Авто
Nikkei Asian Review басылымының хабарлауынша, бес күнге созылатын көрсетілім кезеңі осы аптада аяқталады. Компания SD-05 әуе таксиінің мүмкіндіктерін таныстырады. Сынақтар девелоперлік Mitsubishi Estate компаниясы мен Kanematsu сауда үйінің қолдауымен өтті. Токио билігі аталмыш көлік түрін мегаполистегі жол қозғалысы жүктемесін ішінара азайтудың оңтайлы шешімі ретінде қарастырып отыр.
Аппарат 12 электр қозғалтқышымен жабдықталған. Бұл оған биіктікте жылдам бұрылуға мүмкіндік береді. SD-05 ұшатын көлігі техникалық тұрғыдан бір пилот пен екі жолаушыға арналған. Сынақ кезіндегі ұшулар жолаушыларсыз өтті әрі қашықтан басқару режимінде жүргізілген. Алдағы уақытта бортында жолаушылары бар рейстерге, соның ішінде толықтай ұшқышсыз форматқа көшу жоспарланып отыр.
2027 жылы тағы бір сынақ кезеңі өткізіледі, ал 2028 жылы компания жолаушылар тасымалын бастамақ.
SkyDrive компаниясының мәліметінше, 2030 жылдан кейін әуе таксиімен ұшу құны әдеттегі таксидің орташа тарифінен бірнеше есе ғана жоғары болуы мүмкін. Ал бастапқы кезеңде оның бағасы пилоты бар тікұшақты жалға алу құнымен шамалас болады. Сарапшылар әуе таксилері жол жүру уақытын 4-5 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік беретінін айтады.
Жапония қалаларында eVTOL аппараттарын пайдалану үшін арнайы алаңдар салу, сондай-ақ жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр. SkyDrive компаниясы өз аппараттарын жеткізуге сегіз елден 415 алдын ала тапсырыс алды. Олардың қатарында Индонезия, Вьетнам және Үндістан бар.
«Өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастық шеңберіндегі екіжақты кездесулер бөлігінде Қазақстанда шығарылған автокөліктерге сандық квота беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, мысалы, Kia Ресей Федерациясында утиль алымды төлеуден босатылатын болады», - делінген мемлекеттік мекеменің сайтында жарияланған құжатта.
Айта кету керек, былтыр Ресейде утиль алымның көлемі өскен болатын. Ресейлік БАҚ ЕАЭО елдерінен келетін автокөліктер үшін утиль алым жаңа ережелермен есептелетінін жазған. Kia маркалы автокөліктер Allur Group-тың Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында жиналатыны белгілі.
Өнеркәсіп министрлігінің дерегінше, 2024 жылы Қазақстанда автокөліктер өндірісі көлемінің төмендеуі байқалған, оған сұр импорттың ұлғаюы, қарыз жүктемесінің өсімі, утиль алымды алып тастау бойынша петицияның талқылануы және шағын торапты жинақ (CKD) үлесінің орындау талаптарындағы өзгерістер әсер етті (20%).
«Әр кәсіпорынның мысалында себептерді қарастыратын болсақ, «СарыарқаАвтопром» ЖШС-де өндіріс көлемінің төмендеуі жабдықтарды жаңғырту, жөндеу жұмыстары және өндірістік желілерді техникалық қызмет көрсету сияқты мәселелермен байланысты, ал «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС-де кедендік рәсімдер (ҚР ҚМ бұйрығы) және Ресей мен Қытай арқылы жүктерді жеткізу бойынша жалғасып жатқан мәселелер туындаған», - делінген салалық ведомствоның есебінде.
Шина зауытының мәселелері
Құжатта Қарағанды облысына қарасты Саран қаласындағы KamaTyresKZ шина зауытының неге жоспарлы қуатқа шықпағаны да көрсетілген. Өткен жылы іске қосылған зауыт жылына жеңіл көліктерге арналған 3 млн дана шина, жүк көліктері мен тіркемелер үшін 500 мың дана шина өндіреді деп жоспарланған. Зауыттың құрылысы 2021 жылы Ресейдің «Татнефть» және Қазақстанның «Аллюр Авто» бірлескен кәсіпорны негізінде басталды.
«2024 жылы 1 млн дана шиналар өндіру көлеміне қол жеткізбеудің негізгі негізгі себебі – Қарағанды облысы әкімдігінің инфрақұрылымды жүргізуді кешіктіруі. Зауыттың барлық сыртқы инженерлік инфрақұрылымын (газ, су, энергиямен жабдықтау, КСС (кәріз-сорғы станциясы), ЖТҚ (жергілікті тазарту құрылғылары), автожолдар және теміржол жолдары), сыртқы байланыс желілерін Қарағанды облысының әкімдігі қамтамасыз етті. Газ құбыры 2022 жылдың мамыр айында іске қосылады деп жоспарланған, алайда іс жүзінде 2022 жылдың желтоқсан айында жүзеге асты (6 айға кешіктірілді)», - делінген есепте.
Бұдан бөлек зауытта электрмен жабдықтауға байланысты мәселелер туындап, соның салдарынан шығынға ұшыраған.
«Шина зауыты электр энергиясын үздіксіз қамтамасыз ету талап етілетін бірінші санатты тұтынушылар қатарына жатады, бұл тәуелсіз резервтік электр энергиясын жеткізуді талап етеді. «Қазақмыс» корпорациясы орнатқан «Сарыарқа» 110/10КВ уақытша қосалқы станциясы үзіліспен жұмыс істейді. Электр энергиясының жиі үзілуі байқалады, бұл өндірістік процестер мен жабдықтардың жұмысына теріс әсер етті әрі өндіріс көлеміне ықпалы болды. Электр қуаты өшкен сайын жабдықтарды қайта реттеуді қажет ететіндіктен, зауыт шығындарға ұшырайды», - деп көрсетілген министрлік есебінде.
Сонымен қатар зауытта кәріз және тазарту құрылғыларының дайындығына байланысты мәселелер байқалған.
«Қарағанды облысының әкімдігі жергілікті тазарту құрылғылары және кәріз-сорғы станциясының құрылысының аяқталуы мен іске қосу мерзімін 2024 жылдың тамызы деп белгіленген. 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша нысан пайдалануға берілмеді. Жауын-шашын кезінде қолданыстағы суларды ағызу жүйесі келетін судың көлеміне төтеп бере алмайды, бұл ғимараттар мен құрылыстардың ішінде де, сыртында да құдықтардан судың көтерілуі мен төгілуіне байланысты өндірісті мәжбүрлі тоқтатуға әкеледі», - деп хабарлады министрлік.
Көмір саласындағы түрлі бағыт
Өнеркәсіп министрлігінің бақылауында болған көмір саласына келсек, былтыр оның көрсеткіштері әртүрлі болды. Ішкі нарықта электр станцияларына 65,7 млн тонна, өнеркәсіпке – 6 млн тонна, коммуналдық және тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 8,6 млн тонна көмір жеткізілді. Бұл ретте экспортқа 29,5 млн тонна көмір жіберілді, осы мақсатта 376 айрықша лицензия берілді. Биыл ішкі нарықта тұрмыстық көмірге деген қажеттілік 7,9 млн тоннаға жетеді деп күтілуде, сұраныстың төмендеуі газдандыру процесінің жалғасуымен байланысты болмақ.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша көмір өндірудің индексі 102,9% немесе 537,8 млрд теңге болды. Өсім «Шұбаркөл Көмір» АҚ көмір өндіру көлемінің 2,8%-ға, «Восточный» карьерінің (ERG) 0,3%-ға және «Qarmet» АҚ көмір департаментінің 6,9%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді. «Богатырь Көмір» ЖШС жоспарлы деңгейде 42,7 млн тонна көмір өндірді. «Қазақмыс Коал» ЖШС-де жөндеуден кейін Жезқазған және Балқаш қалаларындағы тұтынушылардың бас тартуынан кейін көмір өндіру 16,7%-ға төмендеді, ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станцияларынан көлем қысқарғандықтан, «Ангренсор Энерго» ЖШС-інде өндіріс 24,7%-ға азайды. Энергетикалық көмірге тұтынушылардың болмауынан «Майкубен-Вест» АҚ және «Қаражыра» АҚ көмір тасымалдауды төмендетті», - деп хабарлады министрлік
Айта кету керек, ақпан айында өнеркәсіп министрлігі былтыр 112,6 млн тонна көмір өндірілгенін хабарлаған еді.
Жартылай бюджеттік несиелендіру
Өнеркәсіп министрлігінің есебінде мемлекет тарапынан несиелік қаржыландыру алатын өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалар көрсетілген.
«Өңдеу өнеркәсібінің ірі жобаларын қаржыландыру («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы бюджетік несиелеу, кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» арқылы кредиттеу)». Іс-шара ішінара орындалды. Іске асыру мақсатында «Бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттарын белгілеу туралы» Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1345 бұйрығы қабылданды. 2024 жылдың 31 желтоқсанында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мекемесіне 55 млрд теңге бөлінген. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ пен «Қазақстанның Даму Банкі» арасында 2024 жылдың 17 желтоқсанында №39 қарыз шарты жасалды. Ішінара орындалу себебі: республикалық бюджетте қазынашылықтың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары қаражатының болмауы. 2024 жылы бөлінген қаржы аясында 4 жоба қаржыландыруға мақұлданды: «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС, INTERTRANS C.A. ЖШС, «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС, «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС («Қазатомпромның» Түркістан облысындағы күкірт қышқылы зауытының жобасы).
«Қазақстанның Даму банкінің» дерегінше, 2024 жылы «INTERTRANS C.A» жобасы қаржы институтынан Павлодарда бутан-бутилен негізінде алкилат өндіру зауытын салу үшін 2033 жылға дейін 26 млрд теңгеге 11%-бен қарызды қаржыландыру алған.
Бұдан басқа бүгінде банк «ТексолТранс» ЖШС-нің «Атырау вагон құрастыру компаниясы» қызметін жүзеге асыруға берген өтінімін қарастырып жатыр.
Мамыр айында отандық авто-нарықта көлік саудасы біршама саябырсығанымен, есесіне маусым айында 16 688 жеңіл және коммерциялық көлік сатылған.
Утилалым мен алғашқы тіркеу жарнасы секілді түрлі кедергіге қарамастан, Қазақстан авто-базарларында сырттан келетін көліктерді сату қарқыны жоғары. Көптеген жеке кәсіпкерлер мен жаңадан ашылған компаниялар шет елдерден Қазақстанға арзан әрі жаңалау көліктерді жеткізу бойынша қызметтерін жарнамалай ұсынып жатыр.
Былтыр елімізге 345 мың жеңіл көлік авто-тасымалдаумен айналысатын жеке саудагерлердің алып келуімен кіргізілген, яғни, 2023 жылы Қазақстанда сатылған бес көліктің үшеуі ресми емес тұлғалардың тауары. Ал, ресми дилерлер былтыр 198 686 жаңа көлік сатқан.
Салондарда саудаланған жаңа автомобильдерді сараласақ, жартыжылдықта ең көп сатылған көлік құралдары: корейлік Hyundai көлігінің 3 522 данасы, Kia – 2 979, Chevrolet – 1 815, Chery – 1 239, Toyota – 1 130, Jac – 1 128, Changan – 679, Jetour – 664; Haval – 674, қытайлық Geely көлігінің 628 данасы өткен.
ТМД елдерінің нарығына көз жүгіртіп қойсақ, Ресейде өздерінде құрастырылатын Lada танымалдығы мен сатылымы бойынша алдыңғы орынға шықты. Бұған, әрине, Батыстың салған санкциясының үлесі зор. Әлемдік авто-бренд зауыттары Ресейден кеткелі бері, оларда сапасы нашар болса да өз көлігіне қайта отыру үдерісі етек алды. Ол ол ма, енді орыс билігі мемлекет тарапынан өзге елдің көлігі Ресейге кіруіне тағы да қиындықтар ойлап тауып жатыр.
Қазақстанның автомобиль нарығында, керісінше, Hyundai маркалы корейлік көлік тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болып тұр. Әсіресе, отандастарымыз Hyundai Tucson-ға көптеп тапсырыс беруде. Бұл модель сатып алушылар арасында танымалдығы бойынша бірінші орынды иеленді. Көктемгі саудада салондарда сатылған 14 197 көліктің 2 010-ы осы Hyundai Tucson.
Екінші орынға шыққан ең өтімді көлік – Chevrolet Cobalt, жыл басынан бері Cobalt-тің 1 322 данасы сатылған.
Сатылым жағынан отандық нарық рейтингісінің үшінші орнына корейлік Kia Sportage ие болды. Көктемгі саудада Kia Sportage-дің 887 данасы саудаланған. Төртінші орында «Қазақтың төл көлігі» аталып кеткен жапонның Toyota-сы. Ресми саудада Toyota төртінші орында тұрғанымен, қара базарда «ең сапалы һәм өтімді көлік» екенінде дау жоқ.
Алдыңғы лекте аталған көлік түрлерінен кейін, елімізде сатылымы жағынан ең өтімді болып тұрғаны – қытайлық көліктер. Сапасы төмен болса да, қытай көлігін отандастарымыз өзара мақтап, жарнамалап алып жатыр. Алайда, шығыс көршіміз құрастырған көліктер қыста – Астананың аязына, жазда – Шымкенттің ыстығына шыдамай жатқанын әлі де ескерер емеспіз.
Қытайдың Changan CS55 Plus, Chery, JAC және Haval маркалары бүгінгі таңда бізде де, Өзбекстанда да өтімді көліктер қатарында. Бір ескеретін жайт, Қытай көліктері салоннан алғаннына жыл толмаса да көлік базарында құнын тез жоғалтады. Көлік саудалайтын автосалон қызметкерлерінің айтуынша, қазірдің өзінде елімізге кіргеніне 3 жыл толмаған қытайлық көліктерді салондар қайта сатып алатын Trade-In жүйесі бойынша арзанырақ бағаға алғысы жоқ. Себебі, қытайлық автолар жылына 25-30% өз бағасын жоғалтады екен.
Сөз соңында айтарымыз, мамандардың болжауынша, күзге қарай Қазақстанда көлік бағасы жедел өсе бастайды-мыс. Өйткені, елімізде утилалым мәселесіне нүкте қойылумен қатар, келешекте Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де ортақ утилалым жүйесі енгізіліп, пайдаланылуы 7 жылдан асқан көліктерді кіргізуге тыйым салынуы мүмкін.
Бүгінде 2,5 миллионға жуық халқы бар Алматы қаласында 636 мың мопед ресми тіркелген. Ал, тіркеусіз жүргені қаншама?! Одан бөлек, тәулігіне қалаға жарты миллионнан аса көлік құралы сырттан кіріп-шығатынын ескерген жөн.
Бір ғана көктем маусымында Алматы қаласында мопедтердің қатысуымен 617 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көшедегі қақтығысқа көбіне мопед мінген жүргізушінің жол ережесін білмеуі себеп болып жатады. Тағы бір себеп – көлік қозғалысы кезінде мопедтер машинаның артқы айнасынан байқалмай қалуы.
Мопед пен электросамокаттарға қатысты жол Ережесін депутаттар 2023 жылдың жазында даярлап қойған еді. Заң жобасымен Ішкі істер министрлігі танысып, қабылдауға жөнелтілген. Алайда, биылғы мото-маусымға дейін қабылдануы тиіс заң әлі күшіне енбей тұр.
Тайланд, Вьетнам, Үндістан, Индонезия мен Қытай секілді елдерде мопед ең кеңінен тараған көлік құралына жатады. Ол елдерде мопед жүргізушісі «А» категориялы жүргізуші куәлігін алуға міндетті. Нидерланды елінде мопед айдау үшін жүргізуші 16 жасқа толып, қалтасында «АМ» категориялы құжат болуы керек. Испания мен АҚШ-та мопед көлігі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтіп, жүргізуші куәлігі болуы шарт.
Өткен 2023 жылдың 12 айында мопедтердің қатысуымен тіркелген жол-көлік оқиғасына көз жүгіртсек: республика бойынша ұзын саны 750 жол апаты тіркеліп, салдарынан 39 адам көз жұмған, 730 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.
Қазір мопед жүргізушілерге кез-келген жол ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 615-бабы бойынша құжат толтырылады. Салынатын айып пұл көлемі – 2 есептік көрсеткіш. Енді жаңа заң қабылданса, мопед тізгіндеген әрбір жүргізуші куәілгі көлік құралының иесі құсап толыққанды жауапқа тартылады. Ол кезде салынар айыптың да құны артып, жауапкершілік күшейе түспек.
Мопед жүргізушілерге қатысты жаңа заңның редакциясында барлық талаптар нақты қамтылған. Жүргізушінің өміріне байланысты қауіпсіздік шаралары, жол жүру ережелері, көлік құралының сипаттамасы, тағысын тағы.
Жаз шықса, қала көшелері мотоцикл мен мопедке толатыны рас. Оның үстіне қазір жастардың дені курьерлік қызметпен айналысып, ақша тауып жүр. Айта кететін тағы бір мәселе, пайда қуған жеке кәсіпкерлер де мопедтердің құжатын қолдан өзгертіп, жалға беру бизнесін жандандырып отыр. Жоғарғы сынып оқушылары каникул біткенше түні бойы мопед тебуді ермекке айналдырып алған.
Жалға мопед беру 2020 жылы басталған екен. Мысалы, 2020-жылы интернет арқылы  іздеу платформасында мопедті жалға алғысы келетін 805 рет сұрау салынған. Араға жыл салып, 2022 жылы ол көрсеткіш 36 мыңнан асқан. Қазір интернет арқылы жалға мопед алғысы келіп, іздейтіндер саны миллионнан асып кетті.
Алматы қаласы бойынша мопедті жалға беру құны – 10 тәулікке 20-25 мың теңге. Шағын фирмадан мопедті жалға алсаңыз, барлық құжат пен арнайы сервис қарастырылған. Ал, жеке тұлғадан алу үшін тек қана жеке куәлігіңіз болса, жетіп жатыр. Сонымен қатар, жеке тұлғадан ұзақ мерзімге жалға алу кезінде айына 50-60 мың теңге төлей отырып, мопедті басы бүтін жекешелендіріп алуға да болады.
Мопедті жалға берушілердің айтуынша, бір мопед немесе скутер айына орта есеппен 100 мың теңге кіріс кіргізеді екен. Егер 20 мопедті сатып алып, жалға берсе, ол 2-3 айда өз шығынын толық өтейді. Сондықтан, қазіргі таңда Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ ондаған-жүздеген мопед пен скутерлерді жалға беріп отырған кісілер көп.
Сөз соңында айтарымыз, халық қалаулылары екінші оқылымда мақұлдаған көлік құралдарына қатысты заң жобасы әр жылда толықтырылып отыру керек. Одан өзге, мопед пен скутер көліктерінің мәселесімен тек Ішкі істер министрлігі ғана емес, басқа да құзыретті министрліктер айналысқаны абзал. Өйткені, қоғамдағы сауатты заңдылық елдегі адам өмірінің қауіпсіздігі мен экономикалық, экологиялық талаптарын да қамтиды.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң қабылданған соң 6 айдан кейін мопедтерді мемлекеттік тіркеу басталады. Жүргізушіде А, В, С санатындағы куәліктері болған жағдайда оларға «А1» санаты автоматты түрде беріледі. Сондай-ақ, мопедтерді жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу міндеттелмек.
Халық қалаулылары жаңа өзгерістер мопедті мас күйде тізгіндеген жүргізушілер санын анықтауға, мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары санын азайтуға бағытталған деп отыр. Енді бұл көлік құралын басқаратындар көлік айдайтындарға теңестіріледі. Тиісті заң осы жылдың соңына қарай іске қосылады деп күтіліп отыр.
Былтыр мопедтердің қатысуымен елімізде 750 жол-көлік апаты болды. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе артық.
Автосарапшы Алексей Алексеевтің сөзінше, мопед жүргізушілеріне қатысты шаралар қабылдауда үкімет кешеуілдеді.
«Бәлкім, Астанада мопед тізгіндегендер бойынша мәселе жоқ шығар. Бірақ Алматыда бұл мәселе өзекті. Мопедтер енді ғана көлік құралдары ретінде белгіленіп отыр. Қазір мопед жүргізушілері «осыған дейін еркін жүріп едік, енді бізге шектеу қойып жатыр» деп айтуы мүмкін. Шындығына келсек, мұны кезінде белгілеу керек еді. Мопед қозғалысы пайда болған кезде, яғни бұл көлік құралдары Қазақстанға әкелінген кезде олардың қозғалтқыш көлемі  50 текше сантиметрге дейін және одан көп деп бөлінді. 50 текше сантиметрден кем мопедтер көлік деп танылмай, оны тіркеуден өткізу, жүргізуші куәлігін алу қажет емес деп айтылды. Бұл о бастағы қателік болатын. Себебі көлік деп жолдар мен тротуарларда сағатына 15-20 км-ден астам жүре алатын кез келген көлік құралы болуы тиіс. Велосипед, самокат, электрлі самокаттар – көлік құралдары», – деп атап өтті ол.
Сарапшы самокаттардың қозғалысы да реттеуді қажет екенін айтты.
«Мопед жүргізушілеріне куәліктің қажет болуы туралы, көлік құралын тіркеуден өткізуге қатысты норма дұрыс. Себебі мемлекеттік нөмір жүргізуші мен куәліктің болуын анықтауға мүмкіндік береді. Қандай да бір жол-көлік оқиғалары немесе бұзушылықтар болған жағдайда мопед тізгіндеген адамды жауапқа тарту мүмкіндігі болады. Қазір біздегі жағдай қандай? Мопед жүргізушілері ешқандай ережелерді сақтамайды, ол туралы білмейді. Мопедті жасөспірімдер тізгіндеп жатады, кейде арнайы бас киім де кимейді. Тротуарлар мен жаяу жүргінші жолдарында жүреді. Мысалы, Алматыда мопедтердің салдарынан үлкен хаос қалыптасты», – деп түсіндірді Алексей Алексеев.
Автосарапшы жаңа нормалар жол қозғалысына қалай әсер ететінін айтты.
Егер де мопед жүргізушілері ережелер бойынша жүретін болса, онда жол қозғалысы айтарлықтай қауіпсіз бола түседі, деп жалғастырды ол.
«Заңға қол қойылғаннан кейін ереже бұзған мопед жүргізушілеріне салынатын айыппұл сомасы қандай болатыны белгілі болады. Заң қабылданған соң 6 айдан кейін мопедтерге қатысты нормалар қолданылады. Құжатты ертерек қабылдап, күшіне енгізуге де болар еді. Оны неғұрлым тез қолданысқа енгізетін болсақ, осы жазда мопедтердің салдарынан жапа шегетін адамдардың саны да соғұрлым аз болады. Жаз мезгілі – мопед қозғалысының белсенді бола түсетін кезі», – деді спикер.
Сарапшының сөзінше, келесі қадам – бензин пайдаланатын мопедтерге біртіндеп тыйым салу.
«Электрлі мопедтерге көшу керек. Мәселен, Қытайда бензин пайдаланатын мопедтерге тыйым салынған. Оларда бұл көлік құралының саны көп», – деді автосарапшы Алексей Алексеев.
Айта кету керек, қазір міндетті тіркеуден өту нормасы болмағандықтан елдегі мопедтердің нақты саны белгісіз болып отыр.
Сарапшылар жаңа нормалардың күшіне енуі бұл олқылықтың орнын толтыруға септігін тигізеді деп сенеді.
Оның айтуынша, автокөлік иелері жеңіл автомобильге салық салуды қайта қарау мәселесін көп жылдан бері көтеріп келеді.
«Олар салық сомасын көліктің пайдаланылу мерзіміне және бағасына қарай белгілеу – анағұрлым әділетті болатынын алға тартады. Осыған байланысты жаңадан әзірленіп жатқан Салық кодексінің жобасында автомобильдің шыққан жылына қарай салық салу көлемін де саралап, дифференциациялау тәсілі ұсынылып отыр», – деді Премьер-министр.
Үкімет көлік құралдарынан жиналатын салық ставкалары үшін келесідей төмендету коэффициенттерін белгілеуді ұсынады:
шығарылғанына 10 жылдан 20 жылға дейін мерзім өткен автомобильдер үшін – 0,7;
шығарылғанына 20 жылдан асып кеткен автокөліктер үшін – 0,5 коэффициент.
Үкімет бұл шешімді мақұлдаған. Дегенмен, егжей-тегжейі әрі қарай талқыланады.
«Бүгінде бұл мәселе бойынша тәсілдемелер пысықталып жатыр. Ұсынылып отырған тәсілдемелер бойынша ақырғы шешім қабылданғаннан кейін жаңа Салық кодексінің жобасында нақты сандар көрініс табады», – деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
Дегенмен, «31 арнаның» мәліметінше, бірқатар сарапшы мұндай қадам арқылы Үкімет елде ескі көліктердің қаптауын ынталандырады деп қауіптенеді.
Өйткені, жеңілдікті несиелендіру бағдарламалары өзін ақтамады, елде жаңа көліктер үлесі артпады. Бүгінде азаматтардың көбісінің жаңа авто алуға мүмкіндігі жоқ.
«Біз ескі-құсқы автомобильдердің әрі қарай пайдаланылуын ынталандырмауымыз керек! Үкімет, керісінше, жаңа автомобильдерді сатып алуға қозғау салуға немесе оған басқа бір балама ұсынуға тиіс еді. Осы бағытта іс-шаралар кешені жүзеге асырылса, тек сонда ғана біз ескі машиналардың елге ағылуына тосқауыл қоя аламыз. Оған дейін жолдардағы қауіпсіздік, экологиялық тұрақтылық мәселесі жайына қалады», – деді «Ортақ жол» жол жүрісі қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов.
Көлік иелері қайта бұл шешімге қуануда. Жеке кәсіпкер Ерлан Сағымбайұлы көлік салығы қалта қағатынын айтады.
«Менің Lexus LX470 маркалы көлігім бар. Оған салық органдары 4 мың текше сантиметрден жоғары ставкамен, яғни 117 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық есептейді. Ал, бұл биыл 431 964 теңге. Оның үстіне қозғалтқышының көлемі 1500 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін салық сомасы қозғалтқыш көлеміне қатысты төменгі шектен асатын әрбір бірлік үшін 7 теңгеге артып отырады екен», – деді Ерлан.
Оған мемлекеттік кірістер басқармасы жарты миллион теңгеге жуық салық есептеп жіберіпті. Неге сонша көп салық салынатынын кәсіпкер сол бойы түсіне алмаған.
Оның көлігі жаңа емес, 2007 жылы шығарылған екен. Бірер жылдан соң жиырма жылға жуықтайды. Сондықтан ескірген көліктерге салықтың да төмендетілгенін қалайды.
«Өйткені Үкімет амортизацияны, яғни мүліктің тозуына қарай оның құндылығының да біртіндеп кемитінін ескергені жөн. Мен жыл сайын жарты миллиондап салық төлейді екенмін, кейін сатқым келсе, «темір тұлпарымды» өткізуден түскен қаражат сол салық шығындарын ғана «жаба» ма? Баспана да ескірсе, салығы азаяды ғой», – деді Ерлан Сағымбайұлы.
Бұған дейін осы мәселе бойынша Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл мәселе Үкімет тарапынан да, «Атамекен» палатасы тарапынан да талқыға салынуда.
Өйткені автокөлік құрастырушылар ескі көліктерге салықтың төмендетілгенін құптамайтын көрінеді. Өз өнімдерін сатып алушылар қатары ары қарай кемиді деп алаңдайтын болса керек.
«Шығарылғанына 20-30 жыл болған ескі көліктерге қатысты мәселелер көп. Біз оларға салынатын салықты кеміту үшін төмендетуші коэффициенттерді қолдануды ұсынып отырмыз. Әйтпесе, көнерген көлік үшін жаңа машинамен бірдей салық төлеткізген әділетті болмайды. Бірақ бұл бастамаға қарсыласушылар бар. Сондай-ақ халыққа түсетін салық жүктемесін азайтуға бағытталған басқа ұсыныстар енгізілді», – деді қаржы вице-министрі.
Мысалы, қымбат көліктерге қолданылу мерзіміне қарамастан, «салтанат салығын» салу ұсынылыпты. Сол арқылы салықтық жүктеме бұқара халықтан бай-бағыланға қарай аударылады.
Бірақ халықты бай-кедей деп бөле берген де жақсылық әпермеуі мүмкін. Қазақстан кеңес кезінде мұны басынан өткерді.
Дегенмен, ескі-құсқы көліктердің көбеюі проблемасы тек ушығуда. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны 5 миллион 378,9 мың бірлікті құрады.
Оның ішінде 88,1%-ы – жеңіл автомобильдер, 9,9%-ы – жүк автомобильдері және 2%-ы – автобустар.
Шығарылған жылы бойынша бүгінде:
20 жылдан асқан көнерген көлік санының үлесі – 45,1%,
10 жылдан 20 жылға дейінгісі – 23,6%,
7-ден 10 жылға дейінгілері – 12,9%,
3-тен 7 жылға дейінгі жаңа көліктердің үлесі – небары 12,1%;
автокөлік құралдарының тек 6,2%-ының шығарылған жылы 3 жылдан кем. Су-жаңалары осынша ғана.
Шығарылған жылы 20 жылдан асып кеткен жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 326,5 мың бірлік. Алматы қаласында – 189,4 мың, Жамбыл облысында – 166,4 мың, Қарағанды облысында – 162,9 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 155,2 мың көнерген көлік көшеде салдырлап жүр.
Президенттің тапсырмасымен, қазіргі кезде Үкімет, бизнес қоғамдастықпен бірлесіп, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеп жатыр.
Бұрынғы билік тұсында, 2017 жылы қабылданған «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Кодексті» ауыстыратын бұл құжат 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, күшіне енуі керек. Үкімет алдына сондай міндет қойылды.
Салық кодексі – өте күрделі, аса көлемді (қолданыстағысы 1 144 беттен және 780 баптап тұрады) құжат болып табылатындықтан, Парламентке оны мұқият, егжей-тегжейлі қарау үшін көп уақыт қажет болады. Сондықтан Мәжілістің де, Сенаттың да депутаттары қайта-қайта Үкіметке сауал жолдап, екі аяғын бір етікке тығып, асықтырып жатыр.
Өз сауалдарында парламентшілер Бектенов Үкіметінен Салық кодексі жобасын Парламент қарауына «өте қысқа мерзім ішінде» енгізуді талап етті. Сонда ғана қос палатадан тұратын депутаттық корпус кодекс жобасының әрбір нормасының жай-жапсарына қанығып, барлық жаңашылдықтарына талдау жүргізіп, тиісті ұсыныстарын енгізе алады.
Қазақстан Парламенті алдағы айдың басына дейін ағымдағы ІІ-сессиясын аяқтап, оқушылармен бірге жазғы каникулға кетпек. Депутаттардың байламынша, шабандық танытқан Үкімет оған дейін жаңа Салық кодексінің жобасын Мәжіліске енгізіп үлгермеуі мүмкін. Өйткені көптеген мәселеде бизнес ортамен келісімге келе алған жоқ. Ескі көліктерге салық ауыртпалығын азайту шешімін де әзірге толық қорғап шыға алмады.
– Бұл жайт туралы не ойлайсыз?
– Қылмыстық автобизнес пайда көлемі жөнінен қару-жарақ, есірткі саудасы және жезөкшеліктен кейін төртінші орында екенін айта кету керек. Қазір Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің көптеген азаматы келеңсіз жағдайға тап болды. Оны былай түсіндіруге болады. БАӘ-де көлік сатып алынған, бәрі тексерілді, бәрі дұрыс. Бірақ арада бір жарым жыл өткеннен кейін осы көліктің Канадада ұрланған көліктердің тізімінде екені анықталып отыр.
– Қандай да бір мысал келтіре аласыз ба?
– Атын атамай-ақ қояйын Қазақстанның бір азаматы 2022 жылы күзде БАӘ-де 98 мың долларға 2022 жылы шығарылған, қозғалтқышының көлемі 6,2 литр болатын, бар болғаны 1,5 мың миль жүрген Dodge Ram көлігін сатып алды.
– Ол көлікті нақты қай жерде сатып алған?
– Дубайдағы көлік салондарының бірінен алған.
– Машина қалай рәсімделді?
– Құжаттар толық болған. Автокөлік БАӘ-де рәсімделді. Сатып алушы көлікті БАӘ есебінен шығарып, оны Алматыға жеткізеді, кедендік тазарту, утильалымды және тағы басқасын – барлығын төлейді. Содан кейін Алматыда көлікті өз атына есепке қояды. Азамат машинаны тізгіндеп, салық төлеп жүреді.
– Одан кейін не болады?
– Адам автокөлікті қайта рәсімдеуге шешім қабылдағанда оған машинаның Интерпол жүйесі бойынша халықаралық іздеуде тұрғаны айтылады. Салдарынан көлік иесі машинаны не сата алмайды, не басқа тұлғаның атына қайта рәсімдей алмайды. Соңғы кеде Қазақстанда осындай машиналар саны көбейіп отыр.
– Алайда көлік иелері адал сатып алушылар ғой?
– Әрине, бірақ заңның аты заң.
– Әрі қарай бұл көліктердің тағдыры не болады?
– Олар айыппұл тұрағына жіберіліп, тексеру аясында трасологиялық сараптама тағайындалады. Көлік иелерінің қандай күйге түсетінін елестетіп көріңізші. Осы тұста бұл –тексерудің ұзақ уақытқа созылатынын атап өткен жөн. Себебі заңға сәйкес іздеу бастамашысына хабарланады. Бұл жағдайда Канада.
– БАӘ-дегі көлік салонының қызметкерлері машинаның Интерпол желісі бойынша іздеуде екенінен қалай хабарсыз?
– Себебі бұрын БАӘ ұрланған көліктерді іздеу бойынша Интерполдың жалпы әлемдік базасына кірмеген.
– Алайда көліктер БАӘ-ге әкелініп, олар кез келген адамға сатылды емес пе?
– Иә, автокөліктер БАӘ азаматтарына, келушілерге, оның ішінде туристерге де сатылды.
– Көліктер БАӘ-ге қай жақтан әкелінген?
‘– Бүкіл әлемнен әкелінді. Еуропадан негізінен өте қымбат машиналар, мәселен,  Rolls-Royce, Bentley және Maybach әкелінген. Бүгінде келесі схеманы көруге болады. 2024 жылы 13 ақпан күні Ресей Федерациясының, Орталық Азия республикаларының және Қазақстанның Интерпол базаларына соңғы 4-5 жылда Интерполдың интеграцияланған жаңартылған базасы келді. Қазір ол тізімде шетелде қолды болған 80 мыңнан астам көлік енеді. Өкінішке қарай, алаяқтар осы автокөліктердің осыған дейін Интерпол базасында болмағанын пайдаланып үлгерген. Деректер 13 ақпанда ғана түскен.
– Канадада қандай жағдай болды?
– Бүгінде біз осыны заңгерлер және компаниялар мен көлік салондарының өкілдерімен анықтау үстіндеміз. Нұсқалардың біріне көліктердің Канадада ұрлануы жатады. Содан кейін нөмірлер алынбай, қайта боялмай, аталмыш елдің порттарынан БАӘ-ге тікелей шығарылады.
Әрине, осы жерде Канада полициясына, кеден қызметіне, шекара қызметіне қатысты бірқатар сұрақ туындайды. Расында да, Солтүстік Америка континентінен шығу үшін жоғарыда аталған барлық инстанциядан өту қажет.
– Қолды болған көліктер Канададан қалай шығарылған?
– Жалған құжаттар арқылы деп болжауға болады. Себебі дәл осындай деректермен автокөліктер БАӘ-де есепке қойылып, одан соң БАӘ-ден Қазақстан азаматтарына сатылған.
– Осы мәселенің артында кім тұр деп ойлайсыз?
– Канаданың солтүстік провинциясы – Онтариода орналасқан қылмыстық құрылымдар болуы әбден мүмкін. Ұрланған көліктер бөтен адамдарға немесе кейін банкротқа ұшырайтын фирмалардың атына тіркеледі. Осы көліктерді сатып алу бойынша келісімшарттар жасалып, 5 немесе одан да көп пайызға бастапқы жарна төленіп, қалған соманы өтеу бойынша келісім жасалады. Кейін алаяқтар жалған құжаттар арқылы көліктерді БАӘ-ге жеткізеді.
– Сонда БАӘ оларға қандай көлік келе жатқанын білмей ме?
– Олай деп ойламаймын. БАӘ-нің жауапты тұлғаларының бірі алаяқтарға уақыт бойынша басымдық беріп, көліктерді қылмыстық автокөлік базасына бірден енгізбеуі мүмкін немесе көлікті тексеруге арналған уақытты барынша қолданады. Яғни автокөлік тексеріс тізімінде тұрған кезде оны Қазақстан азаматтарына сатып жібереді. Көлік ұрлаушылардың кәсіби жаргонында осыған қатысты арнайы сөз бар.
