2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы күшіне енеді.

Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығына сәйкес халық 48 ауру тобына арналған халықаралық патенттелмеген атауы бойынша 274 дәрілік атаулармен, 8 медициналық бұйым түрімен қамтамасыз етіледі. 2018 жылға арналған тегін дәрілік заттардың тізімі тиімділігі дәлелденген жаңа препараттармен толықтырылған. Сонымен қатар халықаралық ұсыныстарға сәйкес тиімділігі дәлелденбеген және клиникалық тәжірибеде қолданылмайтын дәрілік заттар алып тасталынды.

Жаңа бұйрыққа сәйкес халықты тегін дәрімен қамтамасыз етуге кететін шығын жобамен 106,4 млрд теңге. Одан ТМККК барысында 67,9 млрд теңге, ал МӘМС барысында 45,5 млрд теңгесі жұмсалады. Осы орайда 2016 жылы амбулаториялық деңгейдегі дәрімен қамтамасыз ету шығыны 77,1 млрд теңге болғанын айтып кеткен жөн. Яғни 2018 жылы мемлекет халықты тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін былтырғы жылғыдан 38% көп қаражат жұмсамақ.

Аbctv.kz. жаңа тізім қандай құралдармен толығатынын және тегін рецепті кімдер ала алатынын анықтады.

Амбулаториялық деңгейде қандай дәрілер тегін беріледі
Жаңа тізбеге ауыр ағымымен сипатталатын «Анкилозирленетін спондиллит» (Бехтерев ауруы) енгізілді.Паллиативті көмек көрсететін аурулар санаты кеңейтілді: қатерлі жаңа өскіндердің, туберкулездің және АИТВ-инфекциясының, созылмалы үдемелі аурулардың (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысы, бауыр циррозының асқынуы) кең таралған түрлерімен ауыратын науқастарға паллиативті көмек көрсету үшін қолданылатын препараттар тізбесі 15 атауға дейін кеңейтілді.

Яғни емделуші кетопрофен; трамадол, морфин, фентанил, преднизолон, дексаметазон, омепразол, амитриптилин, карбамазепин, метоклопрамид, диазепам, бисакодил, спиронолактон, торасемид, қорғаныш пастасы бар жиынтықтағы бір компонентті дренаждалатын илео/колостомиялық нәжіс қабылдағышты тегін ала алады. Ауырсыну - паллиативті медициналық көмекке мұқтаж науқастардың ең жиі болатын, ауыр симптомдарының бірі. Көптеген соңғы сатыдағы үдемелі аурулармен қатар жүретін ауырсынуды жоюда опиоидты анальгетиктер аса маңызды қызмет атқарады.

2018 жылға арналған тегін дәрі-дәрмектер тізбесіне жүректің ишемиялық ауруын емдеуде қолданылатын заманауи препараттар - статиндер тобының («аторвастатин») дәрілік заттары қосылды. Статиндерді қолдану өлім көрсеткішін төмендетуге, миокард инфарктісінің азаюына, реваскуляризация, инсульт және перифериялық қан-тамырлардың жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді.

2018 жылға арналған тегін дәрі-дәрмектер тізбесіне жүректің ишемиялық ауруын емдеуде қолданылатын заманауи препараттар - статиндер тобының («аторвастатин») дәрілік заттары қосылды. Статиндерді қолдану өлім көрсеткішін төмендетуге, миокард инфарктісінің азаюына, реваскуляризация, инсульт және перифериялық қан-тамырлардың жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда науқастар, яғни диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар, сырқат сатысына қарамастан таргенттік терапияға сезімтал қатерлі ісіктер амбулаторлық деңгейде тегін ем ала алады. Тегін дәрі-дәрмектер тізбесіне 20-дан астам препараттар атауы кіреді. Сонымен қатар №666 бұйрықта гематологиялық аурулардың, гемабластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда, еміне өзгерістер енгізілген. Қазіргі таңда 12 жаңа препарат енгізілді, бұрын олармен науқастар аурухана жағдайында ем алған кезде ғана қамтамасыз етілген болатын, ол препарттар: элтромбопаг, преднизолон, мелфалан, меркаптопурин, талидомид, леналидомид, дазатиниб, деферазирокс, эритропоэтины альфа, бета және зета.

Дәрілік көмекті алуға кімнің құқы бар
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқылы. Алайда тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілерді алу үшін бұл жеткіліксіз. Тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілер белгілі бір аурумен ауыратын ауруларға, нақты бір тізім бойынша беріледі.

2018 жылы тегін берілетін дәрілердің саны артады болады
Амбулаториялық деңгейде науқастың жеке куәлігін немесе оның көшірмесін көрсету арқылы дәріханалық ұйымдардан рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді тегін алуға болады.

Амбулаторлық деңгейде тегін рецептілерді алу үшін, сіз емханаға тіркеліп, Тіркелген тұрғындар тізімдемесіне Сіз туралы ақпарат енгізілуі үшін диспансерлік тіркеуде болуыңыз қажет.

Тегін дәрі-дәрмек алу үшін қарапайым үш қадам жасау жеткілікті: бірінші – емханаға тіркелу, екінші диспансерлік тіркеуге алынып, ары қарай учаскелік терапевтте немесе салалық (бейінді) маманның бақылауында болу. Үшінші өзіңіздің жеке куәлігіңіз бен рецептіңіз арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі қызметінің жеткізушісі болып табылатын дәріханаға жүгіну.

Барлық рецептілерді медициналық ұйымдардың учаскелік дәрігерлері мен салалық (бейінді) мамандары жазып береді. Дәрілік заттарға рецептілер мынадай қағидаларды есепке алу арқылы жазылады:диагноз расталуы және белгіленуі тиіс, дәрі-дәрмек диагнозға және дәрігерлердің көрсеткіштеріне, науқастың қандай диспансерлік топқа жатуына сәйкес, сондай-ақ халықтың белгілі бір санатына байланысты тағайындалады. Дәрілік заттар саудалық атауы көрсетіле отырып халықаралық патенттелмеген атауы бойынша беріледі. Бірнеше препараттарды бір мезгілде, жиі негізсіз пайдалануды болдырмау үшін бір пациентке тағайындалған дәрілік заттардың жалпы саны бес дәрі-дәрмектен аспауы қажет. Рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектер бір науқасқа 1 айда 1 реттен артық берілмейді. Ұзақ уақытты курстық ем қабылдау кезінде, науқасқа 1 айға жеткілікті мөлшерде дәрі-дәрмек беріледі.Науқасқа берілетін дәрі-дәрмектің саны емдеу курсы есебінен белгіленеді, тұрақты емді қажет ететіндерге үш ай есебінде тағайындалады.

Егер сізде тиімсіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайлы сұрақтар болса, онда сіз бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасарына немесе өз аймағыңыздың денсаулық сақтау басқармасына жүгінуіңізге болады.

Толық тізіммен денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz сайтында, сондай-ақ дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының www.druginfo. сайтының «нормативтік-құқықтық актілер» бөлімінде танысуға болады

Сонымен қатар, сіз тегін дәрі-дәрмектерді алу құқығы жөніндегі ақпаратты 8 800 080 88 87 тегін телефон желісіне хабарласу арқылы біле аласыз. Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін.