру қажет. Әсіресе клиент инвестициялық шығындарды өзі көтеруі ықтимал инвестициялық депозиттерге қатысты ақпарат айқын болуы тиіс.
Заңнама исламдық операцияларды жүзеге асыратын банктерге исламдық депозиттер мен шоттардағы қалдықтардың қайтарылуына кепілдік беру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғам құруға мүмкіндік береді. Бірақ исламдық банкинг нарығының қазіргі шағын көлемін ескергенде, мұндай модель жеткілікті ауқымға жете ала ма деген сұрақ туындайды.
Халықаралық тәжірибеде өзге де тәсілдер бар. Мысалы, Малайзияның PIDM корпорациясы дәстүрлі және исламдық депозиттерді сақтандыру жүйелерін қатар басқарады. Бұл ретте исламдық жүйе бөлек жүргізіліп, шариғат қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді.
Қазақстанға бұл модельді толықтай көшіру міндетті емес. Дегенмен қаражатты қорғаудың түсінікті тетігі болмаса, исламдық терезелерге исламдық өнімдерді саналы түрде таңдап жүрген шағын клиенттер тобынан тыс салымшыларды тарту қиын болады.
Исламдық мәміле салық салдарынан қымбаттамауы тиіс
Екінші мәселе — салықтық бейтараптықты қамтамасыз ету.
Мурабаха кезінде банк алдымен активті сатып алады, содан кейін оны клиентке алдын ала келісілген үстеме бағамен сатады. Банктің активті уақытша иеленуі оның дербес коммерциялық операциясы емес, мәміле құрылымының бір бөлігі болып саналады.
Сондықтан мұндай реттілік сол сатып алуды дәстүрлі тәсілмен қаржыландыру кезінде туындамайтын қосымша салықтық жүктемеге әкелмеуі тиіс. Қолданыстағы салықтық және есеп жүргізу нормалары жеке исламдық банктерге де, дәстүрлі банктердің исламдық терезелеріне де бірдей қолданылуы қажет.
Бұл жабдықты, көлікті және жылжымайтын мүлікті қаржыландыру үшін ерекше маңызды, мұнда меншік құқығының ауысуы қосымша салықтарға, алымдарға немесе тіркеу шығындарына әкелуі мүмкін. Егер исламдық өнім тек құрылымының техникалық ерекшеліктеріне байланысты дәстүрлі өнімнен едәуір қымбат болса, оның бәсекеге қабілеттілігі шектеледі.
Банктердің ішкі жүйелерін де бейімдеу қажет. Дәстүрлі несиелеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету пайыздарды автоматты түрде есептеуі немесе төлем мерзімі өтіп кеткен кезде стандартты ережелерді қолдануы мүмкін. Шартты өзгертудің өзі жүйенің жұмысын өзгертпейді. Сондықтан тиісті үрдістерді өнім іске қосылғанға дейін анықтап, қайта баптау қажет.
Тұрғын үйді қаржыландыру бәсекенің жеке бағытына айналады
Тұрғын үйді қаржыландыру саласында айрықша маңызды өзгерістер болуы мүмкін.
2026 жылғы 21 қазанда Отбасы банкіне исламдық банктік операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заңнама нормалары күшіне енеді. Осыдан кейін банк тиісті лицензия алу рәсімін бастай алады.
Astana Finance Days 2026 форумында Отбасы банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова исламдық терезенің әзірленіп жатқанын хабарлады. Бірінші кезеңде исламдық ағымдағы шоттар мен депозиттерді ұсыну жоспарланып отыр. Исламдық тұрғын үй қаржыландыруын кейінірек іске қосуды қарастырып жатыр. Ол үшін рұқсат етілген операциялар тізбесін одан әрі кеңейту қажет.
Отбасы банкінің бұл нарыққа шығуы бәсекелестік ортаны айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Оның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі елдің экономикалық белсенді халқының шамамен 38% қамтиды. Банктің миллиондаған шоты, жинақтарға берілетін сыйлықақы түріндегі мемлекеттік қолдауы және бастапқыда ұзақ мерзімді тұрғын үйді қаржыландыруға бағдарланған моделі бар.
