Қаржы
Оның сөзінше, Ұлттық банк бөліп төлеу және кейін төлеу қызметтерінің нарығын реттеу жөніндегі дискуссиялық құжатқа қатысты ұсыныстар қабылдауды аяқтаған. Қазіргі уақытта түскен пікірлер мен ұсыныстар қаралып жатыр.
Реттеуші банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы рәсімделетін бөліп төлеу қызметтері қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асады. Ал қаржы ұйымдарына жатпайтын компаниялар ұсынатын осындай қызметтерге қатысты бірқатар мәселе бар.
Мысалы, сатып алушыға келісім талаптарын толық түсіндіру, өсімпұл мен айыппұл есептеу тәртібі және азаматтардың жалпы қарыз жүктемесін бағалау мәселелері қарастырылып отыр.
– Мәселен бөліп төлеу туралы ақпаратты кредиттік бюроға жіберу қажеттігі талқыланып жатыр. Сонда мұндай міндеттемелер қолжетімді болып, несиеге барынша ұқсас құралдар бойынша азаматтардың қарыз жүктемесін есептеу кезінде ескерілуі мүмкін, – деді Ақылжан Баймағамбетов.
Ұлттық банк өкілінің сөзінше, ұсыныстардың бір бөлігін нормативтік-құқықтық актілер арқылы іске асыруға мүмкіндік бар. Ал кейбір бастамаларды жүзеге асыру үшін заңнамаға түзетулер енгізіп, Үкіметтің араласуы қажет болуы ықтимал.
Қазіргі уақытта Ұлттық банк ұсынылған шаралардың нарыққа тигізетін әсерін саралап жатыр. Алдағы уақытта бұл мәселелерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп талқылау көзделген.
Сонымен қатар Ұлттық банк өкілі әзірге нақты шешім қабылданбағанын ескертті. Демек, ұсынылып отырған талаптардың күшіне енетіні туралы әзірге кесіп айтуға негіз жоқ.
«Өздеріңіз білесіздер, 2026 жылдың бюджетінде бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңгені құрайды. Тапшылық екі көзден жабылады. Біріншісі ішкі нарықтан болса, екіншісі сыртқы нарықтан. Біздің жоспарымыз бойынша биыл сыртқы нарықтан 1,6 трлн теңге немесе 3,5 млрд доллар қарастырылған. 3,5 млрд доллардың 1 млрд-ын көктемде Дүниежүзілік банк пен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен алғанбыз. 1,5 млрд доллар панда-бонд Қытайдан шығардық. Енді 500 млн доллар бүгінде Азия даму банкінен қарастырылды», – деді ведомство басшысы Құрылтайда өткен брифингте.
Министр бұл 15 жылға алынатын несие екенін, бізде үш жыл жеңілдік кезеңі барын айтты.
«Енді жылдың аяғына дейін 500 млн доллар қалды. Ол басқа жерден көзделеді. Жалпы бұл қаражатпен біздің бюджет тапшылығы жабылады», – деп толықтырды Мәди Такиев.
«Мемлекет басшысының биылғы 13 тамыздағы Жарлығына сәйкес 3,4 млрд қытай юанінде Қарыз туралы келісімге 2026 жылы 11 қыркүйекте қол қойылды. Бұл қаражат Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға, көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттарды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Аталған банктің қарызы Қазақстан Республикасына 3 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 15 жыл өтеу мерзіміне беріледі. Сыйақының жалпы пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 1,69%», – деді Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтай отырысында.
Ведомство басшысының сөзінше, тартылатын қаржыға қызмет көрсету және оны өтеу, қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Азия Даму Банкіне 1994 жылы қосылған. Мемлекетіміздің үлесі 0,805%-ға тең. Жалпы тартылған инвестициялар шамамен 8,7 млрд долларға жетті.
Енді медициналық ұйымға Kaspi.kz қосымшасы арқылы жылдам әрі ыңғайлы тіркелуге болады.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
«Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, адамдардың күнделікті мәселелерін оңай шешуге көмектесетін сервистерді жасап келеміз. Қазірдің өзінде Kaspi.kz қосымшасында тұрғылықты жері бойынша тіркелуге, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақыларды рәсімдеуге, баланың тууын тіркеуге, автокөлікті қайта рәсімдеуге, анықтамалар алуға және басқа да көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалануға болады. Енді медициналық ұйымға тіркелу де осындай оңай әрі ыңғайлы болды. Ынтымақтастық үшін Денсаулық сақтау министрлігіне, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на алғысымызды білдіреміз. Барлық сүйікті клиенттерімізге зор денсаулық тілейміз!»
Ербол Оспанов, Денсаулық сақтау вице-министрі:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және оларды алу процесін жеңілдету бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Kaspi.kz қосымшасы арқылы медициналық ұйымға тіркелу сервисінің іске қосылуы – цифрлық денсаулық сақтау жүйесі мен мемлекеттік сервистерді дамытудың тағы бір маңызды қадамы.
Жаңа сервис азаматтарға медициналық ұйымды таңдау құқығын қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігі, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Kaspi.kz - тің бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды.
Мемлекеттік қызметтерді алудың цифрлық арналарының кеңеюі олардың азаматтар үшін қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыратынына сенімдіміз».
Тегін медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетіледі.
Азамат бір уақытта тек бір медициналық ұйымға ғана тіркеле алады. Таңдауға қолжетімді медициналық ұйымдардың тізімін мемлекеттік органдар айқындайды.
Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде қай медициналық ұйымға тіркелгеніңізді білуге, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді тексеруге, сондай-ақ жаңа емхана мен емдеуші дәрігерді таңдауға болады.
Жаңа сервис туралы толығырақ ақпаратты Kaspi Гид бөлімінен оқи аласыз.
Бұл туралы DATA HUB Телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Аударымдардың көлемімен қатар олардың саны да айтарлықтай артты – тамыз айымен салыстырғанда аударымдар саны 3,1 есе көбейіп, 39,8 мың бірлікке жетті. Өз кезегінде алушылардың саны үш есе өсіп, 36,7 мың адамға жетті. Осылайша, әрбір салымшыға орта есеппен 1,1 аударымнан келген (салымшы өз қаражатын бірнеше басқарушы арасында әртүрлі үлеспен бөле алады)», – делінген ақпаратта.
DATA HUB жазуынша, аударымдардың көлемі де, саны да зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуға мүмкіндік беретін норма қолданысқа енгізілген бүкіл уақытта, 2021 жылғы қаңтардан бергі рекордты орнатты.
«Бұл ретте көрсеткіштердің мұндай күрт өсуі соңғы уақытта алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін көрсеткіштер маусым айында айтарлықтай өсіп, одан кейінгі екі ай бойы шамамен сол деңгейде сақталған. Демек, қазіргі еселеген өсімнің өзі бұған дейін қалыптасқан тарихи жоғары көрсеткіштермен салыстырғанда тіркеліп отыр», – деп жазылған хабарламада.
Сарапшылардың пікірінше, аударымдар белсенділігінің артуына заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер ықпал еткен.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында халықтың банктегі жинақ ақшасы өсіп, 30,5 триллион теңгеден асты (+8,3%). Өсім толығымен ұлттық валютадағы жинақтардың есебінен болды.
Атап айтқанда, теңгелік депозиттер көлемі 12,2%-ға артып, 24,7 триллион теңгеге жетті. Ал шетел валютасындағы салымдар 5,6%-ға азайып, 5,9 триллион теңге болды.
«Доллар бағамы 8,7%-ға түсті. Осының әсерінен халық депозиттеріндегі доллардың үлесі жыл басындағы 22%-дан 19,2%-ға дейін азайды. Бұл халықтың жинақ ақшаны теңгеде ұстауға ойысқанын көрсетеді. Теңгеде ақша жинауға инфляцияның қарқынды баяулауы аясында депозиттер бойынша жоғары сыйақының сақталуы және халықтың номиналды ақшалай табысының өсуі ықпал етті», – деп хабарлады Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.
Банктердің депозиттік қорының сапасы дa өзгеріп жатқаны белгілі болды. Мерзімсіз салымдар әлі де негізгі өнім болып қала берсе де, тұрақты қаржыландырудың үлесі тұрақты түрде өсіп келеді.
