Экономика
Басқарма басшысы Аманжол Абдрахмановтың мәліметінше, бүгінде облыс бойынша жеке үй салуға арналған жер кезегінде 1 442 700 адам тұр. Алайда соңғы үш жылда облыс тұрғындарына 1 002 жер учаскесі берілген. Яғни, жылына орта есеппен 334 телімнен. Бұған қоса, 2025–2026 жылдары тағы 295 жер учаскесі бөлінді.
Басқарма басшысы жаңа Алатау қаласының аумағынан жер беру мәселесіне де арнайы тоқталды.
«Қазіргі кезде Алатау қаласының аумағында азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімі тегін берілмейді. Сонымен қатар алдағы уақытта Алатау қаласының аумағында ЖТҚ мақсатында жер учаскелерін бөлу жоспарланып отырған жоқ», – деп хабарлады Аманжол Абдрахманов Kazinform агенттігіне жауабында.
Бұл уақытша мораторий емес: 2026 жылғы 8 мамырда қабылданған «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңының 67-бабының 8-тармағында соған тыйым салынған.
Осы бапқа сәйкес, қала аумағында және оған іргелес аймақта шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге, жеке қосалқы шаруашылыққа, бау-бақша және көкөніс өсіруге, жеке тұрғын үй құрылысына, сондай-ақ саяжай салуға жер телімдерін беруге болмайды.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінен қалалық жер қоры қалыптастырылып жатыр. Оларды Алатау қаласының резиденттері – тиісті бизнес-лицензиясы бар компаниялар ғана, әрі тек ақылы негізде ала алады.
Ал, Алатауға қосылған ауылдарда бұрыннан жер кезегінде тұрған азаматтар не істейді? Оларға жер алудың басқа мүмкіндігі қарастырылған. Олар ескі кезектегі орнын Алматы облысының ЖТҚ үшін жер беретін ауылдарына ауыстыра алады.
Бұл рәсімнің тәртібін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 25 тамызда бекітті. Оған сәйкес, алатаулық басқа ауылдың жергілікті атқарушы органына өтініш беруі керек. Өтінішке жеке куәлігінің көшірмесі мен жер кезегіне тіркелгенін және кезектегі реттік нөмірін растайтын хабарламаны қоса ұсынуы қажет.
Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Егер азаматтың бұрын жер кезегіне тіркелгені расталса, оған жаңа елді мекенде бұрынғы кезегіне тең дәрежелі орын беріледі. Жаңа кезектегі жаңа реттік нөмірі бастапқы тіркелген күніне қарай айқындалады. Алатауға қосылға ауылдардың тұрғындарына бұл мүмкіндік 2027 жылғы 31 желтоқсанға (қоса алғанға) дейін ұсынылады.
Өзгелерге үй сатып алуға немесе инвестор болуға тура келеді
Осылайша, Алатаудан жеке үй құрылысына арналған 10 сотық жерді тегін алу мүмкіндігі түпкілікті жойылды. Дегенмен жаңа қала аумағынан жылжымайтын мүлікке қол жеткізудің өзге заңды жолдары бар.
Бірінші жол – жаңа қалаға қосылған 12 ауылдың  (олар енді Алатаудың шағынаудандары деп аталады) кез келгенінен дайын үйді жер телімімен бірге сатып алу.
Тегін хабарландыру жарияланатын интернет платформаларда Алатау қаласының аумағында орналасқан осындай 349 жер телімі сатылымға қойылған.
Алайда бағасы ұшынып тұр: көрінген адамның қалтасы көтере бермейді. Кейбір жатаған үйлердің құны елордадағы үш-төрт бөлмелі, сән-салтанатты пәтердің бағасынан үш есе көп!
Мәселен, Ынтымақта 8 сотық жері бар бір қабатты үй 110 млн теңгеге бағаланған. Жаңа Дәуірдегі алты сотық жер теліміне салынған екі қабатты үйдің иесі 150 млн теңге сұрап отыр. Ал, Жетігенде 12 сотық жері бар кірпіш үй 70 млн теңгеге сатылуда.
Сонымен бірге бағасы әлдеқайда қолжетімді ұсыныстар да кездеседі. Мәселен, Жетігенде 8 сотық жері бар шағын үй 5 млн теңгеге, Дәулет ауылындағы дәл осындай жер теліміндегі үй 10 млн теңгеге сатылымға шығарылған.
Әрине, мұндай ұсыныстарды көргенде бірден сатып алуға асықпаған жөн. Өйткені кейбір үй орналасқан жер телімдерінің нысаналы мақсаты – жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) деп көрсетілген.
Сондықтан сатып алушы құжаттарды мұқият тексеруі керек. Себебі, әлгі конституциялық заңға сәйкес, Алатау қаласындағы жер учаскелері өздерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуға тиіс. Ол мақсат жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін құжаттарда, бизнес-лицензияда және қаланың бас жоспарында көзделген аумақты аймақтарға бөлу талаптарында айқындалады.
Алатаудағы үй мен жерді сатып аларда тағы бір маңызды жайтты ескерген жөн: нысанның орналасқан аумағы «алып қоюға жататын немесе болашақта игерілетін жерлер санатына» кірмеуі керек.
Бірінші жағдайда жер телімі мемлекеттік мұқтаждық үшін мәжбүрлі түрде, әрі арзандау бағаға сатып алынуы мүмкін. Екінші жағдайда меншік иесіне тиісті хабарлама берілгеннен кейін жерді игеруді бастауға екі жыл ғана уақыт беріледі. Бұл ретте жер салығы жыл сайын ұлғайтылып тұрады. Егер меншік иесі белгіленген талаптарды орындамаса, жер учаскесін тегін алып қою рәсімі басталады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер де талаптарды айналып өтудің жолы емес. Тиісті мақсатына, мысалы, егін салуға, бақша өсіруге пайдаланылмай жатқан учаскелер де жеке тәртіппен мемлекет меншігіне қайтарылуы ықтимал.
Алатаудан жер алудың екінші жолы – инвестор атану, бизнес объектісін ашу және қаланың экономикасына қаржы құю. Конституциялық заңның 67-бабының 8-тармағына сәйкес, Алатау қаласының резиденті болып саналатын заңды тұлғаларға жер учаскелері кейіннен меншікке сатып алу құқығымен пайдалануға берілуі мүмкін.
Алайда бұл үшін компания инвестициялық жоба аясындағы негізгі міндеттемелерін толық орындауы шарт.
Олардың қатарында:
инвестициясының жалпы көлемі;
инвестиция салу мерзімі;
бизнес-лицензияда белгіленген өзге де маңызды талаптар бар.
Осы орайда 2026 жылғы 2 маусымда өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді жаңа қаланың дамуына белсендірек тартуды жүктеді. Президенттің пікірінше, кәсіпкерлер «қаланың дамуына сырттан бақылаушы болып қана қалмай, оның толыққанды қатысушысына айналуы керек».
Мемлекет басшысы Шэньчжэнь, Дубай және Сингапур қалаларының даму тәжірибесін мысалға келтірді. Ол осы қалалардың алғашқы он жылдықтағы инвестициясының негізгі бөлігін шетелдік емес, ішкі капитал қамтамасыз еткеніне назар аудартты.
Яғни, алдымен мемлекет қажетті инфрақұрылымды қалыптастырады. Одан кейін жергілікті жеке бизнес іске кірісіп, жаңа шаһарда жаңа жұмыс орындарын ашады, салық түсімдерін арттырады және экономикасына қосымша инвестиция тартады.
Екі миллиондық мегаполис: Alatau City қандай болады және пәтерлер қашан сатылады?
Әзірге жаңа қала бұрынғы ауылдардағы жеке үйлерден тұрады. Алда Алатау тұрғындары үшін көпқабатты тұрғын үй кешендерінен нағыз қалалық пәтер сатып алу мүмкіндігі де пайда болуға тиіс.
Қаланың даму тұжырымдамасында дәл осындай көпқабатты тұрғын үй құрылысына басымдық берілген. Әйтсе де, әзірше бұл салада тек бір ірі жоба ғана ресми түрде таныстырылды. Ол – Iconic Complex көпфункционалды кешені.
Шаһардағы 2026 жылдың басты оқиғасының бірі – осы кешен құрылысының басталуы болды. 26 қазанда Gate District ауданында жобаның алғашқы іргетасын қалау рәсімі өтті.
Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 800 млн доллардан асады. Жоспар бойынша мұнда биіктігі 272 және 78 метр болатын екі мұнара бой көтереді. Кешенде пәтерлер, тұрғын апартаменттер, кеңселер, қонақүй, сауда нысандары мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.
Жобаның бас мердігері – Қытайдың China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясы. Ал, сәулеттік тұжырымдамасын америкалық Skidmore, Owings&Merrill (SOM) бюросы әзірлеген.
Кешен құрылысын 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Алайда құрылыс жұмыстарының басталуы пәтерлерді «котлован» кезінде сатып алуға болады дегенді білдірмейді.
2026 жылғы қарашадағы жағдай бойынша құрылыс компаниясы пәтерлер сатылымының басталғанын жариялаған жоқ. Ресми баға прайс-листі де ұсынылмады.
Сондықтан болашақ пәтер үшін алдын ала төлем немесе кепілақы сұрайтын делдалдардың ұсынысына сақтықпен қараған жөн. Мұндай мәмілелерге келіспес бұрын барлық ақпаратты тікелей құрылыс компаниясынан нақтылап алу қажет.
Алатау қаласы жер сілкінетін сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Сондықтан болашақ пәтер иелері үшін тағы бір маңызды мәселе – биік ғимараттардың қауіпсіздігі. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бас мердігерге құрылыс мерзімдерін қатаң сақтау, сейсмикалық төзімділік пен энергия тиімділігіне қатысты талаптарды мүлтіксіз орындау қажеттігін арнайы ескертті.
Сонымен қатар жобалық құжаттаманы халықаралық мамандарды тартып, тәуелсіз техникалық сараптамадан өткізу де көзделген. Бұл – бақылаудың қосымша тетігі. Мұндай сараптама қаланың арнайы құқықтық режимінде қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – күрделі құрылыс нысандарының қауіпсіздік пен сапа талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз ету.
Alatau City бос жерде, тақырдан тұрғызылып жатқан жоқ. Оның құрамына 12 ауыл енді. Олар: Арна, Дәулет, Еңбек, Жетіген, Жаңаарна, Жаңаталап, Жаңадәуір, Заречное, Қоянқұс, Құйған, Қайрат және Ынтымақ. Бұл елді мекендер енді Алатау қаласының шағынаудандары деп аталады.
Бұған дейін аталған ауылдар Алматы облысының Іле және Талғар аудандарына, сондай-ақ Қонаев қаласына қараған. Ал, Жетіген жаңа қаланың тарихи өзегіне, орталығына айналды.