Бұл ретте исламдық депозиттерді қорғау мәселесі Отбасы банкі үшін де өзекті болады. Егер жеке тетік құрылмаса, банктің болашақ исламдық терезесіндегі клиенттердің қаражаты оның дәстүрлі депозиттерімен бірдей деңгейде қорғалмайды.
Исламдық құрылым валюталық тәуекелді де жоймайды. Тұрғын үйді қаржыландыру 10–15 жылға берілуі мүмкін. Сондықтан банктер қаражаттың қай валютада тартылатынын, валюталық тәуекелді кім көтеретінін және оның клиент төлемдеріне қалай әсер етуі мүмкін екенін нақты түсіндіруі қажет.
Сұраныс бар, бірақ оны кепілдендірілген деп санауға болмайды
АХҚО-ның 2024 жылғы исламдық қаржы нарығын зерттеуі 12 190 жеке тұлға мен 351 компанияны қамтыды. Сауалнамаға қатысқан бизнес өкілдерінің 43% исламдық қаржы өнімдерімен таныс емес екенін, ал 84% оларды ешқашан пайдаланбағанын айтты.
Бұл әлеуетті қызығушылықтың нақты сұраныспен тең емес екенін көрсетеді. Клиентке өнімнің шариғат қағидаттарына сәйкес келетінін айту жеткіліксіз. Ол жалпы құнын, өтінімді қарау мерзімін, қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, қызмет көрсету ыңғайлылығын, мерзімінен бұрын өтеу немесе қаржылық қиындықтар туындаған кездегі әрекет тәртібін салыстырады.
Бастапқы кезеңде банктерге түсінікті активтермен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімдермен байланысты өнімдердің шағын санына назар аударған жөн. Шағын және орта бизнеске арналған жабдықтарды қаржыландыру ең айқын бағыттардың бірі болып  табылады.
Мұндай мәміледе актив алдын ала белгілі болады, құжаттарды стандарттауға және бұрын пысықталған рәсімді қайталап қолдануға болады. Сонымен бірге жылдамдықтың маңызы дұрыс құрылымнан кем емес. Егер дәстүрлі несиелеу бөлімі шешімді әлдеқайда жылдам қабылдай алса, шағын бизнес банктің мурабаханы қалай өткізу керектігін бірнеше апта бойы анықтауын күте алмайды.
Исламдық өнімдер туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде түсінікті болуы тиіс. Клиент төлемдердің жалпы сомасын, меншік құқығының ауысатын сәтін, мерзімінен бұрын есеп айырысу тәртібін және төлем мерзімі өтіп кеткен жағдайда туындайтын салдарды білуі қажет.
Қолданыстағы исламдық банктер үшін не өзгереді
Исламдық терезелердің пайда болуы қолданыстағы исламдық банктер үшін бәсекені күшейтеді. Дәстүрлі банкке клиенттік базаны басынан  бастап қалыптастырудың қажеті болмайды: ол өзінің корпоративтік және жеке клиенттеріне жүгініп, қолданыстағы бөлімшелері мен цифрлық арналарын пайдалана алады.
Бірақ мамандандырылған исламдық банктердің нарықтағы жаңа қатысушылардың бастапқыда болмайтын артықшылығы бар: бұл жинақталған практикалық тәжірибе. Олардың қызметкерлері Қазақстанның құқықтық және банктік ортасында мәмілелерді құрылымдауды, құжаттарды рәсімдеуді және операциялық мәселелерді шешуді біледі.
Сондықтан қолданыстағы исламдық банктерге ірі дәстүрлі ойыншылармен тек желінің ауқымы бойынша бәсекелесуге ұмтылу қажет емес. Құрылымдау мен орындау сапасы ерекше маңызды болатын корпоративтік және активтермен қамтамасыз етілген қаржыландыру олардың мықты бағытына айналуы мүмкін.
Ынтымақтастыққа да мүмкіндік бар: мамандар даярлау, өнімдерді бірлесіп құрылымдау және жекелеген мәмілелерді сүйемелдеу. Соңғы 16 жылда Қазақстанда исламдық банкинг саласында нақты тәжірибесі бар мамандардың шағын қауымдастығы қалыптасты. Жаңа терезелер ашылғаннан кейін мұндай мамандарға сұраныс күрт артады.
