БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР: Қазақстанның ақпарат жүйесі қаншалықты қауіпсіз?

https://inbusiness.kz/ru/images/programbig/19/images/oNVlh3l7.jpg

Қазақстанның ақпарат жүйесі қаншалықты қауіпсіз?

Ұйғырларды бақылау мақсатында Қытай билігі Қазақстанның байланыс жүйесіне шабуыл жасады. Мұндай жаға ұстатарлық ақпаратты Рейтер агенттігі таратты. Жазуларынша, аспан асты Үкіметіне жұмыс істейтін хакерлер телекоммуникациялық желілерді бұзып кірген. Олар Қазақстаннан бөлек, Түркия, Үндістан, Таланд және Малайзия операторларына қауіп төндіріпті. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл елдер Қытай билігінің қудалауынан құтылу үшін Шыңжаң мен Түркия арасындағы транзиттік бағыттар ретінде пайдаланылады. Рейтер агенттігі шабуылдар туралы мәліметті екі барлау қызметкері мен қауіпсіздік жөніндегі екі кеңесші ұсынғанын айтты. Ресми Бейжің, өз кезегінде, кибершабуыл туралы кез келген мәлімдемелер дәлелдемелермен расталуы тиіс деп мәлімдеді. Біздің билік әзірге осыған қатысты түсініктеме берген жоқ. Осы тұста айта кетейін, бұған дейін киберқауіпсіздікпен айналысатын америкалық Volexity компаниясы Қытайдың бүкіл әлем бойынша ұйғырлардың телефондарын және электрондық пошта жазбаларын бұзу әрекеттері егжей-тегжейлі сипатталатын есепті жариялады. Яғни, бұл – алғашқы әрекеті емес. Жалпы, мұндай оқиғалар мамандар үшін жаңалық емес екен. Сөздерінше, мемлекет өз азаматтарын үнемі бақылауда ұстағысы келеді. Бұл пікірмен Кибершабуылдарды тергеу және сараптау орталығының директоры Арман Әбдірасылов та келіседі. Ол бізбен дәл қазір байланыста!

 

Өткен шығарылымдар

/uploads/19/images/oNVlh3l7.jpg

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ 300 ҚОЙ ТІРІДЕЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ

/uploads/19/images/8oSnf1MM.png

ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ

/uploads/19/images/CWam4LQI.png

ЖЕТІМДЕРДІҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

/uploads/19/images/aTcLtQKF.png

«СК-ФАРМАЦИЯНЫҢ» БАСШЫСЫ АҚТӨБЕ МЕН АТЫРАУДАҒЫ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

/uploads/19/images/M98eYMpo.png

ҚАЗАҚСТАНДА РЕФОРМАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОПТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

/uploads/19/images/YjiaHweW.png

COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛМЕЙДІ

/uploads/19/images/QBPoIaWa.png

МӘЖІЛІС ПЕН МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫНА 15,3 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ

/uploads/19/images/suxJpp1Z.png

ЕЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕР МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЯ БАСТАДЫ

×