«2025 жылдың бірінші тоқсаны мен 2026 жылдың екінші тоқсаны аралығында бұл көрсеткіш 15,6%-дан 30,9%-ға дейін артты. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің міндеттемелеріндегі халық депозиттерінің үлесі 45,8%-дан 47,6%-ға көтерілді», – делінген талдауда.
Қазақстан Ұлттық банкі сот орындаушыларының өкімі бойынша қарызды өндіріп алу кезінде борышкердің банктік шотында ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең соманы сақтауды ұсынды. Сонымен қатар реттеуші борышкердің барлық банктік шотын бір уақытта бұғаттау тәртібін өзгертуді көздеп отыр.
Борышкердің шотында қанша ақша қалуы мүмкін?
Қазір берешекті өндіріп алу тәртібі қарызды кім өндіріп жатқанына байланысты өзгереді.
Банк клиенттің келісімімен және шарт негізінде мерзімі өткен несие берешегін өндіріп алған кезде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден түсетін қаражаттың 50%-нан астамын ұстай алмайды. Бұл ретте клиенттің шотында ай сайын екі ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең, яғни кемінде 101,7 мың теңге қалуы керек.
Ал сот орындаушылары инкассалық өкім арқылы берешекті өндірген кезде басқа талаптар қолданылады. Заң бойынша борышкердің жалақысы немесе өзге де табысының кемінде 50%-ы өзінде қалуға тиіс. Сонымен қатар қалған сома бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз болмауы керек.
Алайда бұл кепілдіктер табыстан ұстап қалуға қатысты қолданылады. Борышкердің банктік шотында бұрыннан жатқан ақшаға мұндай талаптар жүрмейді. Сондықтан банктер сот орындаушыларының инкассалық өкімдерін орындау кезінде шоттағы қаражатты есептен шығара алады.
Барлық шотты бірден бұғаттамау ұсынылды
Қазіргі тәртіп бойынша сот орындаушылары борышкердің әртүрлі банктердегі барлық шотына бірдей тыйым сала алады. Соның салдарынан бұғатталған қаражаттың жалпы сомасы берешек көлемінен бірнеше есе асып кетуі мүмкін.
Осы мәселелерді шешу үшін Ұлттық банк «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңдарға өзгерістер енгізуді ұсынды.
Ұсыныстарға сәйкес:
Борышкердің шотында ақша қалдыру. Сот орындаушыларының өкімдері орындалған кезде борышкердің банктік шотында бір ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең қаражат сақталуы мүмкін. 2026 жылы бұл сома — 50 851 теңге.
Шоттарды бұғаттау тәртібін өзгерту. Банк сот орындаушысының шотқа тыйым салу туралы қаулысын бір шот арқылы орындап, қалған шоттарға қатысты қаулыларды кері қайтара алады.
Ұлттық банк тиісті ұсыныстарды Әділет министрлігіне жолдаған. Реттеуші қажетті заңнамалық өзгерістерді әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұл әзірге Ұлттық банктің ұсынысы ғана ретінде жасалды. Өзгерістердің күшіне енуі үшін заңнамаға тиісті түзетулер енгізілуі керек.
«Салық реформасы бюджеттің кіріс базасын нығайтудың негізгі факторына айналып, ағымдағы сын-қатерлер жағдайында да түсімдердің елеулі өсімін қамтамасыз етті. Нәтижелер қабылданған шаралардың фискалдық тиімділігінің жоғары екенін және мемлекеттік қаржы тұрақтылығының артқанын көрсетуде. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 19,3 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 трлн теңгеге немесе 18,2%-ға ұлғайды», – деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, өсімнің негізгі драйвері қосымша құн салығы болды. Ол бойынша түсімдер 37,3%-ға өскен.
Оның ішінде ішкі өндіріс тауарлары бойынша – 54,1%-ға, импорт бойынша – 23,9%-ға.
Негізінен, «Стоп-кредит» қосылған азаматқа банк немесе микроқаржы ұйымы қарыз беруден бас тартуы тиіс. Дегенімен, заңнамада бұл шектеу қолданылмайтын бірқатар жағдай қарастырылған.
Сонымен, «Стоп-кредит» банк қарыздарына қатысты мына жағдайларда қолданылмайды:
тұтынушылық қарыздың сомасы тікелей тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатушының шотына аударылса және қарыз алушы тауарды, жұмысты немесе қызметті алғанын растаса. Бұл – тауарлық кредит;
қарыз сол банктегі басқа берешекті өтеу үшін берілсе, яғни ішкі қайта қаржыландыру кезінде;
төлем картасы бойынша 150 АЕК-тен (648 750 теңге) аспайтын кредиттік лимит шеңберінде қарыз берілсе. Бұл лимит тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған жаңартылатын кредиттік лимит болуы керек;
қарыз қаражаты тек салықтарды, айыппұлдарды немесе атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті төлеуге мақсатты түрде аударылса.
Микрокредиттер бойынша да бірқатар ерекшелік бар.
«Стоп-кредит» қосылғанына қарамастан, микроқаржы ұйымы:
тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақшаны тікелей сатушыға немесе өнім берушіге аударуға;
сол микроқаржы ұйымындағы бұрынғы берешекті қайта қаржыландыруға;
салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті өтеуге микрокредит беруге құқылы.
Сонымен қатар ломбардтар беретін микрокредиттерге «Стоп-кредит» тетігі қолданылмайды.
«Стоп-кредит» бұзылып, несие берілсе не болады?
Егер банк немесе микроқаржы ұйымы «Стоп-кредит» талабын бұзып, банктік қарыз немесе микрокредит берсе, қаржы ұйымы заңда көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
Мысалы, несие бойынша берешек есептен шығарылуы, қарыз алушының кредиттік тарихына тиісті түзету енгізілуі және одан өндіріп алынған қаражат қайтарылуы тиіс.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Стоп-кредит» тетігі банк пен микроқаржы ұйымдары қарыз беру кезінде орындауға міндетті басқа талаптардың күшін жоймайтынын атап өтті.
Сондай-ақ 2009 жылғы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және 2010 жылғы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдар тарих қойнауына кетті.
Патриотизм, әлде табыс көзі: ерікті көмекшілер қалай марапатталады?
Жаңа «суперзаңға» Президент 2025 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған болатын, алайда ол 60 күндік өтпелі кезең өткен соң, биылғы сәуірде ғана ресми түрде қолданысқа енгізілді. Соған қарамастан, құжаттың толыққанды іске асуы бұдан да ұзаққа созылды, өйткені ол толыққанды өмірге жолдама алуы үшін қаптаған нормативтік-құқықтық қаулыларды қабылдау қажет еді. Олардың толық тізімі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Премьер-министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы №16-ө өкімімен бекітілді.
Реформаның ауқымын осының өзінен-ақ аңғаруға болады. Бір ғана «суперзаңды» жүзеге асыру үшін 48 қаулы әзірленіп, түрлі келісімдерден өткізіліп, қабылдануы қажет болды. Бұдан бөлек, Қазақстан балаларының құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдар, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар сияқты жаңа құрылымдар құрылды.
Бұл жұмыс жалғасуда: барлық облыстар мен үш мегаполистің әкімдіктері «Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын, түрлерін және мерзімдерін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерлерін бекіту туралы» әкім қаулысын әзірлеп, бекітіп жатыр. Аты айтып тұрғандай, бұл құжаттар полицияға және басқа да құқық қорғау органдарына көмектескен азаматтарға сыйақы беруге, сондай-ақ қоғамдық көмекшілер институтын күшейтуге бағытталған.
Мәселен, Астанада қоғамдық көмекшілерге олардың белсенділігіне қарай 34 600 теңгеден 86 500 теңгеге дейін сыйақы төлеу жоспарланған. Алайда бұл төлем тоқсанына бір реттен артық берілмейді. Бұл жөнінде бұған дейін Астана қаласы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Марат Өмірбаев Марат Өмірбаев мәлімдеді.