Ұлттық режим мен АХҚО режимі бірдей емес
Екі реттеушілік режимді ажырата білу маңызды.
Қазақстан банктерінің исламдық терезелері Ұлттық банктік заңнама шеңберінде жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында болады.
АХҚО — өзінің құқықтық және реттеушілік жүйесі бар жеке юрисдикция. АХҚО-дағы компанияларды АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті — AFSA реттейді.
AFSA АХҚО компанияларына арналған шариғаттық басқарудың жаңа жүйесі бойынша да консультациялар өткізді. Қарастырылып отырған талаптардың қатарында шариғаттық қадағалау кеңестерінің рөлін күшейту, шариғат талаптарына сәйкестікті бақылау мен ішкі аудиттің жеке функцияларын енгізу, исламдық терезелердің операциялық дербестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті қаражат пен операцияларды бөлек жүргізу бар.
Бұл ұсыныстар АХҚО режиміне қатысты және оларды ұлттық заңнама бойынша жұмыс істейтін банктерге арналған ережелермен автоматты түрде теңестіруге болмайды.
Сукук нарығына мемлекеттік бағдар қажет
Қазақстан сукукты нарыққа шығара алатынын дәлелдеді.
2012 жылы Қазақстанның Даму Банкі Малайзияда 240 млн малайзиялық ринггит көлемінде мурабаха сукугын орналастырды. 2024 жылғы желтоқсанда Gamma-T SPC Limited компаниясы Astana International Exchange биржасында (AIX) Қазақстандағы алғашқы жергілікті сукукты — шамамен $9,6 млн көлеміндегі ижара-сукукты шығарды. Ол сондай-ақ қазақстандық компания шығарған теңгемен номинацияланған алғашқы сукук болды.
2025 жылы Tayyab Finance Sukuk SPC компаниясы AIX-те 20 млрд теңге көлеміндегі сукук бағдарламасын тіркеді, ал Asia Mineral Resource SPC елдегі алғашқы бөлшек сукукты орналастырды. 2026 жылдың бірінші жартысында Gamma-T және Asia Mineral Resource нарыққа әрқайсысы 5 млрд теңгелік екінші транштарымен қайта шықты.
Қайталама шығарылымдар пайда болғанымен, мәмілелердің көлемі әзірге шағын. Сукук ірі қазақстандық компаниялар мен квазимемлекеттік ұйымдар үшін әлі де тұрақты қаржыландыру құралына айналған жоқ.
Келесі қадам егеменді сукук шығару болуы мүмкін. Мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығарудың құқықтық мүмкіндігі 2011 жылдан бері бар, бірақ Қазақстан бұл құралмен нарыққа әлі шыққан жоқ.
Егеменді шығарылым бағалық бағдар қалыптастырып, құжаттама мен ақпаратты ашу стандарттарын белгілей алады, сондай-ақ басқа қазақстандық эмитенттердің нарыққа шығуын жеңілдетеді. Сонымен қатар, оның ішінде инфрақұрылым секторындағы ірі корпоративтік және квазимемлекеттік қарыз алушылардың шағын тобын дайындаған жөн.
Бұл ретте технологиядан бастамау керек. Талап ету құқығын токенизациялау эмитенттің сапасын, инвестордың заңды құқықтарын немесе мәміленің негізін жақсартпайды. Цифрлық формат сенімді әрі тұрақты жұмыс істейтін сукук нарығы қалыптасқаннан кейін дами алады.
Алдағы бес жыл реформаның нақты нәтижесін көрсетеді
Исламдық терезелерді дамыту экожүйенің басқа элементтерінің қалыптасуымен қатар жүруі тиіс. Егер исламдық тұрғын үй, автокөлік және корпоративтік қаржыландыру кеңейсе, нарыққа такафул — исламдық сақтандыру өнімдері қажет болады. Клиенттік база өскен сайын исламдық инвестициялық қорлар да дами алады.
Адами капитал да маңызды. АХҚО-ның Исламдық қаржы жөніндегі консультативтік кеңесі талқылаған Исламдық қаржы саласындағы құзыреттер орталығының тұжырымдамасы оның жұмысы тек теориялық оқытуға емес, нақты мәмілелер мен практикалық мәселелерге негізделген жағдайда нарыққа көмектесе алады.
