Қазақстан бизнес-омбудсмені ресейлік компанияның құқығын қорғады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты сот орындаушыларының «ҚазТЭК плюс» ЖШС және «ТехКомплект» ЖШҚ-ға қатысты заңсыз әрекеттерін жоюға қол жеткізді.
РФ кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов Болат Палымбетовке ресейлік кәсіпкердің құқығын қорғау жөнінде өтініш жасады.
Қостанай облысының сот орындаушылары Б.Б.Баниязова мен А.Е.Байжанова «ТехКомплект» ЖШҚ-ның мүлкін бұғаттады. Ал атқарушылық іс мүлде басқа компанияға – «ҚазТЭК плюс» ЖШС-на қатысты жүргізілген.
Бизнес-омбудсмен аппараты секторының Қостанай облысы бойынша сарапшысы Марат Әбішев «ҚазТЭК плюс» ЖШС және «ТехКомплект» ЖШҚ-ға тиісті консультативтік-құқықтық көмек көрсетті.
2017 жылғы
20 сәуір
2017 жылғы
20 сәуір
сот тараптарға дауды бітімгерлік жолмен немесе медиациялық келісіммен реттеуді ұсынды.
2017 жылғы
12 мамыр
2017 жылғы
12 мамыр
Қостанай облысы бойынша бизнес-омбудсмен аппараты сот орындаушыларына «ТехКомплект» ЖШҚ құрылғыларын бұғаттау туралы актіні жою мәселесіне қатысты хат жолдады.
2017 жылғы
15 мамыр
2017 жылғы
15 мамыр
2017 жылғы 12 мамырда «ТехКомплект» ЖШҚ-ның мүлкі бұғаттан шығарылғандықтан, «ҚазТЭК плюс» ЖШС-ның өтініші бойынша жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану және шығарған қаулысын жою туралы азаматтық іс тоқтатылды.
© Atameken Business Channel, 2017