Мәжілістің бұрынғы депутаты Болат Керімбектің түсіндіруінше, жаңа заңның басты жаңалықтарының бірі – тек тәртіп сақшылары ғана емес, енді барлық құқық қорғау органдары төл қоғамдық көмекшілері топтарын қалыптастыра алады. Заңнамаға сәйкес, құқық қорғау органдарына прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жатады. Сонымен бірге Ұлттық ұлан мен әскери-тергеу органдары да қоғамдық көмекшілерінің әлеуетін пайдалана алады.
«Бұған дейін қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қоғамдық көмекшілерді тек ішкі істер органдары ғана тарта алатын. Ал, жаңа заң барлық күш құрылымдарына осындай мүмкіндік берді. Қоғамдық көмекшілер алғыс хаттармен, сыйлықтармен, мемлекеттік наградалармен, құрметті атақтармен және ақшалай сыйақылармен марапатталатын болады», – деді экс-депутат.
Әйтсе де, басқа құқық қорғау органдары бұл институтты енді ғана қалыптастыра бастады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл заң қабылданғанға дейін республика бойынша 20 мыңнан астам қоғамдық көмекшісі тіркелген. Олардың көмегімен бір жылда 300-ден астам қылмыс ашылды, 15 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. 2025 жылы оларға сыйақы төлеуге 128 миллион теңге бағытталған.
«Қоғамдық көмекшінің атқарған жұмысы үшін біз сыйақы беруге ұсыным жасаймыз. Бірақ бұл жалақы емес. Қоғамдық көмекшінің куәлігі болғанымен, ол ай сайын еңбекақы алмайды. Бұл іске қоғамға пайда келтіруді көздейтін, патриот азаматтар келеді. Егер көмекші нақты нәтижесімен дараланса, алдымен оған әкімшілік баға беріледі, содан кейін ұсыным жасалады. Әкімдіктердегі комиссия мәселені қарап, сыйақы сомасын бекітеді. Егер қоғамдық көмекші резонансты қылмыстарды ашуға немесе басқа құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектескісі келсе, оған ешқандай шектеу жоқ», – деп түсіндірді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Енді әрбір құқық қорғау орғаны өз қоғамдық көмекшілерін грамоталармен, тіпті сыйлықтармен марапаттай алады. Ал, көмекшілердің қалай жұмыс істейтіні, қандай сыйақы алатыны ведомстволық бұйрықтармен реттеледі. Мұның барлығы «Заң мен тәртіпті» орнықтыруға жұртшылықты кең жұмылдыруға бағытталған.
Заңға сәйкес, құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді көтермелеу шараларына мыналар жатады:
алғыс жариялау;
грамотамен наградтау;
ақшалай сыйақы төлеу;
білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы. Көтермелеу мәселелері меморгандардың ұсынуы бойынша азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияда қаралады. Ең қызығы, бұл мүмкіндік тек куәлігі бар қоғамдық көмекшілермен шектелмейді.
«Егер қоғамдық көмекшілер ретінде жергілікті атқарушы органдарда тіркелмеген азаматтар құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға ықпал етсе, комиссия осы заңда белгіленген тәртіппен оларды да көтермелеуге құқылы. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнiң фото- және бейнежазбасын қоса бере отырып уәкiлеттi органдарға хабарлама жiберген азаматтар ҚР заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi бойынша құқық бұзушыдан өндiрiп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуi мүмкiн», – деп жазылған осы заңның 47-бабында.
Полицияның «қоғамдық қолғанаттары»: кім көмекші бола алады?
Жаңа заң төңірегіндегі ең қызу пікірталастардың бірі қоғамдық көмекшілердің өкілеттіктеріне қатысты өрбіді. Құқық қорғаушылардың тұжырымдауынша, биылдан бастап профилактика мақсатында қарапайым азаматтарға белгілі бір жағдайда полиция атынан күш қолдануға рұқсат берілді. Яғни, қоғамдық көмекшілер бұрынғыдан әлдеқайда ауқымды өкілеттікке ие болды. Кей сарапшылар мұны мемлекет күш құрылымдарының жекелеген функцияларын қоғам өкілдеріне бере бастады деп бағалайды.
Бұл ретте полицияның «қоғамдық қолғанаттарының» біліміне қатысты арнайы талаптар жоқ. Бірақ енді ішкі істер органдары оларды учаскелік полиция пункттерінің базасында құқықтық даярлықтан өткізуге тиіс.
Жалпы, Қазақстанда қоғамдық көмекшілер институты жаңадан пайда болған жоқ. Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға бұрыннан тартып келеді. Бірақ биылдан бастап олардың мәртебесі мен өкілеттіктері айтарлықтай кеңейді. Полицияның «серіктестері» құқық қорғау органдарымен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауға қатыса алады. Оларға арнайы куәліктер де беріле бастады. Кейбір құқық қорғаушылар тіпті жоғары білімі жоқ қоғам өкілдеріне мұндай құзырдың берілуіне алаңдаулы.
Соған қарамастан, қоғамдық көмекшілер қозғалысы кеңейіп келеді. Биылдың өзінде 60 мыңнан астам қазақстандық полицейлерге, прокурорларға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне көмекке келді. Олар хабар-ошарсыз кеткендерді, қылмыскерлерді іздеуге қатыса алады, немесе ірі концерттерде, спорттық матчтарда және басқа бұқаралық іс-шараларда қоғамдық тәртіпті қадағалай алады.
Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі қоғамдық көмекшілердің қызметі қатаң бақылауда болатынын мәлімдейді. Өйткені кейбір адамдардың өз мәртебесін бас пайдасына пайдалануы немесе өкілеттігін асыра сілтеуі мүмкін екені де жоққа шығарылмайды. Мысалы, куәлікті орынсыз көрсету немесе белгілі бір проблеманы «шешіп беремін» деп уәде ету секілді жағдайлар орын алуы ықтимал.
«Қоғамдық көмекшілерге полиция өкілеттіктерін иемденуге тыйым салынады. Олар процестік әрекеттерге араласа алмайды, арнайы құралдарды қолдануға құқығы жоқ және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеуге тиіс. Барлық әрекеттер заң шеңберінде және уәкілетті органдардың бақылауымен жүзеге асырылуы қажет», – деп нықтады ІІМ.
Айта кетерлігі, қылмыспен күресуге, қаскөйлерді ұстауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосқысы келетін кез келген азамат қоғамдық көмекші бола алады. Ол үшін адамның кәмелет жасына толуы және соттылығының болмауы жеткілікті. Үміткер полицияға өтініш пен қажетті құжаттарды тапсырады. Осыдан кейін жергілікті әкімдіктер жеті күн ішінде оны қоғамдық көмекші ретінде есепке қояды.
Агенттік мәліметінше, рейтингтің сақталуы Қазақстанның мемлекеттік борышының төмен деңгейімен, борышқа қызмет көрсету қабілетінің жоғары болуымен және жинақталған валюталық активтерімен байланысты. Бұл факторлар елдің сыртқы экономикалық күйзелістерге төтеп беру мүмкіндігін арттырады.
Moody’s Қазақстан экономикасының мұнай өндіру көлемі төмендегеніне қарамастан өсіп келе жатқанын атап өтті. Экономикалық өсімге өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да мұнай емес салалар үлес қосып отыр.
Сонымен қатар агенттік цифрлық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымға инвестициялар орта мерзімді экономикалық өсімді қолдайтынын жеткізді. Шикізаттық емес секторлар экономиканың негізгі өсу драйверлері болып қала береді.
Moody’s бағалауынша, салық реформалары бюджеттің мұнай емес кіріс базасын кеңейтіп, фискалдық орнықтылықты нығайтуға ықпал етеді.
«Өзара сауда-саттық көлемі өткен жылы 13,4 пайызға ұлғайып, 4,5 миллиард долларға жетті. Германияның соңғы 21 жылда елімізге салған инвестициясы 8 миллиард долларды межеледі. Осы ретте германиялық инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша бақылауда екенін айтқым келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне баса мән берілді. Бүгінгі таңда бірлескен инвестиция портфелінде жалпы құны шамамен 54 миллиард доллар болатын 40 өнеркәсіп жобасы бар. Бұл ретте Президент Үкіметаралық жұмыс тобы мен Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің үйлесімді әрі нәтижелі қызметіне оң баға берді.
Мемлекет басшысы Германияның қазіргі әлемдік саясат пен экономикадағы елеулі рөліне назар аударды.