Алдағы бес жылда табысты ашылған терезелер мен ұсынылған өнімдер саны арқылы бағаламаған жөн. Клиенттердің исламдық шоттарды пайдалануды жалғастыруы, бизнестің қайталама қаржыландыру алу үшін оралуы және ірі эмитенттердің сукук нарығына қайта шығуы маңызды көрсеткіштер болады.
2026 жылғы реформа 2010 жылы біз тап болған негізгі кедергілердің бірін — исламдық өнімдерді таратудың кең желісінің болмауын жояды. Енді алғашқы исламдық терезелердің ішінде не болатыны шешуші мәнге ие болады.
Өнімдердің ыңғайлылығы, түсініктілігі мен бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ клиенттердің оларды қайта пайдалануға әзірлігі реформаның табысты жүзеге асырылуының маңызды көрсеткіштеріне айналуы мүмкін.
2012-2019 жылдары Қазақстан халқы 1 млн 720 мың 999 адамға көбейсе, 2019-2026 жылдары халық саны 2 млн 105 мың 180 адамға артқан.
2019 жылы орташа жалақы – 185 487 теңге, медиандық жалақы – 112 195 теңге болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақы - 443 315 тенге, медиандық жалақы - 317 512 теңгені құраған. Демек, 7 жылда орташа жалақы 2,4 есе өссе, табысты нақтырақ көрсететін медиандық жалақы 2,8 есеге артқан.
Демек, өткен 7 жыл еліміздің дамуының тұрақты негізін қалыптастырудағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттардың алға жылжуының кезекті белесі болды деуге толық негіз бар.
Бүгінде ғылым мен инновация – жаңару мен ел сапасының маңызды тетігі. Ата заңдағы құндылық пен басымдық енді өміріміздің мәніне, өзегіне айналуға тиіс. Әсіресе, ғылым мен инновацияның негізі мектепте жүйелі оқытылып, үзіліссіз жалғасуы шарт.
Өкінішке қарай, бүгінгі жасөспірімдер мен жастардың біршама бөлігі қайбір біліксіз блогер мен кереғар коучке еліктейтіні, тіпті көп тер төкпей-ақ мол қаржы табуға сенетіні байқалады. Бұл – дана Абай сынаған «бес дұшпан істің» жолы. Еліміз «Әділет!» деп жаңарғанда, бұрынғы-кейінгі тоғышарлыққа, орынсыз еліктеп-солықтауға жол жоқ.
Дәл қазір елімізге инженерлік-технологиялық ой, ізденіс, өнертабыс ауадай қажет. Иә, рухани жетілу ұмытылмайды. Тереңірек қарасақ, Тәуелсіздік мұратының өзі – мәдени қазына, адастырмас темірқазық. Бүгін ХХ ғасырдың бас ширегіндегі инженер Мұхамеджан Тынышбайұлы, медик-биолог Халел Досмұхамедұлы, математик Ибадулла Ақбергенұлы, кеңес кезеңіндегі академиктер - инженер Қаныш Сәтбаев, энергетик Шапық Шөкин, молекуляр-биолог Мұрат Айтқожин, қазақ қыздарынан шыққан алғашқы академиктер – геолог Патшайым Тәжібаева, тұңғыш техника ғылымдарының докторы , маркшейдер Жамал Қаңлыбаева, заманымыздың біртуар академиктері – антрополог Оразақ Ысмағұлов, математик Мұхтарбай Өтелбай, генетик Рахметқажы Берсімбай сынды жүздеген тұлғаларды оқушыға да, студентке де үлгі ете білу - борышымыз. Гендік, медициналық инженерия, STEM мамандықтарының бастауы өз дәстүрімізде тұр.
