Бизнес
Әлеужеліде қызу пікірталас өршіді. Жұрт соңғы кезде кейбір мейрамхана мен дәмхана енгізе бастаған «QR-код мәзірден» шаршап, қағаз мәзірді қайтаруды талап етуде, деп жазды inbusiness.kz.
Пікірталасқа қатысушылардың бірі телефонының қуаты жиі таусылатынын жеткізді. Ол дәмханаға тек тамақтану үшін ғана емес, бой жылытып, кейде телефонын қуаттап алу үшін де барады.
Кейде QR-мәзірге қатысты проблема тіпті ақылға сыймас сипатқа ие болады. Мәселен, қонақ үстелге жайғасып, кодты сканерлейді. Бірақ электронды мәзір ашылмайды. Осындай жағдайдың бірінде мейрамханада интернет дұрыс істемегендіктен, бір топ адам тағамға тапсырысты есінде қалғаны бойынша беруге мәжбүр болған.
Тағы бір келуші QR-мәзірді ашпақ болғанда, алдымен 300 теңгеге жазылым сатып алу ұсынылғанын әңгімеледі. Одан кейін жүйе оны дәмхананың WhatsApp аккаунтына бағыттапты.
Threads-тегі осы тақырыпқа арналған сауалнама қазақстандықтардың көзқарасын аңғартты. Қатысушылардың небәрі 15%-ы QR-мәзірді таңдаса, 26%-ы дәстүрлі қағаз мәзірді жақтаған. Респонденттердің басым бөлігі – 59%-ы қос нұсқаның да қатар болғанын қалайды.
Демек, жұрт технологияға қарсы емес. Бірақ таңдау құқығынан айырылғысы келмейді. Әлем жұртшылығы да бұл жаңашылдықты бірдей құптап отырған жоқ. Ipsos зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан америкалықтардың 58%-ы қағаз мәзірлердің қайта оралғанын қалайды. Цифрлық форматты ұнататындар – 37%.
Цифрландыруға қарсы пікір білдірушілердің уәжі тек телефон қуатының таусылуымен шектелмейді.
«Егер мейрамханада QR-мәзір ғана болса, бұрылып, шығып кетемін. Мұнда не тапсырыс беруге болатынын білу үшін интернетке қосылуға, түрлі техникалық әрекеттерді орындауға міндетті емеспін», – дейді алматылық Марат Садықов.
Қарағандылық Анна Волкова мәселенің өзге бір қырына назар аудартты: «Егер мекеме QR-кодты пайдалануды талап етсе, тіпті тапсырысты соның көмегімен төлеуді міндеттесе, онда ең болмаса тегін Wi-Fi қамтамасыз етсін. Мейрамхана проблемаларын келушінің мойнына артуға болмайды», – дейді ол.
Цифрлық мәзірлердің сапасына да сын көп. Бағдарламашы Даниярдың пікірінше, кейбір электронды мәзірлер баяу ашылады, тағамдарды іздеу мүмкіндігі жоқ, суреттері мен құрамы көрсетілмейді.
«Басшылық сервер қуатын арттыруға ақша жұмсағысы келмейді. Кейде мәзір телефонға емес, компьютерге арнап жасалған PDF файл түрінде беріледі. QR-код арқылы тапсырыс қабылдайтын кейбір сайттардың жүйелік жады мүлде қарастырылмаған. Мысалы, абайсызда браузердегі бетті жауып алсаңыз немесе себеттен шығып кетсеңіз, таңдап қойған бүкіл тапсырысыңыз бір-ақ сәтте жойылады. Қонақтар барлық тағамды бірден таңдап, бір де бір қателік жібермеуге тырысып, әбігерге түседі», – дейді ол.
Пайдаланушылардың ашуын туғызған тағы бір мәселе – кейбір мейрамхананың куар-менюді ашу үшін міндетті тіркелуді талап етуі, жеке деректерді жинауы. Енді бірі тапсырыс рәсімдеуге кіріспей тұрып-ақ телефон нөмірін енгізуге, содан кейін оны бір реттік код арқылы растауға мәжбүрлейді. Бұл ретте азаматтар осы арқылы жарнамалық жолданымдарға жазылудан немесе дербес деректерінің сыртқа ағып кетуінен қауіптенеді.
Threads желісіндегі пікірлерге қарағанда, қағаз мәзірді жақтаушылардың цифрлық жаңашылдыққа қатысты шағымы аз емес:
«Бұрын танымал мейрамханалардың біріне аптасына бірнеше рет түстенетінмін. Қазір бармаймын. Өйткені олар тағамды әкелмей тұрып-ақ, тапсырыстың ақысын онлайн төлеуді талап ете бастады. Қашып кетіп, ақысын төлемей қояды деп қорқатын сияқты».
«Клиенттер QR-мәзірді пайдаланғанын қаласаңыздар, онда ең құрыса әр үстелге арзанқол планшеттен қойыңыздар! Оның үстіне тағамды өз қалауыңша өзгерту мүмкіндігі де қарастырылуы керек қой. Мысалы, сарымсақ немесе бұрыш қоспауды сұрауға бола ма?».
«Алаяқтар QR-кодтарды қолдан жасап, жалған нұсқасын таратады. Автобустарда да осындай жағдай болған. Бір бала көліктегі QR-кодтың үстіне өз кодын жапсырып, жолаушылардан заңсыз ақша жинаған».
«Осы QR-кодтарға деген аяқ астынан пайда болған әуестікті түсінбеймін. Ең болмаса, кодтың астына URL-мекенжайын жазып қойсаңыздаршы. Сонда сілтеменің қайда апаратынын өзім теріп, тексерер едім».
QR-мәзірді жақтаушылар не дейді?
Әрине, цифрлық технологияны қолдайтындардың да айтары бар. Алматылық Дина Ахметова электронды мәзірдің басты артықшылығы – даяшыны күтіп уақыт жоғалтпайтыныңыз деп есептейді.
«Мұндай мәзір болса, қағаз нұсқасын әкелгенше немесе тапсырысыңды қабылдағанша күтіп отырмайсың. Елестетіп көріңізші: залда бір ғана даяшы жүр. Қасыңыздағы үстелде сізден сәл ертерек келген бір топ тапсырыс бере алмай, әлі ойланып отыр. Сіз болсаңыз, олардың не таңдарын күтіп отыруға мәжбүрсіз», – дейді ол.
QR-мәзірді қолдаушылардың тағы бір маңызды дәйектемесі – тазалық пен гигиена. Дәстүрлі мәзір қолдан қолға өтеді, уақыт өте кірлейді, тозады. Оны әр келушіден кейін ешкім тазаламайды.
«Аға ұрпақтың жаңа нәрсеге әрдайым наразы болатынын түсінуге болады. Бірақ сендер, жастар, неге наразысыңдар? Мәзір мен QR-код дегеніміз – жылдам әрі ыңғайлы тәсіл. Даяшының тапсырыстың қате қабылдану ықтималдығы да азаяды. Кір-кір болған қатырманы парақтаудың қажеті жоқ. Менюге оған дейін кімнің қолы тигенін қайдан білесің? Мүмкін, жұқпалы инфекциясы барлар ұстаған шығар. Тамақ ішер алдында бәрің қолыңды жумайсың ғой», – дейді Орынкүл.
Мейрамхана қызметкерлерінің жұмысын да ескерген жөн. Маринаның пікірінше, QR-код арқылы берілетін тапсырыс даяшыларды негізсіз дау-дамайдан қорғайды.
«Осы жүйеге шағымданатындар өмірінде даяшы болып жұмыс істемеген. QR-код арқылы тапсырыс беру үлкен бір проблеманы шешеді. Әйтпесе, қалауы өзгерген клиент: «Мен бұған тапсырыс берген жоқпын, бәрін шатастырып жібердің!», – деп жала жауып, дау шығарады. Мұндай жағдайда даяшы өзін қалай қорғай алады? Қолында еш дәлелі жоқ. Басшылық көбіне клиенттің жағына шығады. Ең сорақысы, мейрамхана иелері «қате» әзірленген тағамның ақысын даяшының жалақысынан ұстап қалады. Онсыз да мардымсыз табысы бар қызметкерге тағы бір соққы», – деп жазды Марина.
QR-мәзірден мейрамханалар жылына 9 млн теңге үнемдейді
Мейрамхана бизнесінің бұл мәселеге көзқарасы мүлде бөлек. Кәсіпкерлер үшін қағаз мәзірді әзірлеу, оны баспаханада басу, мазмұнын жаңарту және ескірген сайын ауыстыру – қосымша шығын.
Баға қымбаттаса, маусымдық өнімдер қосылса, акциялар өткізілсе немесе тағам түрлері жаңарса, дизайнерге қайта жүгініп, баспаханаға тапсырыс беруге тура келеді.
Ескі бағаның үстіне жаңа баға жапсырмасын жапсыра салу – кәсіби тұрғыдан да, мекеменің имиджі тұрғысынан да ұтымды шешім емес. Электронды коммерция саласының сарапшысы Богдан Калиновский технологиялық қолайлылық дәстүрлі қызмет көрсету мәдениетін толығымен ығыстырып шығармауы керек деп санайды.
«Мейрамханалардағы QR-код ыңғайлы: жылдам, заманауи, әрі даяшыны күтудің қажеті жоқ. Дегенмен қағаз мәзір де қонақтың жалпы әсерінің маңызды бөлігі болып қала береді. Оны қолыңа алып, парақтап, безендірілуіне назар аударып, мекеменің атмосферасын сезінуге болады. Романтика ғой. Осындай кішкентай ғана жайттың өзі мейрамханаға барған сәтті ерекше етеді», – дейді сарапшы.
HoReCa саласында 20 жылдық тәжірибесі бар мейрамхана маркетологы Анна Зудова электронды мәзірге қағаз нұсқасының жай ғана баламасы ретінде емес, сатылымды басқарудың тиімді құралы ретінде қарау қажеттігін ескертті.
Оның бағалауынша, дұрыс енгізілген электронды мәзір жүйесі мейрамханаға баспа шығындарын қысқарту арқылы жылына 9 млн теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мұндай жүйенің артықшылықтары аз емес:
• Тағам бағасын жедел өзгертуге болады.
• Сатылымнан алып тасталған тағамдардың стоп-парағы тез жаңартылады.
• Тағамдардың фотосуреттерін, құрамын және граммын толық көрсетуге мүмкіндік бар.
• Қонақ смартфон арқылы тікелей тапсырыс бере алады.
• Қызмет көрсету жылдамдығын 20%-ға дейін арттыруға болады.
• Табысты көп түсіретін тағамдарды алға шығарып, жаңа өнімдерді таныстыруға және түрлі акциялар өткізуге мүмкіндік туады.
• Келушілердің пікірін жинап, олардың қандай тағамдарға көбірек қызығатынын бақылауға болады.
Алайда Анна Зудова бір маңызды жайтты қаперге салды: QR-мәзір кез келген қоғамдық тамақтану орнына бірдей қолайлы емес. Мұндай формат кофеханаларға, қолжетімді мейрамханаларға, фудтрак, барлар мен жылдам тамақтану орындарына көбірек жарасады.
«Ал, қонақ тек тағамға ғана емес, ерекше атмосфераға, гастрономиялық шоуға және жеке қызмет көрсетуге ақы төлейтін премиум санаттағы мейрамханада телефонға шұқшиюды талап ету бүкіл әсерді бұзуы мүмкін. Әсіресе бір адамға арналған гастрономиялық кешкі астың құны 50 000 теңге болған жағдайда. Мұндай жерлерде, керісінше, әрбір тағам топтамасына (сетке) арнап жеке мәзір басып шығарады», – дейді сарапшы.
Мәзір – мейрамхананың жалпы атмосферасын қалыптастыратын, қонақтың көңіл-күйі мен алған әсеріне ықпал ететін қызмет көрсету мәдениетінің бір бөлшегі.
Цифрландыру қызмет көрсету жылдамдығын арттырғанымен, смартфоны жоқ не оны пайдаланғысы келмейтін адамды қолайсыз жағдайға қалдырса, мұндай жаңашылдықтың артықшылығы күмәнді.
Технология адамның өмірін жеңілдету үшін енгізілуі керек. Ендеше мейрамхана қызметінің болашағы QR-кодтың классикалық қағаз мәзірді толық ысырып шығаруында емес, екеуінің қатар өмір сүруінде болса керек. Қонақ таңдауына қарай екеуінің бірі ұсынылғаны жөн.
Қонақ қаласа, телефонын шығарып, кодты сканерлеп, тапсырысын бере алады. Қаламаса, смартфонын шетке қойып, әдемі безендірілген мәзірді қолына алып, тағам түрлерін асықпай таңдай алады.
Өйткені мейрамханаға адам тек қарын тойдыру үшін бармайды. Ол демалуға, жақындарымен әңгімелесуге, жайлы атмосфераны сезінуге және кештің әр сәтінен ләззат алуға келеді. Ендеше, қонақтан телефон қуатын, интернет пакетін, жеке деректерін талап етпей-ақ, оған таңдау еркіндігін қалдырған абзал.
Оның айтуынша, энергетиканы дамыту бағыты аясында негізгі міндеттердің бірі – тұрақты энергия артықшылығын қамтамасыз ету. Серік Жұманғарин жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды жаңғырту, оның ішінде «таза» көмірлік генерацияны және электр беру желілерін дамыту жалғасатынын айтты.
Сала үшін стратегиялық бағдар ретінде елдің 2035 жылға дейінгі бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық теңгерім өзектендіріледі.
«Атом саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2027 жылдың соңына дейін АЭС-тердің жеке қажеттіліктері үшін уранның мемлекеттік стратегиялық қорын қалыптастыру және «Мойынқұм» АЭС бойынша Үкіметаралық келісімге қол қою жоспарланған. Сала үшін білікті кадрларды даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетін болады», –  деді вице-премьер.
Айта кету керек, бұған дейін жастардың атом саласына қызығушылығы артып келе жатқанын жазғанбыз.
Бұл туралы екі елдің энергетика министрліктері мәлімдеді. Бірлескен бастама энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, дағдарыс кезінде Оңтүстік-Шығыс Азияға мұнай жеткізілімін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері АСЕАН елдеріне Жапония және Оңтүстік Кореяның қолдауымен осындай жүйе құруды ұсынған еді.
Жоспарға сәйкес Токио мен Сеул Таяу Шығыстағы мұнай экспорттаушыларға өз қоймаларын жалға береді. Сәйкесінше, дағдарыс кезінде сол қорды сатып алу құқығына ие болады.
Әлемдік энергетикалық дағдарыс 2027 жылы да жалғасуы ықтимал. Бұл туралы Халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA) атқарушы директоры Фатих Бирол 23 қазанда Ыстанбұлда өткен COP31 климаттық саммиті алдындағы инвестициялық жиында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі ахуал мен мемлекеттердің энергетикалық саясаты нарықтардың келесі жылы тез арада қалыпқа келетініне сенуге негіз бермейді.
«Мен 2027 жылы жағдайдың қалыпқа келетініне оптимистік көзқараспен қарай алмаймын. Тіпті оқиғаларға барынша оң тұрғыдан қарауға тырысқанның өзінде, бұған сендіретін дәлел таба алмай отырмын», – деді Фатих Бирол.
Оның сөзінше, энергетикалық дағдарыс 2027 жылы да әртүрлі формада жалғасуы мүмкін. Тіпті жаңа соққылар болмаса да, әлем елдеріне қазіргі дағдарыстың салдарын еңсеру үшін уақыт қажет.
Ормуз бұғазы – әлемдік энергетикадағы негізгі тәуекелдердің бірі
Қазіргі дағдарыстың басты факторларының бірі – Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдай. Бұл теңіз жолы Таяу Шығыста өндірілетін мұнай мен мұнай өнімдерін әлемдік нарықтарға жеткізуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан ондағы кеме қатынасының бұзылуы мұнай, отын және басқа да энергетикалық ресурстардың халықаралық саудасына тікелей әсер етеді.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауынша, Таяу Шығыстағы қақтығыс жаһандық мұнай нарығында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы жеткізу іркілісін туғызды. Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай мен мұнай өнімдерінің ағыны күрт төмендеп, өңірдегі бірқатар өндіруші елдер өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болды.
Мұндай жағдайда әлемдік нарыққа тек шикі мұнай жеткізу көлемі ғана емес, оны өңдеу және дайын отын түрлерін тасымалдау да әсер етеді. Жеткізілімдердің баяулауы дизель мен авиациялық отын секілді өнімдер нарығында қосымша қысым тудыруы мүмкін.
Биролдың пікірінше, Ормуз бұғазындағы дағдарыс энергетикамен ғана шектелмей, экономика мен ауыл шаруашылығына да ықпал етіп отыр. Сондықтан мемлекеттер, компаниялар мен инвесторлар өздерінің қысқа және ұзақ мерзімді стратегияларын қайта қарауға мәжбүр.
Дизель тапшылығы мен бағаның өсу қаупі
Энергетикалық дағдарыс жағдайында ерекше назар аударуды қажет ететін бағыттардың бірі – дизель нарығы. Бұл отын жүк тасымалы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да экономикалық салалар үшін маңызды.
IEA дерегіне сәйкес, Таяу Шығыстан өңделген мұнай өнімдерін жеткізу әлі де шектеулі. Бұған қоса, Ресей мұнай өңдеу зауыттарына жасалған украиналық шабуылдар дизель нарығына қосымша қысым түсіріп отыр. Агенттік мұндай жағдай ұсыныстың тарылуына және бағаның өсуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Дизель қымбаттаса, оның әсері жанармай құю бекеттеріндегі бағамен ғана шектелмейді. Тасымалдаушылардың шығындары өскен жағдайда тауарларды жеткізу құны да жоғарылауы мүмкін. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен тасымалдаудан бастап, өнеркәсіптік тауарлардың бағасына дейін ықпал етуі ықтимал.
Сондықтан энергетикалық нарықтағы ұзаққа созылған тұрақсыздық инфляциялық қысымды күшейту тәуекелін де арттырады.
Төтенше мұнай қорлары жағдайды қаншалықты жеңілдете алады?
Энергетикалық дағдарыстың салдарын жұмсарту үшін бірқатар мемлекет стратегиялық мұнай қорларын нарыққа шығаруға келісті.
IEA-ның мәліметінше, ұйымға мүше елдер 2026 жылғы наурызда нарыққа 400 миллион баррель мұнай шығаруға уағдаласқан. Қазан айының басындағы есеп бойынша, оның шамамен 325 миллион баррелі жеткізіліп үлгерген. Бұл – келісілген көлемнің 80 пайызынан астамы.
Стратегиялық қорларды пайдалану ұсыныс тапшылығын уақытша азайтуға және нарықтағы дүрбелеңді бәсеңдетуге көмектеседі. Алайда бұл шара жеткізілім арналарының ұзақ уақытқа бұзылуы сияқты түпкілікті мәселелерді өздігінен шеше алмайды.
Сондықтан энергетикалық қауіпсіздік үшін төтенше қорлармен қатар, мұнай мен газ жеткізудің балама бағыттарын дамыту, энергия көздерін әртараптандыру және тұтыну тиімділігін арттыру маңызды болып отыр.
Еуропа мен Азияға қандай қауіп бар?
Энергетикалық ресурстар үшін жаһандық бәсекенің күшеюі импортқа тәуелді елдерге қосымша қысым түсіруі мүмкін. Әсіресе табиғи газ қорын қыс мезгіліне дейін толықтыруға тырысатын Еуропа үшін жеткізілімдегі кез келген жаңа іркіліс маңызды.
IEA басшысының 2027 жылға қатысты ескертуі де осы тәуекелдермен байланысты. Энергетикалық нарықтардағы тұрақсыздық ұзаққа созылса, мемлекеттер отын қорларын толықтыруға көбірек қаражат жұмсап, тұтынушылар үшін энергия құнының жоғары болу қаупі сақталуы мүмкін.
Азия елдері де Таяу Шығыстан келетін энергия ресурстарына тәуелділігіне қарай түрлі деңгейде әсер сезінуі ықтимал. Мұнай мен газ жеткізілімінің өзгеруі халықаралық нарықта сатып алушылар арасындағы бәсекені күшейтіп, импорттаушы мемлекеттердің шығындарын арттыруы мүмкін.
Дегенмен дағдарыстың әр елге әсері бірдей болмайды. Ол импортқа тәуелділікке, стратегиялық қорлардың көлеміне, ішкі өндіріс мүмкіндігіне және балама жеткізу жолдарының қолжетімділігіне байланысты.
Энергетикалық дағдарыс қандай өзгерістерге түрткі болуы мүмкін?
Фатих Бирол қазіргі жағдайды 1973 және 1979 жылдардағы мұнай дағдарыстарымен салыстырды. Оның айтуынша, сол кезеңдерде туындаған энергетикалық күйзелістер атом энергетикасының дамуына және көлік құралдарының отын тиімділігін арттыруға ықпал еткен.
IEA басшысы қазіргі дағдарыс та елдердің энергетикалық саясатын қайта қарауына түрткі болуы мүмкін деп есептейді. Оның ішінде электрлендіруді жеделдету, энергия көздерін әртараптандыру және энергетикалық қауіпсіздікті күшейту мәселелері бар.
Бирол COP31 аясында электр энергиясының әлемдік энергия тұтынуындағы үлесін 2035 жылға қарай 23 пайыздан 35 пайызға дейін жеткізу жөніндегі бастаманы да ұсынды. Оның пікірінше, электрлендіру энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, шығарындыларды азайтуға көмектесе алады.
Дағдарыс 2027 жылы міндетті түрде жалғаса ма?
IEA басшысының мәлімдемесі – қазіргі тәуекелдерге негізделген болжам. Бұл әлемдік энергетикалық дағдарыс 2027 жылдың соңына дейін міндетті түрде жалғасады дегенді білдірмейді.
Нарықтың қалпына келу қарқыны Таяу Шығыстағы жағдайға, Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қалпына келуіне, мұнай мен мұнай өнімдерінің жеткізілім көлеміне және мемлекеттердің қабылдайтын шараларына байланысты болады.
Егер жеткізілім арналары тұрақтанып, геосаяси шиеленіс бәсеңдесе, энергетикалық нарықтағы қысым да біртіндеп азаюы мүмкін. Ал жаңа қақтығыстар немесе инфрақұрылымға келетін залал жағдайды одан әрі қиындатуы ықтимал.
Осылайша, Фатих Биролдың ескертуі әлемдік энергетикалық жүйенің әлі де елеулі тәуекелдерге тап болып отырғанын көрсетеді. 2027 жылы нарықтардың толық тұрақтануы кепілдендірілмеген, ал қазіргі дағдарыстың салдары мемлекеттерге, бизнеске және тұтынушыларға келесі жылы да әсер етуі мүмкін.
“Түптеп келгенде, халықаралық қауіпсіздік архитектурасының іргесі шайқала бастады. Бұл жайт құқық үстемдігі көлеңкеде қалып, күш көрсету басымдыққа ие болған қауіпті үрдіспен қатар жүруде. Былтыр әлемде қарулы қақтығыстар саны Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көрсеткіштен асып түсті. Бұл кикілжіңдердің құны статистикалық деректермен ғана емес, адам ғұмырымен де өлшеніп жатыр. Өткен жылдың өзінде 20 қарулы қақтығыс болып, 37 мыңнан астам бейбіт тұрғын ажал құшты. 117 миллионнан аса адам босқынға айналды, ал 266 миллион жан ішер асқа жарымай отыр. Бұл үрдіс ұзақ жылдар бойы жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен саяси күш-жігердің нәтижесін жоққа шығарды. Сондықтан Азияға анағұрлым мықты институттар қажет. Ниеттестік жөніндегі декларациялар қабылдаудың дәуірі өтті”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент 2022 жылы Астанада ұйымдастырылған VI саммитте АӨСШК мүше мемлекеттері Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға уағдаласқанына назар аударды.
"Бүгінде Ұйымға төрағалық етіп отырған Әзербайжан бұл миссияны лайықты деңгейде іске асырып келеді. АӨСШК Жарғысының қабылдануын асыға күтеміз. Бұл алдағы іс-қимылымыздың жол картасы болады. Қазақстанның АӨСШК трансформациясына қатысты ұстанымы бұған дейін бекітілген міндеттемелерге негізделген. Сондай-ақ ортақ түсіністікке қол жеткізуге және тиісті келісімдерді әзірлеуге икем танытуды басшылыққа алады. Кеңес Азиядағы орнын сақтай отырып, жаһандық серіктестермен ынтымақтастыққа ашық институт болуға тиіс. Ұйым өзара сенім рухындағы дәйекті диалог пен сындарлы консультацияға негізделген қауіпсіздік моделін ілгерілетуі керек”, – деді Мемлекет басшысы.
Сарбаздар кітап оқу мәдениетін қалыптастыру арқылы әскери қызмет мерзімін 1 айға қысқарта алады.
– Бұл қадам әскери қызметшілер арасында кітап оқуды насихаттауға, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар, сарбаздардың рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Құжат ұшқыштар даярлайтын отандық және шетелдік жоғары әскери оқу орындарының түлектерімен жаңа келісімшарт жасасудың құқықтық негіздерін айқындауды көздейді, – делінген ресми хабарламада.
Осыған дейін Өзбекстан Сенаты кітап оқығаны үшін сотталғандардың жаза мерзімін қысқартуды көздейтін заң жобасын мақұлдаған еді. Онда «әрбір оқылған кітап үшін жаза мерзімі үш күнге қысқартылады» деп жазылған.
Жаза кеткен жөн, Қазақстан Қарулы күштерінде де кітап оқу мәдениетін дамыту және қалыптастыруға бағытталған талаптар бар.
Яғни, әрбір сарбаз мерзімді әскери қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуға міндетті саналады.
Президент мәртебелі меймандардың осы іс-шараға қатысуы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты көрсететінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіретінін айтты. Соңғы жиырма жылда бельгиялық компаниялар экономикамызға 15 миллиард доллардан астам қаржы құйған.
“Елімізде агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау, фармацевтика, озық технологиялар мен энергетика салаларында 100-ден астам бельгиялық және бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істейді. Олардың қатарында Jan De Nul, Sarens және Ahlers сияқты жетекші бельгиялық компаниялар бар. Екіжақты сауда көлемінің өсіп келе жатқаны қуантады. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-саттық шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар сауда үдерістерін жеңілдету және тауар айналымы өсімін арттыру үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз қажет. Сонда ғана халықтарымыздың қалауына қол жеткізетінімізге сенімдімін. Қазақстан Бельгияның Орталық Азия аймағындағы ірі сауда серіктесі саналады”, – деді Мемлекет басшысы.
Президент екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге Король Филипптің айрықша үлес қосқанына тоқталды.
“Сіз 16 жыл бұрын Қазақстанға сауда миссиясын бастап келдіңіз. Бұл қадам елдеріміздің іскер топтары арасындағы ұзақмерзімді ықпалдастыққа берік негіз қалады. Сіздің Бельгия бизнесіне көрсетіп келе жатқан қолдауыңыз серіктестігімізді ілгерілетуге зор ықпал етті. Дегенмен ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға әлеуетіміз жеткілікті”, – деді Мемлекет басшысы.
“Еуропалық одақтың дәл ортасында орналасқан Бельгия Еуропа нарығына шығатын қақпа ретінде елеулі рөл атқарады. Сондай-ақ технология, инновация, таза энергетика, логистика және халықаралық сауда саласында айтарлықтай тәжірибеге ие. Ал Қазақстан еуразиялық кеңістіктің маңызды аумағы саналады. Географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасуының және мол табиғи ресурстарының арқасында Қазақстан әлем экономикасында ерекше орны бар аймақтық сауда, инвестиция және жасыл экономиканы дамыту орталығына айналды. Мұның бәрі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге шынайы негіз болады”, – деді ол.
Бельгиялықтар Королі екі елдің бизнес өкілдерін энергетика, аса маңызды минералдар, көлік-логистика, қаржы және туризм сияқты перспективті салаларда ықпалдастықты жандандыруға шақырды.
“Бельгия мен Қазақстанның арасы географиялық жағынан алшақ болғанымен, мақсат-мұраттарымыз, амал-әрекеттеріміз және табандылығымыз тұрғысынан өте жақын елдерміз”, – деді Король Филипп.
Қазақстанның 16 қаласында жұмыс істейтін жылдам тамақтану мейрамханалар желісі үшін бұл елдегі қамту аймағын кеңейтудің кезекті қадамы. Ал GASENERGY үшін – бұл көлікке жанармай құю аялдаудың себептерінің бірі болатын жаңа форматты әрі қарай дамыту.
Бүгінде кешен аумағында көлікке жанармай құйып қана қоймай, кофе, хот-дог, пицца немесе жаңа пісірілген тағамдар алып, азық-түлік пен жолға қажетті заттарды сатып алуға болады. Балалармен жолға шыққандар үшін ойын аймағы, ал электромобиль иелері үшін қуаттау станциясы қарастырылған. Енді бұл тізімге Burger King те қосылды, мұнда тамақты іште отырып жеуге де, тапсырысты өзіңмен бірге алып кетуге де болады.
«Бұл – екі ірі брендтің бір-бірін толықтыра отырып, клиенттер үшін қолайлы тәжірибе қалыптастыруының жарқын үлгісі. Әрқайсымыздың өз өніміміз бен аудиториямыз бар, ал бірлескен жұмыс арқылы бір аялдама шеңберінде адамдарға көп мүмкіндік ұсына аламыз», – деп атап өтті PetroRetail компаниясының жанама бизнес және маркетинг жөніндегі директоры Рамис Джайлибаев.
Burger King-пен серіктестік GASENERGY компаниясының автожанармай құю станцияларындағы қосымша сервистерді дамыту стратегиясына сай келеді.
Желі станцияларында жанармайдан бөлек, киім-кешек, ойыншықтар мен автотауарларды қамтитын тауарлардың кең ассортименті ұсынылған.
«60 – бұл шынымен де мақтануға тұрарлық көрсеткіш. Өйткені бұл санның артында адамдар тұр. Олар жаңа орындарды іздейді, құрылыс жүргізеді, қызметкерлерді жұмысқа алып, оқытады, мейрамханаларды іске қосады. Таңертең «Біз ашылдық!» деп айту үшін ашылу қарсаңында кешке дейін қалады. Әрбір жаңа мейрамхана – бұл жаңа жұмыс орындары: біреу үшін алғашқы жұмыс орны болса, енді біреу үшін кәсіби тұрғыда өсіп, менеджер атануға және компания ішінде мансап құруға берілген мүмкіндік», – деп атап өтті Burger King Kazakhstan желісінің бас директоры Алёна Амилаханова.
Мұндай кешендердің өзіндік ырғағы бар: біреулер кофе алу үшін аз уақытқа аялдаса, енді біреулер ұзақ сапар алдында тынығып алады, ал кейбіреулері оны отбасымен толыққанды демалысқа айналдырады. Сол себепті автожанармай құю станциясы, дүкен, тамақтану орны мен қосымша қызметтердің бір арнада тоғысуы өте маңызды. Себебі барлық қажеттілік бір жерде қамтамасыз етілген.
Жаңа кешеннің жылдық қуаты 10 млн тоннаға дейін болады. Энергетика министрлігі жобаны іске асыруды жеделдетіп, нысанды 2033 жылға дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, Ұлытау, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы 4 ықтимал алаңға салыстырмалы талдау жүргізілуде. Өңірді түпкілікті таңдау осы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
«Біз жаңа МӨЗ жобасын іске асыруды жеделдету туралы шешім қабылдадық. Жыл соңына дейін төрт ықтимал облысқа бағалау жүргізіліп, содан кейін құрылыс үшін оңтайлы өңір ресми түрде анықталады. Жаңа зауыт заманауи мұнай-химия кластерінің өзегіне айналады», – деді Дәулет Арықбаев.
Сонымен қатар Қазақстан жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу кәсіпорындарының қуатын қазіргі 18 млн тоннадан жылына 29,2 млн тоннаға дейін арттырып жатыр.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 2030 жылға қарай жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жобаның ТЭН әзірлеу жұмыстарын CNPC-нің Шығыс-Қытай жобалау институты жүргізуде.
Павлодар мұнай-химия зауытын 2031 жылға қарай жылдық қуатын 5,5 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеу көлемі кезең-кезеңімен 2028 жылға қарай 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін арттырылады. Кәсіпорында жөндеуаралық 3 жылдық циклге көшу де жоспарлануда.
Мұнай өңдеу қуаттарының артуына байланысты Қазақстан отандық зауыттарды қажетті көлемде шикізатпен қамтамасыз ету үшін мұнай тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтіп жатыр. Атап айтқанда, кеңейтілетін Шымкент МӨЗ-ін мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан – Қытай мұнай құбыры жүйесін кеңейту, 5 жаңа мұнай айдау станциясын салу және ұзындығы 189 км лупинг тарту мәселесі пысықталуда.
Кенқияқ – Атырау мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млн тоннаға дейін, ал Кенқияқ – Құмкөл учаскесінің өткізу мүмкіндігін жылына 20 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жобаны Қытай тарапымен паритеттік негізде іске асыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұған дейін Caspi Bitum зауытын кеңейту жұмыстары аяқталып, оның мұнай өңдеу қуаты жылына 1,5 млн тоннаға жеткізілді. Кәсіпорында жол битумын өндіру көлемі жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ Қазақстанда Jet A-1 авиациялық керосинін өндіруді жолға қою жоспарлануда.
Экспорттық логистика мәселесіне тоқталған Дәулет Арықбаев Қазақстанда өндірілетін мұнайдың шамамен 80%-ы сыртқы нарықтарға жеткізілетінін атап өтті. Қазақстан мұнайының шетелге экспортталатын көлемінің 80%-дан астамы Каспий Құбыр Консорциумы арқылы тасымалданады.
Сонымен қатар Атырау – Самара бағыты, Қытай бағыты және Ақтау порты арқылы Транскаспий халықаралық көлік маршруты, одан әрі Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры пайдаланылып жатыр.
Бұның салдарын бәрінен бұрын күзгі жиын-терінге қамданған шаруалар көре бастады. Әсіресе, Ақмола облысының фермелері бірінші болып бас көтергенін байқадық. Аймақтағы монополист компания – «АРЭК» АҚ заңды тұлғалар мен кәсіпорындар үшін электр энергиясының тарифін 1 кВт/сағ үшін 48,51 теңгеден 70,18 теңгеге дейін өсірген. Ізін ала кәсіпкерлер «электрдің бағасы ғана өспейді, ұн тарту, нан пісіру, сауда қызметтерінің құны да құбылады» деп алаңдайтынын жеткізді.
Мысалы, Ақмола облысының Астрахан ауданындағы «Гендик В.В.» шаруа қожалығының жетекшісі Вероника Гендик өз есебін нақты цифрмен көрсетіпті.
«Шаруашылықтың жылдық электр тұтынуы шамамен 130 308 кВт/сағат. Бұрынғы 48,51 теңге тарифпен жылдық шығын шамамен 6,32 млн теңге болса, 70,18 теңгелік тариф кезінде бұл сома 9,14 млн теңгеге жуықтайды. Арадағы айырма – жылына шамамен 2,83 млн теңгеге шығып отыр. Бұған қоса егін орағы кезінде электр энергиясын тұтыну көлемі айтарлықтай өседі, – дейді ол.
Негізі фермерлер сөзінің жаны бар, себебі астықты жинау бір шаруа ғана емес, жиналған астықты реттеу үшін кептіргіш жұмыс істейді. Желдеткіш айналады, тазалау қондырғысы іске қосылады, қойма мен элеватор тоқтамайды. Яғни технологиялық процесс көп. Мұның бәрі электр энергиясын қажет етеді.
Бұл түйткіл бір өңірді ғана емес, тұтас республикаға да аса елеулі қиындық келтіруі әбден мүмкін. Бұны сарапшылар да растап отыр. Фермерлер секілді ұн тарту өнеркәсібіндегілер де ащы жанайқайын айтпай қалмады.
Кәсіпкерлердің мәліметінше, ұн өндірушілер үшін тариф 39,83 теңгеден 52,20 теңгеге дейін өскен.
– Ұн тартатын жабдық, тасымалдау жүйелері, желдету, тазалау және басқа да өндірістік процестің бәрі электр энергиясына тәуелді. Сондықтан тариф өскен кезде кәсіпорынның айналым қаражатына қысым күшейеді. Бұл дайын өнімге, азық-түлік өндірісіне аса қатты әсер етеді. Шаруалар өз өнімдерін айтарлықтай жоғары бағаға көтеруге мәжбүр болады. Бұл бірқатар шаруашылықтың жұмысшыларының қысқартылуына әкеліп соғады, – дейді Ақмола облысына қарасты «Атбасар ауданының ұн өндірушілері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динмагомед Асаев.
Кәсіпкерлер тарифті белгілеу тәртібінің ашықтығын сұрап отыр. Атап айтқанда, бизнес өкілдері тарифтің өзгеруі туралы тұтынушыларды алдын ала хабардар ету, жария тыңдаулардың өткізілуі, энергиямен жабдықтау шарттарының талаптары және электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары мәселелерін көтерген. Бұл жағдайға байланысты өңірлік кәсіпкерлер палаталары белсенді әрекет етіп жатыр. Ресми шағымдар әзірлеп, мәселені шешудің тиімді жолдарын ұсынып бағуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігі де бұған қатысты реакция білдіріп үлгерді. Дегенмен ведомство агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, өндірісті әртараптандыруға, техника жаңартуға және өнімді өткізу инфрақұрылымын күшейтуге басымдық беріліп отырғанын айтумен шектеліпті.
Вице-министр Азат Сұлтанов Ақмола фермерлерімен кездесуінде биыл 668 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 93,8 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржы берілгенін алға тартты.
Ал облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы электр энергиясы тарифінің өсуі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қатты әсер ете қоймайды деп есептейді деп отыр.
– Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың қазіргі деңгейі шаруалар үшін аса қолайлы болып отыр. Мәселен, «Кең дала 2» бағдарламасымен қосалқы бөлшек, жанармай, тыңайтқыштар басқа да қажеттіліктері үшін жеңілдетілген несиені қараша-желтоқсан айларынан бастап алатын болды. 131 миллиард теңгеден астам қаражат берілді. Оны бірден беруден де босатылды. Бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Биылғы егіннің сапасы аса жоғары. Бидайдың басым бөлігі 2-3 класты көрсетсе, арпаның да сапасы жоғары болып отыр. Гектарынан орташа 13,5 центнерден айналып отыр. Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың дер кезінде берілуінің арқасында дер едім. Қазір шаруалар 51 млрд теңгеге дейін лизингтік техникаларды 5 пайыздық мөлшермен алып жатыр. Сондықтан электр энергиясы бағасының өсуі шаруаларға қатты елеулі кедергі тудырмауға тиіс, – дейді Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.
Дегенмен кәсіпкерлердің пікірінше, астық бағасы төмендеп, ал өндіріс шығыны өскен жағдайда кейбір шаруашылықтардың «Кең дала» бағдарламасы бойынша банктер алдындағы және лизингтік міндеттемелерін орындауы қиындауы мүмкін.
Мәселеге қатысты пікірталастар әлі де жалғасып жатқанға ұқсайды. Бұл тұста екі тараптың да өз шындығы бар: шаруаға кәсібінің жүргені, ал электр энергиясын өндірушілерге онсыз да тозған жүйесін жаңартып, табысқа шығуы қажет.
Көлік вице-министрінің мәліметінше, биыл 8 айда теміржол арқылы 9,3 миллион тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық.
Оның ішінде экспортқа 7,2 миллион тонна, ел ішінде 2,1 миллион тонна тасымалданған.
Жәнібек Тайжанов негізгі бағыттар бойынша өсім бар екенін жеткізді.
«Орталық Азия елдеріне тасымал 37 пайызға, Қытайға 34 пайызға өсті. Ресей порттары арқылы тасымал 9 пайызға артты (Балтық және Қара теңіз). Ауғанстанға астық тасымалы 4,4 есе өсіп, 655 мың тоннаға жетті», – деп атап өтті ведомство өкілі Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, өңделген өнім көлемі де өсіп келеді. Қоспа жем тасымалы 38 пайызға өсіп, 2,6 миллион тоннаға жетті. Жалпы, астық тасымалы бойынша жақсы өсім бар, дейді вице-министр.
Айта кету керек, бұған дейін биыл дәнді дақылдар түсімі көпжылдық орташа деңгейден жоғары болатынын жазғанбыз.
Осы қордың қызметін бақылау жөніндегі комиссияға жетекшілік етуді Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповке сеніп тапсырылды.
Қазіргі уақытта қорда қаражат жинақталды. Бұл Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері, Құрылтай депутаттары, саяси партиялар, кәсіпкерлер, демеушілер және басқа да жанашыр азаматтарымыздың арқасында мүмкін болып отыр. Осыған байланысты, қаражат жинақтау ресми түрде аяқталды.
"Арнайы комиссияның жетекшісі ретінде жақын арада осы жиналған қаражат қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге әділетті түрде және біркелкі бөлінетінін сеніммен айтамын. Оның ашықтығын Комиссия құрамына кірген мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері де қадағалайды", – деді ол.
Бекмұрат Жүсіпов атқарылып жатқан жұмыстың барысы туралы сіздерге тұрақты түрде хабарлап отыратынын айтты.
