Бизнесті қорғау
БИЗНЕСТІ ҚЫЛМЫС ДЕП ТАНЫМАУ
Қазақстанда қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында экономикалық қылмыстар жазасы жеңілдетілді. Отандық бизнесте бірінші рет қылмыс жасағандар жауапкершіліктен босатылып, ҚР ҚК 10 бабы бойынша айыппұл көлемі төмендетілді.
2017 жылдың шілде айында ҚР Қылмыстық кодексіне экономикалық қылмыстар үшін жауапкершілікке тартуға қатысты бірқатар түзету енгізілді. «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мен Бас прокуратура қылмыстық заңнаманы ізгілендіруде бірлесе ұсыныстар әзірледі. Ұсыныстар Қылмыстық кодексті түзету кезінде енгізілді. Атап айтқанда, жалған кәсіпорындардың контрагенттеріне кері әсерін тигізген, елді дүрліктірген ҚК-тің 215-бабы – «Жалған кәсіпкерлік» алынып тасталды. Ал бұған дейін жалған кәсіпорындардың негізін қалаушылар қылмыстық жауапкершіліктен құтылып, салық қарыздары алаяқ кәсіпкерлерден емес, адал кәсіпкерлерден жиналып келген еді.
2017 жылғы
3 шілде
2017 жылғы
3 шілде
Қазақстан президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

«Жалған кәсіпкерлік» туралы 215-бап алынып тасталды
«Жалған кәсіпкерлік» туралы 215-бап алынып тасталды
ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді.
ҚР Қылмыстық кодексіндегі өзгерістер
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді:
АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ:
1
«Жалған кәсіпкерлік» туралы 215-бап;
2
Монополистік қызмет бойынша 221-бапта «алдын ала сөз байласқан адамдар тобы» белгісі;
3
Тауар белгісін заңсыз пайдалану туралы 222-бапта көрсетілген әрекеттердің қайталануы алынып тасталды (енді азаматтар ірі шығын әкелген жағдайда ғана жауапкершілікке тартылады);
4
Азаматтың салық төлеуден жалтару туралы 244-баптың 1-бөлімі алынып тасталды (енді жалған шот-фактураларды пайдалана отырып салық төлеуден жалтарған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады);
5
2 баптағы қылмыстар үшін белгіленген айыппұлдардың төменгі шегі (1000 АЕК-тен 3000 АЕК-ке дейін) алынып тасталды ( «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» туралы 217-бап, «Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау» туралы 235-бап»);

ТҮЗЕТУЛЕР МЕН ЕСКЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ:
1
«Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау» туралы 216-бапқа түзетулер енгізілді («жалған кәсіпорынды пайдалану жолымен» сөзі алынып тасталды);

2
Азамат қылмысты алғаш рет жасаса және өз еркімен шығынды өтесе жауапкершіліктен босату туралы 6 бапқа ескерту енгізілді («Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет» туралы 214-бап, «Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану» туралы 219-бап, «Монополистiк қызмет» туралы 221-бап, «Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану» туралы 233-бап, «Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару» туралы 245-бап);

АЙЫППҰЛДАР МЕН ЖАЗА ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
1
245-бап бойынша заңды тұлғаның салық төлеуден жалтаруына байланысты барынша жазалануына балама енгізілді (бюджетке түспеген төлемдер сомасының үш еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады);
2
3 баптағы барынша жазалау қысқартылды (бас бостандығынан айыру мерзімі) «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» туралы 217-бап (12 жылдан 10 жылға), «Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу» туралы 232-бап (7 жылдан 6 жылға), «Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару» туралы 245-бап (10 жылдан 8 жылға);
3
10 бап бойынша қылмыстық іс үшін белгіленген айыппұлдар көлемі қысқарды (8 бап бойынша 500 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін, 2 бап бойынша 300 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін);
«Тауар белгісін заңсыз пайдалану» туралы 222-бап (300 АЕК-тен 150-ге дейін);
1) «Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi» туралы 225-бап (500 АЕК-тен 200-ге дейін);

1) «Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi» туралы 227-бап (500 АЕК-тен 200-ге дейін);

1) «Экономикалық контрабанда» туралы 234-бап (500 АЕК-тен 200-ге дейін);

1) «Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару» туралы 236-бап (500 АЕК-тен 200-ге дейін);

1) «Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу» туралы 239-бап (500 АЕК-тен 200-ге дейін);

1) «Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу» 241-бап (500 АЕК-тен 200-ге дейін);

1) «Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну» туралы 242-бап (500 АЕК-тен 200-ге дейін);