Оның айтуынша, елдің өндірістік қуаты, мықты ғылыми мектебі және неміс халқының еңбекке деген жауапкершілігі халықаралық деңгейде сөзсіз мойындалған. Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде білім мен ғылым саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.
Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия сапары екі елдің игілігі мен гүлденуі жолындағы оң нәтижелерге жетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Келіссөз соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Тараптар ағымдағы экономикалық жағдайды, реформалардың одан арғы бағыттарын, инфрақұрылымды дамытуды және ынтымақтастық перспективасын талқылады.
Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен әріптестігінің стратегиялық сипатын атап өтті. Ынтымақтастықтың 33 жылы ішінде банктің қолдауымен көлік, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, жасыл технология және цифрландыру саласында жалпы сомасы $8 млрд-тан асатын қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.
Абебе Адугна Қазақстан экономикасының өсу мен инвестициялық белсенділіктегі оң динамикасын атап өтті.
Кездесудің едәуір бөлігі инфрақұрылымды дамытуға және оны қаржыландыру тетіктеріне арналды. Дүниежүзілік банк өкілдері инфрақұрылымдық инвестицияларды олардың тиімділігін арттыратын және өнімділік пен инновацияның өсуіне жағдай жасайтын институционалдық және реттеуші реформалармен сүйемелдеу маңызды екенін атап өтті.
Серік Жұманғарин Қазақстан инфрақұрылымды дамытуды тек ішкі қажеттілік тұрғысынан ғана емес, аймақтық контексте де қарастырып отырғанын айтты. Сөз Орталық Азияны басқа аймақтармен байланыстыратын көлік бағыттарын одан әрі дамыту туралы.
«Қазақстанның инфрақұрылымы – Орталық Азияның ірі бірыңғай инфрақұрылымдық тізбегін құрудағы алғашқы қадам ғана. Сөз тек біздің ішкі жолдарымыз бен теміржолдарды жақсарту туралы ғана болып отырған жоқ. Бұл жолдардың барлығы біз үшін және көрші елдер үшін тиімді болуын қамтамасыз етуіміз керек», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Дүниежүзілік банк халықаралық тәжірибені ескере отырып, инфрақұрылымды қаржыландыру тетіктері бойынша қазақстандық тараппен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.
Бұл шара жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді реттеуді ырықтандыру аясында жасалып отыр. Белгілі болғандай, қазіргі кезеңде мерзімі 12 айдан жоғары жинақ салымдардың мөлшерлемелері ғана өзгереді. Яғни 1 қазаннан бастап, мұндай салымдар бойынша шекті мөлшерлеме жылдық 1,0%-дан 2,5%-ға дейін жоғарылайды. Жаңа шекті сыйақы мөлшерлемелері 2026 жылдың 1 қазанынан кейін ашылатын немесе мерзімі ұзартылатын салымдарға ғана қолданылуы мүмкін.
«Атап өту керек, шекті мөлшерлемелер – шетел валютасындағы депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін анықтау үшін ұсынылатын жоғарғы шекара. Бұл ретте банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейі туралы шешімді өз бетімен қабылдайды. Бұл кезеңде әр түрлі мерзімге ашылатын мерзімді, мерзімсіз, сондай-ақ мерзімі 12 ай және одан төмен болатын жинақ салымдар бойынша шекті мөлшерлемелер 1% деңгейінде өзгеріссіз қалады», – делінген хабарламада.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, бұл шешімге Ұлттық Банктің депозит нарығын долларсыздандыру саясатын сәтті жүргізгендігінің арқасында қол жеткізілді.
«Долларлану деңгейі 2015 жылдағы 80%-дан 2026 жылдың 1 қыркүйегіне қарай 19,2%-ға дейін төмендеді. Сонымен бірге тиімді макроэкономикалық жағдаят және жыл барысында теңгенің нығаю үрдісі Ұлттық Банкке ҚДКБҚ-мен бірлесіп, валюта нарығындағы реформаларды одан әрі жалғастырып, валюталық депозиттер бойынша мөлшерлемелерді реттеуге қатысты қолданыстағы тәсілдерді кезең-кезеңмен ырықтандыруға кірісуге мүмкіндік берді», – деп хабарлады қор.
Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері бойынша ҚДКБҚ максималды кепілдігі өзгеріссіз қалатыны белгілі болды.
Бұл өзгеріс 19 шілдеде іске қосылған банкаралық мобильді төлемдер жүйесі туралы болып отыр.
"Негізінен бұған QR арқылы төлеуден бөлек, телефон нөмірі арқылы аударымдар да кіреді. Жалпы, әр банктің өз тәуекел саясаты бар.
Менің білуімше, біз транзакция бойынша бұл деңгейді 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін арттырдық. Ол қазанның аяғында күшіне енеді деп ойлаймын", – деді Бинұр Жаленов.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары бұл норма «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылғанын атап өтті.
Ұлттық банк нарық қатысушыларын қазіргі тәжірибелерді, ықтимал тәуекелдерді және оларды азайтуға бағытталған реттеу шараларын талқылауға шақырды.
Қазір Қазақстанда бөліп төлеу тәсілі күнделікті тұтыну тауарларынан бастап автомобиль мен жылжымайтын мүлік секілді қымбат тауарларды сатып алуға дейін кеңінен қолданылып жүр.
Ұлттық банк бөліп төлеу формалды түрде төлем тәсілі болғанымен, сатып алушы үшін белгілі бір қаржылық міндеттемелер туғызатынына назар аударды.
Соңғы жылдары банктер мен микроқаржы ұйымдары ұсынатын бөліп төлеу өнімдерімен қатар қаржылық емес ұйымдардың да осыған ұқсас қызметтері кеңінен тарала бастаған. Олардың қатарына BNPL-провайдерлер арқылы жасалатын мәмілелер, сатушылардың тікелей бөліп төлеуі және кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру тетіктері кіреді.
– Мұндай тетіктер төлемді бірнеше бөлікке бөліп, тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Десе де, қаржылық емес ұйымдар ұсынатын бөліп төлеу өнімдеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты талаптар қолданылмайды. Бұл халықтың қосымша борыштық жүктемесінің қалыптасуына ықпал етуі мүмкін. Негізгі міндет – қызметтердің қолжетімділігін сақтай отырып, осы тәуекелдерді барынша азайтатын тетіктерді әзірлеу, – делінген Ұлттық банк құжатында.
Осыған себепті, реттеуші нарықтың мүдделі қатысушыларынан пікірталас құжатында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар мен пікірлер қабылдайды.
Құжатты қоғамдық талқылау сегіз аптаға созылады. Пікірлер мен ұсыныстар 2026 жылдың 3 қарашасына дейін қабылданбақ.
Мұндай деректер Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы автонесиелеу нарығына жасаған шолуында келтірілген, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Сарапшылардың бағалауынша, бірнеше жылдық қарқынды өсімнен кейін автонесиелеу нарығы түзету кезеңіне өтті. Бір жыл бұрын автонесиеге берілген өтінімдер саны 50%-дан астам өссе, биыл қаңтар-маусым аралығында 9%-ға төмендеген.
ҚҚҚ мұны нарықтың біртіндеп қанығуы, қатаң ақша-несие шарттары, банктердің сақтыққа негізделген несие саясаты, сондай-ақ автодилерлердің акциялары мен маркетингтік бағдарламаларының азаюымен байланыстырады.
Автонесие мөлшерлемесі 24,4%-ға жетті
Нарықтағы елеулі өзгерістің бірі – несие құнының қымбаттауы. Бір жыл ішінде автонесиелер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 18,8%-дан 24,4%-ға дейін өсті.
Сарапшылардың пікірінше, бұған қаржы тарту құнының өсуімен қатар сұраныс құрылымының өзгеруі де әсер етуі мүмкін. Төлем қабілеті жоғары сатып алушылардың бір бөлігі бұған дейін дилерлердің субсидияланған бағдарламаларын пайдаланып, көлік сатып алған болуы ықтимал. Соның нәтижесінде қазіргі сұраныстың басым бөлігін стандартты несие шарттарын пайдаланатын қарыз алушылар қалыптастырып отыр.