Жаңа қаланың жалпы аумағы – 88 мың гектар. Ол 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытуды көздейтін төрт функционалдық аймаққа бөлінген.
Бас жоспарға сәйкес, ғасыр ортасына қарай Alatau City халқының саны 2 миллион адамнан асады деп күтілуде.
Осылайша, Алатау болашақта ауқымды инфрақұрылымы, заманауи тұрғын үй кешендері, заңғар ғимараттары, ірі бизнес орталықтары мен қоғамдық кеңістіктері бар ірі мегаполиске айналуды мұрат етеді. Оның жанындағы Қапшағай су қоймасы жыл он екі ай жұмыс істейтін туристік ірі аймаққа айналдырылады, онда тау-шаңғы кешені іске қосылуға тиіс.
Бірақ Алатаудан баспана не жер алып, оны қымбатырақ өткізуді ойлаған адамдар біраз кешікті: нарықтағы баға бірнеше есе өсті. Бұл қымбатшылық өзін-өзі ақтай ма, әлде арзандай ма, оны өмір көрсетеді.
Жүздесу Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аясында өтті. Тәжікстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды әрі болашағы зор сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 11 пайызға өсіп, 600 млн АҚШ долларына жетті. Бұл екіжақты тауар айналымының жартысына жуығы деуге болады.
Одан әрі тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің толық өндірістік тізбегін қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Келіссөздер барысында Қазақстан астығын Тәжікстанға жеткізу көлемін арттыруға айрықша көңіл бөлінді.
Атап айтқанда, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акцинерлік қоғамы мен Тәжікстанның Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі арасында 100 мың тонна бидай жеткізу жөнінде жасалған келісімшарт аясындағы әріптестік туралы әңгіме қозғалды.
Кездесу иелері Тәжікстан нарығының сұранысы мен қажеттілігін ескере отырып, бидай жеткізу көлемін арттыруды ынталандыруға келісті. Бұл Қазақстан үшін экспорт көлемін ұлғайтумен қатар, отандық диқандардың өнімін өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, астыққа деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етуге және қазақстандық өнімнің Орталық Азия нарығындағы орнын нығайтуға жол ашады.
Кездесуде экспорт бағыттарын әртараптандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Тараптар бір-біріне өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері мен дайын азық-түлік тауарларын жеткізуді күшейтуге ынталы екенін білдірді. Басты мақсат – сауда-саттықта шикізатқа басымдық беруден біртіндеп арылып, қосылған құны жоғары дайын өнімдердің үлесін арттыру. Бұл отандық өңдеу кәсіпорындарының өндірісін кеңейтіп, ел ішіндегі агроөнеркәсіп саласының дамуына тың серпін бермек.
Екі ел арасындағы байланысты жүйелі түрде дамыту үшін 2027–2028 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру көзделіп отыр. Құжатта ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын кеңейту, өсімдік шаруашылығын, тұқым шаруашылығы мен селекцияны дамыту, мал өнімділігін арттыру, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарындағы бірлескен жұмыстар қамтылмақ.
Келіссөздерді іс жүзінде жалғастыру мақсатында Тәжікстан делегациясы отандық агроөнеркәсіп кешеніндегі озық кәсіпорындарының бірі – «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын егін және мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді бір арнаға тоғыстырып, өндірістік қызметімен қатар ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын да дамытуға үлес қосып отырған шаруашылықтардың бірі.
Меймандарға кәсіпорынның егін егуден бастап, мал азығын дайындау, мал өсіру, сүт өндіру және оны өңдеуге дейінгі толық өндірістік жүйесі таныстырылды. Шаруашылықтың мұндай кешенді жұмыс үлгісі өнім сапасын әр кезеңде бақылауға, қолда бар ресурсты тиімді пайдалануға және өндіріс шығынын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Әсіресе, Орталық Азиядағы ең ірі шведтік DeLaval компаниясының роботтандырылған сауу каруселімен жабдықталған тауарлық-сүт фермасы делегациясының ерекше қызығушылығын тудырды. Өткен жылғы қаңтарда іске қосылған бұл кешен Қазақстандағы сүтті мал шаруашылығына озық технологияларды енгізудің жарқын үлгісіне айналды.
Заманауи сауу қондырғысы бір мезгілде 80 сиырға қызмет көрсетуге арналған. Бес сағат ішінде 2 мыңға дейін сиырды саууға мүмкіндік береді. Өндіріс үдерісінің жоғары деңгейде автоматтандырылуы еңбек өнімділігін арттырып, жұмыс күшін тиімді пайдалануға жағдай жасаған. Кешеннің бір ауысымдағы жұмысын небәрі 12 маман қамтамасыз етеді.
Мұндай озық технологияларды енгізу мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге, тауарлы сүт өндіру көлемін арттыруға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Сапар барысында кәсіпорынның әлеуметтік бағыттағы жұмысына да назар аударылды. Құрбон Хакимзода агрофирма қызметкерлері мен ауыл тұрғындары үшін салынған әлеуметтік нысандарды аралап көрді. «Родина» агрофирмасының жұмысымен танысу Тәжікстан делегациясына Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы мүмкіндіктерін көзбен көріп, озық өндірістік тәжірибесін бағалауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу және екі ел арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту тұрғысынан да маңызды болды.
– Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі 1 миллиард доллардан асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 26 пайызға жоғары. Инвестициялық ықпалдастық дәйекті түрде дамып келеді. Бүгінде Тәжікстанда Қазақстан капиталының қатысуымен 130-дан аса кәсіпорын тіркелген. Ал Қазақстанда тәжік тарапының 580-нен астам кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың 500-і толығымен тәжік капиталының қатысуы арқылы еңбек етеді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымызда да оң динамика сақталып отыр. Мәдени, білім беру және академиялық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Біздің қазіргі міндетіміз – стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты тың нәтижелерге ұластыру. Жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың тыңғылықты іске асырылуына қолдау көрсетуіміз қажет. Бүгінгі келіссөзіміз барлық бағыттағы ықпалдастықты одан әрі дамытудың нақты қадамдарын айқындайды, – деді Эмомали Рахмон.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, өнеркәсіп және цифрландыру салаларындағы ықпалдастық мәселелеріне назар аударылды.
Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14%-дан асқан. Машина жасау саласында өсім 22,8%-ды, химия өнеркәсібінде 23,4%-ды, тамақ өнімдерін өндіруде 13,8%-ды, фармацевтикада 31%-ды құрады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл экономика құрылымының біртіндеп шикізат өндіруден оны өңдеуге қарай өзгеріп жатқанын көрсететінін айтты.
– Ендігі міндет – осы үрдісті одан әрі нығайту. Биыл жалпы құны шамамен 1,7 трлн теңге болатын 200-ге жуық жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарланды. Саладағы басты бағдар – импортқа тәуелді болмай, өзіміздің өндірістік мүмкіндіктерімізге сүйену. Мемлекеттік қолдау ел экономикасына барынша жоғары оң әсер беретін жобаларға көрсетіледі, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау әдістемесін бекіткенін атап өтті. Енді әрбір жаңа жоба нарықтағы сұранысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесіне және жер ресурстардың қолжетімділігіне сәйкес қаралады. Мұндай бағалаудың нәтижелері преференциялар беру кезінде және мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру барысында ескеріледі.
– Бұл – қаражатты нақты экономикалық нәтиже беретін бағыттарға жұмсауға және артық өнім өндіруге жол бермейді. Бұдан бөлек, өнеркәсіптік кластерлердің жаңа моделі енгізілуде. Бұл модель түпкілікті өнім шығаруда кәсіпорындардың өзара кооперациясын дамытуға және шағын әрі орта бизнесті ірі тірек кәсіпорындардың төңірегіне шоғырландыруға бағытталған, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Бұған дейін салық органдары қатарынан үш ай бойы ай сайын кемінде 100 түрлі адамнан ақша түскен банк шоттарына назар аударуы мүмкін болатын. Сонымен бірге осы кезеңде түскен қаражаттың жалпы көлемі ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асуы тиіс еді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, шекті сома 360 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленді. 2026 жылы бұл сома үш ай ішінде 1 557 000 теңгеден асқан жағдайда аударымдар салық органдарының бақылауына ілігуі мүмкін. Ал ақша жіберушілер санына және қатарынан үш айға қатысты талаптар өзгеріссіз қалды.
Шекті сома жыл сайын 1 қаңтарда бекітілетін АЕК көлеміне сәйкес қайта есептеледі.
Сондай-ақ министрлік интернет арқылы тауар сатумен айналысатын кәсіпкерлер туралы ақпаратты ұсыну тәртібін нақтылады. Банктер тиісті мәліметтерді Smart Data Finance (SDF) ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.
Егер жүйеде техникалық ақау орын алса, ақпаратты ілеспе хатпен бірге CD-дискі арқылы тапсыруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда мәлімет беру мерзімі бес жұмыс күніне ұзартылады. Алайда техникалық ақау болғаны Мемлекеттік кірістер комитеті сол күні таратқан ресми хабарламамен расталуы қажет.
Осы тәртіп жеке тұлғалардың банк шоттарына түскен қаражаттың жалпы сомасы туралы ақпаратқа да қолданылады.
Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетіне тоқсан сайын ұсына бастады. Ал мамыр айынан бері кейбір азаматтарға салық органдарынан хабарламалар жолдануда.
Мұндай хабарлама алу салық төлеушіге автоматты түрде айыппұл салынатынын білдірмейді. Азаматтар анықталған сәйкессіздіктерге қатысты түсініктеме беріп, қажетті мәліметтерді келесі декларацияларында көрсете алады.
Наоэро Қазақстан дипломатиялық қатынастар орнатқан әлемдегі 195-ші мемлекет болды. Осылайша, Қазақстан БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнату үдерісін аяқтады. Бұл отандық дипломатия тарихындағы маңызды белеске айналды.
Құжатқа қол қою БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына, оның ішінде мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын өзара құрметтеу, мемлекеттердің теңдігі және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негізделген екіжақты ынтымақтастықты дамытуға негіз қалады.
Кездесу барысында тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамыту перспективаларын талқылады. Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары ретінде сауда, орнықты даму, цифрландыру және адами капиталды дамыту атап өтілді.
БҰҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты диалог жүргізудің, сондай-ақ Қазақстан мен Тынық мұхиты өңірі мемлекеттері арасындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Наоэро Республикасымен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, достық байланыстарды нығайтуға және әлемнің барлық мемлекеттерімен сындарлы диалогты дамытуға бағытталған дәйекті саясатын көрсетеді.
