Өмір салты
Қазақстан үшін Exercise Normal Precautions – «кәдімгі сақтық шараларын сақтау» ұсынымы қолданылады. Осы ұсыным 2024 жылғы 5 тамызда енген және деңгейі өзгеріссіз сақталған.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің жүйесі барлығы төрт ұсынымды қарастырады.
Level 1 деңгейі кәдімгі сақтық шараларын сақтау қажеттігін білдіреді, Level 2 деңгей – қауіпсіздікті күшейтуді, Level 3 деңгей – сапарға шығу қажеттілігін қайта қарастыруды, ал Level 4 деңгей – елге сапар шекпеуді білдіреді. Сонымен қатар америкалық ведомство кез келген халықаралық сапар кезінде белгілі бір тәуекелдердің болатынын атап өтеді.
Атап айтқанда, қазір Австралия, Канада, Жапония, Швейцария, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Польша, Финляндия, Грекия, Венгрия, Исландия, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Өзбекстан Қазақстанмен бір санатта тұр. Бұл елдер үшін де Level 1 деңгей белгіленген.
Сонымен қатар Еуропадағы бірқатар танымал туристік бағыттар екінші сатыда тұр. Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Испания, Бельгия, Нидерланд және Швеция үшін Мемдепартамент сақтықты күшейтуді ұсынады. Себептері елге байланысты әртүрлі болып келеді және оларға терроризм, қылмыс немесе тәртіпсіздік тәуекелдері кіруі мүмкін.
Мысалы, Level 2 деңгей Франция үшін терроризм және тәртіпсіздік қаупіне байланысты, Италия үшін – терроризмге байланысты, ал Бельгия үшін – қылмыс, терроризм және тәртіпсіздікке байланысты қолданыста болады.
Төртінші, ең жоғары деңгей – Do Not Travel («сапар шекпеу») – атап айтқанда, Ресей, Украина және Беларусь үшін белгіленген. Бұл санатқа Сирия мен Сомали де кіреді.
Ескеретін жайт, Travel Advisory – елдердің қауіпсіздігінің жалпыәлемдік рейтингі емес. Бұл ең алдымен АҚШ азаматтарына арналған және америкалық саяхатшылар шетелде кездесуі мүмкін тәуекелдерді ескеретін Мемлекеттік департаменттің ұсынымдары.
Осылайша, Мемлекеттік департаменттің қолданыстағы жүйесі бойынша Қазақстан саяхатшылар үшін ең төменгі ескерту деңгейінде – Австралия, Канада және Жапонияны қоса алғанда, бірқатар танымал туристік бағыттармен қатар тұр.
Іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға арналған құттықтауы жеткізілді. Мемлекет басшысының үндеуін Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.
Президент өз құттықтауында жастарды ел дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде атап өтіп, олардың білім, ғылым, спорт және басқа да салалардағы жетістіктеріне тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандық жастар халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды әлемдік аренада танытып жүр. Құттықтауда жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала беретіні айтылды. Бүгінде еліміздің өңірлерінде білім беру, спорт және жастардың дамуына арналған жаңа нысандар бой көтеріп, дарынды жастарға түрлі мүмкіндіктер ұсынылуда.
Сондай-ақ Президент «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жастарға көрсетілетін қолдаудың нақты үлгісі екенін атап өтті. Бұл жоба білімді, еңбекқор, жаңашыл әрі отаншыл жастарды ынталандыруға бағытталған. Мемлекет басшысы жаңа Конституцияда адам капиталын дамытуға, білім мен ғылымға, инновацияға ерекше мән берілгенін атап өтті.
Сонымен бірге волонтерлік қызметті мемлекеттік деңгейде қолдау мәселесі де негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Қазақстанда цифрландыру үдерісі қарқын алып, жасанды интеллект технологияларын түрлі салаларға енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл ретте жастардың жаңа идеялар мен заманауи бастамаларды жүзеге асырудағы рөлі ерекше екені айтылды.
«Жаңашылдыққа ұмтылған, игі бастамалардың бел ортасында жүрген жалынды жастар кез келген белесті бағындыра алады. Мен бұған кәміл сенемін», – деді Президент.
Салтанатты жиын барысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Шара соңында қонақтар мен жастарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
«Жігіттер» квартетінің мүшесі, қазақстандық әнші Айдар Тұрғамбектің таяуда жариялаған видеосы Қазнетте үлкен резонанс тудырып, қызу пікірталасқа ұласты. Бейнероликте әнші кірпіден жасалған сорпадан дәм татып, бұл тағамды «асқазанға аса пайдалы шипалы ас» ретінде сипаттады. Алайда мұндай экзотиканы шипа ретінде насихаттау табиғат қорғаушылар мен медициналық қауымдастық тарапынан қатаң сын туғызды, деп жазды inbusiness.kz сайты.
Қоғам қақ бөлінді: заң мен соқыр сенім арасындағы арпалыс
Әншінің бұл қадамы интернет пайдаланушыларды жік-жікке бөлді. Пікір жазғандардың басым бөлігі дүкендер тауарға толы заманда жабайы жануарларды тағамға пайдалануға негіз жоғын нұсқап, қатаң айыптады. Азаматтар Президент Тоқаевтың тікелей бастамасымен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңы қабылданғанын еске салып, оның «Қызыл кітапқа» енген кірпілерді жоюға тыйым салатынына назар аудартты. Көрермендер мұндай бейнероликтердің қауіпті прецедент тудырып, жас ұрпаққа теріс үлгі беретінін жеткізді.
Threads платформасында тіпті құқық қорғау органдарынан әншінің әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған үндеу пайда болды. Автор әдемі контент үшін кірпіні әдейі өлтіру жануарларға қатыгездік көрсету баптарына сәйкес келетініне назар аудартты.
Бұл ретте халықтық емдеу әдістерін жақтаушылар да дереу белсенділік танытып, өз сөздерін дәлелдеу үшін «өмірлік оқиғаларды» алға тартты.
«Адам тығырыққа тірелгенде, аман қалу үшін кез келген амалды қолдануға дайын болады», – деп пікір бөлісті Үрхия.
«Менің әкем жас кезінде ауыр науқастанып, жергілікті емші оны дәл осы кірпі тұнбасының көмегімен аяққа тік тұрғызған», – деп еске түсірді Рәзия.
«Туысым созылмалы дерттен тек кірпі сорпасының арқасында ғана құтылғанын айтушы еді», – деп қостады Ерлан.
«Мұнда еш айып жоқ. Дәрігерлер «адам болмайды» деп бас тартқан мектептегі ұстазымызды шөптерді, халықтық рецепттерді жақсы білетін ақсақалдардың кеңесімен емдеп жазған болатын. Бүгінде бұл кісі 80-нен асып отыр», – дейді Шара.
«Ауру меңдесе, бәрін ішесің. Қытайлар шыбын-шіркей, бақа-шаянға дейін жейді, денсаулықтары мықты, халқының саны да сонша көп», – дейді Тілеуғайша.
Аудиторияның екінші бөлігі бұл істің адамға пайдасы барына шүбәланды. «Кірпінің қарғысы қатты болады деп еститін едім негізі», – деп жазды Асан есімді пайдаланушы.
«Кірпішешенді ем үшін аулағанда айтылатын дұғаны кім біледі екен, жазсаңыздар, керек еткен адамға пайдасы тиер!», – деп сұрау салды Сара.
Бұл сөз негізсіз емес. Қазақ халқы кейде кірпіні «кірпі шешен» деп атайды. Бұл атаудың қалыптасуына халық арасында кең тараған аңыз-әңгіме ықпал еткен. Аңыз бойынша баяғыда жануарлардың тілін түсінетін Сүлейман пайғамбар 18 мың ғаламның тілін біліп, өзінің мәңгілік өмір сүргісі келетінін Алладан сұрайды. Сонда оған: «Барлық жаратылыстан, аң-құс пен жәндіктерден рұқсат сұра, бәрі келіссе қала бер!» деген тапсырма беріліпті. Сүлейман бәрін аралап, келісімін алады, тек ең соңында кірпі ғана бұл ұсынысқа қарсы шығады.
Кірпі оған: «Біз сізді білеміз, қадіріңізді бағалаймыз. Бірақ мәңгілік өмір сүрсеңіз, кейінгі ұрпақ лайықты құрмет-қошемет көрсетпей, басыңыздан аттап, менсінбес», – деп ақыл айтады. Сонда Сүлейман пайғамбар кірпі сөзіндегі терең мағына мен әділ уәжге тәнті болады: «Ешкім айтпаған ақылды айттың, нағыз шешенсің!» – деп баға берген екен.
Тіпті бірқатар салмақты басылымдар «Қазақстандық емші жылан мен кірпі сорпасын беріп науқастарды емдеп жүр» деген сипатта мақалаларды бұрыннан басып келеді. Салдарынан, жасырын жарнама арқылы аңғал, сенгіш азаматтардың күмәнді ем-домға деген қызығушылығын оятады. Бірақ беделді ғылыми қауымдастық мұндай тосын сынақтарға шошына қарайды.
Халықаралық ғылымның үкімі: кірпілер неге қауіпті?
Бірден айталық, кірпінің еті «халал» емес көрінеді. Себебі, ол кеңес заманындағы балалар кітаптарында сипатталғандай, тек жерге топ етіп түскен алмамен ғана қоректенбейді, өлекселерді де жейді. Бұл туралы британдық зоолог және Лондон университетінің профессоры Найджел Рив (Nigel Reeve) жазды. Бұл ғалым кірпілердің биологиясы бойынша жетекші әлемдік сарапшылардың бірі.
«Кірпілер ормандағы өлген жануарларды (өлімтіктерді) жейді. Кірпі тек өсімдікпен, жеміс-жидекпен немесе ұсақ жәндіктермен қоректенетін талғампаз жануар емес. Олар – қорек таңдамайтын (омнивор, орысша – всеядный) тіршілік иесі», – дейді британдық ғалым.
Кірпілердің күнделікті рационына мыналар кіреді: жәндіктер, құрттар, ұлулар және жауынқұрттар; жыландар (соның ішінде улы жыландар), кесірткелер және бақалар; ұсақ кеміргіштер мен құстардың жұмыртқалары немесе балапандары; орман жидектері, жемістер мен тамырлар; жолай өлексені кездестірсе, бас тартпай жей береді.
Кірпілердің иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған, сондықтан олар шіріген немесе өлген жәндіктердің және жануарлардың иісін алыстан сезіп, соған қарай барады. Әрине, бұл үшін кірпішешенді еш айыптауға болмас: оның аяқтары кішкентай ғана: қалаған жеріне көтеріліп, таңдаған жемісін жей алмайды.
Содан тірі қалу үшін жолай тапқанын талғажау етуге мәжбүр. Оның үстіне кірпінің табиғатқа пайдасы зор: олар тазалық сақтаушылар (сапрофагтар) рөлін атқарып, қоршаған ортаны өлі, лас биологиялық қалдықтардан тазартуға өз үлесін қосады.
Әлемнің беделді медициналық және ветеринарлық ұйымдары, соның ішінде АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институты (PMC NIH), Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), сондай-ақ зоонозды инфекциялар саласындағы бейінді зерттеулер (Parasites & Vectors) бұған нақты жауап береді: бұл сүтқоректілер шынымен де қауіпті бактериялардың, вирустардың, зеңдердің (грибок) және паразиттердің алапат табиғи резервуары болып табылады. Сондықтан олардың етін тағам ретінде тұтынуға қатаң түрде тыйым салынады.
Кірпінің бойындағы адамға қауіпті заттарды келесідей бөлуге болады:
Біріншісі – бактериялық инфекциялар:
Salmonella spp. – ауыр ішек патологияларының қоздырғыштары.
Leptospira spp. – бүйрек мен бауырды бұзатын, кірпінің несебі арқылы бөлініп, қоршаған ортаны ластайтын спираль тәрізді микроорганизмдер.
Yersinia pseudotuberculosis және Yersinia pestis (иерсиниялар).
Coxiella burnetii – кірпілердің бойында және эктопаразиттерінде анықталған Q-безгегінің қоздырғышы.
Mycobacterium spp. – туберкулезге ұқсас процестерді тудыратын микобактериялар.
Стафилококктың резистентті штамдары (MRSA).
Екіншісі – паразиттер:
Trichinella spp. – дернәсіл-личинкалары тікелей қаңқа бұлшықеттеріне капсулаланатын жұмырқұрттар.
Cryptosporidium sp. және Giardia – асқазан-ішек жолының аса ауыр бұзылыстарын тудыратын бір жасушалы қарапайымдар.
Өкпе гельминттері (Eucoleus aerophilus және басқасы), олардың жұмыртқалары адам ағзасының тіндеріне еркін еніп кетеді.
Үшіншісі – эктопаразиттер: кене энцефалитын, боррелиозды (Лайм ауруы), Қырым-Конго безгегін және анаплазмозды тасымалдайтын иксод кенелері және қауіпті бүргелер (Archaeopsylla erinacei).
Адамдар кірпілерден қандай ауру жұқтыруы мүмкін?
Кірпіні сою, оның етін тамаққа пайдалану кезінде немесе биологиялық сұйықтықтарына кездейсоқ жанасқанда мынадай дерттердің даму қаупі төнеді:
Сальмонеллез: өткір диареямен, безгекпен, құсумен және түйілу сипатындағы ауырсынулармен белгі береді. Асқынған жағдайларда бактериялар тамырдағы қан ағымына түсіп, өмірге қауіп төндіретін сепсисті қоздырады.
Лептоспироз: капиллярларды, бауыр, бүйректі зақымдайды. Сарғаю, бүйрек жеткіліксіздігі, менингит және өлімге әкелуі мүмкін геморрагиялық синдром түрінде көрінеді.