– Осы жағдайда көлікт адал сатып алған қазақстандықтарға қалай қол ұшын созуға болады?
– Канаданың құзыретті органдарымен байланыс орнатып, сақтандыру компанияларына хабарласу керек. Осындай жағдайды кездейсоқ деп түсіндіруге болмайтыны белгілі. Қолды болған көліктерді сатудан түскен жиынтық соманың шамамен алғандағы мәнін қоссақ, оның ірі сома екенін түсінуге болады. Әдетте ұрланған көліктер оның нақты құнының 50%-ына сатылады.
Бірақ бұл сатып алушы осы көліктің қылмыстық тарихынан хабардар болғанда ғана. Біздің жағдайда адамдар көліктердің толық құнын төлеген.
Көлікті адал сатып алғандарға енді қандай да бір жолмен көмек берген жөн.
«LMC Automotive», «Jato», «Focus2move» сынды сараптамалық компаниялардың есебіне сүйенсек, өткен жылы әлемде 42,7 млн жеңіл және жеңіл коммерциялық авто сатылған. Бүкіл сатылымның төрттен біріне ие Қытай сенімді түрде көш бастады. Одан кейін АҚШ, үшінші орында Жапония. Ал түрлі санкциялар салдарынан автоөндірісі тоқырап, Қытай көліктерін сатып алуда әлемдегі көшбасшыға айналған Ресей биыл ондыққа да ілінбей қалды. Осылайша Бейжің өнімдерімен әлемдік нарықты жаулауға бағытталған «Made in China 2025» бағдарламасының автокөлікке қатысты бөлігін мерзімінен бұрын орындады.
Жалпы пандемияға дейін бұйығы жатқан қытайлық автоөндіріс 2021 жылдан бастап ұйқысынан оянғандай болды. Сөйтіп, әлемге автокөлік сату жағынан 2021 жылы үшінші орынды иеленіп жүрген Оңтүстік Кореяны, 2022 жылы екінші орынды бермейтін Германияны басып озып, 2023 жылы Жапонияны артқа тастады. Мамандар қазіргі қарқыны сақталса 2024 жылы биыл екінші орындағы АҚШ та, Жапония да Қытайға ілесе алмай қалатынын айтады. Өйткені 2023 жылы әлемнің санаулы аймағын ғана «жаулап» үлгерді. Өткен жылы «Made in China» көліктері Ресей, Мексикада үлкен сұранысқа ие болған. Ал  Орталық Азия елдері, Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің автонарығын жарым-жартылай ғана «игерді». Азия елдерінің нарығын жаулау Қытай автоөндірісі үшін қиын тие қоймас. Ауыры Еуропа елдері. Өйткені еуропалық автоөндірушілер Қытай көлікті өз құнынан да төмендетіп әкелуде, мемлекет субсидиямен қорғауда, әділетсіз бәсекелестік орнады, деп Еурокомиссияға шағым түсіруде. Еурокомиссия қыркүйектен бері тексеру жүргізуде. Бірақ, нәтижесі шамалы болатын сияқты. Өйткені Қытай Еуропада электрокөліктер экожүйесін дамыту үшін 24 млрд доллар салған. Еуропалық автоөндірушілерді сатып алып, жеке зауыттарын салуда. Кейбір берндтермен бірлесіп автокөлік шығаруды жоспарлауда. Тіпті Еуропалық автонарықты жаулап алу үшін көліктің өзіндік құнынан да төмен сатуға дайын. Сөйтіп аты еуропалық, заты қытайлық автокөліктерді нарыққа шығарып жіберуге күш салуда. Бейжің бұған да қол жеткізуі әбден мүмкін.
Бейжің автоөндірушілері үшін алынбас қамал болып тұрғаны америкалық нарық. АҚШ билігі «Made in China» көліктерін алғысы келетіндерге көлік құнының 27,5% көлемінде алым енгізген. Америкалықтар бұдан соң, сенімді, отандық Tesla-ны мінгенді жөн көреді. Бірақ «Аспан асты елі» автоөндірушілері үшін Америка нарығынан басқа нарықтар та жеткілікті. Оларды игерген күннің өзінде сенімді, бірақ жүретін гаджетке айналып үлгерген қытай көліктерінің қасында сұрқайылау көрінетін жапон брендтері мен бензинқұмар америкалық «ауыр атлеттер» сатылым жағынан артта қалады. Бұған тіпті талай жылдар бойғы жинаған бедел мен сенімділік те әсер ете алмайтын сияқты. Үш-ақ жылда бүкіл ірі сатушыларды басып озып, әлемдік автонарықты өзгертіп жіберген қытайлық автоөндірістің қырқыны қатты. Алысқа бармай-ақ Қазақстан мысалын алсақ, өткен жылы көлік бағасы түсіп, автосалондар өздігінен жеңілдетілген кредит, бөліп төлеу бағдарламаларын ұсына бастады.
Белгілі автожурналист  Олжас Оқас өткен жылы елде жеңіл көліктің орташа құны 2,3%-ға төмендегенін айтады.
«2023 жылы автонарық толықтай қалпына келді. Елімізде авторитейл 60%-ға өсті. Бұл жаңа рекорд. Қазақстанда ешқашан мұнша машина сатылмаған. Биыл мемлекетімізде 200 мың жаңа көлік иесін тапты. Сатылған әрбір үшінші автомобиль Қытай маркасы. Жаңа брендтер қаптады. Соның арқасында бәсеке артқан. Тұтынушы диллерден жеңілдік талап етеді. Тиімді қаржылық бағдарламалар керек. Қара да тұр, көктемге дейін керемет акциялар болады. Өйткені толып тұр! Сатылмаған машиналар көп. Пандемияда бағасы 28 млн теңгеге дейін жеткен «Камридің» «көңіл күйі түсіп кетті», – дейді QAZ Kolesa KZ Youtube арнасындағы шолуында.
Мұны авто саласы туралы жазбасында қаржы шолушысы Ербол Азанбек те растайды.
«Қытай автоөндірісінің автонарыққа әсері биыл да жалғасады.  Аяқастынан ұйқыдан оянған батырларша жер-жаһанды жаулап бара жатқан Қытай автоөндірісінің әсері өздерінің ішкі автонарығын «өзгертуден» бастаған. 2023 жылға дейін өз өнімдеріне қарағанда Tesla мен еуропалық көліктерге көбірек аяқ артатын шығыстағы көршілеріміздің өздері де мыналардың сапасына сенейік пе, сенбейік пе деп, абдырап отырғанға ұқсайды. Мұны қытайлық ресурстардан да оқуға болады», – дейді шолушы.
Сарапшы әлеуметтік желідегі парақшасында Қытайдағы ең ірі ақпараттық агрегатор toutiao.com-дағы мамандардың бірінің пікірін жариялаған.
«Қазір автокөліктің түрі көп. Көпшілігі соңғы жылдары (жылы десе де болады) шығарылған, сапасының қандай екенін ешкім білмейді. Маңдай термен жинаған ақшаңызды «тәжірибе қояны» болуға жұмсамаңыз. Көптеген автошығарушылар сатылғаннан кейінгі кепілдік пен дұрыс техникалық қызмет көрсетуіне кепілдік бере алмайды. Сырты мен салоны әдемі, үлкен экраны бар, жылтыраған көлік көрсеңіз жабыса кетпеңіз. Шын мәнінде бұлардың түкке керегі жоқ. Бастысы көліктің сапалы болғаны. Қазір автоөндірушілер бұрынғыдай зерттеуге ақша жұмсамайтын болды. Шығарып жатқан көліктің көбі шикі. Жаңа үлгідегі көліктер жылдам жаңаланады. Бағалары да тұрақсыз. Бұрын көлік сатып алып, 2-3 жыл жүрсеңіз де құнын жоғалтпайтын. Қазір 1-1,5 жылдың ішінде көлік ескі саналады. Өйткені 1 жылға жетпейтін уақытта тура сол көліктің жаңа үлгісі шығады. Әсіресе электрокөліктер жылдам өзгеріп жатыр. Тіпті кейбір үлгілері 2 айдан соң жаңаланып кетіп жатыр. Зауыттар 2 ай бұрын шыққанды ескілеу үлгі деп санап, бағасын арзанға сатады. Сәйкесінше сіздің көлігіңіздің бағасы да құлдырап шыға келеді. Технологиялар тұрақтанғанша сенімді көлігіңіз болса сонымен жүре тұрыңыз. Қазір көлік сатушы адамдар көп. Алушылар аз. Сондықтан нарықта баға төмен. Бұрын 3-5 жылдық автокөліктер сенімді валюта саналатын. Қазір олай емес. Сату қиын, сатсаңыз тек арзанға ғана сатасыз. Бұрын 100 мың юаньға алып, 2-3 жыл мініп, кемінде 60 мың юаньға сатуға болатын. Қазір олай сату мүмкін емес. Өз көлігіңізді сатып жаңасын немесе қолданыста болғанын алайын десеңіз, екі жақтан да баға жоғалтасыз. Қазіргі жаңа көліктер өте арзан көрінгенімен, сіз ала салысымен құны тағы түседі. Сондықтан сенімді көлігіңіз болса, сонымен жүре тұрыңыз. Болашақта қазіргі түсініксіз модельдер түсінікті бола түскенде ауыстыру қиын емес», – дейді қытайлық сайттағы пікір иесі.
Сол сайттағы тағы бір ақпаратта жергілікті автоөндірушілерге сенімнің аздығы туралы айтылған.
«Gaohe Automobile былтыр таяушығыстық миллиардермен 40 млрд юаньдық келісім-шарт жасаған еді. Сол үзіліпті, енді банкрот бола ма, банкрот болса да таңқалмаймыз, бұл қытайлық автоөндірушілер үшін әдеттегі жағдайға айналды. Компания қазір жаңа жобаларын тоқтатқан, қызметкерлерін қысқартып, қалған қызметкерлеріне жеңілдіктерді тоқтатып, өздері соттасуға дайындалып жатыр екен, деген сыбыс бар. Компания мұны жалған ақпарат дегенімен, ІРО талаптарын орындап, сату көлемі туралы есебін жарияламаған. Сондықтан компанияның жағдайы мәз емес сияқты» – деп жазады сайтта.
Мұндағы Gaohe Automobile дегеніңіз HiPhi X, Y, Z деген маркаларды шығарушы.
Қытай көліктерінің 2023 жылы-ақ әлемде сатылмаған бұрыш қалдырмауының бір себебі де осы – сенім мәселесі. Жапон, неміс, тіпті америкалық автобрендтер сияқты өзін дәлелдеп үлгерген жоқ. Әрі түрлерінің смартфондар сияқты жиі жаңаруы да сенімді азайтып отыр. Мысалы, Тойотаның бір үлгісінің жаңару жиілігі 5 жылға дейінгі уақытты құрайды. Осы кезеңде әлемге тарап үлгереді. Бөлшектері де жеткілікті. Ал жыл сайын жаңартын қытай көліктерінің бөлшектері бір-біріне келмей, жаңарып кеткен соң құнын бірден жоғалтатыны бар, сенімге селкеу түсіре береді. Бірақ әлемдік түгілі ішкі нарығында бәсеке жоғары, бір-бірінен асып түскісі келіп, жаңа мүмкіндіктерді көбірек қосып, бағасын түсіріп, жиі жаңартудан жарысқан қытай автоөндірісінің жапониялық байыппен, сапалы көлік шығаруға уақыты жетпейтін, мұршасы келмейтін сияқты.
Сондықтан дәл қазір автонарықты өзгертіп жатқан қытайлық көліктердің 3 жыл көлемінде барлық мүмкіндігі толық белгілі болатын сияқты. Оған дейін жапондық, еуропалық, америкалық автоөндірушілер де қарап қалмас. Бәсеке үшін барын салуы, барын салудың арты жаңа автошешімдер туғызуы бек мүмкін.
Заң жобасының басты 2 жаңалығы бар.
Біріншіден, қолданыстағы Әкімшілік кодекстің «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерінен асыра отырып, автомотокөлiк құралдары мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» аталатын 334-бабынан әкімшілік ықпал ету шарасы ретінде ескерту жасау алып тасталады.
Яғни, көлігінің ауаны шектен тыс бүлдіретінін полиция біліп қойса және өлшеу кезінде онысы расталса, онда бұрынғыдай бірінші жолы жәй ескертумен құтыла алмайды.
Екіншіден, субъектілердің әртүрлі санаттары үшін айыппұлдар мөлшерін де ажыратып, градациялау енгізіледі.
«Бұл талап шығарынды газдарында ластаушы заттарының көлемі нормативтерден асып кететін автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдаланғандарға қатысты. Бұл ретте меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан заңды тұлғаларға да, жеке адамдарға да талап қойылады. Қандай да бір субъектілерге қатысты жеңілдіктер болмайды», – деп түсіндірді экономика министрлігінің Өңірлік даму департаментінің сарапшысы Ғалия Омарова.
Белгілі болғандай, белгілі эколог Мэлс Елеусізовтің ұлы, Алматы қаласы мәслихатының қазіргі депутаты Тимур Елеусізовтен тиісті ұсыныс түсіпті. Депутат тек қана жеке тұлғаларды, яғни ластаушы машинаны басқарған жүргізушілерді ғана емес, сонымен қатар бизнес нысандарын, компанияларды да жазаға тарту жөнінде бастама көтерген екен. Оның дәйектеуінше, қоршаған ортаны бүлдіретін көлік, әсіресе, жүк көліктері, автобустар және басқасы заңды тұлғаның меншігіне тіркелуі мүмкін.
Мұндай жағдайда олар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Себебі, қазіргі уақытта, депутаттың мәліметінше, «100% жағдайда, тіпті машина компанияға тиесілі болса да, тек қана жеке тұлғалар, яғни жүргізушілер ғана жазаланады».
Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі заң жобасына депутаттық жазалау тетігін де қосып отыр. Бұған бизнес қарсы. Олардың дәйектеуінше, бұл бизнестің онсыз да ауыр қаржылық жүктемесін арттыра түседі, әрі компанияға салынған айыппұлды рәсімдеу процедурасы күрделі. Одан гөрі жүргізушісінің атына енгізілген айыппұлды төлей салу жеңілірек көрінеді.
Бюджетті толтыра алмай жатқан билік бизнестен қосымша ақы жинағысы келіп отырғанға ұқсайды. Жалпы, Үкімет айыппұлдардың неше түрінен тұратын Әкімшілік кодексті «сауынды сиырға» айналдырып алды.
Эколог Райдин Қасымов ескірген, нормативтерге сай келмейтін көліктерді пайдаланатын заңды тұлғаларға бұған дейін де жаза қарастырылып қойғанын еске салады. Депутат жіті оқымаса керек.
«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін тағы да шамадан тыс жүктегелі тұр. Қажеті не? Заңды тұлғаларды осы үшін жазалау Әкімшілік кодексінің қазіргі нұсқасында да көзделген. Мәселен, ӘҚБтК-ның 333-бабында ластаушы заттары, шығаратын шуының деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды пайдаланса, шағын кәсіпкерге – 20, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 40, iрi кәсiпкерлiк нысандарына – 100 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салады. Мұндағы проблема сол, заңды тұлғаларға айыппұлды ресімдеу рәсімдері өте күрделі. Сондықтан уәкілетті органдар қолданыстағы осы жазаны қолданғысы келмейді», – деді Райдин Қасымов.
Автоәуесқой, белсенді Вадим Смирнов Үкімет осы арқылы болашақта халық пен бизнесті ескі көліктерін тездетіп, утилизацияға тапсыруға мәжбүрлеуі мүмкін деп жорамалдады. Ол Қазақстанда әрбір екінші автомобильдің «жасы» 20 жылдан асып кеткеніне назар аудартты.
«Мұны мен ойдан шығарып отырған жоқпын, Ұлттық статбюроның ресми статистикасы. Елімізде пайдаланылғанына 20 жылдан асып кеткен көліктердің үлесі 51%-ға жеткен. Яғни, көлік емес, қоқтық, қоқыр-соқыр. Қалғаны да оңып тұрған жоқ: тағы 21%-ының жасы 10-нан 20-жылға дейін барады. Яғни, жаңа көлік аз. Бұған кім кінәлі? Халық па? Биліктің өзі. Біріншіден, мемлекет ішкі автонарықты бірнеше олигархиялық топтың еншісіне тапсырып, өзге елдердің автоконцерндерінің келуіне тосқауыл қойды. Екіншіден, кедендік салықты, баж алымын, утилизациялық алымды тым жоғары белгілеп, қазақстандықтардың сырттан жаңа көлік әкелуін қатты шектеп тастады», – деді В.Смирнов.
Бұдан бөлек, енді елді қытайлық арзанқол көліктердің жаулауына жағдай жасап, жеңілдік, артықшылықтар беруде. Маманның пікірінше, қытайлық көліктердің басқасын айтпағанда, металының сапасы нашар, біздің климатқа ұзақ шыдамайтын көрінеді. Бірнеше жыл ішінде жылдам тозып, тот баса бастайды. Яғни, жұңғо елінен лек-лекпен ағылған машиналар бірнеше жылдан соң «автоқоқтықтың» (автохлам) үлесін күрт арттырмақ.
Сарапшы бүгінде қазақстандықтар ескі көлігін утилизацияға тапсырмайтынын жеткізді. Себебі, «Жасыл даму» АҚ көнерген көліктерді сатып алу бағдарламасын доғарған. Бұл да алда айыппұл нысанасына айналатын ауа ластаушы көліктердің санының артуына серпін берді. Демек, бұрынғыдай ескі көлік орнына жаңасын сатып алуға септесетін жеңілдікті сертификаттарды беруді қайта жандандырмай, бұқара мен бизнесті ескі көлігін пайдаланғаны үшін жазалауға болмайды.
Олар жайрап қалғалы тұрған «жәмән» машинасын еріккеннен, не соған бауыр басып қалғандықтан айдап жүрген жоқ. Елдің әл-ауқатының құлдырауы, табысы мен тұрмысының нашарлауы, көліктердің шамадан тыс қымбаттауы жұртты соған мәжбүр етті.
Заңды әзірлеушілер бұл талаптар тек «экологиялық мәселелерді шешу» үшін қабылданғалы отырғанын айтып, табандады.
«Талап тек қана халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау мақсатында енгізіледі», – деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
Өз кезегінде «Оператор РОП» ЖШС-ның орнын басқан «Жасыл даму» АҚ «скидкалы» сертификаттарды беруді доғарғанын растады. Тіпті мұрагері ретінде сол компанияның міндеттемелерін әзір орындамапты.
«ӨКМ Операторы кезінде қабылданған ескі көлік құралдары үшін төлемдер қылмыстық істерді тергеу шеңберінде рәсімдер аяқталғаннан кейін қарастырылады. Осы рәсімдер аяқталғаннан кейін жеңілдік сертификаттарының бағдарламасы жаңартылады. Қолданыстағы тәсіл 100% мемлекеттік акционерлік қоғам үшін жарамайды, себебі, ол ЖШС ұйымдық-құқықтық нысанындағы компанияға бағдарланған болатын. Қазіргі уақытта құқықтық нормативтік актілерге өзгерістер енгізу және ескі көліктер мен тозған агротехникаларды кәдеге жаратуды ұйымдастырудың жаңа тәсілін әзірлеу мәселесі пысықталуда», – делінген оның ресми сайтында.
Осы орайда компания «Оператор РОП» берген сертификаттардың мерзімі аяқталып қалғанын, оның иелеріне көлік сатып алу үшін санаулы күндер қалғанын ескертті.
«"Жасыл даму" АҚ отандық ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөлік сатып алуға берілген бұрынғы жеңілдік сертификаттарын пайдалану мерзімі 2024 жылдың 18 қаңтарында аяқталатыны туралы хабарлайды. Осыған байланысты барлық сертификат иелерінен жеңілдік алу үшін аталған сертификаттарды пайдалануын сұраймыз. 2024 жылдың 18 қаңтарынан кейін сертификаттардың қолдану мерзімін ұзарту көзделмеген», – деп мәлім етті «Жасыл даму».
Бірақ азаматтар «Оператор РОП» берген сертификаттарды автосалондар қабылдамайтынына шағымданады.
Билік осылай алдап, сазға отырғыза берген соң, азаматтар да, компаниялар да ескі автомобилдерін, тракторын, комбайнын, бульдозерін және басқа да ауыл шаруашылығы техникасын утилизацияға тапсырғысы келмейді, бұрап, құрап-сұрап ары қарай пайдалануға тырысады.
Ал оған жаңа заң жобасы мүмкіндік бермейін деп тұр.
Жаңа жоба бойынша «шығарындыларындағы ластаушы заттардың құрамы, сондай-ақ жұмыс кезінде олар өндіретін шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асатын автомотокөлік, басқа жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалану:
жеке тұлғаларға – 10 АЕК (2024 жылы – 36 920 теңге),
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК (184 600 теңге),
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (369 200 теңге),
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 айлық есептік көрсеткіш (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы олқылығын түземесе, яғни көнергенінен құтылып, оны жаңа көлікпен ауыстырмаса, сөйтіп, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта қолға түссе, онда:
жеке тұлғаларға – 20 АЕК,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 айлық есептік көрсеткіш (1 476 800 теңге) айыппұл салынады.
Жалпы, бұл салада қазақстандықтарға «ескерту» деген тетік араша болушы еді.
Мысалы, 2020 жылы ластаушы заттары қалыптан асатын көлігі барлардың үстінен – жалпы саны 7 849 әкімшілік іс қозғалса, соның ішінде 6 570 жағдайында бұқара мен бизнес ескертумен құтылыпты.
Содан бері жазалаушылардың тәбеті ашылды: 2021 жылы – 26 600 іс қозғалды, 20 412 жағдайда айыпталушыларды «ескерту» тетігі құтқарып алды.
Былтырғы 2022 жылы қозғалған әкімшілік істер саны 26 643-ке жетіпті. Оның ішінде 21 751 жағдайда тағы да ескерту көмекке келді. Яғни, орта есеппен 80%-дан астам жағдайда дәл осы тетік араша түседі.
Биліктің оны «суқаны сүймейтіні» де содан: жаңа заң арқылы ескертуді алып тастап, бірден жазалауға көшпек.
Әрине, ескі-құсқы автокөліктердің ауаны ластайтынын жоққа шығаруға болмайды. Ірі қалаларда солардың кесірінен, атмосферада аэрозольдердің үлесі 10 есеге, газдардың құрамы 25 есеге дейін артады.
Алайда ірі зауыт-кәсіпорындардың, мұржасы будақтаған ЖЭО-лардың, алып кен орындарының, «Байқоңыр» ғарыш айлағының, Ресейдің еліміздегі әскери сынақ полигондарының және басқасының залалы одан да алапат: сарапшылардың айтуынша, өзге аурулар сыртында, онкологиялық дерттердің кең таралуына да солар ықпал етуде. Ендеше оларға талапты күшейтпей, тыймай, халық пен кәсіпкердің нәпақа қылып отырған күш-көлігімен жағаласу қаншалықты әділетті?
Осы сала сарапшыларының пікірінше, кейінгі жылдары электромобильдер сатылымының артуы жаһандық мұнай тұтыну деңгейін шарықтау шегіне жеткізу процесін жеделдетуі мүмкін. Оның үстіне, үкіметтер батареямен жүретін көліктердің бағасын түсіру үшін субсидиялар бөліп, жасыл технологияны жетілдіруге көп күш салып жатыр.
Штаб-пәтері Парижде орналасқан және өнеркәсібі дамыған 29 ел кіретін Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) болжамынша, әлемдік мұнай тұтыну деңгейі өзінің шегіне осы онжылдықтың соңында жетіп, тәулігіне 103 миллион баррельді құрайды. Ал 2040  жылы тәулігіне тек 105 миллион бөшке мұнай өндірілмек.
«Ойынды өзгертуші – электрификацияға көшуге саяси қолдау. Соның нәтижесінде транспорт секторы тарапынан мұнайға сұраныс айтарлықтай азайып барады. Көлік саласы – қазба отынға жаһандық сұраныстың негізгі факторы», - дейді ХЭА-ның энергетикалық модельдеу жөніндегі маманы Апостолос Петропулос «Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында.
ХЭА-ның дерегінше, дүниежүзіндегі мұнайға сұраныстың 60 пайызы - көлік секторынан. Соның 10 пайызы - АҚШ-тың транспорт саласының үлесінде. Бұл көрсеткіштер азаюы керек. ХЭА-ның болжамынша, 2030 жылға қарай электромобильдер мұнайға әлемдік сұранысты күніне шамамен 5 миллион бөшкеге қысқартпақ.
ХЭА-ның өзге бір мәліметінше, бүгінде әлемде сатылып жатқан барлық автомобильдердің 13 пайызға жуығы – электромобильдер. Осы онжылдықтың соңына дейін бұл көрсеткіш 40-45 пайызға дейін өсуі ықтимал.
2015 жылы қабылданған Париж климаттық келісіміне сәйкес, жаһандық температура индустриалдық дәуірге дейінгі деңгейінен 2 градустан артық аспауы керек. ХЭА-ның мәлімдеуінше, бұл мақсатқа сәйкес келу үшін 2030 жылы дүниежүзілік нарықта сатылған көліктердің 70 пайызы электромобильдер болуы қажет.
Сатылым бұл белеске көтеріле ала ма, ол жағы әзірге белгісіз.
АҚШ-та General Motors, Ford, Stellantis тәрізді электромобиль шығарушылар соңғы апталарда бұндай машина шығаруды жеделдету жоспарынан бас тартты немесе кейінге қалдырды. Себебі жұмыс күшіне шығын көбейіп, пайыздық мөлшерлеменің біршама жоғары болуы өсімді баяулатып отыр.
Дегенмен, ұзақмерзімдік перспективада электромобиль аккумуляторларының арзандауы мүмкін. Сондықтан электр қуатымен қозғалатын көлік нарығы дамуын жалғастырады деген оптимистік болжам бар.
Қытайда арзанырақ
Сала сарапшыларының пікірінше, болашақта электромобильдерді енгізу жылдамдығы оның бағасына және зарядтау станцияларының көбеюіне байланысты болады. Қытай екі жағынан да басымдыққа ие.
Ұлыбританияның JATO Dynamics зерттеу фирмасының мәліметі бойынша, 2023 жылдың ортасында Қытайда орташа электромобильдің бағасы 31 165 еуро (33 964 доллар) тұрды. Және де мұнда ең арзан электр көлігі бензинмен жүретін ең арзан баламалы автомашинадан 8%-ға арзан болған. Бұл жаппай мемлекеттік субсидиялардың және электромобиль өндірісінде өте маңызды саналатын сирек металлдың қол жетімділігінің арқасында мүмкін болып отыр.
Электрлік көліктер Қытай нарығының төрттен біріне ие және бұл ел жаһандық өсімге жетекшілік етуі ғажап емес.
Америка Құрама Штаттарында, керісінше, электромобильдің орташа бағасы Kelley Blue Book автомобиль зерттеу компаниясының деректеріне жүгінсек,  53 000 доллардан асады, бұл бензинмен жүретін көліктен шамамен 5 000 долларға қымбат.
Америка Құрама Штаттары, сондай-ақ, қоғамдық зарядтау станцияларының жалпы саны бойынша Қытайдан біршама артта қалды. Электрлендіру институты қазан айында жарияланған ресми құжатына сүйенсек, Америка Құрама Штаттарында 52 000-ға жуық, Еуропада 400 000-дей, ал Қытайда 1,2 миллионға жуық қоғамдық зарядтау станциялары салынған.
Осыған қарамастан, ХЭА болжамынша, 2030 жылға қарай электромобильдер АҚШ-тағы жаңа автокөліктердің 50%-на дейін өспек. Өйткені, жетілдіріліп жатқан технология, бағаның түсуі және жанармай құятын станциялардағы қымбатшылық жүргізушілерді EV-ті таңдауға итермелейтін тәрізді.
Қытай автокөліктері Қазақстанның автонарығын құлдыратты. «Қазақстанның электрокөліктерге көшу жоспары 2023 жылы Қытай автокөліктерінен басталды» деген сөз қоғамда жиі айтыла бастады. Алайда әлемдік автонарыққа шолу жасасақ қытайлық автоөндірушілердің «қарамағына» тек Қазақстан ғана ілінбегенін байқаймыз және елімізде көршінің көлігінің көбеюіне әдемі дизайны, мықты мультимедиасы мен бағасы ғана себеп емес.
Сарапшылар мұны Қытай 2015 жылы іске қосқан Made in China 2025 бағдарламасы қарқынды іске асырыла бастағанымен байланыстырады. Бұл жоба аясында қытайлық көліктердің өндірісі мен сатып алу мемлекет тарапынан субсидияланады. Оның ішінде электрокөліктердің өзі мен аккумулятор сияқты бөлшектеріне бөлек көмек қарастырылған. Мысалы, ұзақ қашықтыққа қатынауға мүмкіндік беретін батарея шығарушылар мемлекеттен жеңілдетілген несие алады. Бұның «нәтижесі» – әлемдік автонарық аспан асты елінде шығарылған көлікке тола бастады. Ал Пекин үшін еліміз Еуропаға шығатын негізгі маршрут екені анық.
Бұны ресми деректерде айқындайды. Мәселен, Еуропаға тасымалданатын қытайлық көліктің 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді. Өзбекстан, Қырғызстан сияқты көршілермен қатар Қазақстанда да қытайлық көліктер ең арзандардың қатарында. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша біздің елмен салыстырғанда оларда баға 15-40% қымбат. Мысалы, Geely Coolray көлігінің Comfort мен Flagship жиынтығы Қазақстанда 12,5 млн теңге шамасында сатылады. Ал Ресейде 500 мыңнан астам рубльге қымбат, 2 млн рубль шамасында.
Осы және басқа да факторлардың әсерінен әлеммен бірге Қазақстанда да қытайлық көліктердің үлесі соңғы 5 жылдан бері тоқтаусыз өсіп келеді.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының дерегінше 2019 жылы 1304, 2020 жылы 2066, 2021 жылы 4019, 2022 жылы 12,5 мың көлік әкелінсе, биылғы жылдың алғашқы 5 айында ғана 16 333 авто жеткізілген.
Сондай-ақ, нарықтағы маркасы да көбейген. 2022 жылы 8 бренді сатылса, биыл олардың саны 9-ға жетті. Қазіргі кезде автонарықта Geely, Chery, Changan, Exeed, Haval, JAC, Jetour, FAW, Hongqi сынды маркаларды жолықтыруға болады. Бұдан бөлек биылғы желтоқсанда ресми сатыла бастайтын, бұған дейін «сұр» диллерлер ғана жеткізіп келген Zeekr суббрендтер бар. Бұл электрокөлікке сұраныс жоғары, сондықтан қазақстандық компания ресми диллер ретінде келісім-шарт жасады. Ал сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Бейжіңге барып Қазақстанда бірлескен зауыт ашу туралы келіссөз жүргізді. Қазір қазақстандық бірнеше компания қытайлық көліктердің ресми дистрибьюторы. Олардың кейбірі бірлескен зауыт ашуға да қол жеткізген. 2025 жылға қарай  Chery, Changan, Haval көліктері өз елімізде құрастырылады.
Қытай көліктерін ең көп сатып алушы – Ресей
Қытай автоөндірісінің қарқыны Қазақстанда ғана емес, соңғы 5 жылда бүкіл әлемде сезілуде. 2019 жылы Қытай әлемге млн-ның айналасында көлік сатса, 2022 жылы 27,06 млн көлік шығарып, 26,8 млн көлік сатқан. Оның 7,06 млн-ы электрокөліктер. Ал биылғы 1 тоқсанда ғана Германия мен Жапонияны артқа тастап, 1,069 млн көлік сатқан. 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 2,3 млн көлікті экспорттады.  Оның 800 мыңы немесе 34%-ы электрокөлік. Ең көп экспорттаушылар қатарында көршіміз Ресей (16,8%), Ұлыбритания 7,7%, Испания - 5,2%,  Бельгия (5,1%) мен Мексика (4,9%) бар.
Биылғы жылдың 1 жартысында Ресейде барлығы 397 894 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік сатылған. Оның 170 710 немесе жалпы сатылған көліктің 43%-ы қытайлық автоөндіріс. Көрші елде қытайлық 43 брендтің 169 түрі сатылады. Сол арқылы ресми Пекин ай сайын 1 млрд доллардан немесе 100 млрд рубльден аса пайда тауып отыр.
АҚШ төтеп тұр, Еуропа әлсіз қарсылық білдіруде
Әзірше Қытайлық көліктерге төтеп беріп тұрған нарық АҚШ қана. Олар Қытайдан көлік кіргізуге қатысты алымды көлік құнының 27,5%-ына жеткізген. Сондықтан америкалықтарға  өзін дәлелдеп үлгермеген China -лыққа қарағанда өз елінде шығарылатын Tesla-ға үміт арту арзан болып тұр. Айтпақшы, Tesla қытайдың өзінде де сатылым жағынан көш бастап тұр. Мысалы, 2022 жылы қытайдағы зауытта шығатын Tesla Model Y -нің 771,30 мың данасы сатылған. Одан кейінгі орында BYD Song Plus. Оның 477,09 данасы сатылған. Үшінші орында тағы бір Tesla Model 3, қытайлар оның 476,34 мың данасын алған.
Jato Dynamics зерттеуінше, Еуропа елдерінде негізінен электрокөліктер мен гибрид сұранысқа ие және олардың көлемі көбейіп келеді. 2020 жылы қытайлық электрокөліктердің Еуропа нарығындағы үлесі – 1,1%, 2021 жылы – 2%,  2022 жылы  – 4,2% болса, 2023 жылдың бірінші жартысында ғана 5,6%-ды құраған. Еуропалықтарды арзандығы, толық жабдықталуы қызықтырады. Алайда бұл «Кәрі құрлық»  өндірушілеріне аса ұнамайды. Бәсекелестікке қатысты шағым көбейген соң биылғы 13 қыркүйекте Еурокомиссия Қытайдың ішінде электрокөліктерге берілетін субсидияға қатысты тексеру бастады. Олардың пікірінше, бұл бағаны әдейі төмендетуге әкеледі. Сол арқылы еуропалық өндірушілерді  қорғау ниеті барын да байқатты. Алайда оның нәтижесі қалай болары белгісіз.
Соған қарамастан ЕО-да «Made in China» көліктерінің саны артуда. Қытай тарапы бұған қарсы еуропалық автоөндірушілерді сатып алып, жеке зауыттарын салу арқылы күресуде. Мысалы, Geely  Volvo-мен бірге Polestar брендін шығаруда.
Stellantis сарапшылары қытай бұл бағыттағы жұмысын жалғастырады, деп есептейді. Олардың пайымынша, қытайлық өндірушілер еуропа нарығын жаулап алу үшін өз құнынан төмен, шығынға бату жолымен сатуға дайын. Rhodium консалтингтік компаниясының есебінше, өткен жылы қытайлық компаниялар Еуропада электрокөліктер экожүйесін дамыту үшін 24 млрд доллар салған. Бұл Қытайдың Еуропаға салған тікелей инвестициясының жартысын құрайды. Сондықтан жақын ел бізді айтпағанда Еуропаның өзі «Аспан асты елі» автоөндірісінің тегеурініне төтеп бере алмайтын сынды.
Жалпы қытайлық автоөндірісшілер 2023 жылы 4  млн көлікті экспорттауды жоспарлаған. Алайда бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жоспарларын 5 млн көлікке арттырды. Осылайша 2023 Қытай автокөліктерінің әлемді жаулауды бастаған жылы деуге болатын сияқты.
Әлі де сенімге ие болған жоқ
Алайда арзан баға, мықты мультимедиа, әдемі дизайнмен әлемді таңқалдырған қытайлық көліктер әлі де сенімге ие болып үлгерген жоқ. Жаңа маркалардың көпшілігі 2022-23 жылдары ғана нарыққа енгенін ескерсек,  сапасы, төзімділігі, бөлшектерінің қолжетімділігі қаншалықты болатынын тап басып айту қиын.
Қазақстандық автосарапшы Евгений Кубеков «қытайлықтардың» күн, сағат емес, тіпті одан да жылдам өсіп келе жатқанын, бірақ «таяқтың екінші ұшы барын» айтады.
«Гуанчжоулық, ухундық, немесе чунциндық автокөлік қағазда қанша жақсы болса да, біздің жағдайда, біздегі шынайы өмірді сүруге тура келеді. Дұрыс қызмет көрсету мен бөлшексіз, ең жақсы дегенде 3-4 жыл жүрер, ары қарай «бас ауруына» айналады. Тіпті ресми түрде ашылған, сервис орталықтары бар брендтердің өзі сізге болашақта,  тіпті бірнеше жылдан соң бөлшектерінің қолма-қол болатынына кепілдік бермейді. Қазірдің өзінде бұл мәселе. Мен «сұр» жолмен жеткізілген, «бәрі алып жатыр, мен де аламын» деген принциппен алынған  көліктер туралы ештеме демей-ақ қойдым», – деп жазады әлеуметтік желідегі парақшасында сарапшы.