"Қаржылай көмек қайғының орнын толтыра алмайтынын түсінеміз. Дегенмен осындай ауыр жағдайда отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету – біздің парызымыз деп білеміз. Сіздер бұл ауыртпалықпен жалғыз қалмайсыздар. Сенім білдіріп, қайғыға ортақтасқан барша қазақстандықтарға алғыс айтамыз," – деп түйіндеді Жүсіпов.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов жұмыс істеп тұрған МӨЗ-дерді кеңейту жұмыстарының ағымдағы жай-күйі мен мерзімдері туралы баяндады. 2030 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін, ал Павлодар мұнай-химия зауытының қуатын 2031 жылға қарай 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Атырау мұнай өңдеу зауытында тиімділікті арттыру жобасы жүзеге асырылуда; 2027 жылы аяқталуы жоспарланған жоба аясында зауыттың өндірістік қуаты 5,5 млн тоннадан 6,1 млн тоннаға дейін ұлғаяды.
Одан бөлек, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аясында «Кеңқияқ – Атырау» және «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбырларының, «Текесу» стансасының өткізу қабілетін кеңейту, сондай-ақ қуаттылығы жылына 3,5 млн тоннаға дейін жететін «Шымкент – Алматы» мұнай өнімдері желісін салу қарастырылған.
Жалпы, жұмыс істеп тұрған үш МӨЗ-ді кеңейту жобаларын жүзеге асыру олардың жиынтық қуатын жылына 17,5 млн-нан 28,8 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев төртінші МӨЗ салу мәселесі пысықталып жатқаны туралы баяндады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, ұзақ мерзімді перспективада елдің мұнай өңдеу қуаттылығына деген қажеттілік жылына 40 млн тоннаға жетуі мүмкін.
Премьер-министр жыл соңына дейін төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі бойынша кешенді бағалауды аяқтап, оның оңтайлы қуатын, конфигурациясын, шикізат базасын, орналасу орнын және экономикалық моделін айқындай отырып, түпкілікті шешімдер қабылдауды тапсырды.
Кеңеске қатысушыларға орта және ұзақмерзімді перспективада ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында саланың өндірістік әлеуетін арттыру бойынша бірқатар тапсырма берілді. Жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға мұнай өңдеу қуаттарын кеңейту жобаларын тұрақты бақылауда ұстау, мерзімдердің кешіктірілуіне жол бермеу және нысандардың уақтылы іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырылды. Мұнай өнімдеріне ішкі сұраныстың артуын ескере отырып, мұнай өңдеуді одан әрі тереңдетуге ерекше назар аударылды.
«Мұнай өңдеу қуатының артуы ішкі нарықтағы ЖЖМ бағасының тартымдылығымен тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы көршілес елдермен салыстырғанда екі есе төмен болғандықтан, мұнай өңдеу саласына инвестиция салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан нарықты ырықтандыруды белсенді түрде жалғастыру қажет. Бұл – экономикалық қауіпсіздік мәселесі», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ломтадзенің сөзінше, бұл идеялар болашақ Kaspi Магазиннің стратегиясын әзірлеу кезінде талқыланған.
«2013 жылы біз жай ғана банк емес, одан да ауқымды компания болғымыз келетінін анықтадық. Сондай-ақ, интернет-дүкен ашуды жоспарладық, сөйтіп, 2014 жылы Kaspi Магазинді іске қостық», – деді ол.
Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum алаңында таныстырған Kaspi.kz-тің 2013 жылғы ішкі материалдарынан алынған слайд
Ломтадзе команданың сервистерді әзірлеуге қалай қарайтынын түсіндірді: алдымен қол жеткізгісі келетін түпкі нәтиже айқындалады, содан кейін соған қажетті шешімдер белгіленеді.
«Біз түпкі нәтиже, түпкі өнім және сервис тұрғысынан ойлаймыз. Содан кейін қол жеткізгіміз келетін нәтижеден немесе сервистен кері қарай жүріп, оған қалай жетуге болатынын қарастырамыз».
Бүгінде компания Kaspi Магазиндегі дербес AI-көмекші Kasper-ді дамытып жатыр. Ол қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдеріндегі сұрауларды түсінеді, клиенттің қажеттіліктерін нақтылайды және тауар таңдауға көмектеседі.
Ломтадзенің айтуынша, даму бағыттарын таңдағанда команда клиенттерге барынша пайда әкелетін міндеттерді шешуге басымдық береді. Алдағы уақытта компания Kasper-дің мүмкіндіктерін кеңейтіп, оның басқа да күнделікті міндеттерді орындауға көмектесуші жасауды жоспарлап отыр.
Каспийдің түбінде кен көп пе?
Ел үкіметінің салаға бұлай зер салуы бекер емес. Энергетика министрлігі елде бұрыннан бар кен орындарында мұнай азайып келе жатқанын растаған. Енді мұнайшылар жер қыртыстарын тереңірек барлап, тұзасты және бұрын аз зерттелген аумақтарға дейін бұрғыламақ. Бұл мақсатта арнаулы бағдарлама да барын айта кетейік. Қазақстанда 2026-2030 жылдарға арналған ауқымды геологиялық барлау жобасы әзірленген. Оның аясында қазір 23 жоба атқарылып жатыр. Әсіресе Каспий маңына көңіл бөлінген.
Бірақ жобалардың бәрі мол қор табыларына кепілдік бермеуі мүмкін. Себебі «қара алтын» іздестіріліп жатқан аумақтар өте күрделі, қабаттар терең, қанша мұнай барын алдын ала анықтау қиын. Күрделі технология болған жерде қаржы да көп шығындалатыны анық. Осыған қарамастан Энергетика министрлігі алдағы уақытта мұнай мен газ іздейтін жерлерді көбейтпек ниетте. Ол үшін шетелдік инвесторларды тартуға әзір.
Бір түсінгеніміз, мұнай қоры сарқыла бастаған уақытта Қазақстан өндіріс көлемін азайтқысы келмей отыр. Елдің ішкі қажеттілігінің біразын жауып отырған «қара алтынға» тәуелділік әлі сейіле қоймайтынын осыдан білсек керек. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан 2015 жылы 63,6 млн тонна мұнай экспорттаса, арада 10 жыл өткенде көрсеткіш 76,3 млн тонна болған. Яғни 10 жыл ішінде экспорт 20 пайызға артқан. Оның үстіне еліміз бұл деңгейді ұстап қалмай, көбейтуді көздеп отыр. Ал биыл отандық өндіру көлемі 98 млн тонна деп жоспарланған.
Өндіріс өскен жерде табыс та еселенетіні түсінікті. Биыл алғашқы 8 айдың өзінде мұнай және газ саласы бюджетке 5,4 трлн теңге салық түсірген. Оның 3,17 трлн теңгесі Ұлттық қорға аударылған. Әйтсе де Қаржы министрлігі түсімдердің сәл аздау екенін де жасырмапты. Өйткені бірқатар сыртқы және ішкі факторлардың қысымы бар.
Әзірге Қазақстанның «қара алтынының» негізгі сатып алушысы Италия болып тұр, 2025 жылы бұл елге 15,2 млрд долларға 28,9 млн тонна мұнай экспорттаған. Екінші орынды Нидерланды иеленді: 5,6 млрд долларға 10,6 млн тонна «қара алтын» алған. Одан кейін Франция (3 млрд долларға 5,6 млн тонна), Румыния (2,6 млрд долларға 5,3 млн тонна) деп жалғаса береді. Кәрі құрлық елдері осылайша қазақстандық мұнайдың 70 пайыздан астамын иеленіп отыр.
Жаңа бағыт жандандыра ма, жаңылдыра ма?
Мұнай барлауға қатысты әңгімені жалғастырар болсақ, тақтатас мұнайын айта кеткен жөн. Былтыр ақпанда Қазақстан Үкіметі елде тақтатас мұнайы өндіріле бастайтынын хабарлады. Кероген мұнайы атауымен танымал бұл «қара алтын» түрі бізде алғаш рет бұрғыланатыны мәлім болған еді. Тақтатас мұнайы көбіне жер қыртыстарында жатады. Оны өндіру технологиясы бойынша, жер қойнауының белгілі бір тереңдігіне жеткеннен кейін, көлденең бұрғылау басталады. Бұрғылау тереңдегі жер қыртысын қопара айыру керек, бұл тұста қабатты гидравликалық жарылыстар да жасалады. Ал тақтатас мұнайы жиналған жер қыртысын үгіту үшін орасан көп мөлшерде әртүрлі химикаттар қосылған су айдалады. Демек, экологиялық талаптарға толық сай келетін өндіру әдісі емес.
Қазір Американың мұнай өндірісі бойынша Сауд Арабиясы мен Ресейді басып озып кетуінде тақтатас мұнайының үлесі орасан. 2000-жылдардың басында АҚШ-та дәстүрлі мұнай қоры күрт азайды. Ал 2007-2008 жылдары жаңа технологияны қолданып, өндірісті қайта арттырды.
Былтыр Энергетика министрлігі тақтатас мұнайы Қарағансай кенішінен өндірілетінін жазған болатын. Ведомство мұнда 56,4 млн тонна қор барын жеткізген. Міне, осы тұста мәселе туындайды. Біріншіден, табылған қор тым аз. Мысалы, Қазақстанның жылдық мұнай өндірісі орта есеппен 90 млн тонна шамасында. Қарағансайдағы қор еліміздің жылдық мұнай өндірісінің 60 пайыз мөлшеріне ғана тең. Екіншіден, бұл өндірістің бейнеті көп һәм қымбат, күрделі технологияларды қажет етеді.
– Тақтатас мұнайының өзіндік құны бірнеше маңызды фактордан тұрады. Өндіріске кіріспес бұрын компаниялар геологиялық барлау мен лицензия алуға қаражат жұмсайды. Бұл тек алғашқы инвестициялар, онсыз жер қойнауында мұнай қоры бар-жоғын, оны өндірудің қаншалық тиімді екенін анықтау мүмкін емес. Тығыз жыныстардан алу үшін көлденең ұңғымалар бұрғыланып, оған жоғары қысыммен химикаттар араласқан су айдалады. Бұл қымбат процесс, бір ұңғыманы бұрғылау бірнеше млн долларға түсуі мүмкін, – дейді мұнай және газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов.
Алайда шығын бұнымен  бітпейді, өндіру басталғаннан кейін компаниялар ұңғымаларды күтіп ұстауға, қызметкерлердің жалақысын төлеп, химикаттар мен электр энергиясын сатып алуға тағы қаржы жұмсайды. Тасымалдау мәселесі және бар, тақтатас кен орындары ірі мұнай құбырларынан алыс орналасқан, сондықтан мұнайды автоцистерналармен немесе теміржол арқылы тасымалдайды.
