2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда мемлекеттік жаңа жәрдемақы болады. Елімізде 14 мыңға жуық отбасы ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде жәрдемақы алады. Әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуіне байланысты 2018 жылы республикалық бюджеттің шығыстары  12%-ға артып, 4,1 трлн теңгеден асты. 
Осы жылдың шілдесінен бастап бала кезден I топтағы кәмелетке жеткен мүгедек балаларға қарайтын ата-аналарға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу үшін бюджеттен тағы үш миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.  
Аbctv.kz редакциясы мемлекеттен қандай отбасыларға, нендей қолдау көрсетілетінін анықтап білген еді.      
Бір жасқа дейінгі балалары бар барлық отбасы мен аналар: 
– Жұмыс істемейтін аналарға бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы: бірінші, екінші және үшінші балаға – 91390 теңге, төртінші және одан кейінгі балаға – 151515 теңге.  
Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы: бірінші балаға – 13853; екінші балаға – 16373 теңге; үшінші балаға – 18880 теңге; төртінші және одан кейінгі балаға – 21405 теңге. 
 –  Жұмыс істейтін аналарға бір жолғы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысының 4,2 мөлшерінде әлеуметтік төлем; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табысынан 40% мөлшерінде МӘСҚ-тан ай сайынғы әлеуметтік төлем; бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді есептеуде ескерілген орташа айлық табыстың 10% мөлшерінде әлеуметтік төлем алушыларға міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау қарастырылады. 
Мүгедек-бала тәрбиелеп отырған отбасылар: 
– Анасына, әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына 29699 теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы алуға құқы бар. 
Патронаждық тәрбиелеушілерге: мектеп жасына дейінгі бір баланың тамақтануына –14430 теңге; мектеп жасындағы бір баланың тамақтануына –16835 теңге; бір балаға киім-кешегіне, аяқ-киім және жұмсақ құрал-сайман үшін – 7215 теңге ақшалай көмек төленеді. 
–  16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар 39598 теңге мөлшерінде мүгедектігі бойынша арнайы жәрдемақы алады. 16 және 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар мүгедектігінің тобына қарай арнайы жәрдемақы алады, яғни  I топ – 54306 теңге; II топ – 44972 теңге; III топ – 33941 теңге. 
Сонымен қатар мүгедек-балалардың үйде оқыған шығындарын жергілікті өкілетті органдардан қайтарып алу, сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарды, арнайы көлік құралдарын, шипажайлық-курорттық емделуді, тұрмыстық, медициналық- психологиялық, педагогтік, еңбек, мәдениет, экономикалық, құқықтықты қоса алғандағы арнайы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтамасыз етуді сұрауға құқылы. 
– Мүгедек-бала тәрбиелеп отырған отбасы мүшелерінің еңбек құқы да қорғалған. Мүгедек-бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналардың еңбек келісімшарты жұмыс берушінің бастамасымен бала 18 жасқа толғанға дейін бұзылмайды; жұмыс беруші мүгедек-бала тәрбиелеп отырған жұмыскердің жазбаша келісімінсіз түнгі жұмысқа тартуға құқы жоқ; мүгедек-бала тәрбиелеп отырған жұмыскерлер егер бала медициналық қорытынды бойынша үнемі күтімді қажет ететін болса, іс-сапарға барудан бас тарта алады. 
Асыраушысынан айрылған отбасылар, жетім-балалар және оларды қамқорлығына алған отбасыларға да  мемлекеттен әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ: 
– Ата-анасының екеуінен де айрылған жағдайда әр балаға 33367 теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Отбасының қалған еңбекке жарамсыз мүшелері 15274 теңге мөлшерінде, бірақ барлығына 72408 теңгеден аспайтын мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 
–  Асыраушысынан айрылуына байланысты асырауындағы бір балаға –24325 теңге, екеуіне – 42144 теңге, үшеуіне –52326 теңге, төртеуіне – 55437 теңге, бесеуіне – 57417 теңге, алты және одан көп балаға –59680 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 
Аз қамтылған отбасылар
– Атаулы әлеуметтік көмек алады. 
