Бизнесті қорғау
БИЗНЕС СЕНІМДІ ҚОРҒАУДА
«Атамекен» ҰКП пен бизнес-омбудсменнің бизнесті қорғауы туралы
«Атамекен» ҰКП-қа қанша өтініш келіп түсті
Осы уақыт аралығында ең көп түскен өтініштер:
20 125 өтініш
Бұл көрсеткіштердің екі ұшы бар. Біріншісі – бизнес қоғамдастықтың ұлттық палатаға деген сенімін білдірсе, екіншісі – отандық бизнестің мәселесі әлі де көп екендігін айғақтайды. Өтініштердің 40%-ға жуығы оң шешімін табады.

Қанша соманың мүліктік құқығы қорғалды
Қанша соманың мүлік құқығы қорғалды, динамика
88,1 млрд теңге
Ұлттық палата заңгерлері жүргізген жұмыстың қорытындысы бойынша, кәсіпкерлердің 88,1 млрд теңгеден астам мүліктік құқығы қорғалды. Бұл дегеніңіз – күші жойылған айыппұлдар пен өсімақылар, мемлекеттік органдардан қайтарылған ақшалар, сондай-ақ бизнестің құтқарылған мүлкінің бағасы.

Бас прокуратурамен өзара әрекеттесе жұмыс істеген уақыт ішінде ұлттық палатаның өтініштері бойынша 16 кассациялық/қадағалау сатыларындағы наразылық білдірілді.
Шағымдар мен мәселелер. «Атамекен» ҰКП-қа қандай мәселелер бойынша жүгінеді
Осы уақытқа дейін түскен ең көп шағым:
Күрделі мәселелер тізілімі
Бизнестің жүйелі мәселелері – барша кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарына әсер етеді, НҚА-ға өзгерістер енгізуді, құқық қолдану тәжірибелерін талап етеді.

Ең көп жүйелік мәселелер құрылыс және сәулет (53 немесе 10,3%), көлік және логистика (51 немесе 10%), медицина және фармацевтика (40 немесе 8%) салаларында тіркелді.

Жүйелік мәселелердің функционалдық шешімі рұқсат беру жүйесін оңтайландыруды, бақылау қызметтерін реформалауды, заңнаманы жетілдіруді талап етеді.

Мәселелердің барлығы ұлттық палатаның Мәселелер тізілімінде ашық түрде орналастырылған.
Рұқсат беру жүйесін оңтайландыру. Не тындырылды
Мемлекеттік сектор бойынша:
Бизнес үшін жылдық үнем 1,5 млрд теңге
Рұқсат берудің барлығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңмен реттеледі. Бұл заңға енбегендер заңсыз деп есептеледі. Квазимемлекеттік сектор мен монополистердің рұқсаттарын ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп бизнес-омбудсмен аппараты қайта қарады. Қазіргі уақытта «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы» заң жобасы үкіметтің қарауына жіберілді.
Қарастырылып жатқан заң жобасы бизнесті кең ауқымда реттеуге бағытталған. Ол мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалау, бизнестің шығындарын жаппай азайту және бәсекелестікке кедергі болатын ережелерді жою үшін заңға тексеру жүргізу секілді түзетулерді қарастырады. Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсартуға бағытталған түзетулер бар.
Рустам Жүрсінов
«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары
Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау міндеттерін реформалау. Ұсынылып отырған шаралар
Жауапкершілікке тарту мен жазалау шараларын алдын алу және ұсынымдар беруге ауыстыру.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлерді 61 мемлекеттік орган тексеруге құқылы. Олар 544 тексеру қызметі мен кәсіпкерлерге 30 мыңнан астам талап қою құқығына ие.

Мемлекеттік органдарға 31 540-тан астам талаптың 17 700-ден астамын қысқарту ұсынылды. Тескеру жүргізудің жалпы уақыты 30 жұмыс күнінен 15-ке дейін, жоспардан тыс тексерулер 30 жұмыс күнінен 10-ға, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру 5 жұмыс күніне дейін қысқарады.