Бішкекте «Стратегиялық әріптестікті дамытудағы өңірлердің рөлі» атты Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы және екі елдің үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы өтті.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біз барлық елдермен ашықтыққа және сындарлы әріптестікке негізделген Әділетті әрі Озық Қазақстанды дәйекті түрде құрып жатырмыз. Мұндай ұстаным экономиканы нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біз бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға айрықша мән береміз», – деді Олжас Бектенов.
Іс-шараға Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жетісу облыстарының, Алматы және Түркістан қалаларының, сондай-ақ Қырғызстанның Ыстықкөл, Шу, Талас, Ош, Жалал-Абад және Нарын облыстарының басшылары, мемлекеттік органдар мен іскерлік орта өкілдері қатысты.
Форум барысында өңірлер арасындағы тікелей байланысты нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистика және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
«Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз түбегейлі жаңа деңгейге шықты. Біз екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды тетігіне айналатын екінші өңіраралық форумды өткізуге ерекше мән береміз. Қырғызстанның Шу, Талас және Ыстықкөл облыстары Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарымен дәстүрлі тығыз байланыста. Сонымен қатар, біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз шекаралас облыстармен шектелмейді. Қалаларымыз бен облыстарымыздың арасында тікелей байланыстар орнатылған», – деді Адылбек Касымалиев.
Қырғызстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі. Үкіметтің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 33%-ға өсіп, 2,4 млрд долларға жетті.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тағы 20%-ға өсті.
«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы мен логистиканың тығыздығы жыл сайын артып келеді. Статистикаға сәйкес, соңғы екі жылда екі елдің арасындағы тауар айналымы 8 млрд долларға дейін өскен екен. Өзара сауда көлемінің өсуі аясында сапалы кедендік реттеу мәселесі өзекті болып отыр. Осы келісімге қол қойылғанға дейін екі елдің арасындағы кедендік өзара іс-қимыл қалай үйлестірілді? Бұрынғы жұмыс форматына байланысты біздің бизнес қандай негізгі мәселелерге тап болды? Қазақстандық кәсіпкерлер өзара іс-қимылдың жаңа форматынан кейін қандай практикалық көмек ала алады?», – деп сұрады Құрылтай депутаты Нұргүл Тау.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің сөзінше, бірінші келісім 1999 жылы жасалған.
«Одан басқа бізде Өзбекстанмен бірқатар келісімдер бар. Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД мемлекеттері арасындағы келісімдер бар. Бұл құжаттармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Тиісті келісім біздің өкілдің функциясын анықтайды. Біздің кәсіпкерлерге Өзбекстан тарапынан жаңа өзгерістер болса, соны тез жеткізу, анықтап көрсетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, келісім нәтижесінде бизнестің әкімшілік шығындары азаяды.
Сонымен қатар кәсіпкерлер басқа елдерде заң тұрғысынан қандай өзгерістер болғанынан да хабардар болып отырады.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтатынын жазғанбыз.
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында шамамен 5 мың шақырым су құбыры желісін 700 млрд теңгеге жаңғырту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 400 млрд теңгеге 2,8 мың шақырым су бұру желісі жаңартылады. Бұдан бөлек 45 кәріз-тазарту нысанын салу және қайта жаңғыртуға шамамен 800 млрд теңге көзделген.
«Қазір су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды, оның тозу деңгейі – 38 пайыз. Ал су бұру желілерінің ұзындығы 18 мың шақырым болса, тозу көрсеткіші 54%-ға жеткен. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай су құбыры желілерінің тозуын 33%-ға, су бұру желілерінің тозуын 41%-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Биыл бұл көрсеткіштерді тиісінше 37 және 52%-ға дейін азайту жоспарланған», – деді Бақытжан Жүнісбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ұлттық жоба аясында жалпы құны 356 млрд теңге болатын 146 жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Инженерлік желілерді жаңғырту су бұру жүйесіндегі негізгі нысандарды – кәріз-тазарту құрылыстарын жаңартумен қатар жүруге тиіс. Қазіргі уақытта еліміздегі кәріз-тазарту құрылыстарының орташа тозу деңгейі 65 пайызды құрайды. Ұлттық жобаның негізгі міндеттерінің бірі – 45 қаладағы осындай нысандарды жаңғырту», – деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
Айта кетейік, бүгін Алматыда ұлттық жобаны іске асыруға қатысты жиын өтті. Кеңесте жобаны қаржыландыруға екінші деңгейлі банктердің қатысуын кеңейту жайы талқыланды.
Елордада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды. Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік маршруттарында және Транскаспий халықаралық көлік бағытында мемлекеттердің өзара іс-қимылын нығайту шаралары қаралды. Бір алаңға 40-қа жуық елден келген сарапшылар жиналды.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көлік саласының өсуі 7,2%-ды құрады. Сала көшбасшылар қатарына кіреді. Премьер-министр Олжас Бектенов көлік-логистика саласының ЖІӨ құрылымындағы маңыздылығын және мемлекеттің оның ел экономикасындағы үлесін ұлғайтуға ниетті екенін атап өтті.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамытуды стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Заманауи көлік инфрақұрылымы халықаралық сауданы кеңейтуге, инвестициялар тартуға, жаңа өндірістер құруға және мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Үкімет басшысы.
Қазақстан көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда. Кейінгі 7 жылда 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөнделсе, 5 жыл ішінде 5 мың шақырым теміржол салынып, жаңғыртылды. Шекара маңындағы, теңіз және әуежай инфрақұрылымы дамып келеді.
Авиациялық қауіпсіздік деңгейі 95,7%-ға жеткізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 18%-ға ұлғайып, 39,1 млн тоннаға жетті. Көлік министрлігінің мәліметінше, 2035 жылы теңіз порттарының өткізу қабілетін 4 есе, флот қуатын 5 есе арттырып, транзиттік тасымал көлемін жылына 100 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда.
Премьер-министр қатысушылардың назарын халықаралық логистиканы ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру және Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәліздерінің, Транскаспий бағыты мен болашағы зор Трансауған дәлізінің өзара байланысын нығайту перспективаларына аударды. Мемлекеттердің бірлескен жұмысының маңызды бағыттары – инфрақұрылымды дамыту, логистиканы цифрландыру және тұтас транзитті қамтамасыз ету.
Басымдықтардың қатарында инфрақұрылымдық шектеулер мен әкімшілік кедергілерді жою, «жасыл дәліздерді» және «бір терезе» қағидатын енгізу бар, бұл трансшекаралық тасымалдауды жеңілдетуге, жүктерді жеткізу мерзімдері мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді.
Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастырып жатыр.
«Қабылданған шаралардың әсерінен инфляция біртіндеп баяулауды жалғастыруда. Жылдық инфляция биылғы тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады.  Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі ықпал етті. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді», – деді Серік Жұманғарин.
Оның сөзінше, инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты. Инфляцияның баяулауы аясында биылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өскен.
Айта кету керек, бұған дейін биылғы тоғыз айда бюджетке 19,3 трлн теңге салық түскенін жазғанбыз.
VanEck зерттеу бөлімінің басшысы Мэттью Сигелдің (Matthew Sigel) жорамалынша, алғашқы криптовалюта 2050 жылға қарай 3 миллион долларлық межеге дейін шарықтауы мүмкін. Алайда бұл үшін Bitcoin бүгінгі үйреншікті, тіпті іш пыстырарлық криптонарықтың тар аясынан шығуға, әлемдік сауда мен мұнай-газ секторындағы энергетикалық есеп айырысудың құралына айналуға тиіс, деп жазды inbusiness.kz.
Бұл мақсатқа дейін әлі талай жол бар. Әзірге әлдеқайда маңызды сұрақ – алдағы бірнеше аптада не болмақ? Биткоин таяуда бағындырған 80 мың доллар белесін ұстап тұра ала ма?
Егер оған қабілеті жетпесе, күзгі құлдырау жаңа шыңырауларға ұласуы мүмкін. Ал, егер биткоин бұл сынақтан сүрінбей өтсе, келесі маңызды меже – Citi банкінің 113 мың долларлық болжамы.
Сарапшылар оптимизмге жаңа негіз тапты
VanEck болжамы ертеңгі күнге емес, «онжылдық экономикалық көкжиекке» бағдарланған. Компания биткоинді доллардың құнсыздануынан қорғану құралдарының бірі ретінде қарастырып отыр.
Мэттью Сигел ұзақмерзімді өсімге ықпал ететін бірнеше факторды атады. Олардың қатарында Bitcoin-нің әлемдік саудада кеңінен қолданылуы, энергетикалық нарықтарға енуі, жас инвесторлардың қызығушылығы және «жекелеген мемлекеттердің», әсіресе авторитарлық режимдердің оған деген ынта-ықыласы бар.
Дегенмен сарапшы ғасыр ортасына дейінгі арман мен таяу болашақтағы нақты перспективаның арасын анық ажыратады. Оның пікірінше, әлдеқайда шынайы болжамды баға – 500 мың доллар.
Мұндай бағамға жетуі үшін биткоин капитализациясының ауқымы алтын нарығы капитализациясының шамамен жартысына жетуі шарт. Сигелдің бағалауынша, бұл қазіргі немесе келесі нарықтық циклде-ақ жүзеге асуы мүмкін.
Инвесторлар мұндай сеніміне не негіз болып отыр? Сарапшылардың бағалауынша, Bitcoin-нің физикалық алтынға қарағанда бір маңызды артықшылығы бар: оны елдер арасында тасымалдау әлдеқайда оңай.
Мысалы, Қазақстаннан тіпті 5 грам болса да, алтын құймаларын алып шығуға қатаң тыйым салынған. Алайда криптовалюталарға ондай тыйым жоқ.
Оның үстіне, цифрлық активтің ірі көлемін бір жерден екінші жерге жеткізу үшін алтындағы сияқты көлік, қойма қажет емес.
Алайда мұның басты кемшілігі де бар: тым құбылмалы. Биткоин бағасы алтынға қарағанда шамамен үш есе қатты «тербеледі». Ол небары бір аптаның ішінде алапат құнсызданып қалуы мүмкін.
Алтын құнын көп жоғалтпайды. Сондықтан институционалдық инвесторлар әдетте тым көп елікпей, портфельдерінің биткоинге тиесілі үлесін төмен деңгейде ұстайды.
Өсімге қосымша серпін-стимулдар да бар. VanEck сарапшыларының байламынша, егер биткоин бағасы елеулі көтерілсе, онда ұзақмерзімді электр энергиясы келісімшарттары бар ірі майнерлер жасанды интеллект жобаларына бағыттап жатқан қуаттарды алда қайтадан Bitcoin өндіруге бұруы мүмкін. Қазіргі 80 мың доллар шығыстарды жабуға ғана жетеді, көп таза пайда бермейді.
80 мың доллар – нарықтың басты табалдырығы
Ғасыр ортасына дейінгі 3 миллион долларлық болжам алып инвесторлардың қызығушылығын тудырғанымен, ағымдағы нарық әлдеқайда қысқа циклдермен өмір сүреді.