Мақұлданған өтінімдердің үлесі де 17,6%-дан 16,8%-ға дейін төмендеді. Жалпы бөлшек несиелеуде бұл көрсеткіш 28,8%-дан 25,3%-ға дейін азайған.
ҚҚҚ сарапшылары банктердің несие беруге сақтықпен қарауын халықтың нақты табысының небәрі 0,1%-ға өсуімен және макропруденциялық реттеудің күшеюімен де байланыстырады.
Берілген автонесие көлемі 24%-ға азайды
Бірінші жартыжылдықта автокөлік сатып алуға мақұлданған өтінімдер саны 13%-ға азайып, 449,7 мыңға дейін төмендеді. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 68%-ға өскен болатын.
Ал нақты берілген автонесиелер көлемі одан да айтарлықтай қысқарды. Алты айда 886,6 млрд теңгенің автонесиесі берілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24%-ға аз. Салыстыру үшін, жалпы бөлшек несие беру көлемі осы кезеңде 3,6%-ға төмендеген.
– Осылайша, бұған дейін бөлшек несиелеудің негізгі драйверлерінің бірі болған автонесиелеу қазір оның баяулауына әсер ететін факторлардың біріне айналды, – дейді сарапшылар.
Жаңа бөлшек қарыздардағы автонесиелердің үлесі де 2025 жылдың қорытындысындағы 13,2%-дан биылғы бірінші жартыжылдықта 9,9%-ға дейін төмендеді.
Автонесие отбасылық бюджетке көбірек салмақ түсіре бастады
Пайыздық мөлшерлемелердің өсуі автокөлік сатып алушылардың борыштық жүктемесіне де әсер етті. Автонесие бойынша ай сайынғы төлемнің орташа жалақыға арақатынасы 24,7%-дан 30,6%-ға дейін өскен. Дегенмен бұл көрсеткіш 50% шекті деңгейден әлі де айтарлықтай төмен.
Сарапшылар орташа несие сомасының азаюы қарыз құнының өсуін өтей алмағанын атап өтті. Бұл автонесиелеу нарығының пайыздық мөлшерлемеге сезімтал екенін көрсетеді.
Мерзімі өткен берешек үлесі өсті
Нарықтағы белсенділіктің төмендеуіне және несие құнының қымбаттауына қарамастан, автонесие портфелінің сапасы әзірге салыстырмалы түрде тұрақты.
Мерзімі өткен автонесие берешегінің үлесі 2,7%-дан 3%-ға дейін өсті. Алайда бұл жалпы бөлшек несие нарығындағы 4,4% көрсеткіштен төмен.
Сарапшылардың пікірінше, проблемалық берешектің салыстырмалы түрде төмен деңгейде сақталуына автонесиенің кепілмен берілуі және қарыз алушыларға қойылатын қатаң талаптар ықпал етеді.
Жаңа несие беру көлемінің қысқаруына байланысты автонесие портфелінің өсімі де баяулады. Бірінші жартыжылдықта портфель 5,2%-ға ұлғайды. Бір жыл бұрын өсім 23,2% болған.
Соған қарамастан автонесиелер халықтың жалпы қарызында айтарлықтай үлеске ие. Олардың үлесіне бөлшек несие портфелінің 16,3%-ы тиесілі. Берешектің 90%-дан астамы 5-20 млн теңге аралығында шоғырланған.
Қазақстанда автомобиль өндірісі екі есеге жуық артты
Несие нарығындағы белсенділік төмендегенімен, Қазақстанда автомобиль өндірісі айтарлықтай өсті. Биылғы бірінші жартыжылдықта елде 138,7 мың автомобиль шығарылған. Былтыр осы кезеңде 69,8 мың көлік өндірілген еді.
Сарапшылардың пікірінше, отандық автомобильдер ұсынысының артуы жылдың екінші жартысында нарықты қолдайтын факторлардың біріне айналуы мүмкін.
Автонесие алған бірегей қарыз алушылар саны да өсіп келеді, алайда өсім қарқыны баяулаған. Алты айда олардың қатары 66 мың адамға артты. Бір жыл бұрын өсім 80 мың адам болған.
ҚҚҚ сарапшылары жаңа сатып алушыларды тарту әлеуеті сақталғанын, бірақ несие құнының жоғары болуы мен халықтың төлем қабілетінің шектеулілігі бұл үдерісті баяулатып отырғанын атап өтті.
Үшінші тоқсанда банктер автонесиеге сұраныстың біршама қалпына келуін күтеді. Бұған банктер мен автодилерлердің серіктестік бағдарламаларының қайта жандануы, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және ақша-несие шарттары жұмсарған жағдайда қарыз ресурстары құнының төмендеуі ықпал етуі мүмкін.
Панда-облигациялар екі траншпен, атап айтқанда 1,82% жылдық мөлшерлемесіне сәйкес 5 млрд юань көлемінде 3 жылдық облигациялар және 1,95% жылдық мөлшерлемесі бойынша 1,6 млрд юань көлемінде 5 жылдық облигациялар шығарылды.
Қазақстан қытай нарығында аса жоғары кредиттік рейтингтері бар «А» санатындағы елдермен пара-пар шарттармен қаржыландыруды тарта білді. Инвесторлардың жоғары қызығушылығы елімізде жүргізіліп жатқан экономиканы әртараптандыру мен орнықты дамуды арттыруға бағытталған ауқымды реформалардың оң бағасын байқатып отыр.
– Бағалы қағаздардың шығарылымы S& P рейтинг агенттігінің Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамға сәйкес «BBB-» деңгейінен «BBB» деңгейіне дейін көтерген соң орындалғанын айта кетейік. Бұл экономикалық өсімнің орнықты перспективалары мен мемлекеттік борыштың ІЖӨ-ге шаққанда 20,9% төмен екенін көрсетті. Осы ретте сыртқы мемлекеттік қарыз ІЖӨ-ге шаққанда 4,5% мөлшерінде екенін ескерсек, бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі екенін айта кеткен орынды, – делінген хабарламада.
Аталған шығарылым Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайту аясында өтті. Екі ел көшбасшылары ұстанған жүйелі саяси-экономикалық бағыт жан-жақты стратегиялық әріптестікті тереңдетуге, оның ішінде сауда-инвестициялық және қаржы салаларындағы байланысқа оң әсер етіп келеді. Қазақстандық эмитенттердің Қытай нарығына шығуы осы жолдың айқын дәлелі.
Еліміздің халықаралық капитал нарықтарына қатысуын бірізді дамыту қаржыландыру көздерін кеңейтіп, займ портфелін әртараптандыруға және инвесторлардың алуан түрлі топтарына орнықты қолжетімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді. ҚР Қаржы министрлігі әрмен қарай нарықтағы конъюнктураны және мемлекеттік қарызды тиімді басқару міндеттерін ескере отырып, мемлекеттік займ бағытында теңгерімді тәсілді ұстанатын болады. Үш және бесжылдық транштарды орналастыру Қазақстанның Қытай юаньдарындағы егеменді табысының ауытқуын одан әрі реттеуге әсер етіп, отандық квазимемлекеттік және корпоративті эмитенттердің кейінгі шығарылымдарына жол ашады.
Осы орайда жоғарыда аталған шығарылымның басты ұйымдастырушысы China International Capital Corporation Limited (CICC) болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ бірлескен негізгі ұйымдастырушылардың қатарында China Construction Bank Limited (CCB), Chustrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC), the Export-Import Bank of China және Bank of China Limited (BOC) бар. Мәміленің жергілікті менеджері Teniz Capital Investment Banking АҚ болды.
26 мамырда орналастырылған облигациялардың көлемі 3,4 млрд юаньды немесе шамамен 500 млн АҚШ долларын құраған болатын. Айналыс мерзімі – 3 жыл, жылдық купондық мөлшерлемесі – 1,9%.
БЖЗҚ хабарлауынша, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді.
«Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады», – делінген хабарламада.
Осылайша салымшылар компаниялардың көрсеткіштерін зерделеп, өз қалауы бойынша капиталын ұзақ мерзімді перспективада көбейте алады. Қазір зейнетақы активтерін басқаруға алты компания айқындалған.
Сонымен қатар 2026 жылдың Қазақстан банктері жеке тұлғаларға беретін несиесін азайтып, бизнеске берілетін қарыз көлемін арттырды. Тұтынушылық несиеге сұраныс кейінгі жылдардағы ең төменгі деңгейге түсіп, проблемалық несиелердің үлесі өсіп отыр.