Қоғамға пайда әкелетін ақыл-ой мен білім-білік қоры «адам капиталы» деп аталады. Ғалым, инженер, өнертапқыш т.б. интеллектуал тұлғалардың қоғамдық беделін, бейнесін жас буынға ұғындыратын жоба әзірленіп, ғылымға, технологияға елеулі үлес қосқан бұрынғы-кейінгі тұлғаларды ақпарат құралдарында, цифрлық платформаларда үзбей кең насихаттау жолға қойылса дейміз. Инженерлік-техникалық, жаратылыстану мамандықтарына талантты жастарды тарту мен баулудың тиімді бағдарламалары жасалып, орта білім жүйесінің, соның ішінде келешек мектептері мен Оқушылар сарайларының жұмыс нәтижесіне (КРІ) инженерлік-техникалық, жаратылыстану мамандықтарына қатысты конструкторлық алаңдар мен үйірмелердің табысы жеке көрсеткіш болып енгені маңызды.
Шектеу әлеуметтік желіде өткізетін уақытты азайтуы мүмкін, бірақ мәселе тек уақыт көлемінде емес. Қысқа видеолар, шексіз лента, тұрақты хабарламалар баланың назарын үнемі бөліп отырады. Ал кітап оқу, сабаққа дайындалу немесе күрделі тапсырманы орындау, керісінше, ұзақ уақыт зейін қоюды талап етеді. Сондықтан аккаунтты шектеумен қатар баланың жалпы цифрлық әдетін қалыптастыру маңызды: экран уақытын реттеу, түнгі пайдалануды шектеу, қажетсіз хабарламаларды азайту, телефонсыз өтетін уақыттың болуы. Түпкі мақсат – баланы әлеуметтік желіден уақытша алыстату ғана емес, өз уақыты мен назарын басқаруға үйрету.
Мен мектеп пен ата-ананың жауапкершілігін бір-бірінен қатаң бөліп қарамас едім. Цифрлық және медиасауаттылық мектепте жүйелі түрде оқытылуы керек, бірақ оның күнделікті дағдыға айналуы отбасында жалғасады. Мектеп балаға ақпаратты сыни бағалауды, киберқауіптерді тануды, жеке деректерін қорғауды, цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет етуді үйретеді. Ал ата-ана осы дағдыларды күнделікті өмірде бекітеді: отбасындағы экран уақытын реттейді, баламен көрген контентін талқылайды, қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді және ең бастысы, өзі де цифрлық мінез-құлықтың үлгісін көрсетеді. Сонымен бірге бүкіл жауапкершілікті мектеп пен отбасыға артып қоюға болмайды. Мемлекет ережені белгілейді, платформалар баланың жасына сай қауіпсіз орта қалыптастырады, ал мектеп пен ата-ана бірлесіп оның цифрлық және медиасауаттылығын дамытады. Меніңше, тұрақты нәтиже осы төрт тараптың жауапкершілігі қатар жұмыс істегенде ғана болады.
Иә, солай заман кетіп бара жатыр. Қазір компьютер шықты. Егер сен соны түсініп, соның жаңағы икеміне еріп, соны өзіңе бағындыра білсең, оның пайдасын көре білсең, яғни басыңды істетсең, өзің де мықты боласың, сенің елің де жақсарады. Ал егер «ойбай да, ойбай» деген баяғы ескі себепті әңгіме айтатын болсаң, соны қайталай беретін болсаң, ол – сенің қып-қызыл ақымақтығың. Басқа ештеңе емес.
Түйін: егер сен жаңа технологияны игерсең – пайдасын көресің. Ал қарсы болсаң – артта қаласың.
Жасанды интеллект деген не? Компьютер деген не? Компьютер – үлкен дауыл, цунами, жел, қара күш. Бірақ, соны сен басқара білуің керек. Ол дұрыс. Бұйрық бере білу керек. Компьютердің тілі деген «программа жазу» дейтін біздің кезімізде. Қазір «қуаттау» деп аталады.
Компьютерде екі-ақ сан бар. Нөл және бір деген. Шындық және жалған деген. Компьютердің тіл – осы. Ал адами тіл басқа. Мүлде басқа. Сондықтан бүкіл адами өмірге сіз компьютерлік өмірді, көзқарасты әкеле алмайсыз. Алайда бүгінгі заман – компьютердің заманы. Сіз соған бейім болуыңыз керек. Бұл арада Ньютонның көзқарасын жүзеге асыру керек. Ньютон «қисық жоқ» дейді, тағы бірде «қисықты көрсең, түзу қыл» дейді. Былай қарағанда қате сияқты. Негізінде қате. Бірақ, Ньютон «Бұл – қате нәрсе. Десе де, қатенің шамасы бар» дейді.
