Технология
Компанияның мәліметінше, базалық модельдің арқасында бір адамның басқаруымен ондаған робот бір мезгілде бірдей әрекеттерді орындай алады. Ханчжоу қаласында өткен таныстырылымда оператор арнайы қозғалыс түсіру костюмін киіп, қолын сермеп, денесін бұрып, допты соқты. Ал Titan o1 оператордың әр қозғалысын миллисекунд ішінде дәл қайталап отырды.
Қол мен дененің бұрылу бұрышынан бастап, қадам ұзындығы мен аяқ көтерілісінің биіктігіне дейін роботтың қозғалыстары оператордың қимыл ырғағымен сәйкес келген.
«Бұл қозғалыстар оператордың тосын әрекеттеріне нақты уақыт режимінде берілген реакциялар болды», – деді Westlake Robotics компаниясының негізін қалаушы Ван Дунлинь.
Оның айтуынша, оператор мен оның қимылы қаншалықты өзгерсе де, Titan o1 тез бейімделеді. Адам организмінде мишық қозғалыс үйлесімділігіне, тепе-теңдікке және қимылдарды дәл әрі бірқалыпты орындауға жауап береді. Ал GAE – осындай функцияны робот үшін атқаратын әмбебап жүйе. Ол сигналға сәйкес қимылды бірден орындауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, GAE әртүрлі құрылымдағы және өлшемдегі роботтарға бейімделе алады, яғни бір модель әр типтегі роботтарға қолданылуы мүмкін, деп хабарлады Westlake Robotics.
Бүгінде «Қазақтелеком» 1,75 миллионнан астам үй шаруашылығына қызмет көрсетеді. Компания ел аумағында талшықты-оптикалық желіні жүйелі түрде кеңейтіп, телекоммуникация нарығының негізгі сегменттерінде көшбасшылық орнын сақтап отыр.
Елді мекендерді байланыспен қамту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. 2027 жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса ауылды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Мемлекет басшысына «Каспий ТОБЖ» халықаралық жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді. Аталған жоба Ақтау – Сумгаит бағытында суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды көздейді. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз қалыптастырмақ.
Кездесу барысында деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» стратегиялық жобасы аясында қуаты кезең-кезеңімен ұлғайтылатын заманауи орталық құрылуда. Бұл жоба халықаралық технологиялық компанияларды тартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады.
Бағдат Мусиннің айтуынша, жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық беріледі. Корпоративтік процестерді автоматтандыруға арналған ЖИ-агенттерді әзірлеу, киберқауіпсіздік шешімдерін жетілдіру және мемлекеттік секторды цифрландыру бойынша бірқатар жоба қолға алынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын қалалар мен ауылдарды сапалы байланыспен және интернетпен қамтудың маңызына назар аударды. Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту салаларында инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.
Десек те, бұл түйткілді Қазақстан өзге елдер секілді заңмен реттеуге көшті. Заңға былтыр жыл соңына қарай «Қазақстанда жасанды интеллект арқылы жасалған кез келген контент арнайы белгімен жариялануы тиіс» деген норма қосылды. 16 қаңтардан бастап күшіне енді. Енді не өзгеруі мүмкін?
Мәселен, сіз кез келген әлеуметтік желі немесе ғаламторға жүктейтін фото, аудио, бейнежазбаңызды жасанды интеллект арқылы өңдеген болсаңыз, арнайы белгі немесе «ЖИ көмегімен жасалды» деген ескертпе қоюыңыз керек. Бұны жасырып қалу заңға қайшы әрекет саналады.
Бір жағынан бұл қадам алаяқтықтың алдын алуға бағытталғандай көрінеді. Өйткені желіде танымал адамдардың бейнесі мен дауысын пайдалану арқылы онлайн казино, букмекерлерді жарнамалағандар көбейді.
Ал белгі немесе ескерту қоймай, ЖИ контенттерін жариялай берсеңіз айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексте алғашқы заң бұзған жағдайда жеке тұлғаларға – 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге), шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (86 500 теңге), орта бизнеске – 30 АЕК (129 750 теңге), ірі бизнеске 100 АЕК (432 500 теңге) айыппұл салынады. Егер заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге жуық өседі.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жасанды интеллект көмегімен жасалған фото не видеоны қандай жағдайда таңбалау қажет екенін баяндаған. Оның айтуынша, дипфейк ұғымына қатысты сұрақтар туындаған. Депутат оның екі түрі барын айтады. Біріншісі, білім беру немесе басқа саладағы цифрлық контентте қолдану. Бұл жағдайда ЖИ көмегімен фото жасау барысында адамның келісімін алу және жеке деректерді қорғау туралы заң талаптарын сақтау қажет.
Екіншісі, алаяқтық және басқа да заңсыз мақсатта пайдалану. Бұл жағдайда ЖИ көмегімен жасалған өнім экономикалық шығынға әкелді ме немесе адамның беделіне нұқсан келтірді ме деп қаралады.
Әйтсе де алдағы жылдары ЖИ контентіне қатысты жаза ауырлауы мүмкін. Өйткені келешекте дипфейкке қатысты қылмыстық кодекске де норма қосу жайы талқыланып отыр.
Қазір жасанды интеллектіні қолдану бойынша курс сататын адамдар көп. Онлайн платформадағы контент пен ақпарат таратудың сапасы осы заңнамалардың арқасында өсуге тиіс. Осы күні ірі ЖИ-сервистер автоматты түрде логотип немесе арнайы белгі қоя бастады. Билік өкілдерінің айтуынша, болашақта бұл талап барлық жасанды интеллект платформаларына ортақ стандартқа айналуы мүмкін.
Бұрын шығындалып жасататын тойға шақыру, әлеуметтік роликтерді қазір оп-оңай ЖИ арқылы жасау трендке айналып кетті. Тіпті, білім, медицина саласындағы мамандар тек жасанды интеллектімен жасалған контентті таратып жүр. Тарихи оқиғаларды, бір өнімнің ағзаға қалай әсер ететінін ЖИ арқылы тамаша жеткізуге болады. Нарыққа тіпті ЖИ контентмейкерлер қосылды.
– ЖИ жасаған контентті көбіне инстаграмм желісіне жариялаймыз. Инстаграмда «ЖИ арқылы жасалды» деген арнайы батырма бар. Соны міндетті түрде басу керек. Осы батырманы басқаннан кейін ғана контентті жүктейміз. Жасанды интеллектіге қатысты жаңа заң қоғамға ауадай қажет. Өйткені өзіміз де ЖИ-мен жасалған адам бейнелерін шынайылықтан айыра алмай қалдық. Бұндай контенттерде заңға қайшы келетін кейбір дүниелер де айтылуы мүмкін. Жасанды интеллект бағдарламалары бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, Google Labs-да 18 жасқа толмаған балалардың бейнесін жасатқызбайды. Тек қана анимацияланған мультимедиалық түрін жасауға рұқсат беріледі. Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты танымал тұлғалардың шынайы бейнесін жасауға рұқсат етілмейді. Зорлық-зомбылыққа қатысты заттарды да жасауға болмайды, – дейді контентмейкер Мәншүк Әділхан.
Уақыт өткен сайын ЖИ саласы қарқынды дамып жатыр. Мүмкіндігімен қатар, күдік ұялатар тұсы көп. Міне, цифрлық кеңістік ақырындап реализмге айналып, қоғамның түйткіліне айналды.
Мәселен, 2025 жылдың алғашқы үш айында елде байланыс тарифтері бірден 25 пайызға көтерілді. Кей операторлар тарифке 500 теңге қосса, басқалары 3 мың теңгеге өсірді.
Жалпы, Қазақстанда байланыс операторларының табысы триллиондап саналады. Соған қарамастан тұтынушылар шағымына «экономикалық жағдайды, нарық пен қымбатшылықты» себеп ретінде көрсетіп, ақталады. Енді міне, елде байланыс құны аймақтағы жоғары бағалар тізіміне қосылып отыр.
Мысалы, Қазақстанда мобильді телефонға арналған, қолжетімді саналатын, бар болғаны 10 гб пен қоңырауларға арналған тариф орта есеппен 4,7 мың теңге тұрады. Ал дәл осындай қызмет үшін Ресейде 3,4 мың теңге, Өзбекстанда 2 мың теңге төлейсіз. Айырмашылықты салыстырып көріңіз.
Беларусьте осыған ұқсас тариф 4,4 мың теңге, Қытайда – 4,6 мың. Ал бізден сәл қымбаттау ел – Түркия (5,1 мың теңге). Бір байқағанымыз, әлемде байланыс тарифі қымбат елдерге технологиялық жағынан қатты дамыған елдер кіреді. Жапонияда баға 12,4 мың теңге, Германияда – 13,8 мың, Оңтүстік Кореяда – 18,5 мың теңге. Көштің басында АҚШ тұр – 31,2 мың.
Қоңырау  тарифін ескермегенде, тек интернет құнының өзі бізде Ресейде қымбат. Елімізде шексіз кең жолақты интернет орта есеппен айына 6,8 мың теңге тұрса, көршімізде 4,2 мың теңге. Қырғызстанда – 5,9 мың теңге, Қытайда – 5,7 мың теңге, Өзбекстанда – 6,3 мың теңге, Беларусьте – 6,2 мың теңге. Ал көп төлейтін елдер тағы да сол Оңтүстік Корея (11 мың теңге), Жапония (16,4 мың теңге), АҚШ (37,1 мың теңге) және БАӘ (50 мың теңге).
Мемлекет талап қоя алмайды
Құзырлы органдар да салада монополия жайлағанын жоққа шығармайды. Біздің білетініміз әдеттегі сол 4-5 оператор ғана. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2017-2025 жылдары Қазақстан аумағында тіркелген отандық байланыс операторларының жалпы саны 400-ден асып кеткен.
Кейінгі талдаулар бойынша, «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының («Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС) нарықтағы үлесі 63 пайыз болса, 37 пайыз «КаР-Тел» ЖШС-ның үлесінде. Сонда қалған 400-ден астам компания қайда қалды? Бұл – нарықта монополия бар екенінің айқын көрінісі.
Әйтсе де бұны желеу етіп, үкімет салаға бей-берекет араласпағаны жөн. Бұған дейін Halyk Finance Талдау орталығының сарапшысы Мадина Қабжалалова мемлекеттің шектен тыс араласуы да қате шешім болуы ықтимал екенін алға тартты.
– Тариф бағасының өсуі – нарықтағы ойыншылар санының аздығы. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс қызметтері нарығындағы бәсекелестік проблемалары туралы көптен бері айтып келеді. Мемлекеттік компанияның жалпы нарықтағы үлесі басым – 63%. Бұл жағдай тәуекел тудырады. Себебі олар өзара сөз байласуы мүмкін. Мемлекеттік компания нарықта басымдыққа ие. Дегенмен бірнеше жыл бұрын халықаралық операторлар нарықта болған кезде ол айтарлықтай бәсекеге қабілетті болды, – дейді сарапшы.
Осыдан тура 1 жыл бұрын танымал Altel мен Tele2 операторын қатарлық компания сатып алды. Бірақ баға олардың саясатын айтарлықтай өзгертпеуі мүмкін. Шетелдік инвесторлар мен үкімет үш жыл бойы нарыққа жаңа оператор кірмеуі керек деп келіскен. Сондықтан аталған екі байланыс операторы аты өзгермесе, заты өзгермей қала береді.
Рас, салаға қатысты халықтан шағым көп. Бірақ бір мәселенің басын ашып алған дұрыс – мемлекет операторларға тариф бағасын түсір деп талап қоя алмайды! Себебі ҚР «Байланыс туралы» заңының 20-бабында «…байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді» деп жазылған.
Осының салдарынан мемлекет тек шағым түскен кезде ғана тексере алады. Бірақ сол тексерулер билікке бірталай пайда берген секілді. Жыл сайын жүздеген, кейде мыңдаған тексеріс жүргізіледі. Байланыс компанияларына 2019-2024 жылдар арасында 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салыныпты. Орта есеппен жыл сайын 1,4 млрд теңгеге тең заңсыздық әшкере болуда.
Қорыта айтқанда, алдағы уақытта операторлардың баға саясатынан айтарлықтай өзгеріс күтпейміз. Саны бар да, сапасы жоқ шұбырған компаниялар нарықтағы монополияны ысыра алмайды. Тек бір игі нышан ретінде нарыққа шетелдік инвесторлар келіп, бәсеке тудырса құба-құп.
Жоба «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып, мобильді байланыс жоқ немесе тұрақсыз жұмыс істейтін автожол учаскелеріндегі «ақ дақтарды» жоюға бағытталған.
Жобаны іске асыру нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылар жол бойында интернетті навигация үшін, шұғыл қоңыраулар жасауға, сондай-ақ мемлекеттік және банк сервистерін  пайдалануға мүмкіндік алады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз ету жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін, ал облыстық маңызы бар жолдарда 2027 жылдың соңына дейін аяқталады. Келісім аясында «Транстелеком» АҚ жобаны мемлекеттік қаржыландырусыз, өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Жоспарға сәйкес, жоба екі кезеңде жалпы ұзындығы 40 мың шақырымнан астам автомобиль жолын қамтиды. Жол бойындағы тұрақты байланыстың болуы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, жедел қызметтердің әрекет ету жылдамдығын жақсартады, сондай-ақ көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйелері мен жол жағдайын мониторингтеу технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.
Жоба аясында 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен мобильді байланыс базалық станциялары салынады. Бұл елдің негізгі көлік бағыттарында байланыстың қамту аумағын кеңейтіп, қызмет сапасын едәуір жақсартады.