Несиелеу көлемінің барлық өсімі бизнеске берілген қарыз есебінен қамтамасыз етілген. Бұл сегменттегі несие көлемі 20,7% артқан. Нәтижесінде бизнес несиелерінің жалпы құрылымдағы үлесі 55,9%-ға жетті. Ең көп өсім орта бизнеске берілген несиелерде байқалды. Оның көлемі бір жылда бірден 56,2%-ға артқан.
Қарапайым халық несие алуды азайтты. Бұл сегменттегі несие беру көлемі 3,6% төмендеді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, бөлшек несиелеудің төмендеуіне тұтынушылық несиелердің 6,5%-ға қысқаруы әсер еткен. Бұл нақты табыстың баяу өсуі жағдайында тұтынушылық сұраныстың әлсірегенін көрсетеді. Бұған қоса, макропруденциялық реттеудің қатаюы мен жоғары мөлшерлемелер де әсер етіп отыр.
Қазақстанда алғаш рет бірнеше жылдан кейін бірегей қарыз алушылар саны да азайған. Олардың саны 32 мың адамға қысқарды.
Бизнесті несиелеуге басымдық беру отандық екінші деңгейлі банктердің табысын арттырған жоқ. Бірінші жартыжылдықта олардың таза пайыздық маржасы 6,78%-дан 6,44%-ға дейін төмендеді.
Жылдық инфляция тоғыз ай бойы төмендеп, мамырдағы 10,4%-дан маусым айында 10,3% болды. Азық-түлік инфляциясы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 11,7% деңгейінде сақталды. Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының жылдық төмендеуі кезінде реттелмейтін қызметтердің қымбаттауы аясында қызметтер инфляциясы 9,0% (мамырда – 8,7%) көрсетті.
Айлық инфляция маусым айында 0,8%, ал базалық инфляцияның маусымдық факторлар ескерілмеген бағалау медианасы 0,9% болды. Қазіргі динамика дезинфляциялық импульстің әлсірегенін көрсетуі мүмкін, алайда инфляцияның динамикасында байқалатын үрдістер кейінгі деректермен расталуды қажет етеді.
«Халықтың алдағы бір жылға инфляцияны күтуі маусым айында 13,4% (12,7%) болды. Бұл ретте нарықтың кәсіби қатысушыларының 2026 жылға болжамы 10,0% деңгейінде тұрақты түрде сақталды. Ал 2027 жылға күтулер төмендеу бағытында қайта қаралып, 7,8%-ды құрады. Сыртқы секторда белгісіздік әлі сақталып тұр. Таяу Шығыстағы қақтығыстың қайтадан ушығуы энергия ресурстарының бағасын өсірді. Әлемдік азық-түлік бағасы әртүрлі бағытта қалыптасып отыр. Жоғары сұраныс пен шектеулі ұсыныстың аясында өсімдік майы мен ет қымбаттайды, ал дәнді дақылдар бағасы егін бітік шығады деген болжамның жақсаруына байланысты төмендейді деп күтіледі», – деп хабарлады Ұлттық банк.
Экономикалық белсенділік артып келеді.
«2026 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ 4,1%-ға өсті. Ал тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, өсім шамамен – 5,3%. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен көлік саласында жоғары қарқын сақталуда. Инвестициялар 9,6%-ға дейін жеделдеді. Бюджет қаражатын есепке алмағанда, шикізатқа жатпайтын секторға инвестициялардың өсуі 28,9% болды. Тұтынушылық сұраныста оң динамика сақталып отыр. Бұл ретте халықтың нақты кірісінің қалыпты өсуі және тұтынушылық кредиттеудің баяулауы тұтынушылық белсенділіктің қалыпты деңгейде сақталуына ықпал етті деп айтуға болады. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық бағытта қалыптасып отыр. Сонымен қатар ағымдағы ақша-кредит шарттарының қатаңдығы, бұрын қабылданған шешімдердің кейінгі әсерлері және айырбас бағамының динамикасы тежеуші ықпал етіп отыр. Ең төменгі резервтік талаптардың артуы, айналым операциялары және тұтынушылық кредиттеуді реттеу бойынша қабылданған шаралар да дезинфляцияға әсер етіп тұр», – делінген хабарламада.
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 4 қыркүйекте Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17% дейiн төмендеткен болатын.
Жаңадан қосылған банкаралық мобильді төлем жүйесі сатып алушылар үшін тегін. Ал кәсіпкерлерден алынатын комиссия қолданыстағы заңнамаға сәйкес банк картасымен төлем қабылдау комиссиясынан жоғары болмайды.
Егер төлем әртүрлі банктер арасында жүргізілсе, комиссияның бір пайызы сатып алушының банкіне аударылады, қалған бөлігі кәсіпкерге қызмет көрсететін банкке тиесілі болады.
Ұлттық төлем корпорациясы жүйе операторы ретінде банкаралық QR төлемдері үшін банктерден небәрі 0,05 пайыз алады, ал телефон нөмірі арқылы жасалатын аударымдар үшін комиссия мүлде алынбайды. Ұлттық банк жаңа жүйе кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақша, банк картасы және банк ішіндегі QR төлемдеріне қосымша балама екенін атап өтті.
Егер сатып алушы мен сатушының терминалына бір банк қызмет көрсетсе, тарифті сол банктің өзі белгілейді.
Егер банктер әртүрлі болса, кәсіпкер үшін комиссия былай қалыптасады:
1%-ы  – сатып алушының банкіне кетеді (сатып алушының банкіне сатушының банкі төлейтін interchange банкаралық комиссиясы). Оның бір бөлігін банк клиенттерге бонус пен кэшбек түрінде қайтара алады. Яғни, комиссияның осы бөлігі бонус бағдарламаларын қаржыландырады;
Қалған соманы қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін кәсіпкерге қызмет көрсетуші банк алады.
"Банктер де кәсіпкерлік субъектісі саналатынын айта кеткен жөн. Олар инфрақұрылымын дамытып, POS-терминалдарын орнатуға және басқа да қызметтерге жұмсалатын шығындарды өзі көтереді. Осыған байланысты кез келген бәсеке ортасы секілді кәсіпкерлерге комиссия белгілейді", – деп хабарлады Ұлттық банк.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк жаңа жүйенің жұмысы мен банктердің тариф саясатын мұқият бақылап отыр. Бұның бәрі жүйелі жұмысқа жатады және ол оңтайлы шешім шығару үшін жасалады. Бұған дейін де Ұлттық Банк халықаралық төлем жүйелерімен (Visa, Mastercard, UnionPay) және банктермен бірлесіп, екі жыл ішінде төлем карталарының барлық санатындағы банкаралық комиссияны (interchange) кезең-кезеңімен 2 есе төмендетті:
жалпыға ортақ карта – 1,8%-2,0%-дан 1%-ға дейін;
премиум карта – 2,4%-дан 1,2%-ға дейін;
суперпремиум карта – 2,45%-дан 1,4%-ға дейін.
17 шілдеден бері жүйе арқылы 1 миллионға жуық транзакция өңделген.
Дегенмен ипотекалық несиелеу саласында өзгерістер қарастырылған. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары шегі бастапқы жарна көлеміне қарай белгіленбек.
Жаңа тәртіпке сәйкес, егер бастапқы жарна тұрғын үй құнының 30 пайызы немесе одан жоғары болса, ең жоғары мөлшерлеме 20%-дан аспайды. Ал бастапқы жарна 30 пайыздан төмен болған жағдайда бұл көрсеткіш 25%-ға дейін жетуі мүмкін.
Осылайша, тұтынушылық несие алу шарттары өзгеріссіз қалады. Ал ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме қарыз алушының бастапқы жарнасына қарай сараланып белгіленетін болады.
«Біздің бүгінгі кездесуіміз еліміз үшін тарихи кезеңде өтіп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан өзінің даму жолында мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жүйелі түрде жалғастыруға жол ашатын нағыз ұлт Жарғысына айналды. Бүгінде бүкіл құқықтық жүйені қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның аясында экономиканың дәйекті әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету көзделіп отыр», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Кеңес отырысына қатысушыларға 1 шілде күні жаңа Ата заң күшіне енгеннен кейін еліміздің жаңа мемлекеттік-саяси тұрпатын қалыптастыру үдерісі басталғаны туралы ақпарат берілді.