Тендерге арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер, жалпыға ортақ салық режимін қолданатын заңды тұлғалар қатыса алады. Бірақ, арнайы салық режимін қолданатын мердігерден тауар сатып алғанда салық қиындықтары туындайды. Сатып алушы шығынды шегерім ретінде қолдана алмайды. Сондықтан тендерде жеңімпаз деп танылған салық режімін қолданатын мердігердың ұсыныстарын құрылыс компаниясының 20 пайызға көтеруіне мүмкіндік беру қажет. Сонда сатып алушы құрылыс компаниясына экономикалық тұрғыда тиімді болар еді. Ал қазір салық төлеуші корпоративтік салықтан ұтылып отыр. Ол 100 мың теңгеге тауар сатып алса, оның үстіне 20 мың теңгені салық ретінде төлейді. Демек, 100 мың теңгені өзінің шығыны ретінде пайдалана алмайды.
Жаңа Салық кодексі биыл ғана енгізіліп, соған орай жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер пайдалануға берілген жоқ. Бірақ, құрылыс компаниялары жеке кәсіпкерліктен сатып алған тауарлары үшін кеткен шығындарын табысынан шегере алмаса, онда жылжымайтын мүліктерін 20 пайызға қымбаттатуы әбден мүмкін.
Қазақстан мен «Росатом» компаниясы «Балқаш» атом электр станциясын салуға арналған EPC-келісімшартқа қол қойды. Екі энергоблоктың жалпы қуаты 2400 МВт болады. Бұл атом энергетикасының қажеттілігі мен қауіпсіздігі туралы ұзақ жылдарға созылған қоғамдық және сараптамалық талқылаудан нақты іске көшу кезеңінің басталғанын білдіреді.
2050 жылға дейінгі атом саласын дамыту стратегиясында кемінде үш атом электр станциясын салу және энергетика, өнеркәсіп, ғылым мен білімді өзара байланыстыратын ұлттық ядролық кластер қалыптастыру көзделген. Алайда бұл стратегияға бүгін бұдан да кеңірек тұрғыдан қарау қажет. Үш АЭС Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің негізі ғана емес, болашақтағы жасанды интеллект экономикасының инфрақұрылымдық тірегіне де айнала алады.
Мұнда принципті түрде жаңа байланыс пайда болады. Жасанды интеллектіні дамыту орасан зор көлемдегі электр энергиясы мен есептеу қуаттарын қажет етеді. Қазақстан қазірдің өзінде Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» (Data Center Valley) құру жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл – энергетикалық және цифрлық инфрақұрылым қатар дамитын ауқымды жоба. Алғашқы 50 МВт нысанның құрылысы жүріп жатыр, ал жобаның жалпы әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, мемлекет энергетиканың басқа да бағыттарын дамытудан бас тартып отырған жоқ. Курчатовта «таза көмір» технологиялары негізінде қуаты 700 МВт болатын жаңа электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл ретте Курчатовта еліміздің қуатты ғылыми және ядролық инфрақұрылымы қалыптасқанын да ескеру қажет.
Сондықтан, қазіргі үдерісті бір энергетикалық модельден екіншісіне көшу деп емес, Қазақстанның жаңа энергетикалық портфелін қалыптастыру деп қарастырған жөн. Атом энергетикасы – тұрақты базалық генерацияның негізі, заманауи «таза көмір» технологиялары – өтпелі кезең мен резервтік қуаттың маңызды бөлігі, жаңартылатын энергия көздері – энергобаланста үлесі артып келе жатқан бағыт, ал цифрлық инфрақұрылым мен жасанды интеллект – электр энергиясын тұтынудың жаңа әрі сонымен бірге экспорттық экономиканың тың сегменті.
XXI ғасырда ел тек киловатт-сағатты ғана экспорттамайды. Ол есептеу қуатын, деректерді және зияткерлік өнімді экспорттайды. Ал мұның бәріне ең алдымен сенімді әрі жеткілікті энергия қажет.
