«Электр желілерін монтаждау 110-500» ЖШС-ның 10 миллион теңгесі қайтарылды
2017 жылғы ақпан
2017 жылғы ақпан
Түменде кәсіпкердің шамамен 10 млн теңге тұратын мүлкі ұрланды. Түмен облысының ішкі істер органдарына шағымданғанмен, тиісті шаралар қабылданбады.
Қазақстанның бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов Түмен облысының омбудсмені Лариса Невидайлоға хат жолдады. Өз кезегінде түмендік омбудсмен аталған мәселені прокуратура органдарымен бірлесіп жедел түрде қолға алды.
Түмен облысының прокуратурасы Ресей ІІД Мәскеу облысы басшысының атына федералдық заңнамадағы құқық бұзушылықтарды жою туралы талап арыз енгізді. Ішкі істер органдарының былығы туралы кәсіпкердің айтқан дәлелдері расталды. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкерлік субъектісінің өкілі ұрланған жүктің толықтай қайтарылғанын растады.
© Atameken Business Channel, 2017