Әлемде
Тоңазытқыштар азық-түлікті мұздату орнына қуырыпты деген сұмдықты бұрын-соңды адамзат естіп пе еді? Мұндай қиял цифрлық дәуірде шындыққа айналды. Цифрландыру адамзатқа күтпеген әрі үрейлі тосынсый әзірледі: кеше ғана азық-түлікті сақтайтын қарапайым тоңазытқыш бүгін хакерлердің қолындағы қауіпті қаруға айналды.
2026 жылғы қарашада киберқылмыскерлер Еуропада өнеркәсіптік тоңазытқыш қондырғыларына бұзып кіріп, олардың жұмысын толық бақылауына алған. Енді олар қашықтан температуралық режимдерді өзгертіп, қорғаныс дабылдарын өшіріп, жабдықтарды мәжбүрлі түрде жібіту режиміне қоса алады, деп жазды inbusiness.kz.
Тергеу анықтағандай, кейбір нысанда салқындату жүйесі жойылып, тоңазытқыш ішіндегі температура 50°C-қа дейін көтерілген. Енді бір нысанда термометрі 150°C-қа дейін қыздырылған. Тергеушілер тоңазытқыштардың бұлай жасай алатынын алғаш рет біліпті.
Ең сорақы оқиға атауы жарияланбаған ірі коммерциялық нысандардың бірінде болған. Ондағы тоңазытқыш жабдықтарын басқаратын контроллер интернетте ашық күйінде қолжетімді болып шыққан. Әңгіме микробағдарламасының осал нұсқасы орнатылған Copeland XWEB Pro құрылғысы туралы болып отыр.
Мұндай құрылғылар мұздатқыш камералар мен сауда витриналарының жұмысын қашықтан онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге арналған технология. Алайда қолайлылық нағыз апатқа ұласты.
2 қарашада, түнгі сағат 03:10-да белгісіз адамдар жүйеге әкімші құқығымен кіріп, 31 қондырғының жұмыс параметрлерін өзгертіп тастаған. Небары 6 минут ішінде олар 26 құрылғының баптауларына 588 түзету енгізген. Бұл – минутына жүзге жуық операция жасалған деген сөз. Кибершабуылдың қарқыны адам сенгісіз.
Арада жарты сағат өткенде, сағат 03:36-да шабуылдың екінші толқыны басталған. Бұл жолы жүйеге басқа IP-мекенжайдан тағы бір әкімшілік сессия қосылған. Хакерлер жүйеге қайта баса-көктей кіріп, тағы бес тоңазытқыш камераның параметрлеріне тағы 155 өзгеріс енгізген. Осылайша, барлығы 31 құрылғыға 743 өзгеріс жасалғаны тіркелді.
Шабуыл жасаушылар температуралық шектеулер мен дабыл жүйесінің іске қосылу шектерін өзгерткен, жібіту режимін қосқан, есіктерді ашылған күйде қалдырған, пернетақталарды бұғаттауға, дыбыстық сигналдарды өшіруге команда берген. Кейбір қондырғыларға температураны 110°C және тіпті 150°C-қа дейін көтеру тапсырылған.
Ең қауіптісі – енгізілген жаңа параметрлер қызметкерлерге жүйенің бұзылғанын дер кезінде анықтауға мүмкіндік бермеген: апат туралы ескертуге тиіс қорғаныс тетіктерінің өзі істен шығарылған.
Еуропаға жасалған ауқымды кибершабуылдағы «Ресей ізі»
Copeland контроллерлеріне жасалған шабуыл Еуропаны жайлаған ауқымды хакерлік дауылдың бір бөлігі ғана болып шықты. Францияда Carrefour, Monoprix, Intermarché және Coopérative U секілді ірі сауда желілерінің 1,5 мыңнан астам дүкені шабуылға ұшыраған. Қашықтан басқару арқылы «бабы» өзгертілген тоңазытқыштар тонналаған азық-түлікті жарамсыз етіп қана қоймай, кейбір сауда нүктелерінде техникалық ақаулар салдарынан өрт шығуына да себеп болған.
Франция Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келтірілген материалдық шығын ондаған миллион еуроға жетіпті. Қарашаның басында «суық соғыс» оннан астам Еуропа мемлекетіне тарады.
Олардың қатарында Бельгия, Эстония, Финляндия, Ирландия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия және Швеция бар. Шабуылдан стратегиялық маңызды нысандар да зардап шекті. Мысалы, Франциядағы бірнеше «Қан банкі» хакерлердің нысанасына айналған.
Шабуылдардың географиясы ауқымды әрі алаңдатарлық. Бельгияның Монс қаласындағы IKEA дүкені мен ондаған супермаркет зардап шеккен. Ирландияда Supervalu сауда нүктелері, Португалияда Intermarché дүкендері шабуылға тап болған. Швецияда шамамен 800 сауда нүктесін біріктіретін ірі Coop желісіне залал келді.
Италияда хакерлер Сицилиядағы супермаркеттер мен Тосканадағы кәсіпорындар жүйесін үстемелете соққылаған. Эстонияда бұзылған тоңазытқыштар ішіндегі температура қауіпті 50°C-қа дейін көтерілген.
Тағы бір жайт сарапшылардың төбе шашын тік тұрғызды: мұның бәрі кездейсоқ жасалған, ретсіз шабуылдар емес. Керісінше, жаппай кибершабуылдың алдында ұзақ уақытқа созылған, мұқият жоспарланған әрі жүйелі барлау жұмыстары жүргізілген.
Lupovis компаниясының мамандары негізгі шабуылға дейін-ақ, 20–30 қазан аралығында белгісіз тұлғалардың Danfoss жүйелерін белсенді сканерлегенін анықтады. Бар болғаны он күннің ішінде сарапшылар 91 түрлі дереккөзден жүздеген сканерлеу әрекетін тіркеген.
Демек, қаскөйлер ерігіп, аяқ астынан қимылдамаған. Олар нысандардың осал тұстарын алдын ала зерттеп, қолайлы сәтті күтіп, негізгі соққыға ұйымдасқан түрде әрі тыңғылықты дайындалған.
«Біз шабуыл белсенділігінің күрт артқанын байқап отырмыз. Қаскөйлер 123456 сияқты стандартты пароль-құпиясөздерді енгізіп, тексеріп көреді. Осалдықтарды тегіс пайдалануға тырысады», – дейді Lupovis компаниясының бас директоры Ксавье Беллекенс (Xavier Bellekens).
Хакерлермен күресетін бұл компания honeypot деп аталатын арнайы «цифрлық тұзақтарды» пайдаланады. Олар шынайы ақпараттық жүйелерге ұқсатып жасалады және кибершабуылдаушылардың әрекетін нақты жүйелерге зиян келтірмей бақылауға мүмкіндік береді.
Зерттеушілер bulletproof-хостинг қызметтерінің де қолданылғанын анықтаған. Мұндай хостинг провайдерлері зиянды инфрақұрылымды бұғаттауды барынша қиындатады. Олардың кейбірі бұған дейін Ресеймен байланысты хакерлік топтардың әрекеттерінде де пайдаланылған, деп хабарлады Euronews.
«Мұның бәрі script kiddie, яғни, әуесқой хакердің әрекеті емес екені әшкереленді. Бұл – бір адамның кездейсоқ жасаған шабуылы емес, жақсылап жоспарланған арнайы операция. Мұндай ұйымдасу деңгейі мемлекеттік бөлімшелердің мүмкіндіктеріне әбден сай келеді. Оқиғаның бүкіл тізбегін сараласақ, оның артында Ресей тұруы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Қазіргі кезде біз дәл осы нұсқаға көбірек бейімбіз», – деді Lupovis басшысы Ксавье Беллекенс.
Әзірге қарашадағы шабуылдар үшін бірде-бір хакерлік топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Осы орайда Франция тіпті шабуылға ресми түрде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусын айыптады. Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Иран елшісін шақырып, наразылық нотасын ұсынды.
Сондай-ақ Еуропалық одақ деңгейінде Иранға санкциялар енгізуге күш салатынын мәлімдеді. Алайда Тегеран тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарып, оларды негізсіз әрі біржақты деп атады.
«Тіпті тоңазытқыштардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ете алмайтын, өз халқының мәселелерін шешуге де қауқарсыз Франция Үкіметі өзінің сәтсіздіктері үшін жауапкершілікті өзгелерге артуға ниетті», – деп мәлімдеді Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи.
ENISA ескертуі: үйлер, ауруханалар, Дата-орталықтар қауіп астында
Мамандардың байламынша, қауіп тек тоңазытқыш жабдықтарымен шектелмейді. Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері, электронды баға белгілері, робот-еден жуғыштар, ғимараттарға кіруді бақылау құрылғылары, қауіпсіздік жүйелері, бейнебақылау камералары және дабыл жүйелері де осындай осалдықтарға ие, дейді Acre Security компаниясының атқарушы директоры Кумар Сокки.
«Тоңазытқыштағы сияқты контроллерлер есіктерді, бейнебақылау жүйелерін, жарықтандыруды, дабыл құрылғыларын да басқарады. Сондықтан аурухана, кеңсе немесе деректерді өңдеу орталықтары хакерлік шабуылға ұшыраса, оның салдары азық-түліктің бүлінуінен әлдеқайда ауыр болады. Сейфтер құлыпталмай ашық қалады, бейнебақылау камералары өшіріледі, дабыл жүйелері жұмысын тоқтатады. Тоңазытқыш бұзылса, азық-түлік сасып, бірден білінеді. Мына жағдайда хакерлердің бұзып кіргенін бірден байқау қиын болады», – дейді Кумар Сокки.
Еуропалық Одақтың Киберқауіпсіздік агенттігінің (ENISA) атқарушы директоры Юхан Лепассар болашақта барлық тұрмыстық техника осындай шабуылдардың «құрбаны» болуы мүмкін екенін ескертті. Киберқылмыскерлер қалаған баспанада өрт тудыра алады.
«Бүгін тоңазытқыштар шабуылға ұшырады, ертең маршрутизаторлар, арғы күні тұрмыстық электр құрылғылары және тағы басқалары нысанаға айналуы мүмкін. Қауіпсіздік мәселесі ешқашан екінші кезекке ысырылмауы керек», – деді ол.
Ол қауіп-қатерді күшейткен тағы бір фактор – жасанды интеллект екеніне назар аудартты. Бұл технология хакерлерге техниканың, жүйелердің осал тұстарын анықтау үдерісін жеделдетеді.
Италиялық Exein киберқауіпсіздік компаниясының бас директоры Джанни Куоццоның пікірінше, әсіресе ЖИ функциялармен жабдықталған, интернетке қосылған және қашықтан басқаруға болатын жүйелер алаңдатады.
«Бұған салқындату жүйелері, ғимараттарды басқару кешендері, өнеркәсіптік жабдықтар, денсаулық сақтау саласындағы жүйелер, деректер орталықтары, сондай-ақ энергетикалық және көлік инфрақұрылымының жекелеген бөліктері жатады», – деді ол.
Куоццоның түсіндіруінше, енді желілік экрандар мен бағдарламалық жаңаруларды уақтылы орнатуға ғана сеніп отыру жеткіліксіз. Интернетке қосылған құрылғылар қауіп-қатерді өзі танып, оның алдын алуды үйренуі қажет.
«Әрбір құрылғы нақты уақыт режимінде, адамның қатысуынсыз өзін-өзі қорғауға қабілетті болуы керек. Сондай-ақ ол жаңартуының бар-жоғына немесе осалдықтың анықталған-анықталмағанына қарамастан, мысалы, тоңазытқыштың 150 градусқа дейін ысуы сияқты ешқашан орындауға болмайтын әрекеттерді өздігінен, алдын ала бұғаттай алуы қажет», – деді сарапшы.
Енді кибершабуылдар тек арта беруі ғажап емес. Еуропадағы ұйымдардың 45%-ы киберқауіпсіздік саласындағы білікті мамандарды іздеп табуда қиындықтарға тап болған. 2025 жылы тіркелген киберинциденттердің 57,3%-ына геосаяси оқиғалармен байланысты идеологиялық себептер түрткі болған. Ал, шабуылдардың тек 29,3% ғана пайда табуды көздеген.
Бұл деректер цифрлық қауіпсіздіктің енді тек IT мамандарының немесе ірі технологиялық компаниялардың проблемасы емес екенін көрсетеді. Интернетке қосылған әрбір құрылғы, әрбір ғимарат, әрбір өндірістік нысан – ықтимал шабуыл нысанасы.
Бүгін тоңазытқыштарды күйретіп, ермек еткен қаскөйлердің назары ертең адам өмірі тікелей тәуелді ауруханаларға, энергетикалық желілерге немесе көлік жүйелеріне аумасына кім кепіл? Цифрлық өркениеттің игілігіне айналған технологиялардың осал тұсы енді бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұр. Мұндай жағдайда киберқауіпсіздік ұлттық және халықаралық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігіне айналады.
Оқиға 13 қарашада жергілікті уақытпен сағат 12:30 шамасында Миссисипи өзенінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Atlantic Asphalt танкері өзен жағасында тоқтап тұрған American Heritage круиздік кемесіне соғылған. Сол кезде кемеде 129 жолаушы және экипаж мүшелері болған.
Қатты соққыдан кейін жолаушылар кемесіне су кіріп, ол бір жағына қисая бастаған. Адамдар кемеден шығуға асыққанымен, көп ұзамай кеме аударылып кеткен. Бірнеше жолаушы өзенге құлаған.
Оқиға орнына құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен АҚШ жағалау күзеті жеткен. Суға құлаған адамдарды құтқаруға жақын маңдағы кемелердің экипаждары да көмектескен.
Жаңа Орлеан мэрі Хелена Мореноның мәліметінше, апат салдарынан 32 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ешқайсысының жағдайы аса ауыр емес.
Ең бастысы, апаттан ешкім қаза таппаған. Кемедегі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы түгел екені анықталған.
«Бұл – Миссисипидегі нағыз ғажайып», – деді қала мэрі құтқарушылардың жедел әрекетіне ризашылығын білдіріп.
Алдын ала болжам бойынша, жүк кемесі басқарудан шығып, тоқтап тұрған круиздік кемеге соғылған. Апаттың нақты себебін мамандар анықтап жатыр.
Оқиғадан кейін Миссисипи өзенінің апат болған бөлігінде кеме қозғалысы уақытша тоқтатылған.
АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі оқиғаны тергеуге кірісті.
Оқиға 11 қарашада Нью-Йорктің Бруклин ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй көршілес құрылыс алаңында қазылған шұңқырға қарай құлаған. Соның салдарынан жанындағы тағы бір ғимараттың қабырғасы қираған.
Үйінді астынан анасы мен 2 баласы тірі табылған. Әйел ауыр жарақат алған. Балаларының біріне дәрігерлер ота жасап, кейін жансақтау бөліміне жатқызған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер жеткен. Үйінді астында қалғандарды іздеуге арнайы үйретілген иттер де тартылған.
Бұған дейінгі мәлімет бойынша, апаттан 8 адам көз жұмып, 18 адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында 2 бала мен 2 құрылыс жұмысшысы бар екені хабарланған.
Құтқарушылар үйінділерді аршып, адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізген. Қауіпсіздік үшін көрші үйлердің тұрғындары уақытша көшірілген.
Қазір ғимараттың неліктен опырылғаны анықталып жатыр. Оған жақын маңдағы құрылыс жұмыстары себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Оқиға 11 қарашада, АҚШ-тағы Ардагерлер күні Арлингтон ұлттық зиратында болған.
Еске алу рәсімінен кейін Пит Хегсет жұбайымен және Пентагонның бірнеше жоғары лауазымды өкілімен бірге ескерткіш алдында суретке түскен. Олар кетуге ыңғайланған сәтте араларынан біреу қатты күліп жіберген.
Мұны естіген қарауылдағы сарбаз Томас Иглесиас оларға бірден ескерту жасап, тыныштық сақтауды талап еткен. Ол зират басында тұрғандардың бәрі қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетуге тиіс екенін еске салған.
Бір қызығы, министр өзіне ескерту жасаған сарбазды жазалаудың орнына марапаттауды жөн көрген.
Ертеңіне Хегсет Томас Иглесиас қызмет ететін 3-жаяу әскер полкінің сарбаздарын Пентагонға шақырған. Бұл әскери бөлім АҚШ-та «Ескі гвардия» деген атпен белгілі.
Кездесу барысында министр Иглесиасқа Joint Service Commendation Medal медалін өз қолымен табыстаған.
«Біз сарбаздарымызды жақсы көреміз. Біз тәртіпті бағалаймыз. Жарайсың!» – деп жазды Хегсет X әлеуметтік желісінде.
Пентагон да сарбаздың әрекетін құптады. Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, Иглесиас ешқандай тәртіп бұзбаған, керісінше, өз міндетін адал атқарған.
Арлингтон ұлттық зиратындағы Белгісіз сарбаз зираты – америкалықтар үшін ерекше қастерлі орын. Мұнда Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда, сондай-ақ Корея соғысында қаза тапқан, кім екені анықталмаған жауынгерлер жерленген.
Мәскеуде ҰҚШҰ саммиті өтіп жатқанда, Армения болашақ бағытын таңдады
2026 жылғы 11 қараша Арменияның сыртқы саясатындағы елеулі дата ретінде тарихта қалмақ. Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті өтіп, оған қатысушылар Ереванның дауыс беру құқығынан айырған тұста Никол Пашинян ешкімге жалтақтамастан, жұмыс сапарымен Түркияға аттанды. Оның үстіне, сапары туралы Facebook-тегі төл парақшасында алдын ала хабарлап, бұл қадамын ашық жария етті.
Армения Үкіметінің басшысы Анталияда өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенциясы тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында мемлекет және үкімет басшыларының саммитіне қатысты. Сондай-ақ Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.
Келіссөздер барысында армян-түрік қарым-қатынасын қалыпқа келтіру, сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру және TRIPP жобасын іске асыру арқылы өңірлік коммуникацияларға кедергілерді жою мәселелері талқыланды, деп жазды inbusiness.kz.
Айта кетерлігі, Қарабақта соғыс басталған 1990-жылдардан бері екі елдің басшылары бірде-бір рет жүздеспеген екен. Тек 2025 жылғы 20 маусымда Никол Пашинян Ыстамбұлға тарихи сапар жасап, Түркия Президенті Ердоғанмен алғаш рет кездесті. Осыдан кейін екі ел арасындағы байланыс жанданды, Армения көшбасшысының Түркияға барыс-келісі жиіледі. Осы сапар Ереванның Анкарамен диалогты жүйелі дамытуға ниетін тағы бір мәрте айғақтады.
Келесі күні, 12 қарашада, Пашинян Ирландия астанасы Дублинге жұмыс сапарымен барды. Мұнда ол Еуропалық саяси қоғамдастық (ЕСҚ) атты жаңа ұйымның IX саммитіне қатысып, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізді. Тараптар мемлекеттік шекараны жаңаша делимитациялау, көлік және транзиттік қатынас жолдарын ашу, сауда, энергетика және өзара сенімді нығайту шараларын пысықтады.
Кездесуде TRIPP жобасына айрықша назар аударылды. Тараптар теміржол және автомобиль инфрақұрылымын жобалау мәселелерін қарастырды. Бір ғажабы, 90-шы жылдардан жабық болған екі ел ортасындағы шекарадан – Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға өткен жылдың қарашасынан бері 105 мың тонна жүк жеткізіліпті.