Біз біртіндеп елдің басты экспорттық артықшылығы шикізат болған модельден шығып келеміз. Келесі кезең – табиғи ресурстар мен энергетикалық әлеуетті технологиялық құзыреттерге айналдыру. Егер энергия, есептеу қуаттары, деректер, ғылым және адами капитал біртұтас экожүйе ретінде дамитын болса, Қазақстан тек энергия мен шикізатты ғана емес, цифрлық өнімдерді, жасанды интеллект сервистерін және зияткерлік шешімдерді де экспорттай алатын мемлекетке айналады.
Бұдан да ауқымды мақсат қоюға болады. Егер 2050 жылға дейінгі энергетикалық стратегия жүйелі түрде іске асса, Қазақстан энергия мен жасанды интеллект өнімдерін экспорттаудың жиынтық әлеуеті бойынша әлемдегі алдыңғы бес елдің қатарына кіруге мүмкіндік алады. Бұл – ұлттық дамудың мүлде жаңа ауқымы.
Осы тұрғыдан алғанда, атом энергетикасы – жеке-дара жоба емес. Ол – Қазақстанның шикізаттық экономикадан энергияға, технологияға және зияткерлік капиталға негізделген экономикаға көшуінің бір бөлігі. Меніңше, 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамудың негізгі мәндерінің бірі де осында болуы тиіс.
Алдын ала бағалау бойынша екі энергоблокты пайдалану үшін шамамен 2 мың қызметкер қажет. Оның 1600-ге жуығы жедел және техникалық персонал, 400-ге жуығы жоғары білікті инженерлер мен атом саласының мамандары болады. Тікелей ядролық мамандықтар станция персоналының шамамен 20 пайызын құрайды. Қалған бөлігі – энергетиктер, механиктер, электр техниктері, химиктер, ІТ және автоматтандыру, жөндеу мен қауіпсіздік салаларының мамандары және т.б.
Қазақстан базалық мамандардың басым бөлігін өз ішінде даярлай алады. Алайда елде толық даярланатын қызметкерлердің нақты үлесі реактор технологиясы мен пайдаланушы ұйымның талаптары бекітілгеннен кейін анықталады. Реактор операторлары, ауысым бастықтары және қауіпсіздікке тікелей жауапты персонал технология жеткізушінің арнайы даярлығынан, толық ауқымды тренажердегі жаттығудан және лицензиялаудан өтуге тиіс. Түпкі мақсат – АЭС іске қосылғанға дейін станцияның негізгі персоналын Қазақстан азаматтарынан қалыптастыру.
Қазақстанда АЭС салу туралы шешімнен кейін жастардың атом саласына қызығушылығы күшейіп келеді. Бұған саланың стратегиялық маңызы, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігі және жоғары технологиялармен жұмыс істеу перспективасы әсер етуде.
Дегенмен қызығушылықты нақты кәсіби таңдауға айналдыру үшін жастар саланың практикалық мазмұнын көруі керек. ЯФИ жоғары оқу орындарымен бірлесіп студенттерге зерттеу реакторында, критикалық стендте, үдеткіштерде және зертханаларда тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсына алады. Мұндай даярлық мамандықтың беделін арттырып қана қоймай, жастарға өз қабілеті мен кәсіби бағытын дұрыс бағалауға көмектеседі.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мәселені өте орынды көтерді. Егер суды орнымен, мәдениетті түрде пайдаланатын болсақ, оны барлық салаға жеткізуге болады.
Мысалы, ауызсу мәселесіне тоқталсақ, бізде суды пайдалану мәдениеті әлі толық қалыптаспаған. Себебі, су тарифі арзан болғандықтан, халық суды үнемдеуге аса мән бермейді, суды орынсыз пайдалануға үйреніп қалған. Бұрын ауылда адамдар суды құдықтан немесе бұлақтан, су арналарынан тасып ішетін. Бір отбасы бір күнде 40-50 литр сумен күн көретін. Ал қазіргі уақытта бір адам тәулігіне шамамен 200-250 литр су пайдаланады. Бұл – суды шамадан тыс тұтынудың көрсеткіші.