Байланыстың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Транстелеком» АҚ салған инфрақұрылымды басқа ұялы байланыс операторларының пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл мобильді байланыстың қамту аймағын жедел кеңейтуге және таңдалған операторға қарамастан, барлық азаматтар үшін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.
Зерттеулер мен мысалдар
Сананы цифрландыруға бірнеше негізгі кедергі бар.
Біріншіден, мидың толық картасын жасау қажет. Яғни барлық нейрондық байланысты түсіну керек.
Екіншіден, сананың механизмі анықтау маңызды. Сана тек биологиялық процесс пе, әлде оны цифрлық жүйеде қайта жасауға бола ма? Осы сұрақтың жауабын анықтау керек.
Үшіншіден, есептеу қуаты үлкен рөл атқарады. Адам миында шамамен 86 миллиард нейрон бар, олардың әрқайсысы жүз триллионнан астам синапс арқылы байланысқан. Сонымен қатар, нейрондар арасындағы сигналдарды өңдеуге нейроглия жасушалары да әсер етеді. Олар нейрондардан 10 есе көп болуы мүмкін. Мұның бәрін толық модельдеу орасан зор есептеу ресурсын талап етеді.
Қазіргі ғылым әлі сананы толық цифрландыруға қол жеткізе қоймағанымен, мидың жұмысын зерттеу, нейроинтерфейсті жасау және суперкомпьютерді пайдалану бағытында елеулі жетістік бар. Егер болашақта есептеу қуаты жеткілікті болып, сананы цифрландыру принципі анықталса, бұл технология шындыққа айналуы мүмкін.
Мысалы, 2013 жылы итальяндық дәрігер Серхио Канаверо адамның басын трансплантациялау мүмкін екенін мәлімдеді. Ол жұлын тінін байланыстыру мәселесін фузоген арқылы шешуге болатынын айтты.
2017 жылы Қытайда Канавероның басшылығымен адамның басын мәйіттің денесіне ауыстыруға бағытталған нейрохирургиялық операция жасалды. Бұл операцияда жүйке талшығы мен қан тамырын қосуға тырысты. Дегенмен, кейбір ғалымдар оның нәтижесіне күмәнмен қарайды. Операция науқастың толық өміршеңдігін дәлелдеген жоқ.
Сананы зерттеуге арналған жобалар да бар. АҚШ-тағы «Human Connectome Project» мидың толық картасын жасап, нейрондық байланысты картаға түсіру арқылы ойлау мен сана процесін зерттейді.
Швейцариядағы «Blue Brain Project» суперкомпьютерді пайдаланып ми қабығының бөлігін цифрлық модельдеуге тырысты. Neuralink стартапы ми мен компьютер арасындағы тікелей байланыс жасауға бағыттады. Ал Nectome компаниясы өлген адамның миын химиялық консерванттар арқылы сақтап, болашақта оны цифрландыруды жоспарлайды. Жапонияның Brain Project компаниясы мидың жоғары дәлдіктегі симуляциясын жасау үшін кванттық есептеуді зерттеп жатыр.
Қашан және қалай іске асады?
Ғылыми қоғамдастық сананы цифрландырудың мүмкін екенін жоққа шығармайды. Болашақта жасанды нейрондық желілер дамыған сайын, сананы интернетке жүктеу сценарийі де ықтимал көрінеді.
Психолог Майкл Грациано бұл процесті ойлау эксперименті арқылы сипаттайды: сіз клиникаға сананы цифрландыруға барасыз. Процедура сәтті өтеді. Сіз өзіңіз болып қала бересіз, ал сіздің виртуалды көшірмеңіз виртуалды әлемде оянады. Ол сіздің білім, дағды, тәжірибе және естеліктеріңіздің толық жиынтығына ие болады.
Сананы толық цифрландырудың нақты уақытын болжау қиын. Себебі бұл бірнеше күрделі технологиялық және ғылыми мәселені шешуді талап етеді. Дегенмен, сарапшылар бұл процесті үш кезеңде дамуы мүмкін деп болжайды.
Біріншісі – қысқа мерзімді кезең (2025-2040). Нейроинтерфейс дамиды, AI сананың кейбір аспектілерін модельдейді, мидың нейрондық байланыстары зерттеледі.
Екінші – орта мерзімді кезең (2040-2070). Мидың цифрлық моделдері жасалады, кванттық есептеулер арқылы нейрондық желілерді өңдеу мүмкін болады, сананың алғашқы цифрлық көшірмелері пайда болады.
Үшінші – ұзақ мерзімді кезең (2070-2100). Толық сананы цифрландыруға қол жеткізу мүмкіндігі, цифрлық көшірме автономды түрде өмір сүре алады. Физикалық денеден тәуелсіз «цифрлық өмір» қалыптасуы ықтимал.
Яғни, сананы толық цифрландыру ХХІ ғасырдың екінші жартысында немесе ХХІІ ғасырдың басында мүмкін болуы ықтимал. Ал алғашқы қадам – нейроинтерфейс пен мидың цифрлық модельдері – қазірдің өзінде жүзеге асуда.
P.S. Айналып келгенде, адам санасын цифрландыру белгілі бір дәрежеде роботтандыруға ұқсас процесс. Бұл ми сигналын компьютерге көшіру емес, адамның ойлау қабілетін, естелігін және дағдысын цифрлық ортада қайта жасау дегенді білдіреді. Нәтижесінде адам физикалық тәнінен тәуелсіз өмір сүре алатын виртуалды немесе роботталған нұсқасына айналуы мүмкін. Ал біз сананы цифрландыруға дайынбыз ба?
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
Автомобильдің қалыптасу және даму кезеңдері
1769 жылы автомобиль өндірісінің алғашқы қадамы француз өнертапқышы Николас-Жозеф Куноның бу қозғалтқышын пайдаланып, өзі жүретін алғашқы арбаны жасауымен басталды. Бұл бастама болашақ автомобильдің ізашарына айналды. 1807 жылы француз ғалымы Франсуа де Ривастың іштен жану қозғалтқышын ойлап табуы автомобиль жасаудың жаңа дәуірін ашты. Бұл іргелі жаңалық кейінгі автомобильдердің конструкциялық негізіне қаланды. 1864 жылы австриялық өнертапқыш Зигфрид Маркус бензин қозғалтқышымен жұмыс істейтін алғашқы көлік құрастырылды. Бұл автомобиль технологиясының одан әрі өркендеуіне жол ашты.
1885 жыл автомобиль тарихындағы маңызды белес болды. Неміс инженері Готтлиб Даймлер бензин қозғалтқышын құрастырса, оның отандасы Карл Бенц іштен жанатын қозғалтқышы бар әлемдегі алғашқы нағыз автомобиль – Motorwagen-ді жарыққа шығарды. 1886 жылы 29 қаңтарда Германияда Бенц өзінің Motorwagen-іне авторлық құқық алды. Бұл көлікке берілген алғашқы патент болып тіркелді. Неміс инженерінің бұл революциялық жаңалығы автомобиль дәуірінің басталуына түрткі болды. Дегенмен, 1886-1893 жылдар аралығында Карл Бенц бар болғаны 25 шақты Motorwagen шығара алды.
1894 жылы әлемдегі алғашқы автомобиль жарысы Париж бен Руан қаласы арасында өтті. Жеңімпаз сағатына орташа 19 шақырым жылдамдық көрсеткен Альберт Леметр болды. 1895 жылы автомобильдер үшін маңызды жаңалық – алынбалы пневматикалық дөңгелектердің пайда болуы жүрісті жақсартып, басқаруды жеңілдетті. Бұл алғашқы буындағы көліктің жылдамдығы қандай болғанынан хабар береді.
XX ғасырдың басында автомобиль өндірісі жаңа биікке көтерілді. 1901 жылы Америка Құрама Штаттарында алғашқы сериялық автокөлік дүниеге келді. 1908 жылы Генри Фордтың конвейерлік құрастыру әдісінің енгізілуі өндіріс процесін түбегейлі өзгертті. Бұл әдіс бір көлікті жасау уақытын 12 сағаттан 93 минутқа дейін қысқартты. Нәтижесінде, 19 жылдың ішінде 15 миллионнан астам Ford Model T шығарылды. Бұл автомобиль өндірісін бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп, қарапайым халыққа қолжетімді етті. 1920 жылға қарай АҚШ-та 8 миллионнан астам тіркелген автомобиль болды.
Автомобиль өнеркәсібіндегі автоматтандырудың алғашқы қадамы 1954 жылы жасалды. Сол жылы Джордж Девол автомобиль өндірісіндегі алғашқы өнеркәсіптік робот саналатын Unimate-ті ойлап тауып, патенттеді. Кейінірек, 1961 жылы Девол мен кәсіпкер Джозеф Энгельбергер бірлесіп Unimation компаниясын құрды. Unimate роботының 1961 жылы General Motors зауытында қолданысқа енгізілуі автоматтандырудың маңызды кезеңі болды. 1970 жылдардың аяғына қарай әлемде 10 мыңға жуық өнеркәсіптік робот жұмыс істеді, олардың басым бөлігі автомобиль өнеркәсібінде пайдаланылды.
XX ғасырдың ортасы мен соңында Германия (Volkswagen, Mercedes-Benz, BMW), Жапония (Toyota, Nissan, Honda) және Франция (Peugeot, Citroën, Renault) әлемдік автомобиль өндірісі мен сатылымында жетекші ойыншыға айналды.
1966 жылы британдық Jensen FF моделінің жарыққа шығуы толық жетекті жеңіл автомобиль тарихында жаңа дәуірді бастады. Бұған дейін толық жетек тек жол талғамайтын көліктерге тән болса, Jensen Motors бұл технологияны жолға арналған «гран-туризмо» класындағы автомобильге енгізу арқылы үлкен қадам жасады.
1976 жылы Кеңес Одағындағы автомобиль өнеркәсібінде де маңызды оқиға орын алып – КАМАЗ автокөлігінің тарихы басталды. Зауыттан шыққан алғашқы КамАЗ-5320 жүк көлігі елдің ауыр жүк тасымалдау саласының дамуына зор ықпал етті.
Автоөнеркәсіптің бүгіні және келешегі
XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында автомобиль индустриясына электрониканың енуі жаңа мүмкіндікке жол ашты. Қозғалтқышты басқару, тежеу жүйесі, тұрақтылықты бақылау сынды маңызды функциялар электронды түрде басқарыла бастады. Бұған экологиялық мәселенің өзектілігі әсер еткені анық.
1996 жылы General Motors EV1 әлемдегі алғашқы жаппай өндірістік электр көлігі ретінде тарихқа енді. Бұл қазбалы отынға тәуелділікті азайтуға бағытталған маңызды қадам еді. Дәл осы жылы General Motors EV1-дің шығарылуы әлемдегі алғашқы сериялық аккумулятормен жұмыс істейтін автомобиль болды. 1997 жылы автомобиль тарихындағы тағы бір елеулі оқиға Toyota Prius-тың дебюті болды. Бұл автомобиль гибридті электр станциясы бар сериялық өндіріске шығарылған алғашқы көлік ретінде танылды. Сол жылы жаһандық автомобиль нарығында Toyota Prius-тың пайда болуы бензин және электр қозғалтқыштарының үйлесімін ұсынған алғашқы жаппай өндірістік автомобиль болды, бұл технология жанармай үнемділігі мен экологиялық тазалықты арттыруға мүмкіндік берді.
Заманауи көліктерде навигациялық жүйе, мультимедиалық кешен және байланыс құралы ажырамас бөлігіне айналды. 2013 жылы Hyundai концерні де Hyundai ix35 FCEV кроссоверін шығару арқылы автомобиль тарихында жаңа парақ ашты. Бұл автомобиль сутегімен жүретін алғашқы жаппай өндірілген көлік болды.
Қазіргі уақытта автокөлік өндірісінде электрлі көліктер мен автономды басқару технологиясы жетекші бағыт болып табылады. Экологиялық мәселенің өзектілігіне байланысты электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін көліктер кеңінен таралуда. Tesla, Nissan, BMW және басқа да ірі өндірушілер электромобильдердің түрлі модельдерін ұсынуда. Жасанды интеллект, сенсорлар және бағдарламалық қамтамасыз етудің қарқынды дамуы өзі жүретін көліктердің пайда болуына жол ашты. Google (Waymo), Tesla, General Motors (Cruise) және басқа да компаниялар автономды басқару технологияларын белсенді түрде зерттеуде және сынауда. Болашақта өзі жүретін көліктер жол қозғалысын қауіпсіз, тиімді және ыңғайлы етуге зор әлеуетке ие. Қалалық көлік кептелісін азайту мақсатында ұшатын таксилерді (Flying Taxis) енгізу бойынша жұмыстар да жүргізілуде.
Қытай соңғы онжылдықтарда әлемдегі ең ірі автомобиль өндірушісі және нарығына айналды. Нақты әлемдік сатылым рейтингі өзгеріп тұрғанымен, Volkswagen Group, Toyota Motor Corporation және Renault-Nissan-Mitsubishi Alliance сынды ірі компаниялар көбінесе әлемдік сатылым көлемі бойынша көш бастап тұрады. Қазіргі уақытта әлемде жылына 70-90 миллионға жуық автомобиль өндіріледі. 2030-2040 жылдарға қарай жаңа автомобильдердің басым бөлігі электрлі болады деп болжануда. Автомобильдердің интернетке және басқа құрылғыларға қосылуы (V2X – Vehicle-to-Everything) кеңейе түседі. Gartner компаниясының мәліметінше, 2019 жылы автономды жүргізуге қажетті жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған автомобильдердің саны 137 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 2025 жылы 600 мыңнан асады деген болжам бар. IHS Automotive компаниясының ұзақ мерзімді болжамы бойынша, 2035 жылға қарай әлем жолдарында жүргізушісіз жүретін көліктердің жалпы саны 21 миллионға жетуі мүмкін. Бұл болжам автономды технологиялардың келешектегі көлік инфрақұрылымы мен қоғамдық өмірге терең әсер ететінін көрсетеді.
