Елде
Жиында жаңа қуат көздерін іске қосу, елді мекендерді газбен қамту, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары қаралды.
Энергетика министрлігіне жаңа қуат көздерін уақтылы іске қосу және электр стансаларын жаңғыртуды бақылауға алу тапсырылды. Көмір генерациясының ірі жобалары – Екібастұз МАЭС-3, Курчатовтағы КЭС, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларындағы жаңа ЖЭО-ларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімді өзектендіру кезінде жасанды интеллект саласындағы жобалар мен деректер орталықтары тарапынан туындайтын электр энергиясына қосымша сұранысты ескеру қажет.
Өңірлерді газдандыру бойынша тұрғындар саны ең көп елді мекендерге басымдық беруге, сондай-ақ тұтынушыларды газ желілеріне қосу мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтуге баса назар аударылды.
Инфрақұрылымды дамыту қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобалары бойынша әкімдіктер құжаттаманы уақтылы дайындауы, сараптамадан өтуді қамтамасыз етуі, мердігерлерді анықтауы қажет. Бұл ретте басты назар құрылыс мерзімі мен сапасының сақталуына, қаражаттардың мақсатты жұмсалуына аударылуы тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларының қойылған міндеттерді орындағанына қатысты, сондай-ақ нысандарды пайдалануға уақтылы берудегі дербес жауапкершілігі атап өтілді.
Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Үкіметтің өзге де мүшелері саланың қазіргі ахуалы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы даму бағыттары туралы баяндама жасады.
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы әлемде көлік-логистика байланыстарының жаңа жүйесі қарқынды түрде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында еліміздің транзит әлеуетін нығайтудың негізгі бағыттары айқындалғанына назар аударып, Қазақстан халықаралық көлік құрылымында проактивті позиция ұстануы керек екенін айтты.
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды орналасуы бірқатар артықшылық береді. Алайда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі тасымалдың жылдамдығына және сенімділігіне, оның шарттары мен мерзімдерінің алдын ала айқын болуына, сондай-ақ тарифтердің тиімділігіне байланысты.
Ең алдымен, транзиттік жүктерді өткізу мүмкіндігін арттырып, отандық әуе тасымалдаушыларға жағдай жасау және теңіз көлігін дамыту керек.
«Өздеріңізге мәлім, қазір біз жаңа тарихи кезеңге қадам бастық. Енді бір орында тұрып қалуға, бұрынғы жетістіктерді місе тұтып, арқаны кеңге салуға хақымыз жоқ. Әділетті Қазақстанды құру ісінде жалқаулық пен селқостыққа бой алдыруға болмайды. Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз. Барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, соның ішінде жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері сапалы салынуы керек. Бұл – мүлтіксіз орындалуға тиіс талап», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның сөзінше, мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланады.
«Осылайша, біз халықтың әл-ауқатын арттыруды және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін түпкі мақсатымызды жүзеге асыруды бастаймыз. Осы істе Конституциямызда бекітілген Заң, Әділеттілік және Тәртіп қағидаттары айнымас темірқазығымыз болады. Әрине, бұл жол оңай болмайды. Тіпті түрлі қиындықтар да кездесетіні анық. Халқымыз «Жол мұраты – жету» деп бекер айтпаған. Сондықтан табандылық танытып, алға қойған мақсаттарымызға міндетті түрде қол жеткіземіз», – деді Президент.
«Жоғары лауазымға ие болу – әрқашан және әрдайым жүктелетін жоғары жауапкершілікті дұрыс түсіну деген сөз. Қоғамымызда атқаратын лауазымына, сіңірген еңбегіне не болмаса тамыр-таныстарына, соның ішінде туыстық байланыстарына қарамастан, ешкім де заңнан аттап кете алмайды. Бұл – мен үшін мызғымайтын, яғни өзгермейтін ұстаным. Соңғы кезде біз кейбір келісімдер мен шарттарды қайта қарадық. Меніңше, оларға қол қою қате шешім болған. Бірақ биліктің кәсіпкерлерге кедергілер, тосқауылдар жасайтын ойы да, ниеті де жоқ. Керісінше, біз оларға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп жатырмыз және алдағы уақытта да солай болады. Бәріңіз де білесіздер, мен келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын кәсіпкерлікті тексеруге арналған тағы бір үш жылдық мораторий жариялау туралы тапсырмамды бердім», – деді Президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, елімізде біртіндеп орнығып жатқан «Заң мен Тәртіп» құқықтық стратегиясының түпкі мәні де – осы: әділеттілік қағидатына және заң талаптарына сай көмекке мұқтаж адамдарға, сондай-ақ кәсіпорындарға қолдау көрсету.
«Жағдай қаншалықты күрделі болса да «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының аппараты мен мемлекеттік компаниялардың, соның ішінде «Қазақстан темір жолының» жұмысы тоқтап қалмайды, үздіксіз жүре береді. Мемлекеттік компанияларға қарасты барлық мекемелер қалыпты тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Жалпы, бұған ешқандай себеп те жоқ. Керісінше, жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес инвесторлар мен несие берушілердің аталған институтқа деген сенімін арттырып, олардың мейлінше тиімді, ашық және жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп санаймын», – деп атап өтті ол.
Президент Бас прокуратура жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеден асатын заңсыз иемденген активтерді қайтарғанын еске салды. Бұл  қаражат 466 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысына жұмсалды.
«Қазіргі таңда 383 нысан, соның ішінде медициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, мектептер, спорт кешендері салынып бітті. Жұмыс жалғаса береді. Қалыптасқан жағдайға қарағанда, нысандар қаншалықты сапалы салынғанын тексеруге себеп бар сияқты. Өйткені нысандардың, соның ішінде жолдардың сапасы талапқа сай болмайтын жағдай жиі кездеседі. Дегенмен осы оқиғаның өзі жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы, яғни, басты дерті екенін айқын көрсетіп отыр. Осы орайда, Үкімет пен бақылаушы органдар биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде маған ұсыныс берсін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Тек соңғы үш жылдың ішінде, яғни 2023 және 2025 жылдар аралығында 3 168 сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық анықталды, соның ішінде 2 165 құқық бұзушылықты мемлекеттік қызметшілер жасаған, ал қалғанын басқа да тұлғалар, атап айтқанда, квазимемлекеттік сектор қызметшілері жасаған. Жалпы сомасы 248 миллиард теңгеден асады. Осы жылдың он айы ішінде 751 сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасалған, соның 546-сын – мемлекеттік қызметшілер, ал 205-ін өзге де тұлғалар жасаған, соның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметшілері де бар. Осы статистикадан көріп отырғанымыздай, еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр. Бірақ біз ешнәрсені де жасырмаймыз, басын құмға тыққан страустың кейпіне түспейміз», – деді Президент.
Біз осы саладағы мәселенің бәрін ашық айтамыз, жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы да ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз, деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Сол себепті түрлі деңгейдегі басшылардың жымқыруға қатысты құқық бұзушылықтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі Бас прокуратурамен бірге жедел және жіті тексереді. «Өзіміздікі» және «Өзіміздікі емес», тіпті «бөтен» деп бөлуге мүлде жол берілмейді. Өйткені Конституцияда заң мен сот алдында бәрі тең екені анық жазылды. Біз бәріміз де осы заңға бағынуымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кету керек, бұған дейін Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өткенін жазғанбыз.
«Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай. Жалпы, заң бойынша тергеу мәселелерін жариялауға немесе ашып көрсетуге болмайды. Оның үстіне тергеу жұмысы да енді басталды. Алайда қазірдің өзінде мына нәрсені анық айтуға болады: бұл – біз «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жариялап, оны Конституциямызда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс», – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің Конституциясы 15 наурызда жалпыұлттық референдум кезінде бірауыздан қабылданды, 1 шілде күні заңды күшіне енді.
«Осылайша, мемлекетіміздің бас құжаты әділетті түрде «Халық Конституциясы» деп аталды. Конституцияның ережелері мен баптарын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құжатын келемеж жасауға, кемсітушілік көрсетуге ешкімнің де хақы жоқ», – деп атап өтті ол.
Бүгінде дәрігерлер салмағы 500 грамға да жетпейтін нәрестелерді аман алып қалып, күтіп-баптап өсіріп жатыр. Олардың көпшілігі дені сау болып ержетеді. Біз Қытай, Түркия, Ирландия, Катар, Қырғызстан және Қазақстанның жетекші неонатологтарымен әңгімелесіп, сәбиінің сауығып, анасымен бірге үйіне оралатын бақытты күнінің артында қаншама қажырлы еңбек жатқанын білдік.
Хань Тунъянь, Қытай: салмағы 450 грамдық сәбиді аман алып қалу бүгінде мүмкін
Соңғы 15 жылда Қытайдың неонатология қызметі қарқынды дамыды. Егер 2010 жылы қытайлық дәрігерлер жүктіліктің 28-аптасында дүниеге келген нәрестелерді күтіп-баптап өсіре алса, бүгінде 26, тіпті 23-аптада туған сәбилердің де өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Пекин университетінің Үшінші ауруханасы (Peking University Third Hospital) педиатрия бөлімінің меңгерушісі, профессор Хань Тунъяньның (Tongyan Han) айтуынша, бұл жетістіктердің артында орасан зор еңбек жатыр. Аталған аурухананың жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия бөліміне жыл сайын 2000-нан астам сәби түседі. Олардың басым бөлігі – шала туған балалар.
Профессордың есінде ерекше сақталған жағдайлардың бірі – жүктіліктің 23-аптасында небәрі 450 грамм салмақпен дүниеге келген сәби. Қазір ол екі жасқа толды, денсаулығы жақсы.
«Мерзімінен бұрын босанған, қазір осы мақаланы оқып отырып, сәбиінің денсаулығына алаңдап отырған барлық аналарға айтарым: балаларыңыздың дені сау болып өсуіне үлкен мүмкіндік бар. Ал сіздердің махаббаттарыңыз бен қолдауларыңыз оларға зор күш береді», – дейді профессор Хань Тунъянь.
Өмер Эрдеве, Түркия: Түркияда ана мен жаңа туған сәбиге алтын сыйлайды
Анкара университетінің медицина факультетіне қарасты балалар ауруханасының жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия бөлімі күрделіліктің ең жоғары – IV деңгейіне жатады. Мұнда жағдайы аса ауыр сәбилер жеткізіледі. Олардың арасында ата-анасы 15-20 жыл бойы асыға күткен, бірақ мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелер де аз емес.
Осы ауруханада педиатрия және неонатология профессоры Өмер Эрдеве (Ömer Erdeve) еңбек етеді.
«Түркия, Гамбия, Әзербайжан, Лаос және Мозамбикте жұмыс істеген жылдарымда мыңнан астам сәбиді аман алып, күтіп-баптап өсірдім. Олардың әрқайсысы – өз отбасы үшін дүниедегі ең қымбат жан. Осындай кішкентай нәрестені аман алып қалып, бақытты ата-анасының қолына «Міне, сәбиіңіз!» деп табыстаған сәттегі сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Неонатологияда еңбек етуге дәл осындай сәттер үшін тұрарлық. Менің 22 жыл бұрын осы мамандықты таңдауымның себебі де осы», – деп еске алады профессор Эрдеве.
Соңғы екі жылда профессор Эрдеве өз жұмысында жасанды интеллектіні пайдаланып келеді. Реанимация бөліміндегі медициналық құрылғылар нәрестенің жағдайы туралы деректерді үздіксіз тіркейді, ал жасанды интеллект оларды жылдам талдайды. Соның арқасында дәрігер емдеуді ертерек бастай алады.
Дегенмен профессордың пікірінше, шала туған сәби үшін ең маңыздысы технология емес, отбасының қолдауы. Сондықтан оның ауруханасында нәресте күтіміне отбасының барлық мүшесін барынша қатыстыруға тырысады. Дәрігердің айтуынша, жақындарының сүйіспеншілігі мен қамқорлығы баланың жүйке жүйесінің дамуы үшін аса маңызды.
«Жұбайлары мерзімінен бұрын босанған ер азаматтарға айтарым: әйелдеріңізге қолдау көрсетіп, сәби күтіміне белсенді қатысыңыздар. Түркияда әдемі дәстүр бар: бала дүниеге келгенде анасы мен нәрестеге киімдеріне қадап, алтын теңгелер сыйлайды. Қазақстанда мұндай дәстүр бар-жоғын білмеймін, бірақ бұл – жаңа өмірге деген ризашылық пен қолдаудың тамаша белгісі», – деп түйіндеді Өмер Эрдеве.
Рой Филип, Ирландия: ана сүті – емнің маңызды бөлігі
Неонатология саласында отыз жыл еңбек еткен профессор Рой К. Филип (Roy K. Philip) Үндістанда, Ұлыбританияда және Ирландияда жұмыс істеп, осы елдерде шала туған балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қалай жетілгеніне куә болды.
Алайда ол ең маңызды жаңалық деп басқа жетістікті атайды: әлемдік медицина қауымдастығы ана сүтін шала туған нәрестелерге көрсетілетін қарқынды терапияның толыққанды құрамдас бөлігі ретінде мойындады.
«Ана сүтінің құрамында пайдалы бактериялар, сәбидің иммундық жүйесін іске қосатын заттар, гормондар, тіпті дің жасушалары бар. Әзірге ешбір жасанды сүт қоспасы осы құрамды толық қайталай алмайды. Ана сүті баланы инфекциялардан қорғайды, болашақта семіздікке шалдығу қаупін азайтады, ал шала туған нәрестелерді ішектің қауіпті зақымдануы – некроздық энтероколиттен сақтауға көмектеседі», – деп түсіндіреді профессор Филип.
Ирландияда емшек сүтімен қоректендіруді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар 20 жылдан бері жұмыс істейді. Егер шала туған нәрестенің анасының сүті жеткіліксіз болса, сәби донорлық ана сүтін ала алады.
«Ирландияда донорлық ана сүтінің банкі бар. Елдің түкпір-түкпіріндегі аналар өз сүтінің артығын басқа шала туған сәбилер үшін тегін тапсырады. Бұл сүт пастерленіп, ауруханаларға жеткізіледі. Қазір еліміздегі барлық шала туған нәрестені донорлық сүтпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Демек, осы керемет әйелдер де дәрігерлермен бірге мерзімінен бұрын дүниеге келген балалардың өмірін сақтап қалуға үлес қосып жүр», – дейді ол мақтанышпен.
Самир Гупта, Катар: ең бастысы – зиян келтірмеу
Сәби мерзімінен бұрын дүниеге келгенде, алаңдаулы ана дәрі-дәрмек пен емшара неғұрлым көп жасалса, баласы соғұрлым тезірек күш жинайды деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл шынымен солай ма?
Шала туған нәрестелерді күтіп-баптаумен 30 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан профессор Самир Гупта дер кезінде емдеу қаншалықты маңызды болса, қажетсіз медициналық араласудан бас тарту да соншалықты маңызды екенін жақсы біледі.
Қазір ол Дохадағы Sidra Medicine медициналық орталығының неонатология бөлімін басқарады. Мұнда жүктіліктің 22-23-аптасында дүниеге келген, салмағы 500 грамға да жетпейтін нәрестелерді күтіп-баптап өсіреді.
«Ең кішкентай сәбилерге көмектесу үшін жаңа туған нәресте ағзасының қалай жұмыс істейтінін терең түсіну, баланы дер кезінде тексеру және медициналық араласуды тек шынымен қажет болған жағдайда ғана жүргізу керек. Біздің жұмысымыздағы басты қағида – зиян келтірмеу», – деп түсіндіреді профессор.
Бұл ұстаным профессор Гуптаның өзі жетекшілік еткен көпжылдық Baby-OSCAR зерттеуінде де расталды.
Зерттеуге жүктіліктің 23–28-аптасында дүниеге келген 653 сәби қатысты. Олардың барлығында туғаннан кейін жүрек маңындағы қан тамыры – артериялық түтік ашық күйінде қалған.
Бұрын дәрігерлер бұл түтікті дәрі-дәрмекпен тезірек жабуға тырысатын. Өйткені ол ашық қалса, нәрестенің өкпесі, ішегі мен миы зақымдануы мүмкін деп есептелді.
Алайда зерттеу өмірінің алғашқы күндерінде берілген дәрінің баланың өмір сүру мүмкіндігіне де, болашақтағы денсаулығына да әсер етпейтінін көрсетті. Оның үстіне көптеген нәрестеде бұл қан тамыры уақыт өте өздігінен жабылады.
Сондықтан бүгінде профессор баланың жүрек жағдайын ультрадыбыстық зерттеу арқылы мұқият бақылап, емдеуді тек асқынулар пайда болған жағдайда ғана бастауды ұсынады.
Кейде сәбиге күш жинау үшін бәрінен бұрын уақыт қажет.
Сагынбу Абдувалиева, Қырғызстан: сәби өмірін сақтап қалуға тау да кедергі емес
Елестетіп көріңізші: сәби қыста жол қатынасы қиындайтын таулы ауылда мерзімінен бұрын дүниеге келді.
Аумағының басым бөлігін таулар алып жатқан Қырғызстан дәрігерлері үшін мұндай нәрестелерге көмек көрсету – күнделікті жұмыстың бір бөлігі.
Бүгінде жаңа туған сәбилер ауруханаларға жерүсті көлігімен және санитариялық авиация арқылы жеткізіледі. Ал болашақта елде жаңа туған нәрестелерге арналған арнайы реанимациялық-көлік қызметін құру жоспарланып отыр. Бұл қызмет одан да көп сәбидің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді деген үміт бар.
Қиындықтарға қарамастан, Қырғызстанда неонаталдық өлім-жітім біртіндеп төмендеп келеді.
«Өкінішке қарай, біздің көрсеткішіміз әзірге Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр», – дейді Қырғызстанның штаттан тыс бас неонатологы Сагынбу Абдувалиева.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қырғызстандағы дәрігерлер мен мейіргерлер жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптаудың тиімділігі дәлелденген әдістеріне негізделген бірыңғай клиникалық хаттамаларға көшіп жатыр.
Мақсат – сәби қай жерде, ел астанасында ма, әлде шалғайдағы таулы ауданда ма, дүниеге келсе де, оған бірдей заманауи стандарттарға сай медициналық көмек көрсету.
Алайда кез келген клиникалық хаттаманың артында адамдар тұр. Олар – бүкіл ел бойынша нәрестелердің өмірін сақтап қалуды жай ғана жұмыс емес, өмірлік мұрат деп білетін дәрігерлер мен мейіргерлер.
Сагынбу Абдувалиева бұл мамандықтың өз жолы екенін мектеп қабырғасында жүргенде-ақ түсінген. Бірде ол перзентханада жұмыс істейтін әпкесінің кезекшілігіне бірге барған.
«Сәбидің дүниеге келуі, ата-ананың қуанышы, әпкем мен бүкіл медицина қызметкерлерінің аналар мен жаңа туған нәрестелерге деген ерекше қамқорлығы маған қатты әсер етті. Сол кезде өмірімді ең кішкентай пациенттерге көмектесуге арнаймын деп нық шештім», – деп еске алады ол.
Осы сезімді ол жылдар бойы жүрегінде сақтап келеді. Бүгінде жас әріптестеріне ең басты құндылықтарды ұмытпауға кеңес береді:
«Сәбилерді, адамдарды жақсы көріп, оларға көмектесу керек. Үнемі кәсіби тұрғыдан дамуға ұмтылу қажет, өйткені кемелденудің шегі жоқ».
Бектұрған Кәрін, Қазақстан: 23 промилледен 3 промиллеге дейін – бұл әлі шек емес
Соңғы жылдары қазақстандық дәрігерлердің салмағы небәрі 500 грамм болатын тағы бір сәбиді аман алып қалғаны туралы жаңалықтар жиі жарияланып жүр. Ал осыдан көп уақыт өтпей-ақ мұндай балалардың өмірін сақтап қалу мүмкін емес сияқты көрінетін.
Шала туған нәрестелер қажетті температура мен ылғалдылық сақталатын шағын жылы үйшіктер – кувездерде өсіп-жетіледі. Өздігінен тыныс алуы қиындаған кезде неонатологтар оларды өкпені жасанды желдету аппараттарына қосады. Ал күрделі операциялардан кейін балалар хирургтерімен бірлесіп, сәбилердің сауығып кетуіне көмектеседі.
Ең маңыздысы – мұндай медициналық көмек балаларға өз өңірінде барған сайын қолжетімді болып келеді.
Мәселен, 2025 жылы AYALA қайырымдылық қоры мен «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Атырау облыстық перинаталдық орталығында неонаталдық хирургия бөлімі ашылды.
Бұрын шұғыл операция қажет болған жаңа туған нәрестелерді басқа ауруханаларға, тіпті елордаға жеткізуге тура келетін. Осылайша қымбат уақыт жоғалатын. Енді дәрігерлер сәбилердің өмірін өз өңірінде сақтап қала алады.
Бөлім ашылған алғашқы күндердің өзінде жүктіліктің 31-аптасында дүниеге келген нәрестенің жүрегіне операция жасалды.
«1990-жылдардың басында дүниеге келген әр мың нәрестенің 23-і бір айға жетпей шетінеп кететін. Бүгінде бұл көрсеткіш мың нәрестеге шаққанда үш жағдайға дейін төмендеді. Дәрігерлер мұны 3 промилле деп атайды. Бұл – Орталық Азиядағы ең төмен көрсеткіш. Бірақ біз қол жеткізген нәтижемен шектелмейміз. Мақсатымыз – Еуропаның дамыған елдеріндегідей неонаталдық өлім-жітімді 1-2 промиллеге дейін төмендету», – дейді Қазақстанның штаттан тыс бас неонатологы Бектұрған Кәрін.
Қазақстанда шамамен 700 неонатолог жұмыс істейді. Осындай шағын кәсіби қауымдастық үшін тәжірибе алмасу мен біліктілікті үздіксіз арттырудың маңызы ерекше.
Бұл бағыттағы жұмысқа елдегі неонатология саласына маманданған жалғыз қайырымдылық ұйымы – AYALA қоры да өз үлесін қосып келеді.
AYALA қоры: 19 жылда 250 мың баланың өмірін сақтап қалуға үлес қосты
Шала туған нәрестелерді күтіп-баптап өсіру үшін екі маңызды шарт қажет: заманауи медициналық жабдық және сол жабдықпен жұмыс істей алатын білікті мамандар командасы.
AYALA қайырымдылық қоры 19 жылдан бері Қазақстанда осы екі бағыттың дамуына үлес қосып келеді.
Қордың қолдауымен жаңа туған нәрестелерге арналған 68 реанимация және қарқынды терапия бөлімі жабдықталды. Қор табыстаған медициналық жабдықтардың көмегімен дәрігерлер 250 мың баланың өмірін сақтап қалды. Ал қордың білім беру бағдарламалары әртүрлі мамандықтағы 4,8 мыңнан астам дәрігер мен мейіргерді қамтыды.
«Неонатологтар сәбиді бұл дүниеде алғаш қарсы алып, оның алғашқы тынысын алуына аялай көмектеседі. Олардың еңбегі сырт көзге әрдайым байқала бермейді. Алайда мыңдаған баланың аман қалған өмірінің артында осы мамандардың күнделікті тынымсыз еңбегі жатыр.
Дүниежүзілік шала туған балалар күнінде әрбір неонатолог пен мейіргерге ең кішкентай пациенттерге арнаған төзімі, білімі және мейірімі үшін алғыс айтқым келеді.
Сондай-ақ сәбиі жарық дүниеге асығып, мерзімінен бұрын туған барлық ата-ананы құттықтаймын. Сіздер де, балаларыңыз да үлкен сынақтан өттіңіздер. Сондықтан бұл күн сіздерге де толықтай тиесілі», – дейді AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.
– Әлеуметтік желілерде әскери ант қабылдау рәсімі кезінде сарбаздың басы айналып, өзін жайсыз сезінген сәті түсірілген бейнежазба қайтадан таралып жатыр. Алайда бұл оқиға биыл емес, 2024 жылы Аягөз гарнизонында болған, – деп хабарлады ведомстводан.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «сарбаздың жағдайы қатты толқығандықтан нашарлаған. Оның денсаулығына қауіп төнбеген. Медициналық көмек дер кезінде және толық көлемде көрсетілген».
JAQ.Ortcom Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына белгілі болғандай, аталған әскери қызметші мерзімді әскери қызметін толық өтеп, кейін запасқа шығарылған.
Демек, қазір әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнежазба қазіргі жағдайға қатысты емес. Оқиғаның болған уақыты мен мән-жайын көрсетпей, архивтік кадрларды қайта жариялау аудиторияны жаңылыстырып, қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін.
– Орталық блогерлер мен жаңалықтар пабликтерін ақпарат таратқанда жауапкершілік танытып, жарияланатын мәліметтердің шынайылығына көз жеткізуге шақырады. Көрінеу жалған ақпаратты қасақана тарату заңнамаға сәйкес құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, – деп ескертті министрліктен.
Әкім Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінің Қосшы қаласына қарай бағытталған екінші кезеңінің құрылысы қарқынды жүріп жатқанын, оны келесі жылдың соңында аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.
– Қазіргі уақытта қала тұрғындарынан Tarlan Astana желісінің екінші кезеңінің құрылысына, нақтырақ айтқанда, Айтматов, Сығанақ көшелері мен Тұран даңғылындағы көлік қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытып, жеңіл рельсті көлік жобасының іске асуына қолдау білдірулеріңізді сұраймын. Құрылысы аяқталған соң Tarlan Astana жолдардағы көлік жүктемесін едәуір азайтып, өткізу қабілетін арттыруға және кептеліс мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Өз тарапымыздан құрылыс жұмысын барынша қысқа мерзімде әрі сапалы аяқтау үшін бар күшімізді саламыз. Мәселен, бүгінде Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінің Қосшы қаласына қарай бағытталған екінші кезеңінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Келесі жылдың соңына дейін барлық жұмысты аяқтап, осы учаскеде қозғалысты ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен бірге Айтматов көшесі мен Тұран даңғылы бойындағы желінің құрылысын бастау жоспарда бар.
Әкімнің айтуынша, құрылыс кезеңінде – осы жылдың соңына дейін және келесі жылы Сығанақ, Айтматов көшелері мен Тұран даңғылы бойында көлік жүргізушілеріне уақытша қолайсыздықтар туындайды.
– Бұл ретте, көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз, – деді қала әкімі.
Жеңіс Қасымбек Сығанақ көшесінің бойында орналасқан № 201 станцияда екі деңгейлі ауысып міну торабының құрылысы басталғанын атап өтті.
– Бүгін Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінің екінші кезеңіндегі № 201, 202 және 204 станцияларының құрылыс барысымен таныстым. Сығанақ көшесінің бойында орналасқан № 201 станцияда екі деңгейлі ауысып міну торабының құрылысы басталды. Мұнда № 2 және № 3 желілері түйіседі. Бұл жолаушыларға көшеге шықпай-ақ, бір бағыттан екіншісіне жылдам әрі ыңғайлы ауысып мінуіне мүмкіндік жасайды. Жобаны іске асыру қаланың көлік қатынасын едәуір жақсартып, тұрғындардың жылдам қатынауына және елордада заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді әкім.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады.
«2026 жылғы 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Н.Жақыповты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Е.Отыншиевті және басқа да тұлғаларды ұстады. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, 48 жастағы Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазынаны» 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап басқарады. Ал 39 жастағы Елжас Отыншиевтің «ҚТЖ» басқарма төрағасы лауазымына кіріскеніне көп бола қойған жоқ. Басшылыққа осы жылдың шілдесінде ғана келген.
Бұл – электрондық үкіметтен цифрлық мемлекетке көшудің нақты мысалдарының бірі. Мұндай жағдайда өтініш беру процесі ғана емес, шешім қабылдау процесінің өзі де цифрландырылады.
Бұрын жекелеген лицензиялар мен рұқсаттарды алу 15-тен 30 күнтізбелік күнге дейін созылатын. Кәсіпкер құжаттарды жинап, оларды мемлекеттік органға тапсырып, тексеру мен шешім қабылдауды күтуі қажет болатын.
Енді автоматтандырылған қызметтер бойынша электрондық өтініш беру жеткілікті. Жүйе қажетті мәліметтерді мемлекеттік деректер базаларынан өздігінен алады, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және барлық шарт орындалған жағдайда оң шешім қалыптастырады.
Нәтижесінде бұрын бірнеше аптаға созылған рәсім енді лезде орындалады. Бұл ретте шешім мемлекеттік орган қызметкерінің қатысуынсыз, алдын ала белгіленген бірыңғай қағидалар негізінде қабылданады.
Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін әкімшілік рәсімдерді қайта қарау, артық талаптарды жою, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау және шешім қабылдау қағидаларын цифрлық форматқа көшіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Мұнда бюрократиялық рәсімдерді жай ғана электрондық форматқа көшіру туралы сөз болып отырған жоқ. Алдымен процестің өзі жеңілдетіліп, артық кезеңдер жойылады, содан кейін ғана автоматтандыру енгізіледі. Дәл осындай тәсіл бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимыл жасау логикасын өзгертеді.
Кәсіпкерлер үшін бұл жаңа мүмкіндіктерді білдіреді: қызметін жылдам бастауға, әкімшілік рәсімдерге аз уақыт жұмсауға және объективті әрі ашық өлшемшарттар негізінде шешімдер алуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл адами фактордың ықпалын азайтып, артық әкімшілік кедергілерді жояды.
«Цифрландырудың нәтижесі енгізілген ақпараттық жүйелердің санымен емес, азаматтар мен бизнес үшін болған нақты өзгерістермен өлшенуі тиіс. Біздің міндетіміз – кәсіпкер мемлекетте бар мәліметтерді қайта жинап, қолмен тексеруді күтуге мәжбүр болмайтын мемлекеттік қызметтер моделін қалыптастыру. Егер шешімді шынайы цифрлық деректер мен нақты талаптар негізінде қабылдауға болса, ол автоматты түрде қабылдануы тиіс. Бұл – қызмет көрсетуді жай ғана жеделдету емес, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейі», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрайымы Айнұр Юсупова.
Шешімдерді автоматты түрде қабылдау тетігі қазірдің өзінде құрылыс, ауыл шаруашылығы, сыртқы сауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларда қолданылады.
Бұл тәсілдің ауқымы көрсетілген қызметтердің санымен расталады. 2024 жылдан бастап eLicense.kz порталы арқылы өтініштерді қолмен қараусыз, тексеру және шешім қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылатын 87 088 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бүгінде мұндай тетік бизнеске арналған 12 мемлекеттік қызмет бойынша қолданылады.
Алдағы уақытта бұл қағидат шешімдерді цифрлық деректер мен белгіленген талаптар негізінде қабылдауға болатын басқа да мемлекеттік қызметтерге кезең-кезеңімен енгізіледі.
COP алаңында жыл сайын тұрақты даму және климаттың өзгеруі саласындағы жаһандық ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Биыл Саммитке әлемнің 70-тен астам елінің мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілері, ірі халықаралық ұйым мен қаржы институттарының басшылары қатысуда.
Олжас Бектенов өз сөзінде Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы жалпыұлттық қозғалысқа айналып, Конституцияда тиісті түрде бекітілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, Таза Қазақстанды құру – әрбір азаматтың парызы. Бүгінде 6 млн-нан астам қазақстандық туған өлкені қорғау ісіне атсалысуда.
Бүкіл еліміз бойынша бес жыл ішінде шамамен 1,7 миллиард ағаш отырғызылды. 2027 жылға тағы 270 млн көшет отырғызу жоспарланған, бұл Президент қойған 2 млрд ағаш егу міндетіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан көтерген бастаманы халықаралық деңгейде құптап, 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялауының ерекше маңыздылығы атап өтілді. Бұл табиғатты қорғауға бағытталған дәйекті күш-жігердің елеулі нәтиже беретінін нақтылай түседі.
«Экологиялық мәселелерді шешу үшін өзара тығыз ынтымақтастықты нығайту қажет. Биыл сәуір айында Астанада бірінші Өңірлік экологиялық саммит өтті. Жиын қорытындысы бойынша қабылданған Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы жөніндегі Астана декларациясы бірлескен іс-қимылдардың негізін қалады. Осынау ортақ ниеттестік бағытында біз үшін анағұрлым өзекті басымдықтардың бірі – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын көтерді. Біз барлық мүдделі серіктестерді осы процеске қатысуға шақырамыз», – деп атап өтті Премьер-министр.
Энергетика саласында Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жалғастыруда, олардың үлесі соңғы алты жылда төрт есеге артып, 2026 жылғы жағдай бойынша 8%-ға жетті. 2030 жылға қарай көрсеткішті 15%-ға дейін арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар атом энергетикасы, жел және күн энергетикасы, «жасыл» сутегі өндірісі жобалары белсенді дамып келеді. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның экологиялық таза электр энергиясын экспорттау үшін «жасыл» энергетикалық дәліз құру жөніндегі бірлескен жобасының маңыздылығы атап өтілді.
Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған перспективалы жобалардың қатарында төмен көміртекті қала құруды көздейтін Alatau City жобасы таныстырылды. Қазақстан табиғи қауіп-қатерлерді болжау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг технологияларын енгізуде. Сөз соңында Премьер-министр Қазақстанның климат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын растады.
COP31 аясында Олжас Бектенов Қазақстанның ұлттық павильонына да барды. Көрме кеңістігінің тұжырымдамасы еліміздің табиғи мұрасын, заманауи экологиялық жобалар мен болашақ технологияларын біріктіреді. Тұран жолбарыстарының бейнесіндегі Үміт пен Амур атты интерактивті жасанды интеллект гидтері павильонның басты элементтерінің бірі болды.
Сондай-ақ орман алқаптарын қалпына келтіру, метан қалдықтарын азайту және Каспий теңізі арқылы Еуропаға «жасыл» энергетика дәлізін құру жобалары ұсынылған. Жекелеген экспозициялар литий-ионды аккумуляторларды, пластик пен автокөлік шиналарын қайта өңдеу, қалдықтардан энергия өндіру және өнеркәсіптік қалдықты азайту технологияларына арналған.
Павильон бағдарламасы Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру, Каспий экожүйесін сақтау, «жасыл» энергетикаға көшу, көміртегі нарықтарын дамыту және «жасыл» инвестицияларды тарту мәселелерін қамтиды. Цифрлық шешімдерге, оның ішінде өңірлік көміртегі ЖИ-платформасын құруға, климаттық мониторинг жүргізуде ғарыштық технологияларды қолдануға және «Каспий климаттық қалқаны» мемлекетаралық бейімделу жүйесін дамытуға ерекше мән беріледі.
Конференцияның 31-сессиясы аясында қазақстандық делегация жаңартылатын энергияны дамыту және газ инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жалпы құны шамамен $1,2 млрд-ты құрайтын бірқатар келісімге қол қойды.
Құжаттар Түркістан облысында қуаты 150 МВт және Қостанай облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансаларын салуды, сондай-ақ деректерді қашықтықтан беретін 1,35 млн интеллектуалды газ есептегіштерін орнату бойынша Aqyl Energy жобасын жүзеге асыруды көздейді.
Бұдан бөлек, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі құжаттарға қол қойылды.
Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін қарастырып, Ұйымның 2026 жылы атқарған қызметінің нәтижесіне баға берді әрі алдағы кезеңге арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындады.
Сондай-ақ президенттер халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, Ресей тарапының биыл ҰҚШҰ-ға өте нәтижелі төрағалық еткенін атап өтті.
Президент халықаралық терроризммен күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясының ықпалы ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағыттары бойынша күш-жігер жұмылдыру қажет екеніне назар аударды.
Қазақстан Президенті сөз соңында ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Тәжікстанның көшбасшысы Эмомали Рахмонды құттықтап, осы жауапты миссияны атқаруда сәттілік тіледі.
Сәрсенбі күні Құрылтай Жоғары аудиторлық палата төрағасының ғылымды дамыту саласына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы есебін қарады.
Айбек Дәдебайдың айтуынша, соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру екі еседен астам артты. Ғылыми зерттеулер және әзірлемелермен шұғылданатын мамандар саны үштен бірге артты. Ғылыми қоғамдастықтың жартысына жуығын жас ғалымдар құрайды.