Биткоин қазан айына өткен жылғы басты артықшылығынсыз кірді: бір жыл өтсе де, тарихи максимумын жаңартуға қабілетті екенін қайтадан паш ете алмады.
8 қазанда, небары бір күн ішінде биткоинның бағасы 83,5 мың доллардан 80,5 мың долларға дейін құлады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 45,7 мың долларға аз. Еске сала кетсек, 2025 жылдың қазан айында Bitcoin өзінің тарихи шыңын – 126,2 мың доллар межесін бағындырып еді.
Сондықтан дәл қазір 80 мың доллар деңгейі шешуші мәнге ие. Егер осы меже ұзақ сақталса, сатып алушылар нарықтағы бақылауды өз қолында ұстай алады. Егер баға 85 мың доллардан жоғары бекіп, одан әрі 90–100 мың долларға қарай қозғалса, нарықтағы сенім қайта оралуы мүмкін.
«Ал, 80 мың долларлық деңгейден төмен қарай құлдилау нарыққа мүлде басқа сигнал береді. Мұндай жағдайда сатушылар үшін бағаны ары қарай төмендетуге кеңістік ашылады. Ендеше инвесторлар келесі тұрақты сұраныс деңгейінің қай жерде орналасқанын жанұшыра іздей бастайды. Бұл №1 криптовалютаның ары қарай арзандауына соқтырады», – деп ескертті TradingView.com сарапшылары.
Өз кезегінде Santiment осы аптада, 6 қазанда, бір тәуліктің ішінде криптовалюта биржаларынан 24 073 BTC шығарылғанын жариялады. Бұл – соңғы жеті айдағы ең ірі біркүндік таза әкетілім.
Биржалардағы биткоиннің үлесі жалпы ұсыныстың шамамен 6,5%-ына дейін қысқарды. Нарық үшін бұл ықтимал оң белгі. Себебі, сауда алаңдарына шығарылған криптомонета азайған сайын, жылдам сатылымға шығарылатын Bitcoin көлемі де кемиді. Мұндай жағдай бағаның өсуіне қосымша түрткі болуы ықтимал.
Сонымен қатар нарықтағы сатып алушылардың қарасы әлі де қалың. Bitcoin-нің тәуліктік сауда көлемі 21%-ға өсіп, 31,7 млрд долларға жетті. Биткоиннің нарықтық капитализациясы шамамен 1,6 трлн долларды құрады.
Биткоин 100 мың доллардан аса ма?
Нарыққа тағы бір маңызды бағдарды Citi қаржылық ұйымы ұсынды. Банк биткоин бойынша 12 айлық нысаналы болжамын бұрынғы 82 мың доллардан 113 мың долларға дейін көтерді, деп жазды Reuters.
Бұл болжамның негізінде криптовалюталық ETF-терге қаражат ағынының қайта жандануы және институционалдық сұраныстың сақталуы жөніндегі үміт жатыр.
Қазіргі нарықтың бұрынғы циклдерден маңызды айырмашылығы осында. Bitcoin енді тек бөлшек трейдерлерге тәуелді емес. Оның тағдырына ірі қаржы ағындары көбірек ықпал ете бастады.
Егер ETF арқылы криптонарыққа ақша ағындай құйыла берсе, иеленуге құлшынған сатып алушылардың қысымы бағаны біртіндеп 100 мың доллардан жоғары итермелеуі мүмкін.
Алайда басқа сценарийлер де бар: базалық нұсқасы бойынша Bitcoin 80–90 мың доллар аралығында тұрақтап, нарықтағы көңіл-күй жақсарған жағдайда қайтадан өсуін жалғастыра алады.
Бірақ ескі тәуекелдер жойылған жоқ. АҚШ облигацияларының жоғары кірістілігі инвесторлар үшін криптовалютадан гөрі дәстүрлі құралдарды тартымдырақ етеді. Мұнай бағасының қымбаттауы инфляциялық тәуекелдерді күшейтеді. Ал, АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (FRS) қазіргі қатаң әрі агрессивті саясаты инвесторларды тәуекелі жоғары активтерден аулақтатады.
Теріс сценарийде Bitcoin 80 мың доллардан төмен құлдырап, нарықта жаппай сатылым толқыны үдеуі мүмкін. Демек, алдағы екі ай криптовалюталарға салым салған жандар үшін жан тыныштығынан гөрі жүйкеге салмақ түсіретін жайттарды көбейтуі ғажап емес.
Биткоиннің күзгі тағдыры екі күштің текетіресі болғалы тұр. Бір жағында – институционалдық инвесторлардың сұранысы, биржалардағы қордың азаюы және қаржылық жағдайдың жұмсаруына деген үміт. Екінші жағында – валюталардың қымбат құны, майнинг шығынының өсуі, инфляция және тәуекелді активтерге жаңа қысым.
Бұл ретте 3 миллион долларлық болжам әзірге мүлде басқа сценарийдің өрісі. Ол Bitcoin әлемдік қаржы және энергетика жүйесінің толыққанды бөлігіне айналғанда ғана шындыққа айналады.
Айтпақшы, бұл материалдың мақсаты – тек ақпарат беру. Ол инвестициялық кеңес болып табылмайды және қандай да бір активті сатып алуға немесе сатуға шақырмайды. Инвестициялық операциялар туралы шешімді әр оқырман ықтимал тәуекелдерді алдын ала өзі бағалап, лицензияланған қаржылық кеңесшімен немесе брокермен кеңескеннен кейін дербес қабылдауға тиіс.
Басылымның жазуынша, халықаралық бағалаулар ел экономикасындағы тұрақты өсім мен инвестициялық деңгейдегі кредит рейтингіне тоқталды. Мақалада Қазақстанның экономикалық болашағы халықаралық қаржы институттары мен жетекші кредиттік рейтингтік агенттіктердің бағалауларында көрініс тапқаны айтылған. 2026 жылдың қыркүйегінде Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасының өсу болжамын 2026 жылы 4,7% және 2027 жылы 4,5% деңгейінде сақтап қалды.
Азия даму банкі де оң экономикалық қарқынның жалғасатынын болжап отыр. Бағалауға сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2026 жылы 4,8%-ға, ал 2027 жылы 4,5%-ға өседі. Екі халықаралық институттың бағалаулары бойынша алдағы екі жылда экономикалық өсім 4,5-5% төңірегінде болады.
Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингтері де халықаралық инвесторлар үшін қосымша маңызды фактор болып саналады. 2026 жылдың тамызында S&P Global Ratings агенттігі елдің ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингін BBB− деңгейінен BBB деңгейіне дейін көтеріп, болжамды «тұрақты» деп белгіледі. Агенттік жаһандық белгісіздік жағдайында Қазақстан экономикасының орнықтылығын, ауқымды сыртқы резервтерін және мұнайға жатпайтын бюджет тапшылығының одан әрі азаю күтулерін ерекше атап өтті. S&P Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімі 2026 жылы 5,1%-ға, ал орта мерзімді кезеңде 4% шамасында өседі деп болжайды.
Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін «тұрақты» болжаммен инвестициялық деңгейдегі «BBB» ретінде растады. Елдің төлем қабілеттілігін қуаттайтын факторлардың арасында агенттік елеулі таза сыртқы активтерді және мемлекеттік қарыздың салыстырмалы түрде төмен деңгейін атайды. Fitch орта мерзімді кезеңде көлік, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету салалары экономикалық белсенділікті қолдауды жалғастырады деп болжайды. Бұл бағалаулар Қазақстанның экономикалық даму көрінісін толықтыра түседі: болжамды өсім инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингпен және ауқымды қаржылық резервтермен ұштасады. Шетелдік компаниялар үшін мұндай көрсеткіштер елдің тәуекелдерін бағалау және ұзақ мерзімді жобаларды жоспарлау кезінде өте маңызды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, былтырғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 7,9 трлн теңге болған. Жұмыспен қамту көрсеткішінде де өсім бар.
Жалдамалы қызметкерлер саны 14,2%-ға артып, 445 мыңнан 509 мың адамға жетті. Еңбекақы қоры 7,2%-ға ұлғайған.
Сонымен қатар жалдамалы жұмыскері жоқ бизнес субъектілерінің саны 30,5%-ға азайды. Декларацияда табысын нөлден 5 млн теңгеге дейін көрсеткен кәсіпкерлердің үлесі үштен бірге төмендеген.
– Алғашқы нәтижелер бизнес пен жұмыспен қамтудың, декларацияланатын кірістердің өсімін көрсетіп отыр. Сонымен бірге жалдамалы жұмыскерлері жоқ кәсіпкерлер мен ең төменгі кірісті декларациялайтын субъектілер азайған. Алынған мәліметтер арнайы салық режиміндегі өзгерістің алғашқы оң нәтижелері туралы айтуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Бұл деректер жаңартылған режим бойынша алғашқы есептіліктің қорытындысында алынған. Кәсіпкерлер биыл тамызда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған декларацияны алғаш рет тапсырды.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін жылдық табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын және Салық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.
Бұл режим бойынша жеке немесе корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі – 4%. Жергілікті өкілді органдар оны заңнамада белгіленген шекте төмендетуге немесе ұлғайтуға құқылы.
Салық және есепті кезең – жарты жыл. Аталған режимдегі кәсіпкерлер импортталатын тауарларға және бейрезиденттерге байланысты жағдайларды қоспағанда, ҚҚС пен әлеуметтік салық төлемейді.
«Қазір біздің сыртқы қарызымыз – 8,4 трлн теңге. Ол жалпы өнімге шаққанда 4,5 пайыз болады. Жалпы халықаралық деңгеймен салыстырғанда ол өте төмен деңгей деп есептеледі. 1 шілдедегі статистиканы алсақ, қазіргі уақытта тіпті мемлекеттің қарызы 20%-ға дейін азайды. Себебі біздің жалпы ішкі өніміміз өсіп жатыр», – деді Серік Жұманғарин Құрылтай депутатының сұрағына берген жауабында.
Оның айтуынша, бүкіл алынған қарыз бақылауда тұр.
«Қазіргі уақытта 1 шілдедегі жағдай бойынша үкіметтің қарызы жалпы ішкі өнімге шаққанда 20 пайызға, ал мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге шаққанда – 20,9%. Біздің индикатор бойынша 32 пайыздан аспауы керек. Сол себепті жағдай өте тұрақты. Біз әлемдегі мемлекеттік үкіметтік қарызы ең төмен мемлекеттердің қатарындамыз», – деді спикер тілшілердің сауалына берген жауабында.
Экономист Бауыржан Шурманов бұл бастама нарықта бәсеке қалыптастырып, салымшыға таңдау еркіндігін береді деп отыр.