Осы арқылы Түркия, Әзербайжан және Грузия ортасында қысылған Армения қырық жылға жуықтаған экономикалық блокададан ақыры құтылғанға ұқсайды.
Осы күндері Ереван Вашингтонмен стратегиялық әріптестікті де ілгерілетуге күш салды. Армения Президенті Ваагн Хачатурян TRIPP жобасы жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұдан бөлек, 12 қарашада ел Парламенті TRIPP Development Company компаниясын құруға мүмкіндік беретін жаңа заңналамық түзетулерді қабылдады. Жаңа трансұлттық компаниядағы Арменияның үлесі 26%-ды, ал, АҚШ-тың үлесі 74%-ды құрайды.
TRIPP жобасы аясында Армения аумағында мультимодальды транзиттік инфрақұрылым салынады. Бұл инфрақұрылым Әзербайжанның негізгі аумағы мен оның Армения территориясындағы Нахчыван Автономиялық Республикасы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етті, сондай-ақ өңірдегі транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтуге тиіс. Жобаны армян-америкалық бірлескен TRIPP Development Company компаниясы жүзеге асырады.
Қазан айында Армения билігі жобаны нақты іске асыру кезеңіне көшкенін мәлімдеді. Бүгінде Сюник облысында теміржол, автомобиль жолдары мен энергетикалық инфрақұрылымның жобалық құжаттарын әзірлеуге дайындық жүргізілуде.
Пашинян ҰҚШҰ-ға оралудан бас тартты
Арменияның ҰҚШҰ-дан алшақтауы күні кешегі Мәскеу саммитінен әлдеқайда бұрын басталған еді. 2024 жылғы ақпанда Армения Премьер-министрі Никол Пашинян елдің ҰҚШҰ қызметіне қатысуын доғару туралы шешім қабылдағанын жариялады.
Оның түсіндіруінше, мұндай қадамға осы ұйымдағы одақтастардың Армения алдындағы міндеттемелерін орындамауы, соның ішінде 2021–2022 жылдары елдің егемен аумағында болған оқиғаларға ешқандай реакция білдірмеуі себеп болды.
Саясаттанушылар сол жылдары Таулы Карабах аумағын толық босатып, армян әскерилерін тықсырған әзербайжандық Қарулы күштердің тіпті Арменияның әлем мойындаған территориясына да дендей еніп кеткенін еске салды. ҰҚШҰ келісімі бойынша осы кезде ұйымға мүше елдер көмекке әскер жіберуге тиіс еді.
Алайда Мәскеу Ереваннан ондай сұрау түспегенін алға тартып, ақталады. Ресей тіпті Армения аумағындағы базаларда орналасқан әскерилерімен де көмекке келмеген.
Содан бері «бұртиған» Ереван әскери блок өткізетін іс-шараларға қатысудан бас тартып, отырыстарға өз өкілдерін жіберуді тоқтатты. Сондай-ақ ҰҚШҰ-ны қаржыландыруды доғарды. 2026 жылғы сәуірде Пашинян Арменияның ұйым жұмысына белсенді қатысуды қайта жандандыру үшін ешқандай қадам жасамайтынын тағы да растады.
Армения заң жүзінде ҰҚШҰ мүшесі болып қала бергенімен, елдің Сыртқы барлау қызметінің сыртқы қауіпсіздік қатерлеріне арналған биылғы баяндамасында республиканың ұйымдағы мүшелігін қайта жандандыру мүмкіндігі жоққа шығарылған. Бұл жайтқа newsarmenia.am басылымы назар аудартты.
Енді Армения басшылығы ҰҚШҰ-ға оралмауға тас бекінгендей. Ел көшбасшысы республиканың бұл ұйымға деген қызығушылығы түбегейлі сарқылғанын ашық мәлімдеді.
«ҰҚШҰ-ға мүшелікті сақтау мүдделі емеспіз, ынта-ықыласымыз толық таусылғанын біржола және түпкілікті түрде тіркеп қойса болады. Біз енді ҰҚШҰ-ға қайтуға мүдделі емеспіз!» – деп шорт кесті Пашинян.
Арменияның Сыртқы істер және халықаралық сауда министрі Арарат Мирзоян да Үкіметтің бұл ұстанымын қайта қарауға ниетті емесін мәлім етті.
«Біз бұл ұйымның жұмысына қатысуды әлдеқашан тоқтаттық, мүшелігімізді де доғардық. Ұстанымымызды өзгертпейміз және ҰҚШҰ-ға қайта оралу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқпыз», – деді министр Ереванда өткен баспасөз мәслихатында.
Айтпақшы, 23 қазанда ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков та Арменияның ұйымнан іс жүзінде шығып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзін ТАСС агенттігі жариялады.
«Олар (Армения) біздің негізгі іс-шараларымызға, оқу-жаттығуларымызға және басқа да жиындарымызға қатыспайды. Меніңше, бұл жерде ұйым жарғысының 25-бабын қолдануға болады. Негізінде, олар ҰҚШҰ құрамынан іс жүзінде өздері-ақ шығып кетті», – деді ұйымның Бас хатшысы.
ҰҚШҰ Жарғысының 25-бабына сәйкес, мүше мемлекет мүшелік жарна бойынша қарызын өтемейінше, ұйымдағы лауазымдарға кандидаттар ұсыну құқығынан, сондай-ақ дауыс беру құқығынан айырылады.
11 қарашада, Мәскеу саммитінде дәл осы тетік іске қосылды. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Армения дауыс беру және ұйымның жауапты қызметтеріне өз өкілдерін ұсыну құқығынан айырылды. Кремль бұл шешімді қаржылық себептермен түсіндірді: Армения осы ұйым бюджеті алдындағы берешегін 2 жылдан бері өтемеген.
Әйтсе де, Мәскеудегі саммитте Арменияны ҰҚШҰ құрамынан шығару мәселесі талқыланған жоқ. Ұйымның Бас хатшысы Таалатбек Масадыков берешегін өтеген жағдайда Ереванның толыққанды құқығы қалпына келетінін жеткізді. Мәскеу де Арменияның келісімдер аясындағы негізгі құқықтары сақталатынын мәлімдеді. Бірақ енді оған Ереванның өзі еш мүдделі емес көрінеді.
ҰҚШҰ-ның орнына Франция, Үндістан және АҚШ келе ме?
Бүгінде Армения төл қорғаныс саясатын түбегейлі түрде қайта құрып, әскери-техникалық ынтымақтастық бағыттарын әртараптандыруға көшті. Ереванның негізгі жаңа серіктестері қатарында Франция, Үндістан және АҚШ бар.
Армения Парижбен броньды техника мен радиолокациялық жүйелер жеткізу саласындағы байланыстарын нығайтты. Үндістаннан түрлі қару-жарақ сатып алу көлемін ұлғайтты. Сонымен қатар америкалық әскерилермен бірлескен оқу-жаттығулар өткізуде.
Бұған қоса, армян-әзербайжан шекарасында қайта қақтығыс болмауы үшін онда Еуропалық Одақтың ұзақ мерзімді бақылау миссиясы іске кірісті. Еуропа ол шекарада Кеңес заманынан бері тұрған Ресей әскерилерін ауыстырды.
Пашинян мұндай өзгерістерді жаңа заманға сай «көпқабатты қорғаныс жүйесін қалыптастыру» қажеттігімен түсіндірді. Ал, бұған дейін ҰҚШҰ-ға ғана сүйенген «бір қабатты қауіпсіздік моделін» ол «тым қарабайыр, примитивті» деп бағалады.
«Қауіпсіздік – көпқабатты құбылыс. Қауіпсіздік пен орнықтылықтың жан-жақты жүйесі бір ғана құрамдас бөліктен тұра алмайды. Әйтпесе, түптің түбінде оның дәрменсіз әрі өміршең емес екені анықталады. 2022 жылға дейін қолданыста болған қауіпсіздік формуласы қарабайыр, примитивті еді. Өйткені ол: «біздің қауіпсіздігімізді ҰҚШҰ қамтамасыз етеді» деген бір ғана тұжырымға негізделді», – деді Армения лидері.
Пашинянның мәліметінше, бұған дейін Арменияның ҰҚШҰ-ға мүше болуының өзі заманауи шетелдік қару-жарақты сатып алуға елеулі кедергі келтірген. Салдарынан Арменияның дамыған елдерден қару-жарақ алу мүмкіндігі барынша шектеліп келді. Тіпті республика жүздеген миллион доллар ақысын алдын ала аударғанымен, ақысы төленген сол әскери өнімдер жеткізілмеген жағдайлар да болыпты.
Қару-жарақ сатушылар батыстық технологиялар мен алгоритмдердің Мәскеу қолына өтіп кетуінен қауіптенген. Бұған қоса, сатып алынатын қарудың қандай мақсатта қолданылатынына да күмәнмен қараған.
Ахуал 2022 жылғы қазанда Армения мен Әзербайжан арасында бекітілген «Алматы декларациясының» негізінде бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындағаннан кейін өзгере бастады.
«Алматы келісімінен кейін бүгінде әлемдегі қару-жарақ нарықтарының барлығы Армения Республикасы үшін ашылды», – деді Пашинян. Ендігі жерде Ереван өзін ҰҚШҰ сияқты бір ғана әскери-саяси блокпен шектемей, қажетті технологиялар мен қару-жарақты әртүрлі жеткізушілерден, соның ішінде НАТО өкілдеріне де алуға ұмтылуда.