«Дегенмен, ғылымның практикалық қайтарымы, нәтижелілігі мен коммерциялануы мемлекет үшін өзекті күйінде қалып отыр. Аудит нәтижелері мен бүгінгі талқылау да мұны растайды. Бұл ретте, ғылым саласында белгілі бір прогрестің бар екенін көріп отырмыз. Ғылым және жоғары білім министрі бүгін қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпарат берді. Мемлекеттік органдар Жоғары аудит палатасы берген ұсынымдарды кезең-кезеңімен іске асыра бастады. Атап айтатын болса, ғылым саласында 3 заң, 13 нормативтік құқықтық акт қабылданды. 2025 жылы аудиторлар ескертпелерінің жартысынан астамы, ал биыл ұсынымдардың тағы 17%-ы орындалды», – деп атап өтті Құрылтай спикері.
Ол бірнеше маңызды жайтқа тоқталып өтті.
«Бірінші. Ғылымды тиімді басқару – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторы. Ғылыми саланы басқару ғылыми жобаларды сүйемелдеуге қатысты барлық процесті – ұсынымдарды дайындаудан бастап түпкілікті нәтижелерді енгізуге дейін цифрландыруды талап етеді. Екіншіден, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ғылым мен бизнестің тығыз байланысына негізделуге тиіс. Ғылыми-техникалық тапсырмаларды тұжырымдау экономика мен бизнестің нақты сұраныстары мен қажеттіліктерін ескеруге тиіс. Осыған байланысты, бірлескен қызметтің нақты нәтижесіне бағытталған ынталандырушы тетіктерді жетілдіру қажет.  Үшіншіден, ғылыми қызметтің нәтижелілігіне жүргізілген мониторинг оның адамдардың өмір сүру сапасына тигізетін әсерін бағалауға тиіс. Ғылыми әзірлеменің нақты өмірлік циклін және оның экономикаға тигізетін нақты ықпалын қадағалап отыру маңызды. Атап айтқанда, технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімдерді экспорттау қамтылады. Ал мониторингтің басты критерийі ғылыми әзірлемелердің азаматтарымыздың өмірін нақты қалай жақсартатыны болуға тиіс», – деп атап өтті Айбек Дәдебай.
Құрылтай төрағасының сөзінше, ғылым мемлекетке, қоғамға және адамға нақты пайдасын тигізуі керек.
«Биылғы жоспарымыз – 100 млрд теңге. Меніңше, бұл көрсеткіш шамамен 105 млрд теңге болады. Барлығы көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты», – деді ҚазАвтоЖол басшысы Дархан Иманашев.
Сонымен қатар Дархан Иманашев ауыр жүк көліктеріне бөлек мемлекеттік нөмір беру қарастырылып жатқанын жеткізді. Қазір елімізде ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына қатысты шектеу шаралары әзірленуде.
Компания басшысының айтуынша, ауыр жүк көліктерінің республикалық маңызы бар жолдарға шығуы алаңдатарлық мәселе. Себебі шамадан тыс салмақ жол жабынының бұзылуына әкеледі.
«Қазірдің өзінде салмағы 200 тоннадан асатын көліктердің автомобиль жолдарына шыққаны тіркелді. Атап айтқанда, салмағы шамамен 204 тонна болатын көлік болған. Мұндай салмаққа ешбір жол жабыны төтеп бере алмайтыны түсінікті. Салыстыру үшін айтсақ, бұл шамамен үш жарым теміржол вагонының салмағына тең», – деді Дархан Иманашев.
«Конституция мәтінін жазуға өзім де тікелей атсалыстым. Әр сөзіне мұқият қарап, әр бабына ерекше назар аудардым. Мен үшін бұл – ең алдымен азаматтық парыз. Мәселен, Конституцияда біз халқымыз үшін киелі «Тәуелсіздік» және «Егемендік» сөздерін бас әріппен жазатын болдық. Мұның терең мәні бар. Біз осылайша әрбір ұғым-түсінікке үлкен жауапкершілікпен қарап, тұтас қоғам санасына, әсіресе, өскелең ұрпақтың бойына елдік қасиеттерді сіңіреміз. Жалпы, Конституция халқымыздың дүниетанымына және озық заңнама талаптарына сай жазылды. Қазақстанның Конституциясы кәсіби тұрғыдан өте сапалы дайындалған құжат деп күмәнсіз айтуға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ауқымды жұмысқа білікті заңгерлермен қатар, филология саласының тәжірибелі ғалымдары мен қазақ тілі мамандары да белсене қатысты.
Мемлекет басшысының сөзінше, мұның бәрі қазіргі қазақ тілінің әлеуеті мен күш-қуатының айқын көрінісі екені сөзсіз.
– Қазақ тілі – Тәуелсіздігіміздің мызғымас символы, Отанымыздың мемлекеттік тілі, ұлтымыздың мәңгілік жаны ретінде қабылдануы қажет. Басқа көзқарастың болуы мүмкін емес.
Сондықтан қазақ тіліне сыйластықпен қарау бұл – азаматтық, адами борыш. Ал парыз қаншама қастерлі болса да, оның мықты негізі болуы керек.
Біз экономикасы дамыған, инновациясы мен технологиясы үздік, әлем жұртшылығы мойындаған, өркениетті, мықты мемлекет болсақ, қазақ тілі де қуатты тіл болатыны анық.
Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді. Бұл – ақиқат, – деді Президент.
Мемлекет басшысы бүгінде балабақша мен мектептерде балалардың басым бөлігі қазақ тілінде тәлім-тәрбие алып жатқанын сүйіншіледі. Мысалы, биыл мектепке барған оқушылардың 71 пайызы қазақ сыныптарына қабылданған. Колледждер мен университеттерде де қазақ бөлімдерінің саны көбейіп отыр.
– Қазақстан Егемендік жолының осындай айтулы межесіне беделі биік, болашағы жарқын ел ретінде қадам басып отыр. Тәуелсіздік туын көтергелі бері халқымыз көптеген белесті абыроймен еңсерді. Біртұтас ұлт болып, мемлекеттігіміздің іргетасын қалады және оны нығайта түсті.
Берекелі бірлігіміздің арқасында біз соңғы жеті жыл ішінде ауқымды реформаларды табысты іске асырдық. Ел өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер жасап, тың бастамалар көтердік.
Ең бастысы, халқымыздың темірқазығына айналған қастерлі құжат – Конституциямызды қабылдадық. Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты.
Енді Конституцияға сәйкес еліміздің Тәуелсіздігін, Егемендігін, кең байтақ жеріміздің тұтастығын, азаматтарымыздың заңды құқықтарын және бостандықтарын қорғау мемлекетіміздің басты, тіпті, қастерлі міндеті саналатын болды деп айтсақ, қате болмас, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, баршамызға Тәуелсіздік – бәрінен қымбат асыл дүние. Тәуелсіздік болмаса, біздің халқымыздың келешегі тығырыққа тірелетіні анық. Сондықтан Тәуелсіздікті қорғау әрі нығайту – ең қасиетті борыш, ең қастерлі парыз.
– Бірақ, ашығын айтуымыз керек, Егемендігімізді қорғауға қатысты мәселенің бәрі толығымен шешімін тапты десек, үстірт пікірге тең болар. Алдымызда ауқымды және кезек күттірмейтін, маңызды әрі күрделі міндеттер тұр. Халықаралық ахуалды көріп-біліп отырсыздар. Әлемде саяси, экономикалық, идеологиялық шиеленістер ушығып тұр. Осындай алмағайып кезеңде әлемнің болашағын болжау өте қиын екені түсінікті.