Қалалық көлік кептелісін қысқартуда ұшатын таксилерді (Flying Taxis) енгізу жұмыстары жүргізілуде.
P.S. Автомобиль өндірісіндегі көліктердің даму эволюциясы – үздіксіз процесс. Бумен жүретін алғашқы үлгілерден бастап, іштен жану қозғалтқышының дәуірі, жаппай өндірістің гүлденуі, технологиялық жетілдірулер, электрониканың енуі және қазіргі заманғы электрлі және автономды көліктер – бұл әрбір кезең адамзаттың инженерлік ойы мен инновациялық ұмтылысының жемісі. Автокөлік технологияларының одан әрі дамуы біздің көлікпен қатынасу тәсілдерімізді түбегейлі өзгертетіні анық.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
Нобельдің рухани символы және салмағы
Қазір қоғамда: «Нобель сыйлығына шынымен лайық тұлға болса, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құрып, Семейдегі полигонды жабуға ықпал еткен Олжас Сүлейменов » деген пікір жиі айтылады. Әрине, бұл – жеке көзқарастар. Бұған біз баға бере алмаймыз. Нақты шешімді Нобель комитеті ғана шығарады. Белгілісі – кезінде Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет ұсынылған-ды. Тіпті АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі Нобельді иелене алмай, оған деген өкпесін білдіргені де мәлім.
Осыдан кейін еріксіз ойланасың, жұртты осынша толқытатын Нобель сыйлығының құдіреті неде?
Өз тәжірибемнен айтайын, екі жыл бұрын журналист ретінде «Үркер» сыйлығын алған сәтте бақыттан басым көкке бір елі жетпей қалғандай болған. Ұлттық марапат, еңбектің еленуі, бір мезетте қолыңа миллион теңге тигені өміріңе ерекше леп береді.
Ал Нобель сыйлығының ықпалы мүлде басқа деңгейде. Оның қаржылай көлемі – 11 миллион швед кроны. Бұл шамамен 495 миллион теңге. Бірақ Нобельдің ең үлкен құндылығы ақшасында емес – ол адамды халықаралық деңгейде мойындатып, есімін әлемдік ғылым, мәдениет немесе саясат тарихына мәңгілікке жазып кетуге мүмкіндік береді.
Енді тарихына аздап тоқталатын болсақ, Нобельдің өсиетіне бағдарлауымыз тиіс. Ол: «Менің байлығым адамзатқа пайда әкелетін ғылым мен бейбітшілікке жұмсалсын» деп өсиет қалдырады.
Алайда оның туыстары бұған қарсы болып, тіпті сотқа берген. Бірақ соңында Нобель қоры құрылып, 1901 жылдан бастап сыйлықтар табыстала бастады.
Сыйлықтың негізгі ұраны – «Ғылым адамзаттың игілігіне қызмет етуі керек». Сол себепті Нобель комитеті тек жаңалық ашқан емес, адамзатты алға жылжытқан идеяны бағалайды.
Әрбір Нобель лауреаты – өз заманындағы мүмкіндікті кеңейткен тұлға. Олар ғылымды тек кәсіби сала емес, адамдық жауапкершіліктің формасы ретінде түсінді.
Сондықтан Нобель сыйлығы – ғылымның ғана емес, ар мен әділдіктің өлшемі.
Нобель сыйлығы – жай марапат емес, жаңа бастаманың қайнар бұлағы ретінде бағаланады. Мәселен, Альберт Эйнштейннің фотоэффект жөніндегі еңбегі физикадағы жаңа дәуірдің есігін ашты. Уотсон мен Криктың ДНҚ құрылымын табуы биологияны түбегейлі өзгертті.
Соңғы жылдары климаттың өзгеруі мен жасанды интеллект тақырыбындағы зерттеулер де осы сыйлықтың назарында тұр.
Нобель сыйлығы ғалымды ғана емес, идеяны марапаттайды. Яғни қай бағыттың болашағы бар екенін, қай сала адамзаттың келешегін айқындайтынын көрсетеді.
Ғылым географиясының өзгеруі
1901 жылы ең алғашқы Нобель сыйлығы неміс физигі Вильгельм Конрад Рентгенге берілді. Ол ашқан рентген сәулелері медицина мен физикада төңкеріс жасады. Бұрын дәрігерлер адам денесінің ішкі құрылысын тек хирургиялық жолмен көре алса, енді рентген аппараты арқылы сүйек, өкпе, жүрек пен ісік сияқты мүшелерді анық көруге мүмкіндік туды. Бұл жаңалық миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға жол ашты.
Рентген сыйлықтан материалдық пайда іздемей, Нобель жүлдесінің ақшалай сомасын университет зертханасына аударды. Бұл қадам оның ғылымға адалдығы мен рухани тазалығын айқын көрсетті.
Нобель сыйлығының тарихы – тек жекелеген ғалымдардың жеңісі ғана емес, сонымен бірге дүниежүзілік ғылым орталықтарының ауысу тарихы. ХХ ғасырдың басында ғылым мен техникадағы жетекші рөлді Германия мен Ұлыбритания иеленсе, оның екінші жартысында АҚШ-тың үстемдігі айқын сезілді. Ал ХХІ ғасырда ғылыми ойдың географиясы біртіндеп Азияға ойысып, Жапония, Қытай, Корея сияқты елдер жаңа интеллектуалдық орталықтарға айнала бастады. Мәселен, соңғы жиырма жылда физика мен химия саласындағы Нобель лауреаттарының шамамен үштен бірі азиялық ғалымдар. Бұл – ғылым мен инновацияның бағытының шығысқа қарай ауысып келе жатқанын дәлелдейтін нақты үрдіс.
Жалпы, Нобель сыйлығының географиясына көз жүгіртсек, 1901-2024 жылдар аралығында Еуропа құрлығынан – 515 лауреат шықты. Бұл – барлық лауреаттардың 52 пайызы. Солтүстік және Оңтүстік Америкадан – 312 лауреат, Азиядан – 90, Океаниядан (Аустралия мен Жаңа Зеландия) – 15 алды. Ал сыйлық алған халықаралық ұйымдар саны – 27.
Бұл деректер Нобель сыйлығының тек жекелеген жетістіктерді емес, адамзаттың ғылыми және зияткерлік даму картасын айқындайтынын көрсетеді. Ғылымның шекарасы өзгергенімен, оның басты миссиясы – адамзатқа қызмет ету – өзгермей келеді.
Нобель тарихы түрлі тағдырмен бай. Пәкістандық Малала Юсуфзай 2014 жылы небәрі 17 жасында қыздардың білім алу құқығын қорғап, ең жас лауреат атанды. Ал 97 жастағы америкалық физик Джон Б. Гуденаф 2019 жылы литий-иондық батареяны ойлап тапқаны үшін марапатталып, ең қарт лауреат ретінде тарихта қалды. Бұл мысалдар Нобель сыйлығының ұлтқа да, жасқа да, шекараға да қарамай, тек ақыл мен еңбекті бағалайтынын дәлелдейді.
Нобель сыйлығын екі мәрте иеленген санаулы тұлғалар бар. Солардың бірі – Мария Склодовская-Кюри, ол 1903 жылы физикадан, 1911 жылы химиядан Нобель алды. Сондай-ақ, Лайнус Полинг – химия (1954) және бейбітшілік (1962), Джон Бардин – физика (1956, 1972) саласында екі рет марапатталған.
Бұл ғалымдардың өмір жолы ғылымның тек зерттеу мен есеп қана емес, сонымен бірге рух пен ерік-жігер мектебі екенін дәлелдейді.
PS. Ғылымды шынайы бағалайтын мемлекет қана әлемдік процестің нақты ойыншысы бола алады. Ал біз болсақ, әлі күнге дейін ғылымды дамытудың нақты тетігін таба алмай келеміз. Сонда бұл кілтті академик Қаныш Сәтбаев өзімен бірге әкетті ме екен, әлде оны жалғастыратын лайықты мұрагері бар ма? Бізді қазір Нобель сыйлығын кім алатыны емес, осы сұрақ мазалайды…
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
Жасанды интеллект медициналық құжаттардан деректерді тану және құрылымдау жүйесі ретінде пайдаланылмақ, бұл ұсынылған мәліметтердің толықтығын анықтау, диагноздарды еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесімен (ауру түрлерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстыру, сондай-ақ қорытынды шешім бойынша ұсынымдар беру сияқты процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Бұл құралды енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық кезеңдерде адами факторды жояды, мүгедектік тобын анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
Қазіргі уақытта ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды ұсыну үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, клиникалық диагнозды растайтын барлық емдеу-диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерді цифрландыру және құрылымдалған түрде беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сынақ ретінде Оңтүстік Африка мен Эсватини шекарасында қазылған тау жыныстары алынды.
– Біз бұл талдау арқылы ежелгі өмірдің артында тек қазба қалдықтарын ғана емес, сонымен қатар химиялық іздерді анықтадық. Бұл ізді алғаш рет машиналық оқыту жүйесі арқылы тани алдық және оны дұрыс түсіндірдік, – деді Карнеги ғылым институтының аға ғылыми қызметкері Роберт Хейзен.
Ғалымдар аталған қорытындыға геохимия, ЖИ және газ хроматографиясы әдістерін біріктіретін бірегей жүйені жасау арқылы келіп отыр.
Екі жыл бұрын ғалымдар мен зерттеушілер қазбалар мен тірі жасушалардың құрамындағы бұл ерекшеліктерді геохимиялық деректердің үлкен көлеміне үйретілген жасанды интеллект жүйелері арқылы анықтауға болатынын анықтаған болатын. Олардың абиогендік тау жыныстарына, оның құрамында органикалық заттары бар үлгілерге жүргізген тәжірибелері жансыз заттардан тіршіліктің ізін 90% дәлдікпен таба алатынын көрсеткен.
Дәл осы тәсілді қолдана отырып, зерттеушілер 400 үлгіні, оның арасында Жердің әртүрлі дәуірінде пайда болған тау жыныстарын, қазіргі жануарлар мен өсімдіктердің сүйектері және дене тіндерін, әртүрлі қазба мен метеорит сынығын зерттеді. Бұл талдау жаңа әдістің жоғары дәлдігін көрсетіп, ғалымдарға өмірдің ең ежелгі химиялық іздерін, сонымен қатар алғашқы фотосинтездеуші организмдердің ізін ашуға мүмкіндік сыйлаған.
Алғашқысы Оңтүстік Африка мен Эсватини шекарасындағы Йозефсдал аймағында өндірілген 3,3 миллиард жылдық тау жыныстарының үлгілерінен табылды. Ал екіншісі Оңтүстік Африканың солтүстік мүйісіндегі Куруман қаласының маңында төбе көрсетті. Ондағы тау жыныстары шамамен 2,5 миллиард жыл бұрын пайда болғанын көрсетіп отыр.
– Бұрын геохимиктер 1,7 миллиард жыл бұрынғы тіршіліктің химиялық іздерін тапса, біз тапқан олжа – ең көне, бұрынғы ізден екі есеге артық жыл бұрын өмір сүрген. Бұл ғалымдардың фотосинтездің қашан пайда болғаны туралы түсінігін айтарлықтай өзгертеді, – деп қорытынды жасады ғалымдар мен зерттеушілер.
Жоба Қазақстанның энергетикалық ауысу стратегиясындағы маңызды қадам болмақ. Ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі 350 миллион АҚШ долларын құрайды. Clearbrook компаниясы виртуалды электр станциялары мен энергия сақтауға арналған технологияларды ұсынса, AG-Tech - елдің энергетикалық инфрақұрылымына цифрлық шешімдерді бейімдеу мен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
«Бұл жоба Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Ол цифрлық инфрақұрылым мен ұлттық технологиялық жобаларды жүзеге асыруда маңызды болып саналатын тұрақты әрі сенімді энергия жүйесін құруға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
«Қазақстан энергетикалық тәуелсіздігі мен цифрлық инфрақұрылымын нығайту бағытында батыл қадамдар жасап жатыр. Clearbrook Energy Solutions компаниясы Қазақстан Үкіметі және AG-Tech компаниясымен серіктестік орнатуға мүмкіндік туғанына қуанышты. Бұл серіктестік Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту мен таза энергияға көшуінің негізі болатын заманауи энергия сақтау технологияларын жергіліктендіруге бағытталған», – деді Clearbrook компаниясының Орталық Азиядағы төрайымы Марсия-Элизабета Кристиан Фавале.
Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен біздің оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды:
GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) – Роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнирдің Бас жүлдесі.
ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) – Үздік инженерлік әзірлемелері, техникалық шеберліктері мен командалық жұмыс және көшбасшылық жетістіктері үшін берілетін Жоғарғы төрешілік марапат. Бұл марапатта кешенді артықшылық пен инновация ескеріледі.
Еліміздің құрамасын NIS Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Орынбасаров Алихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл таныстырды. Жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтуленов.
Бүкіләлемдік чемпионатта қатарынан төрт рет жеңіске жету (Женева-2022, Сингапур-2023, Грекия-2024, Панама-2025) Қазақстанды халықаралық STEM-білім беру аренасындағы абсолютті әлемдік көшбасшыға айналдырады.
«Біздің балаларымыз жеңісті төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бұл ретте, команданың құрамы бірде-бір рет қайталанбағанын атап өткен жөн – жыл сайын ел намысын қорғау үшін жаңа қатысушыларды дайындаймыз», – деп бөлісті USTEM Foundation Қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мұрзахметов.
