АҢЫЗ АЙМАҚ / AŃYZ AIMAQ: Сауран қалашығы
Қазақстанның киелі әрі берекелі жерлері жайлы сыр шертетін бағдарлама - AŃYZ AIMAQ

Сауран қалашығы
Оңтүстік өңір киелі жерлерге аса бай. Нағыз аңызға толы аймақ. Қазақ тарихы үшін маңызды қастерлі орындар мұнда көп. Солардың бірі – Сауран қалашығы. Бүгінде қираған көне шахар қабырғаларының қалдықтары Түркістан қаласынан батысқа қарай 45 шақырым жерде жатыр. Тарихи деректерге сүйенсек, Сауранның іргетасы 9-шы ғасырда қаланған. Қала үстінен Ұлы Жібек жолы өтетін болған. Осының арқасында сауда-саттық дамып, алыс-беріс өркендеп, шахар дамыған.