Белгіленген ақшалай көмек жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жоқ отбасыларына ғана (мысалы, мүгедектер немесе қарт зейнеткерлер отбасына) немесе отбасындағы жұмысқа қабілетті мүшелер нақты бір себептер бойынша жұмыс істеу бағдарламасына қатыспайтын жағдайда (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі.
Белгіленген ақшалай көмек құрамында жұмыс істеуге қабілетті бір мүшесі бар  отбасыларға әлеуметтік келісімшарт жасау және отбасындағы барлық жұмысқа қабілетті мүшелердің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқанда төленеді. Оның үш түрі бар. Атаулы әлеуметтік көмек (ақшалай), жұмысқа тұруға көмектесу, қажет болған жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету пакетін ұсыну. 
Жергілікті өкілдік органдардың шешімі  бойынша қиын жағдайда  қалған отбасыларына бір реттік ақшалай төлем, ай сайынғы ақшалай төлем, тоқсан сайынғы ақшалай төлем, жарты жылдық ақшалай төлем түріндегі қосымша көмек бөлінетін болады. 
– Балалары бар барлық отбасы жұмысқа тұру және мамандық алуда көмек көрсетілетінін білген жөн. 
 Кәсіби оқытумен: 
–  мемлекеттің оқу ақысын төлеу, бір рет ыстық тамақ беру, шәкіртақы мен тегін жүру қолдауын көрсетуі бойынша тегін кәсіби техникалық білім беретін колледждер базасында 2,5 жылға дейін оқу; 
– еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледж бен «Атамекен» КҰП оқу орталықтарының шәкіртақы және автобуста жүруге материалдық көмек көрсетуімен бір айдан алты айға дейінгі қысқа мерзімді курстарда оқыту.   
Жаңа іс ашу: 
– оқу мен шәкіртақыны төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізіне оқыту;  
– Бес жылға дейінгі мерзімге микронесие беру. Мал шаруашылығы және ауылшаруашылық кооперативтер саласының жобалары үшін берілетін несие мерзімі жеті жылға дейін ұзартылды. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 8000 АЕК-ке дейін. Сыйақының номиналдық мөлшерлемесі жылдық 6%-дан көп емес. 
Жұмысқа тұруға көмектесу
–  Әлеуметтік-кәсіби бағдар, мамандық таңдауға көмектесу, оқыту және жұмысқа тұру мәселелері бойынша кеңес беру. 
– Мемлекетпен бекітілген жалақы мөлшерінен 35%-ға субсидияланған, бірақ ЕТЖ мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жұмыс орнына; жастар практикасына – 25 АЕК; қоғамдық жұмысқа тұрғызу.  
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды мақсатты жұмыспен қамту. 
Мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарына тұрғызу немесе тиісті жұмысты іздеу мен жұмысқа тұруға көметесу. 
Барлық көпбалалы аналар мемлекеттен әлеуметтік қолдау көреді. 
Төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасылар 9440 теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. 
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасылары жан басына шаққандағы орташа табыс пен  кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде атаулы әлеуметтік көмек алады. 
«Алтын алқа», «Күмic алқа» немесе бұған дейін «Батыр-ана» атанған, «Ана атағы» орденімен мараптталған көпбалалы аналар атаулы әлеуметтік көмек пен арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа 14522 теңге мөлшерінде тағы жәрдемақы алады. 
 Көп балалы аналарды зейнетақымен  қамтамасыз ету: 
–  бес және одан да көп бала туған(асырап алған) және оларды он сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жаста зейнеткерлікке шыға алады. 
–  еңбек өтіліне жұмыс істемейтін ананың жас балаларды күтуі есептеледі, бірақ та әр баланың үш жасқа жеткенге дейінгісі ғана жалпы есептегі 12 жыл саналады 
–  2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері жұмыс өтіліне қарамастан, күнкөріс деңгейінен 54%-ды құрайды. Төрт бала туып бала күтімі бойынша 12 жылы есептелгенде күнкөріс деңгейінен 58%-ды құрайды. 
Жәрдемақы алу үшін қайда бару керек? 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электронды үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz) арқылы кеңес алуға болады. Азаматтар өздерінің сұрақтарын  +7-700-101-1414 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне жібере алады. 
Алина Альбекова