Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады ( 8 қазан – 12 қазан)

8 қазан – 12 қазанға   арналған валюта болжамы

Өткен апта теңгенің америкалық валютаға қатысты бағамының  қайталап әлсіреуімен есте қалды. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, бұл беталыс алдағы аптада да жалғасуы мүмкін. Оған сыртқы факторлар себеп болады. Олардың ішінен АҚШ-тың еңбек ақы және жұмыспен қамтуға қатысты статистикадан туындаған («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners, ARUM Capital) америкалық мемлекеттік облигациялар бойынша кірістіліктің өсуі (Wall Street Invest Partners, «Телетрейд Групп») ерекше атап кетуге болады.

Сарапшылар Федералдық резервтік жүйе мен мөлшерлеменің белсенді артуы мүмкін екеніне (Wall Street Invest Partners, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, ARUM Capital) тағы да тоқталды. Сонымен қатар сарапшылар инвесторлардың дамушы елдің нарығынан жаппай кетуінен, америкалық долларға сұраныс артуы («Альпари», Wall Street Invest Partners, «Телетрейд Групп», ARUM Capital) мүмкін деп отыр.

Сондай-ақ батыстағы жағдайға қатысты АҚШ-тың Иран мен Ресейге қарсы санкциясы («Альпари», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, ARUM Capital), Штаттардың сыртқы саудадағы протекционистік әрекеттері мен кезекті «шпиондық» жанжал негізінде Ресейге қатысты геосаяси шиеленіс те (Wall Street Invest Partners, ARUM Capital) ерекше атап көрсетілді.

Сарапшылардың барлығы энергия тасымалдаушылар нарығындағы тұрақсыз жағдайды атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар. 

 

Вадим Иосуб, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:

Алдағы аптада шетелдік валюталардың теңгеге қатысты бағамы олардың сыртқы валюталық нарықтағы динамикасымен айқындалатын болады. Біздің болжамымыз бойынша доллардың рубльге қатысты бағамы бірте-бірте бір доллар үшін 67,5 рубльге дейін, ал еуропалық валютаға қатысты айтар болсақ, бір еуро үшін 1,14 долларға дейін нығаяды. Бұл ретте мұнай бағасы шамалы дамылдайды деп отырмыз, өйткені АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясы салдары мұнай бағасында көрініс табуда. Сол себепті Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 86,5 доллардан жоғары көтерілмейді, шамамен 84-85 доллар болады.

Сыртқы жағдай осындай болатын болса, доллар 370 теңге дейін қымбаттауы мүмкін, ал еуро тұрақты болып 420-423 теңге шамасында қала береді. Ал рубль шамалы 5,45 теңгеге дейін төмендеуі ғажап емес.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

Бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары сауданы кері көрсеткішпен аяқтады. Төмендеуге жақында шыққан еңбек нарығы бойынша мәліметтің жеті жылда бірінші рет 3,2%-ға көтерілуінен, 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілік динамикасы себеп болды. S&P500 нарығының индексі 0,82%-ға төмендеп,  2901,61 шамасында жабылды.  Өндірістік Dow Jones индексі 0,75%-ға түсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 1,87%-ға төмендеген.   

Жұма күні ойыншылар АҚШ үкіметінің еңбек жалақысы туралы есебін басты назарға алады, егер мәліметтер сарапшылардың ойдағанынан асып кететін болса, нарықтар төмендеуін жалғастырады.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 1,27%-ға төмендеп, 84,91 доллар бағасында болды. Бұған әлемдік қор нарақтарының жағымсыз жағдайы мен Халықаралық энергетикалық агенттіктің қара алтынды өндіруші елдерге алдағы уақытта бағаның бақылаусыз өсіп кетуін болдырмас үшін мұнай өндіруді арттыруға шақырғаны себеп болды.

Алайда ОПЕК Иранға қарсы санкция салдарынан түсіп бара жатқан мұнай көлемін толтыратын қуаты жоқ деген әңгіме Brent маркалы мұнайдың жарнамаланып қойған 90-100 доллар бағасы үшін қайрауды күшейтеді.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 361-365 теңге және еуроға қатысты бағамы  418-422 теңге болады деп болжап отырмыз. 

 

Данияр Жұмекенов,  Wall Street Invest Partners сарапшысы:

Америкалық мықты экономика  мен ФРЖ-ның жоқ дегенде 2019 жылдың соңына дейін пайыздық мөлшерлемені одан сайын өсіруді ұсынуы салдарынан дамушы нарықтарға деген қысым одан әрі жалғасады.

АҚШ-тың сыртқы саудадағы протекционистік әрекеттері нарықта тәуекелді көбейтіп отыр. Осыған байланысты инвесторлар дамушы экономикалардағы өздерінің тәуекелін қысқартуды жөн көріп отыр. Дамушы экономикалық елдер қатарында Қазақстан да бар. АҚШ-тың мықты экономикасы бұрынғыша ірі инвесторларды тартуда.

Жұма күні жұмыспен қамтуға қатысты шыққан мәлімет болжағаннан нашар болды. Алайда жұмыссыздық деңгейі 3,7%-ға дейін түскен, бұл 1967 жылдан бері ең аз көрсеткіш болып саналады, сауда балансының сальдосы тамыз айының қорытындысы бойынша болжанғаннан жақсы болды. Бұл америкалық мемлекеттік облигациялар бойынша кірістілікті арттыруға себеп болды. АҚШ-тың үш жылдық қазынашылық облигациялары бойынша кірістілік 3%-ға жақындады, ал онжылдық облигация 3,21%-ға жетті. Жалпы мәліметтер аралас болды да, доллардың шамалы сатылуына әкелді.

Мұнай нарығында тұрақсыздық сақталады. Саудиялық ірі мұнай өндіруші Saudi Aramco тұтынушыларға қазан айында араб жеңіл мұнайы жетіспеуі мүмкін екенін ескертті, сондай-ақ Азия мен Жерорта теңізі тұтынушылары үшін қарашада баға өсетінін де жеткізді. Бір жағынан алып қарайтын болсақ, Ресейде мұнай өндіруді тарихта болмаған деңгейге дейін көтеріп, бір тәулікте 10,91 млн баррельге жеткізді. АҚШ-тағы мұнайдың коммерциялық қоры бір аптада айтарлықтай өсті. Дегенмен нарықта  мұнай бағасы төмендеген жоқ. Алдағы аптада Brent маркалы мұнай бағасы осы шамада болады, жалпы қара алтын бағасы бір баррель үшін 80 доллардан төмен түспейді деп отырмыз.

Ұлттық валютаның өткен аптада біршама төмендеген болатын, алдағы аптада теңгенің америкалық долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 367-375 теңге шамасында болады деп болжап отырмыз.

Ресей мен Батыстағы геосаяси шиеленіс салдарынан теңгенің рубльге қатысты бағамы біршама нығаяды. Сонымен қатар Ресей үкіметінің «Костиннің жоспары» аясында ресейлік экономиканы долларсыздандыру бойынша нақты қадамдарына қатысты мәселесі де шешімін таппай отыр. Осыған байланысты теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,4-5,5 теңге шамасына дейін нығаюы мүмкін.

 

Олег Богданов,  «Телетрейд Групп» бас сарапшысы:

Әлемдік қаржы нарығы тағы қиын жағдайға тап болып отыр. АҚШ-та қазынашылық қарыз нарығындағы жағдай ушықты. Кірістілік соңғы бірнеше күнде айтарлықтай өсті. Бұл үдеріс көптеген нарықтағы инвестициялардың тәуекелін күшейтіп отыр, оның ішінде emerging markets-те бар. Сондықтан инвесторлардың дамушы нарықтардан кету одан сайын күшейеді, ал бұл жергілікті валюталардың бағам қалыптастыруына әсер етеді. Осылайша, emerging markets валюталарына деген қысым артады, төмендеу жалғасады.

Қазақстандық теңге бір доллар үшін 372 теңге болуы мүмкін, EUR/KZT жұбы 435 теңгеге дейін көтеріледі, ал рубльге қатысты бағам сол бұрынғыша 5,6 шамасында қала береді.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы: 

ФРЖ басшысының америкалық реттеуші пайыздық мөлшерлемені қарқынды өсіреді дегенінен кейін доллар индексі өсті. Бұл ресейлік рубльдің күрт төмендеуіне әкелді, оның артынан теңгенің түсетіні белгілі жағдай. ФРЖ саясаты мен санкциялар – рубль мен теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар. Ал бұл факторлардың жағымды жағынан гөрі жағымсыз тұсы басым болып отыр. Ресейдің орталық банкі рубльге қолдау көрсетуі мүмкін, бірақ тап қазір рубль мен теңгенің жағдайы нашар.

Келесі аптада доллар 370-380 теңге, рубль 5,4-5,6 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 81-87 доллар, бір биткоин 5000 -7500 АҚШ доллары болады. 

 

 

Константин Жуковский, ARUM Capitalкомпаниясының даму жөніндегі директоры:

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы түсіп, рубльге қатысты бағамы нығаяды. Бұған геосаяси қауіп пен мұнай бағасына арналған динамика,  америкалық долларға деген сұраныстың артуынан тәуекелді активтерден инвесторлардың жаппай қашуы басты себеп.

АҚШ-тың жағымды статистикасы мен ресми тұлғалардың агрессивті түсініктемелері USD/KZT жұбын 372,00 белгісіне жақындатады. ФРЖ басшысының жақында инфляцияның өсу қаупі бар дегені америкалық долларға деген сұранысты арттырып жіберді. Алдағы аптада тұтынушылар бағасы индексі соңғы айда шынымен өсті ме соны көреміз.

 Ал рубльге қатысты бағамды айтатын болсақ, онда бұл жерде саяси жағдай басты рөл атқарады. Теңге мен рубльге мұнай бағасы қатты әсер етеді. «Шпиондық ойындар» немесе Трамптың Ресейге қарсы санкцияларына қатысты түсініктемесі рубльді теңгеге қарсы қояды. Алдағы апта бойына RUB/KZT жұбы 5,42 теңге белгісіне ұмтылатын болады.

 

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

Өткен аптада қазақстандық теңгенің ресейлік рубль мен америкалық долларға қатысты бағамы төмендеуді жалғастырды. Мұнай бағасының өсуі теңгеге қолдау бола алмады. Инвесторлар қазақстандағы инфляцияның қарқынын жағымсыз қабылдаған сияқты. Яғни қыркүйекте инфляция деңгейі +0,4%-ға дейін көтерілген. Бұл Ұлттық банктің белгілеп отырған шамасының ортасы деуге болады.

Қазақстанның сыртқы қарыздарының қысқару қарқынының баяулауы да теңге үшін жағымсыз болуы мүмкін. 2018 жылдың шілдесінде сыртқы қарыз 164,4 млрд доллар болды. Осылайша, екінші тоқсанда ол тек 1,3%-ға ғана қысқарған.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,51-5,63 теңге, бір доллар үшін 355-377 теңге болады деп  болжап отырмыз.