Новости: БИЗНЕСТІҢ НЕСИЕСІ ТАҒЫ 3 АЙҒА ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН

https://inbusiness.kz/images/programbig/25/images/CALSAnNj.jpg

БИЗНЕСТІҢ НЕСИЕСІ ТАҒЫ 3 АЙҒА ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН

Бизнеске қатысты шектеулер 17-ші тамыздан бастап алынады. Карантин мерзімінде жұмысы тоқтап қалған кәсіпкерлерге қолдау жалғаспақ. Атап айтқанда, олардың несиесі тағы үш айға, яғни 1 қазанға дейін кейінге шегерілуі мүмкін. Алайда, мамандардың пікірінше, бұл бизнесмендердің мәселесін шешпейді. Өйткені, банк төлемді кейінге шегергені үшін қосымша үстемақы қосып, қарызды одан сайын көбейтеді. Салдарынан, несие сомасы өседі. Сарапшының сөзінше, үкімет мәселені шешудің басқа жолдарын іздеуі керек. Ең алдымен, несиені қайта қаржыландыруды қарастырған дұрыс. Өкінішке орай, елімізде қайта қаржыландырудың пайызы жоғары. Мемлекет оның ставкаларын субсидиялауға ақша бөлсе, біраз бизнесті сақтап қалуға болар еді.

Өткен шығарылымдар

×