Сондықтан, ең алдымен судың нақты есебін жүргізу керек. Есепсіз ешқандай ресурс тиімді игерілмейді. Қазіргі цифрландыру мен жасанды интеллект дамыған заманда әр тұтынушының су пайдалану көлемі нақты бақылануы тиіс.
Жасанды интеллект арқылы жасалған контентті таңбалау сайлау науқаны кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де маңызды. Себебі соңғы уақытта ЖИ көмегімен жасалатын жалған ақпарат пен алаяқтық әрекеттер көбейіп келеді.
Бүгінде азаматтар кадрдың жаңаруын, ашық саяси бәсекені және заманауи сын-қатерлер алдында саяси күштердің бірлесіп әрекет етуін күтеді.
Қазіргі сайлау науқаны алдыңғы электоралдық кезеңдерден өзгеше өтіп жатыр. Егер бұрын негізгі назар өңірлердегі сайлаушылармен және цифрлық ақпараттық кеңістіктегі үгіт-насихатқа аударылса, қазір партиялар арасындағы пікірталасқа да көбірек мән беріле бастаған.
Үгіт-насихаттың алғашқы күндерінің өзінде саяси күштер арасында пікірталас басталды. Онда парламент жұмысының тиімділігі, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау және бизнестің саясаттағы рөлі талқыланды
Партиялар өз бағдарламаларын ұсынып қана қоймай, қоғам дамуының өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарын ашық қорғауға дайын екенін байқатып отыр.
Келесі жылы мектепке баратын балаларды демографтар «пандемия балалары» деп атайды. Себебі, 2020-2021 жылдары Қазақстанда туу көрсеткіші тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары деңгейлердің біріне жетті. Әсіресе, 2021 жыл рекордтық жыл ретінде есте қалды.
2020 жылы туған балалар биыл бірінші сыныпқа барса, 2021 жылғы балалар келесі жылы мектеп табалдырығын аттайды. Бұл жағдай ең алдымен білім беру инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіреді. Әсіресе, мектептердегі орын тапшылығы мәселесі өзекті болмақ. Мұндай қиындықтар көбіне халық көп шоғырланған Алматы мен Астана сияқты мегаполистерде байқалады.
Мысалы, соңғы жылдары Астанадағы бірқатар мектепте бірінші сыныпқа қабылдау кезінде орын жетіспеушілігіне байланысты дау-дамайлар туындады. Кейбір мектептерде сыныптағы бала саны шектелгендіктен, ата-аналар тұрғылықты жеріне жақын мектепке балаларын орналастыра алмай қалды.
Мемлекеттік мектептер барлық тіркелген оқушыны қабылдауға міндетті болғандықтан, кей жағдайда сыныптардағы бала саны 30-35 оқушыға дейін жетеді. Ал бұл білім сапасына әсер етпей қоймайды. Әсіресе, бастауыш сыныптарда әр балаға жеке көңіл бөлу маңызды саналғандықтан, сыныптағы оқушы санының шамадан тыс көп болуы оқыту тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры. Оның ақшасын тек қана сақтандыру оқиғасы болған кезде ғана алу керек, яғни, зейнетке шыққан кезде ғана алынуы керек еді. Үкімет 2021 жылы дұрыс емес шешім қабылдаған. Кезінде экономистер мен қаржыгерлер «зейнетақы қорына тимеу керек, бұл біздің еліміздің инвестициялық әлеуеті» деп айтқан болатын.
Жаңа жеткілікті шектер туралы жастар ойланбаса да болады. Мәселен, 20 жасар балаға 6 млн теңге болып белгіленіпті. Ол енді бір олигархтың баласы болмаса, ешкім бұл сомаға жеткізе алмайды. Ал енді 35-40 жасқа барған кезде биліктегілердің ақшасы көбейе бастайды ғой, бай адамдардың одан да байып кетуіне сәл шектеу қойды. Зейнетке жақын адамдар үшін, әрине, аздап қиыншылық болады. Сондықтан бұл шешім байлардың одан сайын байып кетуін шектеді, ал енді жастарға, қарапайым адамдарға мұның ешқандай әсері жоқ. Егер шақалағынан жұмысқа берсең де, бәрібір 20 жасқа дейін 6 млн теңге жинай алмайсың.