Трихинеллез: паразиттердің дернәсілдері қан айналымы арқылы барлық бұлшықеттерге таралады. Ауру өте күшті миалгия, безгек, беттің ісінуі, бөртпе түрінде нышан береді. Ауыр жағдайда миокард пен орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Q-безгегі: Coxiella burnetii бактериялары сарқырататын қызбаны, өкпе қабынуын (пневмония) және жүрек патологияларын (эндокардит) туындатады.
Кене энцефалиті және Лайм-боррелиоз: етін жемесе де, инфицирленген паразиттерге мелдектей толған кірпіні бөлшектеу кезінде адам кенені жұқтырып алуы мүмкін.
Зерттеулер аңыздардың ақиқатын әшкереледі
Мәселенің терең талдауы PubMed Central басылымында жарияланған медицина ғылымдарының докторы Якуб Ю. Рушковскийдің (Jakub J. Ruszkowski) жетекшілігімен ғалымдар тобының беделді шолуында келтірілген. Авторлар Еуропа, Азия және Африка елдерінің ондаған ғылыми жұмыстарын қорытындылай келе, жабайы, тіпті сән үшін ұсталатын үй кірпілерінің бактериялық, вирустық, зең және паразитарлық қоздырғыштардың табиғи тасымалдаушысы ретінде орасан зор қауіп төндіретінін дәлелдеді.
«Бұл жабайы табиғатты оңалту орталықтарының қызметкерлері үшін де, үй кірпілерінің иелері үшін де үлкен мәнге ие. Азия мен Африканың кейбір елдерінде кірпілер әлі күнге дейін тағамға пайдаланылады. Дәстүрлі қытай медицинасында емдік мақсатта қолданылады. Алайда етін тұтынусыз да ауру жұқтыруы мүмкін. Адам Coxiella burnetii-мен жануарды аулау немесе сою кезінде, қоздырғышы бар аэрозолді жұту арқылы да жұқтыра алады», – дейді профессор Рушковский.
Тікенді жануардан сальмонеллез жұқтыру оқиғалары Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Жапония, басқа елдерде ресми тіркелген. Сонымен қатар, Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) науқастардың және оларға келушілердің кірпілерді еуропалық клиникаларға әкелуіне тыйым салды.
Өйткені бұл жануарлардың зең инфекцияларын, кандидозды (Candida albicans) тарататыны анықталған.
«Animals: an Open Access Journal» басылымының жазуынша, дерматофитозды жұқтыру үшін тіпті кірпі етінен дәмін тату міндетті емес: қолғапсыз сипап, не қолға алу кезінде бұл жануардың инелеріне кездейсоқ шаншылып қалудың өзі жеткілікті.
Әлбетте, мұның барлығы Грузияның танымалдылығын артыра түсетін осы елге ғана тән ерекшеліктер. Алайда бұл елге бір  рет сапарлап келген саяхатшы оның әлдеқайда сан қырлы ел екенін бірден сезеді.
Бұл елді танып-білу Тбилисидің көне көшелерінде серуендеуден басталып, туристер көп бара бермейтін шағын аулалардың бірінде иісі бұрқыраған кофеден дәм татуға ұласуы қалыпты жағдай. Ал кешкісін таулардың биік шыңдарын саялап күн ұясына батқанын тамашалайсыз, не болмаса қонағын көптен бергі танысындай қарсы алатын отбасылық мейрамханада кешкі ас ішу бұйырады. Дәл осындай сәттер әр саяхатшының есінде ерекше сақталары сөзсіз.
Сондықтан болар, Грузияға бір рет саяхаттап келгендердің көбі бұл елге қайта оралуға асығады. Оның себебі де түсінікті. Өйткені,  бұл елге жолы түскен саяхатшы әр сапарында жергілікті тұрғындардың қонақжайлығы, оның шағын қалалары мен табиғаты, тағамдары мен еш жерде қайталанбайтын ерекше атмосферасы арқылы Грузияны жаңа қырынан ашып, бұрынғыдан өзгеше, мүлдем жаңа әсер алуға асығады.
Грузияға жету жолдары
Грузияға Қазақстаннан тікелей рейс арқылы тек Астана мен Алматыдан ғана емес, Ақтау мен Атыраудан, Шымкенттен де жетуге болады. Тікелей рейстердің бағыты Грузия астанасы Тбилисиге, жазғы демалыс үшін таптырмас бағыт Батумиге де, жылдың кез келген мезгілінде саяхаттауға қолайлы Кутаисиге де қарастырылған. Сондықтан сапар бағытын таңдар алдында Грузияның туристерге ұсынатын түрлі саяхат бағытын саралап, ақпаратпен толық танысып шығуға кеңес береміз, тек содан кейін өзіңізге ең қолайлы әрі ұтымды бағытқа билет алған абзал.
Супра. Фото: GNTA​
Грузияға жету жолы қазір әлдеқайда жеңіл. Қазақстанның бірнеше қаласынан ұшатын тікелей рейстер сапардың бағытын өз қалауыңызға қарай құруға мүмкіндік береді. Теңіз жағасында демалғыңыз келсе де, тарихи қалаларды аралауды жоспарласаңыз да немесе таулы өңірлерге сапар шеккіңіз келсе де, өзіңізге қолайлы бағытты оңай таңдай аласыз. Сондықтан сапарға шығар алдында әуе тасымалдаушылардың ресми дереккөздерінен ақпаратты нақтылап алуға кеңес береміз.
Тбилисиге Астана мен Алматыдан тікелей рейске шығатын жайлы бортта жетуге болады, оның бағасын арнайы қосымшадан біле аласыздар. Сондай-ақ Тбилисиге Астанадан Шымкент арқылы қатынайтын рейстер де қарастырылған.
Саяхаттап баратын тағы бір қолайлы бағыт - Кутаиси. Қазақстаннан қатынайтын бұл бағыттағы тікелей рейстер саяхатшыға Имерети өңірі мен  Грузияның батыс бөлігін тамашалауға жол ашады.
Сапарыңызды бір ғана қаламен шектемеген абзал. Грузияның көлік инфрақұрылымы бірнеше бағытта сапарыңызды жоспарлауға мүмкіндік береді. Батуми, Кутаиси және Тбилиси арасында күн сайын заманауи жүрдек пойыздар қатынайды. Ал автокөлікпен саяхаттау шағын қалаларды, тау асулары мен туристік бағыттарға енбеген  әрі көпшілікке ұсыныла бермейтін ерекше жерлерді көруге таптырмас шешім.
Квариати, Аджария. Фото: GNTA
Саяхатты қалауыңызға  сай жоспарлау
Грузияға саяхаттаудың басты артықшылығының бірі - демалысты өз қалауыңызға сай жоспарлау мүмкіндігі. Мұнда бір сапарда бірнеше демалыс түрін оңай біріктіруге болады. Мәселен,  саяхаттың алғашқы күндерін теңіз жағасындағы заманауи қонақүйде өткізіп, кейін Тбилисидің тарихи орталығындағы жайлы апартаментті таңдап, ал сапардың келесі кезеңінде таулы аймақтағы немесе шарап өндіретін өңірдегі шағын қонақ үйге орналасуға болады.
Мұндай бағыт елді жан-жақты тануға жол ашады. Таңертең Қара теңізге қарап таңғы ас ішіп, күндіз қаланың көне көшелерінде серуендеп, кешке жергілікті тұрғындар жиі баратын отбасылық мейрамхананың бірінде ұлттық тағамдардан дәм татуға болады. Осылайша бар болғаны бір аптаның ішінде Грузияны әр қырынан танып-білуге мүмкіндік аласыз.
Грузияның ұлттық тағамдары. Фото: GNTA
Ал келесі күні қонақ күтетін шағын үйге тоқтап, мүлде басқа атмосфераны сезінуге әбден болады. Мұнда таңғы аста грузин тағамдарымен ауқаттанып, қонақжай үй иесінің туған өлкесінің тарихы мен салт-дәстүр жайлы әңгімесін естіп,  кешкісін жергілікті шараптан дәм татып, өзіңізді сапарда емес, жақын адамдардың үйіне қонаққа келгендей әсер аласыз.
Келесі күні сапарыңызды заманауи жүрдек пойызға немесе автокөлікке отырып жалғастырсаңыз болады. Бір қаладан екіншісіне аттану әрі демалыс түрін алмастыру Грузияның сан қырлы ел екенін сезінуге мүмкіндік береді.
Егер дәл осындай саяхат түрін қаласаңыз, әр бағытта әр түрлі қонақ үй түрлерін таңдасаңыз болады. Қала ортасындағы заманауи үлгідегі қонақ үйлер, жайлы апартаменттер, отбасыға арналған қонақ күтетін үйлер немесе теңіз жағасындағы курорттық кешендер сынды кез келген талғам мен бюджетке лайық таңдау Грузияда баршылық.
Мцхета. Фото: GNTA
Әрине, әр қонақ үйдің орналасу құны жыл мезгіліне, өңірге, қонақ үй санатына және брондау мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Десе де бұл жағынан ұсыныс мол, сондықтан әр саяхатшы өзіне қолайлы қонақ үй түрін оңай тауып, жайлы орналаса алады.
Қазбек тауы. Фото: GNTA
Дәл осы тұрғыдан ұсыныстың молдығы саяхаттаушыларға Грузиядан ерекше әсер қалдырады. Мұнда теңіз жағалауында тынығып, тарихи қалаларға саяхаттап баруға болады, шарап дайындайтын өңірлерге сапармен барып, ұлттық тағамдардан дәм татудың реті түседі. Саяхаттаушылардың көбінің бұл елге қайта оралуының да басты себебі осы.
Үш қала – үш түрлі әсер
Грузияны етене тануға бел бусаңыз, онда бір қаламен шектелмеген абзал. Өйткені әр қаланың өз тыныс-тіршілігі, өз атмосферасы мен ерекшелігі бар.
Тбилиси - еуропалық сәулет үлгісі мен грузиндік рух керемет үйлескен қала. Ондағы ескі ағаш үйлердің қасында заманауи үлгідегі ғимараттар жарасымды бой көтерген, көне шіркеулердің маңында дизайнерлік үлгідегі кофеханалар мен шарап барлары орналасқан. Ал ескі Тбилисидің тар көшелері саяхатшыны күтпеген жерден кең алаңдардың, концерт залдары мен мұражайлардың алдынан бірақ шығарады.
Тбилиси. Фото: GNTA
Тбилисиді аралау үшін нақты жоспар құру міндетті емес. Керісінше, туристік карта аяқталған тұста саяхаттың әлдеқайда әсерлі бағыты басталады. Көрші көшеге бұрылсаңыз болғаны, тыныш ішкі аулаға, шағын көркемсурет галереясына, жайлы отбасылық мейрамханаға немесе шарап барына кезігесіз. Мұнда қонақжай кәсіп иесі шарап өндірісінің де, қаланың да тарихын әсерлеп әңгімелеп беруге әзір. Мұндай сәттер осынысымен де саяхатшының жадында Тбилиси жайлы ерекше естелік қалдырады.
Батуми. Фото: GNTA
Батуми - теңіз жағасындағы заманауи курорт. Қаладағы кең жағалау, пальма ағаштары, велосипед жолақтары мен заманауи сәулет үлгілері теңіз жағасындағы ескі қалаға жаңаша рең бере түскен. Ал жазда Батуми ерекше құлпыра түседі. Мұнда музыкалық фестивальдер, ашық аспан астында түрлі концерттер мен мәдени іс-шаралар өтеді. Одан қалды сансыз мейрамханалар, барлар мен жайлы террасалар кешкі Батумиге көрік бере түседі.
Маусымаралық кезеңде Батуми танымастай өзгереді. Оның жұмсақ климаты, теңізден ескен таза ауасы мен қарбалассыз демалуға жайлы атмосферасы саяхаттаушылар үшін қаланың тартымдылығын тек арттыра түседі.
Кутаиси. Фото: GNTA
Грузияның ең көне қалаларының бірі Кутиси  - саяхатқа ерекше әсер беретін бағыт. Қаланың көнеден сақталған көшелері, грузин ұлттық тағамдары, қаланың көрікті табиғи аймақтарға жақын орналасуы саяхаттаушыларды Имерети өңірімен танысуға бірден-бір мүмкіндік.
Осы қала арқылы Грузияның тылсым табиғатын тамашалуға жол ашылады. Мәселен,  Кавказдағы ең ірі карст үңгірлерінің бірі саналатын Прометей үңгіріне, динозавр іздері табылған әйгілі Сатаплия қорығына, Кинчха сарқырамасына және табиғи термальды қайнаркөзі арқылы көпке мәлім Цхалтубо бальнеологиялық курортына оңай жетуге болады.
Ал кешкісін Кутаисиді мүлдем басқа қырынан ашысыз. Заманауи үлгідегі гастрономиялық кеңістіктер мен шарап барлары, әсерлі әуен мен тарихи орталықтың тыныш атмосферасы саяхатшыларды ерекше әсерге бөлейді.
Грузия - жылдың кез келген мезгілінде тартымды бағыт
Грузияны тек жазғы саяхат бағыты ретінде қарастырып жатамыз. Шын мәнінде, бұл ел жылдың кез келген мезгілінде саяхаттауға қолайлы. Әр мезгілде Грузия жаңа қырынан ашыла түседі. Көктемде табиғаты құлпырып, бақтары алуан түрлі гүлге оранады. Жазда теңіз жағалауы мен тау бөктері де саяхаттаушылар үшін тартымды бағыт. Күзде шарап жасау дәстүрінің қызатын шағы болса, қыста тау шаңғысын қалайтындар үшін Грузия таптырмас бағыттың біріне айналады.
Кавказ тауларының бөктеріндегі Местия. Фото: GNTA
Көктемде Кахетияға сапарлап барсаңыз гүлге көмкерілген жүзім  мен жеміс бақтарын тамашалай аласыз. Имерети өңірі көкке оранған табиғатымен, шатқалдары мен үңгірлерімен тәнті етеді. Ал Рача өңірінің асқақ таулары мен демалуға жайлы атмосферасы кез келген саяхатшыны баурап алады. Ал күзде Грузия мүлде басқа кейіпке енеді. Бұл кезде Кахетиядағы әйгілі жүзім жинау мерекесі - ртвелиге барып, Рачаның алтын түске боянған ормандарын тамашалап, тау жолдарымен жүріп, гастрономиялық саяхат маусымының қызған шағына куә боласыз.
Рача. Фото: GNTA
Қыс мезгілінде Грузия басқа қырынан танылады. Жылдың бұл мезгілінде Кавказ тауларының көрікті табиғатын тамашалауға мүмкіндік беретін әрі  сапалы инфрақұрылымы бар Гудаури, Бакуриани, Годердзи, Тетнулди және Хацвали сияқты заманауи тау шаңғысы курорттары ерекше сұранысқа ие болады.  Бұл курорттарда әртүрлі деңгейдегі шаңғышылар мен сноубордшыларға арналған трассалардың молдығы тәжірибелі спортшыларға да, алғаш рет шығыда сырғанап көргісі келетіндерге де ыңғайлы әрі қолайлы жағдай жасалған.
Сванети. Фото: GNTA
Бахмаро курорты ерекше әсер іздейтін саяхаттаушылар үшін лайықты таңдау бола алады. Соңғы жылдары бұл бағыт cat skiing әуесқойлары арасында аса сұранысқа ие. Арнайы техника мен кәсіби гидтердің көмегімен шаңғышыларға тау бөктерінен сырғанауға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, Грузияда қыс мезгіліндегі демалыс түрлері тек тау шаңғысымен шектелмейді. Заманауи курорттар, жайлы инфрақұрылым мен дәстүрлі грузин қонақжайлығы бұл елге жасаған әр сапарыңызды ерекше әсерге бөлейді. Таудағы белсенді демалыстан кейін жергілікті мейрамханалардың бірінде ұлттық тағамдардан дәм татып, грузин асханасының бай мәдениетімен таныса аласыз.
​Қысқы Бахмаро.  Фото: GNTA
Сондықтан да болар, Грузияға келген туристтердің басым бөлігі бұл елге міндетті түрде қайта оралауға асығады. Бірде теңіз жағасында демалуға келсе, келесіде Грузияның биік тауларын көруді қалайды, ал келесіде грузин ұлттық тағамдарынан дәм татуға асықса, енді бірінде Грузияның ерекше атмосферасын қайта сезіну үшін қайта оралып жатады.
Қай бағытты таңдасаңыз да, Грузия әр жолы өзін жаңа қырынан аша түсетін ел. Теңіз бен тауды, көне тарихи мұра мен заманауи мәдениетті шебер үйлестіре білген Грузияға келген әр сапарыңыз ұмытылмас естелікке толы болары сөзсіз.
Кинчха сарқырамасы. Фото: GNTA
Грузияны бір сапарда толық танып-білу мүмкін емес. Бұл елге жоспарлаған әр сапарда  жаңа мекендерді  көріп, грузин дәстүрі жайлы ақпарат алып, әр сапарда ерекше әсер сыйлайтын ел. Бұл елге бірнеше рет сапарлап келсеңіз де, алда  сізді таңқалдырар  жаңа сәттер күтіп тұратындай әсерде қаласыз.
Егер Грузияға сапарға шығуды жоспарланып жүрсеңіз, #DiscoverGeorgia және #SalemGeorgia хештегтерін қолданып, алған әсеріңізбен бөлісе отырыңыз.
Номинацияны әзірлеу және ұсыну жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Президент Маңғыстаудың бірегей табиғи келбеті мен тарихи-мәдени мұрасын әлемге кеңінен танытуды және өңірдегі жерасты мешіттерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмысын бастауды тапсырған болатын.
Сериялық нысан құрамына Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан епе және Бекет ата атты бес киелі кешен енді. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті нысанның (ii) және (iii) критерийлер бойынша айрықша әмбебап құндылығын мойындады. Комитет Маңғыстауда сопылық дәстүр мен көшпелі мәдениеттің сан ғасырлық сабақтастығы нәтижесінде қалыптасқан бірегей киелі кеңістіктің әлемдік мәдени мұра үшін маңызын атап өтті.
Әрбір кешеннің құрамына жерасты мешіттері, қорымдар, сопылық ілім өкілдерінің кесенелері мен жерлеу орындары, зиярат жолдары, киелі құдықтар және діни мәні бар өзге де нысандар кіреді. Бұл орындар ғасырлар бойы үзілмеген рухани дәстүрдің сақталуына ықпал етіп, бүгінге дейін зиярат етушілердің маңызды орталығы ретінде маңызын жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар киелі орындарды күтіп-баптап, олардың сабақтастығын жалғап келе жатқан шырақшылық дәстүрі де сақталған.
Бес кешеннің барлығы мемлекет қорғауында және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Оларды ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 2027-2032 жылдарға арналған кешенді басқару жоспары әзірленіп жатыр.
Құжатта ескерткіштерді сақтау, киелі тарихи-мәдени кеңістікті қорғау, келушілер ағынын тиімді ұйымдастыру, ықтимал қатерлердің алдын алу және ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қамтылған.
Байқау қорытындысы бойынша өнерпаздар «Хор ұжымы» аталымында ең жоғары ұпай жинап, Gold Award марапатына ие болды.
Жас өнерпаздар кәсіби шеберлігін танытып, шығармаларды әсерлі жеткізу мәнерімен ерекшеленді. Орындаушыларға Австралия, Италия, Германия, Беларусь, Қытай, Таиланд, Қазақстан және өзге де елдердің белгілі дирижерлері, композиторлары мен педагогтерден құралған халықаралық қазылар алқасы баға берді.
Фестиваль 2026 жылғы 12-17 шілде аралығында өтіп, оған әлемнің оннан астам елінен келген хор ұжымдары мен музыка саласының мамандары жиналды.
Жарияланым авторлары Алматыны Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі деп атаған.
– Мақалада Алматының Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқаны, дамыған туристік инфрақұрылымы, бай мәдени мұрасы, сан алуан гастрономиясы және белсенді демалысқа арналған кең мүмкіндіктері атап өтілген, – делінген хабарламада.
Viajar – Испаниядағы жетекші туристік басылымдардың бірі. Журнал ондаған жыл бойы оқырмандарына әлемнің ең қызықты саяхат бағыттары туралы ақпарат ұсынып келеді.
Жарияланым Алматының халықаралық туристік имиджін нығайтып, шетелдік саяхатшылардың қалаға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
«Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраны ерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайды», – деді Найеф әл-Файез.
Ол сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Қазақстанның ұлттық мұраны сақтау жолындағы бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.
«ЮНЕСКО Қазақстанның осы бірегей музыкалық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету жолындағы қадамдарын жоғары бағалайды», – деді ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары.
Айта кетейік, қазақтың дәстүрлі күй орындау өнері 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген. Ал 2022 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлық мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Бүгінде домбыра үні ЮНЕСКО қабырғасында жиі шырқалады. Қазақстандық дипломаттардың қатысуымен өтетін мәдени іс-шараларда ұлттық аспаптың үні тұрақты түрде естіліп, шетелдік көрерменнің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып келеді.
Наманган қаласында Мақом өнерінің III халықаралық форумы аясында «Шығыс мақомының жаңа бағыттары: дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Форумның ашылу рәсіміне Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қатысып, жиын қонақтарына арнап сөз сөйледі.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов қатысты. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәдениетті дамытуға, тарихи мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды қолдауға ерекше мән беретінін атап өтті.
Вице-министр мақом өнерінің Қазақстанның дәстүрлі музыка мәдениетімен үндесетінін атап өтті. Оның айтуынша, күй, жыр, терме, айтыс және дәстүрлі ән өнері – ұлттың рухани мұрасы мен мәдени сабақтастығын сақтап келе жатқан құндылықтар.
Конференция барысында дәстүрлі өнерді заманауи технологиялар дәуірінде сақтау мәселесі кеңінен талқыланды. Қатысушылар мәдени мұраны цифрландыру, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану және жастардың классикалық музыкаға қызығушылығын арттыру жолдары жөнінде пікір алмасты.
Жиын барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарға да ерекше назар аударылды. Осы ретте «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің Хиуа қаласында өткен III халықаралық «Лазги» би фестиваліне қатысып, «Ең үздік сахналанған би» аталымын иеленгені айтылды. Сонымен қатар өзбекстандық өнерпаздардың Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы халықаралық вокал байқауына қатысқаны атап өтілді. Байқау қорытындысы бойынша Мухаддас Алиева арнайы жүлдеге ие болды.
Форумның айтулы оқиғаларының бірі – Әндіжанның Түркі әлемінің мәдени астанасы атануы болды. Бұл мәртебе өткен жылы Ақтау қаласына берілді.
Форумға ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, шет мемлекеттердің мәдениет министрліктері, дипломатиялық корпус өкілдері, музыкатанушылар, педагогтер және орындаушылар қатысты. Іс-шараға әлемнің 80-нен астам елінен 250-ге жуық мәдениет және өнер қайраткері жиналды.
Конференция алаңында 60-қа жуық елден келген 100-ден астам ғалым мен маман бас қосты. Бағдарламаға 121 ғылыми еңбек енгізілді.
Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген жас көшбасшылар, белсенді жастар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Басты мақсат – жастардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасап, халықаралық байланысты нығайту және ортақ бастамаларды дамыту.
Үш күнге жоспарланған бағдарлама аясында жастар форумдарға, сараптамалық кездесулерге және жастар жобаларының таныстырылымдарына қатысады.
Кемпингтің алғашқы күні мәдениетаралық диалог пен жастар дипломатиясына арналған интерактивті кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар психологиялық қолдау, экология, цифрландыру және қоғамдық даму бағыттары бойынша жаңа жобалар мен бастамалар әзірлеген хакатон өтті.
Аталған бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған жастардың инновациялық әлеуетін арттыру, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект саласындағы білім мен дағдыларды жетілдіру міндеттерімен үндеседі.
Еске салсақ, Алматы қаласына 2025 жылы Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі берілген болатын. Ал 14 маусымда халықаралық бастаманың жабылу рәсімі өтіп, бұл мәртебе келесі қалаға табысталады.
«Qaitadan» соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.
Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат – STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.
Айта кетейік, жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Ішкі істер министрінің сөзінше, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
– Қазіргі уақытта 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар, виза беру де ұйымдастырылған: IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды, – деді Ержан Сәденов.
Сонымен қатар, әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар «туристік карталар» беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған. Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде. Туристік полиция бөлімшелері 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген.
Түркияда саудаға қойылған туристік нысандардың саны өткен жылмен салыстырғанда бірден 129%-ға артып шыға келді. Бұл туралы оппозициялық «Түркия республикалық халық партиясының» Парламенттегі депутаты Седа Кая Үсен (Seda Kaya Ösen) мәлімдеді, деп хабарлады Turizm Ajansi басылымы.
Депутаттың байламынша, бұл жағдай – инфляциялық қысымның, қолайсыз валюта саясатының, өсіп бара жатқан шығындардың және салық ауыртпалығының тікелей салдары. Түркия статистика институтының (TÜİK) дерегі бұл теңгерімсіздікті куәландырады: қонақүй иелерінің жылдық операциялық шығындары 61,5%-дан астамға шырқады, ал, шетелдік валюта бағамы небәрі 19%-ға өсті. Қонақүйлер табысының негізгі бөлігін еурода табатыны мәлім. Депутаттың сөзіне қарағанда, бұл алшақтық бизнестің кірістілігін іс жүзінде жойды.
Сонымен қатар, Седа Кая Үсен туристер ағынының өскені туралы ресми есептерге қарамастан, қонақүйлердің нақты толу деңгейі төмендеп жатқанына назар аудартты: 2024 жылғы 51,9%-дан 2025 жылы 49,5%-ға дейін түскен. Көптеген қонақүй иелеріне пандемиядан бері қордаланған қарыздарын, қызметкерлер алдындағы берешегін, электр энергиясы мен салықтар шығынын өтеу, сондай-ақ Әлеуметтік сақтандыру қоры (SGK) мен салық қызметінің мүлікті тәркілеу қаупінен құтылу үшін «мәжбүрлі сатылымға» келісуге тура келеді екен.
Жағдайды аймақтық қақтығыстар да ушықтырып тұр: АҚШ пен Израилдің Иранға шабуылынан кейін дамыған елдердің көптеген тұрғыны тек Таяу Шығыста ғана емес, оған іргелес Түркияда да демалудан аттонын ала қашып, брондаудан бас тартқан.
Жығылғанға жұдырық дегендей, ішкі туристердің мінез-құлқының өзгеруі де қосымша соққы болуда. Өз еліндегі қымбатшылыққа байланысты Түркия азаматтары отандық курорттардың орнына арзанырақ түсетін іргедегі Грекия аралдарын жиі таңдайтын болған.
Әрине, түріктің ақпарат құралдарында «220 жаңа қонақүй ашылғалы жатыр!» деп сүйіншілеген оптимистік тақырыптар да пайда болды. Алайда бұл жерде сөз тек 2026–2028 жылдары 220 жаңа 4 және 5 жұлдызды қонақүйлердің құрылысына 109,3 миллиард түрік лирасын инвестициялау жоспарлары туралы ғана болып отырғанын аңғаруға болады. Жоспар деген қолға ұстайтын зат емес, бүгін бар, ертең жоқ болуы мүмкін, деп пессимизм танытады Profi.Travel.