Қазір АҚШ жалпы мұнай өндірісінің 70 пайызын тақтатас мұнайы есебінен толтырып отыр. Дегенмен бұл бағытта Қазақстан үлкен жетістікке жете қоярына күмән көп. Дәстүрлі мұнай бағытын жалғастыра беру үшін жаңа кен орындарын іздеп отырғандай.
Orlen мәлімдемесінде мұнай жеткізу келісімшарттары Норвегия, Ұлыбритания, Алжир, Қазақстан, Әзербайжан және Америка құрлығындағы елдермен жасалғанын хабарлады. Компания бұл келісімшарттардың құнын жарияламады.
Басылымның жазуынша, Қазақстаннан мұнай жеткізу Orlen компаниясының Сауд Арабиясынан алынатын мұнайдың орнын толтыру стратегиясының бір бөлігіне айналды.
2022 жылдан бері Saudi Aramco Польшаның бұл компаниясына мұнай жеткізетін негізгі жеткізуші болып келеді. Оның үлесіне Orlen сатып алатын мұнай көлемінің шамамен 40%-ы тиесілі. Алайда Сауд Арабиясынан мұнай экспортында іркілістер пайда болғаннан кейін Orlen балама жеткізу көздерін белсенді іздей бастады.
Сәрсенбі күні компания мұнай сатып алуға арналған тағы екі тендер жариялады. Оның бірі Солтүстік теңіз мұнайына, екіншісі Бразилия немесе Гайана мұнайына қатысты.
Трейдерлердің айтуынша, Orlen қыркүйек пен қазан айларында мұнай өңдеу зауыттарының қажеттілігін өтеу үшін қосымша көлем сатып алып жатыр.
Бюро мәліметінше, елімізде ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндірумен айналысатын 40 кәсіпорын мен өндіріс бар. Өндіріс құрылымындағы негізгі үлес – 72,5% ауыл шаруашылығы машиналарына тиесілі.
2025 жылы Қазақстанда 1236 астық жинайтын комбайн шығарылды. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,7%-ға көп.
Өңірлер арасында комбайн өндірісінің 47,9%-ы Ақмола облысына тиесілі. Қостанай облысының үлесі – 32%, Солтүстік Қазақстан облысының үлесі – 18%.
– 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 9 астық жинайтын комбайн экспортталды. Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 16 бірлікті құрады. Астық жинайтын комбайндардың негізгі экспорттық бағыттары Тәжікстан, Грузия және Өзбекстан болды, – делінген Ұлттық статистика бюросының ақпаратында.
Өндірушілер алдағы кезеңде Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының экспорт көлемін одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.
Саудаға емес, лотереяға көбірек ұқсас
Қазақстанда, Ресейде және ТМД-ның басқа да елдерінде жаңа тренд қарқын алып келеді. Онда электронды коммерция алпауыттарына қайтарылған, жолай жоғалды деп танылған немесе клиент тарапынан талап етілмеген шетелдік тапсырыстар толы, жабық паллеталар мен қораптарды сатып алу ұсынылады.
Осының негізінде TikTok пен YouTube желілерінде вирустық видеолар қаптады. Онда блогерлер және қарапайым адамдар «распаковка» жасап, әлдебір қораптың ішінде не бар екенін көрерменмен бірге білу үшін экран алдында ашып жатады.
Ал осындай жұмбақ қорапты сатушылардың уәдесі бойынша оның ішінен брендтік киім мен ыдыс-аяқтан бастап смартфон, ноутбук, тұрмыстық техника немесе электрлі самокатқа дейін – кез келген қымбат зат шығуы мүмкін. Жарнама соңында «сатып алуға кеткен ақшасын екі, үш, тіпті бес есе қайтарып үлгерген клиенттердің» әңгімелері беріледі.
Хабарландырулар «жаңа тауарға толы паллеталар», «фура оптом», «распаковка», «паллета селл», «мистери бокс» сияқты тартымды сөздерден басталады. Мұндай жиынтықтардың бағасы 100 мың рублге дейін жетеді.
Құпия қораптарға деген сұраныстың көрігін Авито сияқты алаңдар, телеграм-каналдар және тақырыптық пабликтер қыздыруда. Бұл ретте ақысын төлегенге дейін паллеталар мен қораптардың ішіне үңілуге тыйым салынады.
Сатушылар Mystery Box тұжырымдамасы осыны талап ететінін алға тартады: клиенттер сюрприз, таңдану, әсер алу үшін ақша төлейді.
Жабық қораптарда шын мәнінде нені жасырады?
Сарапшылар жүргізген зерттеулер, әлеужелідегі видеолар паш еткендей, құпия бокстардың ішкі «мазмұны» көбіне үмітті ақтай бермейді екен. Күтілген қымбат смартфондардың, брендтік кроссовкалар мен жаңа гаджеттердің орнына жаңа иелері көп жағдайда сұранысқа ие емес масс-маркеттің көң-қоқырын ғана табады: галош сияқты сапасы күмәнді қарапайым аяқ киімдер, пластмасса гүлдер, арзан бижутерия жиынтықтары, иісі қолқаны қабатын ойыншықтар, қоқыс шелектері және басқасы салынған болып шығады.
Әрине, әртүрлі заттан құралған кездейсоқ жиынтықтың жалпы құны қорапқа немесе паллетаға төленген ақыдан асып түсуі мүмкін. Алайда бұл көр-шөрден мол табыс табу қиын. Егер «1000 ұсақ-түйек» форматындағы дүкеніңіз болмаса, осы әртүрлі затты әлеужелі арқылы, не көшеге жайып, немесе көрші-қолаңға тез өткізе алуыңыз қиын.
Оның үстіне, тауардың шектеулі ассортименті, төмен сапасы, клиентке жеткізу шығыны, хабарландыру орналастыруға кеткен уақыт пен қаржы ықтимал пайданың көлемін күрт азайтады.
Қаптамалардағы штрихкодтар мен таңбалар да тұтынушыларға тауардың қайдан шыққанын әшкерелейді. Бұл – негізінен China Post халықаралық пошта жөнелтілімдері жүйесінен келген арзан тауар, сондай-ақ қытайлық селлерлердің қоймаларында қалып қойған ескі қорлар. Оларға затын шекара арқылы кері қайтарып, шығынға батқаннан гөрі оларды біріктіріп, көтерме бағамен өткізіп жіберген әлдеқайда тиімді.
Қораптар мен паллеталарды сатушылар қолма-қол ақшаны жақсы көреді. Тіпті қолма-қолсыз сатқанның өзінде чек бермейді, немесе қандай да бір жүкқұжат рәсімдеуден бас тартады.
«Бұл – маркетплейстердің сатып алушылар бас тартқан тауарлары. Оларды шекара арқылы қайтару тым қымбатқа түседі. Сондықтан тауарлар Ресейде біраз уақыт сақталып, кейін кәдеге жаратылатын зат ретінде қайта сатылады. Төлемді қолма-қол немесе аударым арқылы қабылдаймын», – деді әлеужелі арқылы қорап-қорап «мистери бокс» сатушы Сергей.
Басқа компанияда «тауарды кімнен аласыз?» деген сұраққа менеджер Василий: «Ozon-нан. Біз Ozon сұрыптау орталығымен ынтымақтасамыз. Бізге паллеталар дайын, жабық күйінде келеді. Ішінде не барын өзіміз де білмейміз. Бұлар кері қайтарылған тауарлар мен күші жойылған тапсырыстар. Бірақ егер қорап ішінен ақаулы тауарлар шықса, оларды кері қайтара алмайсыз!», – деп жауап берді.
Mystery Box экономикасын «Фонтанка» порталы тәжірибе жүзінде тексеріп көрді. Журналист жеке сатушыдан 4 295 рублге жұмбақ қорапты сатып алды. Ішінен 44 зат шықты: 4 жұп аяқ киім, туристік төсеніш, үй киімдерінің жиынтығы, газ сүзгісі, сынған жарықдиодты шам, көкөніске арналған торшалар және басқа да ұсақ-түйектер. Бұл ретте 16 тауардың Ozon этикеткасы болса, 15-інде China Post белгісі тұр. Қалғандарының қайдан алынғаны белгісіз.
Ресейлік ірі маркетплейстер ресми түсініктемелерінде мұндай бизнеске еш қатысы жоқтығын айтып, ат-тонын ала қашты. Ozon компаниясы өзінен басқа, бөгде алаңдарда тауарларды қайта сатуға қатысы жоқ екенін мәлімдеп, ішінде нақты не бары белгісіз паллеталар мен қораптарды сатып алмауға кеңес берді.
«Озондағылар» егер тауарды сатылымға қайта шығару мүмкін болмаса, оны утилизациялау үшін соған маманданған ұйымдарға беретіндерін жеткізді. Кәдеге жаратушы компаниялар ол өнімдерді жойғанын фото, видеоға түсіріп, растауы шарт. Ережелер бұзылған жағдайда компания ол серіктесімен ынтымақтастықты тоқтатады екен.
Wildberries компаниясы бөтен саудагерлердің қоймалардан тауарларды шынымен де алып кете алатынын, бірақ тек өзі сатып алу немесе кәдеге жарату үшін ғана ала алатынын хабарлады. «Wildberries бұл процесті қадағалап отырады және кәдеге жаратуды тек арнайы бөлінген орындарда ғана жүргізеді», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Бірақ маркетплейстардың сынған, ақаулы, өтімсіз тауарларын да көтерме сатылымға қоятыны анықталды. Мысалы, Bidzaar электронды сауда алаңында «Возвраты_ТВ» белгісі бар Ozon лоты болды. Тауарлардың бөлшек сауда құны 156 мың рублді құраса, бастапқы бағасы 19 мың рублден басталған.
Бірақ бұл «мистери-бокс» емес: мұнда сатып алушы не үшін ақша төлеп жатқанын біледі. Лоттың құрамы зақымдалған тауарлардан тұрады: корпусы майысқан және есігі жабылмайтын Electrolux духовка шкафы, әйнегі сынған Gefest газ духовкасы, экраны сынған Hartens теледидары, ақаулары мен сызаттары бар Haier су жылытқышы. Бұл енді лотерея емес, өтімсіз тауарлардың нарығы.
Әлемдік кәдеге жарату тәжірибесі және қазақстандық заң
Әлемдік тәжірибеде талап етілмеген тауарлар партиясын және қайтарылымдарды сату бұрыннан өркениетті арнаға қойылған. Ол ТМД елдеріндегі жартылай заңсыз схемалардан түбегейлі ерекшеленеді.