Еске сала кетейік, биылғы жарыстың «Eco-Equilibrium» тақырыбы жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге және биоәртүрлілікті сақтауға арналған болатын. Олардың роботы ойын алаңындағы кедергілерді алып тастап, биоәртүрлілік бірліктерін экожүйелерге дәл орналастыратын күрделі финалдық тапсырманы сәтті орындап шықты.
Ұлттық құраманы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО, «USTEM Foundation» ҚҚ, Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы, сондай-ақ қазақстандық Cannect.AI стартапы қолдағанын атап өткен жөн.
Түрлі блогерлер мен сарапшысымақтар біраз жылдан бері осыған қатысты бір кеңес-рекомендацияны қайталаумен келеді. Ол – «80 де 20 тәсілі» деп аталады.
«Смартфондардың көбісі шамамен қуаттаудың 500-800 толық циклына есептелген. 1 цикл – батареяның бүкіл сиымдылығын толық пайдалану деген сөз. Егер толық қуаттамасаңыз цикл да толық шығындалмайды. Әрбір цикл сайын аккумулятор бірте-бірте қуатты ұстап қалу қабілетін жоғалтады. Егер сіз телефонды күн сайын зарядтасаңыз, онда 1,5-2 жылдан кейін батарея елеулі деградацияға ұшырайды», – дейді Mouser компаниясының техникалық контент бойынша директоры Марк Патрик.
Оның және сол сияқтылардың ұсынатын амал-шарғысының құпия-сыры қарапайым көрінеді: телефонды 80%-дан артық қуаттамау керек. Сондай-ақ, оның қуаты деңгейінің 20%-дан төмен түсіп кетпеуін, мүлдем сөніп, отырып қалмауын үнемі қадағалау қажет. Сонда смартфонның аккумуляторы тез тозбайды, мобильді құрылғы иесіне бір, тіпті бірнеше жыл артық қызмет етеді-мыс.
Америкада iPhone 16 Pro Max пайдаланушысы Джули Кловер бұл кеңестің қаншалықты пайдасы барын тексеру үшін 2024 жылғы қыркүйекте эксперимент бастауға шешім қабылдайды. Ол ұялы телефонының батареясын ауыстыру мерзімін ұзарту үшін бір жыл бойы 80 пайыздық қуаттау шегін мүлтіксіз сақтады.
«Дәл қажет кезде телефонның отырып қалған жағдайын әрбір адам бастан өткерген болар? Бұл кейбір адамның бойында үрей-фобияның пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Телефон ескірген сайын, оның аккумуляторы тозып, салмақты проблема туғызады. Немесе аккумулятор жанып кетсе, жаңасына шығындалуға тура келеді. Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін көптеген адам амалсыз түрлі айла-шарғыға жүгінеді. Осы орайда бір әйел қуаттауды 80%-дан асырмау әдісінің шын-өтірігін анықтау үшін бір жылдық тестілеу ұйымдастырды», – деп жазды америкалық журналист Клэр Рид.
Сынақ қалай жүргізілді?
Айфон иесі смартфонын зарядтағанда, оның 80% деңгейінен асып кетпеуін бақылаған. Сонымен бірге, қуат деңгейінің 20%-дан төмендеуіне де жол бермеген. Яғни, «эксперттер» жан-жақтан мақтап, дәріптеген «80-де 20 стратегиясын» мүлтіксіз сақтады.
Бұл ретте қалтафонды қуаттау сымсыз технология бойынша да, сондай-ақ қарапайым USB-C көмегімен де жүргізілген.
«Смартфонның қуатталуын 100%-ға жеткізбеу оңай болмады. Бұрынғыға қарағанда жиірек зарядтауға тура келді. Оның үстіне мобильді құрылғының қуатының ұдайы толық болмауы көңілге алаң салды, дәл қажет кезде отырып қала ма деп мазасызданумен болдым. Бірақ бәріне шыдадым. Өйткені бәрі тамсана айтатын тәсілдің батарея үшін қаншалықты пайдалы болатынын түсінгім келді», – деп жазды сынақшы әйел Mac Rumors форумында.
Бұдан не шыққанын оған сілтеме жасап, Supercarblondie.com порталы жариялады. Сонымен, қуаттаудың 80 пайыздық лимитін қатаң сақтаудан және зарядтаудың 299 циклінен кейін iPhone 16 Pro Max батареясы сиымдылығының 94%-ын сақтаған.
Салыстыру үшін келтірсек, Джули Кловердің әріптесі дәл сондай iPhone-ын ешқандай шектеусіз, стратегиясыз, қатаң тәртіпсіз, қашан қолы тисе, сол кезде қуаттап отырған. Соған қарамастан әріптесінің көрсеткіші әлдеқайда жақсы болып шықты: 308 қуаттау циклінен кейін Айфонының батареясы өз сиымдылығының 96%-ын сақтады.
Сынақшы әйел бір жыл бойғы еңбегінің «заяға кеткеніне» қапаланады. Ол осы экспериментке дейін экспертсымақтардың қайталаудан жалықпайтын әлгі әдісінің тиімділігіне риясыз сеніп келген екен. Енді үкілеген үмітінің ақталмағанына, нәтиженің таңданарлық болмағанына қынжылады.
«Мен Айфонымның батареясы идеалдағыдай күйде сақталады деп сендім ғой. Алайда «80-де 20 стратегиясын» сақтау мен сақтамаудың айырмашылығы жоққа тән болып шықты. Қуатталу деңгейі 80%-дан асып кетпеуі үшін күн сайын қаншама қолайсыздыққа төздім. Камераны немесе GPS-ті пайдаланғанда қуат жылдам таусылатын. Әсіресе, белсенді видеотүсірілім немесе саяхаттау кезінде қуаттаудың қамына бас қатырып, бәрін алдын ала жоспарлауға тура келген еді», – дейді сынақшы.
Ақыр соңында әйел «қарапайым пайдаланушылар үшін 80%-дық шек тәсілінен айрықша пайда жоқтығы» туралы байлам жасады. Дегенмен, ол «қуаттау деңгейін 80 пайыздан асырмау тәсілі бір жыл емес, одан ұзағырақ кезеңде ғана батареяның жағдайын жақсартатын шығар» деген ойда.
Сөз соңында ол жаңа смартфон сатып алып, оның да қуаттау лимиті бойынша аккумуляторының сиымдылығын тексеру бойынша кезекті бір жылдық тестті бастағанын хабарлады.
Жалпы, блогерлер тиімділігі күмәнді ұқсас тәсілдерді насихаттауын тыяр емес. Мысалы, олардың мәліметінше, аталған стратегияны сақтау үшін үнемі қуатталу деңгейін бақылап отыру қажет емес.
Себебі, iPhone 14 және одан жаңа модельдерде заряд лимитін 80-нен 100% аралығында орнатып қоюға болады. Сонда құрылғы шектен артық қуаттамайды. Бұл үшін блогерлердің нұсқауынша, «Реттеулер» > «Аккумулятор» > «Қуат режимі» бөліміне өтіңіз де қажетті нұсқаны таңдап, түртіңіз.
Apple компаниясы iPhone-да батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектесетін «қуатты үнемдеу» мүмкіндіктері ұсынылғанын хабарлады.
«iPhone 15 Pro немесе одан кейінгі құрылғыларда «Бейімделгіш қуат» функциясы, смартфонды қолдану әдеттегіден жоғары болған кезде, аккумуляторының қызмет мерзімін күндерге созуға көмектеседі. Қосылған кезде «Бейімделгіш қуат» функциясы автоматты түрде фондық режимде жұмыс істейді. Сондықтан оны басқарудың қажеті жоқ. Ол соңғы пайдалану үлгілері негізінде қосымша батарея қуаты қажет болған кезді болжау үшін құрылғыдағы интеллектті пайдаланады, содан кейін батареяның ұзақ қызмет етуіне көмектесу үшін жұмыс реттеулерін жасайды», – деп мәлім етті америкалық компания.
Ұқсас функция көптеген Android-смартфондарда да кездеседі.
Дегенмен, мамандар мобильді телефонды толыққанды қуаттамау қолайсыздық тудырып қана қоймай, қауіпті болуы да мүмкін екенін ескертеді. Себебі түсінікті: қалтафон тез отырып, керек кезде иесі байланыссыз қалады.
«2025 жылдың алғашқы алты айында біз желіні дамытуға 60 млрд теңгеге жуық қаржы салдық, және бұл инвестициялар қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр. Қазақстандықтар барған сайын 5G құрылғыларға көшуде, интернет-трафик пен цифрлық сервистерге сұраныс артуда. Корпоративтік сегментте біз IoT пен бизнес-шешімдердің өсуін тіркеп отырмыз, ал FWA үй интернеті үшін жаңа шындыққа айналуда. Бұл үрдістер Kcell стратегиясы жеке және корпоративтік клиенттердің сұраныстарына жауап беретінін растайды», - деп атап өтті «Кселл» АҚ бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов.
«Бүгін біз абоненттердіңмінез-құлқындағы елеулі өзгерістерді байқап отырмыз: 5G қосылған құрылғылар бірнеше есе көп трафик беріп, жаңа өсім көзін қалыптастыруда. Орнықты сымсызқолжетімділік (FWA) қарқын алып келеді, клиенттер үйге арналған мобильді интернетті жиірек таңдауда. Бұл ретте Отбасылық тарифтер ақша үнемдеуге мүмкіндік беріп,күнделікті өмірде ыңғайлы сервистерді ұсына отырып, адалдықтың маңызды драйвері болып қала беруде. Корпоративтік сегмент тұрақты серпінді көрсетуде. Бұл трендтер нарықтың жаңа цифрлық шешімдерге дайын екендігінің дәлелі болып отыр», - деп түсіндіріпөтті «Кселл» АҚ Бас коммерциялық директоры Қазбек Шаимов.
Қаржылық көрсеткіштер
Екінші тоқсанда Kcell-дің жалпы кірісі 64,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1% -ға артық. Сервистік кіріс негізгі драйверге айналып, 53,4 млрд теңгені (+ 8,1%) құрады. Клиенттер цифрлық сервистер мен интернет-қызметтерді белсенді пайдалануда, бұл нарықтағы ағымдағы үрдісті көрсетеді.
Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жалпы кіріс 124,8 млрд теңгеге жетті (+ 4,2%), сервистік кіріс + 4,6% көрсетіп, 102,8 млрд теңгені құрады. EBITDA 47,6 млрд теңгеге дейін өсті (+ 5,9%).
Осылайша, инвестициялардың жоғары деңгейіне қарамастан, компания пайданың оң динамикасын сақтап қалады.
Операциялық көрсеткіштер
Kcell абоненттік базасы 8,1 млн-нан асты (+ 6,6%). Интернетті тұтынуда да жылдам өсу байқалды: трафик 630 ПБ (+32,6%) жетті.
Орташа есеппен бір Kcell клиенті айына 20 ГБ деректерді пайдаланады (жылына + 39,9%). Бұл бейнесервистердің, стримингтің және мобильді қосымшалардың танымалдылығының артуымен байланысты. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша ARPU небәрі 0,75%-ға қысқарып, 2 121 теңгені құрады - бұл сегментте неғұрлым сұранысқа ие сервистер мен опцияларға толы Отбасылық тарифтердің белсенді ілгерілеуі жалпы ARPU төмендеуінің бір факторы болды. Мысалы, акционерлік кезең аясында отбасының бір мүшесіне тарифке қатысу құны айына бар болғаны 1 428 теңгені құрайды. Қосымша пайдаланушылар коммуналдық қызметтерге (20%) және көлікке (100%) кэшбэк, сондай-ақ таксиге, самокаттарға, онлайн-кинотеатр мен музыкалық сервистерге тиімді қолжетімділікті қамтитын Яндекс + сервисіне тегін жазылымға ие болды.
Инвестициялар және желі
Kcell желіні ауқымды жаңғыртуды жалғастыруда. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында компания инфрақұрылымды дамытуға 59,5 млрд теңге салды. Инвестициялардың кіріске шаққандағы үлесі 47,3% -ды құрады, бұл ұзақ мерзімді дамудың басымдығын көрсетеді.
2023 жылдан бастап 2025 жылға дейін Kcell 1 846 базалық 5G станциясын салды, оның ішінде 2025 жылдың екінші тоқсанында 143 жаңа сайт бар. Өңірлерге ерекше назар аударылуда: 1 жартыжылдықта ғана ауылдарда 475 базалық станция іске қосылды, оның 69-ы «250 + жобасымен» қамтылған.
Бүгінде Kcell желісінің 3G жабыны 93,26%-ды құрайды, 4G желісі 80,78% үшін қолжетімді, ал бүгінгі таңда ел халқының 48,84% -ы 5G желісін пайдалануда. Бұл сандар ел тұрғындарының жартысы жаңа буын байланысын пайдалана алады дегенді білдіреді.
5G коммерциялық көрсеткіштері
5G таралуы тұтыну моделін өзгертеді. Бүгінде желідегі құрылғылардың 32,1% -ында 5G бар, ал абоненттер 4G пайдаланушыларына қарағанда 232% -ға көп трафикті тұтынады. Бұдан басқа, 5G пайдаланушылардағы ARPU 4G абоненттермен салыстырғанда 180% -ға жоғары. Бұл клиенттердің байланыстың жоғары жылдамдығы мен тұрақтылығы үшін көбірек төлеуге дайын екендігін растайды, ал 5G енгізу компания үшін жаңа өсім көзіне айналуда.
B2B: бизнеске арналған цифрлық шешімдер
Kcell корпоративтік бағыты тұрақты өсімді көрсетіп отыр, бірінші жартыжылдықта B2B түсімі 7% -ға артты. Басты драйверлер IoT-шешімдер (+ 32%), сондай-ақ Big Data және бұлтты өнімдерді қоса алғанда, бизнес-сервистер (+ 90%) болды.