Іс жүзінде 2026 жыл ішінде 48 396 орындық 164 жаңа қонақүйді ғана пайдалануға беру көзделген. «Салынып» және «сатылып» жатқан нысандардың арасындағы алшақтық зор: соңғылары 9 еседей көп.
Өз кезегінде, HMT Otel Yatırım ve Yönetim Danışmanlığı директорлар кеңесінің басшысы Хамит Топалоғлы Түркияның туристік секторында парадоксты байқапты: бір жағынан, қонақүйлер жаппай жабылып, сатылып немесе жалға қойылып жатса, екінші жағынан, жаңа жобалар жарияланып, брендтік келісімдер жасалып, жаңа қонақүйлердің құрылысына мемлекеттік субсидиялар толассыз бөлінуде.
Түріктің туризмі тұралап қалды дейтіндей емес: бұл саладан түскен табысы 2025 жылы 65,2 миллиард долларға жетті, ал, 2026 жылға қойылған меже одан да өршіл: 68 миллиард доллар.
Түркияда қонақүйлер неліктен жаппай сатылып жатыр?
Сарапшы Хамит Топалоғлы нысандардың жаппай жабылуының, сатылуының және жалға ұсынылуының бірнеше себебін көрсетті.
№1 себеп: Түсім өсті, бірақ таза пайда төмендеген
Кез келген дүкен мейлінше көп тауарды арзандауға сатып, ақшаны тезірек айналтса, қомақты таза табысқа кенелуі мүмкін. Бұл қағида туризмге жарамайды: бір бөлмеге мейлінше көп қонақты жатқыза алмайсың. Қонақүй бизнесіндегі ең маңызды көрсеткіш ақша айналымы (ciro) емес, жалпы операциялық пайда (GOP) және EBITDA.
Содан қандай да бір қонақүйдің бөлмелері күн сайын қонақтан арылмай, толуы тамаша болуы мүмкін. Алайда содан түскен түсім ретсіз жұмсалса, сондай-ақ қызметкерлерге, электр энергиясына, тамақ пен сусындарға (F&B), қызмет көрсетуге, франшизаға, маркетингке және қарыздарға жұмсалатын шығындар ұтымды бақыланбаса, инвестор күткен табысына қол жеткізе алмайды.
Инфляциясы 50 пайызға дейін барып, ұшынып тұратын Түркияда отельерлер екі оттың ортасында қалды. Егер ол бағаны көтерсе, «қымбат қонақүй» имиджі қалыптасады, клиенті теріс айналып, сұранысын жоғалту қаупі төнеді. Егер бағаны бұрынғы қалпында қалдырса, қонақтарын сақтап қалады, бірақ рентабеліліктен (табыстылықтан) ұтылады. Бұл тығырық әсіресе, тәуелсіз қонақүйлерге, ескі нысандарға, кірісті басқаруы нашар компанияларға және қарыз жүктемесі жоғары жобаларға қатты соққы болып тиюде.
№2 себеп: Ауқымды реновацияның қажеттілігі
Түркиядағы қонақүйлердің көпшілігі 1990–2010 жылдардағы стандарттар бойынша салынған ескі нысандар. Алайда қазіргі саяхатшылар жайлылықтың мүлдем басқа деңгейін талап етеді: бөлмелердің дизайнын, төсек-орын мен жуынатын бөлмелердің сапасын, технологияларды, тағам стандарттарын, қоғамдық аймақтардың тұжырымдамасын, SPA, балалар аймақтарын, цифрландыруды және қызмет көрсету жылдамдығын солардың артқан талабына сай келтіру үшін мол инвестиция құю қажет.
Ескірген қорды жаңарту да орасан зор капиталды талап етеді, бұл қаражат меншік иелерінің бәрінде бірдей бола бермейді: бұл жағдай олардың нарықтан кетуін тездетеді.
№3 себеп: ТЭН-дегі тарихи қателіктер
Бүгінде сатуға қойылған қонақүйлердің бір бөлігі – кезінде жобалау сатысында-ақ қателіктер жіберілген нысандар. Ғимаратының ішінде қонақ түсетін бөлмелер саны тым аз, ал, дәмхана-мейрамханаларына шамадан тыс үлкен алаңдар бөлінген. Ешқандай мерекелік шаралар өткізілмесе де, конференц-залдары тойханаға бергісіз алып әрі тиімсіз. Қонақүй географиялық тұрғыдан ұтымсыз жерде орналасқан. Жұлдыздылығы дұрыс таңдалмаған. Әу баста жіберілген осы және басқа ағаттықтар ашылғаннан созылмалы проблемаға айналады.
Техникалық-экономикалық негіздемедегі қателіктер («fizibilite hataları») құрылыс аяқталғаннан кейін ешқайда жоғалып кетпейді: керісінше пайдалану кезінде ай сайын артық шығындар тудырып, бизнесті өткен күн қателіктерінің «құрбанына» айналдырады.
№4 себеп: Алпауыттардың қатаң қысымы
Түркиядағы қонақүйлер бизнесінің өрісін жаһандық және жергілікті отелдердің желілік брендтері басыбайлы жайлап жатыр. «Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі» дегендей, бұл екі ірі күш өзара қақтығысқан кезде, олардың ортасында тірегі жоқ, соқа басы ғана бар, жападан жалғыз тәуелсіз қонақүйлер күйреп қалып, орнын босатады.
Өйткені нарық алыптары жүйелі дистрибуция, кең ауқымды маркетинг пен жарнама, адалдық-лоялдылық бағдарламалары аясында клиенттеріне сыйлықтар мен бонустар, кең тармақты сату арналары, кірісті басқарудың қатаң тәртібі (revenue management) және қалталы клиенттердің брендке берілгендігі есебінен өз ұпайын түгендейді. Байыған үстіне байи түседі.
Жеке дара қонақүйлер олармен тартысу үшін көбіне тек бағаны демпингтеу, бөлмесін арзанға ұсыну арқылы ғана жауап бере алады: салдарынан өздерінің онсыз да оңбай тұрған кірістілігін біржолата құрдымға жібереді.
Әсіресе, Түркия қалаларында select service және upper midscale класындағы брендтік азулы қонақүйлердің өсуі тіркелуде. Олар тарамдалған өз желілері арқылы тәуелсіз 4 жұлдызды және ескі 5 жұлдызды нысандарды нарықтан ығыстырып шығаруда. Осы орайда көптеген меншік иелері үшін қонақүйін жауып, ғимаратын сату туралы шешім қабылдау: «Жалғыз алысамын деп жүріп, алпауыттармен бәсекеге төтеп бере алмадым!» дегенді мойындауы болса керек.
№5 себеп: Көтере алмас қаржылық ауыртпалық
Инфляция тым жоғары болғандықтан түркиялық банктер несиені «удай» қымбатқа ұсынады. Түркия Орталық банкі бекіткен базалық мөлшерлеме мен қазіргі макроэкономикалық жағдайға байланысты, түрік лирасымен бизнеске берілетін несиелердің орташа жылдық ставкасы 65%-дан 75%-ға дейінгіні құрайды. Салыстырсақ, Қазақстанда кредиттің жылдық мөлшерлемесі 21–37% аралығында.
Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, арзандау кредиттердің қолжетімсіздігі, валюталық қарыздар, ақша ағынының төмендеуі және реновация қажеттілігі бір жерде тоғысқанда, активті ары қарай ұстап тұру мүмкін болмай қалады. Қонақүй ағыл-тегіл табыс әкелмегенімен, операциялық шығынсыз жұмыс істеуі де мүмкін, бірақ ол үшін алынған ескі несиелерді жабу, салығын төлеу және міндетті инвестицияларға қаражат іздеу қажет болғанда, бұл нысан инвестор үшін көтере алмас шоқпарды белге байлағанмен бірдей ауыр жүкке айналады.
№6 себеп: Отбасылық бизнестегі ұрпақ алмасуы
Түрік қонақүйлерінің басым бөлігі – отбасылық компаниялар. Егер инвесторлардың аға ұрпағы бұл бизнесті орасан зор еңбектің арқасында тұрғызса, соған бүкіл ғұмырын арнаса, олардың орнын басқан кейінгі ұрпағының бойында көбіне мұндай ынта-мотивация да, бейінді білім де, төзімділік те табыла бермейді. Мирасқорлар қонақүйді дамытуға бас қатырғанша, оны сатып жіберіп, ақшаны акцияға салуды не бай-бақуатты өмірге жұмсауды жөн көреді.
Түрік сарапшысы Хамит Топалоғлының пікірінше, бүгінде Түркияда «сатылып жатқан» және «жаңадан салынып жатқан» қонақүйлер – мүлдем екі бөлек дүние. Көбінесе сапасы, орналасқан жері, сегменті және басқару моделі бойынша олардың еш ортақ тұсы, ұқсастығы болмайды. Сатуға шығарылған нысандар – бұл, әдетте, реновацияны қажет ететін, ескірген, тәуелсіз, несиеге батқан немесе позициясы қате таңдалған кәсіпорындар. Ал, жаңа жобалар әу баста-ақ брендке иек артады, тиімді жоспарланады, танымал франшизаға немесе сыртқы операторлардың басқаруына (third-party management), сондай-ақ мықты технология мен дистрибуция арналарына бағытталады.
Нарық жазалаудың, тазалаудың ең ірі кезеңін өткеруде
Ақпарат құралдарының мәліметінше, түрік қонақүйлерінің үштен екісі жабылу алдында тұр. Салдарынан, шетелдік туристер, соның ішінде қазақстандықтар дәл демалыс кезінде брондалған баспанасыз қалу қаупіне тап болды. Әсіресе, элиталық Эгей жағалауын – Бодрум, Мармарис, Фетхие және Датчаны туризм индустриясы тарихында бұрын-соңды болмаған тазарту жұмыстары шарпыды. 2026 жылдың мамырындағы рейдтердің қорытындысында тек Мугла провинциясының өзінде тексерілген 1 213 қонақүй мен ойын-сауық орталығының 740-ы лицензиясынан айырылды.
Құжаттарды жаппай кері қайтарып алуға өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталмауы себеп болды. Сарапшылар жоғары инфляция мен Еуропадан келетін туристер ағынының азаюы аясында қонақүй иелері қорғаныс жүйелерінен ақша үнемдеуге көшкенін, бұл нысандардың 60%-ының тексеруден өтпей қалуына әкеп соққанын қаперге салды.
Мугла провинциясының әкімшілігі қатаң ұстанымын жариялады: өрт қауіпсіздігі сертификатын ала алмаған нысандардың жұмысы тоқтатылады. Тексеруден қазақстандықтар арасында танымал ірі қонақүйлер де, сонымен қатар жағажай клубтары, дискотекалары, мейрамханалары мен бутик-гестхаустары да өте алмады. Егер заң бұзушылықтар осы аптаның соңына дейін жойылмаса, полиция ғимараттарды мүлдем жауып, есігіне қара құлып іле бастайды.
Турист қонақүйде бөлмесіз қалмау үшін не істеуі керек?
Саяхатшылар үшін басты қауіп: кейбір қонақүйлер лицензиясынан айырылғанына және жабылу қаупіне қарамастан, бұл фактіні жасырып, делдалдар арқылы төлемдерді қабылдауды жалғастыруда. «Турпром» порталының сарапшылары ескертеді: егер құзырлы органдар қонақүйді дәл демалыстың ортасында мөрлеп жауып тастаса және қонақтарды сыртқа қуып шықса, ол үшін төленген ақшаны сол жерде қайтарып алу мүмкін болмайды. Сақтандыру компаниялары бұл жағдайды форс-мажор деп танып, өтемақы төлеуден бас тартуы әбден мүмкін.
Биліктің мұндай қатаң қадамы 2026 жылдың 10 қаңтарында күшіне енген жаңа ережелермен байланысты: оған сәйкес барлық орналастыру нысандары өртке қарсы қызметтің ресми қорытындысын ұсынуға міндетті. Талапты орындаудың соңғы мерзімі 2026 жылдың 31 мамырында тәмамдалды. Дедлайнға үлгермегендер енді жұмыс істеу құқығынан айырылады. Бұл мәселе 3 мыңнан астам қонақүй жұмыс істейтін Ыстамбұлда да өте өткір тұр.
Сондықтан осы жазда Түркияға сапар шегуді жоспарлап отырған туристерге мамандар қонақүйдің жабық есігіне телміріп қалмау үшін өз қонақүйінің мәртебесін және лицензиясының бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес берді. Қонақүй жабылған жағдайда, туристік кеңселерге немесе төл турагенттеріңізге көмек сұрап жүгіну ұсынылды.
Айта кету керек, қатаң аудит жайдан жай басталған жоқ. 2025 жылғы тексерулерден кейін Түркияда 4 000-нан астам қонақүй жабылған болатын. Ол кезде инспекция елдегі қонақүйлердің 17%-ы тек «муниципалдық рұқсатпен» шектеліп, міндетті министрлік лицензиясынсыз жұмыс істеп келгенін анықтады. Салдарынан, өткен жазда көптеген саяхатшылардың өз қонақүйлерінің қаңырап бос тұрғанын көріп, тығырыққа тірелгенін travelradar.aero жазған еді.
Бұл шетін шараларға Карталкая тау шаңғысы курортындағы 12 қабатты Grand Kartal қонақүйінде болған алапат өрт себеп болды. 2025 жылдың 21 қаңтарында екінші қабаттағы мейрамханада майдың жануы апатқа ұласты: жалын санаулы минуттарда бүкіл ғимаратты шарпыды. Қонақүйде түтін детекторы да, өрт сөндіргіштер де, өрт сатылары да болмаған, дабыл жүйесі үнсіз қалған.