АҚШ-та талап етілмеген қойма бокстарын, паллеталар мен чемодандарды аукциондарда сатады. Ал, бөлшек саудагерлер кері қайтаруды B2B-платформалар арқылы жүзеге асырады.
Мысалы, американдық Costco желісі паллеталар мен қайтарылымдарды «жаңа күйде», «кәдеге жаратуға арналған» сияқты бірнеше санатқа бөліп, топтастыратын B-Stock Solutions қызметін пайдаланады. Тиісінше, сатып алушы тауардың тозу дәрежесі мен тәуекелдерін біледі.
Осыған ұқсас, шетелде тәркіленген теңіз контейнерлері немесе борышкерлердің қойма ұяшықтары да аукциондар арқылы саудаға қойылады. Онда инвесторлар лоттарды қолға ұстамайды, бірақ ашық каталогтар немесе визуалды тексеру арқылы бағалайды.
Қазіргі кезде Қазақстанның заңнамасында «мистери бокс» не «жұмбақ қорап» деген ұғым мүлдем жоқ. Бірақ бұл бизнесті жауапкершіліктен босатпайды. Заңгер Әнуар Рысбекұлы түсіндіргендей, бұл салаға да азаматтық заңнаманың жалпы нормалары мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы салалық заң толық көлемде қолданылады.
«Сатушылардың басты қателігі – ойын-сауық форматындағы мәмілеге ешқандай заң талаптары қолданылмайды деп ойлайды. Сатып алушыларын да соған сендіреді. Мысалы, жабық қорап ішінен ақаулы зат шықса, кері қайтара алмайсыз дейді. Бірақ «ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 10-шы және 25-баптарына сәйкес, азаматтар сатып алмас бұрын өнім туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы. Демек, қорапты ашуға тыйым салуы заңсыз. Осы заң бойынша сатушы төлем жасамас бұрын тұтынушыны тауарының атауы, құрамы, жарамдылық мерзімі мен жиынтығы туралы хабардар етуі шарт. Ал, толық тұмшаланған жұмбақ паллеталар сату тәжірибесі тұтынушылардың ақпарат алу құқығын тікелей бұзады», – деді заңгер.
Егер мерзімі өткен тауар, ақаулы немесе пайдалануға жатпайтын заттар анықталса, сатып алушы оны басқа тауарға ауыстыруды немесе ақшасын кері қайтарып беруді талап етуге толық құқылы. Заң соның жағында.
Дегенмен, өмірде бәрібір кедергілер туындайды. Өйткені «мистери бокстар» негізінен, Ресейден келеді. Мұндай жағдайда шетелге, РФ тұрғынына аударылған немесе қолма-қол берілген ақшаны қайтару мүмкін болмай жатады. Оны қайтару үшін адам РФ-қа барып, соның сотына жүгінуі қажет.
Салдарынан жұмбақ заттар салынған қораптар, паллеталар мен чемодандар нарығы мемлекеттің емес, психологияның заңдарына бағынуда: пайдакүнемдер олжаға кенелуге іңкәрланған, тосыннан ұтысқа шығуға ынтыққан «қазына іздеуші» адамдардың құмарлығын өз пайдасына жаратады.
Жаңа сорт Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен М.Ә.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты ғалымдарының бірлескен еңбегінің нәтижесінде әзірленді.
Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген, жоғары өнімді, ауруларға төзімді және шаруашылыққа қажетті қасиеттері бар жаңа картоп сортын шығару. Ғалымдар дәстүрлі селекция әдістерін заманауи биотехнологиялық және молекулалық-генетикалық тәсілдермен ұштастырған.
Көпжылдық зерттеулер барысында картоптың перспективалы селекциялық материалдары кешенді бағаланды. Мамандар олардың өнімділігін, пісіп-жетілу мерзімін, түйнектерінің морфологиялық және тауарлық сапасын, ауруларға төзімділігін және басқа да маңызды қасиеттерін зерттеген.
Нәтижесінде құнды қасиеттер кешенімен ерекшеленетін перспективалы генотип іріктеліп, «Айтхожин» атты жаңа сорт ретінде ұсынылды.
Жаңа картоп ерте пісетін және жоғары өнімді сорттар тобына жатады. Оның өнімділігі гектарына 35 тоннаға дейін жетеді. Түйнектері сары түсті, домалақ-сопақша пішінді, көзшелері аз әрі ұсақ. Кескен кезде қараймайды. Құрамындағы крахмал мөлшері 14,1-18,3%, ал С дәрумені 21,1-24,3 мг% деңгейінде.
Сорттың маңызды ерекшеліктерінің бірі – картоптың мозаикалық X вирусына (PVX) төзімділігі. Сонымен бірге ол альтернариоз бен фузариоздық солу ауруларына салыстырмалы түрде төзімді.
Жаңа сортты шығару кезінде екі ғылыми ұйымның зерттеу бағыттары өзара сабақтастырылды. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында селекциялық жұмыстар жүргізілсе, М.Ә.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында молекулалық-генетикалық зерттеулер орындалды.
– Бұл сорт – бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізіп, тиімді шешімдерді іздеген ғалымдар ұжымының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Селекциялық зерттеулер мен молекулалық-генетикалық жұмыстар бірін-бірі толықтырып, ғылыми нәтижені нақты селекциялық жетістікке жеткізуге мүмкіндік берді, – дейді жаңа сорт авторларының бірі, М.Ә.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының 3-курс докторанты Меруерт Қошмағамбетова.
Зерттеуші ауыл шаруашылығы ғылымында 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Оның ғылыми бағыты картоп және көкөніс селекциясы, тұқым шаруашылығы мен биотехнология мәселелерін қамтиды.
«Айтхожин» сортын әзірлеу ғалымның «Инновациялық әдістер негізінде аурулардан сауықтырылған картоп сорттарының бастапқы тұқым шаруашылығын жүргізу» тақырыбындағы докторлық диссертациясымен де сабақтас.
Жаңа сорт авторларының қатарында Д.С.Шарипова, Ж.А.Тоқберенова, К.О.Шәріпов, О.В.Карпова, М.Ж.Қошмағамбетова, Б.Ж.Сейтмұратов, Е.С.Қойбағаров, Р.Қ.Балғабаева және ресейлік селекционер-ғалым Е.П.Шанина бар.
Сортқа «Айтхожин» атауы Қазақстандағы молекулалық биология ғылымының қалыптасуына зор үлес қосқан академик Мұрат Әбенұлы Айтхожиннің ғылыми мұрасына құрмет ретінде берілген.
Қазіргі уақытта ғалымдардың келесі міндеті – «Айтхожин» сортын мемлекеттік сортсынаққа ұсыну және оны селекциялық жетістік ретінде құқықтық қорғау рәсімдерінен өткізу.
Одан кейін жаңа отандық сортты өндіріске енгізу, еліміздің тұқым шаруашылықтарын жоғары сапалы бастапқы тұқымдық материалмен қамтамасыз ету және отандық картоп тұқым шаруашылығының тұрақты дамуына ғылыми негіз қалыптастыру жоспарланып отыр.
«Әрбір тонна мұнай мен әрбір текше метр газдың артында үлкен еңбек, жауапкершілік пен жоғары кәсібилік тұр. Күн сайын сіздер кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып келесіздер», – деді Ерлан Ақкенженов.
Оның айтуынша, Қазақстан мұнай өндірумен ғана шектелмей, мұнай-газ химиясы мен газ саласын да кешенді түрде дамытып келеді. Бұл бағытта жаңа өндірістер ашылып, жұмыс орындары құрылуда.
Бүгінде Қазақстандағы газдандыру деңгейі 64 пайыздан асты. Табиғи газбен 13 млн-нан астам азамат қамтамасыз етілген.
Министр алдағы негізгі міндеттердің бірі – ел тұрғындарын газбен толық қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Ерлан Ақкенженов мұнай-газ саласының ардагерлеріне және қазіргі уақытта кен орындары мен зауыттарда еңбек етіп жүрген мамандарға алғыс білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.
Елордадағы ірі сауда желісі гипермаркетінің қызметкері Маржан көп жағдайда чектің берілмеуіне сатып алушылардың өздері кінәлі екеніне назар аудартты. Олар оны сұрауға не мән бермейді, немесе ұмытып кетеді.
«Дүкен қожайындары чектің берілуіне өздері мүдделі. Өйткені бір жағынан, осы арқылы салық органдарының қудалауынан құтылады. Екінші жағынан, ары таза емес сатушылардың ұрлығының алдын алады. Сатып алушылар болса, сол бір тілім қағазды әдейі бермей, тығып қалады деп ойлайды. Біз болсақ, «Чекті алыңыз!» деп, бұл сөзді ауысым кезінде тоты құсша мың рет қайталаймыз. Сонда 90 пайыз жағдайда: «Жоқ, өзіңізде қалдырыңыз!» деп кетіп қалады. Жұрт қоқыс жәшігіне дейін екі метр қадам басуға ерінеді. Сондықтан біз ол чектерді пакет-пакет етіп жинап, өзіміз жоятынбыз», – дейді кассир.
Оның түсіндіруінше, енді ел тастап кеткен чектерді жоймай, жинап қою туралы тапсырма келіпті. Маржан осы қағазға бола, тек салықшылардан ғана емес, сатып алушылардан да құқай көретіндерін жасырмады. Әңгімелеуінше, бірде гипермаркетке төртбақ денелі ер адам ентелей кіріп, шу шығарыпты.
«Қарасам, көздері от шашып тұр, жұдырығын түйіп алған. Ұрып жібермес пе деп қорқып қалдым. Келе сала, бүкіл гипермаркетті басына көтеріп, айқайлай бастады: «Әйеліме таңертең чек бермегенің қайсың? Мен полиция шақырамын! Мемлекеттік кірістер комитетіне шағым түсіріп, бәріңді айыппұлдың астында қалдырамын! Құртамын, жоямын» деп әкіреңдейді. Бұл неткен адал салық төлеуші деп тамсана жүріп, аға кассирді, әкімшіні, «СБ»-ны жинадық», – дейді Маржан.
Ол әрбір кассаның үстінде бейнекамера тұратынын еске салды. Жаңа ереже бойынша, егер ол істемесе, касса да ашыла алмайды. Содан видеоархивті ақтарып, тұтынушы көрсеткен уақытты тауып, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарайды.
«Ол өз әйелін жазбай таныды, сүйкімді әйел екен. Кассир тауарды өткізіп, фискалды чекті ұсынды. Әйел тездетіп пакеттерін алып, кері бұрылып, асыға шығып кетеді. Кассир оның чегін ақырын ғана қоқыс себетіне лақтыра салды. Осы видеоны көрген соң отағасының ашуы басылды. Қаһарынан қайтып, бірдемені мұрнының астынан міңгірлеп, сыртқа беттеді. «Полиция шақырайық та?!» деймін оған. Қолын бір сілтеді. Ол өз отбасында шағын «тоталитаризм» орнатқан екен. Әйелінен әрбір сатып алған затына чек әкеліп, берген ақшасын қайда жұмсайтынына есеп беруді талап етеді екен», – дейді Маржан.
Зайыбы сол жолы оның «алтын ережесін» ұстануды ұмытып кетіп, үйіне чексіз кетіп қалған. Ерінен сол үшін сөгіс естіген соң, басын қорғаштап, «Ой, маған кассада чек бермеді» деп өтірік айта салса керек.
Қазақстанда сауда саласына бақылау күшейтілуде
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: ҚР жаңа Салық кодексінің 110-бабының 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлер деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (онлайн-кассаларды) қолдануға міндетті. Аппараттардың үлгілері kgd.gov.kz ресми сайтындағы мемлекеттік тізілімге енгізілген болуға тиіс.
Стандартты құрылғылардың баламасы ретінде бизнес заманауи бағдарламалық немесе біріктірілген кассалық жүйелерді пайдалануға да құқылы. Жеңілдік тек телекоммуникация желісі мен интернеті мүлде жоқ шалғай нүктелерге, мысалы, қала шетіндегі не ауылдардағы базарларға ғана жасалған: ол жерде заң онлайн-деректерді беру функциясы жоқ, қарапайым БКМ-ді қолдануға рұқсат береді.
Заңнаманың басты талабы – кәсіпкерлер тұтынушының тауар немесе қызмет үшін төлеген сомасына тең сомада чек беру. Бұл ретте сатып алушының сұрауы бойынша құжатта оның сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) міндетті түрде көрсетілуі шарт.
«Ұмытшақтық» құны: 2026 жылы берілмеген чектің айыппұлы қанша?
Қазақстанда БКМ қолдануға бақылауды күшейту аясында «ұмытылған» чек үшін енді айыппұл түріндегі жаза қарастырылған. Салықшылар енді есеп айырысу кезінде БКМ пайдалануды қатаң мониторингтейді. Бұл ретте қолма-қол төлемдер де, банк карталары арқылы жасалатын транзакциялар да қадағаланады. Бастапқы бұзушылық үшін бизнес тек ескертумен құтылады. Алайда бір жыл ішінде қайтадан заң бұзса, санкциялар ауырлайды:
БКМ-ді қолданбау, сондай-ақ ақауы бар немесе есепке қойылмаған аппаратты пайдалану 30-дан 50 АЕК-ке дейін (2026 жылы бұл 129 750 бен 216 250 теңге аралығы) айыппұл салуға әкеп соғады.
Чек бермеу 20-дан 40 АЕК-ке дейін (2026 жылы – 86 500 бен 173 000 теңге аралығында) айыппұлмен жазаланады.
Сомасы қате көрсетілген чекті беру – ұқсас айыппұл (86 500 – 173 000 теңге).
Бизнес үшін маңыздысы сол, аппараттарды жаңғырту және чектердегі деректемелерді жаңарту мәселелері бойынша кәсіпкерлер БКМ-ге техникалық қызмет көрсету орталықтарына (ТҚО) немесе өздерінің фискалдық деректер операторларының (ФДО) контакт-орталықтарына, қолдау қызметіне хабарласуы қажет.
Азаматтар үшін маңыздысы сол, Uchet.kz порталы жазғандай, егер чек беруден бас тартылса, сауда нүктесі орналасқан жер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына шағым жазуға әрбір тұтынушының заңды құқығы бар.
Есте сақтау қажет жайттар:
төлемнің кез келген түрінде (қолма-қол және карта) чек беру енді міндетті болып табылады;
БКМ онлайн режимінде қосылып, қашықтан дерек беруге және тізілімге енгізілуге тиіс;
клиенттің талабы бойынша чекте оның ЖСН/БСН-і көрсетіледі (мысалы, салықтық шегерім жасау үшін бухгалтерияға тапсыруына керек);
чек беруден бас тарту – азаматтың салық органына жүгінуіне тікелей себеп.
POS-терминал мен кассалық аппарат интеграциясы басталды
Таяуда Қазақстанда барлық POS-терминалдар мен өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары ресми түрде стандартты БКМ-ге теңестірілді. Қазіргі уақытта елімізде 1,2 млн-нан астам бақылау-касса машинасы (БКМ) жұмыс істейді, оның ішінде 96 пайызы немесе шамамен 1 млн 140 мыңы онлайн-БКМ, деп хабарлады Мемкірістер комитеті.
«Онлайн-БКМ-ді POS-терминалдармен біріктіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» аясында салық қызметкерлері екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, интеграция жұмыстарын жүргізіп қойды.
Бұл жаңа шешім БКМ функцияларын POS-терминалдармен және Ұлттық тауарлар каталогының (ҰТК) және таңбаланған тауарлардың штрихкодтарын оқуға арналған сканерлермен біріктіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, БКМ және POS-терминалдардың үлгілерінде біріктірілген режимде жұмыс істеу және төлем туралы ақпаратты бір кассалық чекте басып шығару мүмкіндігі қарастырылған.
Бұдан бөлек, бизнестің операциялық шығындарын азайту мақсатында, Мемкірістер комитеті БКМ пайдалану кезінде фискалдық чектерді тікелей салық органына тегін жіберуге мүмкіндік беретін пилоттық жобаны іске қосуда.
Агенттік мәліметінше, бұл мәселе АҚШ өкілдерімен келіссөздер барысында талқыланған. Десе де, әзірге түпкілікті шешім қабылданбады.
Bloomberg-тің жазуынша, Венесуэланың ОПЕК құрамынан шығуы елге мұнай өндіру көлемін арттыруға жол ашуы мүмкін. Себебі, ұйымнан шыққан жағдайда Каракас мұнай өндірісіне қойылған шектеулерден босайды.
Ал АҚШ үшін бұл Венесуэлада мұнай саласындағы жоспарларын белсендірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазір Вашингтон Венесуэладағы мұнай кен орындарының ірі үлесін сатып алу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұл жағдай 2026 жылдың басында АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстап, кейін оның Нью-Йоркте сотқа тартылуынан соң мүмкін болып отыр.
Bloomberg бұған дейін мамыр айында мұнай экспорттаушы ірі елдердің бірі Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шыққанын еске салады. Ал маусымда Ирак та ұйымнан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.
«Organic Fish» серіктестігі теңіз аквашаруашылығын дамыту жобасын іске асыруды жалғастыра бермек. Кәсіпорын Каспий теңізінің терең сулы бөлігінде заманауи торлы технологияларды қолдана отырып, бағалы албырт тұқымдас балықтарды өсіруге маманданған.
Алғашқы үш теңіз торы былтырғы жылғы қыркүйекте орнатылды. Әр тордың диаметрі 38 метрді құрайды. Оларға жалпы салмағы 20 тонна болатын 95 мың дана шабақ жіберілді. Өсіру кезеңінде балықтар теңіз жағдайына сәтті бейімделіп, олардың орташа салмағы бастапқы 200 грамнан 1,8–2,5 келіге дейін артты.
– Кәсіпорын алғашқы 150 тонна тауарлық балықты ағымдағы жылдың қыркүйегінде алуды жоспарлап отыр. Өнім ішкі нарыққа бағытталады. Бұл отандық балық өнімінің ұсынысын арттырып, ел ішінде балық өндіру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.
Өндіріс қуатын кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Осы жылы учаскелерге тағы 3 теңіз торы орнатылады. Оларды іске қосып, кейін балықтандыру жұмыстарын қыркүйек айының басына дейін аяқтау жоспарланған.
Осылайша, торлардың жалпы саны 6-ға жетеді. Жыл соңына дейін оларға 470 мың дана шабақ жіберу жоспарланып отыр. Шабақтардың орташа салмағы 200–300 грамм болған кезде, жалпы биомасса 114 тоннаны құрайды.
Алдағы уақытта кәсіпорын торлардың санын және өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттырады. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы тауарлық балық өндірісінің көлемі 1,3 мың тоннаны құрайды. Ал 2028 жылы өндірісті жылына 5 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.
Каспий теңізінде торлы әдіспен балық өсіру саланың жаңа технологиялық құзыреттерін қалыптастырып, Қазақстанда балықты өнеркәсіптік өндіру көлемін арттыруға жағдай жасайды.
Өндірістің ұлғаюына қарай жоба өңірдегі балық шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттарының біріне айналып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге үлес қосатын болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің заманауи техникаға қолжетімділігін арттыру бағытында нақты шаралар қабылдауда.
Осы ретте мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі – жеңілдікті лизинг. Биыл бағдарламаға бөлінетін қаржы көлемі 350 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Қаржыландыру көлемінің артуы машина-трактор паркін жеделдетіп жаңартуға зор ықпал етуде. Мәселен, 2024 жылы жаңару деңгейі 6%, ал 2025 жылы 6,5% болса, 2026 жылдың соңында бұл көрсеткіш 8%-ға дейін өседі деп күтілуде.
Оған ағымдағы көрсеткіштер нақты дәлел деуге болады. 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 296,9 млрд теңгені құрайтын 7 362 өтінім қабылданып, 265 млрд теңгеге 6 974 қаржылық лизинг шарты жасалды.
Нәтижесінде аграршыларға тракторлар, астық жинайтын комбайндар, жемшөп дайындайтын техника және аспалы жабдықтарды қоса алғанда, 7 925 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы берілмек.
Инвестициялық субсидиялау және жеңілдікті лизинг бағдарламалары аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Қазақстанда құрастырылатын CLAAS және John Deere компанияларының заманауи әрі жоғары өнімді техникасына қол жеткізді.
Техниканы жаңарту ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Заманауи машина-трактор паркі шаруашылықтарға егіс және жиын-терім жұмыстарын уақытылы жүргізуге, тиісті мерзімдерді сақтауға, еңбек өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар техникалық қайта жарақтандыру өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етеді. Бұл қазіргі аграрлық сектордың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне деген талап үрдісінде ерекше маңызға ие.
Осылайша, жеңілдікті қаржыландыру көлемін ұлғайту тек жаңа техникалар санын арттыру ғана емес, ауыл шаруашылығының заманауи материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға да бағытталған. Жеңілдікті лизинг бағдарламасын кеңейту машина-трактор паркінің жаңару қарқынын одан әрі жеделдетуге және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін нығайтуға кең жол ашады.