RU KZ

БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР: АҚШАСЫЗ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ МҮМКІН БЕ?

https://inbusiness.kz/ru/images/programbig/19/images/oNVlh3l7.jpg

АҚШАСЫЗ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ МҮМКІН БЕ?

Кезек «Түскі форматтың» сараптамалық бөлімінде біз «мемлекет қазақстандық дарынды жастарды қолдауға қанша қаржы жұмсап жатқанын және оның қайтарымы бар ма?» деген сұраққа жауап іздейміз. Тақырыпты талқылауға түрткі болған жерлесіміз Иманбек Зейкеновтың жетістігі. Павлодар облысы Ақсу қаласында елеусіз жүрген жігіт бір-ақ күнде танымал болды. Оның «Роузес» әніне жазылған ремиксі әлемдегі даңқты «Грэмми» марапатына ұсынылды. Айта кету керек, мұндай жағдай Қазақстан тарихында, тіпті ТМД елдерінде болмаған. Сондықтан оған тек қазақстандықтар емес, көршілес елдер де қуанып, таңданыстарын жасырмады. 

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУҒА ҚАНША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ?

Өздеріңіз білетіндей, елімізде жастар саясаты деген бар. Оған жыл сайын республикалық бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Мысалы, былтыр «Жастар жылында» 24,6  млрд теңге қарастырылды. 2018 жылы  7 млрд теңге, 2017-ші жылы 6,1 млрд теңге. Соңғы үш жылда қаржыландыру 27%-ға артқан. 
 Ол «Жас маман», «Еңбек», «Жас кәсіпкер» сияқты әр саланы қолдауға берілген. Байқағандарыңыздай жастарға аз қаржы бөлініп жатқан жоқ...
 Жастардың өзі оның игілігін көріп жатыр ма? Қазынадан қарастырылған қаржының қайтарымы бар ма? Бұл сұрақтардың жауабын өнер университетінің ректоры, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаевадан алуымыз тиіс еді. Алайда ол кісінің эфир алдында шұғыл шаруасы шығып, орнына орынбасарын жіберді. Таныс болыңыздар ...

 Тойжан Егінбаева - Қазақ ұлттық өнер университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры 

Прошедшие выпуски

/uploads/19/images/iKUtcVNH.png

ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒАСЫ ЖАЗДА АРЗАНДАУЫ МҮМКІН

/uploads/19/images/5rdDAggN.png

ЕЛОРДАДАҒЫ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ЖАППАЙ ВАКЦИНАЦИЯ ЖҮРІП ЖАТЫР

/uploads/19/images/WjmfoLzJ.png

«ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚТАҒЫ ӨҢІРЛЕРДЕ АУЫЗАШАР ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

/uploads/19/images/JKB4YKBY.png

БҰРЫНҒЫ ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТР ЕКІНШІ РЕТ АҚТАЛЫП ШЫҚТЫ

/uploads/19/images/nMGdmt7c.png

«ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАЙДЫ». МӘЛІЖІС ЗАҢ ЖОБАСЫН БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАДЫ

/uploads/19/images/FsWQhgtM.png

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ПАНДЕМИЯҒА ДЕЙІНГІ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАШАН ОРАЛАДЫ?

/uploads/19/images/JpfMC4Rr.png

АЛМАТЫДА «FINBET» БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫЛАРЫ СОТТАЛДЫ

/uploads/19/images/oNVlh3l7.jpg

ФУТБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАПКЕРЛЕРІНЕН COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛҒАНЫ РАС ПА?