Ықтимал сатып алушылар үшін тұрғын үйдің салынып жатқан кезіндегі пәтерлердің бағасы жағынан тартымды болады. Үйді пайдалануға бергенге дейін шаршы метрлердің бағасы біршама арзан, бірақ жосықсыз құрылыс салушылардың қармағына түсіп қалу қаупі де соншалықты көп болады. Астана үлескерлер бірлестігі аbctv.kz оқырмандары үшін салынып жатқан нысаннан пәтерді қалай сатып алуға болатыны жайлы ұсыныстар әзірледі.

Беделін бағалаңыз
Үй салынып жатқан кезде құрылыс компаниясымен келісім жасамас бұрын компания туралы сұрастырған дұрыс. Әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікір мен БАҚ фирмаға нақты сипаттама бере алады.

Дайын үйлердегі пәтер иелерінің пікірлері компания туралы мағлұмат алуға көмектеседі.

Сонымен қатар құрылыс салушының нарықта жұмыс істей бастаған уақыты мен пайдалануға берген нысандарының санын да ескерген жөн. Компания нарықта кем дегенде бес жылдан артық жұмыс істеу керек. Сенімді фирма бір-екі тұрғын үй кешенімен шектеліп қалмайды.

Үлескерлердің депозиттік төлемін қабылдайтын банкке де назар аудару керек. Жұмысына жауапкершілікпен қарайтын ЕДБ күмәнді ұйымдармен жұмыс істемейді.

Құрылыс компаниясы сенімсіз құрылыс салушылар тізімінде болмауын қадағалаңыз. Жосықсыз құрылыс салушылардың тізімін жергілікті атқарушы орган жасайды. Мұндай мәліметті әкімдік сайтынан алуға болады немесе сәулет-құрылыс бақылау органына тікелей хат жазу арқылы алуға болады. Сізге ақпаратты екі апта ішінде беруге тиіс.

Құжаттармен танысыңыз
Адал жұмыс істейтін құрылыс компаниясының лицензиясы және геодезиялық, құрылыс-монтаждау, инженерлік-техникалық жұмыстарға арналған сертификаты болу керек. Компания өкілдерімен кездескен кезде барлық құжатпен асықпай танысып шығыңыз. Есіңізде болсын, бұл жасырын ақпарат емес, сондықтан сіз талап еткен жағдайда қағаздардың көшірмесін ұсынуға тиіс.

Құжаттар тізімінің аз болуы
жер учаскесіне арналған құжат немесе жер актісі түріндегі меншік, жалға алу келісімшарты;
кезең бойынша құрылыс жүргізуге рұқсат қағаз;
үлескерлердің қаражатын тартуға арналған рұқсат;
локацияны көрсету мен нысанды жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес сипаттау;
құрылыстың кезеңдері мен оны аяқтау мерзімі туралы мәлімет;
бас мердігер туралы негізгі мәлімет (атауы, жұмыс тәжірибесі, лицензиясының болуы, пайдалануға берілген құрылыс нысандары туралы ақпарат)

Сондай-ақ құжатты сәулет-құрылыс басқармасына ресми сұраныс жасау арқылы алуға болады.

Үлескердің ресми мәртебесін алыңыз
Бүгінгі күні үлескерлердің құқығы «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» заң арқылы қорғалады. Кез келген заңды компанияның тұрғын үй салу үшін үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты болуы керек. Фирма мұндай құқықты тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының құралы арқылы немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ала алады. Баспаналы боламын деп жүргенде далада қалмас үшін үлескерлік қатысу келісімшартын жасау керек. Инвестициялау келісімшартына қол қойып керек емес, өйткені аталған құжат құрылыс салушыдан жауапкершіліктің басым бөлігін алып тастайды. Тап осы құжат бойынша үлескерлер жосықсыз құрылыс компаниясының барлық тәуекелін өз мойнына алады.

Құрылыс компаниялары ықтимал клиенттерге тұрғын үй орын-жайын сатып алу-сатудың алдын ала келісімшартын жасауды ұсынады. Келісімнің мұндай түрін рәсімдегенде үй пайдалануға берілгенге дейін құрылыс салушының шотына ақша салмау керек. Нысан салынып жатқан кезде бұл келісімшарт бойынша төлем жасау заңға қайшы келеді.

Пәтерді қабылдап алғанда сақ болыңыз
Пәтерді көруге күндізгі уақытта бару керек. Үлескерлік қатысу келісімшартының әрбір тармағына, әсіресе, шаршы метр, әрлеу, кепілге мән беру керек. Пәтерді қабылдап алған кезде құжатта көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келуін тексеріңіз. Барлығының дұрыс есептелгеніне көзіңіз жеткен кезде ғана қабылдау-тапсыру актісіне қол қойыңыз.

Пәтерді қабылдап алуға барғанда
құрылыс өлшеуішін, деңгейлік және лазерлік деңгейлікті
смартфон немесе жарқылдағы бар фотоаппаратты
келісімшарттың түпнұсқасы мен көшірмесін
 жеке куәлікті алып барыңыз.

Бірінші әрлеуде еден салуға және ақтауға дайындалған қабырғалар және құбыр мен электр сымдары тартылып, терезе мен сыртқы есік орнатылған болу керек. Ал жақсы бірінші әрлеуге тегістелген еден мен қабырға, төбе кіреді. Кейбір келісімшарттарда бөлмелерге тартылған электр кабельдері, санауыш, ашалық топтар және ажыратқыш, өрт хабарлағыш, пәтерге дейін тартылған теледидар кабелі және домофон жайлы жазылады. Әдемі әрлеу тұруға арналған пәтер деген сөз. Яғни пәтер қабырғаларына түсқағаздар жапсырылып, еден салынып, бөлмелердің есігі орнатылып, санитарлық техника мен кафель тақтайшасы қойылған дайын пәтер.

Пәтерді қабылдап алу-тапсыруды актілеу кезінде неге мән беру керек
жоспарлау мени шаршы метрге (өзгеріс 3%-дан аспау керек);
қабырғаның жылжуы (тек 5 мм-ге ғана дейін рұқсат етіледі)
қабырғаның бұрышы 90 градус болу керек
терезе дұрыс жабылу керек
жуынатын бөлменің габариті
электр нүктелері
кондиционер орнатуға арналған орын
 жылыту радиаторларына

Егер пәтерді көрген кезде кемшіліктердің бар екенін көрсеңіз, онда құрылыс салушыдан оларды жоюды талап етіңіз. Бұл ретте қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймау керек. Құрылыс компаниясы кемшіліктерді ретке келтіруден бас тартқан жағдайда оны сот арқылы шешуге болады.

Бірақ егер пәтерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылып қойылған болса, онда сіздің келісімшартыңызда кепіл мерзімі көрсетілген болса, ретке келтіруге болады.

Карина Алимова