Astana Hub-пен серіктестікте компания бизнес үшін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және «Tandau» сияқты жаңа тарифтерді іске қосады. Бұл тариф 5G-ге басым қолжетімділікті және корпоративтік нөмірлерді басқарудың икемді шарттарын ұсынады.
FWA: үйге арналған 5G-интернет
Орнықты сымсыз қолжетімділік (FWA) нарықта сенімді орын алды. Екінші тоқсанда пайдаланушылар саны 8,6% -ға өсті, сегменттің кірісі 18,6% -ға ұлғайды. Клиенттердің негізгі бөлігі Алматы (37%), Шымкент (20%) және Астана (17%) қалаларында шоғырланған. Бұл ретте бір FWA-пайдаланушының деректерді орташа тұтынуы 14% -ға ұлғайды, бұл қызметтің жоғары қажеттілігін растайды.
Мобильді қаржылық сервистер
Мобильді қаржылық сервистер сегменті 2025 жылғы 2-тоқсанда ең жоғары өсу қарқынының бірін көрсетеді. Пайдаланушылар саны 43% -ға, операциялар саны 36% -ға, ал сегменттің кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% -ға өсті. Өсу микро төлемдер спектрінің кеңеюімен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың танымалдығымен түсіндіріледі. Kcell клиенттері үшін ұялы телефон тек байланыс құралына ғана емес, сонымен қатар толыққанды қаржы құралына да айналып отыр.
Фото: Арнай Ормаш
Цифрландыру – бұл заманауи цифрлық технологияларды өмірдің түрлі салаларына және өндіріске енгізу. Инновациялық технологиялар Қазақстан экономикасының барлық салаларында біртіндеп қолданылып келеді. Елдегі ІТ-қызметтер мен өнімдер нарығы қарқынды өсім көрсетіп отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы халыққа арнаған Жолдауында еліміз үшін маңызды стратегиялық мақсаттың бірі – толыққанды ІТ-мемлекетке айналу екенін атап өтті. Бұл мақсатқа жету үшін кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстан электронды үкімет пен финтехті дамыту бойынша әлемдік рейтингтерде көш бастап тұр. Бұл – цифрлық технологияларды тиімді енгізудің нақты көрсеткіші. 2023 жылдың өзінде-ақ еліміздің IT саласындағы экспорты бес есе ұлғайды. Еліміз алдағы уақытта көрсеткішті еселей түсуге ниетті. Мақсат – 1 миллиард долларлық меже. Қазақстан 2026 жылға қарай осындай ІТ қызметтерін экспорттау көлемін осындай деңгейге жеткізгісі келеді. Бұл көрсеткішке жету үшін халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, шетелдің алпауыт IT-компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру қажет екені белгілі. Бұл қадам отандық нарықтың дамуына ғана емес, жаһандық технологиялармен интеграциялануына да жол ашады. Мұндай нәтижеге қол жеткізу оңай емес, алайда оны іске асыруға болады. Бұған, әсіресе, технопарктер айтарлықтай ықпал етеді. Олар – қажетті инфрақұрылымы бар орталықтар. Мысалы, Astana Hub – еліміздің басты мемлекеттік технопаркі. Соңғы бес жылдан астам уақыт ішінде ол Қазақстандағы ІТ-бизнесті дамыту үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер жасап келеді.
Бұдан басқа Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуды басым бағыттың бірі деп атады. ЖИ-ді дамытқан мемлекеттер осы технологияны экономикалық өсімнің жаңа көзіне айналдырып жатқаны сөзсіз. Қазақстан да бұл бағыттан шет қалмауы тиіс. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін толық пайдалану білім экономикасына жаңа серпін беріп, жаңа өндірістер мен стартаптардың дамуына жол ашады.
Соңғы жылдары ІТ-нарық тұрақты өсім көрсетуде. Бұл бірінші кезекте мемлекеттік қолдауға және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға байланысты. Үкімет цифрлық трансформацияны, жаңа ІТ-өнімдердің өндірісін және ІТ-инфрақұрылымның дамуын жан-жақты қолдап отыр.
Тағы бір маңызды фактор – технопарктердің, акселераторлардың және инновациялық хабтардың құрылуы. Мұндай орталықтарға дарынды жастар тартылып, өз идеяларын жүзеге асыруға, стартап жобаларын дамытуға мүмкіндік алады. ІТ-өнімдер мен қызметтерді экспорттау – бұл саланың қаншалықты дамығанын көрсететін маңызды бағыт. Экономиканы цифрландыру уақыт талабы деуге болады. Бүгінгі таңда банктердің өзі ІТ-компанияға айналып жатыр. Өзінің ІТ-өнімін өндіру немесе жүйелерді интеграциялау – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты. Еліміздегі ірі банктер шығарған қосымшалардың қызметі таңғалдырмай қоймайды, өйткені онда көрсетілетін қызмет түрі сан алуан. Еліміздегі қаржы ұйымдарының басым бөлігі бұрын тек бөлімшелерде көрсетілетін көптеген қызмет түрлерін онлайн форматқа көшірді. Бұл азаматтармен өзара әрекеттесудің жаңа деңгейін көрсетіп отыр.
Қазіргі ІТ-индустрияның басты ерекшелігі – бірегей ақпараттық өнімдер жасауға бағыт алғанында. ІТ – бұл тек экономикалық емес, әлеуметтік, медициналық және басқа да көптеген мәселелерді шешуге көмектесетін ерекше сала. Бүгінгі таңда елімізде маңызды ІТ-жобалар тек тәжірибелі мамандармен ғана емес, күні кеше университет бітірген түлектердің қолымен де жасалып жатыр.
БҰҰ-ның бағалауы бойынша еліміз цифрландыру саласында тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орынға тұрақтап, онлайн-мемлекеттік қызметтерді дамыту индексі бойынша үздік ондықтың қатарынан табылды. Мемлекеттік қызметтердің интернет арқылы қолжетімділік деңгейі бүгінде 92%-ға жетті. Бұдан басқа биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба жүйелері енгізіліп, электрондық қызметтерді пайдалану әлдеқайда ыңғайлы болды. Мысалы, былтыр 8 миллионнан астам электронды құжатқа QR арқылы қол қойылған. Digital ID арқылы 18 миллионнан астам сәйкестендіру жүргізіліпті.
Қазір «Электрондық үкімет» жүйесі де жаңартылып, үшінші буын нұсқасына өтуде. Жаңа eGov жасанды интеллект көмегімен жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетуді одан әрі ыңғайлы етпек. Осы тұста айта кетерлігі, республикамыз өз тәжірибесімен шет мемлекеттермен де бөлісе бастады. Мысалы, Тәжікстан, Того және Сьерра-Леонемен бірлескен цифрлық жобалар қолға алынды. Цифрлық қызметтер тек азаматтарға ғана емес, кәсіпкерлерге де қолжетімді. Мемлекет бизнеске арналған барлық қызметтерді, атап айтқанда, компанияны тіркеуден бастап, жабуға дейін онлайн түрде жасап жатыр.
IT саласын дамытуда өңірлік хабтардың да рөлі зор. Қазір Қазақстанда 18 аймақтық IT орталық жұмыс істейді. Бұл хабтар жергілікті жастар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, стартаптардың дамуына мүмкіндік береді. Салада «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» атты онлайн платформа іске қосылды. Ол арқылы IT мамандар, ғалымдар мемлекет ұсынатын барлық қолдауға бір терезеден қол жеткізе алады. Жыл сайын бұл платформаны пайдаланатындар саны артып келеді.
Шетелдік мамандарды тарту үшін Астана халықаралық қаржы орталығы Expat Center орталығы ашылған. Бұл орталық шетелдіктерге мемлекеттік қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігін береді.
Сондай-ақ, отандық стартаптардың шетел нарығына шығуына көмектесетін арнайы бағдарламалар да жұмыс істейді. Оларға шетелдік сарапшылар мен инвесторлар тартылып, жобаларға қолдау көрсетіледі.
Қазақстанның халықаралық байланысы да кеңейіп келеді. Бүгінде АҚШ, Сауд Арабиясы және Сингапур елдерінде үш шетелдік IT хаб жұмыс істейді. Бұл орталықтар қазақстандық жобаларға жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Жалпы, цифрландыру – бұл тек технология емес, ол Қазақстан экономикасының өсуі мен халықаралық деңгейге шығудың жолы. Мемлекеттік қолдау, шетелдік серіктестік және отандық өнімдер арқылы еліміздің IT саласы қарқынды дамып келеді. Қазақстан келешекте толыққанды цифрлық державаға айналу бағытында нақты қадамдар жасап келеді.
Жасанды интеллект және Қазақстан
Қазақстан – Орталық Азиядағы технологиялық инновациялар үшін әлеуеті үлкен нарық. Елімізде AlemAI атты жаңа заманауи технологиялар орталығы құрылған болатын. Бұл хабтың басты мақсаты – әлемдегі озық тәжірибелерді үйреніп, инновациялық шешімдерді республикада қолдану. Мұнда жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген жобалар пайдаланылып отыр.
Мемлекет басшысы атап өткендей, AlemAI хабы білім беру мен кадр даярлау бағытында да маңызды рөл атқарады. Мұнда мектептерге, жоғары оқу орындарына және кәсіби білім орталықтарына арналған арнайы оқу бағдарламалары жасалады. Сонымен қатар, зерттеушілер, стартап иелері мен түрлі компаниялар үшін кеңселер, бірлесіп жұмыс істейтін алаңдар ашылады. Бұл тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Бұдан басқа елдегі AI-Sana атты жаңа білім беру бағдарламасы әртүрлі сала мамандарына ЖИ бойынша жан-жақты білім беріп, нақты жобалармен жұмыс істеуге көмектеседі. Яғни, жасанды интеллектті меңгергісі келетін мамандарға үлкен қолдау болмақ. Жаллпы алғанда, Қазақстан әлемдік жасанды интеллект қауымдастығының белсенді мүшесі болуға ниетті.
Сарапшылар жасанды интеллектке негізделген отандық өнімдердің әлеуеті өте жоғары деп отыр. Оған себеп те жоқ емес. Елде креативті жастар көп, саладағы өнімдердің сапасы да артып келеді. Қазірдің өзінде дауыс пен мәтінді танитын, бейнені өңдейтін, тұтынушыға жеке қызмет ұсынатын жүйелер пайда болып жатыр. Сала мамандары бұл бағытта тұрақты қолдау, нарыққа шығу жолдарын жеңілдету қажет екенін баса айтады. Егер жұмыс жүйелі жүргізілетін болса, елдегі ЖИ өнімдері халықаралық деңгейге еркін шыға алады. ЖИ қолданғанда ең алдымен деректердің қауіпсіздігі маңызды. Яғни, жеке мәліметтердің таралып кетпеуі де басты мәселенің бірі. Екіншіден, ЖИ-дің кейде адам жасаған қателікті қайталау қаупі де жоқ емес. Оның әсіресе медицина, қаржы немесе мемлекеттік басқару сияқты салаларда қаупі жоғары. Сондықтан да болар ЖИ жүйелерін мұқият тексеріп, адамға көмектесетін қосымша құрал ретінде қарастырған жөн. Толық автоматтандыруға көшу жан-жақты талдауды қажет етеді, дейді мамандар.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев жасанды интеллект технологияларын шектен тыс және бақылаусыз пайдалану интеллектуалдық деградацияға әкелуі мүмкін екенін баса айтты. Оның айтуынша, адам өзі ойланып, шығармашылықпен айналыспай, дайын контентке ғана сүйенетін болса, бұл адамның табиғи қабілеттерін дамытудың орнына, керісінше шектеп жібереді. Ол кейбір мемлекеттік шенділердің ChatGPT сияқты жасанды интеллект құралдарын пайдалануын мысал ретінде келтірді. Мұндай платформалар арқылы тапсырмаларды тез әрі оңай орындауға болады, алайда бұл жалқаулыққа итермелеуі әбден мүмкін, дейді ол.
Сонымен қатар депутат ЖИ арқылы жіберілген ақпараттардың қауіпсіздігіне де алаңдаушылық білдірді. Ол ChatGPT секілді платформаларға енгізілген деректердің кімнің қолына түсіп, қалай пайдаланылатыны белгісіз екенін атап өтті. Анас Баққожаев  жасанды интеллект технологияларын пайдалану кезінде шектеулер мен қатаң бақылау қажет екенін ескертіп, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайтынын жеткізген болатын.
Осы жылдың соңына дейін еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде жасанды интеллектке негізделген шамамен 50 түрлі шешім, яғни цифрлық көмекшілер әзірленбек. Бұл құралдар мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді деп күтілуде.
Цифрлық трансформация
Сарапшылардың айтуынша, компаниялардың, кәсіпорындардың жұмысына цифрлық технологияларды енгізер алдында бірнеше маңызды факторларды ескерген жөн.
Біріншісі – тың өзгерістерге дайын болу. Әр құрылымның бағыты мен мақсаты болуы тиіс.  Келесі фактор – қолға алынған жобалардың табыстылығын бағалайтын нақты көрсеткіштерді алдын ала жіпке тізу. Кейбір ұйымдар бұл көрсеткішке мән бермей, елеусіз қалдырып жатады. Десек те, бұл цифрлық трансформацияны мақсат еткен құрылымның  табысы мен шығыны қандай деген сауалдарға жауап табуға көмектеседі.
Үшіншіден, қызметкерлердің дамуына, жаңа процестерге қатысуына айрықша назар аудару. Өзгерістердің сәтті жүзеге асуы үшін әр қызметкер компанияның құндылықтарын түсінуі керек. Осы тұста оқыту бағдарламаларын енгізіп, өзгерістерге қатысуға ынталандыратын орта қалыптастырған аса маңызды.
