Компьютерге түскен шифр анықтауыш вирустар құнды файлдарды шифрлайды. Олардың қатарында аудиофайлдар, мәліметтер базасы, сурет және архив бар. Шифрланатын файлдар көбінесе *.mp3, *.doc, *.docx, *.pdf, *.jpg, *.rar, *zip. кеңейтілетін түрде болып келеді. Шифр анықтауыштарды құрайтындар мәліметтерді шифрлау үшін ақша талап етеді, алайда ақша төлегеннен кейін пайдаланушылар өз файлдарын аша алмай қалады.

ESET және Касперский зертханасының сарапшылары пайдаланушыларға шифр анықтауыштар вирустардан, олардың ішінде атақты WannaCry және Petya вирусынан қалай сақтану керектігі туралы бірнеше кеңес берді.

1.  Вирус шыға бастаған кезде компьютерді (Windows, сондай-ақ компьютерде орнатылған басқа бағдарламаларды да) бірден жаңартып отырыңыз, жаңартуды кейінге қалдырып керегі жоқ.  Егер бар болса, автоматты түрде жаңартуды қосыңыз немесе сайт әзірлеушілерінің жаңарту бағдарламасын жүктеп орнатыңыз.

 2.  Компьютерге қорғайтын БЖ орнатыңыз және оның қосылып, компьютерді жаңартқанына көз жеткізіңіз.  Тек лицензиялы БЖ (немесе сенімді дерек көздерінен алынған еркін таратылған БЖ) қолданыңыз.

Кибер қылмыскерлер өздерінің зиянды бағдарламаларын анықтамау үшін үнемі жаңартып отырады, сондықтан көп деңгейлі қорғану болған жөн. Зиянды бағдарлама орнатылғаннан кейін бірден шабуыл жасамай, сырттан бұйрық-хабарлама келгеннен кейін ғана жұмысын бастауы мүмкін. Зиянды бағдарлама тіпті жаңа болып, антивирустық БЖ-ны орағытып өтеді дегеннің өзінде оны басқарушы сервиспен байланысқысы келгенде детектрлеуі мүмкін. Бағдарламаның жаңартылған нұсқасында кіріктірілген модуль бар. Ол зиянды бағдарламаның сыртқы байланысын бұғаттайды.

3.  Барлық мәлеметтің қосымша көшірмесін (файлдарды DropBox, Google Drive, Облако@mail.ru және басқа да бұлтты сақтауға көшіріп қоюға болады) жасаңыз. Автоматты жаңартуды баптап қойыңыз, сондай-ақ сыртқы дисклердегі көшірлемелерді және қосымша көшіру сервисіндегілерді өзіңіз қолмен жаңартып отыруды ұмытпаңыз.

4.  Спам-ұсыныстың барлығына күмәнмен қарау керек, ойда жоқта пайда болған ұтыстарға сенбеңіз, тегін тауарды және арзан дәрі-дәрмек ұсынса, жауап бермеңіз. Өзіңіз білмейтін мекенжайлардан келген хабарламалардағы сілтемеге кірмеңіз. 

 5.  Қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне қатысты сауаттылығын арттыруға көңіл бөліңіз. Компьютерлердің зақымдануының ең көп тараған тәсілінің бірі әлеуметтік инженерия, мысалы, банктің ресми хабарламасы ретінде  хат жіберу. Компания қызметкерлерін оқытып, кез келген хабарламаларды ашудан, күдікті хаттардағы сілтемелерге кіруден сақтандыру керек.

6.  Почтадағы *.exe файлдарын тазалап, суреттерді кеңейтуді баптап қойыңыз. Шифр анықтаушы көбінесе кеңейтілген *.pdf  және *.exe. файлдарында болады. Зиянды бағдарлама ОС Windows-гі файлдарды жасыруды көздейді. Файлдарды кеңейтіп толық көрсетуды қосыңыз. Бұл күдікті файлдарды анықтауды жеңілдетеді.