Басты тақырып: Қарабақтағы қақтығыс: əлемдік экономикаға əсері қандай болмақ?
Әрбір тәуліктің ең маңызды деген жаңалығы студия қонақтарымен бірге талқыланады. Скайп желісі ақылы спикерлер тікелей байланысқа шығады. Графикалық кескіндемелер пайдаланылады.
Эфир уақыты: күн сайын сағат 19.30
Жүргізуші: Мейрамгүл Мәдәлі

Қарабақтағы қақтығыс: əлемдік экономикаға əсері қандай болмақ?
Жұмабек Сарабек, Әлемдік экономика және саясат институтының бас сарапшысы,
Уәлихан Қайсаров, Саясаткер
Таулы Қарабақта тағы да соғыс оты тұтанды. Армения билігі қақтығысты Әзірбайжан бастады деп айыптап отыр. Әзірбайжан әскерінің шабуылы жексенбі күні таңғы уақта басталған. Ал Әзірбайжан билігі мұны «контр шабуыл» деп мәлімдеген. Олардың өзінше, соғысты алдымен Армения бастаған. Армения бұл ақпаратты жоққа шығарған. Белгілісі екі тараптан да қаза тапқандар бар. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бары расталған. Қарабақтағы қақтығыс турасындағы Қазақстан мен өзге мемлекеттердің ұстанымы қандай? Бүгінгі хабарымызды осы мәселеге арнап отырмыз.