Білікті мамандарға сұраныс бар
Қазір бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, деректерді талдау, цифровизация сияқты бағыттар бойынша мамандарға сұраныс артып келеді. Бұл салалар алдағы уақытта еңбек нарығының басты бағытына айналуы да мүмкін. Қазірдің өзінде осы салаларда жұмыс істейтін мамандар аса қажет екені байқалып отыр.
Жасанды интеллект пен деректерді талдау болашақта басты бағыттардың бірі болмақ. Себебі компанияларда өз жұмыстарын тиімді ету үшін деректермен жұмыс істей алатын және машиналық оқыту алгоритмдерін меңгерген мамандарға сұраныс артады. Елдегі жоғары оқу орындарында жасанды интеллект пен деректер талдауы бойынша курстар енгізіліп, арнайы зертханалар ашылды. Мұнда студенттер зерттеу жүргізіп, тәжірибе жинай алады.
Киберқауіпсіздік де болашағы зор бағыт. Цифрландыру деңгейі артқан сайын кибершабуылдар мен деректердің ұрлану қаупі де арта түседі. Қазақстанда осы мәселенің алдын алу үшін арнайы оқыту курстары мен бағдарламалар пайда бола бастады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен бірлесіп, деректерді қорғау стандарттарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Көптеген университеттер мен колледждер ақпараттық қауіпсіздік бойынша жаңа бағдарламалар ашып, болашақ мамандарды даярлауды бастап та кетті. Бұл салаға мемлекеттік гранттар да бөлініп жатыр.
Бұған дейін «Самсунг» осы жаһандық тұғырды «Sony»-мен бірге бөлісіп келіп еді. «Сони» ұзақ уақыт бойы смартфондарын өз күшімен шығарумен болды.
Алайда енді компания бұл бизнес модельден бас тартуға шешім қабылдады. Ол бөгде, сыртқы өндірушілерге жүгінетін болады. Бұл туралы AndroidPolice мамандандырылған порталы хабарлады.
Мысалы, қазіргі кезде Apple және басқасы тек өз смартфондарының жобасын, сипаттамаларын, бағдарламаларын және басқасын ғана әзірлейді. Соның негізінде оны жасап құрастырумен Қытай, Вьетнам, Тайвань сияқты елдердің компаниялары мен зауыттары айналысады.
«Осылайша, бүгінде бүкіл дүниежүзінде кореялық Samsung – смартфондары өндірісінің толық циклін тек өзі жүргізетін жаһандық жалғыз брендке айналды. Apple және Google, өзге де әлемдік брендтердің иегерлері тек төл смартфондарының үлгілерін әзірлеумен ғана айналысады. Алайда өз смартфондарын жасауды олар серіктестеріне тапсырады. Осындай аутсорсинг есебінен қаржы үнемдейді, төл шығыстарын төмендетеді», – деп түсіндірді портал.
Соның салдарынан, Apple, Google секілді құны жүздеген миллиардқа баратын техногиганттар өз елдерінің ең ірі жұмыс берушісі саналмайды. Олар жүздеген мың жұмыскеріне жалақы, сыйлықақы төлемейді, кеңселер, зауыт-кәсіпорындар ұстамайды.
Өндіріс бойынша да, тасымалдау, қоймалау, логистика бойынша да шығыстарды өз мойнына алмайды.
Бұл тетік оларға өндірісті жедел түрде масштабтауға мүмкіндік береді екен. Мысалы, Apple бас мердігері – Қытайдың Чжэнчжоуындағы алып кәсіпорны қажетті партияны жасап үлгермей жатса, тапсырысты тайваньдық немесе басқа азиялық компанияларға бере салады.
Шетелдік ақпарат құралдарының, соның ішінде GSMArena мәліметінше, Sony сыртқы өндірушілердің қызметін пайдаланатын компаниялардың қатарына барып қосылды.
Бұрын Sony өз смартфондарын өзіне тиесілі 3 өндірістік алаңда жасап келді. Оның меншігіндегі екі зауыты – Тайваньда, біреуі – Қытайда жұмыс істейтін. Енді бұл кәсіпорындардың шығаратын өнімдерінің тізімінен «смартфондар» деген графа толығымен жоғалып кетті.
Соған қарағанда «Сони» үшін смартфон өндірісі басымдық болуды қойып, екінші орынға сырғығанға ұқсайды. Болашақта бұл сегменттен толық кетуі де ғажап емес.
Бұдан бұрын жапондық компания орта сыныптағы смартфондарының модельдерін өндіруді аутсорсингке берген болатын. Бұл жолы ол төл өндірісінің процесін мүлдем тоқтатып, флагмандық модельдерін шығаруды да серіктестеріне «делегациялады».
Соның ішінде өзекті «Sony Xperia 1 VII» смартфондарының өндірісін де бөтен мердігер компанияларға жүктеді. Бұл Sony-дің бұдан былай өзінің бірде бір «қалтафонын» өзі өндірмейтінін білдіреді.
Осыған қарап, кейбір ақпарат құралдары: «Sony флагмандық смартфондарын шығаруды доғарды» деген тақырыппен шықты. Олар әрине, ары қарай шығады, бірақ ол енді таза «Сонидің» өнімі болмайды. Компания бұдан сапаға ешқандай залал, нұқсан келмейтініне сендірді.
Жалпы, сарапшылар бұл бетбұрыс нәтижесінде Sony үшін әлдененің өзгеретініне сенбейді. Оның өнімдеріне сұраныс дамыған елдерде жоғары емес.
Компания өз смартфондарына жоғары баға белгілейді, құнын арзандататын түрі байқалмайды. Содан кедей елдердің де нарықтарында кейінгі орынға ығысты.
Салдарынан, оның әлемдік нарығы шағын. Әйтсе де, аутсорсинг кезінде мердігер-өндірушілерді қысып, барынша арзан шығаруға иліктіре алса, келесі тираждарын икемді реттеп, бағасын қолжетімді етуі ғажап емес.
Жапондық осы трансұлттық корпорация «тұғырынан» тайғаннан кейін әлемнің назары Android-смартфондарды өз бетінше өндіретін жаһандық жалғыз ірі бренд – кореялық Samsung-ке ауды.
Ол болса, өз зауыттарын жаңғыртып, ары қарай дамытуға қомақты қаржы салуда. 2024 жылы кореялық алпауыт өндірісін дамытуға ғаламат сома – жалпы көлемі 53,6 триллион вон капиталды шығыс шығарды.
Олай болса, қазіргі алған бағытынан жаңылып, төл кәсіпорындарын жауып, «Сонидің» кебін құшпасы сөзсіз.
«Бұрын маған Sony Xperia смартфондары қатты ұнайтын. Компания заманында осы нарыққа өз жаңашылдықтарын әкелді, әсіресе, оның камералары кәсіби фотоаппарат деңгейінде «фокусировка» жасап, сапалы фото түсіре алатын. Түпнұсқалық Sony Xperia 1 тіпті 4K OLED-дисплейге ие болды. Өзге де артықшылықтары жеткілікті еді. Соның арқасында кең экранға арналып түсірілген фильмдерді фантастикалық сапамен смартфоннан көре алатынсыз», – дейді AndroidPolice сарапшысы Стивен Радочия (Stephen Radochia).
Оның мәліметінше, содан соң Sony Америка нарығынан кетуге шешім қабылдапты. Салдарынан, бүгінде АҚШ дүкендерінде Сони өнімдерін табу күрделі екен. Негізінен, Айфондар мен Самсунгтер сөреде самсап тұрады.
Сарапшы егер жапондық Sony аутсорсингті америкалық компанияларға беріп, смартфондарын АҚШ-та шығара бастаса, Құрама Штаттардың жоғалтқан нарығын оралта алуы мүмкін екенін жеткізді. Алайда Америкада өндірсе, қазіргі онсыз да жоғары бағасы одан сайын өсіп кетуі ықтимал.
Осы кезде Samsung баюда. 2024 жылдың қорытындысында кореялық компанияның жылдық табысы рекордтық 300,9 триллион вонға жетті. ҚР Ұлттық банктің бағамы бойынша бұл 114,3 триллион теңгеге барабар.
2025 жыл – адамзат өмірінің барлық қырына жасанды интеллект енген жыл ретінде тарихта қалатын түрі бар. ЖИ-ді енгізуге биыл барлық ірі компания білек сыбана кірісті.
Олардан Қазақстандағы танымалдылығы жөніне №1-ші мессенджер де қалыспауға ұйғарыпты. «Уатсапптың» нейрожелісі Perplexity деп аталады.
«Бір жыл ғана бұрын чат-боттар тек интернеттегі сайттарда және жекелеген ұялы қосымшаларда жұмыс істеген еді. Ал, енді оларды әрбір адамға етене жақын, барынша үйреншікті мессенджерлерге белсенді кіріктіре бастады. Осының арқасында заманауи технологияларға қол жеткізетін пайдаланушылар саны тіпті еселеп артатын болады», – деп жазды «AppleInsider» мамандандырылған басылымы.
Бұдан бұрын әлемдегі №1 миллиардер Илон Маск «Grok» чат-ботын Телеграмға енгізген болатын.
Қазіргі кезде WhatsApp-қа кезек келді. «Жасыл мессенджерде» «Perplexity AI» нейрожелісі пайда болды.
Бір ғажабы, енді нейрожеліге қол жеткізу үшін сізге сыртқы, бөгде қосымшаларды орнату қажет болмайды.
«Смартфоныңыздан арнайы сілтеме бойынша өтсеңіз жеткілікті,  Perplexity нейрожелісі сіздің ұялы телефоныңызда ашылады. Немесе, +1 (833) 436-3285 телефон нөмірін WhatsApp-ыңыздағы контактілер тізіміне қоса салсаңыз болады. Аталған сілтемемен өтсеңіз, алдыңыздан қарапайым чат ашылады. Дәл сонда сіз өзіңізді қызықтыратын кез келген ақпаратты біле аласыз», – деді айти-шолушы Кирилл Пироженко.
Уатсаптағы «чат джи-пи-ти» не істей алады?
Шын мәнінде, Perplexity AI – ChatGPT-дің баламасы. Бірақ мессенджердегі нейрожеліден көп нәрсе күту әбестік. Әйтсе де, WhatsApp-тың чат-боты ағылшын, орыс және басқа тілдерінде салыстырмалы түрде сауатты мәтіндер құрастырып бере алады.
Сондай-ақ, сұрауыңызға қарай сурет салуға, фото жасауға қауқарлы. Бұдан бөлек, қандай да бір сұрақ бойынша сізге қажетті ақпаратты тауып, ұсына алады.
Мысалы, Кирилл Пироженко «Перплексити ИИ»-ден Айфон ұстаған адамның қолын бейнелеуді өтінді. Нәтиже жаман емес сияқты және көп ойланбастан, лезде, бір секундқа да жеткізбей, жасап берген:
«Бұған қоса, Уатсабымдағы Perplexity футболдан Чемпиондар лигасы мен Ұлттық хоккей лигасының плей-офф матчтарының соңғы нәтижелері туралы жылдам әрі оңай әңгімелеп берді. Сонымен қатар нейрожелі өзі сүйенген дереккөздердің бәрін де осында көрсеткені өте қолайлы. Өйткені кейбір чат-бот ойдан шығаратын болып алды. Яғни, қаласаңыз, таңдаған сайтыңызға өтіп, толығырақ ақпаратты, репортажды содан оқуға болады», – деді сарапшы.
Ол Perplexity-дің iPhone-дағы файлдармен жұмыс істей алатынына да қуанғанын айтады.
Айталық, егер өзіңізге жіберілген және көп беттен тұратын құжатты оқуға уақытыңыз болмаса, оны нейрожеліге жүктеп, онда не туралы айтылғанын баяндап беруді сұраңыз.
«Перплексити ИИ» бұл міндетті де көзді ашып-жұмғанша орындап береді. Демек, қалауын тауып, дұрыс қолдана білсе, іскер адамдар біраз уақытын үнемдейді.
Қорыта айтқанда, мамандардың сендіруінше, тұтынушылар әлемде танымал ChatGPT-ге толық сәйкес болмағанымен, соған жетеқабыл баламасын үйреншікті WhatsApp-та пайдалануға қол жеткізді.
Нейрожеліні пайдалану үшін басыартық қосымшаларды жүктеп, смартфоныңыздың жадын толтыруға, сондай-ақ мессенджерден тыс шығуға тура келмейді.
Perplexity-ді әзірлеушілер оны ChatGPT-ге тегін және ашық қолжетімді балама ретінде таныстырды. Ол тек ақпарат іздеп қана қоймай, сондай-ақ мәтін мен видеоны талдай алады.
Perplexity чат-боты сөздің мағынасын, контекстін және сұраудың ньюанстерін түсіну үшін GPT-4о және Claude 3 сияқты озық тілдік моделдерді пайдаланады екен. Осыдан кейін ол интернетті сканерлейді, беделді деген дереккөздерден ақпарат жинайды.
Содан соң барынша маңызды идеяларды бірізді және түсіну үшін қарапайым жауапқа біріктіреді.
Perplexity-дің ChatGPT-ден келесідей артықшылықтары бар:
Ол әрбір деректің қайнар-көліне сілтеме жасайды және төл сөз (цитата) түрінде береді.
Ақылы кеңейтулерсіз-ақ, тегін нұсқасында барынша өзекті және жаңа деректерді ұсынады.
Барынша оңайлы және интуитивті түрді ұғынықты интерфейске ие.
Perplexity AI-да көптеген опциялар қолжетімді.