1) «Банктiң ақшасын заңсыз пайдалану» туралы 243-бап (500 АЕК-тен 200-ге дейін);
1) «Заңсыз сыйақы алу» туралы 247-бап (300 АЕК-тен 150-ге дейін).
ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Жалған кәсіпкерлік» дегеніміз не»?
Қылмыстық кодекстің күші жойылған 215-бабына сәйкес, «Жалған кәсіпкерлік» дегеніміз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмау ниетінде, заңсыз несие алу немесе салықтан босатылу, сондай-ақ рұқсат етілмеген қызметті жасыру және өзге де мүліктік пайда көру мақсатымен жеке кәсіпкерлік субъектісін құру.
ҚК-тен 215-бап – «Жалған кәсіпкерлік» алынып тасталғанға дейін «елес компаниялар» құрғаны үшін қандай жаза тағайындалатын еді?
Бұл жазаның өзі жұмыс істемейтін кәсіпорын құру аса үлкен зиян келтірген соң (20 000 АЕК көлемінде) қолға алынды. Бұдан төмен шығын қылмыстық жауапкершілікте де, әкімшілік жауапкершілікте де болған емес. Жалған кәсіпкердің келтірген залалы контрагент жалтарған салық сомасы ретінде анықталатын. Нақты іс жүзінде салықтық берешек алаяқтардың өзінен емес, адал кәсіпкерлерден өндіріліп алынатын.
Контрагент дегеніміз не?
Контрагент – азаматтық-құқықтық қатынастардағы келісімнің екінші бір тарабы. Келісімді бекітетін серіктестердің әрбірі контрагент болып есептеледі. Мәселен тапсырыс берушінің талабына сәйкес, белгілі бір жұмысты істеуге міндетті болып, ол үшін сыйақы алатын заңды немесе жеке тұлғаны – мердігерді контрагент деп атауға болады.
Контрагенттер жалған кәсіпорындардан қалай жапа шекті?
Жалған кәсіпорындар контрагенттер үшін салық заңнамасын қолданудың салдары бірінші кезекті шығындарды шегермеу, қосылған құнды (ҚҚС) салыққа жатқызбау түрінде байқалады. Мұның соңы қосымша салық есептеуге алып келеді. Нақты іс жүзінде салықтық берешек алаяқтардың өзінен емес, адал кәсіпкерлерден өндіріліп алынатын. Жалған ұйыммен бір рет болсын байланысқан кәсіпкер мемлекеттік кіріс органдарының назарына ілінеді.
Енді жалған кәсіпорындардың контрагенттеріне қосымша салық төлемдерін қайта қарау мүмкін бе?
Жалған кәсіпкерлікті қылмыс деп танымау күшіне енген үкімнің күшін жоюға, соның ішінде жаңадан туындаған жағдайларға немесе сотталғандарды ақтауға негіз болып табылмайды. Сондықтан үкім күшіне енсе, жойылмайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Құқықтық қорғау департаментінің бірінші санаттағы сарапшысы Арман Хайдаров

Жалған кәсіпкерлік (ҚК 215-бап) бойынша қылмыстық статистика
2015-2016 жылдар
2016 жылдың I тоқсаны — 2017 жылдың I тоқсаны
*ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервис» мәліметтері
Елімізде тіркелген 70 мың кәсіпкерлік субъектісінің 35 мыңнан астамы заңды тұлғалар түріндегі өзгелердің заң бұзушылығы үшін қаржылық санкцияларға тартылған. Бұл – еліміздегі барлық кәсіпорынның тең жартысына жуығы. Олардың кейбірі ғана жалған кәсіпорын ретінде танылды.
Азат Перуашев
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы
Жалған кәсіпкерлерді тізбек арқылы қылмыстық қудалау салық органдарынан қажетті салықтар, айыппұлдар мен өсімақылар туралы хабарлама алып тұрған олардың контрагенттеріне әсер етті. Контрагенттердің көбі жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық процестерге қатысуға тартылған жоқ және жалған кәсіпорынмен олардың нақты мәмілелерін дәлелдеу мүмкіндігінен айырылды. Олар сот шешімі туралы едәуір уақыттан кейін, атап айтқанда салық органдарының салықты өтеу қажеттілігі туралы хабарламаларынан кейін білген. Жалған кәсіпкерліктен келген залал сот үкімі бойынша контрагенттердің есебінен қалпына келтірілген. Сондай-ақ контрагенттердің қылмыстық іс шеңберінде салық төлеуден жалтаруы жалған кәсіпкерлік бойынша сот үкімімен де, сот қаулысымен де расталған емес.
Қазақстанда жалған кәсіпкерлікке қатысты бір ғана іс бизнестің пайдасына шешілген
101 компания
101 компания
жанар-жағармай материалдарын сатып алумен және сатумен айналысатын компаниялар, оның ішінде SCAT әуе компаниясы мен «Шымкент Мұнай өнімдері» бар, салықты қайталап төлеуден бас тартқан