Ол сондай-ақ ол бөлшектерінің бағасын көрсеткен.
«Мысалы, колодка 70 000 – 100 000 теңге тұрады. Жарық шамдары көлік құнының оннан бір бөлігі және оны үш ай күту керек. Беріліс қорабы 7 мың доллар шамасында, әрі ұзақ күту керек. Егер кепілдік болса жақсы», – деген сарапшы адамдардың қытайлық көліктерге тұрмыстық техника сияқты мультимедиа, жылытқыш, диодты жарық шамдары сияқты аса маңызды емес нәрселерге қарап таңдайтынына таңқалған.
Сарапшының сөзін ресейлік мамандар да растайды.
«Қайталама нарықта қытайлық автокөліктер жапониялық немесе кореялық көліктерге қарағанда  бағасын жоғалтады. Бірінші жылдан кейін шамамен 15-20% арзандайды. Сонымен қатар Ресейге қытайлық брендтердің бөлшектері тұрақты жеткізілмейді. 90% бөлшектер нарықта бар. Бірақ қалған 10%-ын, мысалы көлік апаты жағдайында, Қытайдан тапсырыс беруге тура келеді. Жеткізу бірден үш айға дейін созылады», – дейді автосарапшы Илья Назаров avtocod.ru сайтына берген сұхбатында.
«Известия» сайтының жазуынша Ресейде 2023 жылы зауыттан шыққанына 4 жыл толмаған қытайлық көліктердің 35%-ы ТЖО-ларға жүгінген. Негізгі мәселелер металл коррозиясы, жүріс бөлігі мен электроникасының сапасына қатысты. Сарапшылар көрші елден шыққан көліктің ауа-райы мен жолға бейімделмегенін де атап өткен.
Бұған қоса, жыл басынан бері бензин 10%-дан астамға, ал дизель – 20% қымбаттап шыға келді. Үкіметтегілер мұндай қадам ішкі отын нарығын тұрақтандыру және Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмашылығын төмендету үшін қажет деп шешті. Тиісінше, республикада бензин мен дизельді отын көмегімен қозғалатын автомобилдер де қожайынының қалтасын қағады.
Нәтижесінде электромобильдер қалады. Электр қуаты көптеген өңірде жеке тұлғалар үшін салыстырмалы түрде алғанда арзандау күйде қалып тұр. Ал заманауи электрлі көліктерді қарапайым розеткалы электрлік ұзартқышпен (пилотпен) де қуаттандыра салуға болады. Ол үшін арнайы қуаттандырғыш станцияларды сабыла іздеп жүру қажет емес.
Алматылық студент және банк қызметкері Ерлан Райым қазіргі сәнді трендтерден қалыспай, заманмен бірге адымдауды жөн санайтынын айтады. Қызмет орнына велосипедпен, электросамокатпен баруды жөн санайды.
«Дос қызым жақында элетромобиль иелерінің думан-тусовкасына ертіп барды. Содан бері көліктің осы түріне ауысуды ойластырып жүрмін. Таза көлік, табиғатты ластайтын эмиссиясы – нөл. Әрі шетінен әдемі. Ақша үнемдеуден де кетәрі емеспін, жанар-жағармай тоқтаусыз өсуде. Жаңа таныстарым шетелден қалаған электромобильді айдап әкелетін кісілердің байланыс нөмірлерін берді. Хабарласып, каталогын алдым. Енді пікір жинап, таңдаймын. Егер үлгерсем, бұл көлік түрі үшін баж бен көлік салығын да төлемеймін», – дейді Ерлан.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің маманы Мақсат Ақмұратов кеденде электромобильді тегін рәсімдеуге болатынын растады.
Оның айтуынша, бұл үшін біріншіден, ол адам Қазақстан азаматы болуға, екіншіден, елімізде тұрақты тұруға тиіс. Сонда азаматқа өмірінде 1 электромобильді жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат етіледі: бұл үшін ол кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатылады.
Бұл мүмкіндік Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» №107 шешімінің 3-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған.
Мүмкіндікті қалай пайдалануға болады?
«Кедендік рәсімдеуден өту үшін Қазақстан азаматы кеден бекетінің инспекторына жүгінуі керек. Ол Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, көлікке меншік және қолдану құқығын растайтын құжатын ұсынуға тиіс. Сондай-ақ ол аталған тауарға ілеспе құжаттарды, соның ішінде CMR, тауар-көлік жүкқұжатын, инвойсты, көлік құралының паспортын көрсетуі қажет. Азамат жолаушылардың кеден декларациясын өз қолымен толтырады. Бұл ретте декларация бланкісін алуға және декларацияны толтырып, тапсыруға да ешқандай ақшалай төлем жасау қажет емес», – деді маман.
Ол электромобилді тегін рәсімдеген азаматтарға 1 шектеу енгізілетінін еске салды: кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде осы көлікті Ресей азаматтарына немесе Ресейде тұрақты тұратындарға сатуға, солардың пайдалануына беруге, билік ету құқығына тапсыруға тыйым салынады. Үш жылдан соң оған да рұқсат.
Бірақ Ерланның «биыл үлгерсем» деп отырғаны бекер емес.
Сарапшылардың түсіндіруінше, бұл жерде Қазақстанның өзі Еуразиялық одақтың шектеуіне ілігіп отыр. Содан Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің 7.1.38 пунктіне сәйкес, Қазақстан азаматтары шетелден қалаған көлемде электромобиль әкеле алмайды. Еуразиялық одақ Қазақстанның жеке тұлғалары үшін қатаң квота бекітті. 2023 жылы біздің азаматтар тек 15 мың дана электромобилді ғана алым, салықсыз әкелуге құқылы.
Салықшылар бұл квота жылда тез таусылып қалатынын ескертеді. Сондықтан сырттан электрлі көлік әкелмес бұрын алдымен жергілікті мемкірістер органына жүгініп, квотаның бар-жоғын анықтап алыңыз.
Қазақстанда электромобильдер тасумен айналысатын фирмалар мен жеке тұлғалар саны жыл санап көбейіп келеді. Инстаграм тиісті хабарландыруға толып тұр. Бірақ арасында алаяқтардың да барын ұмытпаған, әбден тексерген, өзге клиенттерінің пікірін білген жөн. Осы іске маманданған астаналық компанияның өкілі Дамир қазақстандықтар арасында АҚШ пен Қытай электромобилдері танымал екенін айтады. Мысалы, қытайлық жол талғамайтын сәнді, салтанатты көліктердің су жаңа моделінің құны 57 мың доллардан (25 млн теңгеден) басталады. Ұсталған электромобильдер, әрине, арзанырақ тұрады.
Бүгінде бірқатар қазақстандық фирмалар шетелдік ірі автоорталықтармен, салондармен және аукциондармен тікелей ынтымақтастық құруда. Бұларда көлік түрін іріктеумен және жеткізумен майталман мамандары айналысады. Кейбір фирма квотаға алдын ала кіргізу қызметін де көрсететін көрінеді.
Біле жүріңіз: лайфхак, кеңестер
Дамирдің мәліметінше, фирма эксперттері шынымен білікті болса, онда мысалға, Америкадан жеткізілген машина Қазақстанда сатылатын автоға қарағанда 40%-ға дейін арзанға түсу мүмкін.
Бірақ алаяқтарға тап болып, аузы күйіп жатқандар да жетерлік.
Көліктер шетелден теміржолмен де, тіпті ұшақтармен де тасылады. Бірақ жалпы алғанда, ең танымал тәсілі – Каспийдегі теңіз порты арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген автокөліктер арнайы автовозбен теңіз портына жеткізіледі. Сонда жұмысшылар машиналарды мамандандырылған тасымал контейнеріне орналастырып, бекітеді. Ары қарай контейнерлер жүк кемесіне тиеледі. Ақырында Ақтау портына жеткізілуі мүмкін.
Дегенмен әсіресе, Батыс елдерінен көлік тасу ұзақ уақытты алады. 30 күннен асуы мүмкін. Кезек зор болса, одан да ұзайды. Жеткізудің нақты мерзімін компанияның менеджерінен нақтылаған жөн.
Қалай болғанда, теңіз арқылы әкелу – барынша сенімді, қауіпсіз тасымал түрі саналады. Мамандардың мәліметінше, аса қымбат және  ретро автомобильдер жеке контейнерде тасылады. Ал өзге көліктердің бірнешеуі 40, 45 футтық бір тасымалдау контейнеріне тоғытылады.
Бірқатар компания клиентіне контейнердің түрін таңдауына мүмкіндік береді.
Жиі қолданылатын контейнердің түрі:
Стандартты 20 футтық контейнер. Ішкі мөлшері: ұзындығы – 5,89 метр, ені – 2,33 метр, биіктігі – 2,38 метр. Көлемі – 33,18 текше метр. Рұқсат етілген ең жоғарғы жүктелуі – шамамен 19 тонна.
Стандартты 45 футтық контейнер. Ішкі мөлшері: ұзындығы – 13,56 метр, ені – 2,35 метр, биіктігі – 2,70 метр. Көлемі – 86 текше метр. Максималды жүктелуі – шамамен 27 тонна.
Биіктігі арттырылған 40 футтық контейнер. Ішкі мөлшері: ұзындығы – 12,01 метр, ені – 2,33 метр, биіктігі – 2,69 метр. Көлемі – 76,28 текше метр. Ең жоғарғы жүктелуі – шамамен 22 тонна.
Бұлардың барлығы тек жеңіл көліктерді әкелуге есептелген. Ауыл шаруашылығы техникасы басқасымен тасылады.
Мамандар жеткізу құны мемлекетіне, көлік маркасына қарай әртүрлі болып келетінін жеткізді. Демек, оны да менеджерден анықтап алған жөн. Беделді жеткізушілердің сайттарында «жеткізу калькуляторы» бар. Автомобиль порттарға неғұрлым жақын болса, жеткізу бағасы да соғұрлым арзанға түседі.
Барлық фирмаларға ортақ баға саясаты не тарифі жоқ көрінеді. Әрбір тасымалдаушы компания өз бағасын әралуан қағидаттарға негіздеп, әртүрлі қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан бір компаниямен немесе жеке тұлғамен кездесіп, соның айтқанына көніп, ығына жығыла салмай, көлік таситын бірнешеуімен келіссөз жүргізген абзал. Кейбір тасымалдаушылар жеткізу тарифінде тіпті автоның маркасын ғана емес, оның жасын да қосады. Салдарынан бағасы қатты құбылуы ғажап емес.
Сарапшылар тасымал шығыстарының бастапқы аталған құны ақыр соңында өзгеріп кетуі ықтимал екенін қаперге салады. Бұған түрлі фактор ықпал етіп жатады. Мысалы, егер автомобилдің барлық қажетті құжаттары толық болмаса, талап етілген қағаздары жеткенше жүктің портта қаңтарылып тұрып қалуына қатысты қосымша шығыстар туындайды.
Әрбір мемлекеттен жеткізілетін көліктен нақты қандай құжаттар тізімі талап етілетінін алдын ала білген жәнф сақадай сай еткен маңызды. Мұны да маман түсіндіруге тиіс.
Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өткізген брифингте белгілі болды.
Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz ресми сайтында іске қосылады. Өтінім беру үшін өтініш берушінің қол астында компьютері, электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ), интернеті болуы қажет, сондай-ақ автоөндірушілерді алдын ала таңдауы шарт. Платформаға тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге болады.
«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде тек телефон нөмірін енгізіп, автоөндірушіні таңдап, өтінімге қол қоюы керек. Өтінімнің тіркелу фактісін «Жеке кабинет» арқылы тексере алады», – деп атап өтті Өнеркәсіпті дамыту қоры» өкілдері.
Айта кету керек, платформа Бағдарламаға қатысушылардың пулын қалыптастырады. Енді бұл дилерлік орталықтарда және банктерде жүзеге асырылмайды. Өтінімді бергеннен кейін автоөндірушіні өзгертуге болайды.
«Мұның барлығы бағдарлама барынша әділ жүзеге асырылу үшін, халық тарапынан сын болмау үшін ұйымдастырылды», – деді Өнеркәсіпті дамыту қоры» өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айында бастау алды. Оны іске асыру үшін екінші деңгейлі банктерге («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Еуразиялық Банк» АҚ) 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 12,6 мыңнан астам адам несиеге көлік алды. Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.
Қор дерегінше, бүгінгі таңда тағы 761 адам жеңілдетілген авто несие рәсімдей алады. Себебі қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат 7,6 млрд теңгені құрайды.
«Бүгінгі таңда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды. Осы деректерді ескере отырып, пилоттық платформаның алғашқы іске қосылу барысында 761 өтініш берушіге дейін тіркеле алады. Өтініш берушілердің осы санына жеткен кезде платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады, ал «Өтінім беру» функциясы белсенді болмайды», – деді қор өкілдері.
Кейіннен платформада өтінімдерді қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам өтініш берушіні тіркеуге мүмкіндік береді.
Ал қазақстандықтардың өтініші қандай жағдайда қабылданбауы мүмкін?
1. Бұған дейін Бағдарлама аясында автонесие алған болса;
3. Платформада өзекті өтінімі болса.
Жеңілдетілген автонесиелеу платформасы өтінім берушілер мен автоөндірушілерге, сондай-ақ жобаға қатысушы банктерге өтінімнің мәртебесін бастапқы кезеңнен бастап автомобиль берілгенге дейін онлайн қадағалауға мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады:
• 1 автомобильдің құны – 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайды;
• қаржыландыру сомасы – 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық емес;
• қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
• бастапқы жарна – 0% бастап;
• кредит беру валютасы – теңге;
• сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушының автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге қою) бойынша шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс;
• түпкілікті қарыз алушылар сақтандыру және отандық өндірістің жеңіл автокөлігін кепілге ресімдеу бойынша шығыстарды төлейді.
Бағдарламаға қатысатын автоөндірушілердің тізбесі:
• «САРЫАРҚААВТОПРОМ» ЖШС;
• «HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN» ЖШС.
Соңғы транштың сыры
Көлік алғандардың бар екеніне ешкім күмән келтірмейді, бірақ жаңа авто мінгендердің саны 10 мыңнан асты деген ақпаратқа сену қиын. Оны былай дәлелдеуге болады. Қордан соңғы бөлінген транш – 10 миллиард теңге. Еуразиялық банк бұл қаражат тек қана «Hyundai» брендінің өнімін алуға болады деп кесіп айтты. Бұл бір компанияны ғана алға сүйреп отырған лобби емес пе деген заңды сұрақ туындайды. Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева неге бұл сома тек біржақты жұмсалатынын түсіндіріп көрді.
«100 миллиард теңге екі көлік өндіруші компанияға теңдей бөлінді. Әуелі «СарыарқаАвтоПром»-ға берілді. Қалған бөлігі «Hyundai Trans Kazakhstan»-ға тиесілі. Соңғы аударымға келер болсақ, ол тек екінші компанияның үлесі. Бұл жерде Сарыарқаны шеттетіп тастады деген сөз емес. Олар өзіне тиесілі қаражатты игеріп қойды», – дейді қауымдастық өкілі.
Сөз бен іс сәйкес келе ме?
Бір қарағанда ойға қонымды ақпарат. Бірақ көлік өндірушілердің Үкіметке беретін есебіне күмәнмен қарайтын азаматтық қоғам өкілдері бар. Олар тіпті, өздері кезекке тұрып, бағдарламаның іске асу процесін көріп отыр. Журналист, қоғам белсендісі Диас Нұрақын, «Hyundai» маркалы көлікті салоннан жеңілдетілген несие арқылы алуға кезекке тұрған. Банктың мақұлдауын алған. Алайда одан бері 5 ай уақыт өтіпті. Компания уәде еткен темір тұлпары әлі жоқ. Соған қарап, компанияның ай сайын 4 500 емес, 450 көлік шығара ма деп күмәнмен қарайды. Себебі журналистің 5 ай ішінде кезегі 416-шы орыннан 109-ға әрең жылжыған.
«Бұлардың көлікті қарқынды шығарып жатырмыз дегені өтірік. Үкіметке ақпарат беріп қойып, министрліктен отандық автоөндірісті дамытуға деп субсидия алып, тып-тыныш отыра беретін сияқты. Қазір салондарды байқасам, көлік шығарумен емес, көлікті алып-сатумен айналысып кетті. Жалпы менің ойымша, салондар мен банктер ауыз жаласып алған сияқты. Себебі жеңілдетілген несие де жоқ, көлік те жоқ деп алып, 20-22 пайыздық автонесиені ұсынатынды шығарған. Мұны тексеру қажет» – дейді қоғам белсендісі.
«HYUNDAI»-дың хәлі қалай?
Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген транштың соңғы бөлігі, 10 миллиард теңгені алған «Hyundai Trans Kazakhstan» қазір қандай хәлде? «Astana Motors» компаниясы баспасөз қызметі Қазақстандағы зауыт «Hyundai Accent» және «Hyundai Creta» модельдерін шығаруды уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Оған «геосаяси жағдай себеп. Көктемнен бері Ресейден жабдықтар жеткізілмейтін болды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жабдықтарды пайдаланып жұмыс істеді» дейді. Жаңа бөлшек жоқ, бары біткен. Яғни бөлінген қаражатты игеру өз алдына, кезекке тұрып, жаңа автодан дәмелі азаматтар өзі таңдаған жоғарыда аталған маркаларды ала алмай қалуы мүмкін. Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті алаңдауға негіз жоқ деп бұқараға басу айтты.
«Hyundai-ға сұраныс бар. Кезекте 57 мың адам тұр. Шықпайтын екі көліктің орнын алмастыру ойда бар. Одан бөлек, «Elantra», «Sonata», «Tucson» көліктері бар», – дейді Анар Мақашева.
Таңдау бар болса, неге шағым азаймай тұр?! Ресми тұлғалардың келтірген көлік түрлерінің нарықтағы бағасына тоқталайық. «Elantra» 13-14 миллион теңге, «Sonata» 15-18 миллион теңге, «Tucson» 18-22 миллион теңге. Ал банктер 10 миллион теңгеге дейін ғана қаржыландырады. Артылған сома сатып алушы өзі табуы керек. Мұның несі жеңілдетілген несие деген заңды сұрақ туындайтыны анық.