Соның ішінде жауаптарды шынайы уақыт режимінде интернеттен іздеу және дереккөздеріне сілтемелерді алу, оқу жоспарларын құру, күрделі тақырыптарды барынша қарапайым тілмен түсіндіру, нарықтарға талдау жүргізу, сала бойынша заңдық құжаттарға қысқаша шолу бар.
Сондай-ақ, іскер тұлғалар қаржылық есептерді, нарыққа қатысты болжамдарды, инвестициялық стратегияларды таба алады.
Блогерлер осы чат-ботқа айтып, сценарийлер мен видеоға арналған сахна-сценаларды және диалогтарды жазғызып алғанын хабарлады.
Бұл жасанды интеллект халықаралық тілдерде электронды хатты дайындауға көмектесе алады.
Perplexity-ге сұрауды қалай жазу керек?
ChatGPT және оған ұқсас жүйелердегі сияқты, Perplexity-ге арналған сұрау да барынша егжей-тегжейлі, нақты детальдарға толы болуға тиіс. Әзірлеушілер бұл тұрғыда бірнеше кеңес берді:
Чат-ботқа оның не жасауы керектігін, міндетін нақты түсіндіріңіз!
Бірқатар анықтамалық ақпарат беріңіз!
Сұрауға мейлінше көп нақты деректерді қосыңыз!
Perplexity назарын сұраудың маңызы жөнінен басымдықты детальдарына шоғырландыруына көмектесу үшін шешуші терминдерді пайдаланыңыз!
Сұрауды «что такое», «как», «what», «which» сияқты сұраулық есімдіктерден бастаңыз.
Сонымен бірге, әзірлеушілер сұраудың барынша қарапайым тілмен құрастырылуы, нейрожелінің көмегімен бірден бірнеше емес, бір міндетті шешуге тырысу қажеттігіне назар аудартты.
Дұрыс сұрау-промпттың бір мысалы келесідей: «Мен Жапонияға саяхаттауды жоспарлап отырмын. Маған Токио мен Киото бойынша жеті күндік егжей-тегжейлі маршрутті құрып бер. Оған көрнекті орындарды, ұсынылатын жергілікті мейрамхана-дәмханаларды, мәдени іс-шараларды, біркүндік турларды, қалалар арасында қатынайтын көлік түрлері нұсқаларын қос. Сондай-ақ әрбір орынға және мен болған кезде өтетін әрбір іс-шараға қай уақытта барған дұрыс екенін ұсын».
Осының нәтижесінде, Perplexity смартфоныңыздағы гидке де айнала алады.
«Бұл стартаптар күнделікті өмірді жеңілдетіп, арулардың өмірін жайлы әрі қауіпсіз етуге үлес қосады. Осындай жобалардың бірі – AMAN Online мобильді қосымшасы, ол әйелдерді әдеттен тыс шұғыл жағдайларда, мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, шабуыл немесе тонау кезінде қорғау үшін әзірленді. Қауіп төнген жағдайда SOS батырмасын басса, ұялы қосымша автоматты түрде лицензияланған күзет агенттіктерімен байланысады және оқиғаны құжаттау үшін аудио және видеотрансляцияны бастайды», – деп сендірді астаналық халықаралық ІТ-технопарк.
Ал, Supermoms Club қосымшасы – жүкті және жас аналарға арналған цифрлық көмекші. Ол персонализацияланған кеңестерді, дәрігерлердің онлайн-консультацияларын, психологиялық қолдау мен жүктілікті бақылауға арналған құралдарды ұсынады.
Sezim қосымшасы да күн сайын кәсіби міндеттерден бастап отбасы шаруасына дейінгі саналуан қиындықтарға тап болып, күйзеліске ұшыраған әйелдерге психологиялық қолдау табуға мүмкіндік береді екен. Платформада онлайн-кеңестер, маман таңдау мен дағдарыстық жағдайларда қолдау көрсету қызметтері қарастырылған.
Егер әйелдердің қолы жұмыс пен үй шаруашылығынан босап жатса, Zapis онлайн-сервисі сұлулық салондарына және медициналық орталықтарға жазылуды жеңілдетеді. Платформа Қазақстанның 27 қаласындағы 1 000-нан астам салон мен 3 500 маманды біріктіреді.
«Autism Spectrum қосымшасы ата-аналарға аутизм спектрінің ауытқуларын ерте анықтап, балаға бейімделуге көмектесетін пайдалы құралдар мен ұсыныстар береді. Ozim Platform аналарға балалардың даму ерекшеліктерін түсініп, оларды оқыту мен әлеуметтендірудің тиімді әдістерін табуға жәрдемдеседі. Бұл стартап – БҰҰ-ның Digital Public Goods халықаралық мәртебесіне ие цифрлық шешім», – деп түсіндірді Astana Hub баспасөз қызметі.
Алайда Астана халықаралық ІТ-технопаркінің негізінен әлемде онсыз да миллион түрі бар мобильді қосымшалармен әуестеніп кетуі әйел депутаттарға да жақпай тұр.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, бүгінде  Astana Hub қатысушыларының саны 1,5 мың компаниядан асты.  Онда 26 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Технопарк резиденттерінің жалпы табысы 2024 жылы 1,3 миллиард доллардан асқан.
Бұл табысы олардың өз бетінше ғимарат салып не сатып алуына жетер еді. Алайда олар сол бұрынғыдай мемлекеттің мойнында отыр. Бюджет есебінен Astana Hub-қа бұрынғы ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ғимараттары жалға алынады.
«Өз табысы өзіне жететін Astana Hub-ты ұстап тұру үшін әлі күнге мемлекеттік бюджеттен жыл сайын шамамен 1,5 миллиард теңге шығындалады. Бұл сома «QazExpoCongress» ұлттық компаниясына беріледі. Өйткені ЭКСПО-2017 ғимараттарын жалға берумен сол айналысады. Бұл сома ұстап тұру құнымен салыстырғанда шектен тыс жоғарылатылған! Осы орайда Astana Hub төл орынжайын ала алмаған әлемдегі бірлі-жарым технопарктің қатарында. Өйткені әлемдік практикада мұндай ұйымдардың өз ғимараты, тіпті территориясы бар, бұл – олардың экожүйесінің ажырамас бөлшегі», – деді мәжілісмен Смышляева.
Депутаттар Astana Hub-тың қатысушыларының жұмысын «көлеңкелі» санайды. Мысалы, олардың қаржылық тұрақтылығының қандай екені белгісіз. Технопарк өз хабарламаларында әлдебір жаңа өнімінің үлкен сұранысқа ие болып жатқанын жазады.
Бірақ одан елге қандай қайтарым болғаны, бюджетке қанша салық түскені белгісіз болғандықтан, бұл сырты қампайған, іші қуыс пиарға көбірек ұқсайды.
«Astana Hub резиденттері салықтан жаппай босатылған. Сонымен бірге, олардың қаржылық орнықтылығын анықтаудың тәртібі әлі күнге дейін әзірленбеген! Ал, заңда осыны талап ететін тиісті норма бар. Жаһандық түгіл, біздің отандық нарықтың өзі төл шешімдерінің барына қарамастан, жаппай импортты пайдаланады. Сонда отандық кәсіпкерлерімізді кім үшін өсіріп жатырмыз? Цифрлық өнімдер тек экономикаға ғана емес, технологиялық егемендікке де ықпал етеді», – деді Екатерина Смышляева.
Осыған орай Мәжіліс Үкіметке ұсыныс енгізіп, бұдан былай Astana Hub резиденттерінің қаржылық орнықтылығын олардың резиденттік үшін технопаркке аударатын міндетті жарналары бойынша бағалауды ұсынды.
Депутаттарға жауабында Үкімет басшысы Олжас Бектенов Astana Hub резиденттерінің қаржылық орнықтылығын бағалау мәселелері пысықталып жатқанын жеткізді. Бұл тұрғыдағы талаптар керісінше, әрі қарай жұмсартылады.
«Қазіргі кезде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер әзірленді. Оған сәйкес, тізілім-реестрде тұрған ІТ-компаниялардан қаржылық орнықтылығының болуы туралы талаптар алынып тасталады. Бұған қоса, бүгінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға да түзетулер жобасы жазылып жатыр. Ол бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарға бірегей ІТ-өнімдерді еш конкурс өткізбей-ақ, бір көзден сатып алуына мүмкіндік беру ұсынылады», – деді Премьер-министр.
Ол еліміздегі осы салада ірі өзгерістер жүріп жатқанына назар аудартты. Мысалы, бұған дейін Цифрлық даму министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы бұйрығына сәйкес, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (ИТП ДКҚ) ресми түрде «Astana Hub» халықаралық технопаркі болып танылды.
«Назар аударамыз, бұл – Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 23 қарашадағы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорын қайта ұйымдастыру туралы» №1028 қаулысына сәйкес жүргізіліп жатқан кең ауқымды қайта ұйымдастырудың бірінші кезеңі», – деп хабарлады Astana Hub.
Ол өз резиденттеріне «бұл өзгерістердің технопарк қатысушыларының қолданыстағы жеңілдіктеріне әсер етпейтінін» жеткізді. Тек технопарктің ұйымдастырушылық-құқықтық және функционалдық формасы өзгеріп жатыр.
Өз кезегінде Олжас Бектенов «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің қаптаған нысаны да Astana Hub-қа берілгелі жатқанын хабарлады.
Оның мәліметінше, технопарктің арендаторы QazExpoCongress компаниясының балансында жалпы ауданы 25 гектарды құрайтын территория бар.
Оның ішінде жалпы аумағы 530 мың шаршы метрді алып жатқан ғимараттар кешені мен олардың жерасты автотұрақтары орналасқан. Кеңселердің ауданының өзі 180 мың шаршы метрге жетеді.
«Қазіргі уақытта Цифрлық даму министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі арасында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы пысықталуда. Оның аясында «QazExpoCongress» иелігіндегі павильондарды «Инновациялық технологиялар паркіне» беру мәселесі қарастырылады», – деді Үкімет басшысы Бектенов.
Ол «Инновациялық технологиялар паркінің» өңірлерде бөлімшелері құрылғанын жеткізді. Аймақтарда 18 IT-хаб іске қосылыпты. Олар жергілікті дарындардың стартаптарын дамытуға септесуге, өнертапқыштарды қолдауға және жаңа жобаларына өмірге жолдама беруіне көмектесуге тиіс.
Өз кезегінде ИТП өңірлік хабтарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Мысалы, әдіснамалық сүйемелдейді. Менторлық, білім беру және бизнес бағдарламаларын жүзеге асырады. Өзге де іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуге жәрдемдеседі, жөн-жоба нұсқайды.
Бұдан бөлек, Қостанайда, Қызылордада және Маңғыстауда, яғни, алып еліміздің әр түкпіріндегі ІТ-хабтар базасында технологиялық орталықтар ашылды.
Өңірлік хабтарға инноваторлар 460-тан астам стартап-идеяларын ұсыныпты. Бүгінде өңірлердегі 186 IT-компания «Astana Hub-тың» қатысушысына айналған. Осыдан-ақ, ауыл-аймақта өнертапқыштар жетерлік екенін аңғаруға болады.
ТХКБ – Азия мен Еуропа арасындағы негізгі дәліз
Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропаны байланыстырады. Ол Транссібір теміржол бағыты мен Суэц каналына балама ретінде қарастырылады. ТХКБ қауымдастығы 2016 жылы құрылған және оған жетекші теміржол, теңіз және логистикалық компаниялар кіреді, олардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ, TCDD Transportation және тағы да басқа ұйымдар бар. Бүгінде қауымдастықта 20-дан аса ұйым мүшелікке ие.
Қауымдастықтың басты мақсаты – бағытты дамыту, логистиканы оңтайландыру және жүк ағындарын тарту. Бұл Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының жылдам әрі үзіліссіз жеткізілуіне ықпал етеді.
«Поти ТрансТерминал» АҚ-ның ТХКБ дамуына қосқан үлесі
2023 жылдан бастап PTC Holding Поти порт аймағында жылдық қуаты 80 мың ДФЭ-ден асатын мультимодальды контейнерлік терминал салу жобасын жүзеге асыруда. Жалпы инвестиция көлемі – 30 миллион АҚШ доллары.
Бұл терминал контейнерлік және қапталған жүктерді заманауи технологиялық жабдықтар (порталды крандар, ричстакерлер, т.б.) көмегімен өңдеуге арналған. Жаңа терминал Транскаспий бағытының өткізу қабілетін айтарлықтай арттырып, жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға серпін береді.
«Поти ТрансТерминал» АҚ-ның ТХКБ қауымдастығына қосылуы компанияның Орта дәліз инфрақұрылымын дамытудағы маңызды рөлін және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға қосқан үлесін растайды.
Осы ауқымды шара аясында Huawei цифрландыру мен интеллектуалды трансформация саласындағы озық шешімдерді талқылау үшін жетекші клиенттер мен серіктестерді жинап, Industrial Digital and Intelligent Transformation Summit 2025 саммитін өткізді.
Саммитте Huawei индустриялық цифрлық трансформацияның 83 жаһандық демонстрациясын ұсынып, 71 негізгі сценарийді қамтыды. Сондай-ақ, серіктестермен бірлесіп, мемлекеттік сектор, білім беру, қаржы, энергетика, көлік, мұнай-газ және химия өнеркәсібі, сондай-ақ бөлшек сауда сияқты салалардағы интеллектуалды эволюцияны жеделдететін 10 жаңа салалық шешімді іске қосты.
Интеллектуалды трансформацияның негізгі бағыттары
Huawei пікірінше, салалардағы цифрлық эволюция қарқынды дамып келеді, және кәсіпорындар жасанды интеллекттің (ЖИ) ашатын мүмкіндіктерін барынша пайдалануға дайын.
