Сандық Қазақстан: Электронды сауда нарығы
Ел экономикасын ілгерілететін негізгі факторлардың бірі – сандық технологияны дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз халықтың өмір сүру сапасын арттыру мүмкін емес. Сол себепті, «Atameken Business Channel» ұсынатын «Сандық Қазақстан» деп аталатын тележобаның басты мақсаты - 2017–2020 жылдар аралығына жоспарланған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызын және оның орындалу кезеңдері туралы халықты ақпараттандыру.
Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов

Электронды сауда нарығы
Экономикаға сандық технологияларды тарту көрсеткіштері бойынша Қазақстан әлем елдері арасында орта деңгейде. Дегенмен онлайн-сауда нарығы көрсеткіші төмен, ол бөлшек сауда нарығының небәрі 0,8% құрайды. Электронды сауда нарығын дамыту туралы "Самұрық Қазына" АҚ Жаңа бастамаларды іздеу департаментінің директоры Жанболат Кәкішев және "Қазпошта" АҚ E-сommerce бойынша атқарушы директоры Асқарбек Алшанбаевтың сұхбатында.
Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов.