Бизнесті қорғау
ҚОРҒАУҒА УӘКІЛЕТТІ


Қазақстандағы бизнес-омбудсмен институтының құрылғанына бір жарым жылдан асты және институт президентке ғана есеп беруге міндетті

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бизнес өкілдерінің құқығы мен заңды мүддесін қамтамасыз етеді. Оның қызметіне заңсыз араласуға жол берілмейді.
2016 жылғы
19 ақпан
2016 жылғы
19 ақпан
мемлекет басшысының өкімімен Палымбетов Болат Әбілқасымұлы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды
10 100 өтініш
10 100 өтініш
институт құрылған уақыттан бері бизнес-омбудсмен аппаратына келіп түсті. Барлық өтініш мәселелер тізілімінде жалпыға ортақ қол жетімді негізде орналастырылады
Өтініштердің 41%-дан астамы
Өтініштердің 41%-дан астамы
оң шешілді
65,3 млрд теңгеден астам
65,3 млрд теңгеден астам
соманың құқығы қорғалды (айыппұлдар мен өсімақылардың күші жойылды, контрагенттердің шарттық міндеттемелері орындалды, мүліктер қайтарылды, ескертулер есептен шығарылды)
Қазақстандағы бизнес-омбудсмен институтының құрылғанына бір жарым жылдан асты және институт президентке ғана есеп беруге міндетті. «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңға сәйкес, бизнес-омбудсменнің қызметін «Атамекен» ҰКП қамтамасыз етеді. Институттың аппараты ұлттық палатаның қызметкерлерінен, қоғам қайраткерлерінен, белгілі заңгерлерден, жалпы барлығы 300-ден астам маманнан құралған.
РФ президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов 2017 жылғы 2 қыркүйекте өткен Қазақстан-Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумында.
2016 жылғы
11 маусым
2016 жылғы
11 маусым
Қазақстан және Ресей бизнес-омбудсмендері Болат Палымбетов пен Борис Титов ынтымақтастық және өзара әрекет туралы меморандумға қол қойды
2017 жылғы
2 қыркүйек
2017 жылғы
2 қыркүйек
Қазақстан және Ресей бизнес-омбудсмендері Болат Палымбетов пен Борис Титов «Кәсіпкерлердің жүйелік проблемаларын бірлесіп анықтап, шешуде өзара көмектесу туралы» келісімді бекітті
Ресей – біздің басты экономикалық серіктестеріміздің бірі. Ынтымақтастық қалыптасқан жылдар ішінде алты мыңға жуық бірлескен кәсіпорын құрылды. Ресей Федерациясының бизнес-омбудсмен институтымен өзара іс-қимыл бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлерінің ондаған өтініші қарастырылды. Мәскеуде, Атырау қаласында бірлескен кездесулер ұйымдастырылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында өзара тәжірибе алмастық.
Болат Палымбетов
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Институттың міндеті – Ресей аумағындағы отандық, шетелдік кәсіпкерлердің және шет мемлекеттердегі ресейлік кәсіпкерлердің өтініштерімен жұмыс істеу.
Біз кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік институттардың дамуына ықпал етеміз. Федералдық атқарушы органдар, РФ субъектілерінің атқарушы билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары алдында олардың құқықтарын қадағалаймыз. Еуразиялық арбитраж құру идеясын қайта қолға алу үшін «Атамекен» ҰКП пен институттың күшін біріктіруді ұсынамыз. Бұл дегеніңіз – кәсіпкерлер арасындағы дауларды, мәселелерді бейтарап негізде әрі кәсіби түрде шешуді қамтамасыз ететін сот. Ол шекарадан өту арқылы, сондай-ақ бір мемлекеттің ішінде ұлтүстілік құзырет бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің дауын шешуге көмектесетін болады.

Борис Титов
РФ президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Болат Палымбетов пен Борис Титовтың өзара тиімді іс-қимылы
© Atameken Business Channel, 2017