БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР: "АлматыМетроҚұрылыс" компаниясының 100% акциясы бұғатталды

https://inbusiness.kz/ru/images/programbig/19/images/oNVlh3l7.jpg

"АлматыМетроҚұрылыс" компаниясының 100% акциясы бұғатталды

«Алматыметроқұрылыс» компаниясының 100 пайыз акциясы бұғатталды. Бұл туралы аталған компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтың адвокаты Әлімжан Оралбай мәлімдеді. Сондай-ақ, қорғаушы Реимовтің 27 қараша күні тұтқындалғанын ресми растады. Адвокаттың айтуынша қазіргі уақытта Қайрат Реимовтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған. Оның біріншісі РБК Банкі басшысының өтініші бойынша болса, екіншісі «ДК Инвестмент» компаниясының өтініші бойынша. Онда Реимовқа тиесілі компания, құрылыс материалдарын қайтармады деп көрсетілген. Сондай-ақ, аталған компанияға Алматыметроқұрылыс та 1,5 млрд теңге көлемінде берешек екен. Ал, күдікті Реимов бастапқыда акциялардың 39 пайызын беру туралы шарт жасалған, біз оларды беруге дайынбыз. Биржа бойынша бағалы қағаздарды есептен шығару және оларды екінші тараптың есепке алуы туралы екі бұйрық шығуы тиіс. Әзірге бұйырық шыққан жоқ деген болатын. Ал, 1,5 теңге берешекке келсек оны қайтаруға дайынбыз, алайда қарыз беруші келісім бермей келеді деп ақталды. Енді осы сот проццестеріне байланысты екі метро станциясының құрылысы тоқтап қалуы мүмкін. Алайда компания өкілдері құрылыс жұмыстары жалғаса береді дейді. Айта кетейін, осы екі станцияның құрылысына 43,3 млрд теңге бөлінген.

Прошедшие выпуски

/uploads/60/images/BWTEK3pO.jpeg

БЕРІЛГЕН ЖАЛҒАН НЕСИЕ МӨЛШЕРІ - 78 МЛН ТЕҢГЕ

/uploads/19/images/XevZOwjD.jpeg

БІР АЙДА ТАУҒА ШЫҚҚАН 10 ТУРИСТ АДАСЫП КЕТТІ

/uploads/60/images/Sjy4WSx2.jpeg

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ БАҒАСЫНЫҢ КҮРТ ҚЫМБАТТАУЫНА НЕ СЕБЕП?

/uploads/19/images/xFfY0hj6.png

«АТАМЕКЕН» ҰКП МЕН «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

/uploads/19/images/8lEmbKn2.jpeg

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ АЛҒАНДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

/uploads/37/images/lGoXGUyh.jpeg

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕТ ЭКСПОРТТАУШЫ 5 НЕГІЗГІ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУЫНА НЕ КЕДЕРГІ?

/uploads/19/images/7z53Qew0.jpeg

САЛЫМДАРДЫ ЕРТЕ ШЕШУДІҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

/uploads/37/images/rRNza7Q8.jfif

ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫ ТАБЫСТАРЫН ЕСЕЛЕП, ШЕНЕУНІКТЕР МИЛЛИОНДАП СЫЙАҚЫ АЛУДА

×