Бұл – Арменияның сыртқы және қорғаныс саясатындағы елеулі бетбұрыс. Бір кездері қауіпсіздігінің басты кепілі саналған Мәскеумен арадағы әскери-саяси байланыстары әлсіреді, енді Ереван Анкарамен, Бакумен және Вашингтонмен диалогын күшейтіп жатыр. Ал, Түркия мен Еуропаға сапар жаңа геосаяси бағыттың айқын көрінісіне айналды.
Оңтүстік Кореяның мәдениет, спорт және туризм министрінің екінші орынбасары Ким Дэ Хён Сеулдің негізгі қақпасы – Инчхон халықаралық әуежайына барып, 20 миллионыншы шетелдік туристі қарсы алған.
Оңтүстік Кореяға 2012 жылы 10 миллион шетелдік турист келген еді. Сол көрсеткішті екі есеге арттыру үшін елге 14 жыл қажет болып отыр.
Келушілердің рекордтық саны бірнеше факторға байланысты. Дегенімен, Оңтүстік Корея поп-мәдениетінің жаһандық деңгейде танымал болуы және елдің шетелдік туристерге деген қонақжайлылығы басты себеп болып отыр.
Елдің мәдениет, спорт және туризм министрі Чэ Хви Ён бұл жетістік Оңтүстік Кореяның «негізгі туризм державасына» айналу жолындағы «бастапқы қадамы» болатынын мәлімдеді.
«Табысты еңбек еткен Nvidia-ның бас директоры Дженсен Хуанг отставкаға кеткеннен кейін, оның орнын баса алатын жалғыз ғана адам бар, ол – Apple компаниясындағы Тим Кук. Аңыздың орнын аңыз басады», – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Бейсенбі күні Хуанг Nvidia бас директоры қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Бас директордың міндетін компанияның вице-президенті әрі қаржы директоры Колетт Кресс уақытша атқарады. Ол тұрақты басшы тағайындалғанға дейін бұрынғы лауазымдарын да сақтап қалды. Бұған дейін Nvidia компаниясы Хуангпен байланысты ақпараттардан кейін тәуелсіз тергеу басталғанын жариялаған болатын.
66 жастағы Тим Кук – америкалық топ-менеджер, миллиардер әрі Apple компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы әрі бұрынғы бас директоры.
Айта кету керек, бұған дейін NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг қызметінен кеткенін жазғанбыз.
Компанияның еңбек қатынастары жөніндегі директоры Бритта Зигер бұл қадамды шығындардың артуынан туындаған күрделі ахуалмен түсіндірді. Енді концерн елдегі өндіріс орындарының ұзақ мерзімді перспективадағы тиімділігін талдауы тиіс. Оның айтуынша, Mercedes зауыттардың жабылуына жол бермеуге бар күшін салады, алайда бұл нұсқаны енді қарастыруға тура келіп отыр.
Даудың негізгі себебі – өндіріс шығындары. Mercedes компаниясының дерегінше, Германиядағы зауыттарда бір сағаттық жұмыс құны Шығыс Еуропадағы кәсіпорындармен салыстырғанда бес есе қымбатқа түседі. Сондықтан басшылық еңбек жағдайларына қатысты жеңілдіктер жасауды талап етіп отыр. Талқыланып жатқан ұсыныстардың бірі – жалақыны өсірмей, жұмыс уақытын ұзарту.
Бұдан бірнеше апта бұрын компанияның өндіріс басшысы Михаэль Шибе шығындар қысқартылмаса, Германиядағы екі зауыттың жабылуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Қазіргі жоспарларға сәйкес, бұл шектеу бір құрастыру зауытына және көлік бөлшектерін шығаратын зауытқа қатысты болып отыр.
Компанияның Зиндельфинген, Растатт және Бремен қалаларында құрастыру кәсіпорындары бар. Ал компоненттер өндіретін алаңдар қатарына Штутгарт-Унтертюркхайм, Аффальтербах, Берлин, Гамбург, Каменц және Тюрингиядағы нысандар кіреді.
Трамп бұл туралы Salem News Channel телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Одан «президенттік мерзімі аяқталғанға дейін Кубаға қарсы әскери операция жүргізуге рұқсат бере ме?» деп сұраған.
– Мен қызметімнен кетпей тұрып Куба мәселесін шешкім келеді, – деді АҚШ президенті.
Ол Вашингтонның аралдағы жағдайды жіті бақылап отырғанын атап өтті.
– Біз ондағы жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Елдің жағдайы өте нашар. Негізінен, бұл – сәтсіздікке ұшыраған мемлекет, – деді Трамп.
Сонымен қатар, ол ата-анасы Кубадан шыққан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионы мақтаған. Трамптың сөзінше, Рубио да Куба мәселесін шешуге тырысады.
– Мен мұны сол елден Америкаға келіп, кезінде қатты қиындық көрген кубалықтардың игілігі үшін жасағым келеді, – деді ол.
АҚШ президенті Кубаға қарсы әскери күш қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармады.
Алып круиздік лайнерлердегі дәстүрлі демалысқа күтпеген жерден жаңа бәсекелес пайда болды. Алпауыт кеменің VIP бұрышына тығылып, оқшауланған бай-бағыланға лайнердің ығы-жығы жұрт жиналатын ойын-сауық аймақтарын және жолаушыға лық толы порттарды артқа тастайтын кез келді.
Енді қалталы саяхатшыларға дөңгеленген Жер шарын алып ұшақпен аралап, сәні мен салтанаты келіскен қонақүйлерде түнеп, қымбат яхталармен теңізде серуендеп, қарапайым туристің аяғы жете бермейтін айрықша тарихи орындарды оңаша тамашалау мүмкіндігі ұсынылды. Туризмдегі бұл жаңа бағыт «әуе круизі» деп аталуда.
Four Seasons қонақүйлер желісі айрықша демалысты қалайтындарға әлемді шарлаудың тосын үлгісін ұсынды. Бағдарлама бойынша 23 күн ішінде бірнеше құрлықтағы 12 бағытқа аялдау көзделген. Саяхат маршрутына әлемге әйгілі туристік орталықтармен қатар, көпшілік біле бермейтін көрікті мекендер де енгізілді. Ұйымдастырушылар күнделікті туристік сапарларда кездесе бермейтін ерекше әсер мен ұмытылмас сәттерді сыйлауға ниетті, деп жазды inbusiness.kz.
Coastlines & Culture деп аталатын жаңа бағдарлама жарияланды. Бұл – арнайы жабдықталған Airbus A321neo-LR ұшағымен әлемді 23 күнде айналып шығуға арналған саяхат. Ұзақ қашықтыққа тоқтаусыз ұша алатын лайнер «аспандағы сарайға» айналдырылған. Ұшақ салонындағы үйреншікті орындардың орнына небәрі 48 жолаушыға арналған кең әрі жайлы кеңістік жасалыпты.
Ғаламшарды айналатын әуе круизі 2028 жылғы 6–26 мамыр аралығына жоспарланған. Ұшақта бар болғаны 48 орын бар. Бір адамға арналған билеттің бастапқы бағасы – 238 000 еуро. Сапар таяған сайын құны да қымбаттай береді.
Саяхат АҚШ-тың Сан-Франциско қаласынан басталады. Одан әрі бағыт Оңтүстік Кореяның Сеул қаласы, Қытайдың Ханчжоу мен Шанхай қалалары, Шри-Ланка, Занзибар, Мысырдың Шарм-эш-Шейх курорты, Францияның Көгілдір жағалауы арқылы өтеді. Француз Ривьерасында Кап-Ферра түбегі мен Канн қаласына аялдау жоспарланған. Ал, жаһанды шарлаған ығай мен сығайдың сапары Англияның Гэмпшир графтығында аяқталады.
Бағдарлама Тынық және Үнді мұхиттарының, Қызыл және Жерорта теңіздерінің айдындарын қамтиды. Бірақ ұйымдастырушылар жолаушыларға әдеттегі экскурсияларға ұқсамайтын мазмұнды демалыс ұсынатынын мәлімдеді. Әр қатысушының қызығушылығы мен талғамына сай мәдени бағдарламалар, түрлі сала сарапшыларымен кездесулер, кеңес алу және көпшілікке қолжетімді емес тарихи нысандарға арнайы сапарлар ұйымдастырылады.
Сеулде саяхатшылар Оңтүстік Кореяның рухани дәстүрлерімен сусындап, Чингванса ғибадатханасына барады. Ханчжоуда Мэйцзяву шай плантациясында арнайы шай рәсімі өткізіліп, ежелгі Цзиньшань ғибадатханасына экскурсия жасалады. Шанхайға тұтас бір күн арналады: жолаушылар алып мегаполистің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін жолбасшы сарапшы Патрик Кранлимен бірге зерттейді.
Шри-Ланкада саяхатшылар Цейлон даршынының өндірілу үдерісін бастан-аяқ тамашалайды. Яғни, өнімді жинаудан бастап, даршын таяқшаларын дайындау мен хош иісті май алуға дейінгі барлық кезеңмен танысады. Бұдан кейін ұшақ жолаушыларды Занзибарға жеткізеді. Мұнда олар суахили халқының мәдениетімен және дәмдеуіштер саудасына қатысты көне дәстүрлерімен танысады.
Келесі аялдама – Шарм-эш-Шейх. Онда әуе круизі теңіз саяхатына ұласады: жолаушылар ұшақтан түсіп, бірнеше қабаттық VIP-яхтаға мінеді, Мысырдың Қызыл теңіз жағалауын аралауға аттанады.
Француз Ривьерасында қонақтарды Grand-Hôtel du Cap-Ferrat, A Four Seasons Hotel қонақүйлері күтіп тұр. Одан кейін тағы бір яхталық серуен ұйымдастырылады. Бұл жолы бағыт – әлемдік кинематография мен дәулетті өмірдің символына айналған Канн қаласы.