«Алайда мұндағы басты мәселе – тәуекелді дұрыс бағалау. Ешбір компания салымшыға аса жоғары табыс әкелуге кепілдік бермейді, ал қаржы нарығы кез келген уақытта минусқа кетуі мүмкін. Жеке басқаруға берілген қаражатқа мемлекеттің инфляция деңгейіндегі кепілдігі жүрмейтінін ұмытпаған жөн. Бұл – ойынға салатын артық ақша емес, әркімнің қартайған шағында күн көретін зейнетақысы. Сондықтан бүкіл ақшаны бірден тәуекелі жоғары қоржындарға салу – өте қауіпті қадам. Тәуекелге дайын болған күннің өзінде жинақтың белгілі бір бөлігін ғана бағыттау қажет», – дейді ол.
Осы тұста «Егер жеке басқарушы компания қате инвестиция жасап, шығынға батса немесе банкрот болса, салымшының ақшасын кім және қалай қайтарады?» деген сұрақ туындайды.
«Егер компания банкрот болса, салымшылардың ақшасына қауіп төнбейді, себебі қаржы кастодиан-банктегі арнайы шоттарда сақталады. Ол компанияның жеке активі емес, сот арқылы тартып алынбайды және БЖЗҚ-ға немесе басқа басқарушыға қайтарылады. Ал нарықтағы қате салымдар салдарынан портфель минусқа кетсе, бұл шығынды мемлекет қайтармайды. Егер компанияның табыстылығы белгіленген орташа шектен төмендеп кетсе, олар бұл айырманы өз меншікті капиталы есебінен толтыруға тиіс. Бірақ компанияның өз резерві жетпей қалса, нарықтық шығын тікелей салымшының өз мойнында қалады. Сондықтан инвестициялық табыспен қатар шығынға бату қаупі де бар екенін түсіну шарт», – деп атап өтті сарапшы.
Бауыржан Шурмановтан қарапайым азамат бірнеше ИПБ-ның ішінен ең сенімдісін қалай таңдауы тиіс екенін сұрадық. Оның пікірінше, адамдар уәде етілген жоғары пайызға қызықпай, сабырлы түрде компанияның нақты тарихын қарауы тиіс.
«Ең бастысы – компания соңғы бірнеше жылдағы дағдарыстар мен нарық құлдыраған кезеңдерде капиталды қалай сақтап қалды? Сондай-ақ басқарудағы активтерінің көлеміне және шығынды өз қалтасынан жабуға жететін меншікті капиталының мөлшеріне қарау керек. Мұнымен қоса, компанияның қызметі үшін алатын комиссиясы тым жоғары болмауы және ақшаның нақты қандай қаржы құралдарына салынып жатқаны ашық көрініп тұруы шарт», – деді экономист.
Бұл мүмкіндік негізінен кімдерге тиімді?
Экономист Бауыржан Шурмановтың пікірінше, тәуекелге тек уақыты бар салымшылар ғана белгілі бір деңгейде бара алады.
«Бұл көбіне жинағын көбейтуге әлі 15-20 жылы бар жастар мен орта жастағы азаматтарға қатысты. Нарық уақытша минусқа кеткен күннің өзінде оларда күтуге және қайта өсуден ұтуға уақыт бар. Бірақ оларға да барлық қаражатты тәуекелді бағытқа салуға болмайды, тек бір бөлігін ғана бағыттаған абзал. Ал зейнетке шығуына бірнеше жыл ғана қалған жандарға мүлдем тәуекелге баруға болмайды. Оларда нарықтың қайта көтерілуін күтіп отыратын уақыт жоқ.
Егде жастағы азаматтар үшін мемлекет кепілдік беретін дәстүрлі жүйеде қалған немесе ең құрығанда тәуекелі ең төмен консервативті портфельді таңдаған әлдеқайда дұрыс. Жалпы ереже: жинақтың 100 пайызын беруге құқық бар екен деп, оның бәрін бір күнде алып берудің қажеті жоқ. Алдымен аз ғана бөлігін беріп, компанияның нарықтағы мінезін сынап көру керек», – деп түсіндірді ол.
Әр салымшы таңдауды өзі жасайды
Қаржы саласының Айбар Олжайдың пікірінше, барлығы да салымшының өз қолында.
«Ол ештеңе аудармай-ақ, мемлекетік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қала берсе де болады. Олардың табыстылығы қатты төмен деп айтуға болмайды. Сол нарықтың орта табысының консервативтік портфелімен мемлекеттік қор береді. Менің ойымша, зейнетке шығуға 5-6 жыл қалған адамға көбінесе осы мемлекеттік қорда қалған дұрыс-ау. Жаңашылдық тек қана оң жағынан бағаланады. Біріншіден, нарықта толық бәсекелестік пайда болды. Яғни, жекеменшік компаниялардың белгілі бір кластері пайда болады. Ол нарыққа оң серпін береді. Сонымен қатар бізде зейнетақы салымдарын инвестициялау мәдениеті пайда болады. Яғни, адамдар өз таңдауын өздері жасайды», – деп есептейді ол.
Сарапшы жеке басқарушы компанияның жұмысына өте қатаң талаптар қойылатынын айтты.
«Біріншіден, ол өзінің операциялық шығындарына салымшылардан келіп түскен ақшаны пайдалана алмайды. Ол шоттар мүлдем бөлек болады. Мысалы, салымшы қаражатын компанияға аударды, бірақ компания ол ақшаны алып, айлық төлеуге, кеңсенің жалға алу құнын төлеу сияқты қызметтерге жұмсай алмайды. Қаражатты тек қана басқаруға алады, түрлі қаржылық құралдарға салады, сол арқылы табыстылық көрсетеді. Сонда одан табатын табысы – комиссия. Мәселен, қанша ақшаны алып басқарды – соның комиссиясын алады. Әр басқарушы компанияның комиссиясы әртүрлі. Салымшыға да соған қарау керек», – дейді сала маманы.
Банкрот болып кетеді немесе толық шығынға кетеді деген негіз жоқ, өйткені оларда резервте белгілі бір капитал қарастырылады. Ақшасы жоқ компания жайдан-жай басқарушы компания болып, азаматтардың жинақтарын басқара алмайды. Ол бойынша қатаң, пруденциалды өзіндік нормалар бар. Ең сенімдісі – капиталы жоғары, деп есептейді Айбар Олжай.
Қазақстан үшін бұл мәселе ерекше маңызға ие. Табиғи ресурстардан түсетін кірістер елге айтарлықтай қаржылық жастық құруға мүмкіндік береді. Ұлттық қор шикізат кірістерінің бір бөлігін жинақтайды және екі негізгі функцияны орындайды: болашақ ұрпақ үшін активтерді сақтауға бағытталған жинақ функциясы және мемлекеттік бюджеттің әлемдік тауар нарықтарындағы ауытқуларға осалдығын азайтуға арналған тұрақтандыру функциясы. 2026 жылдың ортасына қарай қордың шетел валютасындағы активтері 65.5 миллиард долларға жеткенін атап өткен жөн.
Егеменді байлық басқаша жұмыс істейді
Егеменді байлық қорларын басқарудың бірыңғай жаһандық моделі жоқ. Мемлекеттер ұрпақтар арасындағы жинақтар, фискалдық тұрақтандыру және жинақталған капиталды дамуға орналастыру арасында әртүрлі тепе-теңдік сақтайды. Дегенмен, халықаралық тәжірибе бұл мақсаттардың бір-біріне қайшы келмейтінін көрсетеді.
Норвегия егеменді байлықты басқарудың ең тәртіпті үлгілерінің бірін ұстанады. Оның фискалдық ережесі қаражатты алуды Үкіметтің зейнетақы қорының күтілетін нақты кірісімен үйлестіреді, сонымен бірге ірі экономикалық күйзелістерге жауап ретінде фискалдық саясатты қолдану икемділігін сақтайды.
Тұрақтандыру функциясы Чилиде одан да айқын көрінеді. Экономикалық және әлеуметтік тұрақтандыру қорынан қаражат экономикалық дағдарыс кезеңінде бірнеше рет пайдаланылды. 2009 жылы қаражатты алу шамамен 9.28 миллиард долларға жетті, сонымен қатар 2019-2021 жылдары айтарлықтай қаражат бөлінді.
Басқа елдер де шикізат кірістерін тек ұзақ мерзімді жинақ көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар экономикалық дамудың катализаторы ретінде де пайдаланады. Кувейттің тәжірибесі мысал бола алады, мұнда бұл міндеттер болашақ ұрпақтар үшін капиталды сақтауға бағытталған Болашақ ұрпақтар қоры мен инвестициялық портфолиосы энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды қамтитын Бас резервтік қор арасында бөлінген. Бұл модель Кувейтке ұлттық байлықтың бір бөлігін болашақ ұрпақтар үшін сақтауға, ал екінші бөлігін елдің экономикалық әлеуетін кеңейтетін және ұзақ мерзімді өсудің негізін қалайтын активтерге айналдыруға мүмкіндік береді.
Егеменді байлығының бастауы Қазақстанның байлығына ұқсас Әзірбайжан Мемлекеттік мұнай қорынан алынған ресурстарды Баку-Тбилиси-Карс теміржолы, Оғыз-Габала-Баку сумен жабдықтау жүйесі және ірі мұнай мен газ тасымалдау бастамаларына үлестік қатысу сияқты ұлттық маңызы бар ірі жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланды.
Бұл модельдердің ешқайсысын басқа ел механикалық түрде көшіре алмайды. Дегенмен, олар бірге егеменді байлықты басқарудың «жинақтау» мен «жұмсау» арасындағы екілік таңдауға негізделмегенін көрсетеді. Одан да маңыздысы - ұлттық капитал ұлт үшін ең үлкен ұзақ мерзімді кіріс әкелетін нысан.
Қаржылық капиталдан ұлттық капиталға дейін
Ұлттық қордан жиналған қаражат болашақ ұрпақтың мүддесі үшін тікелей пайдаланылуда. 2024 жылдан бастап Қазақстанда «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы жұмыс істейді: әрбір жас қазақстандыққа жыл сайын қордың инвестициялық табысының бір бөлігі бөлінеді, ал 18 жасқа толғаннан кейін жинақталған қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға болады. Бұл бағдарлама активтерді іс жүзінде пайдалану кезеңіне енді. 2024 жылдың ақпаны мен 2026 жылдың 1 тамызы аралығында 338 000-нан астам жас қазақстандық төлемдер алды, олардың жалпы сомасы шамамен 67.8 миллион АҚШ долларын құрайды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға тиесілі қаражат Ұлттық қордың активтерінде қалады және олар ересек жасқа толғанға дейін инвестицияланады.