Концерннен жеткен «inside»
Геосаяси оқиғаның кесірінен зардап шеккен, автоөндіруші компания (егер осылай атауға келсе) конвейерден түсіп қалған маркалардың орнын жаңа өніммен толықтырмақшы. Ресейдегі зауыт тоқтады, енді жаңа көлік түрі мен бөлшектер Түркиядан әкелінеді. Бұл ақпаратпен автоблогер Олжас Оқас бөлісті.
«Екі жаңа модель ұсынылайын деп жатыр. Таяуда сертификаттаудан өтті. Атауы – «Hyundai Bayon» және «Hyundai i20». Осы «Creta» мен «Accent» деңгейіндегі көліктер. «Hyundai» балама нұсқа іздеп, Түркиядағы әріптестерімен сөйлесіп, сол жақтан көлік комплектілерін әкеліп, Алматыда құрау туралы келісім шартқа қол қойды. Бұл инсайд ақпарат», – деді маман.
Түйін
Яғни компания жаңа көлік түрін әкеліп, тапшылықтың орнын толтырмақшы. Өндірістен алынып тасталған авто түрін таңдаған азаматтар не істейді? Қайта құжат жинауы тиіс пе? Кезектегі орнын жоғалтып алмай ма? Жаңа модельдер қашан жинала бастайды? Оның бағасы қандай болады? Көріп тұрғандарыңыздай, сұрақ өте көп. «Hyundai Trans Kazakhstan» болса үнсіз. Жұрттың шыдамы шегінен жетуге жақын.
100 миллиард теңге бөлінген бағдарлама револьверлі несие жүйесі аясында, «айналымды» механизге айналуы тиіс. Түсінікті тілмен айтсақ, автонесие алған азаматтар ай сайын төлем жасайды. Жиналған сома қайтадан 4 пайызбен кезекке тұрғандарға жеңілдетілген пайызбен берілуге тиіс. Бұл бағдарлама қыркүйектен бастап іске асатынын білдік. Оның өзі «өзім» дегендерге беріліп, жоққа айналмаса жарар еді. Неде болса, келер айда автонарықта жаңалық көп болатын сияқты.
Айбек Қосан
Бұл туралы жақында Алматыда өткен БАҚ-пен кездесуде Қазақстандағы Chery өкілдері хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, ресми дистрибьютор «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді.
Бренд жақсы жылдамдықпен көшбасшылыққа ұмтылуда. 2022 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Chery Қазақстандағы ең танымал автобрендтер рейтингісінде Renault, Nissan, Volkswagen-ді басып озып, сегізінші орынға жайғасты. Қазақстандық сатып алушыларға ұнамды модель – Chery Tiggo 7 Pro, брендтің жалпы сатылымында оның үлесіне 55% келеді.
Автосарапшылар мен әлеуетті клиенттер қытайлық концерннен бұдан да технологиялы жаңа өнімдерді қызығушылықпен күтеді, ендігі жерде қытайлық дизайнерлер Pro «төрттігіне» әзірлеген youthful fashion ұранын ескере отырып, Chery Tiggo 4 Pro – «жастарға арналған сәнді модельге» алдын ала тапсырыс беру басталды.
Айта кетейік, жаңа өнім арналған жас санаты – 36 жасқа дейін.
Модельді америкалық GM-нің бұрынғы дизайнері Стив Юмның басшылығымен халықаралық Chery дизайнерлер командасы құрды. Стивтің Cadillac, Chevrolet, Buick of China, South Korea, California General Motors-та жұмыс өтілі бар.
Жаңа Tiggo 4 Pro жаңартылған сыртқы және ішкі көрінісімен, жақсартылған қауіпсіздік жүйесімен және жаңа технологиялы ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Pro «төрттігінде» 3D-матрица стиліндегі радиатор торы, тартымды жеңіл қорытпалы дискілер, диагоналы сәйкесінше 7 және 10,25 дюймдік аспаптар тақтасының жаңа дисплейі және мультимедиа, интерьердің атмосфералық көмескі жарығы және жүргізуші мен жолаушылар үшін көбірек жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да опциялар пайда болды.
Tiggo 4 Pro толық жиынтығында турбоүрлеммен 4 цилиндрлі қозғалтқыш бар, ол жаңартылған CVT25 трансмиссиясымен бірге 210 Нм (1750~4000)/147 а.к. қуат береді.
Айтқандай, CVT25 әлемнің үздік беріліс қораптарының ондығына кіреді деп есептеледі.
Қытайдан қызмет көрсету орталықтары үшін авто және түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді тікелей жеткізу – Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторының басты артықшылықтарының бірі. Әлемдік автонарық пандемиялық және геосаяси дағдарысқа байланысты логистикада қиындықтарға тап болып жатқанда Chery Уху (Аньхой провинциясы) – Алматы бағыты бойынша тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз етуде.
Ухудан Алматыға дейінгі жол екі аптадан сәл асады, қазіргі уақытта Tiggo 4 Pro легі Қазақстан-Қытай шекарасында, сондықтан ықшам қалалық кроссовердің сатылымы жақын күндері ашылады.
Модель Prestige, Premium, Luxury жиынтықтарында ұсынылады.
Tiggo 4 Pro Алматыға жеткізілгеннен кейін дистрибьютор автокөліктерді Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Атырау, Павлодар қалаларының дилер орталықтарына таратады. Келешекте Тараз, Ақтау, Талдықорған, Өскемен, Қызылорда, Көкшетау және Семей қалаларында Chery автоорталықтары пайда болады. 2023 жылдың соңына дейін желінің дилер орталықтарының саны 17-ге дейін өседі, бұл қазақстандықтардың көбісі «технологиялы Chery» көлігіне жақындай түседі дегенді білдіреді.
«Модель таныс, бірақ жаңаруы қандай! Менің айтпағым: Chery Tiggo 4 Pro ескі модельдердің премиум-келбеттерінен сыналып екшеліп шықты, онда бәрі өте ықшам әрі күрделі, қымбат. Мен үшін бұл нарықтағы жаңа ойыншы. Меніңше, бізді тәуелсіз сынақтар күтуде және нәтижелерден кейін ғана біз: сапасы мықты екен деп айта аламыз», – деп автокөлік журналисі Роман Масленников жаңа модельдің нарыққа шығуына түсініктеме берді.
Енді тест-драйвқа тапсырыс беруге және Chery автокөлігін онлайн-дилерден «үйден шықпай-ақ» сатып алуға болатынын айта кету керек. Тамыз айында Mycar.kz IT компаниясы және Chery ресми дистрибьюторы Mycar.kz-ке қытай брендінің жаңа автокөліктерін сату құқығын беретін келісімге қол қойды.
Жұмысының алғашқы екі аптасында Mycar.kz онлайн-дилері төрт Chery автокөлігін қашықтан сатты. Бүгінгі таңда онлайн-маркет клиенттеріне Алматы қаласы шегінде жеткізу жүзеге асырылады. Келешекте қызмет еліміздің басқа қалаларында да қолжетімді болады.
Қазақстандағы Chery дилерлік желісінде жеке тұлғалар мен корпоративтік сектор үшін ыңғайлы Mycar Finance арнайы бағдарламалары мен пакеттік ұсыныстары әрекет етеді. Бірқатар қазақстандық ірі компаниялар қазірдің өзінде бизнес үшін 25-тен астам Chery кроссоверін сатып алды.
«Chery-ге отандастарымыздың көңілі ауып, ол барған сайын танымал бола түсуде және технологиялығы, әсіресе қауіпсіздік саласында кең опциялар жиынтығы, автокөліктердің сенімділігі және баға мен сапаның оңтайлы арақатынасы арқасында сатылымның жоғары нәтижелерін көрсетуде», – дейді Chery дистрибуциясының директоры Нұрлан Шамгонов.
Соңғы айларда Chery Қазақстандағы жетекші автобрендер 10-дығында өзінің жайғасымын нығайтты. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша бренд маусым айында 312 автокөлік және шілде айында 378 автоавтокөлік сату арқылы қытай брендтері арасында көшбасшы болды, маусымға қатысты шілде айының өсімі – 21%.
Жалпы бүгінде бүкіл әлем бойынша қытай компанияларының автокөлік өндірісі мен сатылымы қарыштап өсуде. Мысалы, осы жылдың маусым айында Қытай автокөліктер сату бойынша әлемдік көшбасшы болды – 2 млн 483 мың бірлік, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 29,5%-ға жоғары («АВТОСТАТ» талдау агенттігінің деректері).
Chery әлемдік сатылымдардың өсу қарқынын басқаларға қарағанда белсенді түрде арттыратындардың қатарында – 2021 жылы өсім өткен жылмен салыстырғанда 31,7%-ды құрады. Бүгінгі таңда Chery-дің 10 млн-нан астам клиенттері бар, олардың 2 миллионы – ҚХР-дан тыс жерлерде, оның ішінде Қазақстанда (Chery Holding деректері).
Барлығы онлайн режиміне өтеді
Қазақстан белсенді түрде цифрлық әлемге еніп барады. Сондықтан қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жақында өз өмірлерінде, оның ішінде сақтандыру саласында қандай жаңа технологиялардың болатыны туралы білгендері жөн.  Мысалы, цифрландырудың біздің қаржылық өмірімізде алдағы уақытта қалай дамитыны туралы Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында, оның ішінде сақтандыру қызметтерін цифрландыру және барлық сақтандыру нарығына қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау процестерін автоматтандырудың тұжырымдамасында айтылады.
Онлайн-сақтандыруды дамытудың келесі кезеңі сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерін онлайн реттеуді енгізу болады. Бұл сақтандыру төлемін алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетуге және оны ашық етуге мүмкіндік береді.
Азаматтар төлем алуға өтініш бере алады, құжаттар топтамасын құрып, оны жібере алады, сақтандыру төлемін сақтандырушының офисіне келмей-ақ қашықтан ала алады.
Осылайша, жақын уақытта міндетті сақтандыру шартын жасаудан бастап сақтандыру төлемін алғанға дейін сақтандыру қызметтерінің толық ауқымын цифрландыру қамтамасыз етілетін болады. Бұл сақтанушы тұратын өңірге және оның орналасқан жеріне байланыссыз қызметтерді қашықтан алу кезінде барынша маңызды болады.
Бұдан басқа, жаңа цифрлық технологиялар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сақтандыру және басқа да қаржы ұйымдары бойынша маңызды ақпаратты дереу алуға, олардың жай-күйін жедел бағалауға және дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша, сақтандыру нарығындағы, оның ішінде автосақтандыру саласындағы жосықсыз іс-әрекет тәуекелдері тағы да төмендей түседі.
Электрондық автосақтандыру шартының қандай артықшылықтары бар …
Онлайн-сақтандыруды енгізу клиенттердің уақытын үнемдеп қана қоймай, халықты сақтандырумен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте мемлекет сақтандырушыларға ақпаратты, дербес деректерді қорғаудың және киберқауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі бойынша және сақтанушылар мен сақтандырушылар туралы барлық ақпарат сақталатын Бірыңғай сақтандыру деректер базасы (БСДБ) бойынша қатаң талаптар белгіледі.
Бүгінгі күні БСДБ сақтандыру нарығын цифрландыру процесінің негізгі элементі (операторы) болып табылады. Бұл база онлайн-сақтандыру сервистерін жүзеге асыру үшін де, бүкіл сақтандыру секторы бойынша деректерді жинау үшін де ақпараттық-технологиялық платформа болып табылады.
Электрондық автосақтандыру шартының мәні – автосақтандыру шартына бірегей нөмір беретін БСДБ арқылы шарт жасасу. Автосақтандыру шартын ресімдеу кезінде сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін тарифті автоматты түрде БСДБ есептейді.
Сақтандырушылар үшін цифрландыру деңгейі салауатты бәсекелестік элементі болып табылады, өйткені онлайн-қызметтерді ұсыну талаптары неғұрлым ыңғайлы болса, клиенттер дәл осы компаниямен өзара іс-әрекет жасауға мүдделі болады.
…және кемшіліктері?
Интернетте кез келген операциялар жасаған кезде алданып қалу қаупі бар. Себебі цифрландырудың өсуімен интернет-алаяқтық та қарқын алуда. Мысалы, алаяқтар сақтандыру ұйымдарының жалған сайттарын құрып, заңды күші жоқ электрондық полис беруі мүмкін.
Мемлекет пен сақтандыру компаниялары электрондық жүйелерді киберқылмыскерлерден қорғау үшін барлық ықтимал күш-жігерді қолданғанымен, азаматтардың өздері шаралар қабылдап, өздерінің төлем деректерін алаяқтарға ерікті түрде жарияламауы маңызды. Егер сіз компания сайтындағы жеке кабинетке кірген құрылғыны жоғалтсаңыз, онда бұл туралы міндетті түрде колл-орталыққа қоңырау шалып, сақтандырушыға хабарлаңыз. Оператор сізге жеке кабинетке кіретін логинді табуға көмектеседі және парольді қалай өзгерту керектігін айтады.
Мұқият болыңыз, өздерін сіздің сақтандыру компанияңыздың атынан таныстыратын бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Олардың өтініштері бойынша күдікті мобильдік қосымшаларды жүктеуге және автосақтандыру шартын ресімдеу үшін олардың «көрсеткен қызметтері» үшін ақша аударуға болмайды.
«Сақтандыру» алаяқтарының құрығына түсіп қалмау үшін сақтандырушыны таңдауда асқан жауапкершілік таныту қажет және оларда қаржы реттеушісінің лицензиясының бар-жоғын міндетті түрде тексеру қажет.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру компанияларының толық тізімі сілтеме бойынша агенттіктің интернет-ресурсында келтірілген.
Сондай-ақ алаяқтық сайттармен байланысты тәуекелдерді барынша  азайту үшін заңнамада міндетті сақтандыру шартын сақтандыру ұйымының тек бір ғана ресми сайтында жасау көзделген.
Сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасау үшін қолданылатын интернет-ресурстардың тізбесі сілтеме бойынша «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың сайтында жарияланады.
Сақтандыру полисі туралы деректер қайда сақталады?
Сіздің электрондық полисіңіз жөніндегі деректер БСДҚ-да және сақтандыру компаниясының жеке кабинетінде сақталады. Аталған базаның операторы Ұлттық Банктің еншілес ұйымы «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ болып табылады.
Өздеріңіз білетіндей, қажет болған жағдайда полицияға автосақтандыру туралы қағаз нысанындағы шартты ұсыну қажет емес. Тәртіп сақшылары сізде автосақтандыру шартының бар-жоғын электрондық деректер базасына өздері кіріп тексере алады.
Айта кетейік, аталмыш базаға ҚР ІІМ-нен басқа қадағалау органдары мен сақтандыру компаниялары да кіре алады.
Бұдан басқа, онлайн автосақтандыру шартын ресімдеу кезінде клиенттер толтыратын барлық ақпарат БСДҚ көмегімен автоматты түрде тексеруден өтеді. Сондықтан да қателесу тәуекелі азаяды.
Автосақтандыру шартын онлайн режимде қалай ресімдеуге болады?
Автосақтандыру шартын онлайн ресімдеу бір қарағанда қиын болып көрінгенімен, айтарлықтай қиын емес, бар-жоғы «бес минутты» алады. Мысалы, онлайн автосақтандыру шартын сатып алған кезде сізге 3 әрекет жасау қажет болады:
Автосақтандыру бойынша сақтандыру өнімін табу, сақтандырудың үлгілік талаптарымен (сақтандыру қағидаларымен) танысу және сақтандырушының сайтында автосақтандыру шартын жасасу туралы өтінішті толтыру.
Бұдан әрі жүйе сізге автосақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын автоматты түрде есептеп береді.
Сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін сіз автосақтандыру шартының бірегей нөмірі бар е-mail-ге SMS немесе хабарлама аласыз.
Автосақтандыру шартының бірегей нөмірі бойынша сіздің автосақтандыру шартының жарамдылығын сақтандыру компаниясының сайтында немесе БСДҚ-да тексеруге болады.
Полисті ресімдеудің алдында аталған компанияның сақтандыру талаптарын мұқият зерттеп шығуға кеңес береміз. Тұтастай ақпарат сақтандырушының сайтында көрсетілуге тиіс.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2022 жылы автосақтандыру шарты болмағаны үшін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл 10 АЕК-ті (30 630 теңге) құрайды.
Автосақтандыру шартын ресімдеу қандай жылдам болса, оны дәл солай тез бұзуға бола ма?
Иә, сақтандыру компаниялары бұл қызметті де онлайн режимде көрсетеді. Ол үшін сіз сақтандыру компаниясындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіруіңіз керек. Одан кейін жеке деректеріңізді, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың және ақша қаражатын қайтару үшін картаңыздың деректемелерін енгізуіңіз керек. Менеджер сіздің өтініміңізді мақұлдағаннан кейін жүйе полисті автоматты түрде бұзып, ақшаны сіздің шотыңызға аударады.
Қайтару сомасының мөлшері сіз сақтандыру шартын бұзу туралы өтініш берген сәтте аталған шарттың қай уақыттан бері қолданылатынына байланысты болады. Мысалы, егер сіздің шартыңыздың қолданысы басталғаннан бері жарты жыл немесе 11 ай өтсе, онда қайтару сомасы, әрине, аз болады. Яғни сізге іс жүзінде шарт қалдығын төлейді. Жүйе есепті автоматты түрде жүргізеді.
Сонымен бірге компанияның сайтындағы жеке кабинетте полиске басқа сақтандырылушыларды немесе тағы бір автоны көрсетуге, қосымша сақтандыру өнімдерін таңдауға немесе өз құжаттарыңыздағы деректерді ауыстыруға болады. Одан әрі сіздің өзгертілген деректеріңіздің негізінде жүйе қайта есебін жасайды және сізге қосымша төлемді жүргізудің керектігін хабарлайды немесе төленген соманың бір бөлігі сіздің банктік картаңызға қайтарылады.
Тарификациялау жүйесінің икемді екенін және тек бірнеше жеке факторды, оның ішінде көлік жүргізу тәжірибесін, орын алған ЖКО санын ескеретінін атап өтеміз және т.б.
Егер сақтандырушы сіздің құқығыңызды бұзса не істеу керек?
Азаматтар тікелей сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы, бұл туралы сақтандыру шартында да айтылған.
Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдарының өздерінің бастамасы бойынша сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттері арасындағы дауларды шешумен айналысады. Оның азаматтарға арналған қызметтері ақысыз көрсетіледі.