Өз баяндамасында Huawei компаниясының корпоративтік сату жөніндегі аға вице-президенті Лео Чен интеллектуалды трансформацияны жеделдетудің төрт негізгі бағытын белгіледі:
Технологияларды салалық сценарийлерге интеграциялау – нақты индустриялардың қажеттіліктеріне бейімделген АКТ архитектурасын құру.
Озық АКТ инфрақұрылымы – ЖИ ауқымын кеңейту және есептеу жүктемелерінің өсуі үшін қуатты технологиялық базаны қалыптастыру.
Қолжетімді және жоғары өнімді ЖИ-шешімдер – кең нарыққа бағытталған ашық модельдер мен ЖИ құралдары негізінде өнімдерді дамыту.
АКТ мамандарын даярлау – цифрлық экономиканың кадрлық әлеуетін дамытуға арналған білім беру бастамаларын күшейту.
«MWC Barcelona 2025 көрмесінде Huawei үш стратегиялық бағытты ұсынады: телекоммуникация саласына ЖИ енгізу, 5G және 5G Advanced желілерін дамыту, сондай-ақ оптикалық технологиялар мен шалғай аймақтарға қолжетімділікті қамтитын желілік инфрақұрылымды кеңейту. Қазақстан 5G енгізу бойынша Орталық Азиядағы жетекші позицияны иеленіп отыр, және Huawei цифрлық трансформация үшін озық шешімдерді ұсына отырып, мемлекеттік реттеушілермен және байланыс операторларымен белсенді ынтымақтасуда», – деп атап өтті Huawei компаниясының сымсыз технологиялар жөніндегі жетекші сарапшысы Дмитрий Конарев.
Huawei инновациялары: цифрландыруға кешенді көзқарас
Huawei коммерциялық серіктестер мен дистрибьюторларға арналған шешімдерді ұсынды, олардың қатарына ЖИ-құрылғылар, цифрлық платформалар және инфрақұрылым мен сервистерді басқаруды жеңілдететін бұлтты құралдар кіреді. Серіктестер үшін арнайы HUAWEI eKit интерактивті тәжірибесі ұйымдастырылып, компанияның технологиялық экожүйесінің мүмкіндіктері көрсетілді.
«MWC Barcelona 2025 – бұл жай ғана технологияларды көрсету алаңы емес, сонымен қатар серіктестер мен клиенттермен цифрлық инновациялардың болашағы туралы маңызды диалог жүргізу мүмкіндігі. Биыл біз 5G, бұлттық есептеулер, жасанды интеллект және интеллектуалды инфрақұрылым саласындағы шешімдерді ұсынамыз. Қазақстан қазірдің өзінде экономиканың негізгі секторларында цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізуде, және Huawei осы трансформацияны қолдауды жалғастырып, бизнес, білім беру, медицина және өнеркәсіп үшін озық шешімдерді ұсынуда», – деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директорының орынбасары Сью Хай.
Сондай-ақ онда зерттеушілерге, стартаптар мен компанияларға арналған кеңселер, тәжірибе алмасу алаңдары орналасады.
– Біз ЖИ саласындағы адам капиталын дамыту мақсатында AI-Sana деп аталатын инновациялық білім беру бағдарламасын жасадық. Бағдарлама түрлі сала мамандарының пәнаралық даярлығын қамтамасыз етеді және ЖИ-ге қатысты озық шешімдерді әзірлеуге септігін тигізеді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Қазақстан жаһандық жасанды интеллект экожүйесінің белсенді мүшесі болуға ұмтылатынын жеткізді. Сонымен қатар кездесуге қатысушыларды ғылыми зерттеуден бастап этикалық стандарттарды бекітуге дейінгі сан салалы жұмысқа атсалысуға шақырды.
Жиынға Polynome компаниясының негізін қалаушы Александр Ханин, G42 компаниясының жасанды интеллект жөніндегі бас директоры Джексон Эндрю, Абу Дабидегі Халифа ғылым және технология университетінің профессоры Дебба Меруан, БҰҰ-ның «Игілікке арналған ЖИ» бастамасы атқарушы кеңесінің төрағасы Әл Мазруи Эбтесам, Core42 компаниясының мемлекет істері және серіктестік жөніндегі директоры Әл Каисси Талал, Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университетінің ректоры және профессоры Тимати Болдуин, Saalai компаниясының жасанды интеллект бөлімінің жетекшісі Абдулнаби Абрар, Mubadala Investment Company венчурлық жобалар және даму бөлімінің жетекшісі Әл Мазруи Фарис Сухейл қатысып, пікір білдірді.
Тілшілер министрден «Мемлекеттік органдардың барлығында жасанды интеллект енгізілетіні айтылды. Демек көптеген міндеттер жасанды интеллектке жүктелетін болады. Осыған байланысты мемлекеттік қызметкерлердің штаты қысқара ма? Осындай болжам бар ма?» деп сұрады.
«Бірден айтайын, қанша қызметкер қысқартылатынына байланысты болжам жоқ. Бірақ мұнда мына нәрсені түсіну қажет. Жасанды интеллект технологиялары ең әуелі (адамдарды) қайталана беретін тапсырмаларды орындаудан босатады. Оларды жасанды интеллект орындайды. Осылайша қызметкерлер жоғары интеллектті қажет ететін, шығармашылық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік алады. Біз мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырғымыз келеді. Қызметкерлердің саны 20-30 пайызға қысқарады деп айту қиын. Колл орталықтар бар орындарда қанша қызметкерлерді босатуға болатынын анықтауға болады. Себебі олар үшін қоңырауларды оқытылған, арнайы жасанды интеллектер қабылдап, жауап беретін болады», – деді Жаслан Мәдиев.
Журналистер мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір бөлігі босатыла ма деп нақтылады.
«Қазір қолмен жасалатын аналитикалық талдаулар жасанды интеллектің көмегімен жүзеге асырылатын болады. Бұл біздің әріптестерімізді артық жұмыстан арылтып, азаматтармен тиімді коммуникация жасауға көметеседі», – деді Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.
– Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет. Технологиялық және экономикалық тұрғыдан озық ел болу үшін, ең алдымен, адам капиталы, цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамытуға баса мән беру маңызды. Қазіргі заманда онсыз болмайды. Себебі қазір күллі әлем жұртшылығы цифрлық әлемде өмір сүріп жатыр деуге болады. Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект технологиясының тиімділігі жыл өткен сайын арта түспек. Сондықтан алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазақстан Еуразиядағы аса ірі цифрлық хабқа айналуға тиіс. Цифрлық даму мәселесіне тың, жаңаша көзқараспен қарау қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру туралы бастама көтергенін еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл идеяны одан әрі өрістетуді, яғни Орталыққа халықаралық мәртебе беріп, оны аймақтағы жасанды интеллектті дамытатын басты институтқа айналдыруды ұсынды.
– Alemai халықаралық орталығы жасанды интеллект қозғалысының темірқазығына және Қазақстанның цифрлық трансформациясының символына айналуға тиіс. Бұл алаң еліміздегі ең мықты мамандардың басын қосып, әлемнің түкпір-түкпірінен таланттарды жинайды. Мұнда ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық зертханалар, бағдарламалау мектебі және халықаралық технологиялық компаниялардың кеңселері орналасады. Astana Hub пен Alemai нағыз инновациялар фабрикасына айналуға тиіс. Ол үшін халықаралық серіктестерді тартқан жөн. Ғылыми зерттеулерге қолдау білдіріп, экономиканың басты бағыттарына, білім беру және әлеуметтік салаларға арналған шешімдер ойлап табу қажет, – деді Президент.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев институционалдық орта қалыптастыру маңызды деп санайды.
Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасы бойынша Үкімет Жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдағанын айтты.
– Құрамына жетекші халықаралық сарапшылар кіретін Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес құруды тапсырамын. Бұл қадам біздің институционалдық ортаны үздік әлемдік стандарттармен үйлестіруге мүмкіндік береді. Парламент депутаттары «Жасанды интеллект туралы» заң жобасына бастамашы болғаны мәлім. Заңды әзірлеу жұмысына мұқият қараған жөн. Нейрожелілер үлкен мүмкіндіктерге жол ашып қана қоймайды, сондай-ақ оның қауіп-қатері де бар. Мәселен, қазір жалған ақпарат таратып, қоғамдық пікір қалыптастыру үшін ақ-қарасын ажырату қиын фейктер жиі жасалады. Сондықтан жасанды интеллектті жауапкершілікпен қолдану қағидаттарын, этикалық аспектілерін заң жүзінде бекіту керек. Сондай-ақ оның дамуы мен қолданылуы барысында ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз ету қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысы саланың инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде сөз қозғады. Өйткені ЖИ технологияларына заманауи есептеу қуаты керек.
– Бүгінде әлемдік нарықта есептеу ресурстарының тапшылығы сезіледі. Алдағы уақытта оған қажеттілік арта түспек. Сондықтан Үкіметке дата-орталықтар салу үшін ірі халықаралық компанияларды тартуға, сондай-ақ киберқауіпсіздіктің әлемдік стандарттарын енгізуге және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған тиісті жағдай жасауды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тағы бір маңызды міндет – деректерді сапалы түрде цифрлық форматқа көшіру және жүйелеу. Үкіметке деректер жиынтығын қалыптастыру бағытында шара қабылдау тапсырылды
Ол мемлекеттің, бизнестің және ЖИ-ға қызығушылығы зор азаматтардың жасанды интеллект модельдерін ойлап табуына, білім алуына және дамуына жол ашады.
– Бұл салада тыңғылықты атқарылған істің бір мысалы – KazLLM тіл моделі. Біз жасанды интелектті қазақша ойлауға, сараптауға және сөйлеуге үйреттік. Бұл айтарлықтай жетістік қазақ тілін цифрлық ортада дамыту үшін зор мүмкіндік береді. Басталған үлкен істі жалғастыру керек. Алдымызда түрлі сипаттағы деректерді бір мезетте қолдана алатын Қазақ тілінің мультимодальды тілдік моделін жасау міндеті тұр. Үкіметке осы бағыттағы жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Президент азаматтардың жасанды интеллект саласындағы сауатын ашып, біліктілігін арттыру қажет екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бес жыл ішінде 1 миллион адамды жасанды интеллект дағдыларына үйрету міндетіне ерекше көңіл бөлген жөн. Оқушыларға, студенттерге, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерге арналған бағдарламаға барынша қолдау көрсетілуге тиіс.
– ЖИ технологиялары саласындағы отандық және халықаралық білім беру бағдарламалары еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға үлес қоса алады. Үкіметке жасанды интеллект бағытында маман даярлауға арналған AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесін қарастыруды тапсырамын. Аталған бағдарлама оқу, зерттеу және стартаптарды әзірлеу үдерістері тоғысатын динамикалық экожүйені қалыптастыруға ықпал етуге тиіс. Әлемнің жетекші университеттерінің акселерация тәжірибесін қолданған дұрыс. Жасанды интеллекттің пайдасын Қазақстанның әрбір тұрғыны білуі керек. Оның не үшін қажет екенін, қалай дұрыс қолданылатынын ыждаһаттықпен түсіндірген жөн, – деді Президент.
Үкіметке азаматтардың жасанды интеллектті күнделікті қолдануына арналған механизмдерді енгізу шараларын қабылдау міндеті жүктелді.
– Қазақстанның инновация мен озық технологияны дамыту ісінде көш бастауға мол мүмкіндігі бар. Цифрландыру және жасанды интеллектті кеңінен енгізу еліміздің қарыштап дамуына кепіл болуға тиіс. Мұндай өршіл мақсатқа қол жеткізуге қауқарымыз жетеді. Мен оған сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әлемнің 100-ден астам елінде ауылшаруашылық дрондарын қолданудың халықаралық тәжірибесі жерүсті бүріккіш-техниканың орнына ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланудың елеулі артықшылығын көрсетеді. Бүгінде дүние жүзінде агродрондардың көмегімен 500 млн гектардан астам егістік өңделді. Суды үнемдеп жұмсау есебінен әлем бойынша шамамен 210 млн тонна суды үнемдеуге, СО2 эмиссиясын 25 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік туды.
Ауылшаруашылық дрондары жетуі қиын жерлерді өңдеп, зерттеуге мүмкіндік береді. Олар кез-келген ауа-райында, тәулік бойына, жаңбыр кезінде және түнде де жұмыс істейді.
«Мысалы, өздігінен жүретін бүріккіш гектарына 150 литр су жұмсайды, 5 мың гектарға шамамен 750 мың литр су қажет. Ал, дронға дәл осындай аумақты өңдеу үшін 50 мың литр қажет, ол 15 есе аз. Сонымен қатар жұмыс кезінде өздігінен жүретін бүріккіш сорап құрылғыны басып кетеді, бұл фермерге өнімнің шамамен 6%-ын жоғалтуына әкеледі. ҰҰА дақылдарға мұндай зиян келтірмейді», — деді кеңесте агродрондарды пайдаланатын компанияның өкілі Санжар Нұрғазинов.
Қазақстанда өсімдіктердің зиянкестері мен қауіпті ауруларын зерттеу және емдеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануды кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық Eavision компаниясымен 80 агродрон әкелуге арналған меморандумға қол қойды. Бұл ҰҰА ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында сатылатын болады. Бұдан басқа, «Sunkar eavision International LLP» ЖШС Бірлескен қазақстан-қытай кәсіпорны құрылды, ол «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі АЭА аумағында отандық дрондарды жинауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар ведомство мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығымен бірге, білім беру жобаларын іске қосуда. Сондай-ақ биылғы қазан айында ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы TomorrowSchool жасанды интеллект мектебі ашылды.