Құтқарушылар тау шатқалындағы нысанға 45 минут бойы әзер жеткенде, жалын қонақүйді толығымен дерлік жалмады. Жоғарғы қабаттарда қамалып қалған адамдар нағыз тозақты бастан кешірді: отты қақпаннан құтылу үшін олар терезелерден секірді немесе төсек жаймаларынан арқан жасап, төмен түсуге тырысты. Қайғылы оқиға салдарынан 78 адам қаза тапты, олардың көпшілігі – балалар. Тағы 51 адам зардап шекті.
Өткен жылы жабылған төрт мыңнан аса қонақүйдің үлкен бөлігі жөнсіздіктерін түзетіп, құжаттарды рәсімдегеннен кейін қайта ашылыпты. Ал, қазіргі жаппай тексерулер түрік туристік секторының қауіпсіздігіне деген саяхатшылар сенімін түбегейлі қайтаруға бағытталған. Нарық қатысушылары қонақүй секторында қордаланған қиыншылықтар енді ғана басталып жатқан жазғы маусымды құрдымға жібермейді деп үміттенеді.
Анығын айтқанда, олар «Туризм саласының үздігі» марапатының және «Әлемнің үздік тревел-блогері» номинациясы бойынша халықаралық WIBA Awards 2026 сыйлығының иегері Дастан Мұхамедрахымның (bydastann) шақыртуымен Алматыға аялдаған.
Шетелдік қонақтардың арасында YouTube-те 20 миллионнан астам аудиториясы бар иорданиялық режиссер-деректі фильмдер түсіруші Джо Хаттаб (joe_hattab) және TikTok пен Instagram-да көпмиллиондық қауымдастықты қамтитын америкалық тревел-блогер Джошуа Платильеро (megaamerican) айрықша көрінеді.
Сапар аясында блогерлер еліміздің туристік мүмкіндіктеріне арналған бірлескен түсірілімдер жүргізбек.
– Біз Қазақстанның сұлулығын көрсетуді жоспарлап отырмыз. Керемет контент күтіңіздер, – деді Дастан Мұхамедрахым.
Шынын айту керек, мұндай ауқымды инфлюенсерлердің елге келуі қазақстандық туризмді сөзсіз дамытады және танымалдығын арттыра түседі.
Аида Балаева бүгінде туризм жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің дамуына, инвестиция тартуға, қызмет көрсету сапасына және елдің халықаралық имиджіне ықпал ететін стратегиялық маңызды салалардың біріне  айналғанын атап өтті. 2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн адам келген, ал ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 900 мың адамға көп. Мұндай көрсеткіштер туризм экономиканың нақты өсім нүктесіне және елді халықаралық деңгейде танытудың маңызды құралдарының біріне айналғанын көрсетеді.
Соңғы жылдары табиғи, экологиялық және тау туризмі ерекше қызығушылық тудыруда. Тек 2024 жылы ғана Қазақстанның ұлттық парктеріне 2,8 млн адам келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18% - ға артық.
«Егер бұрын мұндай демалысты арнайы туристер мен тау шаңғысы әуесқойлары жиі таңдайтын болса, бүгінде табиғи аумақтар жаппай баратын орынға айналады. Адамдар ол жерге демалыс күндері жаяу жүру үшін, белсенді демалыс және табиғат аясына қысқа уақытқа шығып қайту үшін барады», – деп атап өтті Аида Балаева.
Сонымен қатар заманауи әрі дер кезінде жасалған инфрақұрылым болмаған жағдайда туристер ағынының артуы ретсіз туризмге жол ашып, табиғатқа түсетін салмақты күшейтеді және адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Туризм – экономика, мәдениет, қауіпсіздік және бизнес ұштасқан кешенді сала. Сондықтан тау шаңғысы туризмін дамыту Алматы тау кластеріне қатысты жаңа тәсіл мен заманауи көзқарасты қажет етеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм – экономика, мәдениет, қауіпсіздік пен бизнесті біріктіретін күрделі сала екенін ерекше атап өтті. Шаңғы туризмін дамыту туралы айта келе, Президент Алматы тау кластері үшін жаңа көзқарастың қажет екенін айтты. Дәл осы тұрғыдан алғанда Almaty Superski жобасын қарастыру қажет. Бұл жеке инфрақұрылымды салу мәселесі ғана емес. Бұл жерде Алматының болашағы, Қазақстанның барлық туристік саласының дамуы, таулардың азаматтар үшін қолжетімділігі, адамдардың қауіпсіздігі және Іле Алатауының бірегей табиғатына жауапкершілікпен қарау туралы әңгіме болып отыр», – деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі.
Almaty Superski жобасының мәні бір қаланың шеңберінен шығып, Қазақстанның заманауи, ашық және бәсекеге қабілетті туристік бағыт ретіндегі халықаралық имиджін нығайтуға көмектеседі.
«Бүгінде даму мен экологияны бір-біріне қарсы қою дұрыс емес. Жауапты мемлекет табиғатты қорғауды, қажетті инфрақұрылым қалыптастыруды, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және азаматтарға жаңа мүмкіндік ашуды қатар алып жүруі тиіс. Almaty Superski жобасы Қазақстанның бірегей табиғи әлеуетін қоғамның, елдің және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қауіпсіз әрі жауапты түрде пайдалана алатынын көрсететін үлгіге айналуы тиіс», – деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі.
Аида Балаева заманауи инфрақұрылым ережелер, лимиттер, тиімді жоспарланған бағыттар, экологиялық мониторинг және экологиялық мәдениет арқылы табиғатқа түсетін жүктемені азайтуға тиіс екенін айтты.
Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Көкжайлау жерлері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрамынан шығарылмайтынын және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтайтынын және жоба аясында жеке коттедждер мен виллалар салу қарастырылмағанын  атап өтті. Жоба экологиялық талаптарды қатаң сақтау, ғылыми сүйемелдеу, қоғамдық бақылау және орындаушылардың жеке жауапкершілігімен ғана іске асырылады.
«Диалог өнері: Ресей мен ислам әлемі елдерінің әлемдік мәдени мұраны сақтаудағы рөлі» тақырыбындағы жиын Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановтың құттықтау сөзімен ашылды.
Съезде Ресей Федерациясының мәдениет министрі Ольга Любимова, түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов және басқа да мәртебелі меймандар сөз сөйледі.
– Жиын барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның съезд қатысушыларына арналған бейнеүндеуі тыңдалды. Өз сөзінде ол Қазан қаласын 2026 жылы «Ислам әлемінің мәдени астанасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтап, елдер арасындағы мәдени диалогты одан әрі тереңдетудің маңызын атап өтті, – делінген хабарламада.
Үкімет басшысының орынбасары бейнеүндеуде бірқатар нақты бастама ұсынды. Аида Балаева Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында креативті индустрияларды қолдауға арналған бағдарлама әзірлеу қажет екенін айтты. Бұл бастама жас авторларды қолдауға, мәдени экспортты кеңейтуге, сондай-ақ музыка, дизайн, цифрлық өнер және басқа да шығармашылық бағыттардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүмкіндік береді.
– Бүгінде бірқатар елдерде креативті индустриялардың экономикаға қосатын үлесі ішкі жалпы өнімнің 3-7 пайызына дейін жетіп отыр және бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсіп келеді. Мұндай бағдарламаны іске қосу жас авторларды қолдаудың және аймақ елдерінің мәдени экспортын кеңейтудің тиімді құралы бола алады, – делінген бейнеүндеуде.
Сондай-ақ Аида Балаева Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің электронды кітапханаларын, архивтерін, музей қорларын және білім беру контентін біріктіретін ортақ цифрлық мәдени платформа құруды ұсынды. Оның айтуынша, заманауи технологиялар мәдени мұраны сақтауға, оған қолжетімділікті арттыруға және жастарды мәдени үдерістерге кеңінен тартуға жол ашады.
Ислам ынтымақтастығы ұйымына бүгінде 57 мемлекет мүше. Ұйым 1,4 миллиардтан астам адамды біріктіреді. Қазақстан ИЫҰ аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты халықтарды жақындастыратын, ортақ рухани кеңістікті нығайтатын маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады.
Осылайша, отандық туристер баратын ТОП-3 мемлекет анықталып отыр. Жалпы, жазғы демалыс уақыты таяған сайын отандық туристердің қай елдерге көп сапарлайтыны мен саяхатқа қанша қаржы жұмсайтыны қайтадан маңызды тақырыпқа айналады. Соңғы деректерге сенсек, ел азаматтарының туристік талғамы да, шығын құрылымы да өзгеріп сала берген.
Ең алдымен, шетелге шығатын барлық азаматты турист деуге болмайтынын ескерте кетейік. Себебі, сырт елге уақытша сапарлайтындардың арасында жұмыс, ем-дом, туыстық байланыс немесе жеке шаруамен де баратындар жоқ емес. Былтыр Қазақстаннан шетелге уақытша шыққан азаматтар саны 11,8 миллион адамнан асып жығылды. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға төмен көрсеткіш. Бұл туралы ranking.kz сайты жазды.
Сапарлардың басым бөлігі жеке мақсаттарға тиесілі болып отыр. Бұл бағытта 10,2 миллион адам жол жүрген. Ал таза туристік мақсатта елден шыққандар саны 417,1 мың адамға жеткен. Мұнан бөлек, 17,5 мың қазақстандық қажылыққа сапар шексе, 5,6 мың адам шетелде ем-дом қабылдаған.
Ел тұрғындары жиі-жиі баратын мемлекеттер арасында көршілес елдер төбе көрсетеді. Қазақстандықтар негізінен Ресейге (3,1 миллион), Өзбекстанға (2,9 миллион) және Қырғызстанға (2,6 миллион) көп сапарлаған.
Десе де, туристік бағыттар мүлде басқа географияны қозғайды. 2025 жылы ел саяхатшылары арасында ең танымал мемлекет Қытай болды. Барлық туристік сапардың 32,9%-ы осы мемлекетке тиесілі. Бұған Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим мен туристік алмасу бағдарламалары әсер еткен болуы керек. Сондықтан, Қытайға барған қазақстандық туристер саны бір жылда 8,7%-ға өсіп, 137,3 мың адамға жеткен.
Ал осыған дейін көш бастап келген Түркия қазір екінші орынға түсті. Бұл елдің үлесі 29,5%-ды құрайды. Сондай-ақ, қазақстандықтар арасында Мысыр, Грузия, БАӘ мен Вьетнам бағыттарына сұраныс жоғары.
Сарапшылардың сөзінше, соңғы жылдары қазақстандық туристер дәстүрлі жағажай демалысынан бөлек, жаңа бағыттарды көбірек қарастыра бастаған. Әсіресе, Азия елдеріне қызығушылық айқын байқалады.
Саяхат мәдениетінің өзгеруімен бірге туристердің қаржылық әдеттері де жаңарып жатыр деуге негіз бар. Әуе компаниялары мен банктер ұсынатын бонустық бағдарламаларға сұраныс артқан. Яғни, кейбір әуе компаниялары тарапынан жиналған бонустарды тегін билетке, орын класын жоғарылатуға немесе қосымша багаж қызметіне пайдалануға болады. Мұндай мүмкіндіктерді бірқатар қазақстандық банктің премиум карталары қолдайды.
Ал шығын көлеміне келсек, 2025 жылы қазақстандықтардың шетел сапарларына жұмсаған қаражаты 475 миллиард теңгеге жеткен. Бұл – бір жылдағы 26,7%-дық өсім.
Ең көп қаржы туристік жолдамалар мен әуе билеттеріне кеткен – 154,4 миллиард теңге. Қонақүй мен өзге де орналастыру қызметтеріне 98,1 миллиард теңге жұмсалса, тамақтануға кеткен шығын көлемі 74 миллиард теңгеге жеткен.
Сонымен бірге қазақстандықтар шетелде сауда жасауға да қомақты қаржы шығындайды. Тауар сатып алуға 54,7 миллиард теңге жұмсалған. Ал ел ішіндегі көлік қызметіне 34,2 миллиард теңге жаратылған.
Нарықтағы үрдіске қарағанда, алдағы уақытта да қазақстандықтардың шетелге саяхаттау белсенділігі бәсеңдемейді. Керісінше, визасыз режимдердің көбеюі, жаңа әуе бағыттарының ашылуы және қаржылық сервистердің дамуы туристік нарықты одан әрі жандандыра түсуі мүмкін.
Министр қырғыз тарапына жылы қабылдағаны мен кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, ұйымға мүше елдер арасындағы сындарлы диалогтың маңызын атап өтті.
Ербол Мырзабосынов Қазақстан ШЫҰ аясында туризмді экономикалық өсім мен өңіраралық интеграцияны нығайтудың маңызды бағыты ретінде қарастыратынын жеткізді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ШЫҰ елдерінен Қазақстанға келген туристер саны 14,8 млн адамға жетті.
Өзара сапарлардың басым бөлігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай елдеріне тиесілі. Сонымен қатар Үндістаннан келетін туристер санының тұрақты өсімі байқалады. Бұл туристік географияның кеңейіп, өңірлік байланыстардың нығайып келе жатқанын көрсетеді.
– Бүгінде туризм тек қызмет көрсету саласы ғана емес, сонымен қатар экономиканың дамуына, инвестицияның артуына, инфрақұрылымның жаңаруына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін маңызды драйверге айналды. Қазақстан ШЫҰ аясында ортақ туристік кеңістік қалыптастыру бастамасын қолдайды және тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ серіктес елдердің озық тәжірибесін қабылдауға дайын, – деді министр.