Сақтандыру омбудсманының өкілеттіктері мен міндеттері Мемлекет Басшысы 2022 жылғы 12 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғаннан кейін айтарлықтай кеңейді.
Түзетулер арқылы сақтандыру омбудсманының шешімдерін орындамағаны үшін сақтандыру ұйымдары басшыларының дербес жауапкершілігі енгізіледі.. Сондай-ақ сақтандырушы, Сізге сақтандыру төлемінен бас тартса, жазбаша түрде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып және Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығыңыз туралы хабарламамен жасауға тиіс.
Сондай-ақ түзетулерде сақтандыру омбудсманының клиенттердің сақтандыру ұйымымен келіспеушіліктерін міндетті түрде сотқа дейінгі реттеуді енгізуі көзделеді. Бұл азаматтардың дауларды шешу тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді. Қазір сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру омбудсманына ерікті түрде жүгінуде, ал заңға сәйкес 2024 жылдан кейін сотқа жүгінгенге дейін алдымен сақтандыру омбудсманына жүгінуге міндетті.
Егер осы тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, оларды біздің «Fingramota Online» мобильдік қосымшамыздың «Сақтандыру» бөлімінде қоя аласыз, сондай-ақ «1459» нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуға болады.
Шілде айынан бастап отандық Hyundai Trans Kazakhstan зауыты автокөлік өндірісі мен оның жеткізілуін айына төрт мыңға дейін арттырды. Қазір бұл жерде тоғыз модель шығарылады және оның бесеуін жеңілдетілген 4%-дық автонесиемен алуға болады.
Қазақстан автобизнес қауымдастығының деректері бойынша, алматылық зауыт қаңтар-мамыр айлары аралығында 13 780 жеңіл автокөлік шығарған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 41,4%-ға артық. Бес айда Қазақстанда 40 628 дана техника өндірілді.
«Біздің негізгі міндетіміз – отандық нарыққа Hyundai әлемдік брендінің технологиясы мен әлемдік стандарттарын, оның сапасын әкелу, жергіліктендіруді тереңдету. Біз автокөліктерді жоғары технологиялы заманауи жабдықтармен өндіреміз, дәнекерлеу цехында Accent және Tucson модельдерін дайындаймыз. Осы жылы зауыт толық қуатымен жұмыс істеп, шілде айынан бастап біз қазақстандықтар үшін екі есе көп автомобиль шығаратын боламыз", - деді Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Дәнекерлеу цехының басшысы Руслан Лұқпанов.
Автокөліктер Алматыдан бүкіл Қазақстанға тасымалданады. Жақында Hyundai-дың кезекті партиясы Қарағандыға жеткізілді. Динара Кабельдинова – жеңілдетілген бағдарлама бойынша автокөлік сатып алғандардың бірі.
«Біздің отбасымыз тек осы марканы қарастырды, себебі өзімізде Hyundai көлігі болған.  Ол өзін өте жақсы көрсетті. Кезекке тұрып, банке барып, өтінім бердік. Tucson моделін таңдадық. Өте қуаныштымыз», - деп автосалон клиенті өз ойымен бөлісті.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының негізгі шарттарын еске салайық: номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 4 %,  несиелеу сомасы 10 миллион теңгеден дейін, автомобиль құны 15 миллион теңгеге дейін, несие беру мерзімі 7 жылдан аспайды, бастапқы жарна – 0 пайыздан бастап. Бағдарлама «револьверлік» әдіске негізделіп
30 жылға есептелген. Бағдарламаға екі жылда бір рет қатысуға болады.
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты автомобильдер желісін кеңейтуде – қазірдің өзінде Santa Fe, Palisade және Tucson автомобильдерінің дизельдік нұсқалары шығарылып жатыр.
Ал шілде айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша қолжетімді болатын i30 және Bayon модельдерін өндіре бастауды жоспарлап отыр.
«Біз отандық Hyundai автокөліктері үлкен қызығушылық тудырып отырғанын көріп отырмыз. Құны 15 миллион теңгеге дейінгі автомобильдер жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша қолжетімді. Сондай-ақ, дизельді автокөліктер үшін өзіміздің қаржыландыру бағдарламаларымыз да бар", - деді Hyundai Premium Karaganda дилерлік орталығының директоры Кеңес Осипов.
Клиенттермен кері байланыс үшін тәулік бойы 7007 байланыс орталығы жұмыс істейді.
Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының басшысы Артур Мискарянның мәліметінше, сәуірде көп сатылған ТОП-5 брендтің қатарына Chevrolet (3 004 сатылған), Hyundai (1 802), KIA (968), Toyota (950) және LADA (798) енген.
«Сәуір айының қорытындысы алғашқы ондықтағы бірқатар танымал брендтердің сатылымының айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Мысалы, Nissan сатылымы 81 пайызға, Volkswagen – 81 пайызға, GAZ – 78 пайызға, Renault – 67 пайызға құлдырады, – деді Артур Мискарян.
2022 жылдың қаңтар-сәуір аралығында көп сатылған брендтердің бестігі келесідей: Hyundai – 8 675, Chevrolet – 5 893, KIA – 3 326, LADA – 3 121 және Toyota – 3 094.
Сарапшының пікірінше, көлік тапшылығы мен логистикалық проблемаларға геосаяси жағдай қосылды. Бұл нарықтың кейбір қатысушыларының жұмысына сөзсіз әсер етті.
«Қазіргі жағдайда өзімізде құрастырылған автомобильдерді сатып алғандардың ұпайы түгел. Біріншіден, отандық өнімдердің бағасы импорттық автомобильдермен салыстырғанда шамалы ғана қымбаттады. Екіншіден, жеңілдетілген бағдарлама бойынша автокөлік сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр», – деп нақтылады Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының басшысы.
Сарапшы валюта нарығындағы өзгерістерді де естен шығаруға болмайтынын ескертті. 1 рубльдің бағамы 7 теңге екенін ескерсек, бұл ресейлік тұтынушылардың Қазақстаннан автокөлік сатып алу жолын қарастыруға негіз болмақ.
«Соңғы екі айда «Ресейден келетін сатып алушылар ағыны» мифологиялық сипатқа ие болып келді. Егер курс ұзақ уақыт бойы осы деңгейде сақталса, ресейліктерден нақты сұраныс түсуі әбден мүмкін», – деді А.Мискарян.
Еске сала кетейік, 16 мамырда Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. 23 мамырдағы жағдай бойынша, ел тұрғындарынан 14 507 өтінім түскен. Оның 4 834-і мақұлданды. Бұл дегеніміз – 35,7 млрд теңге. 2 857 өтінімді «Банк ЦентрКредит» мақұлдаса, қалған 2 013 өтінімге «Еуразиялық банк» оң жауап берген. Әзірше республикада 34 автокөлік берілді.
Ғалия Әділ
Мәселен, Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша, Еуропада жеңіл автокөліктердің сатылымы сәуір айындағы көрсеткіш бойынша бір жыл ішінде 20,2%-ға төмендеп, 830,4 мың автокөлікті құрады. Салыстырар болсақ, 2021 жылдың сәуірінде бұл көрсеткіш 1 млн-нан асқан.
Тікелей Еуропалық одақ (ЕО) елдерінде сату көлемінің төмендеуі 20,6%-ды құрады. Еуропада сектордағы сатылымның ең көп азаюы Литвада (-34,9%), Италияда (-33%), Швейцарияда (-29,1%), Данияда (-29%), Финляндияда (-25,8%) және Австрияда байқалады (−26,6%).
Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша, теріс динамика жартылай өткізгіштердің (чиптердің) тапшылығына байланысты жаңа автокөліктерді жеткізудегі кідірістерге байланысты. Ал Ресей мен Украинадағы геосаяси дағдарыс салдарынан логистикалық мәселелер күшейген. Бұған қоса, Қытайдағы COVID-19-дың өршуі секторға кері әсер етуде.
Автокөлік компаниялары бойынша Еуропада 2022 жылдың сәуір айында сатылымның күрт төмендеуі Stellantis-те байқалады: көрсеткіш бірден 28%-ға төмендеді. Сонымен қатар Volkswagen Group-тың сатылымы 28%-ға, Jaguar Land Rover Group - 27,7%, Mazda - 27,4%, Volvo - 23%, Mercedes-Benz - 22,6%-ға құлдыраған.
Чиптердің жетіспеушілігіне байланысты Stellantis пен Ford өткен аптада Иллинойс, Кентукки және Онтариодағы зауыттарда өндірісті уақытша тоқтатты. Бұл туралы Foley Automotive компаниясының 2022 жылғы 18 мамырдағы есебінде жазылған.
Дағдарыстан зардап шеккен автокөлік модельдерінің қатарында Jeep Cherokee, Ford Escape, Ford Edge, Lincoln Corsair және Lincoln Nautilus бар. Бұған қоса, өткен аптада Stellantis бөлшектердің жетіспеушілігіне байланысты Виндзордағы (Онтарио) шағын автобус зауытында өндірісті уақытша тоқтатты.
Өз кезегінде, Жапонияда Toyota Қытайдағы COVID-19 салдарынан енгізілген локдаун әсерінен мамыр айында 12 зауытта өндірісті 6 күнге дейін қысқартады, ал жаһандық өндіріс жоспары шамамен 50 000 көлікке азайды. Сонымен қатар Toyota жоғары шикізат шығындары мен жартылай өткізгіштердің үздіксіз тапшылығы компанияның келесі жылдағы кірісін шамамен 20% төмендетуі мүмкін екенін атап өтті.
"Алайда қазіргі экономикалық тұрақсыздық болжам жасауды қиындатып отыр", – деп хабарлады компанияда.
АҚШ-та жаңа жеңіл көліктердің сатылымы бір жыл бұрынғыдан 56,3%-ға, Қытайда – 43,4%-ға, Жапонияда – 14,4%-ға, Оңтүстік Кореяда – 11,8%-ға, Канадада – 8,4%-ға, Мексикада – 1%-ға төмендеді.
Қорыта айтқанда, көлік дағдарысы әлемнің барлық елдерін қамтыды.
Құралай Құдайберген
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы 30 жылға жоспарланған. Оған қатысу үшін төмендегі талаптарды орындау керек:
Тұтынушы автосалонға барып, Қазақстанда жасалған көліктің бірін таңдауы керек.
Автосалон қызметкері автокредит алушыға қолдану мерзімі 5 күннен аспайтын, әрі алатын көліктің VIN-коды жазылған есепшотты береді;
Тұтынушы банкке барып, көліктің VIN-кодын көрсетіп, есепшотты ұсынуы шарт.
Банк өтінімді қабылдаған сәттен бастап, тұтынушы электронды кезекке тұрады.
Банк тұтынушының төлем қабілетін және кредит тарихын тексереді. Ол жеңілдетілген автокредит беру туралы шешім қабылдаған жағдайда тұтынушыға қолдану мерзімі 5 күннен аспайтын кепілхат береді;
Тұтынушы кепілхатты алған соң автокөлікті рәсімдеу үшін автосалонға баруы тиіс;
Егер тұтынушы кепілхатты алған күннен бастап, 10 күннен кешіктірмей, автокредитті алу шартын рәсімдесе, ол кезектен шығарылады;
Тұтынушы автокредитке өтінім бергеннен кейін көлігінің маркасы мен моделін өзгерте алмайды және кезекті басқа адамға бере алмайды.
Егер тұтынушы жеңілдетілген автокредитті алудан бас тартса, ол электронды кезектен шығарылады, оның орнына жаңа қатысушы қойылады. Бағдарламаға бір тұтынушы 2 жылда бір-ақ рет қатыса алады.
"Екінші деңгейлі банктер тұтынушының төлем қабілетін тексереді, әрі автоқарыздарды мақұлдауға жауап береді. Банк автокредит алуға өтінімді мақұлдағаннан кейін өтінімнің мәртебесін тұтынушының өзі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қатысуынсыз тиісті банктің платформасында (онлайн-кезек) бақылай алады", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда жеңілдетілген автокредитті 4 банк береді: "Halyk Bank", "Банк ЦентрКредит", "Forte Bank".
Бүгінде жеңілдетілген автокредит бойынша қазақстандықтар KIA, Hyundai, Chevrolet, JАС, LADA көліктерін ала алады.
Дәурен Ерболат
Орталықтар ашылмай тұрып-ақ ұзын сонар кезектер қалыптаса бастады. Әңгіме Тұран даңғылы бойындағы, сондай-ақ елорданың басқа да ірі автосалондары туралы болып отыр.
Атап айтқанда, біз Chevrolet, KIA, Lada, JAC, Hyundai автокөліктерін сатуға маманданған орталықтар туралы айтып отырмыз.
Орта есеппен әрбір автосалонда 25-50 адамнан кезек күтіп тұрды.
Көбінің айтатыны "елде көлік тапшылығы бар" деген ақпарат.
Айтпақшы, бағдарламаның шарты бойынша несие көлік болған жағдайда ғана беріледі. Байқағанымыздай, салондар белгіленген уақытта ашылды, бірақ кейбірінде банк өкілдері болмады. Ал бұл халықтың наразылығын тудыруда.
Өкініштісі көлік тапшылығы туралық ақпарат расталғандай. Себебі сату менеджерлері автолардың келесі партияны 3-4 айдан кейін ғана келетінін айтуда. Жеңілдетілген бағдарлама бойынша темір тұлпар тізгіндеуді жоспарлағандар көліктертек каталогтардан қарай алады, бірақ олардың қашан келетінін және қазіргі бағамен қолжетімді бола ма? Бұл сұраққа ешкім нақты жауап айта алмады. Осылайша, жаңа жобаның жүзеге асырылуына көңілі толмаған сатып алушылар жарты сағаттан кейін автосалондардан кете бастады.
Айта кететіні, сату орталықтарының өзінде сауданы ұйымдастыру процесі де дұрыс ұйымдастырылмаған. Кезектің өзі бірнеше қатарға бөлінген. Сондықтан сатып алушылар арасында түсініспеушіліктер көп. Автосалондардағы банктердің несие менеджерлері де inbusiness.kz тілшісіне бағдарлама бойынша толық ақпараттың жоқ екенін жеткізді.
Алматы тұрғыны Нұрлан Жұлдыз есімді азаматшадан пайдалануда ұзақ уақыт болған Toyota Camry және Toyota Corolla автокөліктерін 4,5 миллион теңгеге сатып алады. Сатушы қолына ақша тиісімен қос «темір тұлпарды» да оның қолына табыстайды. Оларды 1 аптаның ішінде соның атына заңдастырып беретінін айтады. Алайда машиналардың шын иелері анықталған.
Кейін Жұлдыз бен оның сыбайласы, әрі күйеуі Мадиярды Алатау аудандық ішкі істер басқармасы «алаяқтық» фактісі бойынша қамауға алған.
«Біз Жұлдыздан алған автокөліктерді 2021 жылдың соңында тергеуші С. Сексенбаевқа табыстадық. Автокөліктерді арнайы тұраққа қойдық. Қолымызға олардың қабылдап алынғаны туралы хаттамасы берілді. Қазіргі таңда автокөліктер иесіне қайтарылыпты. Олар «Кolesa.kz» сайтына сатуға қойылды. Көліктің саудаға шығарылғанына өзім көз жеткіздім. Бұл қалай? Істің мән-жайы ашылғанша, ол автокөліктерді неге тәркілемеген? Тергеуші болса, автомобильдердің сатуға қойылғанынан хабарсыз», – деп алаңдайды Нұрлан.
Енді істің бүге-шігесі анықталуға тиіс. Дегенмен көлікті шын иесі саудаға шығарғаны мәлім болды.
Жалпы Еуразиялық одақ кеңістігінде айдап әкетілген көліктер қаптап саудаға шығарылуы мүмкін. Мысалы, Vesti.ua басылымының хабарлауынша, ресейлік кейбір солдаттар Украинаның өз бақылауына көшкен өңірлерінде жергілікті тұрғындардың автокөліктерін тартып алып, Ресейге айдап кетіп жатқан көрінеді. Украинаның жергілікті өзін-өзі басқару органдары Facebook-тегі парақшаларында ресейліктер тартып алған автокөліктердің деректерін және тізімдерін жариялап жатыр.
Егер бұл рас болса, онда олардың бірқатары артынша Қазақстанның нарығынан бір-ақ шықпасына кім кепіл? Ұрланған көліктердің Ресей жағынан елімізге оңай өтіп кететінін осының алдында Мәжіліс депутаттары да мәселе етіп көтерген болатын.
Алматыдағы «б/у» көліктерді өткізу бизнесімен айналысатын ірі компаниялардың бірі «Car Capital» ЖШС директоры, автоэксперт Еркебұлан Сағындықов «айдап әкетілген» көліктерге қатысты мәселе күн тәртібінде өткір тұрғанына және салмақты проблемаға айналғанына назар аудартты.
«Біз қолданыста болған автомобильдерді іріктеумен және тексерумен де айналысамыз. Қазіргі кезде «Car Capital»-дың автосарапшылары мен автокриминалистерінің командасы өз қызметі барысында қылмысқа қатысы бар және ұрланған автомобильдерге жиі тап бола бастады. Біз мысалы, 5 мыңнан астам автомобильді тексердік, соның аясында шамамен 100 алаяқтық фактісін әшкереледік. Машиналарды бейберекет істейтін базарларда, интернет арқылы сата береді. Сатып алушылар еш қорғалмаған, оларға айдап әкетілген немесе қылмыс құралы болып табылатын көлік сатылмайтынына еш кепілдік берілмейді», – деп дабыл қағады сарапшы.
Мұндай көліктердің үлкен бір бөлігі көрші елдерден келеді екен.
«Тіпті машинаның көрші елдерде есепке қойылғаны оның заң жүзінде таза екеніне еш кепілдік бермейді. Бір жайтты атап өткен жөн: Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №341 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгелі бері отандық нарықта криминалды тарихы бар автомобильдер саны күрт артты. Яғни 2018 жылғы 25 мамырдан бастап, автокөлікті есептен шығарғанда немесе қайтадан есепке қойғанда бұдан былай нөмірлік агрегатты салыстыра тексеруден өту қажет емес деп бекітілді», – дейді Еркебұлан Сағындықов.
Билік мақтаған ТМД келісімі мәселені шешпеді
Көлік иелері жақсы біледі, VIN (Vehicle identification number) – әрбір көлік құралының 17 белгіден тұратын бірегей коды саналады. Ол код өндіруші, көліктің сипаттамалары, сондай-ақ конвейерден шығарылған жылы туралы мәліметтерден құралады. Сәйкесінше, оны расшифровкалау арқылы кез келген автомобиль туралы толық ақпаратты білуге болады. Бұл деректер әсіресе, сатып алу кезінде өте құнды.
