Көлденең ауылын көркейткен кәсіпкер

Шағын және орта кәсіпкерлер – мемлекеттің тірегі. Бизнес кез-келген елдегі экономиканың қарқынды дамуына үлкен күш беріп отыр. Бұл көрініс Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында жақсы байқалады. Мұнда 9 мыңға жуық адам кәсіпкерлікпен айналысып, жергілікті бюджетке 1 жылда 1 миллиард 213 миллион теңге салық төлейді. Бұл аудан бюджетіне түсетін қаржының шамамен 25 пайызы. Алдағы уақытта осы көрсеткішті 40-50 пайызға жеткізу көзделген. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіптерін дөңгелетіп отырған азаматтар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өздерінің туған өлкелеріне көмектерін аямайды. Сондай бір айқын көріністі Көлденең ауылынан көруге болады. 

Спикерлер: Спорт кешенінің меңгерушісі - Ләтипә Қарашева; 8- сынып оқушысы - Ернұр Смашев; жаттықтырушылар - Рахат Жақыпбеков, Дәулет Қасенұлы және Қанат Дүйсенбаев; Үржар ауданының әкімі - Серік Зайнулдин; Үржар ауданының тұрғыны - Тәттімбет Кәпұлы; бригадир - Сергей Актелов; ферма қызметкері - Серік Нұрғазин; кәсіпкер - Мамырбек Қарашев; Көлденең орта мектебінің директоры - Кенжебай Нұрбаев; Көлденең ауылдық округінің әкімі - Сайлаухан Истемесов.

Тілші: Берік Көшербаев.

Другие выпуски телепроекта