Атап айтқанда, жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай сайлауы тағайындалып, жаңа жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы құрылды. Сондай-ақ жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Конституциялық Сот бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың бір реттік өкілеттік мерзіміне қатысты конституциялық норманы қолдану жөнінде түсіндірме берді. Олардың қатарында Президент, Конституциялық Сот төрағасы мен судьялары, Жоғарғы Соттың төрағасы мен Бас прокурор бар.
«Конституциялық Сот өз шешімімен нақты әрі дәл түсіндіріп берді. Атап айтқанда, бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, яғни биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. Құқықтық айқындылықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны толғандырған бірқатар мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Менің ойымша, бұл саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін де игілікті қадам болып отыр», – деп атап өтті Премьер-министр.
Олжас Бектенов, сондай-ақ президенттік реформалардың жұртшылық тарапынан жаппай қолдауға ие болып жатқанын ерекше атап өтті. Соңғы әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, ел азаматтарының 87%-дан астамы Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенімді. Бұл халқымыздың жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нақты нәтижесін шын мәнінде сезініп отырғанын көрсетеді.
«Президенттің саяси бағытына деген қоғамдық қолдау – реформаларды алдағы уақытта да табысты жүзеге асырудың маңызды факторы. Осылайша, жаңа конституциялық модель мен орнықты реформалар бағыты экономикамызды одан әрі жаңғыртуға, халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға берік негіз болып отыр. Құрметті әріптестер, жаңа Конституция аясында Сіздермен арадағы қарым-қатынасымыз да жаңа даму кезеңіне қадам басты. Елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар ұзақмерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға қуатты серпін беретініне сенімдімін», – деді Премьер-министр Олжас Бектенов жиынға қатысушыларға.
Отырыста цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі процестер қаралды, олар бүгінде инвестиция үшін күресте елдердің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда маңызды рөлге ие.
Президент Жарлығымен 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялады. Мәселен, жаңа Конституцияға азаматтардың цифрлық құқықтары ресми түрде енгізілді, 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық Стратегиясы бекітілді, Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» Заң, «Киберқауіпсіздік туралы» Заң қабылданды.
Сонымен қатар сенімді трансшекаралық деректер алмасу үшін заманауи реттеу тетіктері енгізілуде, олардың арасында Cloud First Policy және Data Embassy да бар. «ДӨО алқабы» флагмандық жобасы аясында Қазақстан Firebird AI-мен ЖИ-инфрақұрылымын дамыту бойынша $10 млрд-қа келісім жасасты. Жалпы, осы бағыттағы бизнес мәселелерін жедел шешу үшін Үкімет жанындағы цифрлық штаб жұмыс істейді.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев толыққанды цифрлық ел құру міндетін қойып отыр. Цифрлық трансформация мен ЖИ-ді дамыту – біз үшін тұрақты экономикалық өсудің, мемлекеттік басқарудың тиімділігін және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды элементі. Біз шетелдік әріптестердің еліміздің іскерлік ахуалын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Үкімет өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық саладағы инвесторлармен сындарлы диалогке ашық», – деп атап өтті Премьер-министр.
Отырыс барысында Қазақстандағы Америка Сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт және бизнес өкілдері сөз сөйледі. Джули Стаффт елдер арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ цифрлық реттеу, бұлтты технологияларды дамыту, дербес деректерді өңдеу және трансшекаралық деректерді беру мәселелері бойынша Үкімет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы ашық диалогтің маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық бизнес-қоғамдастық атынан Baker McKenzie серіктесі, AmCham Цифрландыру комитеті кеңесінің мүшесі Андрей Ёрш, Apple компаниясының Орталық Азия, Армения, Моңғолия бойынша мемлекеттік саясат және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Әділхан Қопабаев, Siemens Kazakhstan компаниясының бас директоры Дияс Асанов және Honeywell компаниясының Орталық Азия елдері бойынша президенті Артур Нигматьянов ұсыныстарын айтты.
Компания өкілдері Цифрлық кодексті іс жүзінде жүзеге асыру, онлайн-платформаларды реттеу, жария «бұлтты» шешімдерді дамыту, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану, өнеркәсіп процестерін цифрландыру және реттеу тиімділігін арттыру мәселелерін көтерді.
Аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов, сондай-ақ мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов пікір білдірді.
Жиын отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан ұзақмерзімді инвестициялар үшін ашық әрі болжамды ел болып қала беретінін атап өтті. Үкімет ел экономикасының цифрлық трансформациясын тереңдетуге ниетті және цифрлық реттеуді жетілдіру, пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инновациялық инфрақұрылымды дамыту және инвесторлар үшін болжамды жағдайлар жасау мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен одан әрі өзара іс-қимылға дайын. Жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстар мен ұсынымдарды зерделеп, оларды жұмыс барысында ескеру тапсырылды.
Микроқаржы секторының жөнсіз кеткен кейбір ойыншыларын тәртіпке келтіруді көздейтін осы құжаттың біраз баптары 1 шілдеден бастап ресми түрде қолданысқа енді.
«Сұр» ұйымдар дәуірі келмеске кете ме?
Бұл заңның ең басты бір жаңашылдығы – реттеушінің қадағалау аясынан тыс қалып, жұмысын жалғастыра бергісі келетін арам ниетті ойыншыларды жауапкершілік аясына оралтуда. Бұған дейін қалыптасқан тәжірибе нарықтағы қауіпті шикіліктің, сорақы саңылаудың бетін ашқан еді: егер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қандай да бір компанияның лицензиясын тартып алса, ол МҚҰ сол бойда ресми түрде ведомствоның бақылауынан шығып қалатын.
Салдарынан, егер зардап шеккен адам агенттікке арызбен жүгінсе, «ол ұйымның лицензиясы жойылған, сондықтан бұдан былай біздің реттеуімізге жатпайды» деген сыңайдағы жауап алып, тауы шағылатын, қорғансыз қалатын.
Осы құқықтық вакуумды шебер пайдаланған лицензиясыз ұйымдар көлеңкеде отырып алып, заңсыз микронесие таратуды тоқтатпайтын. Ашықтан-ашық халықты қанайтын «жыртқыштарға» айналатын. Зар илеген халықтың шағымдарына сәйкес, кейбір безбүйрек МҚҰ-лар сыйақы мөлшерлемесін тіпті 2 000%-ға дейін шарықтатып жіберіп, клиентіне суыт хабар жолдайды: барлық қалған берешекті тез әрі толық көлемде қайтаруды талап етеді екен.
Борышкерлерде бағынудан басқа таңдау да, амал да қалмайтын: өйткені мұндай «құлдық» схемалар мен қулыққа толы талаптар келісімшарттарға басынан жымдастырылады. Салдарынан клиент қанша қипақтаса да, лицензиясыз МҚҰ қалағанын сот арқылы мәжбүрлеп өндіріп алады. Оның үстіне жеке сот орындаушысының 25% сыйақысын қоса төлеттіреді.
Осыған байланысты агенттік микроқаржы ұйымы жабылған жағдайда берешектің тағдыры не болатынын түсіндірді. Қарыз алушылар арасында «егер МҚҰ өз қызметін тоқтатса, қарызым кешіріледі екен» деген жаңсақ үміт туындайтыны жасырын емес. Бірақ компанияның банкрот болуы қарыздардың есептен шығарылатынын білдірмейді.
«Азаматтық кодекске сәйкес, егер шартта өзгеше көзделмесе, қарыз алушы алынған қаражатты есептелген пайыздарымен бірге толық көлемде қайтаруға міндетті. МҚҰ-ны лицензиясынан айыру берешекті жоймайды. Ұйымның өзіне немесе шарт бойынша талап ету құқығы берілген жаңа несие берушінің алдында қарыз алушының микронесие бойынша міндеттемелері қала береді», – деп қатаң ескертті реттеуші.
Бірақ енді бассыз кеткен несие берушілер де өздерінің тонаушылық шарттарын ешкімге таңа алмайды. Ойын ережелері қатаң реттелуде.