Қазақстан табиғи ресурстардан айтарлықтай кіріс жинаған көптеген экономикаларға таныс міндетке тап болып отыр: ұлттық байлықтың қандай бөлігі қаржы активтерінде қалуы керек және қай бөлігін ішкі капиталға айналдыру тиімді.
Жақын арада Қазақстан Ұлттық қор активтерінің бір бөлігін жалпыұлттық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттауды жоспарлап отыр. 2027 жылы бұл мақсаттарға 4 миллиард доллардан астам қаражат, ал 2028 және 2029 жылдары жыл сайын 3 миллиард доллардан сәл астам қаражат бөлу жоспарлануда.
Бірнеше сарапшылардың пікірінше, мұндай шешімнің экономикалық негіздемесі жай ғана қаржыландырудан тысқары. Қаражат ұзақ мерзімді әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға бағытталған кезде ұлттық байлық жоғалып кетпейді. Оның өмір сүру формасы жай ғана өзгереді.
Ағымдағы тұтынуға бөлінген қаражат бюджет циклімен бірге мерзімі бітеді. Мектеп, аурухана, коммуналдық желі, жол немесе энергетика нысаны экономикада қалады және ондаған жылдар бойы жұмыс істейді.
Дәл осы себепті инфрақұрылымға инвестициялар пайдалану шығындарын жабудан түбегейлі ерекшеленеді. Қаржылық капиталдың бір бөлігі ел ішінде физикалық және адами капиталға тиімді түрде айналады.
Мұндай тәсіл жобаны іске асыру кезеңінен бастап экономикалық пайда әкеледі. Құрылыс материалдарға, жабдықтарға, көлікке, жобалау және монтаждау жұмыстарына сұранысты тудырады, отандық кәсіпорындарға тапсырыстар береді және ел ішінде қосымша құнды жасайды. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін тағы бір, әлдеқайда тұрақты әсер басталады. Жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту олардың сенімділігін арттырады, шығындарды азайтады және қымбат апаттық жөндеу қажеттілігін азайтады. Жолдар аймақтық байланысты күшейтеді. Энергетикалық инфрақұрылым қолданыстағы өндірісті кеңейту және жаңа өнеркәсіптік қуаттарды іске қосу үшін кедергілерді жояды.
Денсаулық сақтау мен білім беруге инвестициялар ерекше орын алады. Қазіргі заманғы ауруханалар, емханалар және білім беру мекемелері әлеуметтік инфрақұрылымды да, адами капиталға тікелей инвестицияларды да білдіреді. Медициналық көмекке қолжетімділік, денсаулық сақтау жағдайы, білім беру сапасы және жұмыс күшінің біліктілігі еңбек өнімділігімен және экономиканың ұзақ мерзімді әлеуетімен тікелей байланысты. Барлық әлеуметтік инфрақұрылым көлік немесе энергетикалық инфрақұрылым сияқты ұлттық капиталдың элементі болып табылады және оның кірістілігі мен тиімділігі кез келген жеке жобаның құрылыс мерзімінен әлдеқайда асып түседі.
Кейінге қалдырылған әзірлеменің құны
Жинақталған капиталды пайдалану мүмкіндік құнын тудырады. Дегенмен, инвестицияларды кейінге қалдыру мүмкіндік құнын да тудырады. Көлік желілерінің жеткіліксіз қуаттылығы, энергия тапшылығы, коммуналдық жүйелердің тозуы және мектептер мен медициналық мекемелердің тапшылығы бүгінгі таңда шығындарды тудырады. Жаңғырту неғұрлым ұзақ кейінге қалдырылса, экономика мен халық бұл шығындарды соғұрлым ұзақ көтереді.
Сондықтан, инфрақұрылымның даму қарқыны айқын экономикалық құндылыққа ие. Егер қажетті нысан он жылдан кейін емес, бүгін ашылса, ел экономикалық және әлеуметтік кірісінің қосымша жылдарын алады.
Сонымен қатар, инфрақұрылымның әлеуметтік және экономикалық әсерлері бір-бірінен ажырамас. Сенімді коммуналдық желілер, заманауи денсаулық сақтау, білім беру, көлік және энергетика бір мезгілде өмір сүру сапасын арттырады және жеке экономикалық қызметтің өркендеуі үшін орта жасайды.
Қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған резерв
Ұлттық қордың ресурстарын стратегиялық басымдықтарды шешу үшін пайдалану Қазақстан үшін жаңа тәжірибе емес. Қордың экономикаға ең қажет болған кезде қосымша ресурстарды ұсыну мүмкіндігі елдің экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы ретінде бірнеше рет қызмет етті.
2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде қаржы секторын тұрақтандыруға, жылжымайтын мүлікке, шағын және орта бизнеске және агробизнес секторына қолдау көрсетуге 10 миллиард доллар жұмсалды (8). 2015-2017 жылдары қосымша 9 миллиард доллар алынды. 2020-2021 жылдардағы пандемия кезінде Ұлттық қордан аударымдар экономикалық тұрақтылықты сақтауға және азаматтарды қолдауға көмектесті. Осылайша, жинақталған резервтің болуы мемлекетке алдын ала әрекет етуге, яғни ауыр экономикалық салдардың алдын алу үшін қосымша ресурстарды қажет жерлерге жедел бағыттауға мүмкіндік берді.
Ірі қаржы резервінің болуы Қазақстанға сыртқы күйзеліс кезеңдерінде тек ағымдағы бюджет кірістеріне сүйенбей, қосымша қаржыландыру көзімен жүруге мүмкіндік берді.
Бүгінде қорды пайдалану принципі емес, тапсырманың сипаты өзгеріп жатыр. Бұрын жинақталған ресурстар негізінен жаһандық күйзелістердің әсерін азайтуға қызмет еткен. Енді капиталдың бір бөлігі ұзақ мерзімді дамуды тежеуі мүмкін инфрақұрылымдық кедергілерді жоюға арналған.
Бұл егеменді қордың рөлін кеңейтеді: қолайлы кезеңдерде жинақталған ресурстар тек дағдарыс туындағаннан кейін ғана емес, сонымен қатар алдағы жылдарға экономиканың тұрақтылығы мен әлеуетін арттыратын активтерді құру үшін де пайдаланылады.
Болашақ ұрпақтың есебі
Түптеп келгенде, бұл стратегияның табысы Ұлттық қордан алынған қаражат көлемімен емес, олармен жасалған активтердің құнымен және олардың экономика мен азаматтарға тигізетін жалпы әсерімен өлшенеді.
Бұл бағалау критерийлерін түбегейлі өзгертеді. Егер бір доллар тұратын қаржылық актив өнімділікті арттыратын, бизнес шығындарын төмендететін, адами капиталдың сапасын арттыратын және ондаған жылдар бойы жаңа жеке инвестициялар үшін жағдайлар жасайтын инфрақұрылымға айналдырылса, ұлттық байлықтың құрылымы сапалық өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан алдағы жылдардағы басты мәселе Ұлттық қордың ресурстарын пайдалану емес, Қазақстан өз кезегінде жасайтын активтердің сапасы. Болашақ ұрпақ үшін сақталған қаржы капиталы мен оның орнына құрылған отандық экономиканың құны арасындағы дәл тепе-теңдік бүгінгі шешімдердің негізгі мұрасы болып қала береді.
Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 27-отырысында қаралды.
Қазіргі уақытта Euroclear/Clearstream халықаралық депозитарлық жүйелері арқылы шетелдік инвесторлардың Қазақстанның квазимемлекеттік сектор облигацияларына қолжетімділігін кеңейту мүмкіндігі пысықталып жатыр. Мұндай бағалы қағаздардың негізгі ұстаушылары бейрезиденттер болады деп болжанып отыр.
Алайда қолданыстағы салық заңнамасында Қазақстан қор биржасында сатып алынған бағалы қағаздар кейін биржадан тыс сатылған жағдайда олардың құнының өсуінен түсетін табысқа салық салу мәселесі толық реттелмеген.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, бейрезидент Қазақстан қор биржасында квазимемлекеттік сектор облигацияларын сатқан жағдайда олардың құнының өсуінен түскен табыс салықтан босатылады.
– Алайда осы бағалы қағаздарды кейіннен Қазақстан қор биржасынан тыс сату кезінде заңнамада дәл осындай тәсіл қарастырылмаған, – деді Әлия Молдабекова.
Бұл мәселе халықаралық депозитарлық инфрақұрылым арқылы жүргізілетін операциялар көлемінің артуына байланысты өзекті болып отыр.
Euroclear/Clearstream жүйелеріндегі бейрезиденттер арасындағы мәмілелер қазақстандық сауда және есеп айырысу инфрақұрылымы арқылы өтпейді. Ал бейрезиденттер мен қазақстандық нарық қатысушылары арасында биржадан тыс, яғни OTC мәмілелері жасалған кезде қор биржалары арқылы ұйымдастырылған нарықтағы операцияларға берілетін салықтық жеңілдік қолданылмайды.
Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектор субъектілерінің айналыстағы теңгелік облигацияларының көлемі шамамен 17,6 трлн теңгені құрайды.
2026 жылдың 8 айындағы мемлекеттік бағалы қағаздар көлеміндегі бейрезиденттердің орташа үлесі 8,1% болғанын ескерсек, олардың квазимемлекеттік сектор облигацияларына салымдарының әлеуетті көлемі шамамен 1,4 трлн теңгеге жетуі мүмкін.
Осылайша, биржалық және биржадан тыс операцияларға қолданылатын салық режимдерінің айырмашылығы шетелдік инвесторлар үшін қосымша кедергі туғызып, халықаралық депозитарлық инфрақұрылым арқылы квазимемлекеттік сектор облигацияларының айналым әлеуетін шектеуі ықтимал.
Талқылау қорытындысында жобалық кеңес мүшелері Қазақстан қор биржасынан тыс жасалатын тиісті мәмілелер кезінде бағалы қағаздар құнының өсуінен түсетін табысты салықтан босату тәсілін жалпы қолдады.
Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп салық заңнамасына қажетті нақтылауларды пысықтайды. Жұмыс нәтижелері туралы нарық қатысушыларына қосымша ақпарат беріледі.
Оның жартысынан көбі, 30,4 млрд доллары экспорт еншісінде.
Бұған қарап, Қазақстанның экономикалық стратегиясында негізгі бағыт ретінде қарастырылған экспортты дамыту ісі аз да болса ілгері басып жатқанын байқаймыз. Дегенмен осы тақырыпқа қатысты теріс көзқарастар бары жасырын емес. Көпшілік елімізді тек мұнай, металл, көмірді шикізат күйінде жөнелтетінін алға тартады. Яғни өндірістің жолға қойылмағанын айтушылар бар. Әрине, бұл пікірдің де өз шындығы бар. Бірақ кейінгі деректерді қарасақ, Қазақстан шикізатқа жатпайтын өнімдерді экспорттай бастаған.
