«Ордабасы құс» ЖШС астықты сақтауға арналған жайпақ түпті сүрлем құрылғысын қайтып алды
2016 жылдың қазан айында ОҚО кәсіпкерлер палатасына «Ордабасы құс» ЖШС жүгінді.
Еліміздегі жалғыз ғана түйеқұс фабрикасының құрылғысын 60 млн теңгеге мемлекет пайдасына тәркілеген.

2016 жылғы Қазан
2016 жылғы Қазан
ОҚО кәсіпкерлер палатасының қызметіне «Ордабасы құс» ЖШС жүгінді. Серіктестік бұған дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен Түркияда жасалған құрылғыны сатып алу және лизингке өткізу туралы келісімді бекіткен. «ҚазАгроҚаржы» қажетті құрылғыларды әкелгенімен, астықты сақтауға арналған жалпақ табанды сүрлем құрылғысы жеткізілмеген. Сондай-ақ кедендік рәсімдеу уақытылы жүргізілмеген. Оның үстіне уақытша сақтау қоймаларындағы сақтау мерзімін ұзартпаған. Тауарды бір күнге кеш жеткізгені үшін сот «ҚазАгроҚаржыны» 106 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартқан және қосымша жазалау шарасы ретінде жайпақ табанды сүрлем құрылғысын 60 млн теңгеге мемлекет пайдасына тәркілеген. Осыған байланысты елімізде түйетауық өсірумен айналысатын жалғыз кешен қолға алған инвестициялық жоба жұмысының кешігу салдарынан жақын маңдағы 6-7 ауылдың адамдары жұмыссыз қалуы мүмкін еді.
Тұтас құрылғыны сатып алуды Ұлттық қор қаржыландырып, 900 мың АҚШ долларын бөлген. Ал тәркіленген тауарды саудалау кезінде (177,3 мың АҚШ доллары) ол металл сынықтарының бағасымен сатылмақ. Себебі бұл тұтас құрылғының бір бөлігі ғана. Ал құрылғы Қазақстанда «Ордабасы құс»-тан басқа ешкімге керек емес.
ОҚО кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің мемлекеттік тауарды мемлекеттің кірісі үшін мемлекеттік органдардың тәркілеуі экономикалық тұрғыдан тиімсіз деген дәлелдері қаперге алынған жоқ. Бұл агроөнеркәсіп кешенінің дамуына және кәсіпорынның алдағы уақыттағы жұмысына кері әсерін тигізетіні де дәлелденді. Кәсіпорынның жаңа жоба үшін жаңа мамандарды даярлағанын ескерер болсақ, инвестициялық жобаның тоқтатылуы жұмысшылар санының қысқару (жақын маңдағы 6-7 ауылдың тұрғындары жұмыссыз қалуы мүмкін қауіпін және әлеуметтік шиеленісті күшейте түсті
Өңірлік деңгейде шешімін таппаған мәселе кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаузалып, «Атамекен» ҰКП-ке бағытталды.
Кәсіпкер Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың жеке қабылдауында болды. Бизнес-омбудсмен аталған әкімшілік іс бойынша тауарды тәркілеудің күшін жою туралы ҚР Бас прокурорының атына хат жолдады. Бас прокурор Жоғарғы сотқа кассациялық наразылық енгізді.

2017 жылғы
3 шілде

2017 жылғы
3 шілде
ҚР Бас прокурорының «ҚазАгроҚаржы»-ға қатысты кассациялық наразылығы ҚР Жоғары сотының кассациялық сот алқасының шешімімен қанағаттандырылып, аталған әкімшілік іс бойынша сот актілері өзгертілді. 60 млн теңгенің тауары тәркілеуден алынып тасталды.
© Atameken Business Channel, 2017