Ведомство басшысы Қазақстанда сәтті жүзеге асырылып жатқан бірқатар бастаманы таныстырды. Атап айтқанда, дағдарыс жағдайларында туристерді елге қайтаруды қамтамасыз ететін «Туристік Қамқор» қоры, сондай-ақ шетелдік қонақтарды онлайн тіркеуге мүмкіндік беретін әрі туристік ағындарды басқарудың тиімділігін арттыратын eQonaq цифрлық жүйесі атап өтілді.
Сондай-ақ министр трансшекаралық туризмді дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Өңірлік ынтымақтастықтың табысты үлгісі ретінде Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды Ұлы Жібек жолы бойымен байланыстыратын халықаралық Jibek Joly туристік пойызының іске қосылуын мысал ретінде келтірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан тарапы ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты бірлескен туристік бағыттарды дамытуға, цифрлық шешімдермен алмасуға және туристер қауіпсіздігін арттыруға бағыттауды ұсынды.
Арал маңындағы мұндай бұлақтардың суы қақаған қыста да мұз болып қатпайды. Өйткені, жерастының температурасы тұрақты түрде жоғары. Шыны керек, бұл нысан толық зерттеліп-зерделенген дей алмаймыз, десе де шағын емдік-сауықтыру туризміне жарап келеді.
Inbusiness.kz тілшісі Қызылорда қаласынан шамамен 500 шақырымнан аса жолды артқа тастап, Арал ауданы, Ақеспе ауылындағы ыстық бұлаққа арнайы барды. Экотуризм мен экомедицинаны дамытуға таптырмас жерден фоторепортаж да жасады.
– 1986 жылы Арал теңізінің солтүстік жағалауында, Бутаков шығанағы маңында, балықшылар қонысы Ақеспенің оңтүстігіндегі шетінде жүргізілген іздестіру-гидрогеологиялық бұрғылау жұмыстары нәтижесінде юра жыныстарының қимасынан термалды су табылды. Аталған бұрғыма «Ақеспе ыстық көзі» деген атауға ие болды, тереңдігі – 1307 метр. Бұл ұңғыма 40 жылға жуық уақыттан бері өздігінен ағу режимінде жұмыс істеп келеді, су шығымы секундына 25 литрден асады. Пьезометриялық деңгей ұңғыма сағасынан 30 метр биіктікте тұрақтанған. Судың температурасы – 63 градус, минералдануы шамамен – 17 г/л. Судың дәмі ащы-тұзды, құрамында радон бар және оған тән күкіртсутектің иісі сезіледі, – деп жазылған Aral Geopark-тың ресми сайтында.
Жаза кеткен жөн, геопарк – жергілікті дәстүрлерді құрметтей отырып, тұрақты даму стратегиясы жүзеге асырылатын халықаралық немесе аймақтық маңызға ие геологиялық мұрасы бар аумақ.
Ыстық су буын, тері, жүйке ауруларына және денедегі суықты қайтаруға таптырмас ем саналады. Сонау 40 жыл бұрын теңіз табанынан табылған бұлақтың суы ғана емес, жанындағы батпақтың да емдік қасиеті бар.
Ақеспе елді мекенінде орналасқан «ыстық су бұрқағы» жанынан емдік шипажай салу жоспары бірнеше жылдан бері айтылып, жазылып келеді. 150 орындық шипажай, спорт алаңдары және саябақ салу жобасы іске асса, 220 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, жол салу мәселесі де күн тәртібінен түскен емес.
– Ақеспе ауылындағы жерасты суы ерекшелігімен өзіне баурайды. Бұл Аралдың өзге өңірлерден басқаша табиғатын айғақтаса керек-ті. «Көрген де арманда, көрмеген де арманда» деген осындайда айтылады. Бұл жерге келушілер қарасы қалың. Әсіресе, шет мемлекеттен келген меймандардың  қызығушылығы ала бөтен. Олар «аймақтың табиғаты да, ыстық суы да керемет» деп таңдай қағады. Әлем картасында тайға таңба басқандай көрсетілген Аралдың ерекше суы қайбір жылы көптеген мемлекеттің елшісі ресми сапармен келген кезде тіпті таныла түсті. Мұндай ғажап құбылысқа бас шайқап, қайта-қайта ыстық суға шомылғанын көрдік, – дейді аралдық журналист Абай Елеш.
Осы күні бұлақ басында арнайы қонақүй мен асхана қызмет етіп тұр. Ыстық суға күніне 2 рет, 30 минуттан түсу ұсынылады.
– Жазғы туризм маусымы басталды. Енді бұл жерге ала жаздан қара күзге дейін отандық және шетелдік саяхатшылар ағылады. Бұлақ басында күніне 50-60 автокөлік тұрады. Келушілердің арасында дертіне шипа іздегендер де бар. Ал туристер Ақеспенің ыстық суына, еспе шеге құмына және теңіз ұлтаны мен жанындағы ауылдардың тұрмыс-тіршілігіне қатты қызығады, – дейді Жанысбек есімді ауыл тұрғыны.
Жалпы, Солтүстік Арал маңында, бор дәуірінің шөгінділерінде жерасты термоминералды суларының тағы 2 перспективалы учаскесі кездеседі. Бұл бұлақтар да іс жүзінде қолдануға айтарлықтай қызығушылық тудырады.
Біріншісі – Оразбай кен орны. Ол Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде орналасқан (№250 ұңғыма, тереңдігі – 220 метр).
Ал Бұғын кен орны Арал қаласынан оңтүстікке қарай 70 шақырымда орналасқан (тереңдігі – 261 метр).
Inbusiness.kz сайты осыдан 2 жыл бұрын «Аралдағы ыстық бұлақ экотуризмді дамыта ала ма?» деген тақырыпта мақала жариялаған еді.
Турфирмалар бұл жолы қонақүйлерден «естелікке тәбәрік» алып кеткенді жақсы көретін саяхатшыларды тығырыққа тірейтін көңілсіз бетбұрысты жариялады. Қайтар жолда шағын лосьондар мен гель құтыларының есебінен шабаданы ауырлап, үйіне бір жылдық гигиеналық олжа әкелетін қауымға енді бұл әдетінен тыйылуға тура келеді.
Туроператорлар аллергиядан сақтану үшін тіпті өзіңізбен бірге сусабынға дейінгі негізгі жеке гигиена құралдарын ала жүруге кеңес береді, деп жазады inbusiness.kz. Бұл – сервис сапасының құлдырауы ма, әлде табиғатқа деген жанашырлық па?
Түркия мен Еуропа елдеріндегі қонақүйлер жаппай жаңа қызмет көрсету моделіне көшуде. Оның мәні қарапайым әрі үнемді: саяхатшы нөмірінің есігін ашып, табалдырықтан аттағанда жуынатын бөлмеде қаздай тізіліп тұратын бір реттік «миниатюралар» енді жоқ болады. Орнын қабырғаға тарс бекітілген, баршаға ортақ стационарлық диспенсерлер басуда.
Негізі, круиздік лайнерлер бұл жолға бірнеше жыл бұрын түсті және теңіз саяхатшыларын қабырғадағы сабын-сусабынды мөлшерлегіштермен «оңаша» қалдырды. Бұл кімнің қалай түсінгеніне қарай: не жалпыға ортақ «кедейшілік», немесе «жасыл экономиканың» алғашқы қарлығашы. Материалдық әлемнің құйттай игіліктерінен айырылу – тұтынушылық психологияға соққы болар, бірақ адамның жайлылығынан гөрі жүйенің, соның ішінде қоршаған ортаның мүддесі жоғары тұрған сыңайлы.
«Буклет» операциясы: әртүрлі тағдыр – ортақ сусабын
Қонақ қанша жерден қадірлі болса да, қонақүйге түскенде оны өткен қонақтан қалған сабын-шампунь күтіп тұрады. Өйткені бұл – ресми қаулымен бекітілген міндет. Түркияда бұл ауыс-түйіс процесі тіпті «Buklet» операциясы (“Buklet” Operasyonu) атты жеке атау алды, деп хабарлады түріктің «Alanya Postasi» газеті.
«Саяхатқа шабаданын жинап жатқандар қазірден демалыс әдеттерін өзгерткені жөн. Көптеген жылдар бойы қонақүй сервисінің ажырамас бонусы (тіпті қонақүйге кеткен шығынның бір бөлігін «өтеудің» заңды тәсілі) ретінде қабылданған шағын пластик шишалар енді қолданыстан алып тасталып жатыр. Олардың орнын миллиондаған пластик қалдықтарының түзілуіне жол бермеуге бағытталған «диспенсерлер дәуірі» басуда», – деп жазды басылым.
Ол мұның Еуропалық Одақтың орнықты дамуды қамтамасыз ету туралы шешіміне сәйкес жасалып жатқанын түсіндірді. Түркия ЕО-ға кірмейді, бірақ оның туризмі толығымен дерлік Еуропаға бағдарланған. Тіпті қонақүйлердің тарифтері де еурода есептеледі.
Сондықтан одақ талап еткен екен, оны түріктер де құптайды. Жалпы, Еуроодақ өзіне мүше мемлекеттерге жаңа стандартқа өтуге 36 ай мерзім берді. Бірақ арнайы операция жариялап, тегеурінді кіріскеніне қарағанда түрік ағайын бұл істі ұзаққа созбайтын түрі бар.
«Түркияда да қонақүй нөмірінің стандартты бөлігіне айналған сусабын, душқа арналған гель және лосьон құйылған бір реттік пластик құтыларға тыйым салынды. Жаңа қаулыға сәйкес, негізгі туристік аймақтарда, соның ішінде Түркияның демалыс индустриясының «жүрегі» – Анталияда трансформация басталып та кетті», – деп мәлім етті Alanya Postasi.
Осы орайда басылым тосын бір салдарға назар аударды: кейбір турист ортақ диспенсерге жиіркенішпен қарайды, одан тамшы боп таматын өнімді пайдаланбайды. Ортақ табақтан ас ішкендей, ортақ құтыдан жуыну кез келгеннің талғамына сай келе бермесі анық.
Стандарттардың теңесуі – даралықтың жойылуы. Қонақүй нөміріндегі жекелік сезімі енді қабырғадағы дозатордың батырмасына телміргелі тұр. Ендеше жаңа форматты қабылдамайтындар сүйікті сусабындары мен гелдерін өздерімен бірге ала келуге мәжбүр болады.
Бір қызығы, бастапқыда ЕО-ның пилоттық аймақтарында және Marriott, Hilton, Accor сияқты халықаралық желілерде енгізілген бұл тәжірибе олардың қонақтары тарапынан оң бағаға ие болыпты. Жалпы дозатордан жуыну Marriott-қа түсетін байларға ұнаса, бұқараға да ұнайды деген ұйғарым жасалса керек.
Гигиеналық хоррор: қабырғадағы құтыда қыбырлаған не?
Эко-белсенділер бұл тарихи бетбұрысқа дүрілдете қол шапалақтап жатқанда, скептиктер дабыл қағуда. Ресейлік «Tourprom» порталы Еуроодақтың пластик қоқысқа қарсы жариялаған бұл «стерилді соғысы» ТМД елдерінен келетін туристерге ұнамайтынын әлден ескертті. Мәселе тек «отелдегі олжадан» қағылуымен ғана байланысты емес көрінеді.
«Түркия қонақүйлері дамыған елдердің үлгісіне мойынсұнып, кішкентай пластик бөтелкелердің орнына сусабын мен гелге арналған диспенсерлік жүйелерді жаппай енгізуде. Алайда, денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар мен танымал инвесторлар аттандап жатыр: зерттеулер көрсеткендей, қабырғадағы осындай көпреттік дозаторлардың әрбір төртеуінің үшеуінде ішінде тұнған бактериялардың мөлшері адам терісі үшін қауіпсіз шектен асып кеткен», – деп хабардар етті портал.
Бір қарағанда, дозаторларға көшу мінсіз шешімдей көрінеді. Бір-ақ рет қана пайдаланылған соң қоқысқа тасталатын миллиондаған тонна пластик айналымнан жойылуға тиіс. Мысалы, Еуропаның қонақүйлеріне бір жылда миллиардтан астам адам түнеп шығатын көрінеді. Әрбір бөлмеге күн сайын 4-тен көп құйтымдай құты қойылады. Осыдан тек бір құрлықтағы қонақүйлердің табиғатқа улы пластикті қанша көлемде тастайтынын елестетудің өзі қорқынышты.
Алайда, шешімнің тәжірибеде жүзеге асуы одан да қорқынышты болуы мүмкін. Проблема тұжырымдаманың өзінде емес, оның орындалуында.
«Көпреттік дозаторлар бірқатар жағдайда микробтық тіршілік өрбитін резервуарға айналады. Кейде олар тіпті теледидар пультінен, унитаздан және нөмірдегі басқа да қауіпті жерлерден әлдеқайда лас. Кейбір дерек бойынша дозаторлардың 75%-ының ішінде жиналған бактерия деңгейі тері үшін қауіпсіз шектен асып жығылған», – деді бұл жаңашылдықты қатаң сынға алған инвестор және танымал тележүргізуші Лори Грейнер.
Оның байламынша, мұндай кесапаттың төркіні қызмет көрсету процедураларында жатыр. Тәжірибеде бөлме жинаушыларда әрбір дозаторды қабырғадан шешіп алып, ішін жууға, содан соң мұқият дезинфекциялап жатуға уақыты қалмайды: босаған жүздеген нөмірді екі-үш сағат ішінде келесі қонақтың кіруіне сақадай сай етуі қажет.