Бизнес-омбдсмен және бас прокуратураның араласуымен жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық іс тұңғыш рет бизнестің пайдасына шешілді. Сот атышулы Минаков ісі бойынша 101 кәсіпорынды қылмыстық қудалаудың күшін жойды.
2012-2013 жылдары
2012-2013 жылдары
Қазақстандық кәсіпкерлер алматылық «Alma Оil Еnergy» ЖШС-нан арзан бағаға жанар-жағармай материалдарын сатып алған. Сұйық отын ОҚО аумағында тарату үшін сатып алынған. Ал оператор ҚР мұнай және газ министрлігі арқылы анықталған. Жанар-жағармай материалдарының әрбір партиясы ҚР заңнамаларының талаптары мен нормаларына сай рәсімделген. Яғни атқарылған жұмысты қабылдау актілері, шот-фактуралар, тауар-көлік жүк құжаты және басқа да құжаттар қоса жіберіліп отырған.
2015 жылдың желтоқсаны
2015 жылдың желтоқсаны
Сот алматылық Евгений Минаков құрған «Alma Оil Еnergy» ЖШС-ын және тағы екі компанияны жалған кәсіпорын деп танып, үкім шығарған. Директор жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 9,9 млн теңге айыппұл арқалап, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
2 млрд теңге
2 млрд теңге
Сот шешімі бойынша Минаковтың контрагенттеріне осынша көлемдегі салықтарды (ҚҚС және операциялар бойынша корпоративті табыс салығы) қайта төлеу қажет болды

Сот үкімі заңды күшіне енген соң мемлекеттік кірістер комитеті Минаковтың екі фирмасымен және «Alma Оil Еnergy» ЖШС-мен жұмыс істеген контрагенттердің барлығына 2 млрд теңге қосымша салықты төлеу туралы ескерту жасалды. Сот шешімін орындаудан бас тартқан жағдайда олардың шоттары бұғатталып, өсімақы күтіп тұр еді.

Кәсіпкерлер жасалған мәмілелердің растығын тек алдын ала тергеу барысында және қылмыстық істің өзін сотта қаралуына барысында ғана дәлелдей алды. Алайда Е. Минаковтың фирмасымен мәміле жасасқан Қазақстан бойынша 350 кәсіпкердің тек 8-і ғана сотқа жіберіліп, тыңдалды. Тергеу контрагенттердің жалған кәсіпкерлермен қарым-қатынасының нақты жағдайымен таныспаған. Жасалған операциялардың заңдылығын растайтын құжаттар тексерілмеді.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Минаковтың ісі бойынша бас прокурорға хат жолдады. Бас прокурор Алматы қаласының Алматы аудандық сотының өкіміне наразылық енгізді. Бас прокурор наразылықта соттың қылмыстық-процессуалдық заңның нормаларын бұзып, Е.Минаковты негізсіз ақтап шыққанын көрсеткен. Сонымен қатар, іс бойынша үшінші тұлғалардың (адал кәсіпкерлердің) құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келгені көрсетілген.

Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы аталған іске қатысты фактілер мен жағдайды жан-жақты зерттеудің жүргізілмеуі, сондай-ақ тергеу шараларының олқылығын қаперге ала отырып наразылықты қанағаттандырып, үкімнің күшін жойды. Қылмыстық іс жаңадан қарау үшін сотқа жіберілді.

2017 жылғы ақпан
2017 жылғы ақпан
Сот 11 кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тоқтатты

Кәсіпкерлер сотқа келісімнің жарамдылығын дәлелдеуге мүмкіндік алды. Сотта контрагенттерді тыңдалып, жасалған келісімдер бойынша жауап берді. Жанар-жағармай материалдарын нақты жеткізгендігін дәлелдеді. Соңында сот Е.Минаковты кейбір контрагенттер бойынша кәсіпкерлік қызметті адал атқарған деп танып, мынадай қаулы шығарды: Е.Минаковқа қатысты қылмыстық іс, атап айтқанда 101 кәсіпорынмен жасалған келісім оқиғасы қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылсын.


© Atameken Business Channel, 2017