Саяхаттың соңғы кезеңі Англияда өтеді. Ла-Манш бұғазы арқылы қысқа әуе сапарын жасаған жолаушылар Four Seasons Hotel Hampshire қонақүйіне орналасады. Бағдарламаның шарықтау шегі – бір кездері король VIII Генрихтің резиденциясы болған Хэмптон-Корт сарайына көпшілікке жабық сапар болуға тиіс.
Сапар бойындағы жайлылық пен қауіпсіздікке жеке консьерж, бас аспаз және дәрігерлер тобы жауап береді. Олар бүкіл маршрут бойы жолаушылармен бірге жүреді. Осындай ауқымды қызмет көрсету жүйесі қарапайым әуе тасымалын клиенттің кез келген қажеттілігі алдын ала ескерілетін айрықша сервис деңгейіне көтереді.
«Coastlines & Culture бағдарламасында бір ғана сапар алғаш рет бұрын ешқашан бірікпеген туристік бағыттарды қатар қамтитын болады. Сондай-ақ қонақтарымызға өздері ойламаған ерекше әсерлерге жол ашамыз», – деді Euronews басылымына компанияның атқарушы вице-президенті Марк Спайхерт.
Аспандағы сән-салтанат – жердегі экологиялық апат: жеке әуе круиздерінің көлеңкесі
Әрине, Four Seasons әуе круизін ойлап тапқан алғашқы компания емес. Бұл нарықта компания 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде осы саяхат түріне қызығушылық қарқынды артып келеді. Өйткені ауқатты туристер енді жай ғана демалуды емес, өзгелерге бұйыра бермейтін ерекше мүмкіндіктер мен әсерді қалайды.
Four Seasons-тің бұл нарықтағы бәсекелестерінің бірі – Abercrombie & Kent компаниясы. Ол да бас аспаздар, дәрігерлер және кәсіби гидтер мен жолсеріктер ере жүретін бірнеше күндік әлемдік экспедициялар ұйымдастырады.
Алайда жаңа сән-салтанаттың жағымсыз қыры да бар. Жеке авиация соңғы жылдары экологиялық дау-жанжалдың ортасынан көрініп жүр.
Communications Earth & Environment ғылыми журналында жарияланған зерттеу нәтижелері жеке ұшақтардың бір жыл ішінде атмосфераға кемінде 15,6 миллион тонна көмірқышқыл газын (CO₂) шығарғанын көрсетті. 2019 жылдан бері бұл көрсеткіш 146 пайызға өскен. Яғни, бірер адамның ғана саяхаты қоршаған ортаға үлкен залал келтіреді.
Халықаралық таза көлік кеңесі (ICCT) де үрейлі деректерді ұсынды. Ұйымның зерттеуіне сәйкес, бір жеке ұшақ жылына орта есеппен 810 тонна парниктік газын шығарады. Бұл – жүздеген жеңіл автокөліктің атмосфераға тарататын зиянды шығарындыларымен шамалас.
2023 жылы миллионерлер мен миллиардерлердің жеке авиациясының жиынтық климаттық ластауы Лондондағы Хитроу әуежайынан ұшып шыққан барлық ұшақтың шығарындыларынан да асып түскен!
Тіпті VIP-ұшақтағы барлық орын толық сатылған күннің өзінде, жеке лайнердің табиғатқа келтіретін зияны жүздеген жолаушыны тасымалдайтын кәдімгі әуе кемесімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оның үстіне, жолай жасалатын қаптаған аялдама, яхтамен серуендеу және қосымша әуе сапарлары экспедицияның жалпы көміртек ізін одан әрі зорайтады.
Бұған қоса, әуе круиздерінің жарнамалық буклеттерінде айтыла бермейтін тағы бір шындық бар. Ұшақтың салоны қанша жерден сәнді болғанымен, ол бәрібір – машина. Турбулентті сілкіністер, техникалық ақаулар, авариялық шұғыл қону қаупі, тіпті апаттар джеттерде жиі кездеседі.
Delta әуе компаниясының Солт-Лейк-Сити – Амстердам бағыты бойынша ұшқан рейсі Вайоминг штатының үстінде қатты турбуленттілікке тап болды. Оқиғадан кейін ұшақ Миннеаполис қаласына бағытталып, шұғыл қонуға мәжбүр болған. Салдарынан 25 адам ауруханаға жеткізілді.
Тергеу деректеріне сәйкес, қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушылар мен ұшақ салонындағы бекітілмеген жабдықтар қатты сілкініс кезінде төбеге соғылған. Ендеше ешқандай премиум-сервис ұшу физикасының заңдарын өзгерте алмайды.
Соған қарамастан, мұндай саяхаттарға деген сұраныс азаяр емес, керісінше, артып келеді. Four Seasons компаниясы 2027 жылға арналған бірнеше бағдарламасын ұсынып үлгерді. Олардың арасында International Intrigue (3–23 наурыз), New World Icons (26 наурыз – 14 сәуір), World of Adventures (10 тамыз – 2 қыркүйек), Ancient Explorer (3–25 қыркүйек) бар. Соңғы бағытқа Үлкен тосқауыл рифі, Пасха аралы және Гиза пирамидалары енгізілген.
Осылайша, әлемді аралаудың жаңа дәуірі басталды. Бұрын круиздік кемелермен теңіз үстінде саяхаттауды сән-салтанаттың шыңы санасақ, енді ауқатты өмірге шалқығандарға арналған әуе экспедициялары сол ұғымның аясын кеңейтіп жатыр. Бірақ бір адамның айрықша жайлылығы үшін табиғатқа тым салмақ салу қаншалықты орынды?
Елдің қорғаныс министрінің мемлекеттік хатшысы Дерк Босвейктің сөзінше, қарулы күштер қатарына көбірек әйел тарту керек.
– Қарулы күштер қатарында әйелдер санының артуы біз үшін өте маңызды. Әйелдердің кез келген деңгейде ерлермен тең дәрежеде қызмет ете алатынын көрсеткіміз келеді, – деді Босвейк NRC газетіне берген сұхбатында.
Басылымның мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Нидерланд қарулы күштеріндегі 46,9 мың әскери қызметшінің 6,2 мыңнан астамы әйелдер болған. Бұл жалпы құрамның шамамен 13 пайызына тең. Соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіш өзгермеген. Босвейк 2030 жылға қарай әйелдердің үлесін кемінде 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр.
Мемлекеттік хатшы ерлер мен әйелдерге қойылатын нормативтер бірдей болатынын айтады. Әйел үміткерлерге жеке жаттығу бағдарламалары әзірленіп, арнайы жабдықтар беріледі. Сонымен қатар, ол Нидерланд армиясында әйелдер әлі күнге дейін ерлерге арналған әскери жабдықтарды пайдалануға мәжбүр екенін мойындады.
15 қыркүйекте ұсынылған бюджет жобасына сай, 2027 жылы қорғаныс саласына 28,9 млрд еуро бөлу жоспарланған.
Ал 2030 жылға қарай қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді, резервтегілер мен азаматтық персоналды қоса алғанда, қызметкерлер санын 100 мыңнан асыруды көздеп отыр.
Оқиға 11 қараша күні болған. Хайбер-Пахтунхва провинциясы Ауғанстанмен шекарада орналасқан.
The Express Tribune газеті шабуыл жасағандар заңсыз алтын өндірудің жолын кесу рейдіне бара жатқан полицейлерге оқ жаудырғанын мәлімдеді. Салдарынан атыс басталған. Оқиға орнына қосымша күштер келіп, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Бұл ретте Анадолы агенттігі оқиға салдарынан тағы 12 адамның зардап шеккенін жазды. ACLED халықаралық мониторинг ұйымының дерегінше, соңғы жылдары Пәкістандағы лаңкестік шабуылдар саны төрт есеге жуық өскен. 2022 жылы 658 жағдай тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2 425-ке жеткен.
БҰҰ гуманитарлық ұйымының басшысы маңызды мәлімдеме жасады.
– Бұдан былай ешқандай кідіріс болмауы керек. Біреуін ғана емес, барлық өткізу бекетін ашыңыздар, – деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары, Төтенше көмек көрсету жөніндегі үйлестірушісі Том Флетчер.
Ол үкіметтік емес ұйымдардың маңызды серіктестеріне жұмыс істеуге мүмкіндік беруді, сауда орындарының қалыпты қызметін қалпына келтіруді және Газа халқына қарсы ұжымдық жазалау шараларын тоқтатуды талап етті.
БҰҰ-ның гуманитарлық ұйымдары бірнеше айдан бері Газа секторына қысқы маусымға қажетті заттарды жеткізу мәселесін көтеріп келеді. Десе де, Израильдегі сайлауға дейін бұл бағыттағы жұмыстар қиындайтыны бірнеше рет айтылған. Қазір гуманитарлық қызметкерлерге жаңа үкімет жасақталғанша күту қажеттігі ескертілген.
– Халықаралық гуманитарлық құқыққа қатысты кімде-кімнің күмәні болса, мұны ақтауға болмайтынын түсінуі керек, – деді Флетчер.
Бірнеше апта бұрын БҰҰ-ның гуманитарлық ұйымдары қажетті заттарды жеткізудің нақты жоспарын ұсынған болатын.
Өткен демалыс күндері нөсер жаңбыр салдарынан Газа секторының бірнеше аумағын су басып, бірнеше адам қаза тапқаны хабарланды.
Қазір гуманитарлық ұйымдар мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттер сатып алған 150 мыңнан астам шатыр Газа секторының сыртында жеткізуге дайын тұр.
– Газаға қажетті заттар мен жабдықтарды жеткілікті көлемде тасымалдау үшін гуманитарлық қаржыландыру мен Израильдің рұқсаты шұғыл қажет, – делінген мәлімдемеде.