Содан олар апталап-айлап қолданыста болған ыдыстың қақпағын ашады да, сұйық сабын мен сусабынды толтыра салумен шектеледі. Әрі кетсе, сыртынан бір сүртеді. Соның кесірінен, оның ішінде микробтық биоқабат – бактериялардың көбеюіне арналған тұрақты орта қалыптасады. Табиғатты құтқару жолындағы ұмтылыс адамның қауіпсіздігіне нұқсан келтірсе, бұл гуманизмнің қай түріне жататыны жұмбақ.
Жуынатын бөлме ме, әлде Петри табақшасы ма?
«Қонақ диспенсер батырмасын басқанда, қолына тек сусабын не гель ғана емес, сонымен бірге резервуарда айлар бойы өніп, мутацияланатын микроорганизмдердің тұтас «коктейлі» төгілуі мүмкін. Барлық түйткіл – қызмет көрсету рәсімдерінде. Қонақ ауысқан сайын қабырғадағы сабын-құтыны толық жуып, дезинфекциялаудың орнына, оларды көбіне жай ғана үстемелей салумен істі біттіге балайды», – деп түсіндірді қоғамдық денсаулық сақтау профессоры, доктор Алекс Сундерманн.
Жағдайды жуынатын бөлменің жылы әрі ылғалды ортасы одан сайын ушықтырады: мұндай тұрақты климат микроорганизмдердің тез өсіп-өнуіне өте қолайлы. Сыртынан мінсіз көрінетін, жылтырап тұратын жаңа дозатордың өзінде терісі сезімтал және аллергияға бейім адамдар үшін айтарлықтай гигиеналық проблема жасырын жатуы мүмкін.
Дегенмен, Еуропа мен Түркияға сапарлаудан бас тартып, жағдайды абсурдқа дейін жеткізудің, гигиеналық паранойяға ұрынудың еш қажеті жоқ. Оның орнына тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін бірнеше қарапайым әрі ұтымды әдеттерді қалыптастыру жеткілікті.
Сіздің затыңыз – сіздің қорғанышыңыз. Көптеген тісқаққан туристке жақсы таныс ескі «travel-size» моделі сенімді стратегия ретінде қайта оралады. Үйіңізден 100 миллилитрге дейінгі шағын құтыларға үйреншікті сусабыныңыз бен геліңізді құйып алсаңыз, бұл сізді гигиеналық апаттан құтқарып қана қоймай, терінің теріс реакцияларының туындау қаупін азайтады және қол жүгімен (егер чемоданыңыз болмаса) еш қиындықсыз алып жүруге жарайды.
Қырағы тексеріс жүргізіңіз. Егер барлық күмәнге қарамастан дозаторды пайдалануды жөн көрсеңіз, қарапайым тексеруден бастаған дұрыс. Қабырғасы буланса, көктеген, зең басқан болса, ішіндегі сұйықтықтан күлімсі иіс шықса, түсі лайланған болса, немесе клапан айналасы ластанса, бұл ұсақ-түйек емес, «тоқта!» деген белгі.
Ресепшнге хабарласыңыз. Өзін «құрметті қонақүйлер» қатарына қосатын болса, онда диспенсерлерді тазалаудың регламенттелген процедурасы болуға тиіс. Тіпті бөлмені қабылдап алмас бұрын ресепшнде дозаторларды дезинфекциялау қаншалықты жиі жүргізілетінін сыпайы сұрастырсаңыз, артық болмайды. Мұндай сұрақтың қойылуының өзі бұл қонақтың кірпияз екені, демек, дұрыс тазаламаса, қызметкерлерді мазалайтыны туралы хабар береді.
Бейтарап мақсаттарда пайдаланыңыз. Диспенсерлердің сыртқы түрі күмән тудырмаса, бәрібір сезіктенсеңіз, оны қолдану аясын шектеңіз. Мысалы, тек қол жуу үшін пайдаланыңыз. Шашқа, бетке, терінің сезімтал жерлеріне өзіңізбен ала келген және құрамы мен сақталу жағдайын жақсы білетін жеке гигиеналық затыңызды қолданған дұрысырақ.
Испандық шолушы Рикардо Рубио (Ricardo Rubio) бүкіл Еуропадағы сияқты Испанияда да ЕО-ның жаңа реттеуші нормалары үйреншікті қонақүй сервисінің моделін өзгертіп жатқанын растады.
«2030 жылға қарай қонақүйлердегі бір реттік гель мен сусабын қаптамаларынан толық бас тарту туралы ЕО шешімі миллиондаған турист үйренген қалыпты қызметті өзгертуде. Бұл – жай ғана косметикалық өзгеріс емес, қонақүйлердегі жайлылық туралы түсініктің түбегейлі трансформациясы. Ауқымды бастама әрбір саяхатқа әсер етеді. Бұрын қамқорлық пен стандарттың ажырамас бөлшегі ретінде қабылданған нәрсе енді экологиялық орнықты даму тұрғысынан қайта қаралуда. Кейде қажеттілікпен, кейде коллекционерлік қызығушылықпен өзімізбен бірге алып кететін үйреншікті кішкентай құтылардың орнына көп реттік дозаторлар келіп жатыр», – деп жазды Рубио.
Үнемдеудің бес игілігі: планетаны қорғау бәрінен тиімді
Dispenser Amenities компаниясының сарапшылары дозаторларды енгізудің пайдасын айғақтайтын бірнеше дәлелді келтірді.
№1 дәйек. Шығыстар үнемделеді. Бір реттік шағын құты арзан болғанымен, оны жүйелі түрде сатып алу операциялық мол шығынға ұласады. Ал, дозаторларға арналған сұйықтықтар көтерме саудамен жеткізіледі. Осылайша, экологиялық күн тәртібі экономикамен, үнемдеумен сәйкес келіп, өзгерістердің басты драйверіне айналды.
№2. Қоқысты тасу шығындары азаяды. Гигиеналық заттар құйылатын шағын құтыларды белсенді пайдаланатын қонақүйлер үлкен ауқымда қалдық қордалайды: бұл жиі қоқыс шығаруға, утилизациялауға шығындалуға мәжбүр етеді. Тіпті 100 нөмірлі шағын қонақүйдің өзі дозаторларға көшсе, жылына мыңдаған доллар үнемдей алады екен.
№3. Экологиялық артықшылықтар. Зерттеулер көрсеткендей, дозаторлар пластик қалдықтар көлемін 40%-ға дейін қысқартуға қабілетті. Ал, диспенсерлердің ауыстырылатын блоктары көбінесе қайта өңделетін немесе компостталатын материалдардан жасалған экологиялық таза қаптамада жеткізіледі.
№4. Қонақүй имиджі. «Жасыл» шешімдерге сұраныстың артуы жағдайында бұл маңызды бәсекелестік артықшылыққа айналуда: саяхатшылардың бір бөлігі «таза планета» қағидатын ұстанатын экологиялық жауапты баспана іздейді, ал, мұндай ұстанымға берік қонақүйлер осы туристерді де магниттей тарта алады.
№5. Тазалық қызметінің жұмыс тиімділігі артады. Бөлме тазалаушыларға енді нөмірде және жуынатын бөлменің әр бұрышында шашылып жататын пайдаланылған құтыларды немесе сабын қалдықтарын жинап-теріп жүрудің қажеті жоқ. Оның үстіне сабын-сусабын қорларын толықтыру күн сайын емес, қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Қызметкерлерінің саны шектеулі қонақүйлер үшін бұл уақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген уақытты олар мүлік-мүкәммалды, бөлмені барынша мұқият тазалауға немесе қонақтарға қызмет көрсетуге жұмсай алады. Жұмсағысы келсе, әрине.
Экономикалық есеп пен экологиялық ұран бір арнада тоғысқанда, тұтынушының бұрынғы еркелігі ескерусіз қалатыны – нарық заңы.
Үкімет жетекшісіне Алакөл көлінің жағалауын өркендетудің Мастер-жоспары таныстырылды: құжат аумақты заманауи туристік-рекреациялық аймаққа айналдыруды көздейді. Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірде туризм саласын дамыту аясында 2029 жылға дейін 49 жобаны жүзеге асыру жоспарланғанын хабарлады. 2025 жылы жағалау инфрақұрылымын құлпыртуға 1 млрд теңге шығындалыпты: қаржы жағалауды бекітуге, абаттандыруға, көшелерді жөндеуге жұмсалды.
Дегенмен, қаржы бөлу қарқыны ерекше таңғалдырады: 2026 жылға енді 10 млрд теңге қарастырылған, яғни, ақша он есеге артқан! Бұл қаражат инженерлік және көліктік инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауға, тұрақты мобильді интернетпен қамтуға дейінгі цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталады деп күтілуде. Осының барлығы заманауи туризм үшін қажетті минимумді түзеді. Қаражат көлемінің он есе өсуі – көркем көрсеткіш, ал, оның талан-тараж болмауы және тиімділігі – ертеңгі күннің еншісіндегі сапалық деңгей.
Өңірде Бас жоспарды түзету жұмыстары жүргізілуде: туристік аймақтың ауданын он есе (!): 300 гектардан 3 мың гектарға дейін ұлғайту, ал, өткізу қабілетін тәулігіне 75 мың туристке дейін жеткізу жоспарланған. Бұл түзетуді биылғы қыркүйек айына қарай аяқтау көзделіп отыр. Бірақ елдегі қоғамдық тыңдаулар мен келісу процестерінің «маңғаз» қарқынын ескерсек, қыркүйек айына дейінгі меже тым асқақ көрінеді.
Оның үстіне электр беру желілерін тарту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды салу жобалары қолға алынады екен. Егер өткен жылы туристер әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстандағы демалыс базасында бірнеше күн бойы электр жарығысыз отырғандарына шағымданғанын ескерсе, энергиямен жабдықтау тақырыбы өңірде күн тәртібіндегі көкейкесті мәселе көрінеді.
Жалпы алғанда, Үкімет бүкіл республика бойынша салада оң динамика байқалып отырғанын мәлімдеді. Туристік инфрақұрылым белсенді дамып, орналастыру нысандары – қонақүйлер, хостелдер, турбазалар және басқасы жаңғыртылып, көлік қолжетімділігі жақсаруда.
2025 жылдың қорытындысында Қазақстанда ішкі туристер саны алдыңғы жылғы 9,1 миллионнан енді 10,1 миллионға дейін, ал, шетелдік туристер саны – 1,3 миллионнан 1,4 миллионға дейін өсті, деп мәлім етті Үкімет. Орналастыру нысандарының табысы 350,6 млрд теңгені құрады, ал, салаға құйылған инвестиция 32,6%-ға өсіп, 1,26 трлн теңгеге жетті.
Алакөл арманы: мұздан қорғау және мобилді интернет
Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туристік Жетісу облысына аттанды. Астанадан келген мәртебелі қонақтар жергілікті туристік инфрақұрылымның жазғы маусымға дайындығын және Алакөл жағалауындағы негізгі нысандардың жай-күйін тексерді. Тексеріс қонақ үй кешендерін, кәріздік тазарту құрылыстарын, Көктұма ауылындағы жағалауды бекіту жұмыстарының учаскесін және Үшарал қаласының әуежайын қамтыды.
Үкіметтің дерегінше, облыс әкімдігі тарапынан «жағалауды жазғы туристік маусымға дайындау бойынша үлкен және жүйелі жұмыс жүргізілген». Бұл жұмыстар 2025 жылы туристік аймақтарда тәртіп орнату, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвесторлар үшін нақты жағдайлар жасау қажеттілігіне баса назар аударған Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша атқарылуда. Бүгінде бұл мәселе әлі де Президенттің ерекше бақылауында қалып отыр, деп нықтады үкіметтегілер.
Өңірдегі нақты жетістіктердің қатарында жалпы ұзындығы 488 шақырым болатын «Талдықорған – Үшарал» және «Үшарал – Достық» автожолдарын реконструкциялау аталды. Бұл Алакөл жағалауының көліктік байланысын шынымен жақсартады. Ұшу-қону жолағы реконструкцияланған соң Үшарал әуежайы енді ірі ұшақтарды қабылдай алады. Сондай-ақ қосымша терминал салу жобасы дайындалды: себебі қолданыстағы инфрақұрылым ауқымы артып келе жатқан жолаушылар ағынын игере алмай жатқан көрінеді.
Жағалауды бекіту мәселесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Жоба Алакөл жағалауының 13 шақырымын қамтиды. Алайда тексеру барысында жағалау сызығын су шайып кетіп жатқаны, соның ішінде құрылыс нысандарына жақын жерлерде жағалаудың опырыла бастағаны әшкереленді. Туристік нысан иелерінің түсіндіруінше, қысқы-көктемгі маусымда алып мұз массалары жыл сайын жағалау сызығын күйретеді, абаттандырылған жағажайларды құм мен қирандылардың үйіндісіне айналдырады. Кәсіпкерлер әрбір жаңа туристік маусымды мұз қиратқан мүлік-нысандарды қайта тұрғызудан бастайтындарына шағымданады.
Адамның жоспарын табиғаттың бір ғана мінезі тас-талқан ететін тұста, инженерлік шешімдердің көркем сөзден салмақтырақ болғаны абзал. Қазіргі кезде Көктұмада 960 метрлік учаскеде, Ақшиде 200 метрлік учаскеде жағаны бекіту жұмыстары орындалды. Бұл жұмыс жалғасуға тиіс, өйткені аумақты қорғау, нысандардың сақталуы және жағалаудың одан әрі дамуы тікелей осыған байланысты, деп азсынады кәсіпкерлер.
Балқаш тайм-менеджменті: Жетісу «жұмақ» орнатып үлгере ме?
Маусымның таяп қалғанын ескерген Үкімет қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Жағалауда құтқару бөлімшелері жұмыс істейді, жазғы кезеңде қосымша маусымдық құтқарушылар тартылады, техникамен және жабдықтармен жарақтандыру күшейтіледі. Сондай-ақ бейнебақылау және тіпті аспаннан дрон-мониторинг қарастырылыпты.