Айтқандай, 2021 жылы ел Парламенті «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге» өзгерістер енгізетін хаттаманы ратификациялады. Хаттамаға 6 ел – Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Молдова, Беларусь және Қырғызстан қол қойған.
Сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл халықаралық құжат ТМД, соның ішінде Еуразиялық одақ елдері арасындағы ұрланған көліктердің саудасына тосқауыл қоятынына сендірген еді. Шынында олай болмай шықты.
«Өйткені бұл хаттама ұрланған автокөліктердің шын иелерінің құқығын ғана қорғайды және көлікті соларға қайтаруды қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, Ресейде ұрланып, қазақстандыққа сатылған машина ресейлік қожайынына оралады. Оның үстіне әр көліктің бөлшектерінен құрастырылған «франкенштейн», конструктор-көліктер, «двойник», өзгертілген, кепілде тұрған, тұтқынға қойылған, иелері қайтыс болып кеткен автокөліктердің айналымына қатысты мәселе сол бойы шешілмей тұр», – деп түсіндірді «Car Capital» компаниясының басшысы.
Бұл мәселені қалай шешуге болады?
Автосарапшылар қоғамдастығының пікірінше, Қазақстанда тіркеуге қойылған автомобильдердің VIN-кодтарының ортақ деректер базасын жалпыға, ең болмаса, сарапшыларға заңды түрде қолжетімді ету – елді бұл тұйықтан шығаруы мүмкін. Себебі қазіргі кезде елде бірінші рет тіркеуге қойылғанда ғана вин-кодтар салғастырылып тексеріледі.
Әйтпесе, қазақстандықтар өз бетінше толыққанды тексере алмайтындықтан, ішкі нарық қылмыстық автокөліктерге толып кетуі ғажап емес.
«Біз билік органдарынан автоэксперттерге және өзге мүдделі тұлғаларға елдегі барлық көліктердің VIN-кодтарының деректеріне заңды түрде қол жеткізуге мүмкіндік беруді сұраудамыз. Сонда клиенттеріміз сатып алатын автомобильдің тарихы ашылады. Мұның артықшылықтары айқын: шанақ-кузовтың нөмірі бойынша машина туралы мейлінше мол ақпарат жинаған сарапшылар мен клиенттер мәмілені қауіпсіздендіреді, сатып алушы босқа тауқымет тартпайды. Сатып алу-сатудың соңы дауға ұласпайды. Әлеуметтік кернеуді ушықтырмайды. Қазіргі заманда көптеген адамды көлігі асырайды, одан айырылса, тұрмысы құлдырайды. Ал бұған жол бермеу – саудадан басталады», – деген пікірде Еркебұлан Сағындықов.
Сарапшылар басқа да игіліктері барын айтады. VIN-кодтарға қатысты сұралатын ақпаратты ашық ету арқасында қазақстандық нарықтан криминалды және ұрланған автомобильдерді ысырып шығаруға жол ашылады.
Бұдан бөлек, автокөліктің тарихы «лас» екенін біле тұра, тездетіп сатып құтылуға тырысатын арамза алыпсатарлардың алаяқтық істерінің жолы кесіледі. Автосалондар мен автосарапшылар негізінен, машинаны тексеру барысында әшкерелеген қылмыстық нышандар туралы ішкі істер органдарына хабарлайтыны мәлім.
Әрине, сондай-ақ ол қадам көлікті «айдап кету» қылмысының азаюына ықпал етер еді.
Жалпы бұл шара арнайы сервисті әзірлеуді қажет етуі мүмкін екен. Автосарапшылар оның бағдарламасын жасауға жәрдемдесуге дайын отыр. Мәселені құзырлы органдар қарастыруда.
Жанат Ардақ
«Өткен жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге жоғары сұранысқа ие немесе VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алды. Автокөлік иелері 2020 жылмен салыстырғанда әдемі нөмірлерді көбірек рәсімдей бастады. Алдыңғы жылы 3,9 млрд теңгеге 12 616 нөмір сатып алынды», – делінген мемкорпорация хабарламасында.
«Понтты» басты орынға қоятындардың көбі Алматыда тұратын болып шықты. 2021 жылы VIP нөмірлерге ең көп қаражат жұмсаған да солар (6 882 нөмірді иелену үшін 2,2 млрд теңге шығындады). Екінші орында Шымкент (шымқаланың автокөлік иелері 3 190 нөмірді алу үшін 818 млн теңге санап берген). «Үштікті» астаналықтар тұйықтайды (2 231 нөмірге 667 млн теңгесін қиған).
Ал мұндай паңдыққа бей-жай қарау Солтүстік Қазақстан облысына тән екен. Өткен жылы онда 45 млн теңгеге жалпы саны 169 ғана ерекше нөмір тізбегі сатып алынды.
Мемкорпорация дерегінше, сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы 174 591 теңгеден басталады. Ең қымбаты үшін 872 955 теңге сұралады.
Бұл дамыған және озық дамушы елдердің бәрінде бар тәжірибе. Бірақ мұнда да Қазақстан «төл жолымен» жүрді. Мысалы, АҚШ-та, не араб елдерінде әсем нөмірлер аукцион арқылы сатылады. Әлемдегі ең қымбат мемнөмір – 1, ол Біріккен Араб Әмірліктерінде 52,2 млн дирхамға (14,3 миллион долларға) сатылған.
Қазақстанда, «Азаматтарға арналған Үкіметтің» түсіндіруінше, «нөмір иесі ерекше нөмірлер тізбегін басқаға, үшінші тарапқа сыйға бере де алмайды, сата да алмайды. Егер көлік сатылса, нөмір иесі ол нөмірін жаңа көлік сатып алғанға дейін мамандандырылған ХҚКО-да 6 ай ғана сақтай алады».
Өзбектер тағы алға озды
Айтқандай, бізбен бірге көрші Өзбекстан да «әдемі» мемнөмірлерді ақылы етті. Оларды аукцион арқылы сатады және бұл мемлекеттік бюджетке ылан-ойран табыс әкеледі. 2021 жыл қорытындысында өзбектер «ви-ай-пи» белгілерді жалпы сомасы 27 миллион доллардан астам сомаға сатып алған. Республикадағы ең қымбат мемнөмірді Самарқанд тұрғыны қанжығалады. Өңірде былтырғы 14 желтоқсанда онлайн-аукционға шығарылған  «Z 777 ZZ» белгісін ол 596,5 млн сумға (шамамен 57 мың доллар) алды. Бастапқы бағасы 111,5 млн сум болған. Бүкіл Өзбекстанға танылған бұл мемнөмірді иесі Chevrolet Malibu-ға тағыпты. Яғни автокөлік нөмірі автомобильдің құнынан екі еседей қымбатқа түсті.
Жалпы алғанда, 2021 жыл қорытындысында avtoraqam.uzex.uz Өзбек республикалық тауарлық-шикізаттық биржасының веб-сайтындағы онлайн-аукцион арқылы 139,4 мың автонөмір 298,8 миллиард сумға сатылды. 1 доллар – 11 мың өзбек сумына тең, демек осыдан өзбек бюджеті 27 млн 163,6 мың доллар пайда тапты. Бір жыл ішінде автонөмірлер саудасы саны жөнінен 40%-ға, ал одан түсетін кіріс – 21%-ға өскен.
Мұндай мәліметтер өзбек қоғамында қызу пікірталас туғызып жүр: елдің үлкен бөлігі мұның ысырапшылдық әрі мұсылманшылдыққа жат саналатынын, қаражатын қайда шашарын білмейтіндер онысын жоқ-жітікке бергені жөн екенін қайталаудан жалықпайды.
Дегенмен «керемет» мемнөмірді сатып алғандардың ақшасы онсыз да ел қазынасына бағытталады: 80%-ы тікелей мембюджетке құйылса, қалған 20%-ы Ішкі істер министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қызметкерлерін әлеуметтік ынталандыруға жұмсалатын Арнайы даму қорына беріледі. Сауданың жілігін шағып, майын іше білетін өзбек ағайындар мұны да жақсы бизнеске айналдырды.
Ал Қазақстанда 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 және басқа да цифрлары және бірдей әріптері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері ең қымбат дегенде 1,7 мың доллар ғана тұрады.
Пафоста шек жоқ...
Қазақстандықтар заңда бекітілген паң-нөмірлерден де жалыға бастағанға ұқсайды. Олар жаңа, «балғын» комбинацияларды іздеуде.
Алматылық белгілі кәсіпкер Әлібек Сәрсембаев Үкіметке тиісті ұсыныспен шықты.
«Көлікке арналған мемлекеттік нөмірлер қатарына жаңаларын енгізу, атап айтқанда үш нөлден (000) тұратын комбинацияны қосу туралы ұсыныс айтқым келеді. Өйткені адамдар жаңашылдықты қалайды. Демек бұл нөмірлер кең сұранысқа ие болары және мемлекеттік бюджетті толтыруға үлес қосары даусыз. Нақтылай кетсем, барлық цифрлары мен әріптері бірдей болатын, мәселен, «000 ААА» үлгісіндегі барлық нөмірлерді санасақ, 26 комбинация шығады. Онда бір өңірден ғана орта есеппен 15 449 772 теңге жиналады. Оны 17 өңірге көбейтсек, шамамен 262,6 млн теңге түспек. Егер әртүрлі комбинацияларда жасалса, 17 576 комбинация шығады», – деді ол.
Бизнесменнің билікке базынасы бар. Ол осы идеясына айырбас ретінде Қазақстанның барлық өңірлері бойынша «000 ООО 14» комбинациялы мемнөмірлерін өзінің меншігіне беруді сұрады.
Билік не дейді?
Қазақстан заңнамасы беделді мемнөмірлерді Үкіметтің әлдекімге сыйға тартуын немесе ақысыз беруін қарастырмайды, 57-285 АЕК көлемінде міндетті түрде баж салығын төлеуі шарт. Бұл туралы Салық кодексінің 615-бабының 8-тармағында егжей-тегжейлі жазылған.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов та осыған назар аудартты.
«Қазіргі кезде Салық кодексінде жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізімі келтірілген. Алайда 615-бапта «000» цифрлы комбинациядан құралған МТНБ қарастырылмаған. Сонымен бірге біздің министрлік Салық кодексіне түзетулер енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Соның аясында мемтіркеу нөмірлерінің тізімі кеңейтіледі, сөйтіп азаматтар үшін өз қалауынша кез келген әріптік немесе цифрлық мәндегі нөмірлік белгілерге тапсырыс беру мүмкін болады», – деп хабарлады вице-министр.
Бұл жерде қиял қандай өрістерге дейін қанат қаға алатыны тек заңнамалық түзетулер қоғам талқысына тасталғанда белгілі болады. Бірақ әзірге АҚШ-тағыдай нөмір орнына сөз жазуға рұқсат етілмеуі мүмкін.
Жанат Ардақ
– Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде (ЕАЭО) жалпы импорттық тариф кедендік баж бен кәдеге жарату алымынан қалыптасатынын ескере отырып, кәдеге жарату төлемінің мөлшерін Ресей Федерациясындағы мөлшермен үйлестіру қажет болды. Өйткені бұл ЕАЭО кеңістігіндегі ең ірі нарық.
Кәдеге жарату алымы ескі автокөліктен құтылу мен автопаркті жаңартудың тәсілі ғана емес, техникалық регламент пен қауіпсіздік талабына сай келмейтін автокөліктердің ЕАЭО аумағынан тасымалдануына тосқауыл қоятын шара.
Кәдеге жарату алымының төмендеуі халыққа кері әсер етеді. Мұны атап өткен жөн. Себебі жиналған қаражат тұрғындардан ескі автокөліктерді сатып алуға және су жаңа автокөліктерді жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына жұмсалады. Бұл шара отандық автомобиль паркін жаңартуға және халықты қолдауға бағытталған.
– Үкімет кәдеге жарату алымы алынып тасталса, Қазақстан ескі автокөліктердің ордасына айналатынын, салдарынан отандық машина жасау саласына нұқсан келетінін алға тартып отыр. Осы рас па?
– ЕАЭО-ның ішкі нарығында кедендік шекараның болмауы біздің нарыққа техникалық регламентке сай келмейтін ескі көлік құралдарының еркін енуіне жол ашады. Бұдан экологияға залал келеді, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Себебі аукциондардан арзанға сатып алынған автокөліктердің арасында суға батқандары болады. Оларың техникалық жағдайын ешкім тексермейді.
– Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр еліміздің 71 мың азаматына алғашқы жарнасыз, 7 жылға 4% автокөлік сатып алу мүмкіндігі берілетін мәлімдеді. Жоғарыдағы шартпен автокөлік сатып алу құқы кімдерге және қандай автокөлік сатып алуға беріледі?
– Өздеріңіз білетіндей, жаппай сегментте сатылатын автокөліктердің 75%-дан астамы ел аумағында өндіріледі. Олардың құнына кәдеге жарату алымы кірмейді. Іс барысында азаматтардың Hyundai, KIA, Chevrolet, Lada, JAC сынды автобрендтердің түрлі модельдерін сатып алуына қолдау көрсетілуі керек деп санаймыз.
– Қалай ойлайсыз, автонесиелеудің жаңа шарты автокөлік бағасын шарықтатып жібермей ме?
– Несие бағдарламалары автокөліктің құнына әсер етпейді. Керісінше азаматтарға жаңа көлік сатып алуға мүмкіндік береді.
Автокөлік бағасының қымбаттауына логистикалық қызмет құнының өсуі, әлемдік нарықта автокөлік жасауда қолданылатын мыс, алюминий, қорғасын сынды негізгі металл бағасының құбылуы, қосалқы бөлшек құнының артуы сияқты жағдайлар негіз болады. Бұған қоса автокөлік бағасының өзгеруіне модельдік желінің жаңартылуы, шетел валютасының бағамы, инфляция деңгейі және басқа да экономикалық факторлар әсер етеді.
– Отандық автоөнеркәсіптің болашағы жайлы не айтасыз?
– АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің көп жылдық даму тарихымен қатар қоятын болсақ, Қазақстан автоөнеркәсібінің небәрі 12 жылдық даму тарихы бар. Соңғы 5 жылда машина жасау саласына инвестор ретінде General Motors, Hyundai, KIA, Renault, JAC, KAMAZ сынды трансұлттық компаниялар тартылды. Бұл шара әлемдік автоөнеркәсіптің трансформациясы мен ТМД елдерінің нарығын дамыту аясында жүзеге асты. Біз өзіміздің автоқұрамдық базамызды дамыту қажет екені туралы жиі айтамыз. Локализация деңгейі тек компоненттік база есебімен есептелмейтінін атап өткен жөн. Жергілікті қамту үлесі Қазақстандағы қосылған құннан құралады. Бұған жұмысшылардың жалақысы және машина жасауға бағытталған түрлі қызмет кіреді.
Компоненттерді өндіруге келетін болсақ, бұл бағыт енді пайда болды.
2021 жылы Қостанай қаласында компонент өндіру бойынша оқшаулау орталығы қолданысқа берілді. Алдағу уақытта шойыннан қозғалтқыш бөлшектерін құю, орындық, пластикалық корпус бөліктерін жасау сынды жобалар жүзеге асырылуға тиіс. Осының барлығының өміршеңдігі инвесторлардың қолдауына, мемлекеттің ұзақ мерзімді және жүйелі саясатына байланысты болады.
Өндірушілердің құзыретін дамытуға, инженер кадрларды көбейтуге, өндіріс көлемі мен технологиялық мүмкіндікті жаңғыртуға, өндірушілердің жаһандық тізбегіне кіруге сонымен қатар компоненттік базаны ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді даму стратегиясы бар. Осы стратегия отандық автоөнеркәсіпке серпін беруге тиіс.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Айбын Асқарұлы
«Баға сол күйінде қалады», – деді министр.
Қайырбек Өскенбаев кәдеге жарату алымының 50%-ға арзандауы шетелде өндірілген автокөліктердің де бағасын төмендетпейтінін айтты.
«Шетелден келетін автокөліктердің бағасы бірден түседі деуге еш негіз көріп тұрған жоқпын. Мысалы, жол талғамайтын қымбат көлік арзандайды деген сөзге сену қиын», – деді ол.
Мамандардың мәлімдеуінше, арзандайтын, арзандамайтын автокөлік бар. Қалай болғанда да утилизациялық алымның 2 есе төмендеуі автодиллерлердің қолданыстағы ережесіне өзгеріс енгізетін сыңайлы.
Ақылбек Анарбаев, Subaru Kazakhstan ЖШС бас директоры:
– Біздің компания доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қатты өзгеріске ұшырамаса, утилизациялық алымның жаңа тарифіне сәйкес қозғалтқыш көлемі 2, 5 литрлік Subaru автокөлігін 700 мың теңгеге арзандатуды жоспарлап отыр. Валюта бағамына тәуелді болғандықтан автокөліктің бағасы нарық талабына қарай құбылып отырады. Баға нарық талабы бойынша бекітіледі.
Дархан Айдаулов, Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының Стратегиялық даму жөніндегі директоры:
– Кәдеге жарату алымы мөлшерінің өзгеруі отандық автокөлік бағасына әсер етпейді. Өйткені отандық автокөліктен утилизациялық алым алынбайды. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты өндіретін Hyundai жеңіл автокөлігі модельдерінің, сондай-ақ Hyundai Trans Almaty зауыты шығаратын Hyundai, МАЗ коммерциялық техникасы мен Golden Dragon жолаушылар техникасының бағасы арзандамайды. Арзандаса, Қазақстанға сырттан келетін автокөліктің бағасы арзандауы мүмкін.
Бізде Toyotа, Nissan, Volkswagen компаниялары сияқты бірқатар дистрибьютор бар. Олардың автокөліктері импорт болып саналады. Бағасы қаншаға түсетінін уақыт көрсетеді.
Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» компаниясының бас директоры:
– Алдын ала жасалған болжам бойынша, биыл шамамен 15-17 мың азамат жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен темір тұлпар тізгіндеуі мүмкін.
Кәдеге жарату алымының бекітілген жаңа тарифі қолданысқа енгеннен кейін BMW, MINI, Haval, Chery импорттық автокөліктерінің бағасы утильалымның төмендетілген құны көлемінде арзандауы ықтимал. Дегенмен импорттық автокөліктің бағасына доллар бағамы әсер ететінін естен шығармау керек. Автокөлік бағасының арзандауына немесе қымбаттауына тасымал құнының өзгеруі де әсер етеді.
Айбын Асқарұлы