Агенттік Agioi Fanendes танкерінде Ресейде өндірілген шамамен 40 мың тонна дизель отыны бар екенін мәлім еткен. Кеме қазан айының соңында Ресейдің Приморск портынан жолға шыққан еді.
Бастапқыда АҚШ-қа бағыт алған танкер кейін бағытын өзгертіп, қазір елдің шығыс жағалауын бойлай жүзіп келеді. Десе де, кеменің жүк түсіретін нақты порты әзірге белгісіз.
Bloomberg дерегіне сүйенсек, Ресей АҚШ нарығына жеткізу үшін дизель отыны тиелген 4 танкерді жөнелткен. Бірақ, олардың ешқайсысы әзірге америкалық нарыққа жүк жеткізбеген.
Осылайша, ресейлік дизель отынының АҚШ нарығына жеткізілуі әзірге жүзеге аспай отыр.
Айта кетейік, осыған дейін Трамп пен Путиннің телефон арқылы дизель экспортына қатысты келісімге келді. Осыдан кейін Ресейдің 40 мың тонна дизель отынын тиеген танкер АҚШ-қа бет алған еді.
Жол-көлік оқиғасы 10 қарашада Ямбол қаласы маңында, «Зимница» және «Кабиле» жолайрықтарының арасында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, алғашқы апат жүк көлігі мен жолаушылар автобусының соқтығысуынан басталған. Кейін оқиғаға басқа көліктер, соның ішінде астық тиеген жүк көлігі де қатысқан.
Ішкі істер министрлігінің бас хатшысының міндетін атқарушы Любомир Николовтың айтуынша, апат болған аумақты кенеттен қою тұман басқан. Куәгерлердің сөзінше, көріну қашықтығы 70–80 метрден 10 метрге дейін қысқарған.
Оның болжамынша, қарсы бағыттағы екінші жаппай соқтығыс жүргізушілердің алғашқы апатқа назар аударуынан болуы мүмкін.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Апатқа байланысты автомагистральдің екі бағытындағы қозғалыс тоқтатылды.
БАҚ-та Таяу Шығыста жаңа әскери соққылар болуы мүмкін деген хабарламалар тарағанына қарамастан, АҚШ пен Иран қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге ниетті. Бұл туралы Қатар Сыртқы істер министрлігінің БАҚ және коммуникациялар департаментінің директоры Ибрагим Сұлтан әл-Хашми айтты.
«Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдарында ықтимал соққы туралы хабарламалар пайда болды. Алайда, біз екі тараптан да қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу қажеттігі туралы оң мәлімдемелер айтылып жатқанын байқап отырмыз», – деді дипломат брифингте.
Оның сөзінше, келіссөздерде ілгерілеушілік бар әрі делдалдар бұл бағытта белсенді әрекет етіп отыр.
Ибрагим Сұлтан әл-Хашми дүйсенбі күні Қатардың премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдель Рахман Әл Танидің Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескенін айтты. Жүздесудің жақсы өткені, келіссөздер ілгерілеушілікке қол жеткізуге бағытталғаны атап өтілді.
Қатар АҚШ пен Иран арасындағы жанама келіссөздердегі негізгі делдалдардың бірі болып отыр. Қараша айының басында қатарлық делегация Тегеранға сапарлап, Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен қақтығысты реттеу жолдарын талқылады.
Әмірліктің сыртқы ведомствосы хабарлағандай, Вашингтон мен Тегеран Қатардың ұсыныстарын пысықтап жатыр.
Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы IRIB онда баллистикалық және қанатты зымырандар орналасқанын мәлімдеді.
Бұл зымырандардың кейбірі Израильмен және АҚШ-пен болған 12 күндік және 40 күндік соғыстар кезінде қолданылған.
Мұнан бөлек, IRIB Иран зымырандарының ұшу қашықтығына қатысты шектеулерді алып тастағанын жария қылды. 7 қараша күні Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы өкілі Хосейн Мохебби елдің баллистикалық зымырандарының ұшу қашықтығына қойылған 2 мың шақырымдық шектеу алынғанын мәлімдеген болатын. Десе де, Иранның бұдан да алыс қашықтыққа ұша алатын зымырандары бар екені ресми түрде расталмады.
Зымыран базасын таныстыру рәсімінде Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Әли Абдоллахи ел мен оның қарулы күштері қарсыластарының әскери әлеуеті мен ресурстарына қарамастан, шешімдерді өз бетінше қабылдайтынын айтты.
Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Аэроғарыш күштерінің қолбасшысы Сейед Маджид Мусави қарсыластарын Иранға қарсы әрекет жасамауға үндеген. Ол кез келген дұшпандық қадамға қатаң түрде жауап берілетінін ескертіп отыр.
Жаза кеткен жөн, 2026 жылдың 28 ақпанында Израиль мен АҚШ Тегеранға және Иранның өзге де қалаларына бірлескен соққы жасаған-ды. Жауап ретінде Иран Израиль мен аймақтағы америкалық әскери нысандарға бірқатар зымыран және ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасап, Ормуз бұғазындағы бақылауын күшейтті.
Измир провинциясының губернаторы Сүлейман Эльбанның мәліметінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 11:46 шамасында болған.
Оның сөзінше, қазандықты ауыстыру кезінде көпірлі кран құлап кеткен. Құлаған конструкциялар электр доғалы пешке тиіп, табиғи газ құбырын зақымдаған. Соның салдарынан болат балқыту цехында жарылыс тіркелген.
Осы кезде ауруханаларда зардап шеккен 15 адам ем қабылдап жатыр. Төртеуінің жағдайы ауыр, қалған 11 адамның жарақаты жеңіл. Оқиға уақытында кәсіпорында әдеттегі 300 адамның орнына шамамен 200 қызметкер болған. Болат балқыту жұмыстары жүргізілмеген.
Эльбан кәсіпорын аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталуға жақын екенін хабарлады.
– Үйінді астында 4 адам болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Олардың тағдыры анықталғанша іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасады. Қазір мамандар құлаған конструкциялардың астындағы аумақтарды тексеріп жатыр, – деді губернатор.
Ол ауыр жарақат алған 4 адамның Измирдегі әртүрлі ауруханаға жеткізілгенін, қалған 11 зардап шегуші Алиага мемлекеттік ауруханасында ем қабылдап жатқанын айтты.
Оқиғаға қатысты Бас прокуратура, тиісті министрліктер мен жергілікті билік өкілдері әкімшілік және сот тергеуін жүргізуде. Әзірге ешкім ұсталмады.
Осылайша, Франция Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусын «супермаркеттердің тоңазытқыш жүйелеріне жасалған ауқымды кибершабуылға қатысы бар» деп айыптады.
Министрдің сөзінше, бұл – Франция аумағында бұрын-соңды болмаған ауқымды кибершабуылдардың бірі. Ол елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр.
Барро шабуылға қатысы бар тұлғаларға Еуропа елдері бірлесіп санкция салатынын жеткізді. Сонымен қатар, Франция Сыртқы істер министрлігі Иранның Париждегі елшісін шақырып, оған ресми наразылық танытқан.
Франция билігі бұл оқиғаға байланысты басқа да жауап шараларын қабылдау мүмкіндігін қарастыруда.
11-12 қазанда Францияның әр өңіріндегі жүздеген супермаркетке кибершабуыл жасалды. Хакерлер тоңазытқыш жүйелерін басқаратын бағдарламалық жасақтамаға кіріп, мұздатқыштар мен тоңазытқыш камераларындағы температураны қашықтан көтерген. Кейбір камерада температура 50 градусқа дейін жеткен.
Сол себепті, дүкендердегі азық-түлік өнімдері бұзылып, бірнеше миллион еуро шығын келтірген. Coopérative U сауда желісінің 100-ден аса дүкені, Intermarché және Netto желілерінің 180 сауда нүктесі зардап шеккені белгілі болды. Carrefour, Monoprix және E.Leclerc сияқты ірі сауда желілерінде де ақаулар тіркелді.
BBC мәліметінше, хакерлер тоңазытқыш қондырғыларын қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін Данияның Danfoss компаниясы әзірлеген бағдарламалық жасақтамаға шабуыл жасаған.
2 қарашада осындай кибершабуылдар Еуропаның тағы 9 елінде, соның ішінде Финляндия, Швеция, Бельгия, Италия және Нидерландта тіркелді. Сол жолы 100-ден аса дүкен зардап шеккен.
Париж прокуратурасы Ислам революциясы сақшылар корпусымен байланысы бар «Шахид Кавех» хакерлік тобына және оның 2 басшысына қатысты тергеу бастады.
БАҚ-тың жазуынша, Пхеньян республикалық партияның ірі жеңілісінен кейін Ақ үй басшысын саяси тұрғыдан әлсіз әрі келіссөз жүргізуге қолайлы ретінде қарастыруы мүмкін. Бұл туралы америкалық сарапшы айтты.
«Аралық сайлаудан кейін кездесудің өту мүмкіндігі жоғарылайды деп есептеймін», – деді Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) Корея мәселелері бойынша сарапшысы Виктор Ча.
Трамп бұл сапар аясында Манилада өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) саммитіне және Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысады.
«Олар Трампты әлсіз, осал және келіссөз жүргізуге қолайлы нысана ретінде көреді», – деп атап өтті сарапшы.
Сондай-ақ Виктор Чаның пікірінше, Солтүстік Корея Трамптың Иран мен Венесуэлаға қатысты ұстанған саясатын мысалға алып, Вашингтонның күтпеген әрекеттерінен сақтану үшін Трамппен байланысты сақтауға мүдделі болуы мүмкін. Трамп өзінің Киммен «жақсы» қарым-қатынасын алға тартып, онымен қайта кездесуге мүдделі екенін бірнеше рет білдірген болатын. Бұл президенттің осы айда Қытайға жоспарланған сапары кезінде ықтимал кездесу өтуі мүмкін деген болжамды арттырып отыр.