Алакөлмен шектелмей, Балқаш көліндегі туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша да жұмыс жүргізілуде. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың мәліметінше, жағалау аймағының Бас жоспары мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген. Абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, ал жағажай инфрақұрылымын аяқтау 15 маусымға жоспарланды.
Бұған дейін ұқсас тексерулер көршілес Алматы облысында да өтіп, Қонаев қаласының коммуналдық жағажайлары мен «ASP Arena» көпфункционалды кешені инспекцияланған болатын. Вице-премьер Аида Балаева нысандардың дайындығын дәл қазір қамтамасыз ету қажеттігін нықтады. Бірақ Алматы облысындағы барлық жағажайлар мен демалыс аймақтары әкімдіктердің құзырында емес екені белгілі болды. Осыған байланысты Үкімет басшысының орынбасары жекеменшік нысан иелері де тазалыққа, қоғамдық тәртіпке, инфрақұрылымның жай-күйіне және ең алдымен, судағы адамдардың қауіпсіздігіне толықтай жауапты болуға тиіс екенін қадап айтты.
Сонымен қатар, ол Туризм министріне осы жауапкершілікті бекітетін құқықтық механизмдерді пысықтауды тапсырды. Бұл мәселенің көптен бері созылып келе жатқаны даусыз. Дегенмен, о бастан бекітілуге тиіс қажетті қағидаларды министрліктің әлі күнге қабылдамағаны назар аудартады. Тек вице-премьердің сілкілеуі ғана жауапты шенеуніктерді серпілтіп, есін жиғызғандай. Жекеменшік демалыс аймақтарының азаматтар мен мемлекет алдындағы тиісті жауапкершілікті ұмытып, тек коммерциялық қызметпен ғана шектелмеуі керектігі қатаң ескертілді.
«Үміт жағалауы»: қағида пайдадан маңызды ма?
Жалпы алғанда, Үкімет «жазғы туристік маусымға дайындық шараларын күшейтіп жатқанын» мәлімдеп отыр. Алайда осы орайда инспекциялармен немесе қаржыландыруды көбейтумен шешілмейтін құрылымдық мәселелердің де бары әшкереленді.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы тұмса табиғат аясында бизнесмен заманауи туристік аймақ құру жобасы жүзеге асыруға ниетті.
Жеке инвестор бастамашы болған бұл жоба тұжырымдамалық тұрғыдан пысықталған және жыл 12 ай бойы жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік маңыздылықты, жеке инвестицияларды, өңірлік дамуды қарастыратын жоба қолдау үшін мінсіз үміткер сияқты. Соған қарамастан, жобаны іске асыру тоқтап тұр: басты кедергі жер учаскесін алу мүмкіндігінің жоқтығы болып қалуда, деп хабарлады ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Надежда Иванченко.
Тұжырымдамаға сәйкес, құрылыс кешені орналастыру нысандарынан (қонақ үйлер мен коттедждерден), отбасылық демалыс аймақтарынан, дәмханалар мен сервис нүктелерінен, бақылау алаңқайларынан, серуендеу бағыттарынан тұрады деп жоспарланған. Басты міндет – иппотерапия бағытын дамыту, яғни, ерекше балаларды оңалту екен.
«Кешен демалушылардың әртүрлі санаттарына – отбасыларға, жастарға, шетелдік қонақтарына арналған. Бірақ қазір біз алға жылжи алмай отырмыз: жерсіз құрылысты да, инфрақұрылым тартуды да бастау мүмкін емес», – деп атап өтті инвестор Мәди Мәдиев.
Ұлан аудандық жер қатынастары бөлімінің өкілі Серік Оразханов бұл проблема құқықтық сипатта деді: «Бұл жерлер елді мекен жерлеріне жатады, халыққа ортақ. Оларды бизнеске беру үшін міндетті түрде бекітілген Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕЖЖ) қажет. Әзірге бұл елді мекенде ЕЖЖ жоқ. Жыл сайын біз осындай 2-3 жоспарды әзірлейміз, биыл үшеуі қарастырылған. Басымдық туристік әлеуеті бар аумақтарға беріледі. Бірақ ЕЖЖ-сыз, дәл қазір бұл учаскені бөле салуға заңды негіз жоқ», – деп дәйектеді шенеунік.
Бөлім өкілінің түсіндіруінше, жалпы, аукцион немесе тендер механизмін пайдалануға болар еді, бірақ мына санатта заң ол тетікті қолдануға тыйым салады. Осылайша, туристік саланың даму мәселесі ауданда идеяның немесе инвестицияның жоқтығына емес, реттеуші тетіктердің сәйкес келмеуіне тіреліп тұр.
Кәсіпкерлер палатасы мұндай кедергілерді жою уәкілетті органдар тарапынан неғұрлым икемді әрі жедел тәсілді қажет етеді деп есептейді.
«Бизнес қаржы салуға, инфрақұрылым құруға, туризмді дамытуға дайын. Бірақ жерге қолжетімділік сияқты негізгі, базалық жағдайлардың болмауы процесті тежейді. Мұндай жобалар қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдардың жұмысын синхрондау маңызды», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәкен Абдуллин.
Отырыс қорытындысында палата кеңесі аудандық мәслихат пен әкімдікке жүгініп, аталған елді мекен үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге қосымша бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолдауға шешім қабылдады.
Тексеру барысында Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайлар мен «ASP Arena» көпфункционалды кешені қаралды. Облыс әкімдігі мен бейінді қызметтер санитариялық дайындық, қауіпсіздік шаралары, медициналық, құтқару және құқық қорғау қызметтерінің жұмысы, сондай-ақ демалушыларға қолайлы жағдай жасау жөнінде баяндады.
Аида Балаева нысандардың толық дайындығын дәл қазірден бастап қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар халықпен уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, судағы қауіпсіздікті, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен бірге барлық жағажайлар мен демалыс аймақтары әкімдіктердің қарауында емес екені де арнайы айтылды. Осыған байланысты Аида Балаева жекеменшік нысандардың иелері де тазалыққа, қоғамдық тәртіпке, инфрақұрылымның жай-күйіне және ең алдымен адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарауға тиіс екенін айтты. Облыс әкімдігіне демалыс аймақтары иелерінің атына қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитариялық талаптарды сақтау және жазғы маусым кезеңінде жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар қамтылған тиісті хабарламалар әзірлеу тапсырылды.
Бұдан бөлек, туризм және спорт министріне туристік нысандар иелері мен жеке компаниялардың қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуіне, қауіпсіздік талаптарын сақтауына және белгіленген нормаларды орындауына қатысты жауапкершілігін реттейтін құқықтық тетіктерді пысықтау тапсырылды. Жекеменшік демалыс аймақтары азаматтар мен мемлекет алдындағы тиісті жауапкершіліксіз тек коммерциялық қызметпен ғана шектелмеуге тиіс екені баса айтылды.
Премьер-министрдің орынбасары туристік аймақтарда жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де сервистік нысандар қызметінің заңдылығын бақылау қажеттігіне де айрықша назар аударды. Уәкілетті органдарға еңбек заңнамасының сақталуын, қызметкерлермен, оның ішінде жұмысқа тартылатын жастармен және студенттермен жасалған еңбек шарттарының болуын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуын тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды. Азаматтардың құқықтары толық көлемде сақталуға тиіс екені атап өтілді. Бұл демалушылардың да, жергілікті тұрғындар мен қызметкерлердің де құқықтарына бірдей қатысты.
Сонымен қатар көлік логистикасы, автотұрақтардың жеткіліктілігі, жол қозғалысын ұйымдастыру және жаппай демалыс орындарындағы көлік ағынын реттеу мәселесі де көтерілді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзуға қатаң әрекет ету қажеттігі бөлек көрсетілді. Аида Балаева барлық белгіленген талаптар мүлтіксіз сақталуға тиіс екенін, ал құқық бұзушыларға қатысты шаралар уақтылы әрі заңнамаға сәйкес қабылдануы қажет екенін атап өтті.
– "Таза Қазақстан" идеологиясы жай ұран болып қалмай, туристік нысандардың жай-күйінен көрініс табуы керек. Ол тазалықтан, тәртіптен, кеңістіктің түсінікті ұйымдастырылуынан және ортақ демалыс орнына деген құрметтен байқалуға тиіс. Ал “Заң мен тәртіп” қағидаты барлық қызметтің нақты әрі үйлесімді жұмысынан және қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзғандарға қатысты шаралардың бұлтартпай қолданылуынан көрінуі қажет, – деді Аида Балаева.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары аумақтардың санитариялық жағдайын күшейтуді, инфрақұрылым мен қауіпсіздік қызметтерінің дайындығын қамтамасыз етуді, халықпен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ коммуналдық және жекеменшік демалыс нысандарына жүйелі бақылау орнатуды тапсырды. Сонымен бірге заңдылықтың сақталуына, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғалуына және меншік иелерінің қауіпсіздік, тәртіп пен көрсетілетін қызмет сапасы үшін жауапкершілігіне ерекше мән берілді.
Димаш Құдайбергеннің әні осы кезең аралығында тек бір рет қана көшбасшылықты уақытша жоғалқан. Десе де, бір аптадан соң қайта рейтингтің жоғарғы сатысына оралған. Чарттың шыңында ұзақ уақыт бойы тұрақтауы сәтті туынды болуынан ғана емес, сонымен қатар Польша тыңдармандары тарапынан көрсетілген айрықша қолдауды да айғақтаса керек-ті.
Хит-парад архивіндегі «1. Bez zmian. 52 tydzień na liście» деген атау «1. Өзгеріссіз. Тізімдегі 52-апта» деп аударылады. Бұл композицияның рейтингтің ең жоғары сатысында рекордтық мерзім бойы тұрғанын дәлелдеп отыр.
Айта кетейік, Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 миллионнан аса қаралым жинаған еді.
2025 жылы ол атқарушы продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды.
Жаңа эпизод бүгін Қытай уақытымен сағат 22:00-де Hunan TV телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
6 елден жиналған орындаушылардың шығармашылық сапары өңірдің маңызды бағыттарын қамтиды. Шетелдік көрермендер Ұлы Жібек жолының мәдени және сауда орталығы болған Күлтөбе қалашығын тамашалай алады. Жоба қатысушылары үшін көне өркениеттердің бірегей ескерткіші – Отырар қалашығы шабыт көзіне айналады.
Туристер арасында танымал орындардың бірі «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде қазақ халқының дәстүрлері, салт-дәстүрлері мен мәдениеті таныстырылады. Бұл шығарылымда қазылар алқасында болатын «Грэмми» сыйлығының екі дүркін лауреаты Уолтер Афанасьефф өткен жылы түсірілімдерге қатысу үшін Түркістанға арнайы келген.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген жобаны Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Түсірілім еліміздің 6 өңірін қамтыды. Бұл жоба әртүрлі елдердің шығармашылық орындаушыларын біріктіріп қана қоймай, Қазақстанның туристік әлеуетін миллиардтаған көрерменге таныстырады. Hunan TV телеарнасының аудиториясы 1,9 миллиардтан асады. Жоба Mango TV цифрлық платформасында да көрсетіледі.
Алғашқы сапар 21 қыркүйекке жоспарланған, ал билет құны 53 200 доллардан басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Пойыз жол бойы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағынан өтеді. Жолаушылар Ұлы Жібек жолының басты нүктелері – Сиань, Қашқар, Алматы, Бішкек, Хиуа, Бұхара, Душанбе, Самарқанд, Маргилан, Қоқан және басқа да көне қалаларды аралайды.
«Мұқият әзірленген бұл бағыт ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарын, көне қалалар мен жергілікті мәдениетті тамашалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, теміржолдағы ең жоғары деңгейдегі жайлылықты сезінесіз», – деп хабарлады ұйымдастырушы компания.
Айта кетейік, бұл бағыттағы соңғы рейс 2019 жылы жүріп, пандемия кезінде тоқтатылған болатын. Содан бері пойыз қатынаған жоқ.
Golden Eagle Luxury Trains компаниясын (алғашқы атауы GW Travel Ltd) 1989 жылы Тим Литтлер эксклюзивті теміржол круиздерінің операторы ретінде құрған. Бастапқыдан-ақ компания ерекше сән-салтанатқа басымдық берді. Жарнамалық материалдарда мынадай қызметтер ұсынылған: Belle Époque стиліндегі интерьер, Өнер мен технологияның гүлденген дәуірін бейнелейтін дизайн, Хань әулеті стиліндегі люкс-купе. Бұл купенің бағасы тізімде көрсетілмеген, ол тек жеке сұраныс бойынша хабарланады. Талғамы биік саяхатшыларды қанағаттандыратын басқа да қолайлы жағдайлар.
2025 жылы Golden Eagle Luxury Trains компаниясын италиялық Arsenale Group сатып алды. Жаңа иелері Азия нарығына баса назар аударып отыр. Бұрын «Алтын бүркіттер» негізінен Еуропаны шарлайтын.
Қазіргі таңда «Ұлы Жібек жолынан» бөлек, мынадай турлар жарияланды: «Императорлық Қытай» (Сиань – Гонконг, 12 күн, 2027 жылғы 16 сәуірде аттанады), «Әлем шатырына саяхат» (Бейжің – Лхаса, 13 күн, 2027 жылғы 6 сәуірде аттанады).
Сондай-ақ, «Жібек жолы» бағытында жолдың бір бөлігін ғана қамтитын қысқа рейстер де болады. Мысалы, Бейжің – Үрімжі, Алматы – Ташкент немесе Алматы – Самарқанд. Бұл сегменттегі бағалар 19 500 доллардан басталады.