Мұндай заманға біздің бір ғана жауабымыз бар. Бұл – бірлігімізді бекемдеп, ортақ мүддеге күш жұмылдырып, ұлттық жауапкершілігімізді терең сезіне отырып, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасына адал қызмет ету.
Түптеп келгенде, Егемендікті нығайту – халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа технологияларды жетік меңгеру, заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, өзара жанашыр, еңбекқор, жасампаз болу, табиғатты аялау деген сөз.
Біз осы міндеттерді табысты орындасақ, жаһан өркениетінің төрінен лайықты орын аламыз. Сондықтан Конституцияда қазіргі заман талабына сай білім мен ғылымды, инновацияны, адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде бекітілді.
Ұлтымыздың бас құжатында, яғни Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды, – деп сөзін қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің мәртебесін асырғанын айтты.
– Бұл – мемлекетіміз үшін шын мәнінде үлкен жетістік және зор мақтаныш! Баршаңызға жарқын жеңістеріңіз құтты болсын деймін! Сіздер құрлықтың ең мықты спортшылары қатысқан дүбірлі дода кезінде ел намысын қорғап, жүзден жүйрік шықтыңыздар! Ұлттық құраманың табанды еңбегінің арқасында Азиада төрінде рухты Әнұранымыз шырқалды, көк Туымыз биікте желбіреді. Мен әрбір жеңісті нағыз патриотизмнің айқын көрінісі деп санаймын. Тұтас халқымыз сіздерге қолдау көрсетті, жанкүйер болды. Әр спортшының ел қоржынына қосқан медалі азаматтарымызға, әсіресе, өсіп келе жатқан жас буынға үлкен шабыт береді, оларды мықты, күшті болуға үндейді және алға жетелейді. Бүгін осы мерейлі сәтте мен Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың жеңісті жолы елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер рухымен терең үндесетінін атап өтті.
Президент соңғы жылдары еліміздің экономикасы айтарлықтай нығайып, жаңа даму көрсеткіштеріне қол жеткізе бастағанын тілге тиек етті.
– Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша мемлекетіміздің жалпы ішкі өнімінің көлемі 398 миллиард долларға жақындайды. Бұл – біздің аймағымыздағы ең жоғары көрсеткіш болмақ. Бірақ қазіргідей құбылмалы уақытта, әрине, қолда бар табысқа мәз болып, жайбарақат отыруға болмайды. Бәріміз осындай алмағайып заманда еліміздің әлеуетін арттыра түсу үшін белсенді әрі қажырлы еңбек етуіміз керек, – деді ол.
6 және 8 қараша күндері Астана мен Алматы көшелеріндегі көлік қозғалысының тығыздығы кей тұстарда 10 балға дейін жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Салдарынан, орталық көшелерде жеке көліктер орнынан қозғала алмады, олармен бірге автобустар да кептелісте тұрды. Қоғамдық көлік жолаушылары діттеген жеріне жаяу жету үшін амалсыз, автобустан түсуге мәжбүр болды.
Бұл ретте тұрғындардың ашуын туғызған басты мәселе – шектеулердің ұзақтығы болды. Автомобиль жүргізушілерінің мәліметінше, кейбір көшелер ресми делегациялардың кортежі жүріп өтпей тұрып-ақ бірнеше сағат бұрын жабылады.
«Біреу маған түсіндіріп бере ала ма? Неге жолды кешкі сағат алтыда, кортеж өтетін уақыттан екі сағат бұрын (ЕКІ!!! САҒАТ!!! Өзім уақытын өлшедім) жауып, жұрттың бәрін сарғайта күттіріп қояды?» – деп ашынды Threads қолданушыларының бірі.
Салдарынан адамдар жұмысқа кешігеді, балаларын мектеп пен балабақшадан дер кезінде алып кете алмайды, маңызды кездесулерінен қалады. Кейбір тұрғындар үйіне жету үшін екі-үш сағат жолда жүруге тура келетініне шағымданады.
«Кәне, кептелісте кім қанша уақыт тұрғанын бөлісейік. Мен бастайын: 2,5 сағат тұрдым», – деп жазды астаналық Әсем.
Автобустағы ахуал: тұншықтырған салон, жолаушылар төбелесі
Қоғамдық көліктегі жағдай өз алдына бір мәселе. Әлеужелі қолданушыларының бірі лық толы автобустағы жағдайды былай сипаттады:
«Кезекті делегация келгенде қаладағы қозғалыс мүлдем тоқырап қалады. Халықаралық байланыстардың болғаны жақсы, оған ешкім қарсы емес. Бірақ оның салмағы қарапайым адамдардың жүйкесіне түспеуі керек қой... Қарбалас, қауырт шақ, автобус лық толы, орнынан қозғалмайды. Кешіккен жұрт «құрысын, жаяу барайын» десе, жүргізуші айыппұл салады деп есікті ашпайды. Содан төбелес бола жаздады. Адамдар ауа жетпей, шыдамы таусыла жаздады», – дейді ол.
Тағы бір Threads жазбасында жолаушылардың жүргізушімен жанжалдасып, есікті ақыры өздері ашып, жолын жаяу жалғастырғаны баяндалады:
«Сарайшықта бір сағат пропкыда тұрып әрең шыққан түріміз, автобус жүргізушісімен қырылысып, кеттік», – деп жазды agl.t05.
Кейбір пайдаланушылар бұл тығырықтан шығудың өзгеше жолын ұсынды.
«Астанада кортеждерге арнап фейк көше тұрғызу керек. Серванттағы қымбат ыдыс сияқты ол көше тек қонақтар келгенде ғана пайдаланылсын», – дейді sloww.kz.
Тұрғындарды мазалаған тағы бір мәселе – шұғыл қызметтердің кедергісіз қозғала алмауы. Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем машинасының да «тығыннан» шыға алмай, қиындыққа тап болғаны туралы хабарламалар тарады.
Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі қозғалысқа шектеу қойылатыны туралы 1 қарашада-ақ алдын ала хабарлаған. Ресми ескертуге сәйкес, 5–7 қараша аралығында елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелді.
Биік мәртебелі меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, тіпті Қарулы күштер тартылды.
Алайда хабарламада нақты қай көшенің қай уақытта жабылатыны және әр шектеудің қанша уақытқа созылатыны нақты көрсетілмеген. Қала тұрғындарының наразылығын тудырғаны да – осы. Олар нақты ақпараты болмағандықтан, жүретін маршрутін де алдын ала жоспарлай алмады.
Халыққа түсінікті әрі нақты ақпараттың болмауы, ұзаққа созылған тоқтатулар, сондай-ақ балама бағыттардың айқын көрсетілмеуі елдің ашуын туғызды.
Әрине, тұрғындар халықаралық кездесулердің қажеттілігіне күмән келтірмейді. Олардың көкейіндегі сауал басқа: жоғары лауазымды меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету неге тұтас қаланың күнделікті тіршілігін тоқтатумен қатар жүруі керек?
Путиннен Хуангқа дейін: 2026 жылы Астанаға қандай әлемдік көшбасшылар мен бизнес өкілдері келді?
Қарашадағы шектеулер – Қазақстанның халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды оқиғалардың кезекті көрінісі ғана. 2026 жылдың басынан 6 қарашаға дейін Астанаға шет мемлекеттердің басшылары, үкімет жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері мен әлемдік ірі компаниялардың лидерлері келді.