Мысалы, жануар және өсімдік тектес өнімдер, сондай-ақ дайын азық-түлік тауарларының экспорты бір жыл ішінде 35,6%-ға өсіп, биыл алғашқы 5 айда 3,6 млрд долларға жеткен. Саланың жалпы экспорттағы үлесі 9%-дан 12%-ға дейін көбейді. Металдар мен олардан жасалған бұйымдардың экспорты да айтарлықтай өсті. Бұл санатты да шикізатқа жатпайтын экспорттың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Аталған өнімдердің экспорты 22,6%-ға артып, 5 млрд долларға жуықтады. Нәтижесінде олардың экспорт құрылымындағы үлесі 13,6%-дан 16,4%-ға дейін өскен.
Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының, соның ішінде каучук пен пластмассалардың өнімдерінің де экспорты артты. Қаңтар-мамыр айларында Қазақстан мұндай өнімдерді 1,9 млрд долларға экспорттады. Тағы 1,2 млрд доллар машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі.
Бір қызығы, бұрын елеусіз көрінген шағын өнеркәсіптердің өзі ерекше динамика байқата бастады. Мәселен, тоқыма және тоқыма бұйымдарының экспорты 37,8%-ға өсіп, 174,2 млн долларды құрады. Аяқ киім, бас киім және галантерея бұйымдарының жеткізілімі 12,9%-ға артып, 18,3 млн долларға жеткен. Құрылыс тауарларының экспорты 3,6%-ға өсіп, 41,3 млн долларға барды.
Дегенмен шикізатқа жатпайтын өнімдердің экспорты текке өсіп жатпағанын ескерте кетейік. Ашығын айтқанда, мемлекет бұл шараға көптеген қолдау көрсетіп отыр. Негізгі басымдық қосылған құны жоғары өнімдердің үлесін арттыруға бағытталған. Қаржыландырудан бастап, инвестициялық бағдарламалар арқылы өндірісті ынталантыру, маркетингтік сүйемелдеу, экспорттық талдау, инфрақұрылым және логистика сияқты дамыту шаралары жетерлік.
Бұл жүйеде негізгі рөлді «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» атқарады. Әуелде құрылғанда да басты міндеті шикізатқа жатпайтын тауарлардың экспортын дамыту болатын. Агенттік тек қаржылық қолдау көрсетумен шектелмейді, экспорттық мәмілер жасасып, саудада қазақстандық тараптың мүддесін соғады. Тіпті, қатерлерді де алдын ала болжап, сақтандыру жасайды.
Ең негізгі тетік – экспорттық кредиттік сақтандыру. Осы арқылы қазақстандық компания міндеттерді орындай алмай, қатерге ұрынып жатса немесе саяси себептермен жеткізу ісі тоқтап қалса, залалдың 80 пайызға дейінгі мөлшері өтеледі. Енді ғана жаңа нарықтарға шығып жатқан компанияларға бұл үлкен көмек.
Сөзіміз дәлелсіз болмасын, биыл алғашқы 6 айдың қорытындысы бойынша агенттік отандық өңдеу секторы экспорттаушыларына 418,5 млрд теңге қолдау көрсеткен. Жартысынан көбін шағын және орта бизнес өкілдері алған. Оның 55,3 млрд теңгесі экспорт алдындағы және сауданы қаржыландыруға бағытталған. Ал қаржылай қолдау көрген компаниялардың саны 69-ға жетіпті.
Қазақстанның Даму Банкі жанындағы Аналитикалық порталдың дерегінше, 2025 жылы шикізатқа жатпайтын экспорт көлемі 31,2 млрд долларды құраған. 2020 жылы бұл көрсеткіш 17,5 млрд доллар ғана болғанын ескерсек, 5 жыл ішінде 78% өсім тіркеліп отыр. Ал осы кезеңде елдің жалпы экспорты шамамен 65%-ға артқан. Осыдан-ақ еліміз шикізат ғана экспорттайтын дағдыдан ақырындап арылып, өңделген өнімдер жеткізуге көшіп жатқанын аңғарамыз.
Осы тұста ел экспортының географиялық картасы да кеңейіп жатқанын тілге тиек етейік. Бүгінде шикізатқа жатпайтын тауарларды әлемнің 100-ге жуық еліне жеткізіп отырмыз. Мысалы, былтыр Қытай 8,1 млрд долларға өңделген қазақстандық тауарларды сатып алған. Екінші орында Ресей (6,9 млрд доллар), Үшінші орында Өзбекстан (3,2 млрд доллар). Бұдан кейін Түркия (2,2 млрд доллар) мен Қырғызстан (1,4 млрд доллар) жайғасқан. Алғашқы ондықта Тәжікстан, Ұлыбритания, АҚШ, Ауғанстан мен Жапония да бар.
Қалай алғанда да, бұл салада қуануға болатын жетістіктер мол. Жай бірретік шара емес, ауқымды үдеріс ретінде қабылдауға болады. Тек игі іс әрі қарай жалғасып, көрсеткіштер жыл сайын еселене берсе дейміз.
2024-2025 жылдары тартылған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 677 млрд теңгені құрады. Бұл 2022-2023 жылдармен салыстырғанда шамамен 300 млрд теңгеге көп. Ол кезде су саласын дамытуға 377,9 млрд теңге инвестиция тартылған болатын.
Тартылған инвестициялар ең алдымен су шаруашылығы инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталып жатыр. Атап айтқанда, халық пен ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті су қоймалары, каналдар, гидротехникалық құрылыстар және басқа да нысандар қамтылған.
Бұл жұмыстар қолданыстағы инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуға және суды жинақтау мен бөлу үшін жаңа қуаттар құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде инвестициялар сумен жабдықтау сенімділігін арттырып, су шығыны көлемін азайтуға және су ресурстарын басқару тиімділігін арттыруға бағытталады.
Инвестициялар есебінен іске асырылып жатқан жобалардың қатарында Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасын салу, Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу және басқа да ауқымды жобалар бар.
«Инвестициялар су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға, яғни су қоймаларын, каналдар мен басқа да нысандарды салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға тартылады. Бұл ретте халықаралық ынтымақтастық қаржылық қолдаумен ғана шектелмейді. Ол сондай-ақ заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуды көздейді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
«Қазіргі көрсеткіш – бірінші жартыжылдық үшін кем дегенде соңғы 12 жылдағы, 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қаңтар-маусымның жалпы көрсеткішіне әсіресе маусым айы елеулі үлес қосты, бұл ай көрсетілген $3,2 млрд соманың 30%-ын қамтамасыз етті. Алайда бір ұсақ-түйекті ескеру керек. Біздің экспортымыз үшін маңызды тауар, мұнай, сыртқы сауда бойынша жалпы деректерге белгілі бір кідіріспен енгізіледі. Бұл кідірісті шамамен үш ай деп бағалауға болады – әйтеуір Ұлттық банк төлем балансын бағалаған кезде осындай мерзімді пайдаланады. Бұл кешеуілдеу статистиканы қалыптастыратын соңғы декларацияларды экспорттаушылар жеткізу аяқталған күннен бастап 90 күн ішінде беретіндігімен байланысты», – делінген хабарламада.
Сарапшылардың айтуынша, жылдың ұқсас кезеңдерінің жиынтық деректері өзара салыстырылуы керек және көрсеткіштердің бір бөлігі кешеуілдеп көрсетілетінін ескеру қажет.
«Мұнайдың бұдан бұрынғы нақты жеткізілімдеріне қатысты бұл ескертуді біз Түркияға қатысты да есімізде ұстауымыз керек. Бұл жағдайда 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы статистикада шикі мұнай (жылдық көріністе екі еселік өсіммен) шамамен $1,3 млрд деп бағаланады. Бұған қоса $479 млн формалды түрде маусым айының нәтижелерінде көрсетілген. Жеткізілімдер одан бұрын өтуі тиіс болғанына қарамастан, көрсеткіштің өзі кем дегенде 2020 жылдан бері біздің мұнайды Түркияға сату статистикасының кез келген жеке айын алғанда, ең жоғары болып шықты. Егер шикі мұнайды біздің экспортымыздың есептеулерінен мүлдем алып тастасақ – жартыжылдық бойынша «нақты» деректер әлі толық жоқ екенін ескерсек, қаңтар-маусым айларында қазақстандық өнімді Түркияға сатудың жалпы жылдық серпіні де екі есеге жуық болады», –  делінген DataHUB ақпаратында.
Әуелі айта кетер жайт, көмір өндірісі мен экспорты кейінгі 10 эыл аралықта өте жақсы қарқынмен келеді. Былтыр Нидерланды, Малайзия секілді елдер қазақстандық «қара алтын» сатып алуды көбейтті. Еліміздегі өндіріс 2010-2012 жылдары қатты жанданды, жаһандық дағдарыстың беті қайтып, Ресей мен Украина тарапының сұранысы артты, ақыры еліміздің жылдық өндірісі 120 млн тоннаға таяды. 2013-2016 жылдары Ресейде газдың үлесі артып, кей электр станциялары көмірден бас тартқанда Қазақстан өндірісті 102-105 млн тоннаға төмендетті. Дегенмен 2017-2022 жылдары өз нарығымыздың сұранысы артып, Азия мен Еуропа энергияға тапшы бола бастаған соң қайта 118 млн тоннадан асырдық. Ал кейінгі 3 жыл бойы жылдық өндіріс 105-112 млн тонна арасында ауытқып келеді.
Жалпы, елдегі көмір өндірісі негізгі 4 кен орнына тиесілі: Екібастұз көмір бассейні (жалпы өндірістің 55-60 пайызын алады), Қарағанды көмір бассейні (10-12%), Шұбаркөл кен орны (10-12%) және Қаражыра кен орны (7-8 пайыз). Майкүбенің де деңгейі Қаражырамен шамалас.
Еліміздегі жалпы өндірістің 80%-дан астам үлесі «Богатырь Көмір», ERG, «Qarmet» және «Қаражыра» сияқты саусақпен санарлық ірі өнеркәсіптік топтардың қолында тұрғанын айта кетейік. Дегенмен осы көмір өндіруші кәсіпорындар республикалық және жергілікті бюджеттерді толықтыратын ірі донорлар саналады, елдегі ең үлкен 100 салық төлеуші компаниялардың қатарына енген. Жыл сайын жүздеген млрд теңге бюджетке құяды.
Кейінгі жылдары жаһанда геосаяи ахуалдар ушықты, түрлі шектеулер енді, басқа жолдар ашылды. Соның әсерінен еліміздің көмір экспорты да қайта құрылымдалды. Сауда министрлігінің дерегінше, жыл сайын өндірілетін көмірдің 25-35 миллион тоннасы сыртқы нарықтарға бағытталып келеді. Алайда баға құбылмалы болғаннан кейін табыс та түрленіп тұратыны анық. 2022 жылы Еуропада энергетикалық дағдарыс болды. Сол уақытта «қара алтынның» бір тоннасының бағасы 300-400 долларға жеткен еді. Қазақстан сол жылы 946 млн долларға (39 млн тонна) көмір экспорттаған. Бұл – саладағы ең табысты кезең.
