Аягөз қаласының полициясы «Жаным» дәмханасының жұмысына жүйелі түрде кедергі келтіріп келген
«Жаным» дәмханасының иесі Айгүл Исламбекова өз мүддесін қорғап, кәсіпкерлердің ұлттық палатасына жүгінді. Өтінішінде Аягөз қаласының полициясы оның заңды мүддесі мен құқығын үнемі бұзатыны айтылған.
2014 жылғы
21-22 наурыз
2014 жылғы
21-22 наурыз
Полиция өкілдері «Жаным» дәмханасына келушілердің жолын бөгеп, мекеме жұмысына жүйелі түрде кедергі келтірген.

Кәсіпкер «Бизнесті Президенттік қорғау» сайтына өтініш (өтініш БТ-95/2014) қалдырған соң, аталған фактілер ұзақ уақыт бойы қайталанбаған.

2016 жылғы
25 наурыз
2016 жылғы
25 наурыз
ҚР ҰКП-ке Айгүл Исламбековадан өтініш келіп түсті. Ол Аягөз қаласының полиция өкілдері түнгі уақытта «Жаным» дәмханасының жұмысына кедергі келтіретініне шағымданған. ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңнның 3 бабына сәйкес, басқа жағдайларды айтпағанда, сауда қызметін реттеу мақсатына қоғамдық тамақтану және сауда қызметін ұйымдастыру жатады. 32-1 бабының талаптарына сәйкес, сауда қызметін атқаратын субъект жұмыс режимін өзі белгілейді.
2017 жылғы
8-9 мамыр
2017 жылғы
8-9 мамыр
Аягөз қаласы полициясының өклі Ерлан Құсайынов азамат Дархан Баймұхановпен бірге «Жаным» дәмханасына келіп, аэрозоль құрылғысының көмегімен тітіркендіргіш заттар шашқан.


Бұл әрекет мекемеге келушілердің денсаулығына зиянын тигізген және іскерлік беделіне зиян келтірген. Осылайша дәмхананың тұтынушылар алдындағы беделіне нұқсан келген.
Кәсіпкер Айгүл Исламбекова полицияға арыз жазады. Ол өз арызына ғаламтор желісіне таралған бейне бақылау камерасындағы жазбаларды қоса ұсынады. Онда құқық бұзылған сәттер көрсетілген.
Жоғарыда аталған дәлелдермен жіберілген ҚР ҰКП-тың өтінішіне Аягөз ауданының прокуратурасы Аягөз аудандық ІІБ ЖПҚ ҚАК полиция майоры Ж.Б.Бимұхановқа қатысты тәртіптік іс қозғалды.
2017 жылғы
16 маусым
2017 жылғы
16 маусым
А.С.Исламбекованың жүйелі түрде өтініш жазғанына қарап, оның ішінде қазіргі уақытта ҚР ҰКП өндірісінде жатқан өтінішті есепке ала отырып, Аягөз қаласының полиция органдары кәсіпкердің заңды мүддесі мен құқығын тұрақты негізде бұзады деп қорытынды жасауға болады.
Кафенің иесі Айгүл Исламбекова банк алдындағы қарызын өтеу үшін өз қызметін тәулік бойы жүзеге асыруға мәжбүр. Кәсіпкердің кірісінің бір бөлігі түнгі уақытта жүзеге асырылатын қызметтің нәтижесінде құралады екен.
ҚР ІІМ жеке қауіпсіздік департаменті жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша, жол-патрульдік полиция взводының өкілі Е.Н.Құсайыновқа қатаң сөгіс берілді. Ал оның басшысы Б.С.Нарумовқа, Б.М.Рахимовқа сөгіс жарияланды.

2017 жылғы
16 маусым
2017 жылғы
16 маусым
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының қаулысымен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 131 бабы 1 бөліміне сәйкес, әкімшілік құқық бұзған (ұсақ бұзақылық) Д.А.Баймұқановаға қатысты іс тоқтатылды. Оның іс-әрекеттерінен жазалануға тиіс белгілер анықталғандықтан, іс материалдары сотқа дейінгі тергеу органдарына жіберілді.
© Atameken Business Channel, 2017