2018 жылға қарай тексерулер 30%-ға қысқарады.

2020 жылға қарай тағы да 10%-ға азаймақ.

2016 жылдың маусым айында «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты ауқымды форум өтті. 5 негізгі бағытты қамтитын Жол картасы әзірленді:
1
Бақылау-қадағалау органдары тарапынан бизнеске жасалатын қысымды төмендету
2
Қылмыстық процесте кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау
3
Азаматтық және әкімшілік процестерде кәсіпкердің құқығын қорғау
4
Әкімшілік кедергілерді жою
5
Бұқаралық бизнесті дамыту
«Атамекен» ҰКП 30-дан астам заң мен Кәсіпкерлік кодекске түзетулер дайындады.

Бизнес-омбудсмен аппараты ұлттық экономика министрлігімен, Бас прокуратурамен және басқа да құзыретті органдармен бірлесе отырып мемлекеттік бақылау жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірледі.


1
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 30 бабы бойынша әкімшілік іс қозғау мүмкіндігін алып тастау
2
Тексеру жүйесіндегі ментальды өзгерістер. Тексерулер жазалау сипатында болмайды. Олар алдын алуға бағытталмақ. Тексеруші кәсіпкерді жауапкершілікке тарта алмайды. Ол заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыным беруге міндетті. Кәсіпкерді заң бұзушылықтар жойылмаған кезде ғана жазалауға болады.
3
Бірін-бірі қайталайтын тексеру бағыттары алынып тасталады. 114 тексеру бағытынан – 20, 18 қадағалау бағытынан 3 тексеру қалмақ.
4
Бірін-бірі қайталайтын және мемлекеттік органның қызметіне қауіп төндірмейтін 544 бағыттың 165-і алынып тасталады.
5
25 бағыттың 6-ы тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібіне ауыстырылады.
6
Бақылау міндеті әкімдіктерден министрліктерге өтеді. Сондай-ақ министрліктер арасындағы 4 міндет ауыстырылады.
Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру
Біз қазір Бас прокуратурамен белсенді түрде жұмыс істеудеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтермен де ауқымды іс жүргізілуде. Бірақ біздің мақсатымыз – заңнамаларды кәсіпкерлерге, әрине, адал кәсіпкерлерге қарай икемдеу. Кәсіпкер – біз мемлекеттік саясат дәрежесіне көтеруге тиіс негізгі фигура. Шенеуніктердің бизнеске деген ықпалын төмендету үшін заңнаманы жетілдіре түсу керек.
Тимур Құлыбаев
«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы
2016 жылдың соңында «Атамекеннің» бастамасымен рақымшылық жасалды. Оның ішінде экономикалық қылмыстар бойынша 400-ден астам кәсіпкер босатылды:
Кәсіпкерлердің дені қылмыстық заңнамаға шағымданып келді. Айтуларынша, біздегі жүйе ескерту емес, жазалау бағытында құрылған. Экономикалық салада репрессивтік заңдарға қарай құрылған. Негізінен жалған кәсіпкерлік бабына қатысты шағым жасалды. Өзім кездескен кәсіпкерлердің қай-қайсысы осы мәселені көтерді. Сол себепті біз бұл мәселені шешуді мықтап қолға алдық. Бұл істе бізге Бас прокуратура мен президент әкімшілігі көмектесті. Статистикаға сүйенсек, 2015 жылы экономикалық қылмыс бойынша 5 861 қылмыстық іс қозғалған. Ал 2016 жылы олардың саны 5 есе қысқарды.
Болат Палымбетов
ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл
Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бизнес-омбудсмен және «Атамекен» ҰКП-тың ұсынысымен экономикалық қылмысқа қатысты сотталған азаматтарға РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ІЗГІЛЕНДІРУ БОЙЫНША ҰКП пен БП ҰСЫНҒАН ҰСЫНЫСТАР:
1
ҚР ҚК-тен (ҚК 215 - бабы) «жалған кәсіпкерлік» бабын алып тастау
2
6 бап бойынша жауапкершіліктен босату туралы ескертпе енгізу
3
10 бап бойынша қылмыстық істерге салынатын айыппұл көлемін азайту
4
Келтірілген шығынның орнын толтырған жағдайда жауапкершіліктен босату ұсынылды
Қылмыстық істерді негізсіз қозғау бойынша экономикалық тергеу қызметтерінің жағымсыз тәжірибесі қайта қаралды.

Экономикалық қылмыстар бойынша іс қозғаудың тәсілі өзгерді. Мұндай қылмыстар шығын мен тексеру актілері болса ғана тіркеледі. Осының нәтижесінде экономикалық қылмыстар саны 4 есеге қысқарды. Экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге байланысты ҚК-нің баптарына түзетулер әзірленді. Мұндағы негізгі жаңашылдық – жалған кәсіпкерлікті қылмыс деп танымау. ҚР 13 бабы бойынша жазалау көлемі қысқарады. 6 бап бойынша алғаш рет қылмыс жасаған азаматтарды жауапкершіліктен босату қарастырылған. Ауыр қылмысқа арналған 3 бапқа айыппұлмен жазалау түріндегі балама енгізілуде.
Марат Ахметжанов
ҚР Бас прокурорының орынбасары
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерістер енгізу
Қазір бизнес қиын кезеңді бастан өткеріп отыр. Сондықтан бизнеске қолдау қажет. Егер біз түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізсек, қолдау көрсетілетін болады. Әкімшілік қысымдарды төмендете отырып, біз оларға мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар тарапынан сұранысты қамтамасыз етуге көмектесеміз. Бұл отандық бизнеске қиын кезеңнен қиналмай өтуге мүмкіндік береді. Бізде бизнестің ынтымақтастығы үшін ҰКП пен билік бастаған қажетті алаң бар. Дұрыс жолмен келе жатқанымызға сенімдімін. Сондай-ақ біз бұл бағытта тиімді жұмыс істей аламыз.
Тимур Құлыбаев
«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы
Бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.
ҰКП ұсынған 75 тұжырымдамалық ұсыныс заң жобасына енгізілді.

Негізгілері:


1
Маңыздылығы шамалы жағдайда жауапкершіліктен босату;
2
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 280-нен астам бабы бойынша айыппұлды 50%-дық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі;
3
91 бап бойынша айыппұл көлемі орта есеппен 30%-ға қысқарады, 12 бап бойынша жаза жеңілдетіледі, 42 бап бойынша айыппұл ескертпеге ауыстырылады.
Кәсіпкерлерді ығыр еткен бірқатар мәселе қалды. Мәселен, бизнеске айтарлықтай мәселе тудырып отырған кедендік бұзушылықтар бойынша тәркілеу. Біздіңше, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мүліктік құқықтарды қорғаумен сәйкес келетін бұл мәселені жеделдетіп шешкен дұрыс.
Рустам Жүрсінов
«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары
ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАНЫ ІЗГІЛЕНДІРУ БОЙЫНША ТӘСІЛДЕР:
1
Рұқсаттың (лицензия) күшін мерзімінен бұрын қалпына келтіру
2
Маңыздылығы шамалы жағдайда жауапкершіліктен босату
3
Айыппұлдарды төлеуде 50%-дық жеңілдік
4
Айыппұл сомасын соттың 30%-ға дейін қысқарту мүмкіндігі
5
Ескерту институтын кеңейту
6
Бизнес үшін айыппұлдар сомасын орта есеппен 30%-ға дейін қысқарту
7
Заңнаманың тұрақтылығы – әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске тек қана жеке заң жобасы бойынша өзгерістер енгізу
ӘҚБ Кодекстің 410 бабынан, бизнеске әсері бар:
ӘҚБ Кодекстің 410 бабынан, баптар саны
«Атамекен» ҰКП бизнесті қорғауды қалай жүзеге асыруда
© Atameken Business Channel, 2017