Қазақстан көмірін негізігі сатып алушы ел – Ресей. Жыл сайынғы экспорттың 20-30 пайызын алады. Қазақстандық «қара алтынды» Урал өңіріндегі Троицк және Рефтинский ГРЭС-теріне жеткізеді. Бұдан кейін Еуропалық Одақ елдері – Польша, Латвия, Эстония, Германия, Түркия. 2022 жылы ЕО Ресей көміріне эмбарго салды, осы кезде Қазақстан кәрі құрлыққа премиум сападағы Шұбаркөл мен Қаражыраны жеткізіп бастады. Бұл бағытқа кететін көлем экспорттың 45-50 пайызын алады.
Әйтсе де мәселе жоқ емес, 2025 жылдың басында ЕО-ның 16-пакет санкциялары аясында Ресей порттары арқылы транзитке шектеу қойылды. Еуропаға экспорт уақытша тоқырады. Абырой болғанда Қазақстанның Сауда министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі жұмыла жүріп, ЕО-ның 18-пакеті аясында тек қазақстандық шығу тегі бар көмірге Усть-Луга сияқты Ресей порттары арқылы транзитке мүмкіндік алды.
Келесі бағыт –  Орталық Азия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері. Өзбектер Қазақстан көмірін алуды арттырды, қазір жалпы экспорттың 5 пайызын иемденген. Қытай және Азия-Тынық мұхиты өңірі, Үндістан мен Малайзияны да ұмыт қалдыруға болмайды. Бірақ жолды тағы баға деген түсінік бөгейді. Мысалы, жырақтағы Еуропа немесе Үндістанға 100 млн доллардың көмірін экспорттадық делік. Соның шамамен 60 млн доллары теміржол мен логистиканың шығынына кетеді. Бір ғана көңілге медет болатыны, елімізде өндірудің өзіндік құны төмен.
Қазақстанда көмірдің жалпы ішкі өнімдегі тікелей үлесі шамамен 1,5-2 пайызды құрайды. Бірақ жанама әсері барын ескеріп, «қара алтынға» тәуелді салаларды – электр және жылу энергиясын өндіру, металлургия, теміржол тасымалы қосқанда, сектордың ықпалы 10 пайызға артады. Өнеркәсіпте көмір мұнай-газ бен металл кендерін өндіруден кейінгі 3-ші орында тұр.
Бірақ көмірге келгенде сарапшылар пікірі екіге жарылады. Дәстүрлі ұстанымдағылар көмірді жалғыз энергетикалық кепіл санайды. Жаңартылатын энергия көздеріне лезде көше салу қиын, әрі шығыны мол, сондықтан көмір өнеркәсібін тоқыратпау керегін алға тартады. Ал жасыл экономиканы жақтаушылар «көміртек тұзағы» барын жиі ескертеді. Бұған қоса, ЕО-ның CBAM салығы, халықаралық банктердің көмір жобаларына қаржы бермеуі секілді мәселелер жол тосады. Сондықтан екінші тарап көмір өнеркәсібін субсидиялауды азайтып, қаржыны біртіндеп жасыл технологияларға бағыттау қажетін айтып келеді.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «таза көмір» технологиясын ұсынғанын білеміз. Соның негізінде Үкімет әзірлеген 2030 жылға дейінгі «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы бекітілді. Жобаның бастапқы құны 8 трлн теңгеден асады деп бағаланып отыр. Оның аясында 2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа энергия көздерін іске қосу жоспарланған, оның ішінде 8 жаңа электр станциясын салу және жұмыс істеп тұрған 11 станцияны жаңғырту бастамасы бар.
Жалпы, бұл жүйе жылу электр орталықтарынан шығатын түтін газдарын көпсатылы тазартудан өткізеді. Қарапайым тілмен айтсақ, станцияда көмір барынша тиімді әрі экологиялық талапқа сай жағылуы шарт, кейін мұржа арқылы сыртқа шығатын зиянды заттар сүзіп алынады. Дегенмен қазір энергетика саласында қолданылып жүрген «таза көмір» ұғымы жалпылама сипатта. Оның нақты үлгісі немесе белгіленген талабы жоқ. Әйтеуір дамыған елдер көмірді жағу технологиясы мен сүзгінің өзіндік моделін әзірлеп, көмір қолданылатын ЖЭС-терде пайдаланып жүргені айтылады.
Қазақстандағы жағдай мүлде бөлек, көп ЖЭО-ның салынғанына жарты ғасырға жуықтады әрі инфрақұрылым модернизацияны көтермеуі мүмкін. Сондықтан «таза көмірге» қатысты бар үміт жаңа нысандарға жүктелген. Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Абеновтің айтуынша, «таза көмір» технологиясы негізі 6 кезеңнен тұрады.
– «Таза көмір» технологияларының негізгі мақсаты – көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының пайдалы әсер коэффициентін 35 пайыздан арттыру және маркерлік ластағыш заттар шығарындыларын азайту. Осы мақсатта қолданылатын технологияны бірнеше сатыға бөлуге болады: көмір өндіру, алдын ала дайындау және байыту, жоғары тиімді жағу, газдандыру, түтін газдарын терең тазарту, көміртекті ұстау, пайдалану және сақтау, өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату, – деп қысқа түсіндірді маман.
Түйіндер болсақ, Үкімет ұсынған 2026-2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамытудың ұлттық жобасында «таза көмір» басты бағыт ретінде қарастырылып отыр. Демек, Қазақстан үшін көмірден алыстайтын күн әлі алыс. Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі осылайша «қара алтынға» байланды.
Тараптар Жамбыл облысында қышқылдық флюорит концентратын өндіретін зауыт салу инвестициялық жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Western Mining Corporation Limited – инвестициялық жобаны іске асыру үшін Қытайдың жетекші компанияларының консорциумы құрған жоба операторы, химия өнеркәсібінде, жаңа энергетика саласында, болат, алюминий металлургиясында сұранысқа ие қышқыл флюрит концентратын шығаруды көздейді.
Кездесу барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, тау-кен өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу және өндірісте заманауи экологиялық стандарттарды енгізудің ел экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Жоба аясында 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жобаның еліміз үшін тиімділігін зерттеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Кеңеске Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның өкілдері және «KazAzot PRIME» ЖШС басшылығы қатысты.
Аммиак-карбамид кешені жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан 17 ірі инвестициялық жобаның тізбесіне кіретіні, сондай-ақ газ-химия саласын дамыту, елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту және табиғи газды терең өңдеу деңгейін арттыру үшін стратегиялық маңызға ие екені атап өтілді.
«KazAzot PRIME» ЖШС басшысы Арман Мәулешев жобаның іске асырылу барысы, жүргізіліп жатқан жұмыстар және кешен құрылысының таяудағы кезеңдері туралы хабардар етті.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары ішкі нарықты отандық минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жобаның маңыздылығын атап өтіп, оны іске асырудың бекітілген кестесін қатаң сақтау қажеттігін баса айтты.
Кеңестің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға туындайтын мәселелерді жедел шешуге және стратегиялық инвестициялық жобаның уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, қабылданған актілер банктер туралы жаңа заңның ережелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз етеді және қаржы өнімдерін олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде – әзірлеу мен нарыққа шығарудан бастап ілеспе қызмет көрсетуге, ұсынуды өзгертуге және тоқтатуға дейін басқарудың кешенді жүйесін алғаш рет қалыптастырады.
«Іс-қимылды бақылаудың жаңа моделі реттеуге түбегейлі басқа көзқарасқа негізделген. Егер бұрын қаржы ұйымдарының заңнама талаптарын сақтауын бақылауға баса назар аударылса, енді тұтынушыға зиян келтірудің алдын алу басымдыққа айналады. Реттеуші белгіленген ережелердің сақталуын ғана емес, сонымен қатар қаржы өнімдерінің, оларды ілгерілету тәсілдерінің және сату тәжірибесінің тұтынушылардың мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетінін және олар үшін әділ нәтиже беретінін бағалайды», – делінген хабарламада.
Жаңа жүйенің негізі – қаржы өнімдерін басқарудың және қаржылық қызметтерді тұтынушыларға әділ қарауды қамтамасыз етудің озық халықаралық практикалары.
«Оларға сәйкес қаржы ұйымдары қаржы өнімдерін әзірлеу, өткізу және сүйемелдеу процестерін тұтынушылардың нысаналы тобының қажеттіліктеріне, олардың қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келетіндей етіп ұйымдастыруға, өнімнің құны мен құндылығының әділ арақатынасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаржы өнімінің бүкіл өмірлік циклі бойына тұтынушылар үшін негізсіз тәуекелдердің туындауын болдырмауға міндетті», – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Қаулымен алғаш рет банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру ұйымдары және бағалы қағаздар нарығының жекелеген қатысушылары үшін қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын бірыңғай талаптар енгізіледі.
Реттеудің негізі қаржы ұйымдарының іс-қимыл тәуекелдерін анықтау, бағалау және барынша азайту міндетін көздейтін тәуекелге бағдарланған тәсіл болып табылады. Ол үшін тұтынушылардың нысаналы тобын айқындаудың, қаржы өнімінің әділ құнын бағалаудың, оны алдын ала тестілеудің, өнім беру нәтижелерін кейіннен мониторингтеудің және тұтынушылар үшін тәуекелдер анықталған кезде өнімді өткізуді өзгерту не тоқтату бойынша шаралар қабылдаудың міндетті рәсімдері енгізіледі.
Сонымен бірге қаржы өнімдерін жарнамалауға, сатуға және ілеспе қызмет көрсетуге қойылатын бірыңғай талаптар белгіленеді.
«Қаржы ұйымдары өнімнің талаптарын, құнын, артықшылықтары мен тәуекелдерін дұрыс және теңгерімді ашуды қамтамасыз етуге, ілгерілетудің жосықсыз практикаларын болдырмауға, сондай-ақ шарт жасағанға дейін қаржы өнімінің мақсаттарын, қаржылық жағдайын және өніммен байланысты тәуекелдерді көтеру қабілетін ескере отырып, нақты тұтынушы үшін жарамдылығын бағалауға міндетті. Бұл сай келмейтін қаржы өнімдерін сату жағдайларын азайтуға, тұтынушылар қабылдайтын қаржылық шешімдердің сапасын арттыруға және қаржы нарығына қатысушылардың жауапты іс-қимылдың бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – делінген агенттік таратқан ақпаратта.