Екі көшбасшы Трамптың бірінші президенттік мерзімінде үш рет кездесті. Біріншісі 2018 жылдың маусымында Сингапурда, екіншісі 2019 жылдың ақпанында Ханойда, ал үшінші кездесу екі Корея шекарасындағы Пханмунжома ауылында өтті.
Қазақстан: төрт күн демалыс
Қазақстанда 2027 жылдың алғашқы күндері демалысқа қолайлы: 1 қаңтар – жұмаға, 2 қаңтар – сенбіге келеді. Сенбіге түскен мерекелік демалыс 4 қаңтар, дүйсенбіге ауыстырылады.
Сондықтан 5 күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 1–4 қаңтар аралығында қатарынан төрт күн демалады. Алайда одан кейін қайтадан жұмысқа шығу керек. Өйткені 5 және 6 қаңтар, яғни сейсенбі мен сәрсенбі – жұмыс күндері.
7 қаңтар, бейсенбіде православиелік Рождество аталып өтеді. Бұл күні жұрт тағы да демалады. Бірақ 8 қаңтар, жұма күні жұмысқа шығу міндет. Одан кейін сенбі мен жексенбі – әдеттегі демалыс күндері.
Қысқасы, қазақстандықтар үздіксіз емес, «үзіп-жұлып» демалады: төрт күн демалыс, екі күн жұмыс, бір күн мереке, тағы бір күн жұмыс. Содан кейін қайтадан демалыс басталады.
Жалпы, 2027 жылғы қаңтарда бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндерді  жалпы саны 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні күтіп тұр.
Ресей: 11 күн демалыс, еңбек демалысын қосса – 16 күн
Жаңажылдық демалыс бойынша Ресей тұрғындары игілікке кенелді: олар 2027 жылдың қаңтарында қатарынан 11 күн тынығады. РФ-та ересектерге арналған «жаңажылдық каникул» 2026 жылғы 31 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады. Жұрт жұмысқа тек 11 қаңтар, дүйсенбі күні шығады.
Мұндай ұзақ демалыс жұмыс күндерін ауыстырудың арқасында мүмкін болып отыр. Бірақ ол ауыстырудың схемасы қызық, шытырман, тіпті түсініксіз: РФ Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2 қаңтар, сенбі күнгі демалыс жыл соңына – 2027 жылғы 5 қараша, жұмаға көшірілді. 3 қаңтар, жексенбінің орнына 2026 жылғы 31 желтоқсан демалыс болып белгіленген.
Бұдан да ұзақ демалуға мүмкіндік бар. Егер ресейліктер 28–30 желтоқсан аралығына еңбек демалысын алса, тынығу мерзімін 16 күнге дейін ұзарта алады. Көбісі солай жасайды. Мұндай жағдайда демалыс 26 желтоқсан, сенбіден басталып, 10 қаңтарға дейін жалғасады.
2027 жылы Ресей тұрғындарын барлығы 118 демалыс күні күтіп тұр. Жыл ішіндегі өзге де ұзақ демалыс күндері аз емес: 21–23 ақпан; 6–8 наурыз; 1–3 мамыр; 8–10 мамыр; 12–14 маусым; 4–7 қараша – демалыс күндері болып бекітілді.
Осылайша, Ресей тұрғындарында жыл бойы «отпускін» алдын ала жоспарлауға мүмкіндік мол. Ең бастысы, осы каникулдарда шетелге саяхатқа тайып тұрғысы келген әріптестердің алдын орап, дер кезінде еңбек демалысына өтінішті өткізіп алу маңызды. РФ заңнамасына сәйкес, көрші елде жыл сайынғы демалыста тек сенбі мен жексенбі ғана есептелмейді, мейрам күндеріне ақы төленеді.
Беларусь: Жаңа жылға үш күн, Рождествоға бір күн
Беларусьте де жаңа жылдық демалыс ұзақ болмайды. Бес күндік жұмыс аптасында 1, 2 және 3 қаңтар демалыс күндері болып белгіленген.
Жаңа жылдан кейін 4, 5 және 6 қаңтарда жұмысқа шығу керек. 7 қаңтарда православиелік Рождество тойланады. Бірақ келесі күні, 8 қаңтарда, қайтадан жұмыс басталады.
Беларусь Министрлер кеңесінің 2026 жылғы 3 қазандағы №499 қаулысына сәйкес, қаңтарда жұмыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған. Сондықтан 2027 жылғы қаңтарда Беларусьте жұмыс 19 күнге немесе 151 сағатқа созылады.  Салыстырғанда, желтоқсанда бұл көрсеткіш 174 сағатқа жетеді. Демек, бұл одақтастың тұрғындары бір жеңіл тыныстап, арқасын кеңге салғалы тұр.
Әзербайжан: төрт күн қатарынан демалыс
Әзербайжанда Жаңа жыл мерекесі 1 және 2 қаңтарда атап өтіледі. Бұл елде көктемде тойланатын Новруз мейрамының орны ерекше. Ол ежелден жаңа жылдың бастауы және табиғаттың жаңаруын білдіреді.
Ал, қаңтардағы ресми Жаңа жыл мерекесі (Yeni il) екі күнге созылады. Демалыс күндерін ауыстырудың арқасында әзербайжандықтар төрт күн қатарынан тыныға алады. Бұған 1 және 2 қаңтардағы мерекелердің демалыс күндеріне түсуі себеп болып отыр.
Қырғызстан: он күн демалуға мүмкіндік
Қырғызстандықтарға биыл билік жақсы тарту дайындап жатыр. Елдің еңбек заңнамасына сәйкес, жаңажылдық демалыс онсыз да 1–6 қаңтар аралығында жалғасады. Бұған қоса, 7 қаңтарда православиелік Рождество мерекесі бар.
Осылайша, тек заң бойынша жұрт 1–7 қаңтар аралығында қатарынан жеті күн демалады. Бірақ демалыс мұнымен аяқталмайтынға ұқсайды. Қырғызстан Министрлер кабинеті 8 қаңтарды да қосымша демалыс күні деп жариялауды жоспарлап отыр.
Егер бұл шешім қабылданса, қырғызстандықтар 1–10 қаңтар аралығында қатарынан он күн қыдыра алады.
Тағы бір маңызды жаңалық бар. 2027 жылғы 27 қаңтарда Қырғызстанда Президент сайлауы өтеді. Еңбек заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес, сайлау күні де демалыс болып саналады.
Өзбекстан: Президенттен қосымша «сыйлық» күтілуде
Өзбекстанда алдын ала жасалған өндірістік күнтізбе бойынша жаңажылдық демалыс үш күнге созылады. 1 қаңтар жұмаға түседі. Одан кейін сенбі мен жексенбі келеді.
Алайда Өзбекстанда тұрғындар жыл сайын Президенттің қосымша демалыс жариялауынан үміттенеді. Өйткені Мемлекет басшысының қосымша демалыс күндерін белгілеуге және жұмыс күндерін ауыстыруға құқығы бар.
Өткен жылдары осындай шешімдердің арқасында қаңтардағы үш күндік демалыс бір аптаға жуық уақытқа созылған еді. Сондықтан биыл да демалыстың нақты қанша күн болатыны Президенттің тиісті жарлығына байланысты.
Тәжікстан: үш күндік сыпайы демалыс
Тәжікстанда да Жаңа жыл жұма күні басталады. Сондықтан тұрғындар үш күн қатарынан демалады. Үкімет қаңтар айына қосымша демалыс күндерін қарастырмады.
2026 жылғы 1 қазанда қабылданған №646 қаулыда 2027 жылғы кейбір демалыс күндерін ауыстыру белгіленген. Бірақ бұл қаңтарға қатысты емес. Құжат бойынша, 20 наурыздағы демалыс 26 наурызға, ал 4 қыркүйектегі демалыс 10 қыркүйекке ауыстырылады.
Украина: соғыс жағдайында демалуға мүмкіндік жоқ
Украинада қан-қасап қырғын басталғалы, Жаңа жыл мерекесіне қатысты бұрынғы бейбіт демалыс тәртібі өзгерген. 1 қаңтар күнтізбеде мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ бұл күні тұрғындарға міндетті демалыс енді берілмейді. Бұл елдің қорғанысқа тас-түйін жұмылуымен байланысты.
Бұл шектеу соғыс жағдайы кезінде еңбек қатынастарын реттейтін №2136-IX заңмен енгізілген. Аталған заңға сәйкес, соғыс жағдайы кезінде Еңбек туралы заңдар кодексінің 73-бабындағы мерекелік және жұмыс істемейтін күндерге қатысты талаптар қолданылмайды.
Молдова: Жаңа жылда 3 күн, Рождествода 4 күн демалыс
Молдовада Рождество мерекесі екі рет атап өтіледі. Сондықтан қаңтардағы демалыс күндері де екі кезеңге бөлінген.
1 қаңтар, жұма – ресми демалыс күні. Оған сенбі мен жексенбі қосылып, тұрғындар үш күн тынығады.
Ал, 7 және 8 қаңтарда елде Рождество ескі күнтізбе бойынша тойланады. Бұл күндер бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр. Одан кейін сенбі мен жексенбі жалғасады. Нәтижесінде, молдовалықтар 1–3 қаңтарда үш күн, 7–10 қаңтар аралығында төрт күн қатарынан демалады.
Армения: мерекелердің арасында жұмысқа «үзіліс»
Арменияда жаңажылдық демалыс кестесі өзгеше. Мерекелік кезең 31 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін жалғасады. Бірақ бұл күндердің барлығы демалыс емес.