Жыл басынан бері елордаға Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған (13 мамыр), Ресей Президенті Владимир Путин (27 мамыр), Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда (11–13 қазан) сапарлады.
Жоғары мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Израиль Президенті Ицхак Герцог, Камбоджа премьер-министрі Хун Манет және Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед те бар.
Парсы шығанағы елдерімен байланысқа да айрықша мән берілді. Астанада Әбу-Дабидің тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахайян құрмет-қошеметпен қабылданды. Азия бағытындағы өзге халықаралық байланыстар да ауқымды болды. Бұл қатарда Оңтүстік Корея, Камбоджа және Сингапур бар.
Халықаралық күн тәртібіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесуспен, Халықаралық шаңғы спорты федерациясының президенті Йохан Элиашпен және БҰҰ жүйесінің өкілдерімен биік деңгейдегі жүздесулер де қосылды.
Байланыстар тек саяси келіссөздермен шектелген жоқ. Әлемдік бизнес өкілдерінің қатарында Mars компаниясының басшысы Пол Вайраух, Ashmore Group өкілі Марк Кумбс, Boeing жетекшісі Джефф Шокки, NVIDIA компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі президенті Дженсен Хуанг және басқа да ірі кәсіпкерлер болды.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту, экономиканы цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу.
Қазақстанның халықаралық байланыстарының географиялық ауқымы да кең. Ол биыл Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерін қамтыды.
Алдын ала сараптамалық бағалауға сәйкес, жыл басынан 9 қарашаға дейінгі аралықта Қазақстанға шетелден 300-ге жуық ресми мәртебелі қонақ пен делегациялар өкілі келген. Бұл санатқа мемлекет және үкімет басшылары, министрлер, дипломаттар, шетелдік парламенттердің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен іскерлік орта мүшелері кіреді. Әрине, олардың бәріне бірдей көше жабылған жоқ.
Халықаралық байланыстардың осындай ауқымын ескерсек, көлік қозғалысына қойылатын шектеулер енді мегапистерді басқарудағы жүйелі мәселеге айналып барады. Саясаттанушы-ғалым Зейін Сабырқұлов тұрғындардың наразылығын түсінуге болады дейді. Дегенмен оның пікірінше, халықаралық сапарларды тек тұрмыстық қолайсыздық тұрғысынан бағалау дұрыс емес.
«Сол жағалауда тұратын тұрғындардың наразылығын түсінемін. Өзім де кезінде сонда тұрғанмын. Көшелердің жабылуы күнделікті тіршілікке кедергі келтіреді. Бірақ мәселеге кеңірек қарауымыз керек. Мемлекет оқшау өмір сүре алмайды. Халықаралық сапарлар дегеніміз – жай ғана салтанатты қабылдаулар немесе қонақ болу, қыдыру емес. Оның артында инвестициялар, келісімшарттар, жаңа өндіріс орындары, жұмыс орындары, отандық өнімдерімізді өткізетін нарықтар мен саяси уағдаластықтар тұр», – дейді Сабырқұлов.
Бұл – Қазақстанның сауда-саттығы, қауіпсіздігі, елдегі тұрақтылық пен экономикалық орнықтылықтың тағдыры тікелей тәуелді елдермен арада орнатылатын қарым-қатынастар. Кейде елордадағы бірер сағаттық қолайсыздықтың ар жағында миллиондаған қазақстандықтың өміріне әсер ететін маңызды келіссөздер тұрады.
«Астана – жай ғана қала емес, еліміздің басты дипломатиялық алаңы. Мәселен, Путинмен өтетін кездесулер іргедегі көршімен диалогты сақтап, күрделі мәселелерді шиеленіске, соғысқа жеткізбей шешу үшін маңызды. Қытаймен, Парсы шығанағы елдерімен және Еуропамен жүргізілетін келіссөздер жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Мәселе халықаралық сапарларды қаланың тіршілігін тұралатып алмайтындай етіп ұйымдастыра білуде. Жоғары мәртебелі меймандардың сапары астаналықтардың күнделікті өмірін сынаққа айналдырмауы керек», – дейді сарапшы.
Бүгінде АҚШ-та тұратын саясаттанушының түсіндіруінше, Вашингтонда да президенттер кортеждері жүретін кезде жол қозғалысына шектеу қойылады. Алайда жергілікті билік тұрғындарға келетін қолайсыздықты барынша азайтуға тырысады.
Мұның сыры – полиция, Құпия қызмет және жол қозғалысына жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысында. Олар жолдың жекелеген учаскелерін алдын ала босатып, көлік ағынын реттейді және жүргізушілерді балама бағыттарға бұрады.
Соған қарамастан, кептелістен толықтай құтылу мүмкін емес. Мәселен, шетелдік мемлекет басшылары немесе АҚШ Президенті қатысатын сапарлар кезінде Американың астанасындағы кейбір ірі магистралдар да жабылады. Мұндай жағдайда көлік жүргізушілеріне балама бағыттарды пайдалану алдын ала ұсынылады.
«Вашингтонда АҚШ Президенті мен шетелдік көшбасшылар қатысатын іс-шаралар кезінде жол қызметтері айналма бағыттардың сызбасын күнібұрын жариялайды. Қозғалыс шектелетін аумаққа қарай қозғалатын көліктер 14th, 17th, 7th және 9th Street NW сияқты параллель көшелерге, сондай-ақ Constitution Avenue мен Independence Avenue даңғылдарына бағытталады. Көлік қозғалысын қалалық қызметтер мен құқық қорғау органдары бірлесіп реттейді», – деді сарапшы.
Жоғары лауазымды қонақтардың қауіпсіздігі мен қала тіршілігінің қалыпты жүруі бір-біріне кедергі келтірмейтіндей жүйе қалыптастыру мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.
Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.
Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
– Елдеріміздің үкіметтері уағдаластықтарды толығымен жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Қабылданған шаралардың арқасында тасымалданатын тауар түрлері көбейіп, түрлі өнім көлемі артты. Теміржолмен жеткізілетін экспорт-импорт жүгі де ұлғайып келеді. Бизнес деңгейіндегі байланыстар жанданды. Бизнес-форум, арнайы сауда миссияларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген коммерциялық уағдаластықтар жоспарлы түрде іске асырылуда. Бұл ретте елдеріміздің жыл сайынғы тауар айналымы тұрақты түрде 1 миллиард доллардан асады. Осының есебінен Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары да дәйекті түрде кеңеюде.
– Мәдениет күндері алма-кезек өткізіліп, көрнекті тұлғалардың ескерткіштері ашылды. Душанбеде Абай бюсті, Астанада Ибн Сина ескерткіші бой көтерді. Білім беру мен жастар саясаты салаларындағы ықпалдастық жоғары деңгейде. Жастар, ғалымдар мен зиялылар форумдары жиі өткізіледі. Сондықтан өзара ынтымақтастықта қол жеткізген нәтижелер үшін мақтануға да, қуануға да толық негіз бар. Бүгін өте маңызды іс-шараға – Астана қаласында Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысамыз. Бұл бір ғимараттан ғана тұрмайды, оны кешен деуге болады. Мұның бәрі таңғалдырады әрі Тәжікстанның елімізде тұрақты түрде өкілдігі болатынын айғақтайды. Әлбетте, бұдан бауырластық байланыстарымыздың бірегей сипатын көреміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция алдында еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Тәжікстанның Мемлекеттік туларын желбіретіп ұшты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.
Содан кейін президенттер келіссөз жүргізді.