ҚНРДА Банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры Нұржан Бидайбектің түсіндіруінше, жаңа заң агенттіктің қадағалау орбитасынан шығып кеткен микроқаржыландыру нарығы субъектілерінің жауапкершілігін заң жүзінде күшейтті.
«Бұған дейін қаржылық мәртебесінен айырылған ұйымдардың азаматтарға түсетін борыш жүктемесін шамадан тыс арттырып, қиянат жасау жағдайларын тіркеген болатынбыз. Қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін, бұдан былай лицензиясынан айырылған микроқаржыландыру нарығының субъектілері де, олардың заңды құқықтық мұрагерлері де қарыз алушылармен жұмыс істеу кезінде Қазақстанның микроқаржы қызметі туралы заңнамасында қойылатын барлық талаптар мен шектеулерді қатаң сақтауға міндетті болады», – деп мәлімдеді Бидайбек.
Тағы бір жаңалық: енді лицензиясыз МҚҰ-лар тұтынушылық микронесие бойынша қарыздарды өндіріп алуды немесе олар бойынша талап ету құқығын басқаға, мысалы, коллекторларға сатуды лицензиясынан айырылған күнінен бастап тек 24 айдың ішінде ғана жүзеге асыра алады. Осы мерзім өтті ме – бітті, талап ету құқығы тек агенттіктің тікелей қадағалауындағы заңды субъектілерге тапсырылады.
Ұйымның қарызды сатуына болатын тұлғалардың тізбесі де айтарлықтай тарылды. Сонымен қатар, азаматтарға тағы бір көмек ұсынылды: МҚҰ-лардың жеке тұлғалардың тұтынушылық микронесие бойынша қарыздарын коллекторларға сатуына тыйым салатын мораторий 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды.
Нарықты алақол ойыншылардан тазарту жұмыстары қазірдің өзінде қарқынды жүріп жатыр: 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 7 микроқаржы ұйымы өз лицензиясын ерікті түрде агенттікке кері өткізуге мәжбүр болыпты. Тағы 1 МҚҰ сот арқылы мәжбүрлі түрде жабылды: өйткені лицензия алғалы қатарынан 6 ай бойы ешқандай қызмет көрсетпеген.
МҚҰ мәртебесін қалай тексеруге болады? Қарыз қамытын кимес бұрын компанияның заңды негізде қызмет ететініне көз жеткізу – қарыз алушының басты бір міндеті. Лицензиясы бар микроқаржы ұйымдары туралы ең нақты, өзекті ақпарат агенттіктің ресми сайтында жазылған.
Сонымен қатар, микронесиені рәсімдеу алдында қойылатын шарттарды: пайыздық мөлшерлемені, мерзімдерді және мерзімін өткізіп алған жағдайда қосылатын өсімпұлдарды мұқият, електен өткізе отырып бағалау маңызды.
Тәуекелді басқарудың 3 қорғаныс шебі
Бұл реформаның екінші серпінді бетбұрысы – МҚҰ-ларда тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу болды. Нұржан Бидайбектің мәліметінше, сектор мүлдем жаңа үлгіге – «үш қорғаныс шебіне» көшуде.
Бұл модель бизнес-бөлімшелер, тәуекелдерді басқару бөлімшесі, комплаенс қызметі, сондай-ақ ішкі аудит арасындағы функциялар мен жауапкершілікті нақты ажыратады. Бұл тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың сапасын жаңа биікке көтеруге тиіс. Бұрын МҚҰ-лар үш-төрт бөлімшесінің міндеттерін көбіне бір бөлімге, тіпті бір қызметкерге жүктей салатын. Енді мұндай үнемшілдік пен қулыққа үзілді-кесілді тыйым салынады: бөлімшелер бір-бірінен тәуелсіз болуы тиіс.
Тәуекелдерді басқарудың бұл тегеурінді жүйесіне көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
2026 жылғы 1 шілдеден бастап тиісті талаптар микрозаемның басым көпшілігін сырттан тартылған қаражат есебінен беретін микроқаржы ұйымдарына қолданыла бастады.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуекелді басқарудың қатайтылған жүйесіне нарықтың барлық басқа қатысушылары ауысатын болады.
Бұл ретте Қазақстандағы МҚҰ-лар қарыз беруге арналған қаражат ресурстарын қандай көздерден жинайтынын еске сала кеткен жөн: олар компания қожайынының меншікті капиталы мен ұйымның тапқан пайдасынан; банктерден алынған несиелерден; өзге серіктестер құйған инвестициялар есебінен, сондай-ақ облигациялар шығару және мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қаржыландыруға қол жеткізу арқылы қалыптасады.
Қаржыландыру құрылымында ең үлкен үлес сырттан тартылған қарыздарға тиесілі: 60,8%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды. Сектордың меншікті капиталы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,3 трлн теңгені құрап, бірінші тоқсанда 0,1%-дық символикалық шамада ғана өсім көрсетті. Салыстырғанда, 2025 жылғы өсім 21,9%-ды құраған еді. Бұған да салада басталған реформалар әсер етсе керек.
Агенттік 2026 жылы өзінің барлық қадағалау ресурстары мен пәрменін мынадай бес негізгі бағытқа шоғырландыруға уәде беріп отыр:
МҚҰ-лардағы тәуекелдерді басқару жүйесін қадағалау процесіне толыққанды интеграциялау;
Микроқаржы және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттеу институтын ресми іске қосу;
МҚҰ қызметіндегі кез келген заңсыз тәжірибелердің алдын алу және тосқауыл қою;
Тұтынушылық несиелендіру саласында қарапайым тұтынушылардың құқықтарының сақталуын қатаң бақылау;
Тәуекелі жоғары ұйымдарға нысаналы тексерулер жүргізу.
Құрғақ статистиканың өзі нарықтағы трендтердің күрт өзгергенін айқын көрсетеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жалпы активтері 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3,5 трлн теңгені құрап, бірінші тоқсанда 0,4%-ға сәл төмендеді. Салыстырсақ: бүкіл 2025 жылы нарықта 17,3%-дық өсім байқалған болатын.
Активтер құрылымында МҚҰ-лар көш бастап тұр: үлесі 1,7 трлн теңге (48,2%). Одан кейін несие серіктестіктері – 1,2 трлн теңге (33,3%) және ломбардтар – 0,7 трлн теңге (18,6%) тұр.
Микроқаржы ұйымдарының несие қоржыны 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1,4%-ға өсіп, 3,1 трлн теңге межесін бағындырды (2025 жылы өсім 12,3%-ды құраған еді). Бизнеске берілген несиелердің үлесі 54,9%-ды құраса, халыққа берілгені – 45,1% ғана болды.
Бұл нені білдіреді? МҚҰ-лар қарапайым азаматтарға қарағанда, кәсіпкерлерді несиелендіруге әлдеқайда ынталы бола бастаған.
Қарыз алушылардың жауапкершілігі мен тәртібі өте жоғары деңгейде қалып тұр: бизнес те, халық та аяусыз айыппұлдарға, шарықтаған сыйақыларға душар болмау, сондай-ақ келесі жолы шұғыл несие керек болғанда, өтініші тезірек мақұлдануы үшін өздерінің несиелік рейтингін мінсіз сақтауға, төлемін уақытылы енгізуге тырысады.
Нәтижесінде, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем төлеуінің тоқтатылғанына 90 күннен асып кеткен «улы» несиелердің (NPL90+) үлесі бизнес бойынша небәрі 4%-ды құрады (2026 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 3,9% деңгейінде еді).
Ал, жеке тұлғалар арасында NPL90+ үлесі 4,9%. Жыл басындағы 5%-бен салыстырғанда оң динамика бар.
Мамандардан қарыз алушыларға кеңес: кез келген микронесиені рәсімдемес бұрын сол компанияның лицензиясының бар-жоқтығын агенттіктің әлгінде көрсетілген ресми сайтынан міндетті түрде, мұқият тексеріңіз. Содан соң МҚҰ-ның келісімшартының әрбір әрпіне үңіліп, пайыздық мөлшерлемесінен бастап өсімпұлдың көлеміне дейінгі талаптарын сүзгіден өткізіп, жіті бағалаңыз.