31 желтоқсан, 1 және 2 қаңтар – демалыс күндері. Ал, 6 қаңтарда Рождество мен «Құдайдың аян беру» мерекесі аталып өтеді. 7 қаңтар да ерекше күн саналады. Бұл – «Қайтыс болғандарды еске алу күні». Ол да ресми демалыс болып белгіленген.
Алайда армянстандықтар жеті күн қатарынан демала алмайды. 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін тыныққан тұрғындар 4 және 5 қаңтарда жұмысқа шығуға тиіс. Одан кейін 6 және 7 қаңтарда қайтадан демалады. Яғни, Жаңа жыл мен Рождество ортасында екі жұмыс күні бар.
Жаңа жылды мерекелеуде қай ел алда?
2027 жылғы қаңтарда ТМД елдерінің тұрғындары әртүрлі жағдайда демалады. Біреулер ұзақ каникулға шықса, енді біреулер үш-төрт күндік демалыспен шектеледі.
Ең ұзақ демалысты дәстүрлі түрде Ресей еншіледі. Мұнда тұрғындар қатарынан 11 күн тынығады. Қырғызстан да Ресейге таяу көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін: егер 8 қаңтар қосымша демалыс болып жарияланса, тұрғындар он күн қатарынан демалады.
Қазақстандықтар Жаңа жылда төрт күн, Рождествода тағы бір күн тынығады. Молдовалықтарға Рождество мерекесінде төрт күндік демалыс беріледі. Өзге елдердің тұрғындары үшін демалыс мерзімі салыстырмалы түрде қысқа болады.
Бір елде жұртшылық жағаны жайлауға жіберіп, Жаңа жылды асықпай атап өтсе, енді бірінде еңбеккерлерге мерекелік дастарқаннан кейін жұмысқа жүрігуге тура келеді. Көрші елдердегі демалыс кестесі осылайша әртүрлі қалыптасқалы тұр.
«Жедел топ Иранның терроризмді қаржыландыру, қару-жарақ зауыттарын қалпына келтіру және армияны қайта қаруландыру мүмкіндіктерін одан әрі шектейді», – деп мәлімдеді CENTCOM қолбасшысы Брэд Купер X әлеуметтік желісінде.
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Вашингтонның жаңа бастамасы «сәтсіздікке ұшырайтынын» мәлімдеді.
«АҚШ әртүрлі атаулар және жоспарлар арқылы жүзеге асыруға тырысып жатқан экономикалық блокадасын ешқашан орната алмайды», – деді сақшылар корпусының өкілі Хусейн Мохеби.
АҚШ Иранмен соғыс аясында ирандық теңіз порттарын блокадаға алған болатын. Тегеран бұған жауап ретінде халықаралық теңіз саудасының ең маңызды бағыттарының бірі – Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын шектеді. Бұл жағдай әлемдегі мұнай мен газ тасымалын қиындатып, бағаны шарықтатып жіберді. CENTCOM мәліметінше, ирандық порттардың бұғатталуы салдарынан Тегеран 22,4 миллиард еуроның мұнайын экспорттай алмай қалған.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп АҚШ-тың Иранмен қайта соғысу ықтималдығы өте төмен екенін айтқан болатын.
Ресми дерек бойынша, 2025 жылы әуе кеңістігінің шамадан тыс жүктелуі салдарынан рейстердің кешігуі Еуропаның авиация саласына 2,3 млрд доллардан астам шығын әкелген.
Еуропалық әуе қозғалысын басқару ұйымының (EUROCONTROL) мәліметінше, шығынның басым бөлігі әуе қозғалысын ұйымдастырудағы қиындықтарға байланысты рейстердің кешігуінен туындаған.
Негізгі мәселелердің бірі – әуе кеңістігіндегі шамадан тыс жүктеме. Соның салдарынан ұшақтар қонуға рұқсат күтіп, әуежай маңында айналып ұшуға мәжбүр. Бұған қоса, қолайсыз күн райы, төтенше жағдайлар мен жекелеген бағыттардың жабылуы да рейстер кестесінің бұзылуына әкеледі. Мұндай жағдайлар оқиға болған жерден мыңдаған шақырым қашықтықтағы әуе қатынасына да әсер етуі мүмкін.
Мәселені шешу үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы әуе қозғалысы ағындарын басқару жүйесін кеңінен қолдануды ұсынып отыр. Бұл жүйе әуежайлар, әуе компаниялары, диспетчерлік және метеорологиялық қызметтер арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуды көздейді.
Мысалы, әуежай қосымша рейстерді қабылдай алмайтынын алдын ала хабарласа, басқа әуежайлардан ұшатын ұшақтардың сапарын уақытша кейінге шегеруге болады. Осылайша, әуе кемелерінің қону кезегінде аспанда ұзақ уақыт күтуіне жол берілмейді.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Бас хатшысы Хуан Карлос Саласардың сөзінше, мемлекеттер арасындағы үйлестірудің жеткіліксіздігі рейстердің кешігуіне себеп болып, әуе қатынасын қалыпты жұмыс тәртібіне қайтаруды қиындатады.
Жаңа тәсілдің тиімділігі тәжірибе жүзінде де дәлелденген. 2026 жылы Солтүстік және Оңтүстік Америкада жүргізілген бірлескен сынақтар нәтижесінде ұшу уақыты 265 мың минуттан астамға, яғни шамамен 4,4 мың сағатқа қысқарған. Соның арқасында 38,9 млн доллардан астам қаражат үнемделген.
Сонымен қатар, жанармай шығыны шамамен 13,3 мың тоннаға азайып, атмосфераға 42,1 мың тонна көмірқышқыл газының таралуына жол берілмеген.
Еуропада да күн райы мен әуе кеңістігінің жүктемесін алдын ала болжау арқылы 2026 жылғы мамырдан тамызға дейін жалпы ұзақтығы шамамен 3,1 млн минут болатын рейс кешігулерінің алдын алуға мүмкіндік туған. Бұл шаралардың экономикалық тиімділігі 448 млн доллар деп бағаланып отыр.
Әуе қозғалысы ағындарын басқарудың жаңа халықаралық ережелері 2030 жылғы қарашада күшіне енеді деп күтілуде. Оларды енгізу мәселелеріне арналған өңірлік семинарлар 2027 жылы өткізіледі.
2050 жылға қарай әлемдегі әуе жолаушыларының саны 12,4 млрд адамға жетуі мүмкін. Сондықтан халықаралық әуе рейстерін үйлестіру жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттілігі күн тәртібінде тұр.
Осылайша, Германияның Саксония жеріндегі Бад-Дюбен қаласының билігі шамамен XIII ғасырдағы Шнадитц қамалына сатып алушы іздеп жатыр. Нысан небәрі 1 еуроға саудаланады.
– Қамалдың сақталып қалғанын қалаймын. Бұл ғимарат өңір мен бүкіл Саксония үшін маңызды. Әрине, қазіргі сыртқы келбеті көңіл көншітпейді, әлі істелетін жұмыс көп. Бірақ шатыры бүтін, – деді қала мэрі Матиас Мит BILD басылымына берген сұхбатында.
Жергілікті биліктің бағалауынша, қамалды толық қалпына келтіруге шамамен 20 млн еуро қажет. Тарихи ғимарат мемлекет қорғауында болғандықтан, жөндеу жұмыстарының барлығы ескерткіштерді қорғау органдарымен келісілуі тиіс. Бұл қалпына келтіру мерзімін едәуір ұзартуы мүмкін.
Бұған дейін де инвесторлар қамалды сақтап қалуға әрекет жасаған. 2014 жылы америкалық әйел мен оның ұлы мұнда қонақүй, барбекю мейрамханасы және шарап барын ашуды жоспарлаған. Десе де, жобаға уәде етілген миллиондардың орнына шамамен 400 мың еуро ғана инвестицияланған.
2018 жылы сатып алу-сату шарты бұзылып, ғимарат қайтадан қала меншігіне өткен еді.
Оның сөзінше, бұл Тегеранның ядролық бағдарламасы мен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына қатысты келіссөздерде оң нәтиже болған жағдайда ғана мүмкін болады.
«Бәрі де олардың келісімге қол қоятынына байланысты. Ол мемлекет қазірдің өзінде күйреп жатыр. Егер қажеттілік туындаса, бұл қадамға барамын, бірақ біз оларға бұған дейін де ауыр соққы бергенбіз. Оларға жасаған шабуылдың қаншалықты жойқын болғанын тіпті елестете де алмайсыздар», – деді Ақ үй басшысы.
Жексенбі күні Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ-пен бейбіт келіссөз жүргізіп жатқан делдалдардың Конгреске аралық сайлаудан кейін барлық сапарын тоқтатқанын айтты. Оның сөзінше, сайлау нәтижесі тараптардың бәрін таң қалдырған.
«Енді біз оларға бұл нәтижелерді саралап, әрі қарай қалай әрекет ететінімізді айқындау үшін қанша уақыт қажет болатынын түсінуіміз керек», – деді министр мемлекеттік телеарна эфирінде.
Аймақтағы елдер, әсіресе Қатар мен Пәкістан, ақпанда басталған қақтығысты тоқтату үшін бірнеше ай бойы күш салғанымен, бұл әрекеттерден әлі де еш нәтиже шықпай тұр. Қазір белсенді ұрыс қимылдары тоқтағанымен, Иран Ормуз бұғазын бұғаттау әрекеттерін жалғастырып келеді. Бұл ретте АҚШ әскери-теңіз күштері бұған жауап ретінде Иран порттарын блокадаға алды.
«Америкалық сайлаушылар өз таңдауын жасады. Енді Ақ үй де шешім қабылдауы тиіс», – деп жазды Арагчи X әлеуметтік желісінде.
Осылайша Иранның сыртқы істер министрі Вашингтонды Тегеранның бұрын қойған талаптарын орындауға шақырды.